Приречный ауылындағы мүйізді іріқара бруцеллезін жою шаралары



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 . 17
2.1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 . 12
2.2 Приречный ауылындағы мүйізді іріқара бруцеллезін жою шараларын өткізудің күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... .13 . 16
2.3 Хаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қосымшалар
Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Малдың бруцеллез індетіне қарсы бөлім Республика көлемінде мал арасында бруцеллез ауруының пайда болу жолдарын тексеру, таралуын анықтайды, олармен жоспарлы түрде /шарушылықтардың мал өсіру бағатына сәйкес/, курес жүргізілу шараларын белгілейді. Малы сау шаруашылақтарды осы аурулардан сақтандыру және ауру тараған шаруашылықтарды одан арылту мүмкіншіліктерін жан жақты жоспарын жасап, дер кезінде орындалуын қадағалайды. Облыстағы індеттерге қарсы күресетін арнаулы экспедициялардың жұмыстарына басшылық етеді.
Қазақстан бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет салалары заман талабына сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі күрес қосып, келеді. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы Приречный аулының және оған қарасты мал дәрігерлік учаскелер бар. Соның ішінде бруцелезге қарсы құрылған аудандық экспедицияда 12 мал дәрігері қызмет жасайды. Бұл аудан аймағанда жыл сайын тіркеліп отыр. Сонымен бірге Приречный ауылы 2000 бас ірі қара бруцеллезге оң нәтиже беріп, етке сойылды. Сондықтан бруцеллезді болдырмау үшін аудандық аумақтақ басқармалар күшін салуда.
1. Т. Сайдулдин «Ветеринариялық індеттану» Алматы – 1999
2. Ветеринариялық журналдар 4,8, шығарылым. 2008 жыл.
3. патологическая анатомия сельско – хозяйственных животных. Москва « Колос» 2001 г.
4. Б.Д. Айтжанов « Фармакология» Алматы - 2006

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

І Кіріспе
ІІ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4 - 17
2.1 Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4 - 12
2.2 Приречный ауылындағы мүйізді іріқара бруцеллезін жою шараларын
өткізудің күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... .13 - 16
2.3 Хаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 19
Қосымшалар

К і р і с п е
Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін
жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және
оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту
мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап,
осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал
дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын
қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының
дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен
қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Малдың бруцеллез індетіне қарсы бөлім Республика көлемінде мал арасында
бруцеллез ауруының пайда болу жолдарын тексеру, таралуын анықтайды,
олармен жоспарлы түрде шарушылықтардың мал өсіру бағатына сәйкес, курес
жүргізілу шараларын белгілейді. Малы сау шаруашылақтарды осы аурулардан
сақтандыру және ауру тараған шаруашылықтарды одан арылту мүмкіншіліктерін
жан жақты жоспарын жасап, дер кезінде орындалуын қадағалайды. Облыстағы
індеттерге қарсы күресетін арнаулы экспедициялардың жұмыстарына басшылық
етеді.
Қазақстан бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет салалары заман талабына
сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі күрес қосып, келеді. Бүгінгі таңда Шығыс
Қазақстан облысының Семей қаласындағы Приречный аулының және оған қарасты
мал дәрігерлік учаскелер бар. Соның ішінде бруцелезге қарсы құрылған
аудандық экспедицияда 12 мал дәрігері қызмет жасайды. Бұл аудан аймағанда
жыл сайын тіркеліп отыр. Сонымен бірге Приречный ауылы 2000 бас ірі қара
бруцеллезге оң нәтиже беріп, етке сойылды. Сондықтан бруцеллезді болдырмау
үшін аудандық аумақтақ басқармалар күшін салуда.

2.1 Әдебиетке шолу
Конопаткин А.А-ның 1984 мәліметіне сүйенсек бруцеллез brucellosis-
аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің
жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы
ауруы.
Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін
Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде.
Қоздырғышы. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus,
Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық
бруцеллалар полиморфты, 0,6-1,5*0,5-0,7 мкм. Микробтар қозғалмайды,
анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула
түзеді.
Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес.
60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған
және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады, киімде – 14
кун, ірімшік,май, тұздалган теріде – 67 кун, тұздалған етте – 3 айға дейін
сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта – 4 айға дейін өміршендігін
сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке тускен кун
саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид (1%) ерітінділері бір
сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк – 2 сағатта өлтіреді.
Індеттік ерекшіліктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың
табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады,
әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай
жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан
сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб
сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді.
Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сакаталып, оқтын-
оқтын сутпен бөлініп тұрады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін
сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда,
бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен
кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың шуымен
не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға
шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы
мумкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда
індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып,
тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды аралстыру індетті өршетіп, оның жаңа
ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс
орындамау, сотының нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің
нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау,
дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.
И.А. Тарасовтың (1937) мәліметі бойынша Br. Melitensis – жоғары вирулентті
штамының 50 мың бруцелласының 10-ы қойларда тек лимфа түйіндерінің аймақтық
инфекциялануын тудырды, ал 100 мың доза-генерализденген инфекциялануын
тудырды. Бұдан мынадай қорытынды жасалды: салыстармалы түрде қойлар
бруцеллез инфекциясына төзімді және олардың кілегей қабығы мен тері арқылы
зарарлануы үшін бруцеллалардың көп мөлшері керек.
Елеміздің әр түрлі мекемелерінде бруцеллалардың вируленті штаммдарын
титрлеген кезде Br.melitensis штаммынын конъюктиваішілік және тері астына
егіп жұктырудағы салыстырмалы шамамен орташа көрсеткішінің 25 тен 100 мың
микроб денесі екенін анықтады (М.М. Иванов, Е.С. Орлов) Бұл жағдайда
белгілі уақыттан кейін қанда спецификалық антидене тудыратын, аз уакытты
бактерияны және жануар ағзасының бөлек органдары мен ұлпаларына
қоздырғыштың енуін тудыратын бруцелла дозасы айтылған.
Қайдағы сияқты сиырда да Br. Abortus-қа төзімділік бар. Бұл жануар үшін
орташа зарарлану дозасы көздің кілегейлі қабығына ендірілген 10 нан 100
млн. Микробды денеге жетеді. (М.М. Иванов,Е.С. Орлов және басқалары).
Қолдан зарарлаған кезде қоздырғыш дозасымен инкубациялық кезеңнің ұзақтығы
анықталады. Бірақ ол үшін группадағы жануарлардың массасы мен жасы бірдей
болулары керек.
Латентті микроблоздың қалпы, яғни ағзада қоздырғыш тіршілік ете тұра, басқа
органдарын зарарламауы, адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялық
ауруларының біліну қалпы екенін естен шығармау қажет.
(А.Зильбер, 1958)
А.Триленко (1956),Плане (Plomet, 1971) және басқа авторлар көрсетуінше,
инфекция көзі болып қалыпты бұзалау кезіндегі бруцелла бөлетін сиырлар да
жатады.
Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген
көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең
минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық
бруцеллезге әкеліп соғуы мүмкін. (Трипенко А.,1976)
Дерттенуі. Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс
жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз конъюнктивасынан тоқтаусыз өтіп,
сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде
тұрақтайды. Кейіннен басқа сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін з кезіге бөледі: бастапқы латенция,
генерализация және екінші летенция.
Регионарлық ( шектелген ) инфекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір
ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды.
Бұл кезеңде сөл түйіндерінің синустарында гиперплазия басталып, үлпершек
ағзаларда лимфоциттер мен гистоциттердентұратын микрогранулалар түзіліп,
лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық макрофагтардың қордалануы
байқалады. Бұл кезең әсіресе жас төлдерде ұзаққа созылады. Жалпы алғанда
ьұл құбылыстар инфекцияға қарсы туындайтын иммунитеттің алғы шарттары болып
табылады. Сондықтан жас малдың организмі бруцеллезге төзімді болып келеді.
Бұл кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады және бір ерекшелігі антидене
түзу баяу жүреді де, серологиялық көрсеткіштер төменгі дәрежеде болады.
Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің
нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысы кезінде жиірек
өрбейді. Шаранада болатын эритритол көмірсулары бруцеллалардың өсуін
жеделдетеді деп есептейді. Бұл кезең бактериямен және айқын клиникалық
белгілерімен ерекшеленеді. Жануарлардың денесінде әр түрлі мүшелер мен
ұлпаларда өліеттенген қабыну процесстері өрбіп, оның нәтижесінде орхит ,
бурсит, вагинит сияқты бруцеллездің негізгі белгілері пайда болады.
Жатырдың кілегейлі қабығы, қағанақ қабының және ұрықтың зақымдануы
салдарынан буаз жануарлар іш тастайды. Генерализация кезеңінде антидене
түзілуінің күшеюіне байланысты серологиялық реакциялар оң нәтиже береді.
Бірақ, аборт болғанда қанға көп мөлшерде түскен бруцеллалардың антигендері
антиденелерді ыдыратып, серологиялық реакциялардың нәтижесі теріс болуы
мүмкін.
Генерализациядан кейін байқалатын екінші латенция кезеңінде аурудың
клиникалық белгілері өше бастағанымен денеден ұзақ уақыт бойы микроб
бөлініп шығады. Бұл кезеіде организмде осы ауруға тән өзгеше аллергиялық
құбылыстар бай қалады.
Өтуі мен симптомдары. Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық
немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2 – 4 аптаға
созылады. Егер ауру жұққан малдардың ішінде буаздар болмаса, бруцеллез
симптомсыз өтеді. Онда шалдыққан малдарды серологиялық немесе аллергиялық
тексеру арқылы ғана анықтауға болады.
Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі - буаздықтың
екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр негізінен 5 – 8 айлығында, қой
мен ешкі 3 – 5 айлығында, мегежін кез – келген уақытта, ит 4 0- 50 күн
болғанда іш тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал
мегежінде ол бірнеше рет қайталануы мүмкін. Іш тастар алдында буаз малдың
емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт –
қоңыр түсті сора ағады. Іг тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда
кілегей – іріңді, соңынан іріңді – фибринді эндометрит байқалады. Кейбір
жануарларда эндометритке қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий
түтікшелері қабынады. Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріліп, малдың
сүті азайып, жүдеп кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануардың жыныстық
қабілетін нашарлатып, соңы бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жекелеген жануарларда бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит,
тендовагнит, ал еркек малдарда орхит және эпидидемит байқалып, ені ісініп,
кейді шектен тыс ұлғайып, салбырап жүреді. Әсіресе , жұқпалы эпидидемитке
шалдыққан қошқардың ені ісініп, еннің шылауы білеуленіп, сипап көргенде
резеңке түтік тәрізденіп қолға білініп тұрады.
Жыныс мүшелерімен қатар басқа ағзалар да зақымданады. Шошқа тері
астындағы шел мен ішкі ағзаларда абцессалар пайда болып, аяқ бұлшықеттері
салданады. Жылқының желкесі мен шоқтығында бурсит кездеседі. Қазіргі кезде
бурцеллезге қарсы вакцинаның кеңінен қолданылуына байланысты, аурудың
клиникалық белгілері білінбей, микроб алып жүруші ретінде, симптомсыз
өтеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Іш тастаған малдың қағанағы қабынып,
оның бетіне фибрин ірімтіктері мен ірің жиналады да, жатыры, бүйректері
көкбауыры ісінеді, бауырында абцесса болуы мүмкін. Еркек малда іріңдеген
өліеттенген орхит, ал ұрғашы малда мастит, аналық малдың кистасы кездеседі.
Кейбір жануарда шорбуын, бурсит байқалады.
Тастанды төлдің тері асты шелі жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді.
Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин ірміктері бар қызыл – қоңыр түсті
сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек – қарынның
кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана қабынып, ал бауырында өліеттеніп қабыну
процестері байқалады.
Гистологиялық тексеру кезінде әр түрлі мүшелер мен ағзаларда
өліеттенген ошақтар бабылады. Оларда лимфоидты торша элементтері мен
гистоициттерден құралған микрогранулемалар және бөлікше аралық ұлпада
полиморфтық торшалардан құралған инфильтраттар кездеседі.
Балау. Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық
аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады.
Індеттанулық жеректерденбұл жерде бұрынғы уақытта бруцеллездің болғаны
– болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексерудің қортындылары еске
алынады. Айрықша көңіл бөлетін мәселе - шеттен әкелінген мал және оны
карантиндеу ретінің орындалуы. Соңғы жылдары алынған төлдің санына, аналық
малдық іш тастауы мен қысыр қалуына және оның себептеріне мұқият талдау
жасалынады.
Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит,
ұрғашы малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса
көңіл аударылады. Клиникалық тексеру арқылы енін, еннің шылауын сипап
қошқардың жлұқпалы эпидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады.
Буаз мал іш тастаса, міндетті түрде лабораториялық тексеру жүргізеді.
Ол үшін бактериологиялық зерттеуге тастанды төлді ұрық қабымен немесе
төлдің қарнын екі жағын буып ішіндегісімен, бауыр мен көкбауырдың
кесінділерін, енін шылауымен, жатырдың өзгеріске ұшыраған тұстарынан
кесінді және сөл түйіндерін алады. Аталған материалдарды ауырған малдың
әрқайсысынан жеке – жеке кешіктірмей бірден іш тастаған немесе сойған кезде
алып, лабораторияға консервіленбеген күйі жеткізеді. Егер патматериалды
тексеруге бір тәулік ішінде жеткізу мүмкін болмаса, оны глицериннің 30 %
судағы ерітіндісімен консервілейді. Сонымен бірге лабораторияға
серологиялық тексеруге сол малдың сүтін, қанын немесе қанның сарысуын
жібереді.
Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап, ауру
қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама қояды.
Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен
қолданылады. Бұлардың ішінде ең танымал әдістер: АР, КБР, КҰБР, ККБР, СР
қолданылады.
Алллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллез ауруына қарсы жүргізілетін күнтізбелік жоспар
Телязиоз ауруының таралуы
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Қой бруцеллезі
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты
Қатайғыш гипсті байламдар
Бруцеллез жайлы мәліметтер
Бруцеллиоз
Жануарлар бруцеллезі
Пәндер