Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1.1 Зоонимдік метафораларды зерделеудің лингвомәдени сипаты.
1.2 Мәдени коннотация ұғымы
1.3 Дүниенің тілдік бейнесіндегі зоонимдік метафоралардың орны.
ІІ «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафоралардың ұлттық.мәдени және танымдық негіздері»
2.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафоралар негізінде қалыптасқан ассоциациялық образдардың ұлттық.мәдени сипаты
2.2 Қазақ және ағылшын тілдерінде зоонимдік метафоралар шеңберінде қалыптасқан аксиологиялық көзқарастардың ұлттық ерекшеліктері

Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін” елестетеміз. Адам дүниетанымының басты элементі деп – ғалам бейнесін айта аламыз. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған.
Дүниенің тілдік бейнесіндегі зоонимдік метафоралардың алатын орны өте қызықты да ауқымды мәселе. Зоонимдік метафоралар әлемнің күнделікті тілдік бейнесіндегі үлгі-образ болып табылады. Олар адам мен жануарлардың қасиеттерінің ұқсастығын сипаттауға негізделген. Халықтың тұрмыс тәжірибесі тұрғысынан алғанда белгілі бір жануардың басым қасиеттері адамның мінез-құлық атауына сәйкес аталады. Сондықтан «жануарлар» метафоралары тізбесін белгілі бір тілдегі мәдениеттің үлгісі немесе символы ретінде қарастыруға болады. Метафоралық дүние бейнесінің түп негізінде белгілі бір этномәдени ұжымның сан ғасырлар бойы қоршаған ортаны меңгеруі, игеруі және өзгертуі процесінде қалыптасатын дүниені бейнелі, көрнекі етіп көруі және тануы жатады. Зоонимдік метафоралар көбінесе адамдардың күнделікті тұрмыстық қарым-қатынасы аясындағы дүние бейнесін түзеді, сондықтан ол бейне қарабайыр тұрпатта болып келеді.
Зерттеудің өзектілігі. Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Әр ұлттың әлем бейнесі олардың дүниені танудағы көзқарастарына байланысты. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық – мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу – қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі. Тіл қазынасындағы ұлттардың тұрмыс – тіршілігі мен өмір тәжірибелерінен хабар беретін, шаруашылық әрекетін танытатын, тілімізде кездесетін зоонимдік метафоралар мен зоокомпонеті бар мақал-мәтелдерді дүниенің тілдік бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Адамзат қоғамындағы барлық дүниетаным, қарым-қатынас құралы тілдік қызмет арқылы орын алады. Мәдениеттің қалыптасып дамуы, ұлттық-этнографиялық құндылықтардың халыққа таралуы да ауыз екі әдеби тілдің қызметіне байланысты. Сондай-ақ, халық даналығы да өмір заңдылығы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін айқындап, айшықтап жазған.

1. Байтұрсынов А. Ақ жол, Алматы, 1991, – 463 б.
2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі, Алматы, 1987, – 272 б.
3.Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы, Алматы, 1966, – 205 б.
4.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы, Алматы, 1987, – 265 б.
5.Зайсанбаева Г.Ж. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі (біріккен зат атаулары негізінде) ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. Алматы, 2004. – 136 б.
6.Сыбанбаева А.С. Қазақ тіліндегі концептуалдық метафоралардың қызметі. ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. Алматы, 1999. – 130 б.
7. Қасым Б.Қ. Қазақ тіліндегі күрделі атауларының теориялық негізі. Фил. ғыл. докт.... дис.: Алматы, 2002, – 313 б.
8.Жұбанышқызы.М.Т Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы. – Алматы, 2005. – 31 б.
9. Маслова В.А. Лингвокультурология. Учебное пособие. Москва: Искусство, 2001. – 194 с.
10.ХасанқызыБ.А. С.Мәуленов өлеңдеріндегі теңеу: Фил.ғыл.канд.дисс.авторефераты.
– Астана, 2010. – 30 б.
11. Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі. – Алматы: Арыс, 2007. – 439 б.
12.Жарқынбек А. Ит адамның досы, дегенмен...
(http://saryarka-amaly.kz/component/content/article/5212?month=12&year=2011&start=1).
13. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. – Алматы: Толағай, 2004. –560 б.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем
әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі
әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің
көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып,
өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың “ғалам бейнесін”
қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың
“ғалам бейнесін” елестетеміз. Адам дүниетанымының басты элементі деп –
ғалам бейнесін айта аламыз. Онда адамның дүниені тануының негізгі
көріністері жинақталған.
Дүниенің тілдік бейнесіндегі зоонимдік метафоралардың алатын орны
өте қызықты да ауқымды мәселе. Зоонимдік метафоралар әлемнің күнделікті
тілдік бейнесіндегі үлгі-образ болып табылады. Олар адам мен жануарлардың
қасиеттерінің ұқсастығын сипаттауға негізделген. Халықтың тұрмыс тәжірибесі
тұрғысынан алғанда белгілі бір жануардың басым қасиеттері адамның мінез-
құлық атауына сәйкес аталады. Сондықтан жануарлар метафоралары тізбесін
белгілі бір тілдегі мәдениеттің үлгісі немесе символы ретінде қарастыруға
болады. Метафоралық дүние бейнесінің түп негізінде белгілі бір этномәдени
ұжымның сан ғасырлар бойы қоршаған ортаны меңгеруі, игеруі және өзгертуі
процесінде қалыптасатын дүниені бейнелі, көрнекі етіп көруі және тануы
жатады. Зоонимдік метафоралар көбінесе адамдардың күнделікті тұрмыстық
қарым-қатынасы аясындағы дүние бейнесін түзеді, сондықтан ол бейне
қарабайыр тұрпатта болып келеді.
Зерттеудің өзектілігі. Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден
жинақталады. Әр ұлттың әлем бейнесі олардың дүниені танудағы көзқарастарына
байланысты. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен оның
рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік
әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде
ұлттық – мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда
зерттеу – қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі. Тіл
қазынасындағы ұлттардың тұрмыс – тіршілігі мен өмір тәжірибелерінен хабар
беретін, шаруашылық әрекетін танытатын, тілімізде кездесетін зоонимдік
метафоралар мен зоокомпонеті бар мақал-мәтелдерді дүниенің тілдік
бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Адамзат қоғамындағы барлық
дүниетаным, қарым-қатынас құралы тілдік қызмет арқылы орын алады.
Мәдениеттің қалыптасып дамуы, ұлттық-этнографиялық құндылықтардың халыққа
таралуы да ауыз екі әдеби тілдің қызметіне байланысты. Сондай-ақ, халық
даналығы да өмір заңдылығы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін айқындап,
айшықтап жазған.
Жан-жануарлар атаулары биология, зоология оқулықтарында,
сөздіктерде кездескенімен екі тілді салғастыра танымдық тұрғыдан талдап,
зерттеген арнайы ғылыми еңбектер жетерлік деп айта алмаймыз. Сондықтан,
зоонимдік метафораларды жеке зерттеу нысаны етіп ала отырып, халықтың сол
бір тіршілік иелері туралы таным-түсінігі мен психологиялық көзқарасын
анықтау, халықтың соларға берген сипаттамасын, теңеуін, өзге дүниені
танытуда салыстыра қолдануын, адамның мінез-құлқы мен қимыл-қозғалысын
әсірелеп танытуда зоонимдік компоненті бар мақал–мәтелдер мен тіркестерді
зерттеу тіл біліміндегі өзекті мәселе саналады.
Зоонимдік метафораларды зерттеудің ұлттың тұрмыс – тіршілігін,
болмысын, табиғатын танып білудегі маңызы ерекше. Зоокомпоненті бар кез
келген тұрақты теңеулердің жасалуында белгілі бір қалыптасқан жүйелі
логикалық ой болады. Аталған мәселенің ғылыми зерттеу нысаны болуының
себебі, олардың қолданыс аясының кеңдігі, мазмұн жағынан ауқымдылығы және
тіл тәжірибесінде жиі қолданылуы болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Зоонимдік метафораларды қазақ және ағылшын
тілдік ұжым мүшелерінің танымы тұрғысынан қарастыру.
Зерттеу пәні. Зоонимдік метафораларды қазақ және ағылшын тілдеріндегі
дереккөздер негізінде ұлттық тілдер мен мәдениеттер контексінде салғастыра
зерттеу.
Зерттеудің мақсаты.
– зоонимдік метафоралардың мазмұн – межесін ұлттық таным негізінде жан –
жақты анықтау;
– қазақ және ағылшын лингвомәдени қауымдастығы мүшелерінің танымындағы
зоонимдік метафоралар тасасындағы аялық білімдер мен танымдық ақпараттарды
салғастыра зерделеу;
– екі тілдегі зоонимдермен ассоциацияланатын прототиптік образдардың
лингвомәдени сипатын айқындау.
Зерттеулің міндеті.
– қазақ және ағылшын тілдерінде зоонимдік метафоралар шеңберінде
қалыптасқан аксиологиялық көзқарастардың ұлттық ерекшеліктерін айқындау;
– қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафораларға негізделген
фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдердің астарындағы аялық және
танымдық ақпараттарды табу;
– қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафоралар негізінде
қалыптасқан ассоциациялық образдардың ұлттық – мәдени сипатын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
– қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық мүшелерінің танымындағы адамның іс
– әрекетін, кескін – келбетін, эмоционалдық жай – күйін т.б. сипаттайтын
зоонимдік метафоралар ұлт дүниетанымымен байланыстырылып, олардың
төңірегіндегі аялық білімдер қарастырылды;
– дүниенің тілдік бейнесіндегі зоонимдерге байланысты прототиптік
образдардың, қазақтар мен ағылшындардың дүниетанымына, менталитетіне қарай
қалыптасқан ассоциациялардың ұлттық – мәдени, танымдық ерекшеліктері
анықталды.
– қазақ және ағылшын тілдерінде қолданыс тапқан зоонимдік метафоралар екі
ұлт дүниесінің тілдік бейнелерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, яғни
ақпарат тасымалдаушы қызметін атқарады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу материалы мен зерттеудің
дереккөздері ретінде жалпы іріктеу негізінде жинақталған қазақ және ағылшын
тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер мен мақал-мәтелдер пайдаланылды.
Сондай – ақ, Т. Қоңыровтың Қазақ тілінің тұрақты теңеулері сөздігі
(Алматы, 1990), Ә. Қайдардың Халық даналығы (Алматы, 2004) және Тысяча
метких и образных выражений: казахско – русский фразеологический словарь с
этнолингвистическими пояснениями (Астана, 2003) т.б. қолданылды.
Зерттеудің әдіс – тәсілдері. Диссертацияда екі тілдегі зоонимдік
метафораларды лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау әдістері,
оларды сипаттамалық, салғастырмалық жақтан талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Қазіргі тіл білімінің
антропоөзектік бағыттағы лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивті
лингвистика салаларының теориялық мәселелерін шешуде, принциптерін
айқындауда және бұл салалардың алға қарай дамуында зерттеу жұмысының нақты
нәтижелері мен тұжырымдары өз деңгейінде үлес қоса алады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Жұмыстың нәтижелерін жоғары
оқу орындарда лексикология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті
лингвистика, стилистика пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын
жазуда, теориялық курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға, сондай – ақ
лексикографиялық тәжірибеде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафоралардың пайда болу
көздері лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің тарихымен, олардың өмір-
тіршілігімен, рухани мәдениетімен тығыз байланысты. Сондықтан, олардың мән
– мағынасын когнитивтік таным мен олардың тарихи – этимологиялық көздері
арқылы нақтылауға болады.
– зоонимдік метафоралар дүниенің тілдік бейнесінің тұрақты фрагментін
түзетін тілдік модельдер ретінде тіл иесінің табиғи және қоғамдық ортаны
игеру барысындағы өмірлік тәжірибесін білім қоры түрінде жинақтауға
қатысады. Онда лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің санасындағы сан
ғасырлық танымдық ақпараттар көрініс табады.
– дүниенің тілдік бейнесіндегі зоонимдердік метафораларды мақал – мәтел
және немесе фразеология түрінде вербальданған, ұлттық – мәдени нақыштағы
күрделі, ментальдық құрылым ретінде танимыз. Олай болатын себебі, олардың
қолданысы ұлттық болмысқа тікелей қатысты.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Диссертацияның мазмұны,
тұжырымдары мен негізгі нәтижелері Студенттердің ғылыми инновациялық
шығармашылығындағы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары атты №14
(68) ғылыми конференцияда (Қызылорда, 2012) баяндалды. Республикалық ғылыми
басылымда Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының
ұлттық сипаты атты мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшалар
берілген.
Негізгі бөлім
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырып өзектілігі
негізделіп, оның басты нысаны, негізгі мақсаты мен міндеттері, ғылыми
жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы айқындалып, зерттеу
жұмысының дереккөздері, әдіс – тәсілдері сипатталды.
Бірінші тарау Зоонимдік метафораларды зерделеудің лингвомәдени сипаты
деп аталады. Бұл тарауда зоонимдік метафораларды зерттеудің теориялық
мәселелерімен қатар, олардың дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырудағы
алатын орны, мәдени конотация ұғымы қарастырылды.
1.1 Зоонимдік метафораларды зерделеудің лингвомәдени сипаты.
XX ғасырда тіл білімі саласында метафораны зерттеудің жаңа бағыттары пайда
бола бастады. Аталған бағыттар метафораны танымдық тұрғыдан зерделеумен
сипатталады. Метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп,
оның тілдегі қызметі, тіл, сана, таныммен байланысты сан алуан ғылым
салаларындағы термин жасау, жаңа білімді қалыптастыру қызметі, түрлері,
мән–маңызы мен қолданылу аясы жөнінде қарастырылып келеді. Көптеген
ғалымдар метафораны әлем туралы ойлаудың вербальды әдісі немесе ойлау
әрекеті деген тұжырымға тоқталды. Осы мәселемен айналысқан лингвистердің
қатарында А.Хили, Р.Харрис, А.Ортони, Р.Рейнолде, Ф.Ницше, П.Риккер,
М.Влэн, А.Ричардс, А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова,
В.К.Харченко және т.б. бар. Олардың жұмыстары 1990ж жарық көрген Теория
метафоры жинағында жарық көрген. Ал, қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы
[1], М.Балақаев [2], Б.Хасанов [3], Ә.Болғанбайұлы [4], Г.Зайсанбаева [5],
А.Сыбанбаева [6], Б.Қасым [7] т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Жануарларға қатысты метафоралық қолданысты салыстыра, салғастыра
зерттеуде: Е.М.Брославская, Н.Б.Романова, Е.А.Гутман, О.А.Рыжкина,
О.А.Васькова, А.В.Гура, А.В. Егорова, А.А.Кипрянова, О.С.Фролова,
Р.Я.Солодкин, М.И.Сюсько, О.Н.Трубачев, Н.С.Шапошникова, С.К.Сансызбаева,
Р.Қ.Смағұлова т.б. зор үлес қосқанын атап өткеніміз жөн. Көптеген жұмыстар
жануарлар атауының ауыспалы мағынада (метафоралық) қолданылуын зерттеуге
арналған.
Жануарлардың ауыс мағынада қолданылуын М.Т.Жұбанышқызы былай
түсіндіреді: Жануарлар атауларының ауыс мағынада келіп, өзіне тән емес
ұғымдарда қолданылуын адамзат баласының тұрмыс–тіршілігінің ұзақ уақыт бойы
жануарлар әлемімен тығыз байланыста болып келуімен түсіндіруге болады. Ал
дүниедегі алуан түрлі құбылыстар жөніндегі түсінігін халық өзін қоршаған
ортадағы танымына етене жақын, ертеден танымал ұқсас бейнелер арқылы
білдіретіне мәлім. Тілдегі қандай да бір сөздің мағынасында таным обьектісі
болып отырған болмыстың ерекше сипатын білдіретін элементтер қаншалықты
басым болса, сол болмысты осы сөздің көмегімен бейнелеу мүмкіндігі
соншалықты арта түспек [8.9].
Зоонимдерден жасалған метафоралар зооморфизм (Грачев, Лапшина,
Скляревская), зоометафора (Власкина, Лапшина), зооморфты метафора
(Голодов), метафора-анимализм (Махова, Лобунько), перифразы тілдік
метафора жануарлар әлемінің өкілдеріне ғана қолданылады перифразалары
(Корнилов), адамдарды метафоралық белгілеу үшін жануарларды белгілеу
немесе арнайы термин ұсынбай, атаулар санаты т.б. терминдермен
сипатталады.
Зоонимдік метафорлар халықтың ұлттық дүниетанымы мен дәстүрінен хабар
беруде ерекше қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір ұлт
тілінің жасалуына сол халықтың танымы мен түсінігіндегі ақпараттар әсер
етеді, яғни кез-келген нәрсені таңбалаушы тілдік бірлік жайындағы ұғымы әр
ұлтта әртүрлі дей аламыз.Сонымен қатар, зоонимдік метафоралар күрделі
тілдік бірлік болып табылады, оларға едәуір ақпараттық әлеует тән. Алайда,
осыған қарамастан зоонимдер тіл білімінде жеткілікті дәрежеде ашылмаған.
Олар бізді қоршаған табиғатты әртүрлі жағдайларды бейнелі және
эмоционалды түрде бейнелеу қабілетіне ие. Қазақ халқы малды ертеден кешке
дейін бағып қана қойған жоқ, бағып жүрген малдың мінез-құлқына, қимыл-
жүрісіне қарап неше алуан ерекшеліктерін байқап, адамдардың бет-пішінін,
мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттау кезінде ұтымды пайдалана білді. Көрген
білгендері төрт–түлік мал мен жан –жануарлар болғандықтан, ата- бабаларымыз
адамдардың мінез – құлқын, іс – әрекеттерін сипаттау үшін, теңеу образы
ретінде жан –жануарлар мен, төрт–түлік малды алып отырған.
1.2 Мәдени коннотация ұғымы. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында
лингвистика саласында мәдени коннотация ұғымы көпшілікке кеңінен таныла
бастады. Мәдени коннотация ұғымы көбінесе тұрақты тіркестер мен
паремиологиялық тіл бірліктерінде айшықты көрініс табады. Және де оның
пайда болуына, ұлттық – танымдық стереотиптер, халықтың білімі,
ассоциациялар негіз бола алады. Мәдени коннотация ұғымы ғылыми пән –
лингвокультурологияның негізі бола отырып, ол тіл процесінде ұлттық тілдің
материалдық мәдениеті мен менталитетін зерттейтін және этностың тілі мен
мәдениетінің жалғасы болып табылады.
В.А.Маслова Мәдени коннотация ұғымын маңызды параметрлермен
айқындауға болады деген. Оның пікірінше: Біріншіден ол семиотикалық
бірлік: әртүрлі пәндер мен олардың семиотикалық жүйесі– тіл мен мәдениетті
байланыстыратын ілік. Коннотация арқылы мәдениет тілде сақталады және сол
арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі, сондықтан да ол туралы екі жүйені
біріктіретін тіл бірлігінің коннотациялық – мәдени функциясын диахронды
және синхронды деп айтуға негіз бар. Екіншіден, мәдени коннотация тіл
жүйесінде өзіндік локусын иеленеді. Бұл тілдің белгілі тілігі, нақтылап
айтсақ, мотивациялық лексикалық және фразеологиялық бірліктер. Осы
бірліктерге сүйене отырып, коннотация белгілі бір жүйеде локализацияға ие
болады деген ой тұжырымдайды [9.53].
Көптеген ғалымдардың коннотация табиғатына қатысты жазған
еңбектерінде, ғалымдар тарапынан коннотацияның құрылымдық бөліктері әр
түрліше танылып, коннотация ұғымы кең мағынада және тар мағынада
қарастырылатындығын байқадық. Коннотация ұғымын кең мағынада түсінетін
ғалымдар тобы бұл жиынтыққа мағынадағы эмоционалдықты, экспрессивтілікті,
бағалағыштықты және стилистикалық микрокомпоненттерді жатқызады. Ал, тар
мағынада қабылдайтын ғалымдар тобы мағынаның көрсетілген барлық
микрокомпоненттерін коннотивтік семаға кіргізбейді. Мағынаның коннотивтік
аспектідегі мазмұнына эмоционалдық және стилистикалық микрокомпоненттерді
ғана жатқызады.
Жан – жануарларға қатысты бейнелік коннотация қолданысының кейбір
аспектілері Н.Д.Арутюнова, В.А.Маслова, В.В.Виноградов, Ә.Т.Қайдар,
Т.Д.Жанұзақов, С.К.Сәтенова т.б. сынды ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған.
Коннотациялық мәнді зооморфизмдер белгілі бір ойды нақты, әсерлі,
көркем түрде жеткізу мақсатымен көркем әдебиет тілінде де кеңінен
қолданылады. Олар белгілі бір тіркес құрамында астарлы мағына жүйесіне
ілігіп, бірде жағымды мағына берсе, кейде жағымсыз мағына мазмұнын құрайды.
Осымен байланысты суреткер санасында кейбір өзара ұқсас қасиеттерін
салыстыру негізінде қалыптасатын ассоциация арқылы адамның орнына немесе
белгілі бір құбылысты сипаттау мақсатында жануарлар атауларының ұшырасуы,
яғни олардың өзіндік мінез–құлқына, пішініне, мүшелік белгілеріне,
іс–әрекетіне т.б. ерекшеліктеріне байланысты метафоралық ауыс қолданылуы
белгілі бір образ жасау, модальділік көзқарасын білдіру, әсерлігін күшейту
мақсатында шығармаларда ұтымды қолданылады – дейді А.М.Сапанова өз
еңбегінде [10.171]. Әрине, бізде осы пікірмен қосыламыз. Себебі, көркем
әдебиетте жануарлардың образдары арқылы адамды сипаттау көптеп кездеседі.
1.3 Дүниенің тілдік бейнесіндегі зоонимдік метафоралардың орны.
Дүниенің тілдік бейнесі ұғымдары қазақ тіл білімінде когнитивтік
лингвистика, лингвомәдениеттану, секілді ғылыми бағыттардың дамуына
байланысты ХХІ ғасыр басында кең көлемде таныла бастады. Ұлттық құндылықты
жаңа моделде қалыптастыру қазақ тіл білімінің бастауларында дамыды.
Ф.Б.Қожахметова, Ш.С.Ниятова, Г.М.Имашева, Б.Шалабай, Г.Н.Смағұлова,
Г.Сағидоллақызы, А.Ислам, Б.Нұрдаулетова, Г.Қосымова, Э.Оразалиева т.б.
секілді тілші-мамандар қазақ этнографиясын, дүние болмысын тілдік бірліктер
астарында қарастырып, оған талдау жасап, жан-жақты зерттеді.
Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Әр ұлттың
әлем бейнесі олардың дүниені танудағы көзқарастарына байланысты. Адам
баласының білімі, көрген-білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін,
өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса
қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық-мәдени
сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу -
қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Адамның сыртқы келбетін, ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын, іс-
әрекетін, қимыл-қозғалысын, көңіл-күйін т.б. білдіретін метафоралардың
образдық, фондық негіздері халықтың ақиқат дүние туралы білімдер жүйесінен
хабар береді.
Зоонимдік метафоралардың мағынасы белгілі бір ұлттың таным-
түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олардың мағынасы
сол метафораларды қолданатын ұлтқа түсінікті, жиі қолданысқа түсетін
бейнелі метафоралар. Зоонимдік метафоралардың авторы жоқ. Олар – мақал-
мәтелдер, тұрақты тіркестер тәрізді халық қазынасы.
Зоонимдік метафоралар әлемнің күнделікті тілдік бейнесіндегі үлгі-
образ болып табылады. Олар адам мен жануарлардың қасиеттерінің ұқсастығын
сипаттауға негізделген. Халықтың тұрмыс тәжірибесі тұрғысынан алғанда
белгілі бір жануардың басым қасиеттері адамның мінез-құлық атауына сәйкес
аталады. Сондықтан жануарлар метафоралары тізбесін белгілі бір тілдегі
мәдениеттің үлгісі немесе символы ретінде қарастыруға болады.
Қоғамдағы әрбір құбылыс халықтың дүниетанымына байланысты
өрнектеледі. Кез-келген нәрсені салыстыра отырып сипаттап, суреттегенде
көңіл-күй сезімдері негізінде бейнеленеді. Сонымен, адам кез келген нәрсені
сипаттап, суреттегенде көбінесе теңеп, ассоциативті түрде салыстыра отырып,
өзінің ой-пікірін бейнелі түрде жеткізіп отырған. Үй жануарлары, жабайы аң-
құс атаулары этностың ой-санасында, абстрактылы ұғымдар мен ассоциативті
салыстырулар көңіл-күй сезімдері мен іс-әрекеттерін бейнелі түрде беруде
кеңінен қолданылатынын көреміз.
Диссертацияның екінші тарауы Қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік
метафоралардың ұлттық-мәдени және танымдық негіздері деп аталады. Бұл
тарауда зоонимдік метафоралар негізінде қалыптасқан ассоциациялық
образдардың ұлттық–мәдени сипаты анықталып, зоонимдік метафоралар
шеңберінде қалыптасқан аксиологиялық көзқарастардың ұлттық ерекшеліктері
қарастырылды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафораларға
негізделген фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдердің астарындағы
аялық және танымдық ақпараттар айқындалды.
2.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік метафоралар негізінде
қалыптасқан ассоциациялық образдардың ұлттық–мәдени сипаты. Құрылымы әр
түрлі ағылшын және қазақ тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың
ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік
бірліктердің бірі метафоралық теңеулер. Зоонимдік метафоралардың басым
көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар ұлт өмірінің
айнасы, сондықтан да бойында сақталған ұлттық мәдени негіздерге сүйенеді.
Жануар атауы адамға қатысты қолданылғанда жануар мен адам арасындағы
ұқсастық әр халықтың ұлттық–мәдени көзқарасына байланысты әр түрлі сипат
алады – дейді С.Қ. Сансызбаева өз еңбегінде [11.216]. Яғни, белгілі бір
мағына екі түрлі ұлт тілінде әр басқа ұғымдармен коннотацияланып, өзіне
ғана тән ассоциативті образдар негізінде көрініс табады. Мысалы,
ағылшындарда hare жылдам қимылдайтын, бірнәрсені тез істейтін адам жайында
жағымды ассоциативті образ ретінде қолданылса, қазақтарда қоян зоонимі
қорқақ адам жайында жағымсыз мәнде қолданылады. Егер ағылшынар біреуді bear
десе, онда ол ебедейсіз, дөрекі адам жайында айтылғаны.
Ағылшындардың танымында жағымсыз құпияны сипаттау үшін ұйықтап
жатқан иттің образы алынса (а sleeping dog), ал қауіп – қатер үндемей
жатқан итпен (a silent dog) ассоциацияланады. Бұл жерде let sleeping dog
lie тәрізді нақыл қазақ тіліндегі тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа
деген мақалмен, beware of a silent dog & still water нақылы қазақ тіліндегі
үндемегеннен үйдей бәле шығады тәрізді көзқараспен астарласады. Ал, үріп
жатқан иттің (barking dog) образы, керісінше көңілдегі қорқынышты
сейілтеді: barking dogs seldom bite (сөзбе – сөз: үріп жатқан ит анда –
санда тістейді).
Help a lame dog over a stile (сөзбе – сөз: ақсақ итке кедергіден
шығуға көмектесу) тұрақты тіркесі біреуге қиыншылықта, басына іс түскенде
көмек беру, біреуді қиыншылықтан алып шығу мағынасында қолданылады. Бұл
жерде қиыншылыққа ұшыраған адамның образы ақсақ итпен (a lame dog)
астарласқан. Мысалы: ″He would always help a lame dog over the stile, that
was his boast.″ (F. Hardy).
Ит қазақтардың танымында жеті қазынаның бірі саналып қоймай, он екі
мүшел жылдың біріне кіреді. Ит жеті қазынаның бірі, - дей тұра халқымыз
оны жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды. Қазақтардың тілдік
қауымдастығында біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынатыны белгілі.
Оған: иттің етінен жек көру, иттің баласы, иттен туған, ит адам, ит жыны
келу т.б. мысал бола алады. Сондай – ақ, біреудің тұнығын лайлап, адалын
арамдап жүрген тоғышар адамдар сүтке тиген ұры итпен ассоциацияланады.
Мінезі нашар адамның прототиптік образы ретінде ит алынып, ит
мінезді аталса, әлсізге әлімжеттік қылатын адам туралы да ит (таз) ашуын
тырнадан алады дейді. Сол сияқты, бет – аузын, басын, шашын қайта – қайта
сипап, сәнденіп әлекке түсетін сәнқойлардың қылығы жарасын жалаған итпен
салыстырылады. Ал, өзінің мықты тірегіне, күшті туыстарына сеніп, шүйкедей
бойына қарамай, түйедей адамдарға жұдырық жұмсайтын оспадар мінезді, шолақ
ақылды тентек адамның қылық – әрекеті түйеге жармасқан иттің әрекетімен
ассоциацияланады [11.476]. Оған қоса, итке тұмар жараспас деп оны
келемеждеп де отырған.
Мысықтың өмірде қандайда бір жағымсыз, ойсыз әрекеттерге барарда көз
жұма қарап ұрынып жататын кездердің кездесетіні қаншалықты шындық болса,
ұрының тамағын тойдыруды ғана мақсат тұтатындығын, ессіз хайуанның марғау
тірлігін халық қалт жібермей жағымсыз мәнде қолданатынын the cat shuts its
eyes when stealing cream деген мақал арқылы көрсеткен. Яғни, мысық қаймақ
ұрлағанда, көзін жұмады. Бұл мақал өз қателігі мен кінәсіне көз жұма
қарайтын адамдардың әрекетін сипаттау үшін ағылшындардың оларды мысықпен
ассоциацияланайтынын көрсетеді.
Арам пиғылды, тілеуі жаман қара ниет адам қазақтардың танымында қара
мысықпен ассоциацияланады. Осыған байланысты тілімізде мысық тілеу тіркесі
қолданылады. ″– Ах, – деді. Ертеңіне Зоридаш өлі бала туды. Кемпір: –
Мысық тілеу жетті ғой түбіне қайтейін! – деп, маңдайын тоқпақтады″ (Т.
Әлімқұлов).
Ағылшындардың танымында құпия, сыр мысықтың образымен сипатталады:
a cat in the meal (құпия, сыр), the cat is out of the bag (құпия бәріне
мәлім болды). Мысалы: ″So the cat is out of the bag. The aim of this
scurrilous campaign is to induce the Government to restrict the powers of
the unions, to deny the workers the right to strike, and generally to
weaken confidence in the unions″ (″Daily Worker″, L., Jan.20, 1954).
Екі тілде де есек зоонимі топастықпен, жағымсыздықпен астарласады.
Ағылшын тіліндегі to act the ass (ерсі қылықтар жасау), never bray at an
ass (ақылсыз адаммен байланыспаған жөн) деген жағымсыз мәндегі көзқарастар
бар. Жалпы, ағылшындардың өміріне бір сәт үңілсек, олар есекке қатысты
метафораларды күнделікті өмірде көп қолданады екен. Тіпті, жұмыста немесе
бизнесте істері алға баспай қалған жағдайда ″Ohhhh it’s an ass work″ (есек
жұмыс) дейді. Сондай – ақ, жақтырмаған адамын балағаттағанда да осы бір
жануардың атын атайды екен.
Қазақ тілінде есек ақымақтық пен топастықпен қатар, жуастық (есектен
де жуас), аңқаулық (зәңгі есек) мағынасында жиірек қолданылады. Мысалы:
″Есектен де жуас боп, Қолынан түсті таяғы″ (І. Жансүгіров).
Екі ұлттың танымында қулық, айлакерлік түлкімен ассоциацияланады. Оған
қазақ тіліндегі айлалы түлкі алдырмас, бұлаңдаған қу түлкі, түлкі бұлаң
т.б. нақылдар мысал бола алады.
Түлкі құйрық саясаттың,
Алтыны үшін, наны үшін,
Қасиетті достықтың, мен
Таптамаймын намысын (М. Мақатаев) тәрізді мысал соған дәлел.
Ал, ағылшын тіліндегі when the fox preaches take care of your
geese, set a fox to keep one’s geese, play the fox, old fox ″Has the sly
old fox made his fortune then, and gone to live in a tranquil cot in a
pleasant spot with a distant view of the changing sea?″ said Dick, in great
bewilderment″ (The Old Curiosity Shop) тіркестері жоғарыда айтылған
көзқараспен ұштасады.
Бөрі зоонимінің мазмұнында түрлі ассоциациялық образдар жатыр: бөрі
баласы бөркіңе салсаң да ит болмас; бөрі арығын білдірмес – сыртқа жүнін
қампайтар; "бөрі жоқ" деме – бөрік астында,"жау жоқ" деме – жар астында
т.б. Мысалы: "Демек, бөрі бөрік астында" деген сөз. Қар жауған түнде келуі
осыған айғақ" (Т. Әлімқұлов).
Қасқыр өмірде жағымсыздықпен, жауыздықпен астарласқанмен, кейде
бірге туған ағайындылардың араздасуын дұрыс көрмеген халқымыз: ″Қасқыр да
ұяласына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz