«Көркем еңбек» интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері



1. Табиғи материалдармен жұмыс
2. Өсімдіктерді өсіру негізі
3. Қағазбен жұмыс
4. Пластикалық (ермексаз) материалдармен жұмыс
5. Сәндік.қолөнер техникалары
Жалпы орта білім беретін бастауыш сыныпқа арналған интеграцияланған бағдарламада екі біріктірілген пәннен білім берудегі оқу бағдарламасы негізгі ережені нақты түсіндіреді. Оқу жылындағы білім беру үрдісін ұйымдастыру мен тарату мазмұны мен қойылатын талаптарын жоспарлау нәтижесі, нақты міндеттер береді.
Интеграция – дегеніміз (латын тілінен integratio) – қалпына келтіру, толықтыру, ал (integer) – толық, бүтін деген ұғымды білдіреді және де жеке дифференциалданған бөліктердің атқаратын жүйесін, ғылымдағы байланысты, яғни пәндердің бір-біріне жақындығын, ұқсастығын білдіреді.
Ал «Көркем еңбек» деп сурет және еңбек пәндерін біріктіріп, тұтас бір пән ретінде қабылдап отырмыз. Себебі «Еңбек» пәнінде қандай да бір тақырыпты таңдсақ, оның алдымен суретін, бейнесін саламыз, атап айтатын болсақ, ермексаздан қандай да бір жануарды немесе құсты мүсіндеу керек болса, оның бейнесін алдымен елестетуіміз керек немесе суретіне қарап барып орындалады. Сондықтан пәніміздің «Көркем еңбек» деп аталуына осы себеп болды. «Көркем еңбек» пәні қолдың сенсорлық қозғалысы үшін және қолдың буындары үшін өте маңызды. Осы пәннен қандайда өнім алу үшін міндетті түрде оның көркемдік жағын қарастырамыз, оның әдемілігіне, әрбір бөліктерінің құрылысына, ондағы болатын нақты қозғалысты анық беруіміз керек.
«Көркем еңбек» пәнi оқушылардың технологиялық мәдениетін, техникалық-технологиялық құзыреттілік жүйесін, еңбекке баулу, кәсіби өзін-өзі анықтау, жүзеге асыру негіздерін қалыптастыру және шығармашығын дамытуда басты орын алады.
Бұл пәннен оқушылар алғашқы көркем материалдарды меңгеріп, еңбек әрекетінің және бейнелеу өнерінің технологиясын үйренеді.
Олар оны бақылай (зерттей) отырып, пәннің немесе бақылап отырған нысаналардың (объектінің) қасиеті мен сапасын анықтай алады. Сонымен қатар өзінің қоршаған ортасын жан жақты зерттей отырып түрлі суреттер салып, оның құрылысын құрастырады немесе оның бейнесін мүсіндей отырып дайын өнім шығарады, олардың назарын қоршаған ортадағы адамдардың кәсібіне, суретшілерге қажет маңызды іскерліктер: өмірді суретші көзімен көре білу, әрбір көрген затты көңілімен қабылдау, адамның істеріне, туған жердің әсемдігін түсіне білуіне, ол өнімдердің қандай техникамен жасағандарын дәлелдеп, жұмысты қорғайды, ол жайлы жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар, өлеңдер айтады. Осы жаста балалардың білім деңгейлері тікелей өзгереді. Көркем еңбек пәнінен зат жасауда, яғни қандайда бір өнімді алу үшін оның дәстүрлі түрлері қарастырылады: мысалы өнім алу үрдісінде оны құрастыруды, көркемдік жағын, жұмыс нәтижесін, оған қолданатын заттарды танып біледі. Ерте жастан балалардың психологиялық ерекшеліктері ескеріледі, білім беру үрдісінің нәтижесінде дәстүрлі іс-әрекеттің көріністерінде күнделікті қайталауға, бекітуге және білімдерін тереңдетуге болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Көркем еңбек интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық
ерекшеліктері
Жалпы орта білім беретін бастауыш сыныпқа арналған интеграцияланған
бағдарламада екі біріктірілген пәннен білім берудегі оқу бағдарламасы
негізгі ережені нақты түсіндіреді. Оқу жылындағы білім беру үрдісін
ұйымдастыру мен тарату мазмұны мен қойылатын талаптарын жоспарлау нәтижесі,
нақты міндеттер береді.
Интеграция – дегеніміз (латын тілінен integratio) – қалпына келтіру,
толықтыру, ал (integer) – толық, бүтін деген ұғымды білдіреді және де жеке
дифференциалданған бөліктердің атқаратын жүйесін, ғылымдағы байланысты,
яғни пәндердің бір-біріне жақындығын, ұқсастығын білдіреді.
Ал Көркем еңбек деп сурет және еңбек пәндерін біріктіріп, тұтас бір
пән ретінде қабылдап отырмыз. Себебі Еңбек пәнінде қандай да бір
тақырыпты таңдсақ, оның алдымен суретін, бейнесін саламыз, атап айтатын
болсақ, ермексаздан қандай да бір жануарды немесе құсты мүсіндеу керек
болса, оның бейнесін алдымен елестетуіміз керек немесе суретіне қарап барып
орындалады. Сондықтан пәніміздің Көркем еңбек деп аталуына осы себеп
болды. Көркем еңбек пәні қолдың сенсорлық қозғалысы үшін және қолдың
буындары үшін өте маңызды. Осы пәннен қандайда өнім алу үшін міндетті түрде
оның көркемдік жағын қарастырамыз, оның әдемілігіне, әрбір бөліктерінің
құрылысына, ондағы болатын нақты қозғалысты анық беруіміз керек.
Көркем еңбек пәнi оқушылардың технологиялық мәдениетін, техникалық-
технологиялық құзыреттілік жүйесін, еңбекке баулу, кәсіби өзін-өзі анықтау,
жүзеге асыру негіздерін қалыптастыру және шығармашығын дамытуда басты орын
алады.
Бұл пәннен оқушылар алғашқы көркем материалдарды меңгеріп, еңбек
әрекетінің және бейнелеу өнерінің технологиясын үйренеді.
Олар оны бақылай (зерттей) отырып, пәннің немесе бақылап отырған
нысаналардың (объектінің) қасиеті мен сапасын анықтай алады. Сонымен қатар
өзінің қоршаған ортасын жан жақты зерттей отырып түрлі суреттер салып, оның
құрылысын құрастырады немесе оның бейнесін мүсіндей отырып дайын өнім
шығарады, олардың назарын қоршаған ортадағы адамдардың кәсібіне,
суретшілерге қажет маңызды іскерліктер: өмірді суретші көзімен көре білу,
әрбір көрген затты көңілімен қабылдау, адамның істеріне, туған жердің
әсемдігін түсіне білуіне, ол өнімдердің қандай техникамен жасағандарын
дәлелдеп, жұмысты қорғайды, ол жайлы жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар,
өлеңдер айтады. Осы жаста балалардың білім деңгейлері тікелей өзгереді.
Көркем еңбек пәнінен зат жасауда, яғни қандайда бір өнімді алу үшін оның
дәстүрлі түрлері қарастырылады: мысалы өнім алу үрдісінде оны құрастыруды,
көркемдік жағын, жұмыс нәтижесін, оған қолданатын заттарды танып біледі.
Ерте жастан балалардың психологиялық ерекшеліктері ескеріледі, білім беру
үрдісінің нәтижесінде дәстүрлі іс-әрекеттің көріністерінде күнделікті
қайталауға, бекітуге және білімдерін тереңдетуге болады.
Көркем еңбек пәнiн оқыту барысында мынадай пәнаралық байланыстар
жүзеге асырылады:
Қазақ тiлi (сауат ашу):
– оқушының сөздiк қорын молайтуда;
– еңбек және оны түсiнуге қатысты ұғымдарды игеруде;
– қойылған сұраққа дұрыс және толық жауап бере алуды қалыптастыруда;
– орындалған, аяқталған жұмыс нәтижесiн ауызша жеткiзе бiлуде.
Әдебиеттiк оқу:
– баланың ақыл-ойын, сөздiк қорын, коммуникативтiк құзыретін
қалыптастыруда;
– табиғат, адам және қоршаған орта туралы бiртұтас түсiнiгiн дамытуда.
Математика:
– әрекетті орындау алгоритмі;
– әр түрлі өлшем шамаларын және өлшем бiрлiктерiн қолдануда;
– бұйым дайындауда өлшем бірліктерін пайлануда;
– оқушыларды еңбегін ұйымдастыруда және оның нәтижесін алуда;
– өз iс-әрекетiн жоспарлауда;
– пішінін, зат құрастырудағы логикалық ойлауын дамытуда;
– құрамақ, аппликация жасауда нақты математикалық логика және
симметрияны пайдалануы.
Қоршаған дүние:
– жануарлар әлемі туралы түсінік;
– ауыл шаруашылық және бөлме өсімдіктерін өсіру негіздері;
– адамның табиғаттағы, қоғамдағы орнын анықтау;
– адам еңбегі табиғаттың өзара байланыстығын кқрсету;
– ауылдағы үй шаруашылығының ерекшелігімен танысуы.
Музыка:
– баланың эмоционалдық мәдениет қалыптастыру үшiн музыкалық шығармаларды
пайдалануда.
Дене тәрбиесi:
– қимыл-қозғалыстың үйлесiмдiлiгiн, бала бұлшық етiнiң шынығуын,
икемдiлiгiн, гигиеналық талаптарды орындай алуын дамытуда;
– шынықтыру және төзiмдiлiкке тәрбиелеуде.
Информатика:
. – геометриялық пiшiн құрастыру кезiнде компьютер бағдарламаларын
пайдалануда;
. – компьютер экранында графикалық және түсті бейнедегі үлгі жасай алуы;
. принтерден бейнелерді және суреттерді шығара алуы;
. – берілген тапсырманы орындаудағы альгоритмдік қателерді табуы;
. – графикалық редактордан сурет салу және салынған бейнені мәтінге қоя
алуы.
Көркем еңбек пәнiн оқытудың мақсаты: Оқушылардың әртүрлi материалдармен
жұмыс барысында технологиялық құзыретін, практикалық және жеке еңбек
дағдыларын, шығармашылық қабiлетiн, технологиялық ойлауын, қиялын, қол
ептiлiгiн, көзбен мөлшерлей алуын, көркем-эстетикалық талғамын және
арнаулы бiлiктіліктерін дамыту.
Көркем еңбек пәнiн оқытудың міндеттері:
1. Оқушыларды көркемдік-бейнелі және технологиялық іс-әрекетке
қызығушылықтарынарттыру;
2. Оқушыларды әртүрлі өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру: графика,
мүсіндеу өнері, қолданбалы қолөнер, тігін ісі, ою-өрнектермен және
т.б;
3. Оқушыларды қоршаған ортаны табиғат әлемін және адамның жасаған
заттарын бақылауға үйрету;
4. Оқушыларды әртүрлі материалдар арқылы жаңаша меңгерген құралдарының іс-
әрекетін ұйымдастыру (қағаз, ермексаз, мата, табиғи материалдар).
5. Көркем еңбек материалдарын үнемді және ұқыпты жұмсауға, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
6. Шығармашылық жоба ұғымын, оқушылардың меңгерген жоба әрекетінің
негізі ретінде жұмысты бастауға еңгізу.
7. Оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық-дәстүрлі халық өнерін
елестетуді қалыптастыру.
Оқу бағдарламаларының мазмұны Көркем еңбек 34 сағат
(аптасына 1 сағат)
рсБөлімнің атауы Сыныптарға бөлінген сағаттар
1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
1 Өсімдіктерді өсіру негізі 2 2 2 2
2 Табиғи материалдармен жұмыс 6 6 8 6
3 Кағазбен жұмыс 8 8 6 6
4 Пластикалық (ермексаз) 6 6 6 6
материалдармен жұмыс
5 Сәндік-қолөнер және тігін ісі8 8 8 10
6 Модельдеу және дизайн. 4 4 4 4
Барлық сағат саны: 34 34 34 34

1. Өсімдіктерді өсіру негізі
Еңбек қауіпсіздігінің ережесін және оқушының жекебас гигиенасын сақтау.
Өсімдіктер жайлы ұғым. Үй ауласында, үйде өсімдіктерді өсірудің маңызы
туралы мағлұмат. Бау-баушадағы мәдени өсімдіктерді бақылау және жинауға
көмектесу. Жиналған көкөністерді және гүлдерді сыйға тарту. Ауыл
шарауашылығындағы адамдардың еңбегін бақылау (егін жинау, астық тасу және
т.б) Адам денсаулығы үшін және тұрғын үйді безендірудегі бөлме
өсімдіктерінің маңызы. Бөлме және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп
түрлілігі. Адам қызметі мен күнделікті өмірде өсімдіктерді ауруға шалдығу
мен апат болуға ұшырататын жағдайлар туралы мәлімет (плакат бойынша).
Өсімдік бөліктері: жер үсті, жер асты бөліктері. Өсімдіктердің
тіршілігіне ылғалдың және жылудың, жарықтың әсері жайлы ақпарат беру.
Көп таралған бөлме өсімдіктерін анықтау. Оларды күту: суару, топырақты
жұмсарту (қопсыту), кепкен жапырақтардан тазарту. Өсімдіктердің тіршілік
әрекетіне ылғалдың және жылудың, жарықтың әсерін бақылау. Жапырақтардың
шаңын сүрту және құралдар мен саймандарды дұрыс қолдану. Оқушылардың жеке
басының мәдениетін сақтау: тамақтандыру, серуендету, ойнату, тұрғын үйді
күтуге мүмкіндігінше көмек.

1. Табиғи материалдармен жұмыс
Табиғи материалдардың түрлерi. Табиғи материалдарды жинау, сақтау,
өңдеу жұмыстары туралы қысқаша мәлімет. Оларды дайындау туралы мағлұмат.
Табиғи материалдан жасалатын құрамақтар. Кептiрiлген өсiмдiктерден
аппликациялау. Жапырақтарды жинау және кептiру тәсiлдерi. Жапырақ пен
гүлдерден қарапайым композиция құрастыру. Қу бұтақтан санамақ таяқшаларын
жасау Кепкен өсiмдiктерден аппликация құрастыру. конкурсқа жұмыс ұсыну.
Ұсақ тастардан мозаика құрастыру. Тастарды жинау. Мозаикамен және оны жасау
техникасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастыруда өзін - өзі тану пәнінің мәні
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Орыс тілі мен әдебиеті
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуы
Пәндер