Құрамында органикалық қышқыл мен тұздары бар өсімдіктерге сипаттама


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Қышқылдар мен тұздарға жалпы сипаттама
- Құрамында органикалық қышқыл мен тұздары бар өсімдіктерге сипаттама
- Клиникалык көрінісі
- Патогенез
- Емі.
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру азық қорына негізделеді. Сапалы азық қорынсыз шаруашылықтағы мал басының өсіп жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы -қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде ж еткізілуі мүмін.
Жануарлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуші фактор ретінде ондағы азықтың маңызы өте зор. Яғни малдың денсаулығын сақтауы, белгілі бір жұмысты атқаруы өсімдік және жануар тектес азықтардың құрамындағы қоректік заттардың жеткілікті мөлшерде болуына байланысты. Шаруашылықтағы мал басының қоректенуін дұрыс ұйымдастыру үшін жеткілікті жемшөп қоры жиналуы керек. Жақсы мал азығының қоры мал шаруашылығын дамытудың ең басты шарты болып отыр.
Малды дұрыс өсіру мал өнімін алу және мал басын көбейту үшін оны қоректік заттармен қамтамасыз ететін азық қорының базасы болуы керек.
Қазіргі таңда Республикамызда сапалы мал өнімінің өнімдерін даярлауда оған басты назар аударуда. Соған байланысты ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде. Құлдырау заманы өткеннен кейін 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығына шешімдер шықты. Асылдандыру жұмысына бетбұрыс жасауы жаңа технологиялар инабациялық технологияларды кіргізу және биотехнологияны ауыл шаруашылығына кіргізу. Жаңа лабораториялар ашуға жол ашылды. Мал шаруашылығының жоғары сатыға көтерілуі үшін жоғары білімді ізденіс жолындағы мамандар керек.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы мен қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бағалау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұғысынан құнарлығын білу қажет. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай: “біз мына дағдарыстан мұнай және ауыл шаруашылықтың арқасында шыға аламыз”, - деді. Ауыл шаруашылығын көркейту, яғни мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы біздің қолымызда.
1. Қышқылдар мен тұздарға жалпы сипаттама
Р. Бойль химияға қышқылдар мен негіздер жайлы түсінікті енгізген болатын. Ол кездегі қышқылдар мен негіздердің анықтамасы олардың қасиетін тікелей көруге, байқауға оны баяндай айтуға (түсі, түрі, бояуы, дәмі және т. б. ) негізделді. Сулы ерітіндідегі электролиттік диссоцация құбылысының ашылуы келесі анықтаманы (Аррениус бойынша) қабылдау керектігіне әкеледі.
- қышқылдар деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде оң зарядталған иондардан тек сутек ионын Н+ ғана түзетін қосылыстарды айтады (мысалы, H2SO4, HBr, H3PO4 және т. б. )
- негіздер деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде теріс зарядталған иондардан тек гидроксид - ионын ОН- ғана түзетін қосылыстарды айтады (мысалы, KOH, Ba (OH) 2 Fe (OH) 3 және т. б. )
Жалпы химия ғылымының дамуы заттардың сусыз ерітіндісінде өтетін процестерді түсіндірудің қажеттілігін талап етті. Мысалы, сулы ерітіндіде өзін тұз ретінде ұстайтын, аммоний хлориді сұйық аммиакта ерігенде қышқыл қасиетін көрсетіп, өзінде металдарды ерітіп, онымен әрекеттесіп, сутекті ығыстыра бөледі. Мұндай құбылыстарды Аррениустың электролиттік диссоцация теориясы негізінде түсіндіруге тмүмкінді болмай қалды. Бұған орай қышқылдар мен негіздер анықтамасы қайтадан қарастыла басталды.
1923ж И. Бренстед қышқылдар мен негіздердің протондық теориясын ұсынды, оған сәйкестік бойынша:
- Қышқыл - берілген реакцияда протондыбөліп шығартын зат;
- негіз - берілген реакцияда протонды қосып алуға қабілетті зат.
Протонды бөлетін кез келген реакция теңдеумен өрнектеледі.
қышқыл→негіз + Н+
Мұндай процестің қышқылы мен негіздері орайластар деп аталады. Қышқылды - негіздік қасиеттер сандық тұрғыдан протондық ынтылықпен немесе энергиямен сипатталады.
2. Құрамында органикалық қышқыл мен тұздары бар өсімдіктерге сипаттама
Өгей шөп - мать мачеха. Биіктігі 15 - 20 см, күрделі гүлдер тұқымдас, көп жылдық шөптес тектесөсімдік. Ерте көктемде тамыр сабағынан бір жылдық сабағы өсіп шығады. Мамыр айының екінші жартысында бұл сабақтар гүлдейді де солып қалады. Дәл осы кезде сағақтары ұзын, үш бұрышты жапырақтар тамырдан тікелей өсіп шығады. Осы жапырақтар дәрілік шикізат ретінде пайдаланылады. Сабағы тік өседі, жапырақтары гүлдегнн кезде ғана шығады. өсімдік наурыз айынан бастап, мамыр айының соңына дейін гүлдейді. Гүлдері сарғыш түсті, жеке - жеке гү шоғырларын құрайды. Жапырағының астынғы беті жұмсақ жылы; ал үстінгі беті қатты және суық болады. Өсімдіктің осы қасиетіне қарай халық оны өгей шөп деп атаған .
Таралуы . Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. әсіресе Оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Ылғалды, құмды жерлерде, өзен жағалауларында жақсы өседі.
Дәрілік шикізат ретінде тамырынан тікелей өсіп шыққан жапырақтарын мамыр, маусым айларында жинап алады да, аса құрғатпай көлеңке жерде кептіреді. Қағаздан, полиэтиленнен жасалған қапшықтарда, құрғақ бөлмелерде сақтайды. Жинау барысында және кептірген кезде қарайып кеткен жапырақтар алынып тасталуы керек.
Химиялық құрамында ащы гликозидтер, эфир майлары, дубильдік заттар, аскорбин және шырын қышқылдары, каротин, т. б. заттар бар.
Қолданылуы. мал дәрігерлік тәжірибеде өгей шөпті басқа да дәрілік шөптерге, антибиотиктер мен химиялық препараттармен қосылып өкпе ауруларын емдеугеде қолданылады. Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық мидицина» кафедрасының ғалымдары өгей шөптің тұнбасын кешенді түрде оттегімен байытылған ортада шашыратып, дем алдыру арқылы, бронхопневманиямен ауырған төлдерді емдеуде жақсы нәтиже алған.
Өгей шөптің дәрілік шикізаты қызыл таспағ қалақай, шайқурай, көкпек, қазанақ, киікоты өсімдіктерінің дәрілік шикізаттарымен кешенді түрде қолданады. Ол үшін олардың әрқайсысынан 10 граммнан шикізат алып, 1, 5 литр суға 10 - 15 минут қайнатады. Суытып, дәкемен сүзеді. Осылай алынған тұнба өкпесі өңеші қабынып, жөтеліп тұрған құлын мен бұзауға 20 - 30 мл, қозыға 5 - 10 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.
Жалпы мал дәрігерлерінің тәжірибесінде дәрілік шикізат малға мынандай мөлшерде беріледі: ірі қара мен жылқыларға 20 - 50 гр, марқа қозы мен шошқаларға 5 - 10 гр.
Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнба жөтелді басатын күшті дәрі деп есептеп, дұрыс қолдана білген. Мәселен, өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға кәдімгі темекі секілді қағазға орап шеккізіп емдеген.
Кәдімгі қымыздық
Латын атауы:
Rumex acetosa
Бұл шөптік өсімдіктер түрі, ол қарақұмық тұқымдастарға жатады. Қымыздық бүкіл Еуропада және Азия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында таралған.
100 г қымыздықта - 21 ккал
Қымыздықта C дәрумені, темір, калий және магний бар.
Қымыздықтың бәсекелесіҚымыздық жапырақтарының жағымды қышқыл дәмі бар, оларды саумалдық сияқты әзірлейді, олардан мысалы, көже, тұздық сияқты дәмді тағам жасауға болады. Қымыздық басқа тағамдарға тұздық ретінде едәуір аз белгілі. Оны саумалдыққа қосуға болады, ұсақтап кесілген қымыздықпен жасыл салатты дәмдеуге, оны картоп көжесіне және шөптік тұздықтарға қосуға болады. Жақсы тәбет үшін Өсімдікке қан түзу, несеп айдағыш және тәбетті жақсарту қасиеттері тән болады. Қымыздық жапырақтарынан шай жасалады, ол бауыр және бүйрек ауырғанда көмектеседі. Оны бүйрегінде тасы бар, ревматизмге немесе артритке шалдыққан адамдар қолданады, сондықтан оны қарт адамдардың қолдануына кеңес беріледі.
- Клиникалык көрінісі
Көбінесе аурудың себептерінің ерекшеліктеріне байланысты.
Жіті түрінде ауру мал жабығыныңқы, азыққа зауқы нашар, дене қызуы көтеріңкі, сыртқы әсерлерге реакциясы төмен. 2 - 3 күндері жөтел пайда болады. Тыныс алуы ауырлай түседі, демікпе байқалады. Танаудан әртүрлі ақпа ағады. Өкпе мен бронхыларды тыңдағанда қатаң визикулярлы дыбыс; бастапқыда құрғақ артынан ылғалды сырыл естіледі. Өкпелердің жоғарғы бөлігінде күңгірттенген дыбыс анықталады.
Жітілеу және созылмалы түрлерінде:
- малдың өсіп жетілуі баяулайды, салмақ қоспайды;
- ауру мал көбінесе жата береді, азыққа зауқы бәсең;
- кілегей қабықтары көгерген;
- тыныс алуы жиі, дем шығаруы қиындайды, демікпе байқалады;
- жөтел, қырыл, қатаң визикулярлы, не бронхиялды дыбыстар мұнда да анықталады;
- перкуссияда өкпелердің әр жерлерінде күңгірттенген дыбыстар бар;
- жүрек - қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінің белгілері анықталады;
- қан азайады, бауыр қызметі өзгереді;
- рентген мен флюорографияда дақты ошақтар;
- қанның құрамы әр түрлі өзгерістерге ұшырайды.
Егерде шаруашылықта аурудың созылмалы түрі басымырақ болса, онда ол шаруашылықта емдеу процесі дұрыс жолға қойылмаған деген қорытынды шығаруға болады.
4. Патогенез
Ауруды жеке тыныс алу жүйесінің ғана ауруы емес, организмнің барлық жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы деп қараған дұрыс.
Ауруды тудыратын себептерінің әсерлерінен организмде әуел баста аллергиялық сезімталдық күшейеді. Нейрогуморалдық реттеушілік реакциясының бұзылуы салдарынан бронхылар мен өкпе альвеоллаларының қалыптасқан қызметтері өзгереді.
Өкпеде қан іркіледі, оның сары суы бронхылар мен альвеоллалардың қуыстарына жиналады. Бұған қанда ірі дисперсті гамма - глобулиннің
көбеюі де әсер етеді. Эксудат бар жерде микроорганизмдердің өсіп - өнуі жылдамдайды. Оған тыныс жолдарынжағы арнайы жыпылықтағыш эпителий торшаларының қызметтері мен фагоцитоздың нашарлауы да өз әсерін тигізеді. Организмде түзілетін улы заттар қанға сіңген уақытта дене қызуы көтеріледі.
Қабыну процесі кіші - гірім бөлікшелерінен басталып, бірте - бірте үлкен көлемді ошаққа айналады. өкпе альвеоллаларының тыныс алуға қатынасатын беттерінің көлемінің азаюы газ алмасу процесінің бұзылуына барып тіреледі.
Көмірқышқыл газының алмасуының бұзылуы оның организмде шоғырлануымен сипатталады. Ол дем алу орталығына әсер етеді де. Ауру малда жиілеген үстіртін дем алу пайда болады. Мұндай жағдайда дем алу ауасы өкпе альвеоллаларының қабырғаларын толық аралап үлгермейді де, газ алмасу прцесінің бұзылуы асқына түседі.
Вазопрессин гармоны үлкен және кіші қан шеңберлеріндегі қан айналысын реттейтін гармон. Орталық нерв жүйесі ( гипофиз бен гипоталамус ) тітіркенгенде вазопрессиннің бөлінуі ұлғайады да, қан айгалу процесін бұзады. Осының салдарынан оттегінің сіңуі нашарлап, көмірқышқыл газының шоғырлануы одан ары үдей түседі. Дем алу орталығының қозуын, ентікпе - демікпенің пайда болуын осы арқылы түсіндіруге болады.
Организмнің оттегін пайдалану мөлшері күрт төмендейді. Артерия қанының оттегімен қанығуы 96 - 98 пайыздың орнына 70 - 80 пайызға төмендейді.
Жоғарыда келтірілген аурудың даму барысында организнің улануы, газ алмасуының бұзылуы жалпы зат алмасуының барлыұ түрлерінің бұзылуына апарып соғады. Мұндай процесс жүрек етінің, бүйректердің, бауырдың, тағы басқа ағзалардың құрлысымен қызметтерін өзгертеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz