Өлексені сою барысындағы анықталатын ауруды талдау



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3
II. Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама ... ... ... ... ... ... ... 4.7
1. 1.Тіркеу.
1.2.Анамнез.
III.Анықталатын ауруды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.1.Аурудың қысқаша анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.2.Этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.10
3.3.Патогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.13
3.4. Патологиялық.анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.16
3.5.Гистологиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.17
3.6.Диагноз.Ажыратып балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.20
IV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
VI.Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.25
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге беиімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дамуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұратына жетуіне Қазақстан- 2030 атты жолдауын ұсынғаны өзімізге белгілі. Ветеринарияның басты міндеті- ауыл шаруашылығының ветеринариялық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу; сондай-ақ, қазіргі таңда, еліміз БСҰ-на кіруді жоспарлап отырғанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы барған сайын жұрт назарын аударып отыр. Қазіргі кезде біздің мамандықтарымызға деген сұраныс та жылдан – жылға артып келеді. Себебі қаншалықты дамыған заманда өмір сүрсекте ветеринариялық аурулардың кейбір түрлерін, алдын ала алмай жатқандығымыз бәрімізге мәлім. Сонын бірі Сальмонеллез ауру.
Сальмонелез немесе қылау жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенінің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы. 1885 жылы Сальмон мен Смит обадан өлген шошқаның өлексесінен микроб бөліп алып,оны «Бактесифер» деп атады.1934 жылы Халықаралық микробтар құрамы бұл топтағы микробтарды сальмонеллалар деп атауды ұсынды.Аурудың басқа атауы паратиф,қазақша байырғы атауы қылау.
Қоздырушысы сальмонелла туыстығына құрайтын бактериялар тұқымдасына жатады.Олар соматикалық О,жіпшесіндей Н және қауашақтың К, арқылы Кауфман Цайт жүйесі бойынша 2200 ден астам серологиялык варианттарга бөлінеді.Олар әр түрлі мүліктін төлінде сальманеллез қоздырады,сонымен қатар буаз малдың іш тастауына себепші болады.Әр түрлі құстарда бұл микробтар тудыратын ауруларға шалдығады.Сальмонеллалар тағамнан болатын токсиинфекцияларының да себепкері.
Сыртқы ортада өте төзімді.Топырақта,көңде 9-10ай сақталады.
Қылаумен барлық түліктердін төлдері аурады.Бұзау 10 күндігінен 2 айлығына дейінгі аралықта кейде оданда кейін,торай туа салысымен 10 айлығына дейін әсіресе енесінен бөлген кезде,қозы туа салысымен кейде есейгенде,құлын негізінен туғаннан соң бірінші апта ішінде,ал кейде үш аптадан үш айлығына дейінгі аралықта аурады.Зертханалық жануарлардан ақ тышқан бейім,оны биосынама қою үшін пайдаланады.Сальмонеллардың әр қайсысы белгілі бір жануарларға бейімделген:сиырға-S.dublin,шошқаға-S.choleree-suis және S.tuphi suis,тауыққа-S.gallinarum-pullorum,үйрекке-S.enteritdis,жылқыға-S.abortus-equi,қойға-Sabortus-osis,тышқанға басқада кемірушілер мен су құстарына-S.tuphi murium.
1. Б.Т.Толысбаев, К.Б.Бияшев, Р.Ж.Мықтыбаева « Ветеринариялық санитариялық микробиология» Алматы 2008ж
2. Х.С.Жұмабеков,К.Ю.Дербышев «Жануарлардың патологиялық анотомиясы» Алматы 2011 ж
3. Т.Сайдулдин «Ветеринариялық індеттану» I-кітап, 1999ж
4. А.Бұлашев, Ө.Таубаев, Ж.Сұраншиев, К.Мырзабаев « Микробиология» Астана – 2014ж
5. Ө.Ығылманұлы «Ветеринариялық патологиялық анотомия» Алматы 2010ж,
6. А.В.Жаров,В.П.Шишков и т.д. «Патологияческая анатомия сельскохозяйственных животных» М,2001 г
7. http://lib.kaznau.kz/res/rmeb-mai/Kirkimbaeva
8. https://stud.kz/referat/ интернет сайттарынан қаралды.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың жоспары.
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
II. Өлексені сою барысындағы жазылған хаттама ... ... ... ... ... ... ... 4-7
1. 1.Тіркеу.
1.2.Анамнез.
III.Анықталатын ауруды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.1.Аурудың қысқаша анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.2.Этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-10
3.3.Патогенезі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-13
3.4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ..14-16
3.5.Гистологиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .16 -17
3.6.Диагноз.Ажыратып балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 17-20
IV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .22
VI.Қосымшалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-25

Кіріспе

Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге беиімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дамуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұратына жетуіне Қазақстан- 2030 атты жолдауын ұсынғаны өзімізге белгілі. Ветеринарияның басты міндеті- ауыл шаруашылығының ветеринариялық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу; сондай-ақ, қазіргі таңда, еліміз БСҰ-на кіруді жоспарлап отырғанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы барған сайын жұрт назарын аударып отыр. Қазіргі кезде біздің мамандықтарымызға деген сұраныс та жылдан - жылға артып келеді. Себебі қаншалықты дамыған заманда өмір сүрсекте ветеринариялық аурулардың кейбір түрлерін, алдын ала алмай жатқандығымыз бәрімізге мәлім. Сонын бірі Сальмонеллез ауру.
Сальмонелез немесе қылау жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенінің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы. 1885 жылы Сальмон мен Смит обадан өлген шошқаның өлексесінен микроб бөліп алып,оны Бактесифер деп атады.1934 жылы Халықаралық микробтар құрамы бұл топтағы микробтарды сальмонеллалар деп атауды ұсынды.Аурудың басқа атауы паратиф,қазақша байырғы атауы қылау.
Қоздырушысы сальмонелла туыстығына құрайтын бактериялар тұқымдасына жатады.Олар соматикалық О,жіпшесіндей Н және қауашақтың К, арқылы Кауфман Цайт жүйесі бойынша 2200 ден астам серологиялык варианттарга бөлінеді.Олар әр түрлі мүліктін төлінде сальманеллез қоздырады,сонымен қатар буаз малдың іш тастауына себепші болады.Әр түрлі құстарда бұл микробтар тудыратын ауруларға шалдығады.Сальмонеллалар тағамнан болатын токсиинфекцияларының да себепкері.
Сыртқы ортада өте төзімді.Топырақта,көңде 9-10ай сақталады.
Қылаумен барлық түліктердін төлдері аурады.Бұзау 10 күндігінен 2 айлығына дейінгі аралықта кейде оданда кейін,торай туа салысымен 10 айлығына дейін әсіресе енесінен бөлген кезде,қозы туа салысымен кейде есейгенде,құлын негізінен туғаннан соң бірінші апта ішінде,ал кейде үш аптадан үш айлығына дейінгі аралықта аурады.Зертханалық жануарлардан ақ тышқан бейім,оны биосынама қою үшін пайдаланады.Сальмонеллардың әр қайсысы белгілі бір жануарларға бейімделген:сиырға-S.dublin,шошқаға -S.choleree-suis және S.tuphi suis,тауыққа-S.gallinarum-pullorum, үйрекке-S.enteritdis,жылқыға-S.abor tus-equi,қойға-Sabortus-osis,тышқан ға басқада кемірушілер мен су құстарына-S.tuphi murium.
Сальмонеллаларды алып жүру жануарлар арасында кең тараған.Ересек жануарлардың көпшілігінде,мал қораларында бұл микроп жиі кездеседі. Сондықтан сальмонеллез кез келген шаруашылықта орын аладыда,малдың ауруға шалдығуы оның күтімі мен ветеринарлық-санитарлық жағдайға байланысты,аурудың басты себебі-шаруашылықтағы қырсыздық.
Сальмонеллезден буаз мал әсіресе жылқымен қой,ешкі іш тастайды.Іш тастау буаздық мерзімі екінші жартысына ауған мөлшерде сальмонеллалар бөлініп шығады. Ауру белгісі жоқ микроп алып жүретін ересек жануарлар инфекция бөліп шығарады.

15 күндік бұзаудың өлексесін сою барысындағы жазған.
патологиялық - анатомиялық хаттама №235
1. 1.Тіркеу
Мал иесі: Оспанов Бауыржан
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы,Шыңғожа ауылы
Мал түрі:Бұзау
Тұқымы:Ақ бас
Түсі:Қызыл қасқа
Жынысы: еркек
Жасы:15 күндік
Жеке номері:№487

Өлген жері:Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы,Шыңғожа ауылындағы бұзау қорада.
Бұзау 1.04.2016 жылы күні өлген.2.05.2016 ж Аягөз қаласының Мемлекеттік прозикториясына әкелінді.

1.2Анамнез.
Мал иесі Оспанов Бауыржанның айтуынша: бұзаудың күйзелісте болғандығын, және дене температурасы 41˚С болғанын мәлімдеді.иесінің айтуы бойынша бұзау б3р орыннан жылжымай жата берген, жатқанда к-бінесе мойынын созып немесе кеудесіне бүгіп жатқан. Танауынан кілегейлі сұйықтар ағып, көзі қызарып домбыққан. Нәжісі сұйылып, түсі қоңыр сарғыш, басында қоймалжың жалқақ, ал сонан соң қан аралас болған. Бұзаудың 7-8 күнен бастап іші өтіп, бұзауда дірілдер пайда болғандығын айтты.
Бұзауды: 2.05.2016 ж күні Аягөз қаласының прозекторы - сойды.
Союға қатысқандар: Маратбеков Т.М.
Имандосов А.Қ.
Азамбеков Ә.М

II. Сипаттау бөлімі.
Ерекше белгілері: Өлексе қатты арық. Жүні ұйпаланып, терісінің жылтырлығын жоғалтқан. Бұзаудың артқы жағы нәжіспен ластанған. Танауынан кілегейлі сұйық аққан. Көздің конъюктивасы қызарып, домбығып, жастың аққандығы білінеді.
Өлексенің сыртқы көрінісі:Өлексе сол жағымен жатқан.
Дене құрылысы:Денесі титықтап қатты арықтаған.
Қоңдылығы:Өте арық.
Тері асты қабаты:Нашар дамыған май жоқ.
Өлексе белгілері.
Өлексенің сууы:Өлексе суыған және өлексенің температурасы сыртқы ауаның температурасынан төмен.Сыртқы ауа температурасы +8°,ал бұзау өлексесінің температурасы 0° .
Өлексенің сіресуі:.Ауыз бен көзі ашық қалпында сірескен. Мойыны және аяқтары сірескен.
Өлекседегі қанның қайта шоғырлануы:Өлексенің сол жағында теріде және тері астындағы шелге қара қызыл қан құйылған.
Өлім дақтары:Өлім дақтары жоқ.
Өлексенің шіруі:Шіру процесі әлсіз байқалады.
Көзге көрінетін кілегей қабықтар.
Көзі: Көздің конъюктивасы қызарып, домбыққан.
Мұрын қуысы:Танау тесіктерінде кепкен жалқаяқ көрінеді. Танаудан, оның тесіктерінен бұлыңғыр кілегейлі сұйық шығады.
Ауыз қуысында:Кілегей қабықтары қалыңдаған, қанталаған. Әр жерінде қызыл дақтар байқалады.
Бұлшықеттері мен сіңірлері:Ақшыл бозарған,құрғақ, болбыр.
Сүйектер мен буындар:Бұлшықеттері - болбыр, сіңірлері бүтін.Сүйектері бүтін, тізе және тілерсек буындары әдетте серозды- фибринді қабынған.
Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу.
Құрсақ және көкірек қуысында: аздаған трансудат болады.
Талақтың: көлемі 2-3 есе ұлғайып қабығы кернеледі, консистенциясы біршама жұмсарады.Ұлпасы қызыл қошқыл түсті.
Жүрек : жүрек еттері болбырап,тіліп қарағанда сарғыш түсті болды. Жүрек еті дистрофияға ұшыраған. Эпикардта азды - көпті нүкте және дақ қанталаулар байқалады.
Бронх: бронха қуыстары іріңге толы.Өкпеаралық бронхалық сөл түйіндері үлкейіп, кейде іріміктелген сарғыш түсті өліеттенген ошақтар көрінеді.
Өкпе: өкпесі қабынған. Өкпедегі дерт процесі алдыңғы бөліктерден басталып, ортаңғы және артқы бөліктеріне ауысады.Өкпенің қабынған тұсары көкірек қабырғасымен фибринді талшықтар арқылы жабысып қалады.
Бауыр: дегенерациялық өзгерістер байқалады.Бауыр аздап ұлғайып,түсі аламышатанып, кей жерлері қанталаған.Бауырдың табиғи реңі өзгерген, жұмсарған, көптеген көмескілеу сары түйіндер кездеседі.
Бүйрек: дегенерациялық өзгерістер байқалып, қаны молайған, паренхималық дистрофияға ұшыраған. Сирегірек бүйректің сыртқы қабатында сұрғылт -ақшыл түсті ірірек продуктивтік қабыну ошақтары болды.
Ішектерде:Түгелімен катаральды қабынған.Оның кілегейлі қабығы домбыққан, қызарған және қанталаған.
* Ащы ішек: Кілегейлі қабығы катаральді қабынып, әр жерін қан кернеп,ойдым-ойдым қанталаған.
* Тік ішекте: Жолақты қызарған,кілегейлі қабығы қанталаған.
* Соқыр ішектерде: Соқыр ішектің мықын ішекке көршілес жері фибринді қабынған.
Патологиялық - анатомиялық диагноз.
1.Дифтериялық колит.
2.Жіті катаральді гастоинтерит.
3.Мезентеральды лимфа түйіндерінің жіті серозды қабынуы.
4.Ми қабатының жіті тұрақтанған гиперемиясы мен бас миының ісінуі.
5.Жіті тұрақталған гипермия және бауырдың дистрофиясы.
6.Жіті тұрақтанған гипермия және өкпелердің ісінуі.
7.Жүректің оң жақ бөлігінің жіті түрде кеңеюі.
Зерттеу материалы ретінде:Сальмоеллезге күдіктенге бұзау өлексесін қолдандық.
4 күн өткеннен соң № 875421 жауап келді.

Лабороториялық зерттеулер нәтижесі
Лабороторияға: бауыр өтіменнен,көк бауыр, бүйрек және өлексенің өкпесінің зақымдаған бөліктерін 30%- тік глицеринге салынып, жіберілді.
Бактериологиялық зертттеу нәтижесі: Жіберілген пат материалды бірнеше ЕПС, ЕПА, Эндо қоректік ортадасында өсіріп. Алынған культураларды микроскоппен қарап, биохимиялық қасиеттерін және сальмонеллезді қан сарысуымен зерттелді. Сонымен қатар зерттелінген обьектілерден жұғынды жасалып Грам әдісімен боялды. Нәтижесінде: Salmonella туыстығын құрайтын бактериалар, Enterobacteriaceae тұқымдастығына жататын Salmonella ennteritidis (dublin) қоздырушысы анықталды.
Серологиялық зерттеу нәтижесінде: жіберілген пат материалдарын агглютинация реакциясы қойылып, иммунофлуоресценция әдісімен тексеріліп зерттеу оң нәтиже берді. Яғни, Salmonella ennteritidis (dublin) қоздырушысы анықталды.
Гистологиялық зерттеулер бүкіл талақ ұлпасында немесе ошақтанып ірі торшалардың шамадан тыс көбейгендігін көрсетті. Торшалардың бәрі ыдырап өліеттенген, бауырда екі түрлі түйіннің болуы.Өкпеде бронхтар кілегейлі іріңдеп қабынған, ұлпасында кілегейлі қабынумен қатар фибринді қабыну дамыған. Тимус семген, бауыр түйіршікті дистрофияға ұшырап, қліеттеген ошақтар байқалады.

Қорытынды:
Патологиялық - анатомиялық сою және зертханалық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,бұзаудың өлім себебі - бұзаудың сальмонеллезі деген қорытынды шығардық.

III.Анықталатын ауруды талдау.
3.1. Аурудың қысқаша анықтамасы.
Салмонеллез - көбінесе ауыл шаруашылығы малдарының төлдері (бұзау, торай, құлын, қозы ), терісі бағалы аңдар, құстар мен адамдардың жұқпалы ауруларын қоздыратын, аурудың жіті ағымында безгекпен және профузды іш өтумен, ал созылмалы ағымында өкпе қабынуымен сипатталатын індет. [1]
Сальмонеллез барлық үй түліктерінің Salmonella микробтары тудыратын жұқпалы ауруы. Ауру жіті немесе созылмалы түрде өтеді. Негізгі клинико-анатомиялық белгісі - септицемия.
Сальмонеллалар сыртқы ортада кең тараған, олар ауруды малда да адамда да және құстар да тудырады. Қылаудан бұзаулар мен торайлар өлімі өте көп. Ересек малдарда ауру сирек кездеседі. Ауру қоздырғышы әсерінен жылқылар мен қойлардың жатыры, қағанағы мен оның қабықтары зақымдалады, мал іш тастайды. Құс балапандарының бұл ауруын пуллороз деп атайды және оның негізгі белгілерінің бірі іш өту, саңғырығының аппақ болуы. Ересек құстарда бұл ауруды сүзек дейді. Сонымен қатар сальмонеллалар басқа індеттерді асқандырады. Мал мен құстар сальмонеллалары көпшілік жағдайда адамның тамақ арқылы уыттануының себепкері болады. [2]
Сальмонеллез немес қылау - (Salmonellosis,паратиф) - жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы қткенде өкпенің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы. [3]
Қазіргі уақытта сальмонеллалардың 2000 - нан астам серологиялық варианттары белгілі. Олардың барлықтары Salmonellа туысына, Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады. [1]
Тарихи деректер. 1885 ж Сальмон мен Смит обадан өлген шошқаның өлексесінен микроб бөліп алып, оны Bact. suipestifer деп атады. 1934 ж халықаралық микробиологтар қоғамы бұл топтағы микробтарды сальмонеллалар деп, ал олар қоздыратын ауруды сальмонеллез деп атауды ұсынды. Аурудың ескі атауы - паратиф, қазақша байырғы атауы - қылау. [3]

3.2.Этиологиясы.
Қоздырушысы - Сальмонелла туыстастығын құрайтын бактериялар Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады. Соматикалық О-, жіпшесіндегі Н-және қауашақтық К-антигердері арқылы Кауфман-Уайт жүйесі бойынша 2 200- ден астам серологиялық варианттарға бөлінеді. Олар әртүрлі түліктің төлінде сальмонеллез қоздырады, сонымен қатар буаз малдың іш тастауына себепші болады. Әртүрлі құстар да бұл микробтар тудыратын ауруларға шалдығады. Сальмонеллалар адамның тағамнан болатын токсикоинфекцияларының да себепкері. Сальмонеллалардың морфологиялык құрылысы жағынан бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады. Олардың, барлығы да қысқаша таяқша (1-4 х 5 мкм), ұштары жұмыр, грамтеріс, спора түзбейді, кейбір варианттарынан басқаларында жіпшелері бар, қозғала алады. Кәдімгі қоректік орталарда жақсы өседі. Бір-бірімен ажырату үшін төсеніш шыныда монорецепторлык О- және Н-қан сарысуларымен агглютинация реакциясын қояды.
Сальмонеллалардың әрқайсысы белгілі бір жануарларға бейімделген: сиырға - S.dublin, шошқаға - S.cholerasuis және S. typhisuis, тауыққа S. gallinarum-pullorum, үйрекке - S. enteritidis, жылқыға - S. abortus equi, койға _ S. abortus ovis, тышқанға, басқа да кемірушілер мен су құстарына - S. typhi murium. Соңғы токсономиялық жіктелу бойынша сальмонеллалар екі ғана түрге бөлінеді: зардапты S. enterica және сапрофит S. bongori. S. enterica 6 түр тармақтарына (Subspecies) бөлінеді. Subsp. enterica (choleraesuis) - сальмонеллездің негізгі қоздырушысы оның түр тармақтары: Subsp. salamae, Subsp. arisonae (arisonae-a және arisonae- b ), Subsp. diarisonae, Subsp. houtanае, Subsp. indica. [3]
Сальмонеллез қоздырушысын сүтпен және нәжісімен бөліп шығарады.Ауырған жас төл сальмонелларды нәжіспен, несеппен және мұрыннан аққан сорамен,сәлекеймен бөліп шығарады.Бұл бөлінділер жем шопті,суды,төсенішті,қорадағы әр түрлі заттарды ластап,оларды аурудың жұқтыру факторларына айналдырады.Әр түрлі жәндіктер,кемірушілер қоздырушыны тасымалдаушы қызметін атқарады. [1]
Төзімділігі. Сыртқы ортада өте төзімді. Топырақта, көңде, суда 9-10 ай сақталады, 70-75˚С-та 30 мин. қыздырғанда өледі. Дезинфектанттардың әсеріне басқа спора түзбейтін микробтарға қарағанда анағұрлым төзімді. Зарарсыздандыру үшін 1 сағ. экспозициямен 3% күйдіргіш натрий, 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 20% жаңа сөндірілген әк, 5% ксилонафт эмульсиясы, 2% формалльдегид ерітіндісі қолданылады. [3]
Топырақта және қоршаған ортаның басқа да нысандарында - 30-270 тәулікке дейін, өлекседе - 100 тәулікке, ашық су қоймаларында және ішетін суларда - 11-120 тәулікке, мұздатылған етте - 60-130 тәулікке, жұмыртқада - 13 айға, жұмыртқаның ұнтағында - 9 айға, мұздатылған жеміс жидектерде 2 аптадан 205 айға дейін сақталады. Тікелей түскен күн сәулесеінің әсерінен олар 5-9 сағатта жойылады. Дезинфекциялағыш заттар (2% - ды хлорлы әк, 2% - ды натрий сілтісі, 2% - ды формальдегид ерітінділерін ) сальмонеллаларды 15-20 минут аралығында өлтіреді. Сальмонеллалардың гентамицин, неомицин, тетрациклин, левомицетин мен стрептомицинге сезімталдығы жоғары, ал сульфаниламидті және нитрофуранды препараттарға төзімді болып келеді. [1]
Сальмонеллалар температураға, концентрациясы жоғары ұздарға және кейбір қышқылдарға біршама төзімді келеді. Тұздалған және сүрленген азық - түлікте және әбден пісірілген етте бірнеше ай сақталады. Үй температурасында бірнеше ай тіршілігін сақтайды. [4]
Індеттік ерекшеліктері. Қылаумен барлық түліктердің төлдері ауырады. Бұзау 10 күндігінен 2 айлығына дейінгі аралықта, кейде одан да кейін, торай туа салысымен 4 айлығына дейін, әсіресе енесінен бөлген кезде, қозы туа салысымен, кейде есейгеңде, құлын негізінен туғаннан соң бірінші апта ішіңде, ал кейде 3 аптадан 3 айлығына дейінгі аралықта ауырады. Зертханалық жануарлардан ақ тышқан бейім, оны биосынама қою үшін пайдаланады. Сальмонеллаларды алып жүру жануарлар арасында кең тараған. Ересек жануарлардың көпшілігінде, мал қораларында бұл микроб жиі кездеседі. Сондықтан сальмонеллез кез келген шаруашылықта орын алады да, малдың ауруға шалдығуы оның күтімі мен ветеринариялық-санитариялық жағдайға байланысты, аурудың басты себебі - мал шаруашылығындағы ретсіздік. Мал өнімдерін өндіру технологиясы жедетілген сайын бұл аурудың таралу ауқымы арта түседі.
Сальмонеллезден буаз мал, әсіресе, жылқы мен қой, ешкі іш тастайды. Іш тастау буаздық мерзімі екінші жартысына ауған сәтте басталады. Ол кезде шарана суымен сыртқы ортаға көп мөлшерде сальмонеллалар бөлініп шығады. Ауру белгісі жоқ микроб алып жүретін ересек жануарлар инфекция қоздырушысын сүтпен және нәжіспен бөліп шығарады. Ауырған жас төл сальмонеллаларды нәжіспен, несеппен және мұрыннан аққан сорамен, сілекеймен бөліп шығарады. Бұл бөлінділер жемшөпті, суды, төсенішті, қорадағы әртүрлі заттарды ыластап, оларды аурудың жұқтыру факторларына айналдырады. Әртүрлі жәндіктер (шыбын, тарақан) , кемірушілер (егеуқұйрық, тышқан) қоздырушыны тасымалдаушы қызметін атқарады.
Бұзауға, қозыға және торайға ауру негізінен алиментарлық жолмен, сирегірек тыныс ағзалары арқылы жұғады, ал құлын кейде қозы тумай тұрып, жатырда ауру жұқтырады. Іштен ауру болып туған төл көп тұрмай бірер күн ішінде өліп қалады.
Төлдің қылаумен ауыруына жағымсыз факторлар: рационда белоктың, витаминдердің, минералдық заттардың, әсіресе кальций мен фосфордың, жетіспеуі, қысты күні қораның суық және дымқыл болуы, ал жазда ыстық өтуі себеп болады. [3]

3.3. Патогенезі.

Дерттенуі. Төлдің ішегіне түскен сальмонеллалар өсіп-өніп, қабыну тудырады да, қан мен лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Бактериялардың улы заттары (токсин) тамырлар қабырғаларын зардаптап, эндотелиоциттерді бүлдіреді, каннын ұйысу факторларының белсенділігін арттырады. Мұндай жағдайда септицемия орын алады. Қоздырушының өсіп-өну қарқыны жоғарылағанда, оның уыттылығы да артып, көп мөлшерде улы заттар бөліп шығарады. Микроб мұндай дәрежеге жеткенде әлсіреген жануарлардың ғана емес, төзімділігі жеткілікті дәрежедегі жануарладың да қорғаныс қабілетін жеңіп, ауру туғызады. Сальмонеллездің дерттену процесінде қоздырушы микробтың эндотоксині маңызды рөл аткарады. Бұл улы заттар қан тамырларына әсер етіп, экссудат бөлініп шығуына, қан тамырынан эртроциттердің сүзіліп өтіп, кілегейлі және сірі қабықтардың қанталауына жағдай туғызады. Ішектің кілегейлі қабықтарындағы, бауырдағы, көк бауырдағы және бүйректегі дегенеративті процестер өліеттенуге әкеп соғады. Өкпенің, мидың, буындардың зақымдануы мүмкін.
Нәтижесінде майда тамырпар кеңейіп, қан ағысы баяулайды, бауыр, талақ, бүйрек, т.б. мүшелердің майда қан тамырларында көптеген шашыранды қан ұйыстары (микротромбтар) мен стаз туындайды, паренхималык мүшелер дистрофияға ұшырайды, канталаулар пайда болады. Сальмонеллалардың бүкіл денеге жайылуы жануардың өліміне себеп болады.Өлімнің тікелей себебі - жіті сепсистік (токсиндік - инфекциялық) шок. Буаз малдарда (саулық, бие) коздырушы жатырға, плацентаға, шаранаға еніп, қабыну процестерін шақырып, іш тастауға әкеледі.
Сальмонеллаларды алып жүру жануаралар арасында кен таралған. Ере- сек жануарлардың көпшілігінің организмінде, мал кораларында бұл микроб жиі кездеседі. Аурудың қаулауы көбінесе шаруашыльщтағы малдың төзімділігін әлсірететін бағып - күтудегі, азықтандырудағы ақауларға байласынты болады.[3,5]
Өтуі және белгілері. Қоздырғыш организмге алиментарлы және аэрогенді, сонымен қатар құрсақтағы төлдерге және трансвариальды жолмен де енуі мүмкін.организмге енген сальмонеллалар алдымен аш ішекте көбейіп, үшек ворсинкалары арқылы лимфа жүйесі мен қанға өтіп, паренхиматозды органдарға таралып, сонда көбейеді.[1]
Ауру қоздырғышы азық арқылы ішекке түседі де, тез көбейіп, өніп өседі, қанға енеді. Осыған байланысты септицемия дамып, төл тез арада өліп кетеді. Әдетте төлдердің қаны айрықша жылдам қағынады. Микробтар ұлпалы ағзалардың (талақ, бауыр, жілік майы) ретикулоэндотели торшаларында бөгеліп көбейеді. Олардың патогендігі экзотоксинге Суыт) байланысты. Ересек малда ауру белгілері байқалмаса да, оларда бактерия алып жүрушілік болады, сүтке, нәжіске ілесіп мал денесінен сыртқа шығады. Мұндай малдар аурудың шығу және жұғу көздері болып есептеледі. Организмнің резистенттілігін бәсеңдетіп төмендететін әрқилы стресс - себептер аурудың шығуына және дамуына зор әсер етеді.[2]
Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 7 кунге дейін жетеді. Ауру септицемия, жіті және созылмалы энтерит түрінде өтеді. Жас төлдерде (бұзау, қозы, торай) септицемия, ересек малда әдетте жіті энтерит түрінде өтсе, жас шошқаларда, кейде сйырда созылмалы энтерит ретінде байқалады.
Бұзауда қылау жіті, жітіден төмен, созылмалы және үзікті түрде өтеді. Жіті өткенде қатты күйзеліп, дененің ыстығы көтеріліп, тұрақты 41- 42˚С болады. Ауырған бұзау бір орыннан көп жылжымайды, көбінесе жата береді, жатқанда мойынын созып немесе кеудесіне бүгеді, тұрғанда бүгжиіп, көзін жартылай ғана ашады. Тамыры жиілеп, минутына 110-150 рет соғады. Ентігіп, бүйірімен дем алады, тынысы жиілеп, минутына 60-90-ға жетеді. Көздің конъюнктивасы қызарып, домбығып, жас ағады. Танауынан кілегейлі сұйық ағады. Жүні ұйпаланып, терісі тұла бойында қызынып, сирақтары мен құлақтарында суынады. Егер бұзау өліп калмаса, 2-3 күн өткен соң іші өте бастайды. Нәжісі сұйылып, түсі коңыр-сарғыш, басында қоймалжың жалқақ, ал соңынан қан аралас болады. Нәжістің иісі жағымсыз, бара-бара іштің өтуі күшейіп, артқы тесіктен өзінен-өзі ағып тұрады. Кейбір бұзау дірілдеп, қалтырап, сирақтарының бұлшық еттері жыбырлап тұрады.
Ауру қатты өткенде бүйректің закымданған белгілері байқалып, несептің бөлінуі жиілеп, несеп күңгірттеніп, реакциясы қышкылданып, құрамында белок, эпителий торшалары, гиалин цилиндрлері, эритроциттер ұшырасады. Токсикоздың салдарынан несептің көлемі азайып, жүрек қызметінің бұзылу белгілері өрши бастайды. Бұзау жүдеп, әлсірейді, ыңырсып, басын кегжитіп немесе мойынын созып, басын жерге тіреп, көңіл аудармай, селқос күйге түседі. 5-10 күн ауырғанда тамыр соғуы ретсізденіп, тыныс алуы үздік-создық болып, есеңгіреп, өліп қалады.
Егер ауру жеңіл өтсе және уақыттылы дұрыс емделсе, дененің ыстығы бірте-бірте қайтып, ішек-қарынның қызметі қалпына келеді. Іштің өтуі тоқтап, бұзау жазылып кетеді. Басқаша болғанда ауру жітіден төмен неме-
се созылмалы түрге ауысады.
Жітіден төмен өткенде клиникалық белгілері жіті өткеңдегідей, бірақ
бәсеңірек білінеді. Іші бір өтіп, бір тыйылады да, тыныс мүшелерінің зақым-дануы: ринит, конъюнктивит, жөтел байқалып, танаудан сулы-кілегейлі сора ағады. Жұтқыншақты басқанда жөтеле бастайды. Аускультация кезінде өкпеден везикулярлық тыныс пен сырыл естіледі, перкуссия кезінде кейде өкпенің алдыңғы бөлігінде дыбыс бәсеңдеп шығады.
Созылмалы өтуі әдетте жіті және жітіден төмен өтуінен туындайды да, тыныс мүшелерінің басым зақымдануымен ерекшеленеді. Танаудан кілегейлі-іріңді сора ағып, жөтел пайда болады. Жөтел бастапқыда құрғақ, соңынан ылғалды болып, жөтелгенде бұзау қиналып, тынысы тарылады. Аускультация кезінде қатайған везикулярлық тыныс пен құрғақ сырыл естіледі. Дененің ыстығы тұрақсыз, айнымалы болып, пневмонияның белгілері күшейе түседі. Өкпенің зақымданған бөлігінде тыныс бронхалық сипат алып, ылғалды сырыл шығып, перкуссия дыбысы бәсеңдейді. Ауру бұзау селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды, жөтелгенде ауырсынып, ыңырсыған дыбыс шығарады.
Дененің температурасы кейде 40,5-41,5˚С деңгейінде тұрып алады. Кейде созылмалы қылау кезінде буындары ісіп, алғашында тізе және тілерсек буындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесін зерттеу
Тауықтардың ньюкасл ауруы
Шошқа обасы туралы
Құтырық
Қой эймериозы
Жылқы делафондиозы
Ауруды балау
Құтырық жіті өтетін ауру
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Ірі қараның лептоспирозы
Пәндер