Шағын бизнес субьектілері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Шағын бизнес субьектілері

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .

  1. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ . . . Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тәжірбиесі . . . Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерліктің даму барысын қолдау шаралары . . . Шағын кәсіпкерліктің дамуын қажет ететін мәселелерді талдау . . .

2. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРБИЕСІ

  1. Шағын бизнесте есеп жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері . . .
  2. Шағын бизнесте жеңілдетілген жүйе бойынша есеп жүргізуді ұйымдастыру . . .

2. 3 Өндірістік кооперативтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру мәселелері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Біздің мемлекетіміздің қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы негізінде өзінің ұлттық стратегиясын қалыптастырады. Нарықтық экономикаға көшу арылу және бәсекені дамытуға бағытталу өндіріс құрылымын қайта өзгертуді қажет етеді. Әлемдік тәжірбиеде дәлелдегендей бұл жағдайды меншіктің әр түріне негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз шешу мүмкін емес. Нарықтық қатынысатар жағдайындағы қоғамның өмір сүруі экономиканы тұрақтандырудан, мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысын теңестіретін қаржы жүйесін, ұлғайтудан, халықты тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуден басталады. Бүгінгі күнде өндірістің, нарықтың жалпы қоғамның дамуын жүзеге асыратын кәсіпкерлік екендігін көпшілік түсіне бастады.

Курстық жұмыстың мақсаты шағын бизнес субъектілерінде есеп жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру және олардың экономиканы көтеруге қосатын үлесін айқындау болып табылады. Осы ғылыми жұмыста негізгі зерттеу объектісі - шағын кәсіпорын ЖШС “Д. А. Н. ” болып табылады. Бұл зерттеліп отырған жұмыста кіші кәсіпкерлікте бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға байланысты жасалатын талдауда қарастырылатын негізгі мәселелер:

- ең алдымен макроэкономикалық тұрғыдан алғандағы шағын кәсіпкерліктің маңызын атап айтқанда: жиынтық ішкі өнімді және ұлттық табысты ұлғайтудағы, жұмысбастылық мәселені шешудегі, әр түрлі деңгейдегі халықтардың материалдық тұрмыс жағдайын көтерудегі, жалпы ұлттық экономикадағы ролін айқындап көрсету;

- экономикалық категория ретінде: кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет, кәсіпкер деген сияқты ұғымдарға түсініктеме бере отырып, кіші кәсіпкерлікте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен есеп жүргізу тәртібін анықтау.

- шағын бизнес кәсіпорындары үшін есепті ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеудің негізгі көзі бухгалтерлік есептің формалары және кәсіпорын шеңберінде жүргізілген есептік талдау болып табылады.

Курстық жұмысты жазудың әдіснамалық негізін жазуда Қазақстан Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп жөніндегі” заң күші бар жарлығы, “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңы, бухгалтерлік есеп жөніндегі және басқа экономикалық әдебиеттері қолданылады.

  1. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тәжірбиесі

Қазақстанда жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау процессінің негізгі мақсаты - түбегейлі экономикалық өзгерістердің талаптарына сай бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін жасау.

Елімізде меншіктің әр түрлі нысандарына негізделген экономикалық қалыптасуын және кез-келген мемлекетте экономиканы көтеру меншіктің құралуына байланысты екендігін, сондай-ақ субъектілердің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жеке кәсіпкерлік қолдау жөніндегі міндеттерді қойды. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында республикада 1997 жылдың 19 маусымындағы “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы” және “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңдар қабылданды. Бұл құжаттарда шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салық салу жүйесін ықшамдауға мүмкіндік беретін жеңілдетілген нысан бойынша есеп берудің және Қаржылық қорытынды есеп дайындаудың көптеген аспектілері айқындалған. Алайда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру әдістемесін жасау жаңадан қолға алына бастағандықтан, оны жүзеге асыру тәжірбиесі әлі де болса толық қалыптаса бастаған жоқ.

Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау туралы мемлекеттік бағдарламаны 1998 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілді. Бағдарламаның мақсаты - кәсіпкерліктің дамытуындағы тұрақтылықты экономикалық маңызды салаларындағы олардың үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын қалыптастыру, бәсекелік ортаны дамыту, меншік иелерінің қоғамдағы орнының жоғарғы дәрежеде болуын қамтамасыз ету.

Бағдарламада мемлекеттік саясатпен кіші кәсіпкерліктің арасындағы тығыз байланысты экономикадағы “Қазақсатн 2030” даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында қарастырады. Бағдарламадағы негізгі шараларды іске асыру мақсатында кіші кәсіпкерлік субъектілерінің еліміздің жиынтық ішкі өніміндегі үлесінің артуын айқындайды. Қарастырылып отырған бағдарламада нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, кіші кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту аясында нормативті құқықтық актілердің іске асуы “шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы” заңның бабына сәйкес осы салада кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, кәсіпкерлікті кең көлемдегі ақпарат көздерімен қамтамасыз ету қажет.

Қазақстандағы нарықтық экономика негізі көптеген ұсақ фирмаларды қалыптастыру мен анықталады. Экономиканы реформалау жолында жаңа шаруашылық жүйесін қалыптастыруда кіші кәсіпорындар өздеріне ең басты рольді алып отыр. Бүгінгі күнде жеке сектор кіші бизнес аясында туындады және кіші кәсіпкерліктер санының өсу қарқыны төмендегі кестеде көрсетілген. (кесте 1) .

Кесте 1

Кіші кәсіпкерліктің өсу қарқыны

Жылдар
1998
1999
2000
2001
2002
2003
Жылдар: Кіші кәсіпкерлік субъектілер
1998: 57010
1999: 35089
2000: 32186
2001: 21260
2002: 24030
2003: 465000

Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы - несиелік ресурстармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін несилік серіктестіктердің қызметін реттейтін нормативтік базаны қалыптастыру қажет, сондай - ақ кіші бизнес аясында несилендіру қоғамын дамыту үшін нормативті құқықтық негізін қалыптастыру керек. Қаржы несиелік ресурстардың жетіспеушілігі кәсіпкерлердің басым бөлігінің ғылыми жаңалықтарды төменгі деңгейдегі секторларында қызмететуіне әсер етеді. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі сауда және қызмет көрсетумен айналысады.

Қазақстан үкметінің нарықтық реформаларды жүзеге асыруға байланысты көптеген шаралар қолданды. Атап айтқанда: мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық несие саясат жүргізу, құнды қағаз нарығын қалыптастыру, жалпы нарықтық инфрақұрылымдар құру. Мұнда ең басты шаралардың бірі ретінде кіші және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау туралы мәселенің орны бөлек. Осыған сәйкес бизнестің дамуына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.

Ішкі - бұл кәсіпорын шеңберіндегі оның барлық жүргізілетін тікелей байланысты факторлар. Кәсіпкерлікке әсер ететін сыртқы факторларды макродеңгейде қарастыра отырып бірнеше салаға бөліп қарастырады:

1. Экономикалық факторлар экономикалық цикл кезеңі, монетарлық саясат, жиынтық ұлттық өнімнің өсу тенденциясы, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, фискалды саясат, еңбек ақымен бағаға бақылау қою деңгейі;

2. Мемлекеттік деңгейі: кәсіпкерлікті қаржылық қолдау, менеджментте көмек көрсету, бизнесті ақпаратпен қамтамасыз ету, кіші және орта бизнесті қолдау, салық салу жүйесі арқылы ынталандыру, қоғамда кәсіпкерлікті қалыптастыру;

  1. Әлеуметтік факторлар: өмір сүрудің ең төменгі деңгейі, тұтынушы белсенділігі, туу деңгейі, демографиялық өзгерістер;
  2. ресурстық факторлар: қоршаған ортаны қорғау, энергимен қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды қолдану;
  3. Технологиялық факторлар: ғылыми зерттеуге жұмсалған шығын деңгейі, технологиялық жаңалықтар, патентті қорғау, автоматизация;

Кіші кәсіпкерлік ұлттық экономиканың тұтас объективті секторы ретінде дамиды, уақыт өте келе қызметіндегі жетістіктерге байланысты нақты кәсіпорын түрінде экономикадағы микрожүйені құрайды. Кіші кәсіпорынның субъектілерін анықтау үшін сандық сипаттағы көрсеткіштердің көлеміне қарай, олардың әр түрлі жолдары бар, олар: жұмысшылар саны, қаражаттардың жылдық айналым көлемі, жарғылық капитал мөлшері және тағы басқалар.

Кәсіпкерлік - бұл іскер адамдардың коммерциялық нәтижелерге қол жеткізудегі іскерлік қабілеті, яғни мықты, қажетті және қиын жобаның жүзеге асуы. Жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін тәуекелге бел байлау.

Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді пайдаланып, қажетті капитал алуға мүмкіндігі бар, операцияларды жүргізу тәртібін білетін, табысқа жетуде өзіне жауапкершілік міндетті ала отырып тәуекелге баратын іскерлік әлеміндегі адамдар.

Кәсіпкерлік - заңдылық негізінде қызмет ететін, шаруашылық немесе басқа істегі өзінің меншікті немесе жалға алған және басқа да мүліктермен құрал жабдықтары есебінен осы іс-әрекетке қатысушылар үшін нәтижемен табыс табудағы бастамашы ерекше қабілет.

Қазіргі нарық жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызмет - жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденістерсіз, бәсекелік күресті ынталандырусыз жүзеге аспайды. Мұндай жағдайда жоғарғы сапалы және өз өнімдерінің тұрақты түрде өндірілуін қамтамасыз ететін кәсіпорындар ғана қызмет етуге мүмкіндігі бар.

Кәсіпкерлік алғышарттар - саяси экономикалық, психологиялық факторлар болып табылады. Кәсіпкерлікке саяси фактор жоғарғы дәрежеде әсер етеді. Мұндағы бірінші дәрежелі саяси шарт - ол елдің тұрақтылығы мен бұқара халықты қатыстыру. Кәсіпкерлікті қалыптастырудағы экономикалық сәт - ол заман талабына сәйкес туған объективті құбылыс - мемлекеттік меншікті жекешелендіру болды. Кәсіпкерлік психология тек нарық механизмін құру процессінде ғана емес, сонымен қатар нарыққа көшу шарттарында қалыптасады. Әрбір кәсіпкер шаруашылық істерін жүргізгенде дұрыс шешім қабылдай білудегі іскерлік белсенділігін танытуы қажет. Кәсіпкер қызмет әрекетіне байланысты іскерлік аясын таңдапалаумен нарыққа енуде ондағы шарттармен талаптарға сәйкес өндіріс технологиясы мен өнім ассортиментін өзгертеді. Кәсіпкерлік аясын таңдай отырып қызмет етуде кәсіпорын өзінің техникалық ресурстар мүмкіндігіне қарай жинақталған тәжірбие мен кәсіпкердің ұйымдастырушылық қабілетінің негізінде “не өндіреміз?” деген тұжырымға келеді. Осыған сәйкес бастапқы салынған ақша қаражаттарының ең төменгі деңгейін мөлшерлеп салынға қаражаттардың қайта жылдамдығын есептеу керек.

Қандай бір ресурс - шикізат, идея, өңдеу өндірістік және ұйымдастырушылық іс-тәжірбиесінде табыс табуға мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге қол жеткізу тауар нарығын зерттеу, сұранымды талдау мен болжаудан басталады және сұранымды бағалау - тауар ұсынымын бағалаумен сәйкес жүргізілуі қажет. Кәсіпорынға өзінің кәсіпкерлік қабілетін анықтаудағы ең басты мәселелер, бұл:

  • экономикалық және техникалық көрсеткіштер негізінде өз өнімдерін бәсекелес кәсіпорындардың өнімдерімен салыстыру;
  • кәсіпорынның аз шығынмен тауар өндіру мүмкіндіктерін анықтау.
  • Нарыққа өту кәсіпкерлік іс - әрекетті дамытудың шарттарын қалыптастырады, осмен байланысты кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру процесі төмендегі мәселелерді қамтиды:
  • өндірілген өнімнің мөлшерін жоспарлау және оны нарықта жылжыту
  • еңбек ұжымын қалыптастыру және еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру;
  • кәсіпорын көлемінде жүзеге асырылатын барлық қызметтерді басқару және талдау.

Кәсіпорынның үнемді және тиімді қызмет ету процесін біздің экономикамызда нарықтық қатынастар жағдайындағы жетістіктерге қол жеткізу деп түсіндіруге болады. Тиімді қызмет атқаратын кіші кәсіпорындар санының көп болуы ұлттық шаруашылықта бәсекені дамытады.

Экономикамыздың орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық қарым - қатынастарға өтуі қиын және күрделі жағдай болды. Бұл кезең өндіріс орындарының құлдырауы, инфляция, халықтың жұмыс деңгейінің төмпендеуі және басқа да мәселелермен түсіндіріледі. Осыған сәйкес экономика макро және микроэкономика деп бөлу шартты: біріншіден, макроэкономика микроэкономиканы оқып білудегі теориялық негізді айқындайды; екіншіден экономикадағы жағдай жеке фирма, кәсіпорындар, коммерциялық ұйымдық тұрақты қызметіне тәуелді.

Расында да өндірістік мақсаттар мен халық тұрмысына қажетті өнімдер мен қызметтерді кәсіпорындар қалыптастырады. Сол себепті олардың ресурстарды қолдануы, сапалық деңгейі мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруы жалпы экономика мен халықтардың тұрмыс деңгейіне байланысты.

Кәсіпорын - пайда табу және қоғамдық тұтыну қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында өнім өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін жеке шаруашылық субъектісі. Кез - келген шаруашылық түріндегі кәсіпорындар экономикада маңызды роль атқарады. Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда кәсіпорын төмендегі мәселелерді шешуге негіз болады:

  • жиынтық ішкі өнімді, жиынтық ұлттық өнімді, ұлттық табысты ұлғайту;
  • мемлекеттік бюджеттің бір бөлігі кәсіпорындарда жиналатын алымдар мен салықтар есебінен толықтырылады;
  • жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс;
  • мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
  • ұлттық білімді дамыту және Ғылыми Техникалық Прогресті жеделдету;
  • әр түрлі деңгейдегі салықтардың материалдық тұрмыс жағдайын көтеру;
  • денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетті дамыту;
  • жұмыс бастылық мәселелерді шешу;
  • басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу.

Бұл шарттар кәсіпорын тиімді қызмет атқарғанда ғана жүзеге асады. Кез-келген кәсіпорын өндірістің жүйесі басқаруы ретінде қарастырылады. Кәсіпорынның қызметі бұл қойылған мақсаттарға жетудегі қызметтердің жиынтығы. Ол көптеген факторлармен шарттарға тәуелді. Кәсіпорынды қоршайтын сыртқы және ішкі орта бар: сыртқы орта экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және технологиялық шарттар; ішкі орта -еңбек ресурстары, техника және технология, бәсеке маркетинг және тағы басқалар.

Басқару қызметі алдыға қойылған мақсатқа жету шараларын жүзеге асыру барысында іске асырылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру және табыстың максималды көлемін алу болып табылады. Шаруашылық қызмет бұл тұтастай алғанда: өнім шығаруындағы жүргізілген шаралар, қызметтер, жұмыстар кешені және тауарды сату. Бұл қызметтер бірнеше блоктардан құралған:

  1. техника-технологиялық блок (өндірістің техникалық дамуын басқару) ;
  2. өндірісті ұйымдастыру (өндіріс аясындағы маркетинг) ;
  3. экономикалық блок: қаржыны басқару, жұмыс орындарын қалыптастыру.

Кәсіпкер қызметінде табыстарға қол жеткізу үшін кең көлемдегі сұрақтарды қамтитын ақпараттарға ие болу керек. Бұған жататындар нарықтағы жағдай, материалды және материалды емес ресурстар облысындағы саясат, кәсіпорынды ұйымдастырудың құқықтық базасын анықтау. Шешімдер қабылдауға байланысты сенімді ақпараттар көлемі жоғары деңгейде болса соған сәйкес тәуелділікте аз болады.

Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық жағдайын сипаттайтын ақпараттардың негізгі көзі бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Кәсіпорында жүргізілген шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табады және соған сәйкес журнал-ордер, ведомость және тағы басқа есеп құжаттарына көшіріліп жазылады. Белгілі бір кезеңде жинақталған кәсіпорынның шаруашылық операциялары біртұтас бухгалтерлік баланста көрсетіледі. Жүргізілген есептер заң жүзінде анықталып, пеншік формаларына тәуелсіз түрде кәсіпорындардың барлығына бірдей жазылады.

Бухгалтерлік есеп бастапқы басқару аппараттарының жеткілікті кең көлемін қамтамасыз етеді. Сондықтан маңызды шешімдер қабылдау үшін әр түрлі факторлардың әсерін анықтау, табыс пен шығынды іздеу, кәсіпорынның қызмет - әрекеттерін жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді айқындау бухгалтерлік есептің жүйелігін және оны өңдеуді қажет етеді. Бұл мәселелерді шешумен экономикалық талдау айналысады.

Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарумен байланысты меншік формаларының әр түрін қалыптастыруды қажет етеді. Елімізде нарықтық қатынастарды дамытуда заңдық базаның маңызы жоғары. Бұл экономикалық жүйе шаруашылықтағы нарықтық әдістердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Халықаралық стандарттарға, бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарына көшу туралы кең көлемдегі бағдарламаны ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Қазақстан енгізді. Реформаның мақсаты - жалпы пайдаланған халықаралық стандарттарға сай қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық себебін жүргізу. Республикамызда мемлекеттік жүйеден жеке секторға өтуге байланысты экономиканы дамытудағы модель бухгалтерлік есептің ағылшын -американдық моделі танылды. Мұның ерекшелігі, ол - кәсіпорынға айналым құралдарының негізгі көзі ретінде инвистиция сату. Есеп саясаты әрбір шаруашылық субъектісі үшін қажетті құжат болып саналады. Тек сол ғана өзінің құжаттарына, салаларына және өзге де қызмет ерекшеліктеріне орай есеп саясатын дербес құрады. Есеп саясаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 желтоқсандағы 2732 “Бухгалтерлік есеп туралы” Заң күші бар жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Оны қалыптастырудың базасы бухгалтерлік есеп стандарттары, оларға әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесі реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттар болып саналады. Есеп саясатында есепті ұйымдастырудың негізгі ережелері, ішкі бақылау мен сыртқы аудиттің талаптары белгіленеді.

Есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептеуді анықтауда басқарушы субъектілердің қолданатын әдістерінің жиынтығы.

Есеп саясаты құрылып, оны қолданған кезде, келесі бухгалтерлік есеп принциптері ұсынады:

  1. Есептеу - шығындар мен табыстар бухгалтерлік есепте көрсетіп, қаржылық есептерде анықталады;
  1. Үздіксіз іс-әрекет - субъектінің іс-әрекеті үздіксіз жүргізілуі қажет;
  2. Түсініктілігі - қаржылық есеп берудегі ақпарат түсінікті болу керек;
  3. Мәнділігі - шаруашылық әрекетті бағалау кезінде шешімдер қабылдаудағы қаржылық ақпараттардың маңыздылығы;
  4. Маңыздылығы - қаржылық есептегі ақпараттар қатесіз берілуі қажет;
  5. Дұрыстығы - шаруашылық субъектілердің қаржылық міндеттері дұрыс болса, онда осы шаруашылық ақпаратын қолданушылар анық ақпарат алғандарына сенімді болады.
  6. Бейтараптылығы - қаржылық есептегі ақпараттар еркін, түсінікті және алдын ала алынған ақпараттың дұрыс еместігіне күмән болмау керек.
  7. Сақтығы - шаруашылық шешімдер қабылданған кезде қателеспеу, активтер мен табыстар артық, міндеттемелер мен шығындар жетпей қалмау керек.
  8. Аяқталмағандығы - қаржылық есептегі ақпараттар толық аяқталған болу керек.
  9. Салыстырмалылығы - бір есептік кезең мен екінші септік кезеңдегі Қаржылық ақпараттар салыстырмалы түрде жүргізілуі керек.
  10. Бірізділігі - таңдап алынған есеп саясаты бір есептік к езеңнен соң, екінші есептік кезеңге де қолданады.
  11. Шын әрі адал тапсырылғандығы - қаржылық - шаруашылық іс - әрекеттердегі қаржылық жағдай, ақша қаражаттарының қозғалысы шын болуы шарт.

Есеп саясатының негізгі бухгалтерлік есеп стандарты болып табылады, және есеп саясатын қалыптастыру әр стандартта ұсынылған әдістермен түсіндіріледі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бақылау - оның іс-әрекетін анықтау жағдайын болжаумен байланысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжаумен байланысты аналитикалық жұмыстар да қажетті. Талдаудың мақсаты кәсіпорын іс-әрекетінің дұрыс жүруін қадағалау және кәсіпорынның күйреуіне жол бермеу. Зерттеудің негізгі көзі бухгалтерлік есептің формалары және кәсіпорын шеңберінде жүргізілген есептік талдау болып саналады. Жалпы түрде есеп саясатын кәсіпорынның таңдап алынған шаруашылық шарттарын жүзеге асырудағы бухгалтерлік есеп әдістің жиынтығы ретінде қарастырады, басқаша сөзбен айтқанда бастапқы процестерді бақылау тәртібін, құндық өлшеуді, ағымдық есептерді топтастыру мен кәсіпорынның шаруашылық іс - әрекетіндегі деректердің қорытындысы іске асады.

Кәсіпорынның есеп саясаты мына жағдайларда қамтамасыз етілуі қажет:

  • шаруашылық іс-әрекетіндегі бухгалтерлік есептің барлық деректерін толығымен көрсету;
  • бухгалтерлік есептегі шаруашылық деректердің заңдық және экономикалық мазмұнының болмауы;
  • кәсіпорын көлемі мен шаруашылық іс-әрекет шарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті үнемді және дұрыс жүргізу;
  • аналитикалық шоттардағы айдың басындағы және аяғындағы қалдықтардың сомасы синтетикалық шоттар бойынша айдың басындағы және аяғындағы қалдыққа тең болу керектігін ескеру қажет.

Бухгалтерлік есеп нарықты экономикада бизнесті, кәсіпкерлікті сауатты жүргізудің ақпаратты базасы іспетті. Осы себепті кіші кәсіпкерлікте бухгалтерлік есепті жүргізу, сондай-ақ жалпы кәсіпкерлікпен байланысты барлық қызмет түрлері заңға сәйкес реттеліп отырады. Кәсіпкерлік іс мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктердің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырылады. Кіші кәсіпкерлік - өзінің “кіші” деген анықтамасына қарамастан, өте кең көлемді қамтитын күрделі ұғым. Себебі кіші кәсіпкерлердің қызметтерінің жүзеге асырылуы мемлекетпен тығыз байланысты. Кез-келген дамыған елдегі мемлекет пен кіші кәсіпкерлік субъетілерінің арасындағы байланыс сол елдің экономикасының өсу деңгейінің жоғарғы екендігімен сипатталады.

Мемлекеттік қолдау жүйесі: басқару және қамтамасыз ету деп аталатын екі қызметтің негізінде жүзеге асырылады.

Қамтамасыз ету - кіші кәсіпкерлікті материалдық, ақшалай, ақпараттық ресурстар, мемлекеттік тарпсырыстар мен қызметтермен қамту болып табылады. Басқару жоспарлау, оперативті іс міндеттеу, бақылаумен байланысты. Мұндай шараларды жүргізу кіші бизнестің тұрақты тиімді басқармашылық сипатына және олардың қызметінде оң нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі негізгі үш деңгейде қарастырылады: республикалық, аймақтық және жергілікті және бұлар мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау негізінен мынадай принциптерді қамтиды:

  • Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;
  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
  • шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қол жеткізерлік болуы;
  • шағын кәсіпкерлікт қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық
  • ынтымақтастық.

Атқарушы үкмет органдары мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілердің осы заманғы жабдықтар мен технологиялар алуына жәрдемдеседі, технопарк желілерін, лизингілік орталықтар, шағын инвестициялық қызмет орталықтарын, венчурлік фирмалар мен бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетигтік қызмет көрсету және де басқа инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі шараларды әзірлеп жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Салық режимі
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және лицензиялау
Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері
Шағын бизнеске салық салу режимі
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ_
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz