Татулықтың талбесігі



1 Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже
2. Қызметiнiң мақсаттары, мiндеттерi мен негiзгi бағыттары
3. Жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi
4. Ассамблея құрамына қабылдау және құрамынан шығару, кiшi ассамблеялар
5. Ассамблея және кiшi ассамблеялар мүшелерінің құқықтары мен мiндеттерi
6. Басқару құрылымы мен қаржыландыру
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы" Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда құрылған.
ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.
ҚХА 2003 жылға дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.
Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзербайжан, ассирия, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Татулықтың талбесігі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы"
Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту
мақсатында 1995 ж. 1 наурызда құрылған.
ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси
жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-
тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика
азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі
қызметіне атсалысу. Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық
мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік —
қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық
қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;
Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың
дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау
ісімен айналысады.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең
арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының
кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер,
Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол
Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын
тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің
шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар,
ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ,
Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА-н құру идеясын алғаш рет
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған
Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.
ҚХА 2003 жылға дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда
өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы
жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер
фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана
тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша
халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен
семинарлар, т.б. өткізеді.
Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және
қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзербайжан, ассирия, грек,
ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының
жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның
қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау
орталығын құрды.


Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856
Жарлығымен бекітілген
Жалпы ережелер

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрi - Ассамблея) Қазақстан
Республикасы Президентiнiң жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме болып
табылады.

Ассамблея өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге
сәйкес жүзеге асырады.

2. Ассамблея өз қызметiн мынадай принциптерге негiздейдi:

халық пен мемлекет мүдделерiнiң басымдығы;

жариялылық пен демократия, өз мүшелерiнiң тең құқылығы мен құрамындағы
қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi;

заңдардың үстемдiгi, адам мен азаматтың нәсіліне, ұлтына, тiлiне, дiнге
қатысына, қандай әлеуметтiк топқа жататынына қарамастан құқықтары мен
бостандықтарының теңдiгi;

Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерiн, тiлдерiн және салт-дәстүрлерiн
жан-жақты дамыту;
халықаралық ұйымдармен, Қазақстанның және шет елдердiң азаматтық қоғам
институттарымен интеграциялық байланыстарды кеңейту.

3. Ассамблея шешiмдерi Қазақстан Республикасы Конституциясына және
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау
шешімдерінен басқа ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007 жылғы 26
шілдедегі № 370 Жарлығымен.

2. Қызметiнiң мақсаттары, мiндеттерi мен негiзгi бағыттары

4. Ассамблеяның мақсаттары:

ұлттық мәселенi әдiлеттi шешудiң негiзi ретiнде қоғамдық тұрлаулылықты
нығайту;

мемлекеттiк тiл мен қазақ халқы мәдениетiнiң өзектi топтастырушы рөлiн
арқау ете отырып, Қазақстан этностарын қазақстандық патриотизм, азаматтық
және рухани-мәдени тұтастық негiзiнде шоғырландыру жолымен қазақстандық
сәйкестiктi қалыптастыру;

азаматтардың өркениеттi әрi демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси
мәдениетiн қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының беделiн түсiруi ықтимал іс-әрекеттердiң, сөз
сөйлеу мен пiкiр айтудың алдын алу және болдырмау;

этносаралық қатынастарды үйлестірудi қамтамасыз ету, түрлi этностар
өкiлдерi арасындағы қарым-қатынастарда төзушілік пен сенiмдi нығайту болып
табылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005.04.23. №1581 Жарлығымен.

5. Ассамблея қызметi мынадай мiндеттердi шешуге бағытталған:

рухани бiрлiк идеясын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен
ұлтаралық келiсiмдi нығайту және сақтау;

Ассамблеяның мемлекеттiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-
қимылының бiрыңғай жүйесiн жасау арқылы ұлтаралық қатынастар саласындағы
келеңсiз үрдiстердің алдын алу;

ұлтаралық қатынастар саласындағы ахуалға мониторинг жүргiзу және талдау
жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, олардың негiзiнде қоғамды топтастыруды
қамтамасыз ететiн практикалық ұсынымдарды тұжырымдау;

мемлекет жүргізiп отырған ұлт саясатында әр алуан ұлттық мүдделердiң
ескерiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

Ассамблея мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн ұлттық-мәдени
бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005.04.23. № 1581 Жарлығымен.

6. Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары:

ұлтаралық қатынастар мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және
азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимыл жасау;

қоғамның рухани, мәдени және әлеуметтiк-экономикалық даму тұжырымдамалары
мен бағдарламаларының жобаларын әзiрлеуге қатысу, оларды мемлекеттiк
органдарда және жұртшылық арасында талқылауды ұйымдастыру, оларды жүзеге
асыруға жәрдемдесу;

ұлт саясаты мәселелерi бойынша заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама
жасауға қатысу;

ұлтаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу,
жанжалды ахуалдарды шешу жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау және практикалық
шараларды iске асыруға қатысу;

халықаралық ұйымдармен және шет елдердiң азаматтық қоғам институттарымен
белсендi интеграциялық саясат жүргiзу;

ұлттық-мәдени бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;

ұлтаралық қатынастар, Қазақстан халықтарының мәдениетi мен тілдерiн дамыту
және қолдау мәселелерi бойынша конференциялар мен семинарлар өткiзу;

Қазақстан Республикасында ұлтаралық қатынастардың жай-күйiне мониторинг
жасау;

ұлтаралық келiсiм идеяларын, қағидаттарын және нормаларын насихаттау болып
табылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005.04.23. № 1581 Жарлығымен.

3. Жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi

7. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Ассамблеяның ғұмырлық
Төрағасы болып табылады. Ассамблея Төрағасы Ассамблея қызметiнiң негiзгi
бағыттарын айқындайды әрi бекiтедi. Ассамблея Төрағасының екi орынбасары
болады.

Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Ассамблея Кеңесiнiң ұсынымы негiзiнде
Қазақстан Республикасы Президентiнің актiлерiмен тағайындалады.

8. Ассамблея сессияларын Ассамблеяның Төрағасы шақырады. Ассамблея
сессиясының өтетiн күнi, орны және болжалды күн тәртібi оның жұмысы
басталуынан бiр ай бұрын жарияланады. Сессия жылына кемiнде бiр рет
шақырылады.

Ассамблеяның кезектен тыс сессиясын Ассамблея Төрағасы өз бастамашылығы
бойынша немесе Ассамблея мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң
өтiнiшi бойынша шақырады және шешім қабылданған күннен бастап бір ай
мерзімде өткізіледі.

Ассамблея сессиясы, егер оның жұмысына Ассамблея мүшелерiнiң жалпы санынан
кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады. Сессия шешiмi, егер ол
үшiн Ассамблеяның қатысып отырған мүшелерiнiң жартысынан астамы жақтап
дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Шешiм қабылдау кезiнде дауыс беру
тәсілін Ассамблея сессиясы айқындайды.

Ассамблея сессиясы:

Қазақстан Республикасы Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға;

Ассамблеяның тұжырымдамалары мен бағдарламалық құжаттарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі
BSB корпорациясы «Франция Үйі» өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
Қазақстандық патриотизм – мемлекеттік принцип
Қазақстандық патриотизмнің негіздері мен қалыптастыру жолдары
Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Қазақстан Республикасында ислам дінінің рөлі
Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Пәндер