Қойдың сібір жарасы ауруының мәнін, даму механизмін білу,оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайларда өлекседегі өзгерістер


Курстық жұмыстын жоспары:
I. Кіріспе.
ІI. Өлексені сою барысында жазған хаттама:
2. 1. Кіріспе бөлім ( тіркеу, қысқа анемнез)
2. 2. Сипаттау бөлім (өлексенің сыртқы және ішкі көріністері)
2. 3. Қорытынды бөлім (патологиялық-анатомиялық диагноз, қосымша лабораториялық зерттеудің нәтижесі, өлім туралы соңғы қортынды)
ІІI. Анықталған ауруды талдау:
3. 1. Аурудың қысқаша анықтамасы
3. 2. Этиологиясы
3. 3. Патогенезі
3. 4. Патологиялық-анотомиялық өзгерістер
3. 5. Гистологиялық өзгерістер
3. 6. Диагноз
3. 7. Дифференциалды диагноз
IV. Қорытынды.
V. Қолданылған әдебит тізімі
VI. Қосымшалар
I. Кіріспе.
Патологиялық анатомияның жалпы бөлімі әрбір патологиялық процестерді өз алдына қарастыратын болса, жеке бөлімі осы процестерге байланысты туатын ауруларды зерттейді. Мыс: патологиялық анатомияның жалпы бөлімінде қабыну туралы жалпы түсініктер берілсе, жеке бөлімінде, кейбір мүшелердің қабынуы қаралады.
Әрбір аурудың дамуы организм мен қоршаған орта арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты.
Ауру организм тіршілігінің жаңа бір түрі есебінде физиологиялық негізде дамиды, сондықтан ауру мен денсаулықты бір-біріне қарама-қарсы қою мүмкін емес. Әрбір аурудың өзіне тән себептері, даму механизмі, морфологиялық және клиникалық ерекшеліктері болады.
Аурудың себебін білумен қатар, оның патогенезін де үйрену қажет. Ауру дамуында жергілікті және жалпы процестердің өзара қарым- қатынасының орны ерекше. Ауру жергілікті патология есебінде басталады да, кейін бүкіл организм сырқатына айналады.
Жалпы менің бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты қойдың сібір жарасы ауруы кезіндегі мал ағзасында туындайтын өзгерістерді анықтау.
Мен осы курстық жұмысымды жаза отырып, қойдың сібір жарасы ауруының мәнін, даму механизмін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайларда өлекседегі өзгерістерді негізгі мақсатым деп білем.
Жалпы малда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулармен шаруашылықтар жоспарлы түрде күрес жүргізу маңызды болып келеді. Мұның нәтижесі мал шығынын азайтуға және тіптен болдырмауға жол салады.
Егер ауру табыла қалған жағдайда ауру малды емдеп, аурудың таралу себебін анықтайды. Ауру мал емдеуге келмей, өлген жағдайда өлексені паталого анатомиялық жарып сойып, аурудың түрлі себептерін анықтауда бұл пәннің алатын орны ерекше болып табылады.
Хаттама №356
ІI. Өлексені сою барысында жазған хаттама
2. 1. Кіріспе бөлім
Мал иесі: Бабарханова Маржан
Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай 97
Жеке нөмері: 356
Малдың өлген мезгілі: 11. 11. 2016 ж.
Өлексенің сойылған жері: аудандық ветеринариялық зертхана
Өлексені союға қатысқан адамдар: мал дәрігері Оралов Нұрсұлтан, көмекшісі Рысбекова Жадыра, лаборанттар Ермекова Салтанат, Совет Құндызай.
Сойылды : 12. 11. 2016ж
Ерекше белгілері немесе лақап аты: биязы жүнді, қаракөл тұқымды қой, 2 жаста, ұрғашы, 1 рет қоздаған.
Анамнез: мал өлер алдындағы клиникалық белгілері: саны мен қолтығы ісінген, 2 күн жүре алмаған, азықтан бас тартқан, жүдеген, жалпы әлсіздік.
2. 2. Сипаттау бөлімі
Сыртқы көріністері: Тері мен шел қабатты. Сыпырылған терінің ішкі жағы қоңыр-қызыл түсті, шелдегі қан тамырлары білеуленіп, маңайы қанталап, әр жерінде қанды жалқақ пайда болады. Шел әр-әр жерінде нүктелі қансырау болған. Шел асты лимфа түйіндері ұлғайған, сулы, қанды жалқайақ басқан. Қаны қоңыр-қощқыл, қоюланған, барлық органдарында қансырау байқалады, қансырағанмен де ондағы қан органдарда қошқылданып ұйып қалған.
Бұлшық еттің түсі өзгеріссіз деп айтуғада болады. Бұлшық ет талшықтары айқын көрінеді. Жыныс жүйесіне назар аударсақ сірлі қабықтарында сұйықтық жиналған. Бірақ сыртқы бөлінуі болмаған. Қынап кіреберісі мен қынап қызарған. Ісіктер байқалады. Ісік беті құрғақ. Сүйектері қалпын сақтаған сүйектерінде құрғақшылық байқалады. Буындарында ісіктер кездеседі. қой өлексесі оң жағымен жатыр. Аяқтары созылған. Мойыны қайырылған. Өлік ісінген. Түгі жұлмаланған. Мұрнынан және ауыз қуысынан көпіршікті - қанды сұйықтық ағуда, саны мен қолтығының астындағы ісік қанталаған, ісіктің ортасы өліеттеніп, ойыла бастаған. Кілегейлі қабықтары көгерген. Көзі жартылай ашық. Көздің коньюктивасы ісінген, көгерген.
Ішкі көріністері:
- Аузыныңкілегей қабығы қанды жалқайақтанған, ісінген. Тілінде тістің іздері қалып қалған.
- Мұрныкілегейлі қабықтары қызарған, ісінген, онда көпіршекті-қанды сұйық ағуы байқалады.
- Кеңірдек пен бронхыларқан араласқан сұйықтыққа толы. Олардың қан тамырлары білеуленген.
- Өкпеісінген, домбыққан, жайылған қызыл дақтар басқан. Өкпеге қан кернелген. Сірлі қабығы қанжалатылған, өкпе түсі қошқылданып кеткен. Сыртқы қабатында сұйықтар орналасқан. Кескенде қанталаған, сөл түйіндері ұлғайған, шеттері бірікпейді. Шүйгінденіп қанталап тұрады. Қанды сарсу іркіледі. Барлақ үлпершек ұлпалар толққанды болады.
- Жүрекұйымаған қара қошқыл қанға толы, миокардта түйіршікті дистрофия байқалады. Түсі қара - қошқыл. Жүрекке келетін қан тамырларда тромбоз байқалады. Кескенде шеттері бірікпеген.
- Диаграммасары-қызғылт түсті. Онда бұлшық ет талшықтары жақсы көрінген.
- Ішектердіңсірлі қабықтарына он екі елі ішекте гиперемия, қанды түйіндер орналасқан. Тік ішекте карбунклдар кездеседі. Ішектің кілегейлі қабығы әдетте ісініп, қанталайды, ауырудың ішектегі түрі кезінде әр жерінде қанды жалқақ болады.
- Бауыр, Бүйрекболбыраған, қанға толған, ісінген. Түйірші дистрофияға ұшыраған. Түсі қошқылданған. Кескенде шеттері бірікпейді.
- Талаққатты ісінген және қанмен кернелген. Кесіп қарағанда пульпа ботқа сияқты ағып тұрады. Түсі қызыл-қоңыр.
Паталогиялық анатомиялық диагноз:
- Геморрагиялық диатез
- Геморрагиялық лимфаденит
- Бауыр, жүрек, бүйректегі дистрофия
- Қара - қошқыл қан
- Аш ішектің некрозды қабынуы
- Шеткі лимфа түйіндерінде серозды қабыну
- Плевраларда транссудат жиналуы
Лабораториялық зерттеулер нәтижесі
Лабораторияға құлағын, қанын жібердік
Бактерологиялық зерттеулер нәтижесі: Bac. Anthracis қоздырушысы анықталады.
Серологиялық реакция: преципитация реакциясы бойынша анықтағанда теріс көрсеткіш болады.
2. 3. Өлім себебі бойынша қорытынды
Малдың өлу себебі Сібір жарасымен зақымдануы. Зетханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған қалың жағындыны жібереді. Құлақты пергамент қағазбен немесе целофанмен орап металл қорапқа, банкіге немесе мықты жәшікке салып арнайы адам арқылы лабараторияға жібереді.
ІІI. Анықталған ауруды талдау.
3. 1. Аурудың қысқаша анықтамасы
Сібір жарасы - адамзат баласына «қасиетті от немесе парсы оты» атауымен ерте заманнан белгілі ауру түрі. Аурушаңдыққа толық сипаттама 18 ғасырда жасалған. Аталмыш дерт Сібірде кеңінен таралғандықтан сібір жарасы атауына ие болып, орыс дәрігері Андреевский сібір жарасының адам мен жануарға ортақ ауру екендігін және ол жануарлан адамға жұғатынын дәлелдеп берді.
Аурушаңдық Азия, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде көп тараған. Оның ошақтары Ресей, Татарстан, Қазақстан және тағы басқа да елдерде бар. Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 60 жыл ішінде 1700-ден астам сібір жарасы бойынша станционарлы қолайсыз пункттер тіркелген. Бұл пунктерге жануарлар мен адамдар арасында сібір жарасы анықталған 2600-ден ошақтар тіркелген[1] .
Қазіргі медицинаның сипаттауы бойынша, сібір жарасы - жіті жұқпалы ауру. Көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі - сирек кездеседі. Аурушаңдықтың қоздырғышы - Bacilluc anthracis - жоғары температурада қыздырғанда және қарапайым дезинфекциялау құралдарын пайдаланғанда жылдам жойылатын сібір жарасының бацилласы[4] .
Қазақ тілінің тіл байлығы немесе аурудың қазақ жерінде өте көп кездесетіндігінен бе, ежелден мал өсірген қазақ халқы ауруға шалдыққан малдың түрінде қарай қойда - «топалаң», ешкіде - «шек-шек», ірі қарада - «қараталақ», «қарасан», түйе - «ақшелек», «қарабез», жылқыда - «жамаидат», кейде «гегене» деп атаған.
3. 2. Этиологиясы
Ауру қоздырғышының басталу көзі болып ауру малдар саналады. Себебі, олар топалаң қоздырғышын сілекей, нәжіс, несеп және сікейлері арқылы сыртқа шығарып отырады. Жұқпалы ауру қоздырғышының берілу факторлары ретінде залалданған сыртқы орта объектілерін жатқызуға болады. Оларға тері, жүн, суйек, мүйізбен бірге топалаңнан өлген малдың өлексесі жатады. Бұлардың ішінде малдың өлексесі ең қауіпті. Сол себепті, ветеринариялық заңдылықтар бойынша топалаңнан өлген малдың өлексесін сойып, етін пайдалануға рұқсат етілмейді. Дер кезінде залалсыздандырылмаған, жинақталмаған өлекселерді жабайы аңдар мен құстар жан-жаққа таратуы мүмкін. Қоздрушысы - васillus anthracis ірі /3-10X1-1, 5мкм/қозғалмайтын грамоң, спора түзетін ауа сыбағалы екі ұшы кесілген болып көрінетін таяқша.
Жануарлар ауруды топалаң қоздырғышымен залалданған жайылымда жайыла жүріп, жем, шөп немесе су арқылы жұқтыруы мүмкін. Оның жұғуына ауыз қуысы мен өңештін кілегейлі қабығының зақымдануы, тістің түсуі, гастриттер мен гастроэнтериттер қолайлы жағдай туғызады. Аурудың басқа да жолмен таралуына маса, сона, шыбын-шіркей тәрізді қан сорғыш жәндіктер септігін тигізеді. Сонымен бірге, топалаң қоздырғышы аэрогенді жолмен де жұғуы мүмкін. Яғни, мұндай жолмен жұғу, әсіресі, қойларды бір жайылымнан екінші жайылымға шаңдатып айдағанда жиі кездеседі[2] .
Топалаң қоздырғышы адамдарға көп жағдайда жануарларды күтіп-баққанда, сойғанда, сойылған етті тілшелеп жайғанда, сонымен басқа да шикізаттарды өңдегенде жұғады. Ауру адам эпидемиялық және эпизоотиялық тұрғыдан ешқандай қауіп тудырмайды.
3. 3. Патогенезі
Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан қой оны қасып, бетін жаралап тастайды. Ірінді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз. Күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды.
Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иеленген терімен салыстыруға болады) [2] .
Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан қой әлсіреп, селқос болып, алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.
Созылмалы түрі өте сирек кездеседі, тіптен кездеспейді деуге де болады. Аурудың бұл түрінде кейде топалаңның клиникалық белгілері байқалмай, жануарлар бірден өлімге душар болуы мүмкін.
Топалаң ауруы бір-екі күнген дейін созылып, жануарлардың денесінде добығулар пайда бола бастайды. Жануарлар жем-шөртен қалады, күйіс қайыруы тоқтап, қатты шөлдейді, іштің өтуімен ұласады[2] .
3. 4. Патологиялық - анотомиялық өзгерістер.
Топалаңға күдіктенгенде өлексені союға тиым салынады. Бірақ кей жағдайда жануардың тірі кезінде мұндай күдік тумайды да, ауруға тән патанатомиялық өзгерістердің көзге түсуі өлексені жаруды тоқтатып, сыртқы ортаны ауру қоздырушысымен ластануын болдырмайтын шаралар қолдануға негіз болады.
Топалаңнан өлген малдың өлексесі тез бүлінеді, әдетте кебініп, сіресуі болмайды немесе әлсіз дәрежеде байқалады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық, кейде қан ағады. Әр жерінде, көбінесе жағының астында, мойынынын төменгі жағында, қолтығы мен шабында былқылданған ісік болады. Қаны қара қошықыл түсті, ұйымайды. Сыпырылған терінің ішкі жағы қоңыр-қызыл түсті. Шетелдегі қан тамырлары білеуленіп, маңайы қанталап, әр жерінде қанды жалқақ пайда болады. Мұндай жалқақтар қабырға асты және өкпе плеврасында да кездеседі. Сірі қабықтарының көп жері қанталаған. Сөл түйіндері ұлғайып, шүйгінденіп қанталап тұрады. Көкірек және құрсақ қуыстарында қанды сарысу іркіледі. Барлық үлпершек ұлпалар толыққанды болады. Көкбауыр шектен тыс ұлғайып, оның пульпасы жұмсарады кесілген жерінен қарамай тәрізді мол қырынды алуға болады. Бірақ кей жағдайда көкбауырда айтарлықтай өзгеріс болмауы да мүмкін. Бауыры әдетте болбырап, бүйрек қанталап тұрады. Жүрек ұйымаған қара қошқыл қанға толы, плевралары қанталаған. Бронхылары мен кеңірдектерінің іші қанды көбікке толған. Ал ішектің кілегейлі қабығы әдетте ісініп, қанталайды, аурудың ішектегі түрі кезінде әр жерінде қанды жалқақ болады.
Ауру аса жіті түрде өткенде өлекседе топалаңға тән патолого анатомиялық өзгерістердің болмауында мүмкін екенін естен шығармау керек[5] .
3. 5. Гистологиялық өзгерістері
Жануар организімінде және табиғи белогі мол қоректік ортада қауашақ түзеді және бұл қасиет утты штамдарына тән. Өсуіне қолайсыз жағдайда, ауадағы оттегінің қатысумен, 15 . . . 42 0 С температура аралығында спора түзеді. Сойылмаған өлекседе спора түзілмейді де, өлексе шірігенде микроб өліп қалады. Спора түзу арқылы бұл микроб түр ретінде сыртқы ортада сақталады. Патологиялық материялдан алынған жағындыда бациллалар жеке - жеке немесе жұптанып, сирек жағдайда қысқа тізбек ретнде орналасады. Боялған жағындыда тізбектегі таяқшалардың тізбектің өз бамбук таяғы сияқты бунақтанып тұрады.
Микроб қарапайым қоректік ортада жақсы өседі. ЕПА/етпептон агарында / өскенде R - формасына тән жатық күңгрт - ЕПС/етпептон сорпасына/ пробирканың ұлпаланған бір шөкім мақтаға ұқсас тұнба береді. Ет пептон желасина пісіп еккенде аударылған шырша тәріздес өседі. Пеницилин қосылған ЕПА-да өскенде домаланып шарға ұқсайды. меруерт моншағы құбылысы деп аталатын бұл қасиеті топалаңға диагноз қою үшін пайдаланылады. B. anthracis өзіне тән бактериофагқа аса сезімтал. γ-МВА деп аталатын бактериофаг лабараториялық диагностикада қолданылады. Споралар өте төзімді, физикалық және химиялық факторлар оларға әсер етпейді. 1 сағат бойы қайнатуды, 3 сағат бойы 140°-ты буды көтереді. Тері бстінде тұздаған, кептірілген кезде де жойьшмайды (сондықтан жүн мен тері қауіпті факторлар деп саналады) . Дезинфекциялаушы жабдықтар да жоғары концентрацияда болу керек. Сыртқы ортада өте төзімді спора құрады, олар көп жылдар бойы {10 жылдан көп) сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz