Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез



I. Кіріспе;
II. Патологиялық.анатомиялық хаттама;
III. Гистологиялық, биохимиялық, бактериологиялық қорытынды:
1. Әдеби шолу;
2. Аурудың эпизоотологиясы;
3. Дерттенуі;
4. Аурудың потогенезі;
5. Аурудың өтуі және оның белгілері;
6. Өлекседегі өзгерістер;
7. Патанатомиялық өзгерістер;
8. Ауруды анықтауда эпизотологиялық деректер;
9. Емдеу;
10. Иммунитеті;
11. Сынама алу әдістері;
12. Аурудан сақтану және оның алдын.алу, жою шаралары;
IV. Сипаттау бөлімі және өлекседегі өзгерістер;
V. Патологиялық.анатомиялық диагноз;
VI. Қорытыныды бөлім;
VІI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
VIII. Қосымшалар.
Пастереллез – геморрагиялық септицемия, сүт қоректілер мен құстың көпшілігінде кездесетін зілді жұқпалы ауру. Бұл ауру жіті түрде өткенде септицемия белгілері айқын білінеді, жітілеу және созылмалы түрінде көбінесе өкпені зақымдайды.
Қоздырғышы – пастерелля мултосида деп аталатын. Грам әдісі бойынша теріс боялатын, қозғалмайтын, спора түзбейтін бактериялар. Олар бір-бірінен бөлек орналасатын, қос-қостан және бірен-саран жағдайда тізбектеліп тұратын микроорганизмдер. Пастереллалар барлық анилин, метилен бояуларымен жақсы боялатын майда, сопақша келген, мөлшері 0,3-1,25х0,5 мкм бактериялар. Олар факультативті аэробтар, лабораторияларда пайдаланатын ет, пептон, агардан (МПА) жасалған қоректік ортаның температурасы 37С болса жақсы өседі.
Қоздырғыштары онша төзімді емес. Малдың жапасында, қанда, салқын суда 2-3 апта, өлекседе 4 ай тіршілігін сақтайды.
Тік түсетін кун сәулелері пастереллаларды бірнеше минут ішінде, ал 70-90С ыстық оларды 2-10 минутта өлтіреді. Барлық белгілі дизинфекциялық препараттар мен әдеттегі қолданылатын ерітінділер де бірнеше минутта қырып тастайды.
Пастереллезбен төрт түлік және жабайы сүт қоректі жануарлар мен құстың барлық түрі ауырады, ауруға сондай-ақ жылқы да шалдыққыш келеді.
Қоздырғыштын негізгі көзі – ауру және ауырып, жазылған мал. Оларда ауру қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастереллезге тән нәрсе – сау малдың да, ауру малдың да ауру қоздырғышын тасуы.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша аурудың таралуының негізгі жолдарының бірі – пастереллезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу деп санайды. Шаруашылықтардағы сау малдың патереллалар тасуы аурудың тез таралуына себеп болады. Әдетте ауру малды күтіп-бағудың нашарлығына және қолайсыз жағдайларға байланысты тарауы мүмкін.
1. Жумабеков Х.С., Дербышев К.Ю. Жануарлардың патологиялық
анатомиясы. Алматы, 2011. 364б.
2. Қожабеков З.К. Мал аурулары. Алматы, Қайнар,1989ж. 384 б.
3. Қаракөбенов Н.Н. Соттық медициналық сараптама. Алматы 1998ж.
4. Жумабеков Х.С. Патологоанатомическая диагностика инвазионных
болезней домашных животных и птиц. Алматы, 2001ж.
5. Кожабеков З.К., Отенов А.М. Малдың патологиялық физилогиясы.
Оқулық, Алматы. «Ана тілі», 1992ж. 285б.
6. Жумабеков Х.С. Патоморфология гельминтозов. Алматы, 2007, 174 б.
7. А.В. Жаров «Патологическая анатомия животных»
8. Ө. Ығылманұлы «Ветеринариялық патологиялық анатомия»
9. Ө.Ығылманұлы « Малдың жалпы патологиялық анатомиясы»
10. Н.В. Зеленевский, К.Н. Зеленевский «Анатомия животных»

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Жануарлардың патологиялық анатомиясы (3)

Тақырыбы: Пастереллез

Орындаған: Тексерген:

Топ –студенті: ВМ-305

_______ _________
_________ __________

(қолы) (күні)
(қолы) (күні)

Жетекшісі:_______________

________ ___________

(бағасы) (күні)

Нормоконтролер_____________________ ___________________

Семей қаласы, 2016 жыл

Жоспары:

I. Кіріспе;

II. Патологиялық-анатомиялық хаттама;

III. Гистологиялық, биохимиялық, бактериологиялық қорытынды:

1. Әдеби шолу;

2. Аурудың эпизоотологиясы;

3. Дерттенуі;

4. Аурудың потогенезі;

5. Аурудың өтуі және оның белгілері;

6. Өлекседегі өзгерістер;

7. Патанатомиялық өзгерістер;

8. Ауруды анықтауда эпизотологиялық деректер;

9. Емдеу;

10. Иммунитеті;

11. Сынама алу әдістері;

12. Аурудан сақтану және оның алдын-алу, жою шаралары;

IV. Сипаттау бөлімі және өлекседегі өзгерістер;

V. Патологиялық-анатомиялық диагноз;

VI. Қорытыныды бөлім;

VІI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

VIII. Қосымшалар.

I. Кіріспе

Пастереллез – геморрагиялық септицемия, сүт қоректілер мен құстың
көпшілігінде кездесетін зілді жұқпалы ауру. Бұл ауру жіті түрде өткенде
септицемия белгілері айқын білінеді, жітілеу және созылмалы түрінде
көбінесе өкпені зақымдайды.
Қоздырғышы – пастерелля мултосида деп аталатын. Грам әдісі бойынша теріс
боялатын, қозғалмайтын, спора түзбейтін бактериялар. Олар бір-бірінен бөлек
орналасатын, қос-қостан және бірен-саран жағдайда тізбектеліп тұратын
микроорганизмдер. Пастереллалар барлық анилин, метилен бояуларымен жақсы
боялатын майда, сопақша келген, мөлшері 0,3-1,25х0,5 мкм бактериялар. Олар
факультативті аэробтар, лабораторияларда пайдаланатын ет, пептон, агардан
(МПА) жасалған қоректік ортаның температурасы 37С болса жақсы өседі.
Қоздырғыштары онша төзімді емес. Малдың жапасында, қанда, салқын суда 2-3
апта, өлекседе 4 ай тіршілігін сақтайды.
Тік түсетін кун сәулелері пастереллаларды бірнеше минут ішінде, ал 70-90С
ыстық оларды 2-10 минутта өлтіреді. Барлық белгілі дизинфекциялық
препараттар мен әдеттегі қолданылатын ерітінділер де бірнеше минутта қырып
тастайды.
Пастереллезбен төрт түлік және жабайы сүт қоректі жануарлар мен құстың
барлық түрі ауырады, ауруға сондай-ақ жылқы да шалдыққыш келеді.
Қоздырғыштын негізгі көзі – ауру және ауырып, жазылған мал. Оларда ауру
қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастереллезге тән нәрсе – сау
малдың да, ауру малдың да ауру қоздырғышын тасуы.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша аурудың таралуының негізгі
жолдарының бірі – пастереллезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу
деп санайды. Шаруашылықтардағы сау малдың патереллалар тасуы аурудың тез
таралуына себеп болады. Әдетте ауру малды күтіп-бағудың нашарлығына және
қолайсыз жағдайларға байланысты тарауы мүмкін.

II. Патологиялық-анатомиялық хаттама

№5 Хаттама

Мал түрі: Ірі қара

Жынысы: Бұқа

Тұқымы: Семинтал

Жасы: 4 жас

Түсі: Қоңыр

Ерекше белгісі: жоқ

Жеке номері: №192029

Мал иесі: Сағытаева Ғалия

Өлген күні: 21.11.2016 жыл

Сойылған күні: 21.11.2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университетінің прозекториясында тексерілді

Союшы: Өмірбек Іңкәр

Өлексені союға қатысқан адамдар: Қозқанова Маржан, Файзоллаев Бақберсін

Мал қашан ауырған: 18.11.2016 жыл. Сиыр малы дене температурасы 420С-қа
дейін көтерілген. Азық жұту актісі бұзылған. Тәбеті қашқан, іші өткен,
жалпы күйі нашарлаған. Бір күн өткен соң бұзаудың аузынан көбік ағып,
бұлшық еті құрысып тартылған. Дем алысы мен жүрек тамыр соғысы жиілеуі
байқалған. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың
сарғаюы пайда болған. Терісі өлі еттенген. Мал қатты жүдеп, күйзеліске
ұшыраған.

Қысқа анамнез: Ешқандай ем қолданбаған. Сиыр иесінің қорасында өлді.

Анықталған ауруды талдау

Сыртқы көрінісі

Өлексенің жалпы сипаттамасы: Өлексесі оң жағымен жатыр жүні үрпиіп
қампиған, денесінде бөртпелер пайда болған,жүндері түскен, арып жүдеген.

Өлексе белгілері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан
төмен. Өлекседе сіресу жоқ. Сырттай қарағанда көзге көрінетін кілегей
қабықтары және ішкі ағзаларының барлығы дерлік сарғайған. Құлағында,
басында, мойынында қоңыр түсі қабыршақтар пайда болады.

Сыртқы жыныс мүшелері: сирек зақымдалған.

Терісі: Домбығып қабынған, көбінесе бас пен мойын шелі, ал артқы тесік,
сыртқы жыныс ағзалары мен аяқтары маңындағы шелдер сирек зақымдалған.

Желіні: Домбыққан.

Дене құрылысы: Дұрыс.

Қоңдылығы: Өте төмен.

Тері астындағы шелі: Терісі бүтін ешқандай зақымданбаған, түктері теріге
жақсы бекіген.Аз мөлшерде май қабаты байқалады.

Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: Көзі жабық.Көзінің
қасаң қабығы қызарған.

Құлағы: Құлақ айналысының жүні орнында.

Бұлшық еттері мен сіңірлері: Ісінген жерлерінде сарысулы жолаяқтану
байқалған.Ішін жарып қарағанда көзге бірден қан құйылулар көрінеді.Бұлшық
еті әлсіз қызыл түсті, жақсы дамыған.

Сүйектер мен буындар: Буындары – үсті аздап ісінген, буын қуыстарында
аздаған жылтыр сарғылт түсті созылған сұйықтық.Сүйіктері – бүтін, жарылған
жоқ, анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы дұрыс.

Сыртқы сөл бездері: Мойын шелі, артқы тесік, сыртқы жыныс ағзалары мен
аяқтары маңындағы шелдер сирек зақымдалған.

Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу.

Ауыз қуысы: Кілегей қабығы жаппай қанталаған.

Танау мен мұрын қуысы: Аздап қызарған.

Көкірек қуысы: Сірлі қабықтарында тығыз фибринді жалқаяқтар жоқ.

Өкпе: Қабынған. Плевра көбінесе төс сүйекке, қабырғаларға жабысып қалған.
Осы араға көп болып фибрин аралас жалқаяақ жиналған. Өкпе қызарып, қанға
толған, ісінген. Некрозаралық дәнекер тінінің болбырауымен висцералды
плеврада фибринозды су жиналады. Өкпе сыртынан қарағанда шұбарланған (ашық
қызыл және қою қызыл бөліктерінің кезектелуінің нәтижесі). Өкпенің жоғарғы
ортаңғы, артқы бөліктерін тілгенде қанды сарысу ақты.

Бездер: Қатты ісінбеген.

Жүрек: Босаңсыған, былжырап, оған қан құйылған.

Қан тамырлары: Қан тамырларының эпителийі қабығы экзотоксиндер әсерінен
қабырғасы жұқарған, қан кернеген.

Құрсақ қуысы: Сарғайған, қанталаулар байқалады, сұйықтық іркілген.

Мес қарын: Қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы азайып,құрғақ
нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Кітапша қарын: Қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы азайып,құрғақ
нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Тақия қарын: Қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы азайып,құрғақ
нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Жұмыршақ қарын: Қарынның кілегей қабаты ісінген, кей жерлері қызарған,
көптеген қан құюлуларға толы.

Ұлтабар: Кілегей қабығы суланып қабынған.

Бүйрек: Қанға толы, ұлғайған, консистенциясы болбыр. Тілінгенде кесінді
беті ылғалды, қыртысы және модулярлы.Қабаттары арасындағы шекарасы оңай
ажыратылады.Бүйрек капсуласы жеңіл алынады.

Бауыр:Қанға толған,ұлғайған. Консистенциясы болбыр, қабы оңай ажыратылады.
Сірлі қабықшада нүктелі қан құйылулар байқалады.

Он екі елі ішек: Кілегей қабығы қатты қанталаған, қара қызыл түстес, қан
аралас қабынған.

Ащы ішек: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас
қабынған.

Мықын ішек: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас
қабынған.

Тоқ ішек және оның бөліктері: Қан құйылу (гиперемия) біркелкі емес ісіну.
Әсіресе соқырішектің ұшында.

Бүйен: Басқа ішектерге қарағанда ерекше көрінген, кілегей қатты қабығы
қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас қабынған.

Тік ішек: Кілегей қабығы инвагинациясы, гемморагиялық гастроэнтерит
көптеген қанталаулар байқалады.

Талақ: тіліп қарағанда қан молайып қанталаған, сәл еті жұмсарған.

Қуық және несеп шығаратын жолдар: Қызғылт қанды несеппен толған.Оның
кілегей қабатында әртүрлі сипаттаған қан құйылулар көрінеді.

Лимфа түйіні: аса үлкейген, күлгін қызыл түсті, сірілі инфильтрациялық
жасунықпен қапталған, қан құйылуы байқалды.

Бас миы мен жұлын: Миында зақымдалған белгілері жоқ.

Қорытынды бөлім

Патологиялық-анатомиялық диагноз:

I. Бас, мойын, кеудедегі теріасты және бұлшықет арасындағы ұлпалардың
серозды қабынуы және домбығуы.

II. Геморрагиялық диятез.

III. Жақ асты, жұтқыншақ бездерінің серозды қабынуы.

IV. Бауыр, бүйрек, жүрек бұлшықеттеріндегі түйіршікті дистрофиясы.

V. Жіті катаральді-геморрагиялық гастроэнтерит.

Қосымша лабороториялық зерттеу

Пастереллезге диагнозды микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық
және гистологиялық зерттеулер жүргізу арқылы және де эпизоотологиялық,
эпидемиологиялық, клиникалық, патологоанатомиялық мәліметтер бойынша қояды.

Пастереллездың диагносикасын арнайы зертханада микроскопиялық,
бактериологиялық, серологиялық зерттеулер жүргізеді.

Тірі малға диагноз қою мақсатында зертханаға цитратталған немесе таза
қанды , несепті, түсік тастаған төлді, шарана сұйықтығын жібереді, ал
өлген малға диагноз қою үшін ұсақ малдардың ұшасын, ірі қара малдың
паренхиматозды мүшелерінің бөлшегін, кеуде және құрсақ қуысынан, қуықтан
транссудат жібереді.

Несепті мал табиғи отырып тұрған кезде жинайды, микроскоптың қараңғы
алаңында 6-12 сағаттан кем емес уақытта, қалған патологиялық материалды
жазғы уақытта 6 сағаттан кеш емес , ал қысқы уақытта 10-12 сағат
аралығында зерттейді.

Жолдама хатта патологиялық материалдың уақыты және де малдың өлген уақыты,
сынама алынған уақытта көрсетілуі тиіс.

Бактериологиялық әдіс. Гемарогиялық септисемияны бактериологиялық балау
арқылы өлген малдың қанынан және басқа да потологиялық материялдан
Pasterella Multosida таза өсіндісін бөліп алуға негізделген. Бұл үшін
бактериологиялық, биологиялық әдістерді, сондай-ақ микрооргонизімдерді
анықтау үшін биохимиялық және серологиялық әдістерді қолданады.

Өлім себебі туралы соңғы қорытынды:

Жиналған анамнездерге, патологиялық анатомиялық өзгерістеріне, қосымша
зерттеулердің нәтижелеріне, белгілеріне сүйене отырып, өлім себебі-
пастереллез деген қортындыға келдім.

Пастереллез (Pasteurellosis) – көптеген үй және жабайы жануарлардың
контагиозды жұқпалы ауруы , жіті өту барысында сетисемия белгілерімен,
өкпенің крупозды қабынуымен, домбығуымен, ал жітіден төмен созылмалы
түрлерінде – іріңді некрозды пневмониямен, артритпен, маститпен,
эндометритпен және кейде энтеритпен сипатталады. Ауру қоздырушысы
шаруашылыққа аурып жазылған малдармен – пастерелла тасмалдаушылармен,
сонымен қатар жем-шөппен, тышқан тәріздес кемірушілермен және көліктер
арқылы енеді. Қоздырушының негізгі берілу көзі болып пастереллезбен ауырған
немесе лажсыз сойылған, өлген малдардан алынған сүт, ет, сонымен қатар
тері, жүн және басқа шикізаттар болып табылады. Қоздырушының механикалық
тасымалдаушысы жабайы хайуандар және қан сорғыш жәндіктер болуы мүмкін.

III.Гистологиялық,биохимиялық,бакте риологиялық

қорытынды.

1. Әдеби шолу

1. Пастереллез (гемаоррагиялық септисемия) – жануарлармен құстарда
септисемиялық көріністер мен гемарогиялық процестердің туындауы айқын
көрінетін, Pasteurella Multocida тудыратын зілді ауру. Гемаррагиялық
септисемияға үй жануарларымен құстың барлық түрі бейім.

2. Морфологиясы бойынша
пастереллалар- ұсақ қысқа элипс тәрізді таяқшалар, ұзындығы 0,3-1,5 мк және
ені 0,15-0,25 мк.Жеке, кейде қос-қостан, сиректеліп тізбектеліп орналасады.
Таяқшалардың түрімен мөлшері шыққан ортасына байланысты әр түрлі болады.
ІҚМ дан бөлініп алынған өсінділер біртекті, созылған түрде, шошқада-
сопақша, құста домалақ. Қан және ағзалардың жағындысында, Рамановский-
Гимза әдісімен бояғанда, пастерелеллар грам теріс, спора түзбеиді, қауашығы
болады (әсіресе, шошқадан бөліп алған штамдарында ). Морфологиясы боиынша
қан жағындыларында және өлген малдың ағзаларындағы жағынды пастерелелларды
оба микробынан айыру қиын.

Пастереллез - малмен кейбір
жабайы жануарлардың көптеген органдарын тканьдарын зақымдап, әдетте олардың
кілегей қабықтарын қанталататын, көбінесе септицемиялық түрінде өтетін,
Pasterella микробтарын тудыратын жұқпалы жіті ауру. Бұл індет ерте заманнан
белгілі болғанымен, оның жұқпалы екендігі өткен ғасырдың аяғында ғана
дәлелденді. 1880 жылы Пастер осы ауруға шалдыққан тауықтарды зерттеп,
олардың денесінен бөлініп алынған микробтарды бірінші болып жасанды өоректе
өсірді. Сондықтан Пастердің құрметіне себіндіде өсірген ауру қоздырғышы
пастерелла деп, ал ауру пастереллез деп атап кетті. Кейін көптеген мал
түліктері мен құс пастереллезін деосы микроб тудыратыны анықталды. Іріқара
пастереллез қоздырғышын 1885 жылы Кит, ал енекке пастереллезінің
қоздырғышын 1887 жылы Армани тапты. Іріқара пастереллезі қазіргі кезде
Америка континентінде, Африка мен Азияда, сондайақ Европада кездеседі.
Әсіресе ол Индия, Пакистан, Иран, Ирак, Тайланд, Фидлиппин, Индонезия,
Камбоджа, Оңтүстік корея сияқы тропикалық және субтропикалық елдерде кең
тарған. [2]

Пастереллез еліміздің барлык республикаларынан табылады, бірак ол
солтүстік аудандарында сирек, ал Закавказье республикасында , өте жиі
(бүкіл Одактағыдан 3-6 есе көп) кездеседі. Ауру қоздырушысы- Раsteruia
muifosida-екі ұшы сүйірлеу келген, ұзындығы 0.3-1.5 микрон, көлденеңі 0.15-
0.3 микрон таяқша, микроскопен қарағанда бір-бірден, жұптаса орналасады.
Грам әдісімен боялмайды, қозғалмайды, спора құрмайды. Ұшу ортасына
қарағанда ана ғұрлым айқын боялады. Тіршілік етуі үшін қоздырғышқа оттегі
керек. Қоректік қышқылдағы рH-7, 2-7.6 жылылығы 37 градус болса, микроб
қаулап тез өседі. Ет-пептонды сорпасы бастапқы кезде лайсаң тартады да,
кейін мөп-мөлдір болып тазарады , сіліккенде кішкентай жылғаға ұқсап
көтерілетін кілегейлі шөгінді пайда болады. Ал ет пептонды агарының бетінде
домалақ және ұсақ микроб шоғырлары өсіп шығады. Картердің деректеріне
қарағанда қазіргі кезде микробтың А, В, С, Д, серологиялық топтары, ал
Роберте бойынша 1 2 3 4 типтері бар екені дәлелденді. Ірі қарада, әсіресе
бір типтес пастерелла тудыратын ауыру өте қауіпті деп саналады.

Пастерелла айтарлықтай төзімді емес: көптеген деректерге қарағанда ол
топырақта 12күнен 5 айға дейн, суда 6 күнен 1 жылға дейн, көмілген өлекседе
20 күнен 150 күнге дейн, қанда 10 күнен 190 күнге дейн тірі сақталады. 45-
95градус ыстықта 45 минут , 62градус ыстықта 10 минут, 70-90градус ыстықта
5-10минут өтісімен қырылып қалды, тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен 10
минут өледі. Спора құрмайтын басқа бактерияларға қарағанда пастерела азяды
әсеріне де шыдамайды. Карбол қышқылының, креолинің, амидолдың 3 процентік
ерітіндісі, жаңа сөндірілген әктің 10 проценттік ерітіндісі, креозолдің
1проценттік ерітіндісі мен креозодық сабын бірнеше минут ішінде өлтіреді.
Пастерелез төрт түлік және жабайы сүт қоректі жануарлар мен құстың барлық
түрі ауырады, ауыруға сондай ақ жылқы да шалдыққыш келеді.

Қоздырғыштың негізгі көзі- ауырып, жазылған мал. Оларда ауру
қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастерелезге тән нәрсе сау малдың
да, ауыру малдың да ауыру қоздырғыштың тасуы.

Көптеген ғалымдардың зертеулері бойынша аурудың таралуының негізгі
жолдарының бірі-пастерелезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу деп
саналады. Шаруашылықтағы сау малдың пастереллалар тасуы ауырудың тез
тарауына себеп болады. Әдетте ауыру малды күтіп бағудың нашарлығына және
қолайсыз жағдайларға байланыст тарауы мүмкін. [5]

2.Ауырудың эпизоотологиясы

Ірі қара пастерелезге қай жаста да шалдыққыш келеді. Бірақ жас мал сақа
малға қарағанда ауыруға өте тез шалдығады. Сондай-ақ пастерелезбен ірі
қараға қарағанда буйбол жйірек ауырады, соған орай шығыны да көп болады.
Ауру мал манқасымен, сілекейімен және нәжісімен бірге сыртқы ортаға
қоздырғыштар шығарады. Пастерелез қоздырғыштары әр түрлі жолдармен тарайды.
Ең көп тарайтын жолдары ауа, жем шөп, құрал-сайман және қоздырғыштар түскен
қоралар арқылы.

Пастерелез сонымен қоса малдың арасында осындай ауру байқалған
шаруашылықтарда қоздырғыш көзі бар екенін ескермей табынды бір-біріне қосу,
топтастыру, өндірістік технологияның бұзылуы, мал дәрігерлік ережелердің
сақталмауы салдарынан да шығады. Сонымен қоса пастерелезге малда, жабайы
жануарларда шалдығады. Онымен адам да ауырады. Бірақ онымен мал жйірек
ауырады. Пастерелез жас малға және ересек малға бірдей қауіпті. М.К.Ганиев
пен С.Я.Язин деректеріне қарағанда, енеке бұл ауруға ірі қара мен зебуден
анағүрлым шалдыққыш келеді. Сондай ақ енеке арасында өлім жйі кездеседі.
Пастерелез әдетте ауыру мал және ауырып жазылған мал-реконвалецент арқылы
тарайды. Аурудан айыққан мал ұзақ уақыт айналасына ауру қоздырғышын шашып
отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда әсіресе пастерелез бар шаруашылықтарда жиі
кездеседі. [3]

Пастерелез малдың нәжісімен несебі тамған заттар арқылы да тарайды.
Пастереллалар сау малдың денесін де мекендеуі мүмкін. Сондықтан тұрған жері
салқын, әрі ылғалды болып ұзақ уақыт жауын-шашының астында қалса, азығы
сапасыз да құнарсыз болса, мал әлсірейді де, оның денесіндегі
пастереллалардың әрекеті күшйе түседі. Мұның салдарынан мал арасында індет
бұрқ ете түсуі мүмкін. В.П.Шаматов кейбір шет ғалымдары сияқты, Закавказье
республикасында пастерелездің көбінесе жаз айларында болатынын, бұған
ауаның ылғалдылығы мен күн ыстығының тікелей ықпал тигізетінін атап
көрсетеді. Пастерелла мал денесіне тыныс органдары мен асқазан арқылы енеді
де, одан сілекей, қақырық арқылы сыртқа шығады. Кейбір деректерге қарағанда
ауыру бүрге, шыбын, маса арқылы тарауы мүмкін. Пастереллез көбінесе энзотия
ретінде өтеді де, кейде ойламаған жерден бұрқ ете түседі. Жалпы алғанда
энзотия мен эпизотияның қайдан, қашан шыққанын табу өте қиынға соғады:
пастереллез өзара байланысы жоқ бірнеше жерде бір ақ мезгілде шығыуы
мүмкін.

Қысқасы, осы ауырудың үлкен маманы В.П.Шаматованың деректеріне қарағанда
пастереллез белгілі бір шаруашылықта өзінен-өзі басталады, бірақ етек ала
алмайды, энзотия түрінде өтеді, 1-25 күн арасында басталады, орта

есепен 10күнге созылады.
Пастереллез
шыққан табында барлық малдың 1-53 % ауырады. Мал дәрігерлік-зоогигеналық
ережелер орындалмайды, малдың азығы мен күтімі нашар болса, пастереллез
өрши түседі. Одан арылу үшін көп күш, ұаражат жұмсауға тура келеді.

3.Дерттенуі

Табиғи жағдайда пастереллалар жануар денесіне тыныс және ас қорыту жолдары
арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы енеді. Енген
орынында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септисемияның әсерінен
көп жағдайда жануар 12-36 сағат өткенде өледі. Дертің өрбіп денеге
жайылуына пастереллалардың фогоцитозды тежеуі аяқталмаған фагоцитоз, улы
затардың пайда болуы және оның нәтижесінде капилярлардың жаппай зақымдануы
жыңдай жасайды. Бұлардың нәтижесінде трі асты және бұлшық еттер арасындағы
шел ауқымды мөлшерде домбғуға шалдығып, гемарогиялық диатез пайда болады.
Қоздырушы неғұрлым уытты болса, соғырлым тез өртейді.

Ауруға төзімді жануарға уыттылығы төмен пастерелаллар енгенде өртемейді.
Қоздырушы кеибір мүшелерде ғана, негізінен өкпеде, орын теуіп ауыру жітіден
созылмалы отеді. Пневмопия крупозды немесе серозды-катаральді болады. Ауру
өте жіті өткенде пневмония өрбіп үлгермеиді де, өкпеде тек домбығу мен
гиперемия байқалады. [4]

4.Ауырудың патогенезі

Малдың денесіне енісімен пастерелеллар қолайлы жағдайға душар болады да,
сөл мен қанға ілесіп бүкіл органдарды жайлап алады. Осыған орай ауыру тез
өршейді де, мал 12-13 сағаттарда өледі. Пастерелаллардың тез өсіп-өнуіне
байланысты, мал денесінде фагоцитоз реакциясы тез өршей алмаи, кешеуілдеп
қалады да, пастерелла саны шектен тыс көбейіп кетеді. Мұның нәтижесінде
ауыру септисемияға айналады. Көптеген жағдайда тіпті фагоцитоз реакциясы
басталып қалады да, микроб уытты малдың бүкіл денесіне жайылып, сөйтіп
ауыру асқынады. Бұған микробтар бөліп шығаратын агресиндер септігін
тигізеді, олар ауырудың күшін күшите түседі. Сондай ақ микроб денесінен
бөліп шығаратын эндотоксин капиляр қабырғаларын селдіретіп, шұрық тесік
етеді. Мұның салдарынан барлық органдар мен тканьдерге шапшып қан шығады,
қан құйылады. Оттегімен қорек жетіспегенімен мұндай ткандерде көп болып
некроз ошақтары қалыптасады. Малдың ауыруға тотеп беру қабілеті нашарлап,
пастереланың утты өте күшті болса, тез арада сепсис басталады. Ал малдың
қорғаныс күші микробтардың әсерінен басым болса, ауыру септисемия сатысына
дейін көтерілмейді; пастерелаллар жеке органдарда орналасып қалады да,
ауыру созылмалы түрге айналады. Пастереллалар олардың уыты көбінесе өкпені
қабындырады. Ауру қоздырғышы мал денесіне асқазан арқылы енсе, ол ұлтабарда
бейтарапталады да, пастереллез одан әрі өршімейді. [6]

5.Аурудың өтуі және оның белгілері

Пастереллез ірі қарада жіті, кейде өте жіті, жітілеу және созылмалы түрде
өтеді. Белгілері мен зақымданған органдардың түріне қарай ол септикалық,
кеуделік, ісіктік және ішектік пастереллез болып бірнеше түрге бөлінеді.
Тропикалық елдерде, сондай-ақ Закавказье елінде ол жіті және өте жіті
түрде, кейде септикалық түрде өтеді. Ірі қара малында бірнеше сағатқа
созылады. Ауыру малдың қызуы көтеріледі, бірақ кейбір деректерге қарағанда,
оның ыстығы көтерілмеуі де мүмкін. Бұзаудың температурасы кейде 39,5
градустан артпаған. Оның тәбеті қашқан, іші өткен, жалпы күйі нашарлаған.
Ауру бұзаулардың көпшілігі келесі күні ақ өледі. Кейбір бұзаулардың
ауыздарынан көбік аққан, бұлшық еттері құрысып тартылған. Олар көп ұзамай
өлген.

Пастереллезге шалдыққан ірі қарамен енекенің лезде аяқтары, сыртқы
жыныс мүшелері, бауыры, іші, тілі, мойнымен алқымы ісіп кетеді. Ісік
сипаған кезде ыстық және қатты болып сезіледі, бармақпен басқанда малға
ауыртпалық шектіреді сықырламайды, ісік тілге, мойынмен алқымға шықса, ауру
мал тыныс алған жұтынған кезде қатты қйналады. Оның езуінен сорғалап
сілекей шұбырады. Кейбір авторлардың діректеріне қарағанда ауру малдың
иығына, арқасына және сауырына іріңді күлдіреуіктер шығады. Кейде ол нерв
жүйесі ми зақымданып еліреді. Пастереллез өте жіті түрде өтсе, малдың
ыстығы шектен тыс жоғары көтеріледі де сепсис басталады. Осыған орай, ауру
белгілері білінбей тұрып көптеген мал өліп кетеді.

Жіті пастереллез кпезінде алдымен малдың тәбеті қашады, кейін ол азықтан
мүлдем бас тартады, ішектің, мес қарынның жиырылып қозғалуы баяулайды кейін
мал өлі тиіп ышқынады, осы кезде оның артқы тесігінен қан, кілегей аралас
нәжіс шығады. Кейде малдың танауынан қан кетуі мүмкін. Оның несебі сирейді,
кейде нәжісіне қан араласады.

Кеуде пастереллезі кезінде алдымен малдың өкпесімен плеврасы зақымдалады.
Мал самарқау тартып тәбетінен айрылады, оның тынысы тарылады. Мал қиқылдап
жөтеле береді, осы кезде танауынан кілегей шұбырады. Ауру барысы өршіген
сайын танаудан аққан кілегей іріңге айналады, оған кейде қан араласады.
Малдың алғашқы кезде іші қатады, кейін іші өтеді, күйісі тоқтайды.

Ішек пастереллезі кезінде ең алдымен малдың іші өтеді. Сондай-ақ, тыныс
органдары қабынады. Онымен әдетте жас бұзаулар ауырады. Малдың тәбеті
қашпайды, бірақ ол шөлдей береді бара-бара оның қаны азаяды, кілгей
қабықтары кетеді. Мал әлсіреп, көбінесе жатып алады, орнынан тұрғысы
келмейді. Жүргенде аяқтарын кібіртіктеп әрең басады денесінен ісік жайлап,
ақырында мал өледі. Аурудың бұл түрі 3-4 аптаға созылады. [8]

6.Өлекседегі өзгерістер

Ауру жіті және өте жіті түрде өтсе, тері астындағы еттегі дәнекер
тканьдерге фибрин аралас жалқаяқ жиналады. Жақыаяқ көкірек және құрсақ
қуыстарындада кездеседі. Ауызбен танаудың, көздің кілегейлі қабықтары
қанталаған. Барлық сөл бездері ұлғайған, қанталаған. Олардың ұлпасы
жұмсарған, қанталаған, ішіне қан құйылған. Тілдің түбін жұтқыншақты,
таңдайды инфильтрат басқан. Қуықты лимон түстес сарғылт несеп кернеген
несепке қан араласқан, қуықтың ішкі беті қанталаған. Бауыр ұлпасы іріп
жұқарған, ұлгайған. Оның әр жеріне қан құйылған. Сондықтан бауыр қызыл
болып көрінеді. Кейде мұнда үлкендігі тары түйініндей сарғылт сары түйіндер
кездеседі. Жүрек еттері босаңсып былжыраған оған қан құылған. окпе жаппай
қабынға.плевра көбінесе төс сүекке, қабырғаларға жабысып қалған. Осы арға
көп болып фибрин аралас жалқаяқ жиналған. Қарынмен ішектің сыртқы ішкі
бетіне көп болып қан құылған. ұлтабардың кілегейлі қабығыаы існген оган
қам құйылған. Аш ішекпен тоқ ішектің беттеріне лайсаң сұйық зат жиналған.

Бұзау аурудың ішек түріне шалдыққан болса, оның ішегінің қара май түстес
қан аралас сұйық зат табылады. Ауыру ұзаққа созылса, негізгі өзгерістер
кеуде қуысында, ішекте, кейде буындарда болады. [6]

7.Патанатомиялық өзгерістер

Аурудың ұзақтығымен клиникалық түріне байланысты болады. Аса жіті және
жіті түрде өткенде өлген жануарлардың көптеген ағзаларында кілегйлі және
сірі қабаттарында гемаррогиялық диатез тән жаппай қанталаған өзгерістер
кездеседі. Бауыр мен бүйректе өз қалпынан ауытқып, көк бауыр аздап
домбығады. Сөл түйіндері ісініп, қара қошқыл түс болады. Тері асты шелінде,
әсіресе ауырудың домбыққан түрінде, денесінің әр жерінде сарысулы фибринді
жолақтар болады. Өкпе домбығып, онда крупозды пневманияның бастапқы
кезеңінен сәйкес өзгерістер кездеседі. Ішектегі түрі кезінде қарын мен
бүкіл ішекте фибринді-гемарогиялық қабыну байқалады.

Пастереллез жітіден төмен және созылмалы өткенде өлген малдың өлексесінің
қатты арыған қуыстарының сірі қабықтарында тығыз фибринді жалқақ жабысып
жүруі мүмкін. Бронқылардың маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, қанталап
тұрады. Өкпеде қызыл және сұр бауырлану кезеңдеріне сай өзгерістер болады,
кейбір телімдері өлеттене бастайды, ал асқынған кезде іріңді фибринді
ошақтар кездеседі. Көк бауыр ұлғайып, бауыр мен бүйректерінде, өте ұсақ
өлеттенген тілімдер кездеседі. [9]

8.Ауыруды анықтауда эпизоотологиялық деректер

Ауру белгілері өлекседегі өзгерістер және бактериологиялық зерттеу
нәтижелері ескеріледі. Мұнымен қатар міндетті түрде лабароториялық
жануарлардың біреуіне ауыру малдың қанын жіберіп оның рекциясын байқайды.
Ауыруды бірден-бір анықтауда дәл анықтауда опсоно-фагоцитарлық реакцианың
үлкен мәні бар; мал ауыру болса, бұл рекция бірнеше ай бойы айқын білінеді.
Сондай-ақ осы мақсатпен бауыр мен талақтың, сөл бездерінің кесінділері,
жүректен алынған қан, кемік сүйектер лабороторияға зерттеуге жіберіледі.

Пастереллезді қарасан мен қараталақтан ажырата білу керек. Қараталақ
кезінде малдың қаны ұйымаиды, ал пастереллезге шалдыққан малдың талағы
ұлғаймаған, ішектері ісінген. Қарасан кезінде малдың денесінде ісіктер
шығады, ісінген еттер қара қызыл түсті, құрғақ, арасы қуыстау болып келеді.
Пастереллезді бұл ауырудан дәл анықтау үшін бактериологиялық зерттеу
жүргізіледі. [8]

9.Емдеу

Новерсенол, сульфаниламидтер мен антибиотиктер, сондай-ақ сыворотка және
бактериофаг кеңінен қолданылады. Жіті пастереллез кезінде малды арнаулы
сывороткамен емдеуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез ауруы туралы
Шошқа обасы туралы
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар жайлы
Жануарлардың патологиялық анатомиясы
Патанатомиялық өзгерістер
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар туралы
СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН ПРОТОКОЛ
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Жүректің гипертрофиясы
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Пәндер