Би елдің құты


Би елдің құты
Соңғы жылдары еліміздегі билік бұтақтарының бірі болып табылатын сот билігін реформалау басталды. Реформаның барысында алқа билер соты тәжірибесін қолданысқа енгізді. Алқа билер соты халыққа қаншалықты тиімді қызмет ететіндігін алдағы уақыт көрсететін болады. Мақалада сөз болғалы отырған мәселе қазақ халқының бұрнағы уақытта дәстүрлі қоғамының іргесі сөгілмеген кезіндегі билер қызметі жайында болмақшы.
ХVІІІ ғасырда дәстүрлі билер институты толық қалыптасып болып, қызметі жағынан қоғам өмірінің барлық қырларын қамтыды. Билердің халық үшін атқарған қызметі турасында арнайы жазылған зерттеу еңбектері, мақалалар, ғылыми жұмыстар молынан кездеседі. Әрине кез-келген зерттеу жұмысының өзіне тән кемшіліктері немесе артықшылықтары болып жатады. Негізгі тоқталғалы отырған мәселеміз би деген құрметті атаққа қандай қасиетімен ерекшеленген адамдар ие болды. Және билердің халық көзінен тыс байқала бермейтін қасиеттері ашылып көрсетілетін болады.
Әуелі билердің жеке басына қатысты зерттеушілер жазып қалдырған деректерге көз жүгіртелік: «Бий. В прежнее время биями назывались у киргизов влиятельные и уважаемые люди, к которым народ обращался за разбором своих тяжебных дел и споров. »[1. С. 82. 128]
Природный ум, особые душевные качества с присоединением к тому опытности и примерной приветственности есть качества и вместе с тем все достояние, посредством которых бий может иметь право носить это почетное имя . . .
Кроме всеобщего уважения, бий никакими особымы правами или привелегиями в Орде не пользуется. Хорошая молва в народе о беспристрастном суде бия суть единственные отличия его от простолюдина. [2. С. 124-125. ]
Бий есть живая летопись народа, юрист или законовед его. Далее, киргизский суд - гласный, публичный, совестный и мировой. Гласность суда обусловливается его публичностью, а последняя основывается на стариннейшем обычае родовичей зашищать интересы своего сородича. Проигрыш последним дела в споре с чужеродцем относится как бы к нечестию сразу целого народа. поэтому всякое более или менее важное дело, даже между отдельными личностями, становится всегда делом обшественным, обсуждаемым всенародно и с самой строгой справедливостью, свойственной всякому публичному суду киргизов.
Но самыми светлыми сторонами киргизского суда является постоянное обращение его к совести тяжущихся лиц и дух примирения, господствующии почти в каждом решении его. [3. С. 225-227. ] Орыс авторларының барлығы отаршыл жүйеге қызмет ете тұра билер туралы ой қозғағанда нашар пікір айта алмаған. Қанша жерден жамандағысы келсе де қазақ даласындағы билер институты өзінің әділдігімен, туралығымен көзге түскен. Шоқан Уәлихановтың зерттеулерінен билер жайында көп мағлұмат алуға болады. «Возведение в звание бия не обусловливалось у киргиз каким-либо формальным выбором со стороны народа и утверждением со стороны правящей народом власти: только глубокие познания в судебных обычаях, соединенные с ораторским искусством, давали киргизам это почетное звание. Чтобы приобресть имя бия, нужно было киргизу не раз показать народом свои юридические знания и свою ораторскую способность. Молва о таких людях быстро распространялась по всей степи, и имя их делалось известным всему и каждому. Таким образом, звание бия было как бы патентом на судебную и адвокатскую практику. Дети лиц, носивших звание биев, имея большую юридическую практику, обыкновенно наследовали знания и вместе с тем и звания своих отцов.
Мы можем представить многочисленные примеры такой наследственности звания биев в киргизском народе. В каракисецком роде. Средней орды, в конце ХVІІ века, был известный бий Казбек; потомство его до сих пор носит звание биев:
Казбек
Бекбулат
Тленчи
Алчинбай».
Рассматривая внимательно суд биев, действующий теперь у киргиз нашей области, мы видим, при всем нашем желаний найти в нем что-нибудб ново, прививное, - те же формы, те же начала древнего народного суда, которые мы изложили выше. Суд биев, несмотря на 40-летнее русское влияние, остался таким, каким был он за сотни, может быть, за тысячу лет до нас. Стало быть, ни внутренняя инерция народа, ни влияние русских учреждений и законодательств не согли изменить его древних и простых форм, хотя русскоев правительство не раз думало дать ему более прочную, более официальную организацию. » [4. 87-89]
Дала уәлаяты газетінің 1888 жылғы №51 санында Дінмұхамед Сұлтанғазин: «Бұрынғы уақытта қазақ арасында көптен келе жатқан құрметті адамдар билік айтады екен. Әр тұқымның, рудың өз алдарына ақсақалдары болады екен, ақылшы, басшы болып жүретін.
Бір өзгергені - бұл уақытта қазақ ішінде билік даулы істерде қағаз жүреді. Бұрынғы уақытта қалам-қағазбен жұмыстары болмайды екен. Бұрынғы биді сайламай-ақ, білімді ақсақалдар болып, тұқымына кетеді екен, һәм бағзы дана адамдар халықтыың рәсімін жақсы біліп һәм сөзге шешен болған соң халықты қаратып жақсы кісі болып шығып, тұқымынан болмаса да би болып кетеді екен. Бірақ олайша жиі бола бермейді». [5]
Алаш қайраткерлерінің билер институтына қатысты пікірлеріне назар аударалық: «1822-ші жылы устав шықпастан бұрын қазақ билігі (соты) өзінде еді, қазақ өз тентегін өзі тиюшы еді. Ол кезде сайланған би жоқ, қазақтың қадірлі, халық қалаған билері билік айтушы еді. Биге екі жағы келіп жүгініп, бидің әділ саналып, оны бұзамын деу болмаушы еді. Қазақтың мұндай билері ілуде біреу болмаса, қиянат билік айтпаушы еді. Егер бірен-саран көріне қате, әділдікке қайшы билік айтылса, мұның дұрыс-терісін хан сынаушы еді. Мұндай билікті хан сынаудан бастап қазақ билігі жоғарылы-төменді дәрежеге (инстанцияға) бөлінді. » [6. 64-65 беттер]
«Елдің ескіліктен екшеліп келе жатқан жол-жоба, салт, дәстүр, заң ережелерінің дәстүр жинақтарын, бұрынғылардың шежіресін, өнегелі, үлгілі сөздерін жадына көп тоқып, жатқа айтуға ұстарған, «билігі жүрген» рубасылардан көсем шыққан, өздері де тұрмыстан туған қорытынды сөздерді әдемілеп жұптап, ұйқастырып айта алатындай болған шешендер - би атанған». [7. 34 бет]
Соңғы жылдары билер тақырыбын жазып жүрген зерттеушілердің арасында Салық Зимановтың пікірлері өзінің құндылығымен ерекшеленеді. Қазақ билері тек әділ сотты ғана жүргізді. Бидің қазақ жұртындағы көтерер жүгі ауыр еді. Би тарихи-құқықтық жағынан терең білімді болумен қатар қолданылып жүрген Дала құқығы жүйесін жетік меңгеруі тиіс еді. [8. 73-74 беттер] Ал С. Өтениязов болса бұл пікірді онан ары қуаттай түседі: «Сонау атам заманнан бері қазақ қоғамындағы әрбір би - суырылып шыққан талант, ол тек қара сөздің ғана шебері емес, сондай-ақ, өлең сөздің және көсемсөздің шебері болған. Ол сондай-ақ, көреген дана, ақылгөй данышпан, қара қылды қақ жаратын әділ және өткір адам болған. Би деген атының өзі халық арасында құрметті болды. »[9. 49-53 беттер]
ХІХ ғасырдан бастап зерттеушілердің барлығы дерлік билердің жеке басына қатысты негізінен бір бағытты пікір айтады. Орыс деректері мен зерттеушілердің пікірлерін талдай келе шығарылатын қорытынды:
- Билер жеке бас қасиеттері бойынша: әділдігі, шешендігі, ақылдылығының арқасында ғана құрметті атқа ие болған.
- Би сайланбайтын, халықтың өзі анықтайтын болған.
- Билік тұқым қуалаумен қатар дара тұлғалық қасиеті мен тума талантының арқасында да би болып отырған.
Би деген сөзді есіткенде осы күнге дейін елең етпейтін қазақ баласы жоқ. Осынау сөздің аса жағымды естілетіні соншалық, шын мәнінде, ол қазақ өмірімен біте қайнасып кеткен күрделі тарихи процесс екенін бұл күнгі ұрпағымыз білуге тиісті. Сонау ерте заманнан бері келе жатқан қазақтың билер институтын зерттеу соңғы үш ғасыр бойы жүріп, әлі күнге дейін жалғасып келеді. [10. 49-53]
Билер жайлы қарастырғанда көбіне әлеуметтік, мәдени, саяси қырлары зерттелінген. Ал рухани қырына, рухани астарына онша көп үңіле бермейміз. Төле би айтыпты дейтін «Елге бай құт емес, би құт», «Биі жақсының, елі жақсы» қағидалары халық мақалына айналып кетті. Осы арада құт сөзіне түсініктеме бергенді жөн санап отырмыз. Қазақша Уикипедия сайтында Құт сөзіне төмендегідей анықтама берілген. «Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрпында Құтқа байланысты көне мифологиялық, тәңіршілдік және діни-сопылық ұғымдар біте-қайнасып, іштей астасып жатыр. Халықтық әдет-ғұрыптарда Құттың ықпалы мен көріністері сан қырлы сипатта көрініс тапқан. Мысалы, отбасының, мал-жанның өсіп-өнуі, абырой-беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен байланыстырылды. Яғни, Құт “адамның басына қонатын «Бақыт құсы» деп саналды. Сонымен қатар ол тек атақты әулиелер, патшалар, т. б. ғана емес қарапайым адамдар арқылы да келетіндігі (“қойшының таяғымен, келіннің аяғымен”), не болмаса Қыдыр арқылы келу мүмкіндігі де теріске шығарылған жоқ (“Қыдырып Қыдыр-Ілияс осы елде жүр, Байларды қарастырып ескі құттан”) . Әулеттің, шаңырақтың Құт-берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (әйелдер, аналар), бүкіл халықтың, тайпаның, т. б. Құтына айналған тұлғалар болады деген сенім де бекіді. Құтты адамнан бата алу, отырған жеріне ырым етіп балаларын аунатып алу, сарқытын ішу, алақанына тәу ету, т. б. ырымдар қазақ халқына кең таралды. Бір кезде ата-бабаларға қонған Құт ұрпақтарына көшеді деген сенімнен аруақты сыйлау, ата-баба заңын, өсиетін қатаң ұстану, осыған орай тұқым тектілігіне мән беру туындады. » [11]
Қазақ тарихының білгірі атанған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбаларында құт ұғымына қатысты деректерді көптеп табуға болады. «Біздің қазақ халқының ата-бабаларынан бері қарай келе жатқан әрбір нәрсені ырым қылатұғын әдеттері бар еді: «Шопанның таяғынан» - деп. Мұның мағнасы - халық ортасына келген жақсы меймандардың келіп-кеткенін ырым қылып, жұрт билеген ел ұлықтарының халқына құт болған-болмағанын ырым қып, соны айтушы еді. Кеше қазақта үш Едіге өткен екен. Әуел Едіге, орта Едіге, ақыр Едіге. әуел Едіге батыр кісі екен. Тоқтамыс хан деген ханның заманында орта Едіге деген өткен ғазиз кісі екен. Кешегі Әз Жәнібек, Асанқайғының замандарының соңынан кешікпей-ақ шыққан кісі екен. Ақыр Едіген деген би болып жұрт билеген кісі екен. Кешегі Абылай ханның заманында, сонда Едіге бидің таяғы жұртына шопан құт болып: «Едігенің майлы жұрты» атанған екен. Заманындағы қариялар, қара бұқара халқы: «қамын жеген Қарқарадай хандарының саламаттылығына, ел қамын жеген Едігедей билерінің саламаттылығына!» - деп дұға қылады екен. [12. 313-314] Осылайша көне түркілік діни-мифологиялық синкреттік дүниетаным аясында пайда болған Құт ұғымы түркі даласында мұсылмандық сопылық ілімдердің ықпалымен дамып, руханилана түсті, табиғи-нәпсілік деңгеймен шектелмей, өркениеттік өлшемдерге көтерілді. Құттың түп-төркіні Алладан келетін киелі нұр; қуат көзі, күллі ізгілік, береке Алладан, ал оны тарататын пайғамбарлар мен әулиелер, тақуалар деген түсінік қалыптасты. Әулиелердің батасы, шын ықыласымен сыйлаған заттары арқылы (шапаны, асатаяғы, ыдысы, т. б. ) адамдарға құт-береке дариды, ал ол рухани сабақтастық бойынша пайғамбардан халифаларға, халифалардан сопы-пірлерге көшіп, ұдайы жалғасып отырады деген сопылық дүниетаным етек алды. Ислам дініндегі Құт, бақыт ұғымдары тек фәни тіршіліктегі бақ-дәулетті тілеумен емес, о дүниеде де мәңгілік бақытқа жетуді ойлау керек деп үйретті. Айтылып отырған ойымыз дәлелді болу үшін Мәшһүр Жүсіп жазбаларына тоқталайық. «Сол Едігеден соң баласы Шоң би жұрт билеп болған екен. Бұл кісінің тұсында һәм халық бай болған екен. Сол күндерде қазақтың төрені қадірлеп, басына көтеріп, хан қылатын күні бір Тұрсын хан деген төрені Шоң би Сүйіндіктің баласына хан көтерген екен. Үш жылдан соң Тұрсын хан өліп, жұрт үш күндей жиылып, жаназасын оқып, Шідерті деген өзеннің бойына қойыпты. Сонда Шоң би үш күн ұдайы жылап мауқын баса алмайды. әбден жылап қоймаған соң, бидің өзінің қасында жалбаңдап жүре беретұғындардың бірі бойы үйір болғандығын қылып:
- Тұрсын хан емес еді, өзің хан едің. Енді жұрт өзіңе жеке қалды ғой. Жалғыз қара болдым деп қуанғаннан-ақ жылай бересің ғой! - дейді.
... жалғасыСол уақытта Шоң би жаман кейіп, әлгідей айтқанына ыза болып:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz