Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Тарау. Түркістан АКСР.гі білім мәселелері
1.1 Мектептік білім беру ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ Тарау. Түркістан АКСР.гі Жоғарғы білім беру және ғылымның дамуы
2.1 Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.2 Ғылым және ғылыми қоғамдардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Еліміз егемендік алып, ұмыт болған тарихымызбен қайта жүздесіп, шынайы тарихи беттер ашылып, ақиқатты баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан тұста, бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған, зерттелуі тым мардымсыз тақырыптардың бірі - Түркістан АКСР тарихы.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен танып білуге, көмескі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
1917 жылдың 7 сәуірінде уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. 1918 жылы сәуір айында РКФСР құрамындағы Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасы құрылды.
Аласапыраны мол асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы шиергіндегі тілі мен діні бір бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекет Түркістан АКСР болды.
Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы ғұмырын Түркістан тарихын түлетуге жұмсады. Олар Түркістан өлкесінде орын алған дүрбелең тұста халыққа пана елге ұйытқы бола білді. Өлкедегі әр түрлі экономикалық әлеуметтік (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым – қуыт қиындықтар мен ауыртпашылықтардан арылудың төте жолы оқу – білімде, халықты сауаттандыруда екенін сезінді, Дүниенің кілті білім, ғылымда жалпақ жаһанның өзге елдермен иек теңестірер күш – қуаты білім, ғылымда екенін ұқты.
Көк байрақты тәуелсіз Қазақ елімізде жылдан – жылға білімге деген сұраныстың артуы рухани дүниенің дамуы жедел қарқын алуда.
Осыған орай 1918-1924 жылдар аралығында өмір сүрген Түркістан АКСР – дегі білім, ғылымның дамуын зерттеп аша түсетін мүмкіндік туып отыр.
ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде білім, ғылым саласы барынша кеңейіп оқу – ағарту саласын дамыту жергілікті халықтар арасындағы әлеуметтік рухани бауырластықты сақтап ары қарай нығайтатын бірден – бір күшті құралға айналды.
Қазақстан тарихы нақты тарихи оқиғаларға құнды зерттеулерге, тарихи фактілерге толы болса, Түркістан АКСР білім, ғылым, оқу – ағарту істері бойынша, зерттеу тым жұтаң, ауыз толтырып айтарлықтай әдебиеттер аз.
Осыған орай Түркістан АКСР – дегі білім, ғылым мәселелерін зерттеу оның көкейкестілігі мен көлеңкелі тұстарын ашу бүгінгі күні өзекті болып табылады. Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып саналатын Түркістан АКСР тарихы зерттеп зерделеуді қажет етеді.
Қазақ АКСР-де жоғарғы оқу орындарын ашу 1926 жылдан кейін жүзеге аса бастаса Түркістан АКСР – де 1918 жылы жоғарғы оқу орындары ашылған.
Аталған мәселелер біздің дипломдық жұмысымызға арқау болды және зерттеудің тарихи рухани саяси маңызы зор.
Дипломдық жұмысының тарихнамасы және зерттелу деңгейі: Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері кеңес авторлары еңбектерінде кеңестік көзқарас тұрғысынан баяндалды.
Сол кеңестік тұста жазылған «Түркістан коммунистік партиясы» еңбегінде коммунистік идея тұрғысында жазылды. Егемендік алған соң Түркістан АКСР тарихы хақында О.Қоңыратбаевтың «Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі» еңбегінде Т.Рысқұловтың Түркістан АКСР-ің сауатсыздықты жою,білім беру,ғылым саласында жасалған жұмыстары. Х.Әбжановтың «Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт» атты еңбегінде тұңғыш Қазақ ағарту институты және онда білім берген қазақ зиялылары хақында айтылады. Сондай-а 1973 жылы Өзбекстан республикасынан шыққан «Культурное строительство в Туркестанской АССР»сборник документов» атты архив құжаттарының топтамасында Түркістан АКСР-гі білім берудегі тарихи құжаттар берілді.
Кейінгі кезде түрлі зерттеу мақалалары мен ғылыми монографиялар Түркістан АКСР-ің тарихын тереңнен тануға теңізге құйған тамшыдай болса да өз үлесін қосуда. Түркістан АКСР-дегі оқу білім саласын қазақтың біртуар азаматтары Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, Н.Төреқұлов, Х.Досмухамедов, С.Қожанов,С.Асфендияров сынды тұлғалар барынша дамыта түсті.Осы тұлғаларымыздын еңбегінде Түркістан АКСР білім мәселесіне қатысты деректер кездеседі
Ата дәстүр, ислам құндылықтарын, әлем әдебиеті мен мәдениетін бойына сіңірген елім деп еңіреген ел тұлғалары білім мен ғылымды дамытуда әлемнің озық үлгісі һәм жүйесімен дамытуды қалады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Аласапыран оқиғаларға толы, қарама – қайшылықтар, болашаққа деген мол тынысты құлшыныстар мен асау ағыстар жиынтығына айналған ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде түркі халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан АКСР-ғы маңызды этносты құрайтын қазақ халқының сауаттылығын, білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарды зерделеу. Сонымен қатар білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарының халықтардың әлеуметтік, әлеуметтік – саяси өміріндегі алатын орны мен даму жолын (тетігін) ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылып отыр.
- Мектептік білім беру жүйесінің дамуына ғылыми баға беру.
- Орта арнаулы оқу орындарының қоғамға тигізген прогрессивті ықпалын көрсету.
- Жоғарғы оқу орындарының ерекшеліктері мен кадр даярлау қызметін баяндау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Әбжанов Х.М. Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт. Астана – 2007.
2. Қоңыратбаев О.Ә. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі. Алматы 1994.
3. Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы» шымкент келбеті. 2001. №30.
4. Досмұхамедов Х. «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. № 2 1922.
5. Әбжанов Х.М., Гуревич Л.Я.. Интеллигенция Казахстана: История, Теория, современность. Алматы, 1992.
6. Культурное строительство в Туркестанской АССР» (1917-1924) Сборник документов том І. Ташкент, 1973.
7. Нүрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
8. Пірманов Ә., Қапаева А. Қазақ интеллигенциясы. Алматы, 1997.
9. Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против интеллигенций. Алматы, 1992.
10. Тілеуқұлов Г.С. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. Ташкент, 2000.
11. Турсунов Ж. Национальная политика коммунистической партий в Туркестане. Ташкент, 1971.
12. Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 том. Алматы, 1977.
13. Глинин Г. «Деятельность Отдела Профессионально – технического образования при Турнаркомпросе». «Наука и Просвещение»Ташкент 1922 № 2. октябрь-декабрь.
14. Черняевский Е. «Деятельность Государственного ученого совета» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2. октябрь-декабрь.
15. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? Алматы, 1993.
16. Тілеуқұлов Г.С., Қосанбаева С.Қ. Алғашқы бастама жемістері.Ташкент, 2001.
17. Нүрпейісов К. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы, 1996.
18. Байтасов Ғ. «Ташкенттегі Қазақ-Қырғыз институты туралы» Шолпан журналы 1923 №2.
19. Бюллетень и постановление ХІ Все Туркестанского съезда совет от 2 по 6 декабря 1922 г. 1922 Бюллетень № 4.
20. Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы» Алматы, 1999.
21. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997.
22. Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі және Қазақ АКСР – нің территориясының тұтастығы мәселесі Автореферат. Түркістан, 2002
23. Қожекиев Т. Көк сенгірлер. Алматы, 1992.
24. Жүгенбаева Г.С. М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі (1879 – 1938) Автореферат. Алматы, 1999.
25. Зарубин И.И. Список народности Туркестанского края. Ленинград, 1925.
26. Қазыбек Н., Маймақов Ғ. Құпия кеңестер. Алматы, 1999.
27. Шілдебай С. Түркішілдік және Қазақстандағы Ұлт - азаттық қозғалыс. Алматы 2002.
28. Әлмашұлы Ж., Сұлтанбек Қожанов. Алматы, 2000
29. Баймырза Хайт Түркістан Ресей мен Қытай аралығында // Ақиқат №6 1999.
30. Қожакиев Т. Жыл құстары. Алматы, 1991.
31. Бексайын Қ. Арыстардың ақ жолы //Ақиқат №7 2000
32. Қойгелдиев М. Қазақ ұлт – азаттық қозғалыс 4 том. Астана 2007
33. Шоқай М. Таңдамалы 2 том. Алматы, 1999
34. Кәнкен А. Саяси қуғын – сүргін: Советтердің жазалауы қалай жүзеге асырылды? Түркістан, 1997
35. Қойшыбаев Б. Жіктеу //Жұлдыз №2 2008

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері:
(1918-1924 жж.)

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау. Түркістан АКСР-гі білім мәселелері
1.1 Мектептік білім беру
ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...8
1.2 Орта арнаулы білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ Тарау. Түркістан АКСР-гі Жоғарғы білім беру және ғылымның дамуы
2.1 Жоғарғы оқу орындары және олардың
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.2 Ғылым және ғылыми қоғамдардың
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Сілтемелер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .68
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75

Адамды адаммен
теңестіретін күш - білім
М.Әуезов
Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Еліміз егемендік алып, ұмыт болған
тарихымызбен қайта жүздесіп, шынайы тарихи беттер ашылып, ақиқатты
баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа
ұрпақ жетіліп келіп жатқан тұста, бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың
талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп
бұрмалаушылыққа ұшыраған, зерттелуі тым мардымсыз тақырыптардың бірі -
Түркістан АКСР тарихы.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен
танып білуге, көмескі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
1917 жылдың 7 сәуірінде уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды.
1918 жылы сәуір айында РКФСР құрамындағы Түркістан автономиялы кеңестік
социалистік республикасы құрылды.
Аласапыраны мол асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы шиергіндегі
тілі мен діні бір бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекет Түркістан АКСР
болды.
Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы
ғұмырын Түркістан тарихын түлетуге жұмсады. Олар Түркістан өлкесінде орын
алған дүрбелең тұста халыққа пана елге ұйытқы бола білді. Өлкедегі әр түрлі
экономикалық әлеуметтік (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым –
қуыт қиындықтар мен ауыртпашылықтардан арылудың төте жолы оқу – білімде,
халықты сауаттандыруда екенін сезінді, Дүниенің кілті білім, ғылымда
жалпақ жаһанның өзге елдермен иек теңестірер күш – қуаты білім, ғылымда
екенін ұқты.
Көк байрақты тәуелсіз Қазақ елімізде жылдан – жылға білімге деген
сұраныстың артуы рухани дүниенің дамуы жедел қарқын алуда.
Осыған орай 1918-1924 жылдар аралығында өмір сүрген Түркістан АКСР –
дегі білім, ғылымның дамуын зерттеп аша түсетін мүмкіндік туып отыр.
ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде білім, ғылым саласы барынша
кеңейіп оқу – ағарту саласын дамыту жергілікті халықтар арасындағы
әлеуметтік рухани бауырластықты сақтап ары қарай нығайтатын бірден – бір
күшті құралға айналды.
Қазақстан тарихы нақты тарихи оқиғаларға құнды зерттеулерге, тарихи
фактілерге толы болса, Түркістан АКСР білім, ғылым, оқу – ағарту істері
бойынша, зерттеу тым жұтаң, ауыз толтырып айтарлықтай әдебиеттер аз.
Осыған орай Түркістан АКСР – дегі білім, ғылым мәселелерін зерттеу
оның көкейкестілігі мен көлеңкелі тұстарын ашу бүгінгі күні өзекті болып
табылады. Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып саналатын Түркістан
АКСР тарихы зерттеп зерделеуді қажет етеді.
Қазақ АКСР-де жоғарғы оқу орындарын ашу 1926 жылдан кейін жүзеге аса
бастаса Түркістан АКСР – де 1918 жылы жоғарғы оқу орындары ашылған.
Аталған мәселелер біздің дипломдық жұмысымызға арқау болды және
зерттеудің тарихи рухани саяси маңызы зор.
Дипломдық жұмысының тарихнамасы және зерттелу деңгейі: Түркістан АКСР
білім, ғылым мәселелері кеңес авторлары еңбектерінде кеңестік көзқарас
тұрғысынан баяндалды.
Сол кеңестік тұста жазылған Түркістан коммунистік партиясы
еңбегінде коммунистік идея тұрғысында жазылды. Егемендік алған соң
Түркістан АКСР тарихы хақында О.Қоңыратбаевтың Т.Рысқұловтың қоғамдық
саяси және мемлекеттік қызметі еңбегінде Т.Рысқұловтың Түркістан АКСР-ің
сауатсыздықты жою,білім беру,ғылым саласында жасалған жұмыстары.
Х.Әбжановтың Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт атты еңбегінде тұңғыш Қазақ
ағарту институты және онда білім берген қазақ зиялылары хақында айтылады.
Сондай-а 1973 жылы Өзбекстан республикасынан шыққан Культурное
строительство в Туркестанской АССРсборник документов атты архив
құжаттарының топтамасында Түркістан АКСР-гі білім берудегі тарихи құжаттар
берілді.
Кейінгі кезде түрлі зерттеу мақалалары мен ғылыми монографиялар
Түркістан АКСР-ің тарихын тереңнен тануға теңізге құйған тамшыдай болса да
өз үлесін қосуда. Түркістан АКСР-дегі оқу білім саласын қазақтың біртуар
азаматтары Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, Н.Төреқұлов, Х.Досмухамедов,
С.Қожанов,С.Асфендияров сынды тұлғалар барынша дамыта түсті.Осы
тұлғаларымыздын еңбегінде Түркістан АКСР білім мәселесіне қатысты деректер
кездеседі
Ата дәстүр, ислам құндылықтарын, әлем әдебиеті мен мәдениетін бойына
сіңірген елім деп еңіреген ел тұлғалары білім мен ғылымды дамытуда әлемнің
озық үлгісі һәм жүйесімен дамытуды қалады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Аласапыран оқиғаларға толы,
қарама – қайшылықтар, болашаққа деген мол тынысты құлшыныстар мен асау
ағыстар жиынтығына айналған ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде түркі
халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан АКСР-ғы маңызды этносты құрайтын
қазақ халқының сауаттылығын, білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарды
зерделеу. Сонымен қатар білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарының
халықтардың әлеуметтік, әлеуметтік – саяси өміріндегі алатын орны мен даму
жолын (тетігін) ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде
көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау диплом
жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыстың
алдына мынадай міндеттер қойылып отыр.
- Мектептік білім беру жүйесінің дамуына ғылыми баға беру.
- Орта арнаулы оқу орындарының қоғамға тигізген прогрессивті ықпалын
көрсету.
- Жоғарғы оқу орындарының ерекшеліктері мен кадр даярлау қызметін
баяндау.
- Ғылым мен ғылыми қоғамдардың қызметін саралау, талдау жасау.
Диплом жұмысының хронологиялық шегі: Түркістан АКСР-ің 1918 жылы
құрылуы мен 1924 жылы таратылуына дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының 1169 қор Өзбекстан
республикасы мұрағатынан алынған Оңтүстік Қазақстан облысы тарихы туралы
коллекциясынан алынған іс құжаттар,осы уақытқа дейінгі ғылыми айналымға
тартылмай келген баспасөз материалдары, осы тақырыпқа байланысты
әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталынып алынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Нақты деректер негізінде
Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелеріне қатысты материалдар негізінде
заман талабына сай тарихи шындық пен объективті тұрғыдан жан жақты талданып
көрсетілді. Диплом жұмысында мынандай жаңалықтар бар.
- Деректердің ғылыми айналымға тартылуы негізінде Түркістан АКСР
білім, ғылым мәселелері дәйекті түрде баяндалады.
- Түркістан АКСР-гі қазақ халқының ұлттық оқу жүйесін қалыптастыруға
жасалған әрекеті мектептік білім беру жүйесі, орта арнаулы оқу
орныдары, Жоғарғы оқу орындары жүйесін жасау жолындағы әрекеттері
айтылады.
- Ғылыми орталықтардың құрылуы,дамуы, ғылым саласындағы алғашқы
баспалдақтар мен ғылымның қоғамға берген жұмыстары мен жемістері
хақында баяндалады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының
методологиясы,объективтілік,тарихил ық жүйелілік және сабақтастық сияқты
ғылыми танымға негізделген. Сондай-ақ Түркістан АКСР білім, ғылым
мәселелерін мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі
жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Түркістан АКСР-ғы білім, ғылым
мәселелері Түркістан АКСР оқу – ағартушылық тарихына байланысты зерттелген
еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Диплом жұмысындағы материалдар
жоғарғы оқу орындарында оқылатын курстар мен семинар сабақтарында
пайдалануға болады.
Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплом жұмысы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
ШИ Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде
талқыланып, студенттердің ғылыми конференциясында баяндалды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден екі тараудан
қорытындыдан,сілтемелер тізімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалар тізімінен тұрады.

І Тарау. Түркістан АКСР білім мәселелері
1.1 Мектептік білім беру жүйесі.

Кеңестердің бүкіл Ресейлік үшінші съезінде қабылдаған (1918 жыл,
қаңтар) Еңбекші және қаналушы халық құқықтарының декларациясында
Советтік Россия республикасы ерікті ұлттардың ерікті одағы негізінде
Советтік ұлт республикаларының федерациясы ретінде құралады делінді.
Кеңестік тұрпаттағы тұңғыш көп ұлтты мемлекет – РКФСР –дің құрылуы Кеңестік
республикалардың дүниеге келуіне жағдай жасады.
1918 жылдың 30 сәуірінде кеңестер съезі РКФСР –дің құрамына кіретін
Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы қаулы қабылдады
[1].Түркістан АКСР-ің құрамына Өзбек,Түркімен,Қырғыз республиксы және
Қазақстан республикасының Алматы,Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда
облыстары енді. Бұхара мен Хиуаны қоспағанда құрамына бұрынғы бүкіл
Түркістан өлкесінің аумағы кіретін, Түркістан АКСР туралы ережені бекітті
[2].
Түркістан АКСР-ің халқының саны 7 668 мың адамды құрады олардың
ішінде 35,77% өзбектер, 44,76% қазақтар мен қырғыздар, 6,73 % тәжіктер,
4,98 % түркімендер, 3,75 қарақалпақтар, 2,15 % т.б. ұлттар құрады.
Түркістан АКСР құрылғаннан соң халыққа білім беру, сауаттандыру
мәселесі көтеріліп РКФСР халық ағарту комиссары Лунчарскийдің № 55
бұйрығымен және Түркістан АКСР ХКК төрағасы Ф.Колесовтың келісімімен 1918
жылдың 23 наурызында №5 бұйрықпен Түркістан өлкесінде өлкелік халыққа білім
беру кеңесін құру туралы шешімі шығады [3].
Патша үкіметі құлатылғанға дейін Түркістан өлкесінде мектеп ісі
қоғамдық өмір отаршылдық саясаттың шекпенінен шыға алмады..
Түркістан АКСР құрылғаннан соң бұрынғы мектептерді қайта бейімдеу,
мектептік білім беру жүйесін қалыптастыру жүзеге аса бастайды. Ешбір
қиындықтарға қарамастан мектептік білім беру бағдарламасы жасалынады.
Осыған орай Түркістан АКСР өлкелік білім беру кеңесі 1918 жылдың
маусым айында Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариаты болып құрылады.
1918 жылдың 29 маусымында Түркістан АКСР-гі барлық деңгейдегі
мектептерде 1918-1919 оқу жылында тегін білім беруді қамтамасыз ету туралы
№ 11 Түркістан АКСР халық оқу – ағарту комиссары Успенскийдің шешімі
шығады [4].
Осы уақытқа дейінгі мектептердегі оқу бағдарламсына өзгеріс енгізіліп
осы өзгеріске сәйкес мектептік білім беру оқыту жергілікті халықтардың өз
ана тілінде жүргізілді.
Ұлттық мектептерде оқыту мен мектептер ашу бірқатар қиындықтар
туғызды. Түркістан өлкесінде мектеп ашу білім беру ісі көшпелі жергілікті
халықты тарту мәселесі үлкен ұмтылыспен жүргізілді.
Жаппай білім беру негіздемесіне сәйкес мектептерде оқыту жылдық
бағдарламаға сәйкес 3 категорияға бөлінді:
1. Мектептерде білім беру 1 қыркүйектен маусым айының 1 жұлдызы
аралығын қамтыды.
2. 1 маусымнан шілде айының 1 жұлдызына дейінгі аралық ашық аспан
астында саяхат жүргізе отырып, табиғатты танып білуге арналған
сабақтар жүргізілді.
3. Демалысқа шығу күндері: Жазғы демалыс 1 шілдеден қыркүйек
айының 1 жұлдызына дейінгі аралықта болса.
Қысқа демалыс 23 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығы, көктемгі демалыс
сәуір айының 1-14 жұлдызы аралығын қамтитын болып бекітілді.
Мектепте 6 күн сабақ берсе 7-ші күні оқу – саяхаттарына кітап оқуға
шақырылды.
І сатылы мектептерде алғашқы үш жыл оқу бағдарламасына сәйкес
күнделікті сабақ 4 сағаттан аспауы тиіс болса, қалған екі жылда 5-6 сағатқа
дейін оқыту жүйесі іске асырылды.
Мектептерде қандайда бір жаза қолдануға тиым салынды.
Мектептердегі сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне орай бөлініп отырды.
Барлық мектептерде міндетті түрде бір мезгіл ыстық тамақ беру
Міндетті дәрігерлер бақылауында ұстау
Мектепке қабылдағанда оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу сияқты
міндеттемелер жүктелді.
Түркістан АКСР халық ағарту комиссариатының қарары бойынша және
Түркістан мектептерінің құрылымдық жағдайы бағдарламасына сәйкес бұрынғы
шіркеулік, орыс – еврей мектептері таратылып оның орнына 1 сатылы мектептер
құрылса, бұрынғы училище, гимназиялар орнына 2 сатылы мектептер ашылды.
Мектептерде еңбектік тәрбие беруге назар аударылды.
1918 жылдың 25 қазан айынан бастап АКСР территориясындағы бұрынғы жеке
меншік мектептерді барлық құрал жабдықтары мен мемлекет меншігіне алу
туралы шешім шығады.
Түркістан АКСР-гі қаржылық қиындықтарға қармастан мектептердің
күнделікті қажеттері кітап оқулықтар, қалам, қағаз, парталармен және
мектеп оқу ғимараттарымен қамтамасыз ету басты назар аударылды.
1920 жылы Түркістан АКСР – де 1-ші сатылы 2290 мектеп болса оның 1078-
і ұлттық мектеп 1212 –і аралас мектептер болды. Ұлттық мектептерде 198 800
оқушы оқыса аралас мектептерде 221 000 мың оқушы білім алды. 2- ші сатылы
мектеп саны 98 болса, жергілікті халықтардың тілінде оқытатын ұлттық мектеп
саны 8 болды( 5(. Осындай көлемде жұмыстардың арқасында Республикада
жаңа мектептер ашуға жол ашылды.
Мектептерді қажетті құралдармен жабдықтау оқушыларға қажетті
күнделікті пайдаланылатын заттарын тауып беру жұмыстары көптеген
көзбояушылықтарға салынып мектепке бөлінген қажетті заттарды жолдан ұстап
қалу, өздерінің бас пайдасына жарату да көрініс берді.Облыстық, уездік оқу
– ағарту комиссариаттары қатаң бақылаулар орнатып мектептің керекті
жабдықтарымен қамтамасыз етілуіне бақылау жасады.
Қатаң бақылаудың арқасында мектептердің қажетті құрал – жабдықтары
орынды жеткізілуін отырды.
1921 жылы Түркістан АКСР – де мектептік жүйені қатаң бақылауға алып
білім сапасын арттыру жұмыстары жүргізілді.
1921 жылы жергілікті халықтардың тілінде оқытатын Ұлттық мектептер
мен аралас мектептер саны мынадай болды.
1-ші сатылы мектептер: Жергілікті мектептер – 1078, мектеп
қызметкерлері 5 мың, оқушы саны 198 800. Аралас мектеп – 1212, мектеп
қызметкерлері 4 мың, оқушылар саны - 221200.
2-ші сатылы мектептер: Жергілікті мектептер – 8, мектеп
қызметкерлері – 142, оқушы саны 1260. Аралас мектептер – 70, мектеп
қызметкерлері -1009, оқушылар саны 9370.
Мектеп – интернаттар: Жергілікті интернаттар 67, жетекшілер саны –
200, оқушылар саны 11 376. Аралас мектеп – интернаттар 102 – жетекшілер
саны 205, оқушылар саны 9576 [6].
1921 жылы Жетісу облысы бойынша мектеп – интернаттардың саны өсті.
Верный қаласында 10 мектеп – интернат, 1599 оқушы тәрбиеленушілер болса.
Аулие–ата қаласында мектеп–интернат саны 7, оқушы – тәрбиеленушілер
саны 678. Пішпек қаласында 2 мектеп интернат, 370 оқушы тәрбиеленушілер
болса.
Пржевальск қаласында мектеп – интернат саны 2,оқушы – тәрбиеленушілер
саны 157 құрады [7].
Сыр – дария облысы бойынша мектеп интернаттар саны Ташкент қаласы
бойына 22 мектеп интернат болса, тәрбиеленушілер саны 2144 оқушыны құрады.
Арыс бекетінде 1 интернат, 65 оқушы болса, Перевск уезінде 2 интернат
343 оқушы, Арал уезінде 3 мектеп – интернат, 179 оқушы Жаңа – Қазалы
қаласында 1 интернат 120 оқушы Хилкова бекетінде 1 мектеп интернат 102
оқушы болды [10].
1920 жылы Жетісу облысында 222 мектептер жұмыс жасады, мектептердің
оқу ғимараттарының жетіспеуіне байланысты Нарын уезінде кейбір сыныптарда
сабақтар қосылып оқытылды.
Қапал уезіндегі мектептерге жіберілген оқу құралдары атап айтсақ,
А.Байтұрсыновтың Ана тілі Х.Досмухамедовтың Табиғаттану И.Тоқтыбаевтың
Түркістан географиясы сынды кітаптары жетпеген, Қапал уезіндегі № 3, № 6
мектептерде әскери қақтығыстың салдарынан оқу ғимараттары жарамсыз болып
қолда бар кітаптар, мектептің түрлі әдістемелік оқу құралдары отқа оранып
жанып кеткен.
Көшпелі халықтардың арасындағы білім беру ісі өте баяу жүргізілді.
Көшпелі халықтардың арасында білім алуға құштарлы оқушыларды тарту
жұмыстарды әскери қақтығыс салдарынан тоқтап қалған.
Жетісу облысындағы түрік мектептерінің саны 100-ге жуық болса ондағы
білім алып жатқан оқушылардың жалпы саны 11 мың адамды құрайды.
Түрік мектептерінің білім беру жағдайы мүлдем нашар, түрлі Жетісудағы
әскери қақтығыс салдарынан білім алушылар, білім беруші мұғалімдер де
сескеніп қалған.
Білім берудің тағы бір солқылдақ тұсы мұғалімдердің өздерінің білім 2-
3 кластық қана. Мұнда яғни облыста әлі 112 мектеп ашу көзделсе сабақ
беретін мұғалімдердің жетімсіздігі қолбайлау болып отырғандығы байқалады.
Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариаты жіберуге тиісті мұғалімдер
келмеген осыған орай Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары В.П.Билик Жетісу
облысында болып осы олқылықтарды шешу үшін жиналыс өткізген.
Жетісу облысы Жаркент уезінде 1920 жылы 48 мектеп болса 36 мектеп
ауылдарда қалғаны қалада шоғырланған және 24 мұсылман мектептері жұмыс
жасауда Жаркент уезінде мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты Жаркент
қаласындағы ІІ сатылы № 1 мектеп жабылған. Бантугеевка, Голубевка, Жалаңаш,
Смутов, Богословка ауылындағы І сатылы мектептер Қапал уезінен жіберілген
мұғалімдердің арқасында жабылудан аман қалған Жаркент қаласындағы № 5
татар мектебінің жабылуы мектепке қажетті құралдарының жетіспеуі және
білікті мұғалімдердің Верный қаласына ауыстырылуы салдарынан болған.
Воздиженская, Бурхан, Нижегородская, Красноярская, Аралтөбе
ауылдарында қыздарға арналған мектептер өз жемісін бере бастады мұнда
білім берумен қатар қолөнер, еңбекке баулу сияқты сабақтар жүргізіліп
қыздар түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға машықтанды.
Жетісу облысындағы бастауыш жеті жылдық мектептер мен онжылдық орта
мектептерде әр түрлі пәндердің түрлі салаларын тереңдетіп оқыту жүргізілді.
Бұл оқыту 1918 жылдың 12 қыркүйегіндегі Түркістан АКСР оқу – ағарту
комиссары Успенскийдің Бастауыш жеті жылдық және орта мектептерде
пәндердің салаларын тереңдетіп оқыту туралы [8] және 1920 жылы Түркістан
АКСР оқу – ағарту комиссары Биликтің Бастауыш мектептер мен орта
мектептерде жалпы оқытылатын пәндерді салалары бойынша тереңдетіп оқыту
туралы [9] шешіміне сәйкес бастауыш жеті жылдық мектептерде математика пәні
бойынша арифметика және алгебра, элементарлы геометрия, тригонометрия
анлитикалық геометрия салаларын тереңнен оқытуға Химия пәні бойынша –
химияның негізгі заңдарын химиялық анализ бен синтездеудің негізгі заңдарын
Жаратылыстану пәні бойынша неорганикалық және органикалық (өсімдіктер және
жануарлар) әдебиет пәні бойынша бұрынғы және Жаңа әлемдік әдебиеттерді
мәдениеттерді тануға Тарих пәні бойынша ежелгі дүние тарихы, Түркістан
тарихы оқытылады.
Орта мектептерде.
Математика пәні бойынша математикалық анализ, аналитикалық геометрия,
дифференциалды және интегралды көбейту.
Физика пәні бойынша – математикалық физика. Химия пәні бойынша,
органикалық және неорганикалық химия, биологиялық химия Жаратылыстану пәні
бойынша – геология, метерология, ботаника және зоология.
Әдебиет және тіл пәні бойынша тілді үйренудің ерекшеліктері, әдебиет
тарихы, орыс әдебиеті Тарих пәні бойынша – батыс еуропа тарихы (ежелгі,
орта және жаңа заман) Орыс тарихы, Түркістан тарихы. Қоғамтану пәні бойынша
– саяси экономика және оның тарихы, Түркістан экономикасы, әлеуметтану
География пәні бойынша – экономикалық география Ресей және Түркістан
географиясы.
Жаңа тілдер пәні бойынша – жергілікті халықтардың ана тілі, орыс тілі,
неміс тілі, француз тілі, ағылшын тілі салалары басты мәні беріліп
оқытылды.
Сырдария облысы бойынша білім беру мектеп жүйесі барынша айқын
жүргізілді. 1922 жылы Жаңа ташкент қаласында 64 мектеп болса бірінші
сатылы мектеп саны 57 екінші сатылы мектеп саны 7 болды І – ІІ сатылы
мектептерде оқитын оқушылардың саны 15 мың адамды құрады, бірінші сатылы
мектептерде 12344 оқушы екінші сатылы мектептерде 2656 оқушыны құрады, осы
мектептердің ішінде 4 мектеп таза қазақ тілінде оқытатын мектеп еді [10].
Жалпы мектептердегі мұғалімдер саны 970 адамды құрады.
Жаңа Ташкент қаласындағы мектептерде түрлі үйірмелер жұмыс жасап бос
уақыттарын тиімді пайдалануға жағдайлар жасалынған оқушылар түрлі
концерттер спектакльдер ұйымдастырп оқушылар өздерінің арасында жаман
қылықтардан сақтану білімге өнерге ұмтылуды көздейтін түрлі мәдени
тәрбиелік шаралар жасап, өзін - өзі тәрбиелеу жолында игі нәтижелерге
жеткен.
Ескі Ташкент қаласында 1919 жылы 46 мектеп ашылса және 13 мектеп
қыздарға арналып ашылды. Ескі қалада мектеп жасына жеткен 40 мыңға жуық
адам бар осыған қарап отырып бұл мектептердің санын көбейту шаралары
жүргізіліген, қыздарға арналған мектептерді қоса есептегенде 59 мектеп
болса 600-ге жуық мұғалім сабақ берген .
Арыс қаласында таза қазақ тілінде білім беретін 3 мектеп болс, онда
600-ге жуық оқушылар білім алады .
Қазалы қаласында 28 мектепте 1200 оқушы
Перовск қаласында 21 мектепте 1456 оқушы
Арал уезінде 8 мектеп 357 оқушы білім алды [11]. 1923 жылы Сырдария
облыстарындағы мектеп жасындағы адамдардың өсуімен Сырдария облысына
қарайтын қала, уездерде жаңа мектептер ашу көзделді.
Арыс қаласында 3 мектеп,
Қазалы қаласында 4 мектеп,
Перовск қаласында 8 мектеп,
Жаңа Ташкент қаласында 5 мектеп ашу көзделді.
Сырдария облысындағы мектеп жасындағы балалардың саны
Арыс қаласында 284 бала
Қазалы қаласында 1000 бала
Перовск қаласында 2846 бала
Арал қаласында 600 бала
Жалпы Сырдария облысы бойынша 32 мың бала мектеп жасына келген және
мектеп оқушыларды қабылдауға мүмкіншіліктер құрастырылып Сырдария оқу –
ағарту комиссариаты жанынан арнайы комиссиялар құрылды [12].
Түркістан уезінде 23 мектеп болса, оның ішінде 7 мектеп орыс тілінде
оқытты, уезд бойынша 16 жастан 50 жасқа дейінгі білім алушылардың саны 1922
жылы 1500-ге жеткен [13]. Түркістан уездіне қарайтын Шілік, Шолаққорған,
Ескі Иқан, Созақ ауылдарында бастауыш мектептер ашуға Ташкент қаласындағы
педагогикалық училищелерді бітірген мұғалімдерді шақыру көзделген.
1923 жылы 22 маусымда Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің
төрағасы Т.Рысқұлов кәсіптік ауыл шаруашылығы мектептерінің жағдайын
талқылап ондағы білім берудің жүйесімен танысты. Түркістан АКСР-де 6
кәсіптік ауылшаруашылығы мектепбі болса, оның 3-і Жетісу облысында 1-і
Сырдария облысында қалғаны Самарқант, Түркімен облыстарына қарады. Оларда
61 мұғалім сабақ беріп, 497 бала оқыды, оқушылардың негізгі бөлігі
еуропалық халықтардың өкілі болды, яғни 350 еуропалық болса, 88-і қазақтар
болатын. Талқылау барысында Т.Рысқұлов былай дейді: ауыл шаруашылық
мектептер туралы мәселе біз үшін өте маңызды, егер біз оқу – ағарту
жұмыстарын жақсартқымыз келсе, онда техникалық оның ішінде ауылшарушылық
біліміне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Мен Жетісу облысындағы ауыл шарушылық мектептерінің жағдайын жақсы
білемін, олардың қарамағындағы жеткілікті қөлемде мал, ірі жер бөліктері
бау-бақша егістік және т.б. бар. Олардан алынған табыс аталған мектептерді
қамтамасыз етуге жұмсалады, кейбір мектептерді осындай өзін - өзі
қамтамасыз етуге бейімдеу қажет, сонда ғана мектептер мұқтаждықтан құтылып
өздерін-өзі қаржылық жағдаймен нығайта алады [14].
1923-24 жылдары республикада түрліше ұлттық 1032 мектеп жұмыс істеді,
оларды 85.912 оқушы оқыды, республикадағы мектеп оқушыларының 90%
жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Басты назар ауыл мектептерін
дамытуға аударылды.
1923 жылы 23 қарашада Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен Халық
ағарту ісіне көмектесу бюросы құрылып, оған тікелей Т.Рысқұлов басшылық
етті.
Түркістан өлкесінде 1918 жылдан 1924 жылы аралығында жүргізілген
мектептік білім беру жүйесі үлкен жемісін берді. Республика халқының 63,7%
сауаттылығы осының айғағы еді [15]. Мектептердегі түрліше қиындықтарға
қарамастан АКСР-көлемінде жыл сайынғы білім көрсеткіштері мынадай болды.
1918 жылы республикада 3873 оқушы білім алса
1920 жылы бұл көрсеткіш 98,656 оқушыны құрады
1921-22 жылы мектеп оқушыларының саны 123756
1923-24 жылы жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылар 165-122
адамды қамтыды [16].
Осы мәліметтерге сүйене отырып, Түркістан АКСР мектептік білім беру
ісінде орасан зор тарихи істердің жасалғандығы айқын көзге ұрып тұр. Бұл
жетістікке жетуде Түркістан АКСР -гі мекендейтін түркі халықтарының
білімге деген құштарлығын көрсетеді.
Көріп отырғанымыздай Түркістан өлкесінде мектептік жүйені
қалыптастыру ұлкен жұмыстардың арқасында жүзеге асырылды.Түркістан АКСР-де
метептік жүйені қалыптастыру,халыққа білім беру Түркістан АКСР-іңҮкіметінің
зор күш-жігер жұмсауына қарамайақ,республикада оқу-ағарту саласының жағдайы
аса ауыр халде қала берді.Жетім балаларга ұйымдастырылған мектеп-
интернаттарының жағдайы тым мұшкіл еді.Оқу құралдары,киім-кешек,жатын
орндарының жетіспеуі мен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі
де шешімін таппас күрделі ахуалға айналды.Кейбір аймақтарда мектеп ашу ісі
құр ұрандатушылықтың жетегінде кеткендігі байқалады.Осындай қиын қыстау
заманда №2мектеп-интернатындағы жетім қазақ балаларының игілігіне берілген
киім-кешектерді өз тусқандарына бөліп берген Ершин сияқты интернат
меңгерушілері сол кездегі қоғамның бет бейнесін көрсетеді.Осындай
қиындықтарға қарамастан Т.Рысқұлов бастаған Халық комиссарлары кеңесі оқу
ағарту ісін халық игілігі үшін ерекше күш жігермен дамытты.

1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі

Түркістан АКСР -гі мектептердің саны өсуіне байланысты мұнда білім
беретін мұғалімдерге деген сұраныстың артуын ескерген Түркістан АКСР оқу-
ағарту комиссариаты 1918 жылдың 10 шілдесінде Қысқартылған, жедел оқытатын
тегін педагогикалық курстар құру туралы шешімі шығады [17].
Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссариатының жанынан курстарды құру
жөнінде комиссия құрылып ол комиссияға А.В.Попова, Н.А.Меркулович,
С.Ш.Абдусаттаров, Г.Н.Черданцев сынды азаматтар мүше болып комиссия
төрағасы оқу – ағарту комиссары Успенский болып бекітілді.
Комиссия курстардың жалпы ережесін бекітті
1. Тегін білім беру.
2. Курстар 15 шілдеден бастап 6 айлық білім беруді қамтамасыз ету.
3. Курстағы сабақты 2 күн жіберіп алғандарды курстан шығару.
Курстардағы сабақ өту мына бағдарлама бойынша жүзеге асты.
Іс – тәжірибиелік сабақтар
1. Экспериментальды педагогика
2. Орыс тілі
3. Химия және физика
4. Жаратылыстану
5. География
6. Эксперименталды психология және логика
7. Математика
8. Шет тілдерін оқыту
9. Графикалық өнер және ән айту
10. Еңбекке баулу
11. Мектепке дейінгі тәрбие беру
12. Тәрбиесі нашар балалармен жұмыс жүргізу
13. Ойлау Балалардың ойлау, адамгершілік, ерік тәрбиесі
Оқытылатын пәндер бойынша:
1. Социология
2. Социализм және саяси экономиканың қысқаша курсы
3. Мәденет тарихы
4. Бүкіл әлем тарихы
5. Социолизм тарихы
6. Саяси партиялар
7. Орыс әдебиеті
8. Түркістанның жаратылыстану тарихы
9. Математиканы оқытудың жаңа әдістері
10. Әдеп
11. Гигиенаның қысқаша курсы
Қосымша пәндер:
1. Еуропадағы революциялық қозғалыс тарихы
2. Достоевскийдің, Л.Толстойдың дүниетанымы
3. Кеңес үкіметінің идеялары
4. Эволюциялық теория
5. Жалпы химия
6. Физиканың жалпы заңы
7. Түркістан экономикасы(18(
Аталмыш білім беретін пәндер АКСР-де құрылған барлық педагогикалық
курстарда оқытылуға тиісті болды.
Түркістан АКСР көлемінде ұйымдастырылған педагогикалық курстар 1920
жылы өзіндік мұғалімдер даярлап шығаруға үлкен үлестер қосты.
1920 жылы Ташкенттегі қазақ педагогикалық курсын 93 адам, өзбек
курсындада 144 адам, Әндіжандағы еуропалық курстарда 42 адам, Қазалыдағы
курстарда 100 адам, Верныйдағы қазақ курстарында 45, орыс курстарында 39
адам, Шымкенттегі педагогикалық курстарда 122 адам бітіріп шықты. Ташкент
қаласындағы қазақ педагогикалық курсында оқыған 223 адамның ішінде 24 оқушы
ең үздік деп танылып Сырдария, Жетісу облыстарында мұғалімдік қызметке
жіберілді.
Педагогикалық курстарды бітіргендердің барлығы бірдей педагогикалық
талаптарға жауап бере алмады және ІІ сатылы мектептерде сабақ беретін
мұғалімдер жетіспеушілігі сезіліп тұрды.
1920 19 ақпанында ІІ – сатылы мектептерге мұғалімдер даярлау үшін
курстарда 6 айдан – 12 айға шейін оқыту туралы, Түркістан АКСР оқу-
ағарту комиссарының міндетін атқарушы Биликтің шешімі шықты [19].
Осыған орай жазғы демалыста Жаздық педагогикалық курстар ашу көзделді,
аталмыш курстар жергілікті түркі халықтарының сұраныстарын қанағаттандыру
мақсатында Жаздық педагогикалық курстар жергілікті түркі халықтарының ана
тілінде білім беретін болды.
1918 жылы 4 қазанда Түркістан АКСР-де тұңғыш педагогикалық училище
ашылады. Училище жеті жылдық және орта мектептерде мұғалімдер даярлау
мақсатында құрылып, 3 жыл білім бере отырып, 16 жасқа толған қыз, ер
балаларды қабылдады.
1919 жылы қыз келіншектердің арасында мұғалімдерді даярлау мақсатында
Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссары С.Ш.Абдісаттаровтың Түрік қыздар
педагогикалық училищесін құру туралы шешімі шығады [20].
Түркістан қыздар педагогикалық училищесіне 13 жастан асқан қыз –
келіншектер қабылданды. Аталмыш орта арнаулы оқу орны Түркістан
өлксесіндегі ең маңызды оқу орны болып танылды және Түркістан өлкесіндегі
қыз келіншектер арасындағы сауаттылықты көтеруге стратегиялық мұғалімдер
даярлауда елеулі үлес қосуға бағытталды. Қыздар училищесін бітірген
мұғалімдер мұсылман әйелдерінің арасында білім беруге жіберіліп отырды және
Түркістан қыздар педагогикалық училищені бітірген қыздар 3 жыл бойы оқу –
ағарту комиссары жіберген жаққа мұғалім болып баруға тиісті болды.
1919 жылдың 24 сәуірде Самарқанд қаласында жергілікті мұсылман әйел
мұғалімдерді даярлау курстары ашылды [21]. Жергілікті мектептерде
мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында дайындық курстары ашылып,
түркі мектептерінде білімді оқушылар шығаруға бағытталды.
1920жылы 1 наурызында ашылған бұл курста мынандай пәндер оқытылды.
1. Педагогика және физиологиялық даму ерекшеліктері.
2. Жас ерекшелік психология
3. Мектепте еңбек сабағын оқытудың әдістері
4. Мәдениет тарихы
5. Мектеп гигенасы
6. Мектеп ережелері
7. Азаматтарды сауаттандыру
8. Түркістан экономикасы
9. Түркістан географиясы
10. Түркістан тарихы
Курста мерекелік күндерден басқа уақыттың барлығында күніне 6 сағат
білім берілді, яғни 6 айда 900 сағат білім бере отырып, жедел әрі білімді,
білікті кадрлар даярланды. Осы курсты алғашқылардың бірі болып бітірген
Ш.Белгібаев кейін Сырдария облысы оқу ағарту комиссариатының білікті маманы
болып қызмет атқарды [22].
Курстың алдына қойған басты талабы ең мықты түркі мұғалімдерін даярлап
шығару болды, өйткені Түркістан АКСР-ің басым көпшілігін құрайтын халықтар
ретінде білімділік аса маңызды болғаны белгілі.
1918 жылы 13 қыркүйекте Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссары
қарарымен бұрынғы әскери гимназия мекен жайында орыс педагогика
училищесінің жанынан қазақ педагогика курсы ұйымдастырылды, бұл курста
оқытушылар дайындау мақсатымен 1918 жылдың қыркүйегінен 1919 жылдың
маусымына дейінгі мұғалімдер даярланды. Қазақ педагогика курсының оқу
жоспарын бағдарламасын түзетуде және Жалпы ұйымдастыру жұмысына тікелей
көмек көрсеткен Тұрар Рысқұловтың шақыруымен Ферғана облысындағы қызметін
тастап Ташкентке келген Нәзір Төреқұлов болды. Оның басшылығымен педагогика
курсының негізі қаланды.
Оқу ісіне жетекшілік қылған және орыс тілінен сабақ берген Иса
Тоқтыбаев еді. Алғашқы оқытушылары: С.Қожанов ана тілінен Тәңірходжа
Ходжанов тарихтан, Хамриддин Болғанбаев география және биологиядан, Фазыл
Култаев математикадан, Егемберді Тоғамбаев дене шынықтырудан, Райхан Лапина
бейнелеуден, Джагфар Лапин тәрбиеші, Ш.Сарыбаев ана тілінен сабақ берді.
Олардың көпшілігі көп жылдық оқытушылық тәжірибеге ие болған, жастарға
білім мен өнегелі тәрбие беріп келе жатқан педагогтар еді. Бұл алғашқы
қазақ педагогика ұясына Түркістанның барлық жерінен оқуға ынталы жастар
келе бастады.
Сырдария облысының сегіз уездіне қарысты болыстарынан, әсіресе ең
үлкен Ташкент уезінің 45 болысынан Қазығұрт, Шарапхана, Ақжар, Манкент т.б.
көптеген жастар келді.
Бұл ең алдымен, халықтың білім алуға деген ұмтылысының нәтижесі еді.
Алғашқы кезде оқу құралдары, керекті жабдықтар жетіспеуіне қарамастан қазақ
педагогика курсында болашақ оқытушылардың ғылыми негізде білім алуына
жағдай жасалды. Нәтижеде бес айлық курстың алғашқы түлектері шыға бастады.
1919 жылдың басында Омар Тоқтыбаев, Кәрім Ахмедов, Шыныбай Беркінбаевтарға
куәлік қағаздары беріліп, оларды қазақ бастауыш мектептеріне сабақ беруге
аттандырды. Педагогика курсын бітіргендерден Ташкент қаласының өзінде
қазақтың екі мектебін қамқор махаласы мен Орталық базар жанында ашты.
Қазақ педагогика курсы негізінде 1919 жылдың 1 шілде айында Қазақ
педагогикалық училищесінің шаңырағы көтерілді. Оның түп мақсаты елдің
алдында міндетті бастауыш оқуды енгізу қажеттігін іске асыру еді. 1919
жылы қыркүйекте училищелердің оқушылары сұрыпталынып үлкен талапқа сай
келетін ана тілінен сабақ беретін Шамгелді Сарыбаев, көрнекті дәрігер ғалым
Х.Досмұхамедов сияқты ұстаздармен толықтырылды. Түркістан өлкесінен
тәжірибелі ұстаздар шақыртылды. Перовский қаласынан Ыбырай Қасымов, Омар
Жангелдиев, Әбдірахман Мұнатбаев, Қызылордадан Тоббай Кулкекемов, Мадина
Қасымова, Ферғанадан Айша Оразбаева, Шымкенттен Фатима Үмбетовалар келді.
Жалпы оқытушылар саны 53 жетті. Оқу орнының меңгерушісі Иса Тоқтыбаев
болды. Қазақ педагогикалық учиищесін ұйымдастырушылардың бірі 27 жастағы
қазақтың біртуар азаматы Сұлтанбек Қожанов оқу істерін күшейту мақсатында
әйелі Гүлдана мен 1919 15 тамызында Түркістан қаласына кетті. 1919 жылдың
25 қазан айында Түркістан АКСР Орталық Атқару комитетінің шешіміне сәйкес
Қазақ педагогикалық училищесіне сол кезде Түркістан АКСР егіншілік
комиссариаты тұратын А.Пушкин мен Хиуа көшесінің қиылысындағы үйді алып
берді. Қаланың дәл ортасында орналасқан оқу орнының абыройы биіктей түсті.
Заман талабына сай оқытушыларға деген қажеттіліктің бір тамшы судай
мейлінше өсіп тұрған кезінде бұл істің маңызы аса зор еді. Сондықтан
сабақтың өз дәрежесінде жүруі үшін көптеген шаралар қолданылды.
Ана тілінен сабақ берген Шамгелді Сарыбаевтың сабақтары түрлі әдіс
тәсілдермен қиуластырып өткізілуі училищеде оқитын жастардың болашақ
мұғалім ретінде оқушыларға ана тілін оқытуда ұстаздары Ш.Сарыбаевтың
әдістеріне сала отырып сусындатуға жол ашылды. Бір Ш.Сарыбаевтың ғана емес
көптеген мұғалімдер жаңа мектептерде жаңа методологиялық оқыту тәсілдерін
ұлттық ерекшеліктермен, қазақы дәстүрмен ұштастыра оқытты.
1920 жылдың бас кезінде училищенің оқу тәрбие жұмыстарының жақсаруына
арифметикадан сабақ беруші және тәрбиеші жұмыстарын атқарған Ғани
Мұратбаевтың кітапхана жұмыстарын ұйымдастырушы тәрбиеші А.Асфендиярованың
қызметтері елеулі болды, училищеде түрлі үйірмелер жұмыс істеді, оларға
оқушылар көптеп қатысып, өз белсенділіктерін танытты. Оқушылар арасындағы
тәрбие жұмысына жалынды жас Ғани Мұратбаев көп еңбек сіңірді, ол әрдайым
жастар арасында табылып, жастардың арасындағы мұң-мұқтаждықтарды шешіп,
саналы тәрбие беруге белсене кірісті.
Ақмола уезі, Шу болысының 1 ауылынан училищеге оқытушы болып келген
20 жастағы Дінмұхамед Әділұлының еңбегі ерекше болды. Ол Омскіде
еркектердің жеті жылдық гимназиясын бітірген орыс, латын,неміс тілдерін
толық меңгерген білімді тәжірибесі мол ұстаз үйірмелер ұйымдастыру
жұмыстарын жандандырды.
1920 жылдың 5 мамырынан 5 тамызына дейін үш айлық педагогикалық курсты
бітірген 58 кісіге оқытушылық куәлік тапсырылды. Бұл мамандыққа ие
болғандардың ішінде Сейдікәрім Ибрагимов, Қожақмет Есқараев, Шыныбай
Беркінбаев, Палымбек Зембаев т.б.бар еді. 1920 жылдың 1 қазан айында Қазақ
педагогикалық училищесі Қазақ ағарту институтына айналады.
1920 жылдың 24 желтоқсан айында Түркістан өлкесіндегі шаруашылықты
ескере отырып ауыл шаруашылығы, техникалық мамандарды даярлау үшін
Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы
С.Асфендияровтың кәсіптік-техниклық білім беретін оқу орындарын ашу және
Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитетін құру туралы шешім
шығарды [23].
Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитеті республикада
кәсіптік – техникалық оқу орындар ашу, оларды тиісті жабдықтау, түрлі
кәсіптік техникалық орта арнаулы училище, техникумдарға жауап беру жабылып
қалған республика оқу мектептерін қайта жасақтау республика қажетті
техникалық мамандар даярлау ісіне жауап бере отырып, техникалық-кәсіптік
оқулықтарға ұсыныс, сұраныс беруге тиісті болды.
Кәсіптік-техникалық білімді ұлғайту үшін комитет жергілікті
мекемелермен мәмлеге келе отырып техникалық оқу орындарын ашу жұмыстарын
бастады.
Ташкент қаласындағы кәсіптік мектепті ұлғайтып политехникалық курсқа
айналдырды, бірақ респубиликада кәсіптік – техникалық білім беретін
мамандардың жоқтығы көзге ұрып тұрды.
Басты назар ауылшаруашылық мамандарын даярлау ісіне жұмылды. 1921 жылы
Әулиеата қаласында ашылған Ауылшаруашылық техникумы ашылды, бірақ 1922 жылы
Кәсіптік техникалық білім беру комитетінің шешімімен жабылып 1922 ж.Ташкент
қаласында Орман шаруашылығы техникумы болып қайта құрылды. Ауылшарушылық
мамандарын жергілікті халықтардан мамандар даярлау үлкен жұмысты қажет
етті. 192223 оқу жылында 145 жергілікті оқушы техникумға қабылданды.
1920-23 жылдары Түркістан АКСР –гі ауылшаруашылығы және кәсіптік
техникалық училищелер мен техникумдар
Сырдария облысы бойынша:
1. Никольск ауыл шарушылығы техникумы, студент саны 39
2. Экономикалық өндірістік техникумы, оқушылар саны 124,
оқытушы 18.
3. Механика-техникалық техникумы, оқушылар саны 122.
4. Инженерлік құрылыс техникумы, оқушылар саны 488.
5. Орман шаруашылығы техникумы, оқушылар саны 211.
6. Мамандандырылған ташкент механикалық-техникалық училищесі оқушылар
саны 206.
7. Теміржол агенттерін дайындау училищесі, оқушылар саны 160.
8. Әулие ата ауылшаруашылық-механикалық училищесі, оқушылар саны 98.
Жетісу облысы бойынша ауылшаруашылық және кәсіптік техникалық
училищелер мен техникумдар саны мен ондағы оқушылар саны 1920-1923 жылдар
аралығында:
1. Алматы ауыл шаруашылығы техникумы 166 оқушы,
оқытушы саны 20.
2. Пишпек қаласындағы ауыл шаруашылық техникумы оқушылар саны 78,
оқытушы 9.
3. Кәсіптік техникалық училище оқушы саны 48, оқытушы 5.
4. Ново-Алексеевск ауылындағы ауылшаруашылық машина құрлысы техникумы
оқушы саны 69, оқытушы 4.
Көріп отырғанымыздай орта арнаулы оқу орындарының оқытушы
жетіспеушілігі көзге ұрып тұр.
Түркістан АКСР-гі Жетісу,Сырдария облыстарында шоғырланған техникумдар
мен училищелердің білім сапасы, Ферғана, Самарқанд, Түркімен облыстарындағы
кәсіптік – техникалық училищелер мен техникумдарға қарағанда анағұрлым
алға озып шықты.
Жалпы Жетісу, Сырдария облыстарындағы техникалық кәсіптік арнаулы оқу
орындарының дамуы мен талантты жастардың шығуына сол кездегі Түркістан АКСР
Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Т.Рысқұлов көп еңбек сіңірді.
Үкіметтің қажырлы күшіне қарамай-ақ бұл оқу орындарындағы ұстаздар,
мұғалімдер қолда бар оқу құралдарымен оқыта отырып республика керекті
кәсіптік мамандар даярлап шығарды. Бұл арнаулы оқу орындардың түлектері
кейін жоғары техникалық оқу орындарына білімін жалғастыруға жіберіліп
отырды. Олардың арасынан кейінірек көптеген өнеркәсіп басшгылары, техника
саласына сүбелі үлесін қосқан азаматтар шығып жатты, жалпы техникалық кәсіп
иелері, яғни мамандары үлкен сұраныс пен қажеттілік тудырғаны мәлім.
1920 басында мұғалімдерді даярлау техникумдары мен училищелері көптеп
бой көтере бастады. Бұл мектептердің санының өсуімен педагог кадрларға
деген сұраныстың артуы еді.
Түркістанда орта арнаулы мектеп мамандарын даярлау ісі 3 сатыға
бөлінді:
1. Техникумдар бұл оқу орындары 4 жылдық білім беру курсын бере отырып
жетіжылдық бастауыш мектептерге педагог кадрлар даярлау, мектепке дейінгі
тәрбиеші, сауатсыздықты жою жөнінде үгітші мұғалімдерді дайындаумен
айналысты.
Педагогикалық училищелер техникумның мақсаттарымен айырмашылығы жоқ
болса да мұнда 5 жыл оқу курсынан өту көзделген. 1920 жылы Түркістан АКСР-
де 7 педагогикалық училище жұмыс жасады: Қазақ педагогикалық училищесі
Шымкент қаласында. 1920 ашылған.
өзбек училещесі Қоқан қаласында 1920 ашылған
Қазақ ерлер педагогикалық училищесі Алматы қаласы.
Қазақ қыздар педагогикалық училищесі Алматы қаласы.
Екеуі де 1920 жылы ашылған.
Түркімен училещесі 1920 жылы ашылған.
Өзбек училищесі Ескі Ташкент қаласы 1920 жылы 15 қаңтарда ашылған.
Өзбек педагогикалық училищесі Самарқанд қаласы 1920 жылы ашылған. Аталған
училищелер 1920 жылы қаңтар – ақпан айларында бұрынғы педагогикалық
курстардың негізінде қайта жасақталып өмірге келген арнаулы оқу орындары
еді.
1920 жылдың мәліметтері бойынша мұнда 100 жуық мұғалімдер дәріс берген
және бұрынғы мұғалімдердің негізінде училище оқытушылыққа қабылданып ары
қарай жұмыс жасаған тәжірибелі ұстаздар болатын.
Түркістан АКСР – 1920-1923 жылдардағы Сырдария және Жетісу
облыстарындағы педагогикалық техникумдар мен училищелер және оқушылар мен
оқытушылардың саны.
Жетісу облысы бойынша:
1. Алматы қаласындағы Педагогикалық техникум. олардағы оқушылар саны 121,
оқытушы саны 12.
2. Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесі, оқушылар саны 120,
оқытушы саны 13.
3. Алматы қаласындағы Қазақ ерлер педагогикалық училищесі,оқушылар саны
100, оқытушы саны 9
4. Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық училищесі оқушылар саны
100, оқытушы саны 20
Сырдария облысы бойынша:
1. Шымкент қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесі оқушылар саны 100,
оқытушы саны 18.
2. Ескі Ташкент қаласындағы Өзбек педагогикалық училищесі оқушылар саны
65. оқытушы саны 9.
Аталған училищелер мектептік білім беру жүйесінің дамуына мұғалім
кадрларды даярлай отырып жүзеге асырды.
Басқа да мамандандырылған арнаулы орта білім беру мекемелері.
Жетісу облысы бойынша:
1. Алматы қаласындағы Көркемсурет техникумы
2. Алматы қаласындағы Музыка училищесі
3. Қапал уездіндегі Тігін тігу техникумы
Сырдария облысы бойынша:
1. Ташкент қаласындағы Көркемсурет техникумы, оқушылар саны 108
оқытушылар саны 16
2. Почта – телеграф мамандарын даярлау техникумы оқушылар саны 30 оқушы,
оқытушылар саны 8
Түркістан АКСР –гі орта арнаулы оқу орындар үлкен жұмыстардың арқасында
негізі қаланды дайындау курстарының базасының негізінде құрылған училище,
техникумдар қоғамдық кадр сұранысына жауап беруге мүмкіндігінше тырысты,
Қазақ педагогикалық училищесінің жұмысының жандануына Нәзір Төреқұлов,
Х.Досмухамедов, С.Қожанов, Ғани Мұратбаев, Иса Тоқтыбаев сынды азаматтар
үлкен үлес қосса, Жетісу, Сырдария облыстарындағы Жалпы Түркістан АКСР-гі
кәсіптік-техникалық арнаулы оқу орындарының жұмыс істеуін және маман
тапшылығын болдырмауға әрекет жасаған Түркістан АКСР Халық комиссарлар
Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұлов еді. 1924 жылы Түркістан АКСР-де 7
педагогикалық және 11 ауылшаруашылық училищелері болды. 7 педагогикалық 11
ауылшаруашылық училищелердің 1523 студенттің құрамы мынандай болды: 494
өзбек, 334 қазақ, 252 еуропалық халықтардың өкілдері, 106 түркімен 62
тәжік т.б. болды. Ауылшаруашылық кәсіптік техникалық және
педагогикалық училище, техникумдары жергілікті халықтардың өкілдерін көптеп
оқытты, республикадағы 32 техникалық училище техникумдар бар мүмкіншілікті
192324 оқу жылдары жергілікті ұлт өкілдерінің жастарынан мамандар даярлау
мақсатымен түрлі мектептерден оқушыларды көптеп қабылдап инженер-техник
темір жол мамандарын даярлауға көңіл бөлді. Орта арнаулы оқу орындарының
ашылуы кәсіптік маман даярлауда туындаған қиындықтардың шешімі болған еді.

ІІ тарау. Түркістан АКСР жоғарғы білім беру және ғылымының дамуы.
2.1.Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі.

Түркістан өлкесінде патша үкіметі құлатылғанан соң Түркістан АКСР-де
жоғарғы оқу орындарын құруға, халық шаруашылығының білім және мәдениет
мамандарын даярлауға үлкен көңіл бөлінді. 1918 жылы Түркістан АКСР
құрылғанға дейін Түркістан өлкесінде Жоғарғы оқу орындары болмады.
Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен 1918 жылы 16
наурызда Түркістан халықтық
университетін құру туралы бұйрығы шығады [24].
Іле шала 1918 жылдың бірінші шілдесінде тағы бір жоғарғы оқу орны
Мұсылман мұғалімдер институты ашылады [25].
1918 жылы Ташкент қаласында Халық комиссарлары кеңесінің №4 бұйрығы
негізіне Түркістан шығыстану институты ашылды [26].
Бұл Түркістан республикасында Жоғарғы оқу орындарын ашуға үлкен
бетбұрыс болды. Түркістан республикасында Халық комиссарлары кеңесінің
1920 жылы 2 қазан айындағы Ташкент қаласындағы Халық ағарту институттарын
ашу туралы № 3 бұйрығы бойынша 4 институт ашылды
Олар: республика көлеміндегі барлық ұлт өкілдері үшін орыс тілінде
сабақ жүргізетін Қ.А.Тимирязев атындағы Халық ағарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан АКСР білім мәселелері
Зерттеу жұмысының әдісі
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері
Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан
Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеу
Қазақстанның өткені мен бүгіні (тарихи жағдайлар, наразылықтар)
Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты
Нұрмақовтың саяси көзқарастарын қалыптастырған орта
Пәндер