Биология мамандығындағы студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1 Биолог бакалавр мамандарын даярлауда кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру
2 Кешенді далалық оқу
3 Эксперименттік әдістемені жасау
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Осыған байланысты оқытудың басты мақсаты әрбір студенттің өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жан-жақты жағдай туғызу болып табылады.
Биологиялық білім беру аясында бүгінгі мамандарды табиғат жөніндегі білімді тасымалдаушы ғана емес, сонымен қатар биологиялық және педагогикалық мәдениетті алып жүруші тұлға ретінде қалыптастыру маңызды. Студенттер меңгерген білімдері мен әрекет ету тәсілдерін қайта жасаушы емес, оларды жаңа жағдайда өзбетінше пайдалана біліп, меңгергендерін жаңа оқу және практикалық міндеттерді шешуде пайдалана білулері қажет, яғни қайталушы емес, керісінше қайта жасаушы әрекетті орындауға әзір болуы керек.
Далалық-оқу тәжірибесі– болашақ маманды кәсіби даярлау жүйесіндегі маңызды қатарлардың бірі. Ол студентті теориялық оқыту мен оның болашақта өзбетінше әрекет етуге әзірлігінің арасын байланыстырушы қатар. Далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу – оның дамуы мен қызметінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін барлық құрама бөліктерінің өзара байланысымен, кіріктірушілігімен сипатталатын бұл бір тұтас үдеріс. Мамандарды даярлау жүйесінде оқу тәжірибелерін жетілдіруге мемлекеттік деңгейде де баса назар аударылуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кəсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады» деп атап көрсетілген
Осындай міндеттердің шешімі жоғары педагогикалық білім беретін жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан теориялық талдау мен практиканың рөлі жөнінде Ә.Нысанбаевтың, Ж.Алтаевтың, Қ.Ш. Бисеновтің, Ж.Н.Сарсенова, К.Ж.Рахметов еңбектерінде философиялық тұрғыда теория мен практика ұғымдарының мәні талданып, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.Ф.Ломов, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, Н.К.Вахтомин, Т.Тәжібаев, А. Темірбеков, Қ.Б.Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х.Шериязданова, С.М.Жақыпов және т.б. еңбектерінде практика таным процесінде ақиқатқа жетудің көзі деген тұжырымдар жасалған.
Зерттеуге байланысты әдебиеттердi талдау, кәсіптік оқыту педагогтарын даярлайтын университет түлектерінің далалық-оқу тәжірибесін зерделеу, осы мамандықтарды даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмыс бағдарламаларымен, тәжірибелерімен танысу, кәсіптік мектеп үшін педагог кадрларын даярлау тәжірибеге ғана негізделгенін, жеткiлiктi оқу және жұмыс бағдарламаларының жоқтығын, нақтырақ айтқанда кәсіптік оқыту педагогтарын далалық оқу тәжірибе барысында ғылыми танымдық жұмыстарына даярлау мүмкіндіктерінің толық анықталмағанын; кешенді тапсырмалар жүйесінің жасалмағанын, далалық оқу тәжірибесінің тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдердің, шарттардың айқындалмағанын; әдістемелік нұсқаулардың; негiзгi құрал ретiндегi оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын кеңiнен қолданудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негiздерiн жасауға бағытталған теориялық зерттеулердiң толыққанды жасалмағанын көрсетті.
1. Бисенов Қ.Ш. Философия тарихы. – Алматы, 1992. – 371б
2. Сарсенова Ж.Н., Рахметов К.Ж. Философия. Оқу құралы. 2003.- 87б
3. Терехин М.Н. Связь теории и практики в процессе обучения школьников. - М.: Педагогика, 1982. - 128 с.
4. «Кәсіптік практиканың» арнайы ережесі 5.03.005-2009 ҚР МЖМБС-мен бекітілген
5. Полевые практики по биологии и экологии : учеб.-методич. пособие для студентов фак-та экологии и биологии / М. А. Занина, С. В. Кабанина [и др.]. — Балашов : Николаев, 2008. — 84 с.
6. Умирбаева З.Ч. Генетика: теория, практика: 050113-«Биология» мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралы-. Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ баспасы, 2010ж.-67 б.
7. Зеленов Л.З. Становление личности. – Горький: Волго-Вятское. Кн. Из-во., 1989. – 168 с.
8. Компетентностный подход в педагогическом образовании: Коллективная монография//под ред. проф. В.А. Козырева, проф. Н.Ф.Радионовой и проф. А.П. Тряпицыной. - СПб: Изд-во РГПУ им.А.И. Герцена, 2005.-392 с.
9. Құдайбергенова К.. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты Халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
10. Балабаева А.И. Педагогикалық практикада студентердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру. Пед. ғыл. канд. дисс. 2005.- 151б.
11. Жайлауова М.К., Асыдбекова Ж.О. Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық практикасын ұйымдастыру // «Үздіксіз педагогикалық практика: дәстүрлер мен инновациялар» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Ақтөбе, 2009-132-136 б.
12. Керейбаева А.Ө., Асылбекова Ж.О. Студенттердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру //«Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. І том. Ғылыми басылым.-Шымкент, 2009-380-383 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Биология мамандығындағы студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін
ұйымдастыру әдістемесі

КІРІСПЕ

Зерттеудiң өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау делінген. Осыған байланысты оқытудың басты мақсаты
әрбір студенттің өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін
жүзеге асыруына жан-жақты жағдай туғызу болып табылады.
Биологиялық білім беру аясында бүгінгі мамандарды табиғат жөніндегі
білімді тасымалдаушы ғана емес, сонымен қатар биологиялық және
педагогикалық мәдениетті алып жүруші тұлға ретінде қалыптастыру маңызды.
Студенттер меңгерген білімдері мен әрекет ету тәсілдерін қайта жасаушы
емес, оларды жаңа жағдайда өзбетінше пайдалана біліп, меңгергендерін жаңа
оқу және практикалық міндеттерді шешуде пайдалана білулері қажет, яғни
қайталушы емес, керісінше қайта жасаушы әрекетті орындауға әзір болуы
керек.
Далалық-оқу тәжірибесі– болашақ маманды кәсіби даярлау жүйесіндегі
маңызды қатарлардың бірі. Ол студентті теориялық оқыту мен оның болашақта
өзбетінше әрекет етуге әзірлігінің арасын байланыстырушы қатар. Далалық оқу
тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу – оның дамуы мен қызметінің жоғары
деңгейін қамтамасыз ететін барлық құрама бөліктерінің өзара байланысымен,
кіріктірушілігімен сипатталатын бұл бір тұтас үдеріс. Мамандарды даярлау
жүйесінде оқу тәжірибелерін жетілдіруге мемлекеттік деңгейде де баса назар
аударылуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу
жоспарларындағы кəсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады
деп атап көрсетілген
Осындай міндеттердің шешімі жоғары педагогикалық білім беретін
жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына өзгерістер
енгізуді қажет етеді.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында
өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан теориялық талдау мен практиканың рөлі
жөнінде Ә.Нысанбаевтың, Ж.Алтаевтың, Қ.Ш. Бисеновтің, Ж.Н.Сарсенова,
К.Ж.Рахметов еңбектерінде философиялық тұрғыда теория мен практика
ұғымдарының мәні талданып, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.Ф.Ломов,
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, Н.К.Вахтомин, Т.Тәжібаев, А. Темірбеков,
Қ.Б.Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х.Шериязданова, С.М.Жақыпов және т.б.
еңбектерінде практика таным процесінде ақиқатқа жетудің көзі деген
тұжырымдар жасалған.
Зерттеуге байланысты әдебиеттердi талдау, кәсіптік оқыту педагогтарын
даярлайтын университет түлектерінің далалық-оқу тәжірибесін зерделеу, осы
мамандықтарды даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмыс
бағдарламаларымен, тәжірибелерімен танысу, кәсіптік мектеп үшін педагог
кадрларын даярлау тәжірибеге ғана негізделгенін, жеткiлiктi оқу және жұмыс
бағдарламаларының жоқтығын, нақтырақ айтқанда кәсіптік оқыту педагогтарын
далалық оқу тәжірибе барысында ғылыми танымдық жұмыстарына даярлау
мүмкіндіктерінің толық анықталмағанын; кешенді тапсырмалар жүйесінің
жасалмағанын, далалық оқу тәжірибесінің тиімділігін арттыратын әдіс-
тәсілдердің, шарттардың айқындалмағанын; әдістемелік нұсқаулардың; негiзгi
құрал ретiндегi оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын кеңiнен қолданудың
психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негiздерiн жасауға
бағытталған теориялық зерттеулердiң толыққанды жасалмағанын көрсетті.
Демек, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын далалық оқу тәжірибесі
арқылы кәсіптік мектептегі ғылыми әдістемелік жұмысқа даярлау қажеттігі мен
оны іске асыру әдістемесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бары
анық байқалады.
Осы айтылған мәселелердің өзектілігі бiздiң зерттеу проблемамызды
айқындауға және тақырыпты Биология мамандығындағы студенттердің кешенді
далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі деп таңдауымызға негiз
болды.
Зерттеудiң мақсаты: биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді
далалық оқу тәжірибесін жетілдірудің тиімді әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: биолог бакалаврларын кешенді далалық оқу тәжірибесінде
дайындау үдерісі.
Зерттеу пәнi: кешенді далалық оқу тәжірибесін тиімді ұйымдастыру
жағдайы.
Зерттеудiң болжамы: Биолог бакалаврларын даярлау жүйесінде
студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін жоғары дәрежеде ұйымдастыруға
болады, егер кешенді далалық оқу тәжірибесінің негізгі міндеті және
берілетін кешенді тапсырмалар жүйесінің мазмұны айқындалса, онда кешенді
далалық оқу тәжірибесін жетілдіру нәтижелі болып, қоғам талабына лайықты
маман даярланады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу
тәжірибесінің орнын айқындау;
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық
оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндетін айқындау ;
3. Биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу
тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәнін
анықтау;
4. Студенттердің зерттеушілік әрекетке қызығушылықтарын арттыратын тиімді
әдістемелік шарттарды, әдістерді, құралдарды анықтау.
Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi.
Зерттеудiң басты әдiснамалық қағидалары: тұлғаның iс-әрекетте дамуы
жөнiндегi философиялық-психологиялық теорияларына; қазiргi дүниедегi
тұлғаның әлеуметтену ерекшелiктеріне; теория мен практиканың өзара
байланысы жөнiндегi iлiмге; тұлға мен жеке адамның дамуындағы практиканың
ролiне; тұтас педагогикалық үрдіс тұжырымдамасына негiзделедi.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының ресми қаулы-құжаттары
(Заңдар, қаулы-қарарлар); iргелi философиялық-әлеуметтiк, психологиялық-
педагогикалық және әдiстемелiк еңбектер, тәжірибе
Зерттеу әдiстерi: теориялық: анализ, синтез, салыстыру және
қорытындылау, модельдеу; эксперименттік: тікелей және жанама түрде
педагогикалық бақылау жүргізу, педагогикалық тәжірибе, әңгімелесу,
сауалнама алау, аралық бақылау; математикалық өңдеу әдісі.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
• биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу
тәжірибесінің орны айқындалды;
• студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді
далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндеттері
айқындалды;
• биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу
тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәні
анықталды;
Зерттеудiң практикалық мәнi:
1. Кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі құрастырылды;
Қорғауға келесi қағидалар ұсынылады:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесінде кешенді далалық оқу тәжірибесі
теориямен өзара тығыз байланыса отырып, студенттердің ғылыми білімнің
шынайлығына көзжеткізуіне ықпал етеді және оның тұлғалық әрі кәсіби
құзыреттілігінің дамуына жағдай жасайтын оқыту формасы.
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық
оқу тәжірибесінің негізгі міндетін: оқыту, зерттеушілік,
тәрбиелеушілік, дамытушылық, кіріктірушілік, кәсібибағдар берушілік
қызметтер құрайды.
3. Далалық оқу тәжірибесінің мазмұны әртүрлі деңгейдегі зерттеу
тапсырмаларының жүйесін бейнелейді. Студенттердің далалық оқу
тәжірибесінде түрлі зерттеу тапсырмаларын орындаулары олардың
зерттеушілік әрекеттерін дамытуға және зерттеп отырған материалға
қызығушылықтарының дамуына ықпал ететін тиімді шарттардың бірі. Ол
сонымен қатар, далалық оқу тәжірибесі жағдайында жаңа биологиялық білім
іздеуде белсенділіктерін және дербестіктерінің дамуына көмектеседі.
4. Зерттеушілік әрекетті қалыптастырудың әдістемелік шарттары: оқытушының
теориялық және әдістемелік дайындығы; практикалық оқытудың әртүрлі
әдістерінің өзара байланысы; студенттердің зерттеушілік әрекеттерін
ұйымдастырудың топтық және жеке тәсілдерін үйлестіру; табиғи орта
нысандарын (түрлі таксономиялық топтағы, бірлесстіктердегі өсімдіктерді
кеңінен пайдалану). Далалық оқу тәжірибесінде зерттеушілік
іскерліктерді дамыту әдістемесінде зерттеудің практикалық әдістері:
мәліметтерді және далалық материалдарды жинақтау, оларды өңдеу,
сраптау, зерттеушілік мазмұндағы практикалық тапсырмаларды орындау
басым болады
Зерттеу базасы. Тәжірибелік жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетiнде Биология, география және экология кафедрасына
қарасты III, IV курстарының далалық оқу тәжірибесі барысында өткізілді.
Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және ендiру эксперимент жүргiзу
барысында жүзеге асты және зерттеудiң негiзгi қағидалары мен нәтижелерi
республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды, сондай-ақ
мерзімді басылымдарды жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік
нұсқаулар мен бағдарламаларда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кiрiспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.
Кiрiспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері,
болжамы, ғылыми жаңалығы мен практиалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар
баяндалады.
Биология мамандығы студенттерінің кешенді далалық оқу тәжірибесін
ұйымдастырудың ғылыми негізі атты бірінші тарауда биолог бакалавр
мамандарын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орны,
студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу
тәжірибесінің атқаратын негізгі міндеті, биолог бакалавр мамандықтарын
даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы
зерттеушілік әрекеттің мәні қарастырылады.
Биология мамандығындағы студенттерінің кешенді далалық оқу
тәжірибесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе жұмысы атты екінші тарауда
кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі, ғылыми-зерттеушілік
тапсырмалар жүйесі ретінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұны және
зерттеушілік әрекетті дамытудың әдістемелік шарттары, педагогикалық
эксперимент жағдайында студенттердің зерттеушілік іскерліктерінің даму
нәтижесі қарастырылады.
Қорытындыда теориялық талдау мен тәжiрибелiк жұмыстың нәтижелерi
бойынша қорытындылар баяндалады.

Негізгі бөлім

Биолог бакалавр мамандарын даярлауда кешенді далалық оқу тәжірибесін
ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын, мүмкіндіктерін анықтауда алдымен
практика ұғымына және оның биолог мамандарды даярлау жүйесіндегі орнын
анықтау қажет. Себебі, далалық оқу тәжірибесінің орны оның маңыздылығын
және дұрыс ұйымдастырылуының жетекші нысаны болып табылады.
Биолог бакалавр мамандарын дайындауда оқу тәжірибесінің маңыздылығы
және ең басты қызметі осы мамандыққа қатысты пәндер бойынша далалық оқу
тәжірибелерінің бағдарламаларында жақсы атап көрсетілген. Далалық тәжірибе
арқылы студентті оқытудың мақсаты мен негізгі міндеті (қызметі) біліктілік
тәсілі тұрғысынан алғанда студентті педагог-зерттеуші ретінде қалыптастыру.
Себебі биология аясында білім беретін маман теориялық біліммен, іскерлікпен
және тәжірибемен қатар, ғылыми зерттеушілік және ұйымдастырушылық жұмыстың
алғашқы тәжірибесін меңгеруі тиіс.
Биологиялық бағыттағы бакалаврларды университетте дайындауды жүзеге
асыру жүйесінде кешенді түрде биологиялық және де педагогикалық бағыттағы
құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі ескеріледі. Құзыреттілік ұғымы
көп мәнге ие. Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны
білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті немесе
ерекше қабілеті деп түсіндіреді.
Берілген анықтамалар негізінде, құзыреттілікті білім мен тәрбиенің бір
тұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір
сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа
жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады. Біз, кілттік
құзыреттілікті құрайтын: пәндік білім берушілік, зерттеушілік, әлеуметтік
тұлғалық, коммуникативті, тұлғаға бейімделген, ақпараттық технологиялық
түрлерін айқындадық. Әрбір құзыреттілік кіріктірілген сипаттағы әрі
студенттерде практикалық дайындық барысында қалыптастырылатын күрделі
іскерліктер мен дағдыларды білдіреді. Мұндай жүйеленген іскерліктер мен
дағдылар төмендегі 1 кестеде беріледі

1-кесте. Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесінде
қалыптасатын құзыреттіліктер мен оларға сәйкес зерттеушілік іскерліктер
Құзыреттліктер Құзыреттлік құрамы Зерттеу іскерлігі
Пәндік-білім Ғылыми кәсіби әрекеттің Биология ғылымы аясында
берушілік теориялық негізін түсіну, зерттеу жұмысын жоспарлай
құзыреттілік ғылыми жұмыс аясындағы алу іскерлігі. Биологиялық
негізгі, философиялық және нысандар мен құбылыстарды
әдіснамалық тәсілдерді зерттеп танудың негізгі
білуі. Білімнің жеке әдістерін (бақылау,
бөліктерін бір жерге сипаттау) пайдалана алуы.
тоғыстыру және пайдалану,
алған білім үшін
жауапкершілікті өзіне алу
қабілеттілігі.
Зерттеушілік Ақпаратты алу және өңдеу. Биологиялық зерттеулер
құзыреттілік Түрлі ақпарат көздеріне нәтижесі бойынша алынған
жүгіну және оларды мәліметтерді өңдеу және
пайдалану. Материалдардың түсіндіру іскерлігі. Бар
түрлерін түсіне білу және әдістемені нақты
талдай алу. Құжаттарады биологиялық зерттеуде
және олардың жүйелілігін өзпайдалану. Биологиялық
бетінше ұйымдастырған тапсырмаларды орындауда
әрекетінде пайдалану. қазіргі ақпараттық
ағымдарды тиімді
пайдалануы.
Әлеуметтік—тұлғПікір таласқа қатысып, Ботаника бойынша зерттеу
алық өзінің көзқарасын білдіре жұмысының шартын анықтау;
құзыреттілік алуға қабілеттілік. Ғылыми биология бойынша қазіргі
жұмыстың ережелерін және заманғы ғылыми әдебиеттерде
құндылықты мақсатын, оның бар мәліметтерді ескере
әлеуметтік жауапкершілігін,отырып, зерттеу барысында
қоғам үшін маңыздылығын алынған нәтижелерді
және адамның тіршілік сараптау және түсіндіру.
әрекеті үшін мәнін Зерттеуді өз бетінше
қабылдау бақылау және бағалау
нәтижесін ескере отырып,
зерттеу бағдарламасына
түзетулер енгізу.
Коммуникатив-тіБасқа адамдардың көзқарасынКомпьютерлік іздеу
лік тыңдау және қабылдауға жүйесімен жұмыс жасай алу.
құзыреттілігі қабілеттілік; Жұмыс орнын ұйымдастыру.
өзінің көзқарасын Жұмыс уақытын тиімді
түсіндіріп, оны қорғай алу;пайдалану. Ұжыммен тіл
диалогтық қарым-қатынас табыса білу. Далалық
жасай алуға қабілеттілік, тәжірибенің қорытынды
Көпшіліктің алдында сөйлей конференциясында жүргізген
алу. Өзінің жұмысын зерттеу жұмыстары бойынша
ұйымдастыра алу. баяндама жасау.
Жауапкершілікті сезіну.
Тұлғалық-бейімдЖаңа ақпаратты және Жұмысты орындау үшін
елу коммуникативтік өзбетінше және өзара
құзыреттілігі технологияны пайдалану бақылауды жүзеге асыру.
қабілеті. Өз бетінше білім Зерттеу нәтижесіне
алуға және өзінше сараптама жасау.
ұйымдастыруға әзір болу. Рефлексиялық іскерлік:
Өзгерістерді, түрлі білімді рефлексивті қайта
жағдайларды, құбылыстарды құрылымдау, өзіндік талдау.
алдан ала көре білуге Шешілмеген мәселені анықтай
(болжай алуға) алу, іскерлігі. Өзінің
қабілеттілік, оған алдын зерттеу жұмысының нәтижесін
ала дайын болу, рефлективтіұйымдастырылған қайта қарау
оқыту технологиясын және түзетудің
пайдалану нәтижелілігіне диагностика
жасау. Студенттің
өзбетінше проблеманы
анықтап, оны шешу әрекетіне
талдау жасап, өзінің
әрекетінің нәтижесін сын
көзбен бағалай алуы.
Ақпараттық- Ғылыми мәселені шешуде Биологиялық ғылым аясында
технологиялық теория мен тәжірибені, зерттеушілік сипаттағы
құзыреттілік олардың этикалық және практикалық тапсырманы
әдіснамалық құрама орындауда теориялық
бөліктерін үйлестіре білу. білімдерін пайдалана алу
іскерлігі.

Тәжірибенің мәні болашақ мамандардың құзыреттіліктерін дамытумен ғана
айқындалмайды, сонымен қатар, оның: оқыту, зерттеушілік, тәрбиелеушілік,
дамытушылық, кіріктірушілік, кәсібибағдар берушілік қызметтерімен де
анықталады. Осы қарастырылып отырған мәселенің шешімін іздеу кешенді
далалық оқу тәжірибесінде студентті зерттеушілік әрекетке бейімдей отырып,
болашақ педагог-биолог маманы ретінде дайындауға мүмкіндік беретін оқыту
әдістемесінің үлгісін құрастыруды қажет етеді.
Тиміді оқыту үдерісінің үлгісін жасау үшін кешенді далалық оқу
тәжірибесіндегі зерттеушілік әрекет ұғымының мәнін жүйелі тәсіл арқылы
анықтап алу қажет.
Кешенді далалық оқу тұрғысынан қарастыру тәсілі арқылы зерттеу
нысандарын; далалық зерттеу жағдайларына қатысты студенттердің зерттеу
біліктіліктерінің жоспарланатын нәтижесін айқындауға және т.б. мүмкіндік
береді. Ал, тәжірибелік оқу тұрғысынан қарастыру тәсілі арқылы оқытушы
және студенттердің далалық оқу тәжірибесіндегі әрекеттерінің мақсатын,
мазмұнын және міндеттерін, құралдарын, әдістерін және т.б. айқындай аламыз.

Біз, іс-тәжірибе және оқу тәжірибесіне берілген анықтамаларды
негізге ала отырып, биология мамандығы бойынша далалық оқу тәжірибесі-
аудиториядан тыс жүргізілетін және студенттердің биологиялық нысанды немесе
құбылысты табиғи жағдайда өз беттерінше танып білулері, табизерттеулері
іске асатын оқыту үдерісінің белсенді формасы деп түсінеміз. Кешен (латынша
complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас жиынтығы,
жекелеген процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру. Яғни, биологиялық пәндер
бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесі дегеніміз биологиялық нысанды немесе
құбылысты табиғи жағдайда, бірнеше теориялық пәндердің аясында,
біртұтастылықта студенттердің өзбеттерінше танып білулері, зерттеулері іске
асатын оқыту үдерісінің формасы. Қажет болған жерде әрбір жұмыс есепке
алынып, ол шағын, қарапайым, бірақ толық зерттеу болып шығуы керек. Осындай
жұмыстар жүргізу нәтижесінде студент оқытушының жәрдемімен өзі жүргізген
тәжірибенің нәтижесін талқылай білуі және одан тиісті қорытынды жасап,
қойылған сұраққа айқын және түсінікті жауап ала білуі қажет. Әрбір
жүргізілген тәжірибе аяғына дейін жеткізілуі қажет. Бұл негізгі
педагогикалық қатаң ережені сақтау керек. Яғни, кешенді тапсырмалар:
- табиғи үдерістердің мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн;
- студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке
бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін;
-жүйелі күрделенген биологиялық тәжірибелерді жасап, оларды шешу
тәсілдерін моделдей отырып далалық оқу практикасы барысында теория мен
практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы
студенттер табиғи құбылыстардың мәні мен мазмұнының тетіктерін меңгереді.
Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесіне қатысты
тапсырма дегеніміз, яғни мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға
дейiнгi тұтас зерттеу жұмысын қамтамасыз ететiн, зерттеу тақырыбына қатысты
мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң
жиынтығы.
Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар басты қағидалар негiзiнде
құрылды. Біздің көзқарасымыз бойынша, зерттеушілік іскерлік теориялық және
қолданбалы сипаттағы әдіснамалық және пәндік биологиялық іскерліктердің
ерекше үйлесімділігі. Зерттеу әрекетінің жүзеге асуының тимділігі биолог
бакалаврлардың теориялық, практикалық және қолданбалы сипаттағы
зерттеушілік іскерліктерді меңгеруіне байланысты. Биологиялық пәндер
бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесінде студенттердің зерттеушілік
әрекеттерін қалыптастыру үдерісі үш кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде: зерттеушілік сипаттағы нақты жұмысты орындауға
әзірлік әрекетті жоспарлау, оны орындау, нәтижені болжау бойынша теориялық
іскерлікті қолдана алуды жорамалдайды.
Екінші кезеңде: зерттеу жұмысын тікелей жүргізу үшін тек теориялық
емес, сонымен қатар практикалық сипаттағы іскерлікті қолдануды талап етеді.
Оған биологиялық нысандар мен құбылыстарды тану мен зерттеудің негізгі
әдістерін (бақылау, сипаттау, тәжірибе) пайдалану, бар әдістерді зерттеудің
нақты мақсаттары үшін қолдана алу.
Үшінші, қорытындылаушы кезеңде студенттерге алынған мәліметтерді
өңдеу, сараптау және алынаған нәтижені түсіндіру іскерліктері, сондай-ақ
зерттеу жұмысының нәтижесін есеп, реферат, баяндама, презентация түрінде
таныстыратын іскерліктер қажет.
Биологиядан далалық оқу-зерттеу тәжірибесінің мазмұнына қолданбалы
биологияға тән іскерліктер де кіреді. Мысалы, экологиялық және генетикалық
немесе физиологиялық мазмұндағы тапсырмаларды орындауда өлшеуіш құралдармен
жұмыс жасау мен алынған мәліметтерді өңдеулері үшін есептеу іскерліктері.
Осы анықталған іскерліктер қатарынан кешенді далалық оқу тәжірибесінде
биология бойынша зерттеушілік әрекеттің ерекшелігіне қарай студенттерде
қалыптастыруға болатын және қажет зерттеушілік іскерліктердің құрамын
белгіледік (кесте 2).
Студенттердің зерттеушілік әрекеттерін тиімді ұйымдастыру үшін
төмендегідей педагогикалық шарттарды ескеру керек:
• далалық оқыту тәжірибесі барысындағы педагогикалық үдеріс
студенттердің зерттеушілік әрекеттерін ынталандыруға бағытталуы қажет;
• зерттеушілік қабілеттерін дамытатын орта жасау керек;
• студенттердің өз бетінше танып білу қабілеттерін дамытып отыратын
оқыту технологияларын пайдалану.
Бұл атап көрсетіп отырған педагогикалық шарттар студенттерде
зертеушілік мотивті, танымдық әрекеттерін белсендіру, зерттеушілік
іскерліктері мен дағдыларын дамыту қажеттілігіне сәйкес таңдалып отыр.

2 – кесте. Кешенді далалық оқу тәжірибесінде биология бойынша зерттеушілік
әрекеттің ерекшелігіне қарай студенттерде қалыптастырылуға болатын және
қажет зерттеушілік іскерліктердің құрамы

Зерттеушілік іскерлік
Әдіснамалық Пәндік
Әдіснамалық Практикалық Жалпы биологиялық Қолданбалы
сипаттағы теориялық биологиялық
1 Жұмыстың 1 Жұмыс орнын 1. Биологиялық 1 Зерттеуді
мақсатын, нысанын,ұйымдастыру ны-сандарды зерт-ханада
пәнін, міндетін 2. Жұмыс уақытын зерттеу бойынша жалғастыру үшін
анықтау тимді пайдалану әрекетін жоспарлайалғашқы
2.Зерттеу 3 Қажетті алу; мате-риалдарды
проблемасын және матер-иалдар мен 2. Биологиялық жинақтай алу;
болжамын рәсімдеу құрал- жабдықтардыны-сандарды 2.Жиналған
3.Зерттеу таңдау зерттеудің негізгімате-риалдарға
жұмысының барысын 4. Зертханалық әдістерін сипаттама және
жобалау және құ-ралдармен пай-далану өңдеу жүргізе
жоспарлау жұмыс. (бақылау, білу;
4.Зерттеу 5. Компьютерден сипаттау, 3.Далалық және
нұсқаларын іздеу жұмысын биоло-гиялық зерт-ханалық
бағалап, тимдісін жүргізу тәжірибе, болжау, жағдайда зерттеу
таңдау б.Оқу, ғылыми- үлгілеу) жүргізе алу;
5.Жұмыс барысында көпшілікке 3. Алынған 4. Зерттеу
теориялық сараптауарналған мәлімет-терді препа-раттарын
және талдау әдісінәдебиеттермен, өңдей алу мен дайындау
пайдалану анықтауштарды зерттеу 5. Зерттеу
7.Себеп-салдар пайдалана алу нәтижелерін нәтиже-лерін
байланысын 7. Биологиялық түсіндіре алу тіркеу
анықтау, қорытындыматериалдарды 4. Биологиялық 6 Табиғи
жасау жинау және өңдеу тап-сырмаларды нысандарға бақылау
8. Зерттеу шешуде қазіргі жүргізе алу;
жұмы-сының заманғы 7.Зерттеу
нәтижелерін есеп, ақпа-раттарды алаңдарын жасау
ғылыми мақала, тиімді пай-далана және т.б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы
Дуалды оқыту жүйесі
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Қазақтың жаңашыл педагогтары
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңының маңызы
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Дене тәрбиесі дайындығы
Пәндер