Кәсіптік аурулар



1 АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ
2 АДАМ АҒЗАСЫНА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ИНФРАДЫБЫСТЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ РАДИОТОЛҚЫН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ
3 АДАМ АҒЗАСЫНА ШУДЫҢ ӘСЕРІ
4 КЕССОН ЖӘНЕ БИІКТІК АУРУЛАРЫ
5 ХЛОРДЫҢ ЖӘНЕ СЫНАПТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ
6 АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРІМЕН УЛАНУ
7 ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ
8 ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР
9 МЕТГЕМОГЛОБИН ТҮЗІНДІЛЕРІМЕН УЛАНУ
10 ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ.
11 ШАҢДЫ БРОНХИТТЕР
12 СИЛИКАТОЗДАР
13 ТОКСИКАЛЫҚ ГЕПАТИТТЕР
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.
Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып, фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін.
1. Л.А.Зорина, М.И. Даулетбакова – Профессиональные болезни, Алматы, 1989г.
2. Н.Н.Шаталова, В.Г.Артамонова – Профессиональные болезни, М., Медицина, 1996 г.
3. Лекции
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев С.В., Усенко В.Р. – Гигиена труда: Учебник, М., Медицина, 1998
2. В.Г. Артамонова - Неотложная помощь при проф. интоксикациях, М., 1981 г
3. Архипова О.Г., Шацская Н.Н., Семенова Л.С. и др. Методы исследования в профпатологии, М., Медицина, 1988
4. Белоскурская Г.И., Бердыходжин М.Т., Айтбембетов Б.Н. и др. Клиника, диагностика и экспертиза трудоспособности при хронической фосфорной интоксикации, Метод. Указания, Алматы, 1988
5. Брицко Н.П., Хейфиц А.С., Экспертиза временной нетрудоспособности. Сборник нормативных документов с комментариями, М., Медицина, 1988
6. Выявление и профилактика болезней, обусловленных характером работы: Доклад экспертов ВОЗ, 1987, 73.
7. Даулетбекова М. И, Абдрашитова Г. А. Шелехов Ю.А. Организация проведения предварительных и периодических медицинских осмотров рабочих промышленных предприятий. Методические указания. Алма – Ата,1986.
8. Измеров Н.Ф. – Профессиональные заболевания: Руководство для врачей в 2-х томах, М., Медицина, 1996
9. Приказ 440 МЗ РК от 07.10.1993г.
10. Приказ 278 Комитета здравоохранения МЗОиС РК от24.05.1999г.
11. Тогузбаева К.К, Филин А.П. и др. Физиолого – гигиеническая характеристика производственного ультразвука и инфразвука. Учебно – методическое пособие Алматы, 1998.
12. Фосфорная интоксикация (диагностика, клиника, лечение).Сб. научных трудов под ред. док.мед.наук, профессора М.И.Даулетбековой, Алматы,1993.Хроническая интоксикация соединениями фосфора. Методические рекомендации. Даулетбекова М. И. Орманов Н.Ж Бердыхожин М Т. и др. Алматы, 1991.

13. Эпидемиология связанных с работой болезней и несчастных случаев: Х доклад. Объед. ком. МОТ/ВОЗ по профессиональной гигиене – М. Медицина,1999.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 118 бет
Таңдаулыға:   
Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық
диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен
монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін
энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен
бөлінуі.
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде,
тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы
ерекшеліктеріне жатады.
Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі
сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері,
олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен
қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір
мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және
нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер
үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған
лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді.
Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа
қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин,
меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен
салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып,
фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде
бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің
зақымдануына әкелуі мүмкін.
Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған,
ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның
көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне
немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына
әкеледі. Лазерлі сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез
қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен
пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар
электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді.
Термиялық нәтиже қатаң түрде шектелінеді, бірақта зақымдалмаған тері
кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек
орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне
байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының
мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі
сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында
орналасады.
Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты,
себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен бірге бөлініп, сәулеленген
тіндердің көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның
деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін
толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.
Зақымдалған ошақта пайда болған толқындардың соққысы қоршаған
тіндерде алғашында ультрадыбыспен, сосын дыбыспен, және соңында дыбыстан аз
жылдамдықпен таралады. Сондықтан толқындар соққысының эффектісі сәулелену
жерінің аз қашықтығындада анықталуы мүмкін.
Сәулелер толқындарының соққысы өте жоғары биіктерге дейін жетуі
мүмкін (106 атм дейін). Әсіресе жабық қуыстардағы (бас сүйек, көз, кеуде
клеткасы және т.б) толқындардың соққысының әсерінен пайда болған жылу
көлемінің кеңеюі өте қауіпті, егерде осы жағдайларда толқындардың
соққысының әсері будың түзілуімен жүретін болса.
Тіндерде ультрадыбыстардың тарауынан, толқындардың соққысы
кавитацияны тудыруы мүмкін, яғни заттардың бөлшектерінің тез жоғалып
кетуінің нәтижесінен қуыстар түзіледі. Пайда болан қуыс, толқындардың
соққысынан кейін төмендеп, өз кезегінде қосымша компрессорлық толқынды
тудырады.
Лазерлі сәулелердің жылулық және соққылық эффектісінен басқа,
электрлі және магнитті аймақтардағы биообьектілердің өзгерістерін тудырады.
Күшті сәулелердің әсерінен пайда болған электрлік аймақ 107 Всм2 жетуі
мүмкін, ол химиялық байланыстың әлсіреуі мен үзілуіне, бос радикалдардың
түзілуіне, әртүрлі химиялық реакциялардың катализіне жеткілікті болады.
Осыған орай, лазерлі сәулеленудің әсерінен әртүрлі фотоэлектрлік және
фотохимиялық нәтижелер пайда болады.
Лазерлі сәулелер биологиялық обьектілерге күшті әсер етуіне
байланысты, бұндай жағдайлар өндірістердегі техникалық қауіпсіздік
бұзылыстарының күрделі бұзылыстары кезінде кездеседі. Лазерлі құрылыстармен
жұмыс істейтін адамдар ұзақ , созылмалы аз күштіліктегі тура сәулелердің
әсері адам ағзасында әлі күнге дейін оқылмаған. Өндітірсте жұмыс істейтін
адамдарға өндірістік ортадағы бірқатар қолайсыз факторлардың әсері бар:
1. жұмысшылар бірқатар технологиялық операцияларды орындау кезінле
қолдарына тура лазерлі сәулелердің әсер етуі. Сонымен қатар, юстировка
үшін қолданылатын, аз күштіліктегі гелий-неонды лазерлердің әсерінен тура
лазерлі сәулелер жұмысшының көзіне түсуі мүмкін.
2. диффузды көрінетін және жайылмалы лазерлі сәулелер, минималды тура
сәулелену кезінде көру ағзасын тура зақымдау деңгейін жоғарлатады.
3. факел және лампаларды үрлеу кезіндегі жарық светтерден пайда болған
жарық импульстарының жиілігі бір лазеолік құрылымда бір тәулік ішінде
230 000-250 000 жетуі мүмкін.
4. жұмысшылардың кей жағдайларда жартылай немесе толық жарығы жоқ
мекемелерде лазерлі сәулелермен жұмыс істеуілері керек.
5. технологиялық операциялардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты қөру
ағзасына жоғары мөлшерде көру ағзасына күш түсіреді (микроскоптың
көмегімен лазерлі сәулелердің юстировкасы кезінде, микросхемаларды
пайкалау кезінде және бинокулярлы ұлғайғыштардың бақылауымен тастардағы
тесіктерді тігу және т.б).
6. лазерлі құрылымдардың жұмысы кезіндегі тұрақты және импульсті шулар.
7. лазерлі сәулелердің әсерінен жұмыс орындарындағы ауаның ионизациясы
өзгереді, озон, азот қышқылы және металл және қосындыларының
конденсациясының аэрозолдары. Осы заттардың барлығының ауадағы РБК
жоғарлаған кезде адам ағзасына токсикалық әсер етеді.
8. лазермен жұмыс жоғарғы электрлік тоқтың кернеулігімен, тура лазерлі
сәулелердің қауіптілігі және үлкен жауапкершілігіне негізделген, нервтік
эмоционалдық бұзылыстармен жүреді.
Клиникасы. Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне
ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің
зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары
түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны
шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде
болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.
Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі
зақымданулар ауыспалы қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін:
қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының
өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.
Ауыр жағдайларда лазерлі сәулелердің қарқынды түрде ұзын толқынды
көрінетін жәнеде жақын инфрақызыл спектрлердің көру аймағына түсуі
ауырсынусыз көрудің шектелуімен (скотоманың дамуымен) жүреді. Бұндай
жағдайларда көз түбінде торлы қабаттың ісінуі және әртүрлі деңгейдегі
айқындылықтағы күйіктер, әйнекті денеге және торлы қабатқа қан құйылулар
анықталынады. кейін хориоретиналды күйіктің орнында, әдетте макулярлы
немесе парамакулярлы аймақта көрудің төмендеуімен жүретін тыртық пайда
болады.
Ультрафиолетті лазерлі сәулелер және спектрдің инфрақызыл бөліктері
негізінен оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца,
хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін
лазерлер роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол
доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды.
Ұзақ уақыт бойы лазерлі сәулелермен қатынаста болған жұмысшыларда
көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық және функционалды бұзылыстар болуы
мүмкін. Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз
алмасындағы тұйық және кесіп ауырсыну жарықты көтере алмау сезімі,
жылағыштық және көздің құрғауы құм құйылғандай, қабақтың ісуі және
ауырлық сезімінің болуына шағымданады.
Көру өткірлігі өзгермейді, бірақ түстерді ажырату босағасы,
қараңғылық адаптациясының ұлғаюы, кейде көру аймағының тарылуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардың көбінде хрусталиктің әртүрлі
қабаттарындағы бірен саран немесе көптеген лайланулар анықталынады. бұлар
арнайы өзгерістерге жатпайды, және көптеген жағдайларда әртүрлі жастағы
топтарда кездеседі. Бірақта аз қарқындылықтағы лазерлі энергияның сүлелі
әсерінен хрусталиктің субкапсулярлы аймағында ұсақ нүктелі немесе сызықты
бұлдыраулар болуы мүмкін, ол хрусталиктің мезгілінен ерте қартаюына
әкеледі.
Тура немесе айналы көріністі лазерлі шоғырлармен адам терісінің
зақымдануларының сипаты әртүрлі болады. Ауыр жағдайларда электр тоғы
кезіндегі электрокоагуляциялық күйіктерді еске түсіретін күйіктер болуы
мүмкін немесе тері жабындыларының жыртылулары және толық бұзылыстары
болады. Жеңіл жағдайларда тері ішілік ферменттердің қызметтерінің
белсенділігінің және терінің электрлік өткізгіштігінің немесе сәулеленеген
жерде жеңіл эритеманың дамуы болады.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардағы бұзылыстар көру ағзалары және
тері жабындыларындағы өзгерістермен ғана шектелмейді. Оларда нерв және
жүрек тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылыстары, бірқатар биохимиялық және
гематологиялық көрсеткіштердің өзгерістері болады. Алайда, лазермен жұмыс
істеген кезде пайда болған ығысулардың барлығын кәсіптік ауруларға
жатқызуға болмайды.
Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар
вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін
клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты
науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары
шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну
жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік,
жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен
қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады.
Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына,
жүрек дистониясына негізделген.
Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің
пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе
күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.
Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен
вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы
вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің
бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.
Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен
сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан жүрек
тонының тұйықталуы естіледі.
Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек
ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің
шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары
жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық
өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің
өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің
жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения,
протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.

Бірқатар ферменттер мен медиаторлардың(холинэстераза, гистамин,
сілтілі фасфатаза, катехоламин) белсенділігінің өзгерістері, белок, май,
көмірсу және минералды алмасулардың айқын ығысулары биохимиялық зерттеулер
кезінде анықталуы мүмкін.
Емі. Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік ем қажет емес, ол
ддемалыс және еңбек тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын көріністер
кезінде науқастар амбулаторлы немесе стационарлық емді қажет етеді.
Симптомды және комплексті ем ағзаның қызметтерін қалыптастыруларға
бағытталған. Дәрілік емді(седативті, транквилизаторлар) бас ауруын немесе
бас айналуын қайтаратын, вегетотамырлық бұзылыстарға негізделген
(галбваниялық жаға, массаж және т.б физиоемдік процедуралармен кезектестіру
керек. Невростениялық синдромдар кезінде сумен жасалынатын физиоемдік
процедуралар нәтижелі (жалпы ванна, душтар). Құрамында витаминдері
жеткілікті жоғары калориялық диета тағайындалады. Ем еңбек және демалыс
тәртіптерімен сәйкес келуі керек.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Лазерлі сәуленің әсеріне
негізделген патологияларды анықтаған кезде, дәрігердің іс әрекеті
бұзылыстардың айқындылық деңгейімен сипатына байланысты. Роговицадағы
өзгерістер тұрақсыз болады, емнен кейін қайтады. Хрусталикпен торлы
қабаттағы өзгерістер тұрақты динамикалық дәрігерлік көмекті қажет етеді.
Аурудың өршуі кезінде науқасты лазермен жұмысты шегеру керек.
Вегетотамырлық дистония, астениялық, невротикалық синдромдары бар науқастар
дәрігердің динамикалық бақылауында болуы керек. Бұндай жағдайларда
жұмысшыны уақытша жұмыстан босатумен сәйкес ем жүргізіледі. Егер көру, нерв
және жүрек тамыр жүйелеріндегі өзгерістер лазермен жұмыс істеген кезінде
пайда болса және анамнезінде осы ауруды тудыратын басқа көрсеткіштер
болмаса, терең клиникалық тексерулер және кәсіптік аурулар клиникасында
немесе бөлімшеде ем жүргізу керек. Бұндай адамдар дем алу үйлеріне және
профилакторияларға, санаторлы курортты емдеу орындарына жолдама алу керек.
Алдын-алу. Санаторлы курортты шаралар арасында жұмыс орындарындағы
лазерлі сәулелердің РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену көзінен сақтану
шараларын жүргізу, автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын
шектеу, дистанционды басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының
шараларын , яғни арнайы киімдер, көз әйнектер және т.б.
Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және кезеңді (12
айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту, онда
терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі
сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды
тексеру жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады.
Жұмыс кезінде 10-15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу
ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету
керек, витаминмен қамтамасыз ету үшін аэровит препараттын қолданамыз.
Аэровитті 30-60 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған
жағдайларда В1 виаминін және аскорбин қышқылын қолданады. Витаминнен бөлек
глютамин қышқылының, аминалон және т.б профилактикалық курстар ұсынылады.
Лазерлі құрылымдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда функционалды
бұзылыстардың диапазоны кең болғандықтан ағзаның әртүрлі жүйелерін
қалыптастыруға және белсенділігін арттыруға әсер ететін кең спектрлі
дәрілерді қолданады. Осындай заттар ретінде адаптоген тобының препараттары,
оның ішінде қоршаған ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне ағзаның
қарсылығын күшейтетін элеутерококты қолдануға болады. Элеутероккокты
тәулігіне 1 рет 1 ас қасықтан тағайындайды, 1 ай бойы, емдеу курсын 2-3
айдан кейін қайталайды.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Қайсысы арқылы лазер сәулесі биологиялық әсер бере алады?
1. фотоэлектрлік әсер
2. фотохимиялық әсер
3. жылулық және соққылық (удар) әсер
4. осының барлығы дұрыс
5. лазер сәулесі биологиялық әсер бермейді

2. Лазер сәулесінің ерекше қасиеті?
1. монохроматиялылығы
2. когеренттігі
3. тек тура бағытталуы
4. түзілетін энергиясының жоғарғы қарқындылығы
5. осының барлығы дұрыс

3. Лазер сәулесінің әсеріне қауіпті ағзалары деп қайсысын айтады?
1. өкпе, жүрек
2. бауыр, көкбауыр
3. тері мен бүйрек
4. көз, тері
5. орталық жүйке жүйесі мен бауыр

4. Биологиялық тінге лазер сәулесінің әсері қандай қасиетіне байланысты?
1. жергілікті температурасының кенеттен көтерілуіне
2. химиялық құрамының өзгеруіне
3. клетка мембранасы өткізгіштігінің өзгеруіне
4. тіннің биопотенциалылығының өзгеруіне
5. осының барлығына

5. Лазер сәулесінің негізгі қасиеттерін атаңыз?
1. төменгі қарқындылық
2. сәулелерінің кеңінен таралулығы
3. толқындарының әртүрлі ұзындықта болуы
4. осының барлығы дұрыс
5. ешқайсысы дұрыс емес

6. Көз ағзасына лазер сәулесінің әсері қайсысына әкеліп соғады?
1. хореоретиналық күюге
2. хрусталиктің лайлануына
3. нұрлы қабаттың мөлдірлігігінің төмендеуі
4. көздің көруінің төмендеуі
5. көру нервісінің семуі

7. Лазерлі сәулелердің биологиялық эффектісіне жатпайды:
1. термиялық
2. механикалық
3. фотоэлектрлік
4. фотохимиялық
5. иондаушы

1. Лазерлі сәулелердің әсері кезіндегі шеткі қандағы сурет:
1. нейтрофиллезбен лейкоцитоз
2. лейкоцитоз, лимфоцитоз
3. эозинофилия, нейтрофиллез
4. лейкоцитоз лейкоцитозбен, лимфоцитопения
5. панцитопения

2. Ағзаға лазерлі сәулелердің әсерінен пайда болған симптомдарға барі тән,
тек:
1. жұмыс кезінде көздің шаршауы
2. көру аймақтарының түсіп қалуы
3. ұйқының бұзылуы
4. және жылағыштық
5. жүрек қағу ұстамасы

3. Адам ағзасына лазерлі сәулелердің әсерінен туындағанөзгерістер
терапиясында қолданылады, тек:
1. беллатаминал
2. биологиялық адаптоген
3. транквилизаторлар
4. антиконвульсанттар
5. антидепрессанттар

Адам ағзасына ультрадыбыстың, инфрадыбыстың және электромагнитті
радиотолқын сәулелерінің әсері
Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері.
Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бір
бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша
өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС
толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік
толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске
өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц
(МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.
Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте
төмен жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары жиіліктегі(ЖЖ),
ультражоғары жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі(ӨЖЖ). Оларға өте
ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер,
сантиметрлер, миллиметрлер) тән.
Жұмыс күні бойында ЭМА осында жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс
орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен 3МГц жиілік
үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5-
60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.
Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының
тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде
рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы
0,1 Втм2 (10 мкВтсм2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Втм2 (100
мкВтсм2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1
Втм2 (10 мкВтсм2) аспау керек.
Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК
бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды
сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары
болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио
және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және
ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.
Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар
ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз
факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар
кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз
мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.
Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз
факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ
блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері
(басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және
телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл
қызбаларындағы жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және
телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер,
сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың
қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың ауаның
химиялық заттармен ластануы.
Клиникасы.
Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу
эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға,
бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына,
бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына
шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама
тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен
жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде
көрінеді.
Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен пайда болған кәсіптік
аурулар сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды.
Микротолқындар (СВЧ алаңдары) радиотолқындар спектріндегі биологиялық
белсенді болып табылады.
Клиникасындағы маңызды орындарға ОНЖ өзгерістер, әсіресе жүрек тамыр
жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі.
Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті,
гипоталамиялық. Бұл синдромдар негізінен аурудың үш кезеңіне сәйкес:
бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.
Аурудың бастапқы кезеңінде астениялық синдром болады, науқастар
басының ауруына, жоғары шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, кезеңді түрде
жүрек аймағында пайда болатын ауырсынулар. Вегетативті симптомдар
реакциялардың ваготониялық сипатымен жүреді. Артериялды гипотония және
брадикардия тән. Брадикардия кезінде ЭКГ – Т тісшесі басым кеуде
әкетулерінде, биік, үшкір, ол клиникалық мәліметтер бойынша вегетативті
дисфункция көріністері болып табылады. Перифериялық қарсылықтар қанның
минуттық көлеміне сәйкем келмейді және қалыптыдан төмен. Қалқанша безінің
белсенділігінің жоғарлауы анықталған. Науқастарда көру және сезу
қабілеттеріні жоғарлаған. Бұл өзгерістер науқастардың еңбек қабілетін
өзгертпейді.
Аурудың шамалы айқын және айқын кезеңінде астеновегетативті синдром
немесе гипертония түріндегі НЦД синдром түрінде дамиды. Астениялық
синдромдар тереңдей түскен кезде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық
бөлігінің жоғары қозғыштығымен байланысты және ангиоспастикалық
реакциялар және тамырлардың тұрақсыз гипертензиясымен көрінетін
бұзылыстар. Соңғысы аурудың ауырлығын көрсетеді.
Симпатикалық адреналды криз түріндегі пароксизмалды жағдайлармен
сипатталатын гипталамиялық синдромдар аурудың жекеленген айқын
жағдайларында дамиды. Осы науқастарда жоғары қозғыштық, ұйқысының
бұзылулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұстама түріндегі бас
аурулары мен зардап шегеді, ол жүрек айну, бас айналу, көзінің
қарауытуымен, қысқа уақыттық естен танулармен сипатталады. Оларды қолдарын
созған кездегі саусақтар мен қабақтарының терморы, гипергидроз
анықталынады. Науқастар жиі жүрек аймағындағы қысып ауырсынуларға ауаның
жетіспеушілігі, АҚ жоғарлауы, әсіресе диастолалық (90-95
мм.сын.бағанасынан жоғары), күрт әлсіздік. Ұстамадан тыс уақыттарда
науқастар сол жақ қол және жауырынға таралатын жүрек аймағындағы
ауырсынуларға шағымданады. Айқын невростения фонында кардиалгия дамиды, ол
тамырларды кеңейтетін заттармен емге көнбейді. Кейде кезеңді түрде пайда
болатын жүрек қағулар, жүрек жұмысына көп мөлшерде күш түсу, физикалық күш
түсу кезіндегі ентігулер, горизонталдыдан вертикалды жағдайға ауысқан
кездегі пульстердің айқын лабилділігі, субфебрилитет анықталынады.
Артериялды қысым тұрақсыз болады, көбінесе жоғарлауға бейім. Қалыпты АҚ
бар науқастарда физиалық күш түскен уақыттағы күрт систолалық және басым
диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясына
байланысты, жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, жүрек тондарының
тұйықталуы, кейде жүрек ұшынан систолалық шу естіледі. ЭКГ – да Т
тісшесінің төмендеуі және инверсиясы, көбінесе екі стандартты немесе сол
жақ кеуде әкетулерінде, ST сегменттерінің ығысуларымен. Церебралды криз
кезіндегі жеке жағдайларда, жыпылық аритмиясы дамиды, ол қарыншалық
экстрасистола түрінде тіркеледі. Айқын жағдайларда атеросклероз, ЖИА,
гипертониялық аурулардың ерте белгілері анықталынады.
Гипоталамиялық синдром мидың үлкен шарындағы қыртыстың биоэлектрлік
белсенделегендегі өзгерістер түрінде сипатталынады (ЭЭГ белгілері
бойынша).
Вегетациялық дисрегуляция белгілері көміртегі алмасуларының
бұзылыстарымен қанның құрамындағы белок құрамының жалпы белок және
диспротеинемия құрамдарының жоғарлауымен жүреді. Қандағы липидердің -
триглицерид, беталипопротеид, холестерин және фосфолипидтердің жоғарлауы,
хлорид және кейбір электролит көрсеткіштерінің төмендеуі, қандағы гистамин
деңгейінің жоғарлауы.
Шеткі қанда цитопенияға бейімділік, сонымен қатар, эритроциттердің
спалы жетіспеушілігі, хромосом аберрациясының жиілігінің жоғарлауы, қан
клеткасындағы цитохимиялық өзгерістер (лимфоцит, нейтрофил, тромбоцит және
эритроцит), нейтрофилді қатардағы жетілген клеткалар санының азаюы және
сүйек миындағы эритропоэз белгілері.
Көру ағзасы жағынана баяу үдемелі катаракт дамуы мүмкін. ЭМА
әсерінен аз қарқындылықтағы СВЧ кезінде бұндай өзгерістер анықталмайды.
Бірақта ангиопатия түріндегі тамырлардың торлы қабаттарындағы өзгерістер
және ретиналды тамырлардың склероз белгілері, кейде макулярлы аймақтағы
дистрофия ошақтары болады.
Электромагниттік сәулелердің сүлелі әсерлері және негізінен
бейспецификалық реакциялар негізінде көрінетін бұзылыстар зақымданулардың
анықталуын қиындатады. Ол ауруға тән сипаттарна анализдің динамикадағы даму
процесіне, науқасты жан жақты тексеруге, еңбек ету қабілетіне негізделген.
Соңғысына циркуляторлы бұзылыстармен астениялық синдромның дамуы, бас
миының биоэлектрлік белсенділігінің өзгерістері, диспротеинемия,
дислипидемия, дисэлектролитемия, белгілі дамуы бар және клиникалық
көріністері тән. өзіне тән ерекшеліктеріне пароксизмалды вегетативті –
тамырлақ өзгерістер, соматогенді астенияға байланысты, бас миының
психогенді немесе органикалық бұзылысары тән.
Емі: қыртысты қызметтердің жағдайын және вегетативтік тамырлық
реакциялардың басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу, науқастың
жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді.

Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және
седативті ем, витаминді ем (В,С топтары) тонусты жоғарлатын заттар
тағайындалады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар басым болған жағдайларда
комбинирленген әсерлі (беллоид, беллатаминал) холинолитикалық заттарды
қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз мөлшерде инсулинді тері
астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз.
Гипоталамиялық синдромы және гипертониялық түрдегі нейроциркуляторлы
бұзылыстары бар науқастарға аз мөлшерде транквилизаторлар (седуксен,
тазепам және т.б) және антигистаминді препараттар, сонымен қатар тамырды
кеңейтетін және гипотензивті заттарды тағайындайды. Коронарлы
жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан айналымды жақсартатын және
тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз.
Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған кезде
тамырларды кеңейтетін дәрілермен қоса аз мөлшерде аминазинді тағайындайды
және ауырсынуды басатын заттарды иньекция түрінде қолданады. Наркотикалық
препараттарды сақтықпен қолдану керек. Терапевтік комплекстің құрамына
емдік гимнастика, гидротерапия, мойынның вегетативті түйіндеріне
эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың бастапқы кездерінде еңбек
ету қабілеттері сақталынады. Осы жағдайларда амбулаторлық, стационарлық
және санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң
және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін бұрынғы жағдайда жұмысын
жалғастыра береді.
Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық жағдайда арнайы ем
жүргізіледі және рационалды түрде еңбекке орналастырып, санаторлық
курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде
өзіндік қиындықтары бар. Кейбір жағдайларда ондай адамдарды дәрігердің
қарауымен және радиотолқындардың аз мөлшердегі байланыстарымен сол
жұмыстарында қалдырады.
Айқын кезеңінде, әсіресе, жиі церебралды криздермен диэнцефалды
жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты үзу керек.
Жалпы қабылданған критерилер бойынша мүгедектікке акуысчтыру сұрақтары
шешіледі. 1-2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса науқастың
мүгедектігін алып тастайды. Катаракта анықталған кезде процестің өршу
қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық аурулардың
айқын түрлерінде басқс жұмысқа ауыстырылады. Әйелдердің жүктілік кезінде
және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18 жасқа толмаған жасөспірімдер
жұмысқа жіберілмейді.
Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын
алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде
техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды
тамақтануды ұйымдастыру керек.
СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір рет
окулист, невропатолог, терапевтің қатысуларымен кезеңді түрде медициналық
қараулардан өту керек, ал УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және ВЧ әсерлері
кездерінде 24 айда бір рет өтіп отыру керек.
Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен
болады. Осы жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс
қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.
Инфрадыбыстардың ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз
мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз
болғандықтан олар олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады.
Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде
қиындықтарды тудырады.
Өндірістік инфрадыбыстар – акустикалық тербеліс аймағы 20 Гц төмен.
Өндірістік орындардың кез келген аппаратының барлық спектрлерінен
инфрадыбыс бөлінеді, ол кей жағдайларда есту диапазонының жиілік деңгейін
жоғарлатады, дыбыс қысымының максималды деңгейі 8, 16, 31, 5 Гц құрайды
Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді
двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және
электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар,
кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және
транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады.
Инфрадыбыстардың әсер ету патогенезі толығымен оқылмаған. Адам ағзасы
төмен жиіліктердегі дыбыстардың тербелісіне сезәмтелдықтары жоғары болып
саналады. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде сәйкес рецепторларда (тері,
есту анализаторлары) нерв импулстары пайда болады, олар бас миының қыртысты
орталығына ең алдымен таламиялық орталыққа түседі. Адам ағзасында өзіне тән
тербеліс жиіліктері болғандықтан, инфрадыбыстардың әселері кезінде, ағзада
жағымсыз сезімдер туу мүмкін.
Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен
қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары
инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты.
Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету
қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады:
тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде
орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері
есту ағзасымен қабылданады. Осы қабылдау ортаңғы құлақта инфрадыбыстардың
әсер етуі кезіндегі дыбыс жиіліктерінің гармониктерінің орналасуына
байланысты.
Көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша инфрадыбыстардың
тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді. Тексерілген
адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған.
Инфрадыбыстардың әсері кезіндегі жүрек тамыр жүйесі жағындағы
өзгерістерге жүректің жиырыду жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе
брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы жатады.
Осыған байланысты инфрадыбыс жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып
табылады. Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі
инфрадыбыстарға өте сезімтал болып табылады.
Емі: симптомды шаралар жүргізіледі.
Алдын алу: жұмыс орындарындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық
тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын
қолдану кеерк. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің
қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек.
Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне жатады:
құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары,
наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар.
Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц
жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер
адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен
өлшенеді.
Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы
болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада
процестерде.
Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық әдістермен
алынады. өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді
қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін алу үшін
(200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға
қолданады.
Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған
сайын ауадан таралу жиіліктері төмендейді. Қысқа толқынды жоғары
жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа
қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері
медицинада және өндірісте кеңінен қолданады.
Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау,
сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге
асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және
медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін
жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік
деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары деңгейде
тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы
дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы ультрадыбыстардың рұқсат
етілетін жиіліктері 20 КГц дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ
құрайды.
Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік
жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар
клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі.
Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік
ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы
мүмкін.
Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:
1) алғашында - вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті
невралгиялық синдромдары басымырақ болады;
2) шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті
полиневропатия симтомы;
3) айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология.
Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары бар
еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі
түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті
полиневриті дамуы мүмкін.
Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының
жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады,
тырнақ капилляроскопиясы кезінде капиллярлардың спазмдары немесе
спастикалық атониясы дамиды.
Емі. Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады.
Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті
полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары
шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса,
жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен
жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының
айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан
шектелінеді.
Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін
төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт
ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік
толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының
қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу
мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың
шектейтін қол саптары болу керек.
Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36
айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық
сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек.
Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші
эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста
болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Электромагниттік толқындардың созылмалы әсерінің негізгі клиникалық
синдромдары:
1. буындық, бронхобструктивтік, астениялық
2. астениялық, астеновегетативтік, гипоталамиялық
3. кардиалгиялық, тыныс жетіспеушілігі синдромы, абдоминалдық
4. жүрек жетіспеушілігі, тыныс жетіспеушілігі
5. гепатолиеналды синдром, сүлелі бүйрек жетіспеушілігі, снемиялық
синдром
2. Радиосәулелер толқынын келесі диапазондарға бөледі:
1. өте төмен және төмен жиілік
2. өте жоғары жиілік
3. жоғары жиілік
4. ультражоғары жиілік
5. барі дұрыс

3. Радиотолқындар қайсысын тудырады:
1.Термиялық эффект
2.Биологиялық эффект
3.Дезадаптациялық эффект
4. бәрі дұрыс
5. бәрі дұрыс емес

4. 20-40 КГц жиіліктегі ультрадыбыстық өндірісте дыбыс қысымының рұқсат
етілетін деңгейі:
1. 60-80 дб
2. 100-110 дб
3. 200-250 дб
4. 20-40 дб
5. 180-210 дб

5. Ультрадыбыстың ұнтақтау (дробление) әсері қайсысына байланысты:
1. гравитация құбылыстарына
2. кавитация құбылыстарына
3. термоизоляция құбылыстарына
4. бәрі дұрыс
5. бәрі дұрыс емес

6. 20-40 КГц жиіліктегі ультрадыбыстық өндірісте дыбыс қысымының рұқсат
етілетін деңгейі:
60-80 дб
1. 100-110 дб
2. 200-250 дб
1. 20-40 дб
2. 180-210 дб

7. Ультрадыбыстың ұнтақтау (дробление) әсері қайсысына байланысты:
1. гравитация құбылыстарына
2. кавитация құбылыстарына
3. термоизоляция құбылыстарына
4. бәрі дұрыс
5. бәрі дұрыс емес

8. Естілетін ультрадыбыс диапазон жиілігінің инфрадыбыстық ерекшеліктерінің
сипатынан айырмашылығы:
1. үлен толқындардың ұзақтығы және аз тербеліс жиілігі
2. аз толқындардың ұзақтығы және аз тербеліс жиілігі
3. үлен толқындардың ұзақтығы және үлкен тербеліс жиілігі
4. аз тербеліс жиілігі және және
5. инфрадыбыс естілетін ультрадыбыстар диапазонының жиілігінен
ерекшеленбейді

9. Инфрадыбыстық тербеліске неғұлым сезімтал қайсысы:
1.жүрек-қантамыр, жүйке және вестибулярлы жүйелері
2.сүйек-буын, тыныс, жүрек-қантамыр жүйелері
3.жүйке, тыныс, асқорыту жүйелері,
4.зәр шығару - жыныс, иммунды, эндокринді
5.вестибулярлы, эндокринді, тыныс жүйелері

10. Инфрадыбыс – қай диапазондағы төменгі жиілікті акустикалық тербеліс
аймағы болып табылады:
1. 40-Гц
2. 20 МГц
3. 30 Гц
4. 100 Гц-тен жоғары
5. 20 Гц-тен төмен
Адам ағзасына шудың әсері
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына
олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі
әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен
байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар,
станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып
табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне
байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр
жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу
жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және
ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта
болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-
эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың,
қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы
аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және
толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен
есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен
бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту
қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын
анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс
толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту
ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық
даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол
акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық
тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000
Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың
әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері
бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен
ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың
алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша
ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына
әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып
табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті
процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу
керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында
дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш
түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген.
Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде,
гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды
фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер
анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне
жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық
байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты.
Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық
тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа
ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз
жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип
бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде
зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың
шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін,
сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын
анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық
картиналардың ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту
қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер
алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту
қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті
көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін
төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс
істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде
жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу
диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен
жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек
және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта
алатын, шулы мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің
жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда шулы
мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000
Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін
байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын
жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы
көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500,
1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс
стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000,
6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц
жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц
жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.
Диагностикасы. Кохлеарлы невриттің салыстырмалы диагностикасын
жүргізеді: науқастың шағымдары, аурудың анамнезі, аурудың дамуы мен
ерекшеліктері (шумен байланысы, байланыстың ұзақтығы), отоскопиялық сипаты
және есту қызметінің клиникалық аудиологиялық тексерулері, босағалық және
босаға үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық
аймақтарының жиіліктерін тексеру жатады.
Аурудың анамнезі мен отоскопиялық көріністің сипатына негізделе
отырып сүлелі іріңді немесе адгезивті отиттің диагнозын анықтау қиын
емес. Шудың әсерінен пайда болған профессионалды кохлеарлы невритті пайда
болу себебінде шудың әсерлері жоқ аурулар, яғни отосклероз және басқа
невритпен салыстырудың қиындығы бар.
Кәсібиге қарағанда басқа себептен пайда болған кохлеарлы невриттің
дамуы жедел және кез келген деңгейдегі айқындықта болуы мүмкін. Естудің
зақымданулары бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Ауру белгілі бір
себепке байланысты дамиды: тұмау, нейроинфекция, менингит, контузия немесе
ототоксикалық дәрілік заттрады (стрептомицин, мономицин, хинин және т.б)
қолданудан кейін.
Отосклероз кезінде профессионалды кохлеарлы невриттегі сияқты естудің
төмендеуі бачу жүреді. Кәсіби кохлеарлы неврит үнемі екі жақты болса, ал
отосклероз бір жақты және жас әйелдерде кездеседі. Осы жағдайларда
салыстырмалы диагностика дыбыстың сүйектен және ауадан өтуін зерттеудің
динамикасына негізделген (динамикалық аудиометрия).
Отосклероз және басқа себептен пайда болған невриттердің арасындағы
салыстырмалы диагностика аудиометриялық зерттеулердің мәліметтеріне
негізделген.
Кәсіптік кереңдік кезінде жоғарғы жиілікті қабылдаудың бұзылулары
(4000-8000 Гц) аудиомтриялық қисықтың төмендеуімен сипатталады, ал аурудың
өршуі кезінде орташа және төменгі диапазонның жиіліктерін қабылдауда
қатысады. Кез келген этиологиялы кохлеарлы неврит кезінде дыбысты қабылдау
жиілігінің жоғарлауы, барлық дыбыстың диапазонында және әртүрлі деңгейдегі
айқындылықта болуы мүмкін, кереңдікке дейін. Осы және басқада жағдайларда
ауалық және сүйектік дыбысты өткізу бір деңгейде зақымданады.
Отосклероздың тимпаналды түрі сүйек арқылы дыбысты қабылдаудың
сақталуы кезінде, ауа арқылы дыбысты қабылдаудың төмендеуімен сипатталады.
Отосклероздың кохлеарлы түрінде сүйек және ауа арқылы өткізілудің арасында
айырмашылық болмауы мүмкін немесе аз мөлшерде, және аудиограмманың
мәліметтері дыбысты қабылдайтын анализаторлардың бөліктерінің нейросенсорлы
кереңдіктеріне ұқсайды. Бұндай жағдайларда қосымша зерттеу әдістері керек:
босағңалық тестер, естудің ультрадыбыстық диапазонындағы жиілігін.
Басқа себепті кохлеарлы невритте қалыпты жиіліктегі ултрадыбыстық
диапазонын қабылдау кезінде ФУНГ1 оң және Si=Si тесті оң болады, ал
профессионалды неврит кезінде салыстырмалы ажыратуды жүргізу кезінде,
қазіргі кезде кеңінен қолданылатын босаға үсті тестерін тоналды
аудиометриялық тексерулер қосымша көрсеткіштер болып табылады.
Отосклероздың кохлеарлы түрі бар науқастарда ФУНГ оң болады. Сонымен қатар
сөзді 100% қабылдайды және ультрадыбысты қабылдау қалыпты немесе аздап
төмендеген (90-100 кГц).
Шулы мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері. Шудың
әсерін зақымдайтын адекватты көрсеткіштерге есту ағзасындағы естудің
төмендеуі жатады.
Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың
жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын
шешу кезінде, шулы мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін
бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша шулы мамандықтағы
жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен
жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту
қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі
және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып
табылады.
Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина
қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:
1. Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық
өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц
жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен
естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді
анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері
жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар медициналық
мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
2. Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық
өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың
есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Алдын ала және кезеңді түрдегі
медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
3. Әдіс. Әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән
Өндірістік жарақаттар және кәсіби аурулар туралы негізгі түсініктер
Өндірістік кәсіби аурулар
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Кәсіптік патология
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Пәндер