Ірі қара малының нитрат және нитритпен улануы



I КІРІСПЕ
II Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.13
2.1 Нитраттар мен нитриттермен уланудың негізгі көзі.Оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.5
2.2 Улану себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
2.3 Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.4 Патогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
2.5Паталогоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.6Нитраттар мен нитриттерді анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.11
2.7 Ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.12
2.8 Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.13
2.8 Алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.13
III Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.24
3.1Ауру тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.14
3.2 Анамнез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.15
3.3Жалпы зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.4Жүйелерді зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.18
3.5 Курация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.23
3.6 Эпикриз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.24
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қазақстан Республикасы кең байтақ блғандықтан және табиғатының әр түрлі өсімдіктер фаунасына бай болғандықтан, еліміздің көптеген шаруашылықтарының малдарының ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесіп жүр.Шаруашылықтардағы малдардың улануға ұшырауы шаруашылыққа көп шығын әкелуі мүмкін.Осы улармен уланған малдардың бір-екеуі ғана емес, көптеген бас ауруы мүмкін, егер де дер кезінде емдік шараларды қолданбаса,малдар өлім-жітімге ұшырайды,аман қалған малдардың өнімі күрт азайып,жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы, қолданылған шараларға кеткен қаражат шығыны.Міне,осындай шығындар есебінен көптеген шаруашылықтар үлкен қажылық шығынға ұшырап қалып жатады.
Кей жағдайда ауылшаруашылық малдарының улануларынан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан кем болмайды.
Сонымен бірге ауылшаруашылық малдарының улы заттармен улануы, организмдегі улы заттары олардың өнімдері арқылы (сүт,ет) өзінің төліне және адамдар да уланып қалуы әдбен мүмкін.
Нитрат пен нитриттер туындылары бірнеше рет ірі қаралардың массалы улануына себеп болған. Олар қазір де ветеринариялық токсикологияның қызықтырып отыр. Азот тыңайтқыштары өсімдіктер үшін пайдалы және қажет, ол азық культурасында жақсы өнім береді. Бірақ осымен бірге, өсімдіктерде көп мөлшерде нитрат пен аз мөлшерде нитритпен жиналып, малдың организіміне зиян келтіреді.
Ғылымның дамуымен әсіресе химияның әсерінен тірі организмге зиян келтіретін заттардың мөлшері көбейді.малдардың улы заттармен жанасу жағдайлады да өзгерді. Олардың көбі қазір шаруашылықтың әртүрлі саласында, ауыл шаруашылықғында өсімдіктерге зиян келтіретін зиянкестермен күресуде кең қолданылады. Сонымен қатар дезинфекциялық және емдік препараттарды дұрыс қолданылмаған жағдайда токсикалық қасиеті көрінеді.
1) «ветеринарная токсикология» Г.А.Хмельницкий В.Н. Локтионов,Д.Д.Полоз Москва,»Агрпромиздат» 1987 238-260-300б
2)А.М.Вильнер «кормовые отравления с/х животных»,Ленинград 1966 413-415 б
3)С.В.Баженов «вет токсикология» 1964,106-119, 204-205 б
4) «жаршы» 1999ж 200-202 б
5) «ветеринария» журналы 2002ж,13-15б
6) «Мал дәрігерінің анықтамалығы» Г.С.Кузнезов, А.И.Протасов 1971
7) «Малдың азықтан уланулары» К.Н.Қожанов ,С.О.Балтыбеков 200ж
8)В.Н.Жуленко,М.И.Рабинович,Г.А.Таланов «ветеринарная токсикология» М.»колос» 2004г.145-149 бет
9)интернет материалдары
10) «внутренние незаразные болезни КРС» под редакцией п.С.Ионова М.Агрпромиздат 1967г
11) «внутренние незаразные болезни КРС» под редакцией п.С.Ионова М.Агрпромиздат 1985г

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I КІРІСПЕ
II Әдеби
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2-13

2.1 Нитраттар мен нитриттермен уланудың негізгі көзі.Оларға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-5
2.2 Улану
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5-6
2.3 Клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7
2.4
Патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-9
2.5Паталогоанатомиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
2.6Нитраттар мен нитриттерді
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-11
2.7
Ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...11-1 2
2.8
Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13
2.8 Алдын алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12-13

III Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...13-24

3.1Ауру
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..13-14
3.2
Анамнез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4-15
3.3Жалпы
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...14
3.4Жүйелерді
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15-18
3.5
Курация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8-23
3.6
Эпикриз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23 -24

IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

V.Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кең байтақ блғандықтан және табиғатының әр
түрлі өсімдіктер фаунасына бай болғандықтан, еліміздің көптеген
шаруашылықтарының малдарының ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы
заттармен уланулары жиі кездесіп жүр.Шаруашылықтардағы малдардың улануға
ұшырауы шаруашылыққа көп шығын әкелуі мүмкін.Осы улармен уланған малдардың
бір-екеуі ғана емес, көптеген бас ауруы мүмкін, егер де дер кезінде емдік
шараларды қолданбаса,малдар өлім-жітімге ұшырайды,аман қалған малдардың
өнімі күрт азайып,жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы, қолданылған
шараларға кеткен қаражат шығыны.Міне,осындай шығындар есебінен көптеген
шаруашылықтар үлкен қажылық шығынға ұшырап қалып жатады.
Кей жағдайда ауылшаруашылық малдарының улануларынан болатын шығын індетті
аурулардан келетін шығындардан кем болмайды.
Сонымен бірге ауылшаруашылық малдарының улы заттармен улануы,
организмдегі улы заттары олардың өнімдері арқылы (сүт,ет) өзінің төліне
және адамдар да уланып қалуы әдбен мүмкін.
Нитрат пен нитриттер туындылары бірнеше рет ірі қаралардың массалы улануына
себеп болған. Олар қазір де ветеринариялық токсикологияның қызықтырып отыр.
Азот тыңайтқыштары өсімдіктер үшін пайдалы және қажет, ол азық
культурасында жақсы өнім береді. Бірақ осымен бірге, өсімдіктерде көп
мөлшерде нитрат пен аз мөлшерде нитритпен жиналып, малдың организіміне зиян
келтіреді.
Ғылымның дамуымен әсіресе химияның әсерінен тірі организмге зиян
келтіретін заттардың мөлшері көбейді.малдардың улы заттармен жанасу
жағдайлады да өзгерді. Олардың көбі қазір шаруашылықтың әртүрлі саласында,
ауыл шаруашылықғында өсімдіктерге зиян келтіретін зиянкестермен күресуде
кең қолданылады. Сонымен қатар дезинфекциялық және емдік препараттарды
дұрыс қолданылмаған жағдайда токсикалық қасиеті көрінеді.
Улы заттармен уланған малдырдың жалпы жағдайы нашарлап,
әлсіреп,азыққа тәбеті болмайды,төзімділігі төмендейді және індетті,жұқпалы
емес ауруларға,тоғышарлық ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Сондықтан біз болашақта,маман ретінде малдарды уланудан
сақтандырудын алдын алу және ондай жағдай бола қалған күннін өзінде малдың
қандай аурумен ауырғанын дер кезінде анықтап, тиімді ем көрсетуіміз керек.
[1] [7] [9]
2.1 Нитраттар мен нитриттермен уланудың негізгі көзі.Оларға сипаттама
Азот(Nitrogenium),N- газ тәрізді заттардың ішіндегі І-ші орын алатын
газ(75,5% салмағына қарай), жер атмосферасын құрайды. Осыған байланысты
жерде тұратын тірі организмдер үшін биологиялық маңызы зор. Бос азот –
инертті газ, түссіз, дәмсіз және иіссіз, байланысқан азот – органикалық
және органикалық емес қосындыларда кең танылған азот.
Сутекпен азот әр түрлі қосындылар қатарын тудырады. Оның ішіндегі ең
маңыздысы аммиак болып табылады.
1. Аммоний тұзы
2. Азот қышқылы мен оның тұзы
3. Синтетикалық мочевина(карбамид)
Қалыпты жағдайда азот пен оттегі қосылмайды, осыған байланысты олар тек
ауада ғана қосылады. Арнайы жағдайларда азот оттегімен әртүрлі қосындылар
құрайды, азоттың шала тотығын (N2O), көңілді газ деген атаумен белгілі,
азот ангидридіне дейін, олардың араларында 3 тотықтар бар. Байланысқан
азоттың жалпы мөлшері атмосферадағы бос азот пен табиғатта болуына
қарағанда аз болады. Тек байланысқан азот органикалық қосылыс ретінде
болады және тірі организмнің бөлігі болып табылады. Белокта 16-17% азот
болатыны белгілі. Сондықтан азот өсімдіктер, малдар және адамдар үшін өте
қажет.
Азоттың органикалық емес қосындыларында екі қышқылдың тұздары қаралады:
Азотты (HNO3) және азоттық заттар (HNO2).
Азотты қышқыл берік қышқылдар категориясына жатады, олар әртүрлі тірі
клетканың жанасу кезінде бұзады. Бұл қатынаста азот қышқылы күкірт және
басқа күйдіргі қышқылдар сияқты. Бұл қышқылмен улану және күйіктер, басқа
қышқылдар мен күйдіргі сілтілермен зақымдалғандай болады. Қазіргі кезде
осындай қышқылдар мен сілтілердің үлкен токсикологиялық мәні жоқ.
Азот қышқылдардың тұздары (NaNO3 және KNO3) селитра немесе нитрат атаумен
белгілі. Өз уақытында оны несеп айдағыш ретінде пайдаланылған. Басқа
селитралар да белгілі: аммиакты, барийлі, кальцийлі. Азот қышқылдарының
қосындылары ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыш ретінде үлкен мәнді болады. Оны
азотты толықтыру үшін, өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін қажет. Бұл
тыңайтқыштар нитрат атауымен белгілі.
Азотты қышқыл (HNO2) берік емес, бос түрінде табиғатта кездеспейді. Ол
жеңіл, су ерітінді түрінде ғана алынады.
Азотты қышқылды тұздарды немесе нитриттер қышқылдан гөрі берік болып
табылады. Практикалық мәнді амилнитрит пен натрий нитриті білдіреді.
Медицина мен ветеринарияда нитритті кең қолданылады, сонымен қатар бояу
өндіруде, органикалық синтезде т.б. қолданылады.
Нитрат пен нитриттер туындылары бірнеше рет ірі қаралардың массалы
улануына себеп болған. Олар қазір де ветеринариялық токсикологияның
қызықтырып отыр. Азот тыңайтқыштары өсімдіктер үшін пайдалы және қажет, ол
азық культурасында жақсы өнім береді. Бірақ осымен бірге, өсімдіктерде көп
мөлшерде нитрат пен аз мөлшерде нитритпен жиналып, малдың организіміне зиян
келтіреді. Қызылшаның токсикологиялық қасиеті белгілі, ол онда нитрат пен
нитриттердің пайда болуы айқындалған.
Европа әдебиеттерінде, малдардың улануы тек минералды азотты
тыңайтқыштардан емес, (натрий нитраты, калий және аммоний), ол нитраттарға
бай су көзінен, азықтың нитраттары мен консервілеуінен болады.
Алайда негізгі ролді азық өсімдіктері құрайды, олар топырақтағы көп
мөлшердегі азотты нитрат күйінде жинайды. Бұндай өсімдіктерге дәнді
өсімдіктер (қара бидай, бидай, арпа, сүлы,), сабан қатаң азық ретінде
өсімдік тектес жануарларға бергенде болады. Көбінесе көп мөлшерде
нитраттарды өзіне қан қызылшасы жинайды. Гербицидтер де табиғат жағдайлары
сияқты (қуаңшылық) өсімдіктерде нитраттардың жиналуына әкеледі. Қуаңшылық
кезінде кейбір өсімдіктер 20%-ға дейін нитраттарды өзінде жинайды. [1] [2]
[3] []

2.2 Улану себептері.
Нитраттардың уыттылығы онша мәнді емес. Олар басқа орта тұздар сияқты (ас
тұзы) нейтралды, организмнен бүйректер арқылы, диурез тудыра отырып шығады.
Нитраттардың структурасы өзгермесе, олар ешқандай организмге спецификалық
әсер етпейді. Нитраттар әртүрлі өзгеруі мүмкін, бірақ оларда оттегіннің
атомының саны азайған кезде болады. Бұл жағдайда нитраттар нитриттерге
айналады, олар жылы қанды организмдерге жоғары уыттылығымен әсер етеді.
Нитриттердің уыттылығы метгемоглобин пайда долуында жатыр. Ол нитриттің
дайын түрінде немесе организмнің өзінде нитраттардан пайда болуында,
айырмасы болмайды.
Нитриттер органикалық қосылыстарымен қатар, нитротоп құрайтын (NO2) –
амилнитрит, нитроглицерин және тағы басқа ертеден медицинаға артерия
тамырлардың спастикалық жағдайын жоятын дәрілер ретінде, қан қысымын
уақытша төмендетуге арналған препараттар түрінде енгізілген. Физикалық
жағдайына қарамай нитротопты болатын препараттарды өте тез немесе баяу әсер
етуі азот қышқылды натрийді ішке ұнтақта қолдануда болатыны белгілі. Әсер
етуі бірдей, бірақ препараттың дозасы нитраттармен салыстырғанда аз болады.
Осы факт жылы қанды жануарлар үшін нитриттердің жоғарғы активтілігін
айтады.
Нитрит жинақтайтын өсімдіктер:
А)Мәдени өсімдіктер- қарбыз, бұршақ, қауын, кәді сабалы, картоп және
сабағы, орамжапырақ,жоңышқаның барлық түрі, егіндік сұлы, қияр, күнбағыс,
тары, егіндік бидай, рапс, егіндік қара бидай,қызылша, арпа, жүгері.
Б)Жабайы өсімдіктер- толық жапырақты амбразия, ястрогал,ақ қыша, түйе
бұршақ, сасық меңдуана, алаботаның түрлері,алқа, көкнәр, қымыздық және тағы
басқалар.
Азот қышқылының тұздары немесе нитраттардың силитра деген жалпы атауы
бар.Натрий нитраты,азот қышқылды натрий, аздап ашты дәмі бар,кристалды
ұнтақ, суда жақсы ериді HNO1.
Калий нитриты,азот қышлылды калий, калий селитрасы,ақ кристалды ұнтақ,судың
төрт бөлігінде ериді, тұзды дәмі бар. Селитраның басқа да түрлері
бар.Нитраттар минералды азот тыңайтқыштары ретінде қлданылады.
Пісірілген қызылша 5-6 сағат тұрғаннан кейін улы болып шығады.12 сағатта
улылығы ең жоғары шкгіне жетеді.
Қант қызылшасында азот қышқыл тұздарынан белгілі бір жағдайда азот қышқыл
қосылыстары- нитриттер түзіледі. Сондай-ақ қант қызылшасының құрамында 0,14-
0,49% мөлшерде сапаниндер болады. Бұған қарамай ғылыми зерттеулердің
нәтижесінде малдардың улануы организмге қалыптан тыс қанттың түзілуінен
болатыны дәлелденген.Бірақта нитриттер мен сапониндердің де әсерлерін естен
шығармаған жөн.Мысал ретінде, егер сиырларға 12-15 кг қант қызылшасы
берілсе,онда одан организмге 4-5 кг таза қант түзіледі екен.Ал күйіс
қайыратын малдардың организмінде, дәлірек айтсақ месқарында крахмал, қант
тәрізді углеводтар ондағы микрорганизмдердің ферменттердің әсерінен ұшатын
май қышқылдарын (пропион, сірке, май) түзеді. [1] [2] [6] [3]

2.3 Клиникалық белгілері
Жалпы жағдайы жабырқаңқы, қатып қалғандай бір орында тұра береді,не
төсенішке қазып кіргісі келеді,тыңышсызданады,сілекей ағады.Кілегей
қабаттары,терісі бозарыңқы, суық,мұрын айнасы,құлақтарының ұштары көгерген,
көбінесе жата береді,тұрғанда шалқаяқтап әзер тұрады.қатты уланғанда мал 15-
30 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.Уланудың клиникалық белгілері
малдардың тәбетінің жоғалуынан басталады. Осымен бірге жалпы әлсіздік,
қимыл қозғалысының бұзылуы, құрсақ қуысының қабырғасында қатты ауырсыну,
бұлшықеттің фибрилярлы тартылуы, демалудың жиілеуі және кілегейлі
қабықтардың қатты көрінетін цианозы болады. Сосын аз уақыттан кейін ауырған
малда конвульсия пайда болып, коматозды жағдай туып, мал өледі. Нитрат пен
нитриттердің қарын-ішек кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп әсер ету
нәтижесінде әдетте қатты іш өту байқалады. Клиникалық зерттеу арқылы жүрек-
қан тамыр жүйесінің жедел әлсізденуі, ол тамыр соғуы жиі және әлсіз
болуымен сипатталады. Ауыр түрінде мал күйсіз болады. Қан қысымы
төмендеген. Буаз малдарда іш тастау болуы мүмкін. Қаны қошқыл, шоколад
түсті болады. Нәжіс массасы қан аралас қоспаға бай болады. Ауру барысында
температура қалыпты немесе төмендейді.Өлер алдында дене қызуы төмендейді.
Ірі қарада уланудың алғашқы белгілері құрамында нитрит немесе нитраттар
бар азық жегеннен 12-24 сағат өткенде пайда болады. [1] [2] [3] [6] [11]

2.4 Патогенезі
Мес қарынның нитраттарды залалсыздандыру қабілеті төмендеген кезде
күйісқайратын малдардың нитрат пен нитриттерге сезімталдығы артады.
Нитриттер кәдімгі қан-тамыр уы болып саналады. Олар тамыр орталығы арқылы
әсер етеді, бір жағынан, перифериялық тамырларды кеңейтеді, екінші жағынан,
гемоглобинмен байланысып метгемоглобин түзеді. Газ алмасу процесін бұзып,
ұлпалардың аноксиясын тудырады.
Нитриттер гемоглобинді метгемоглобинге айналдырады, одан оттегінің
ұлпаларға жеткізу қаблеттілігін жояды. Ұлпалы аноксия дамиды, ал улану
белгілері, тек қана 13 гемоглобиннің метгемоглобинге алмасқанда байқалады.
Ылғалдылық пен ауаның әсерінен сабанда нитраттардың нитриттеге алмасуы
болады, сосын көп уақыт сол факторлармен әсер еткенде нитриттердің ыдырап
аммиактың пайда болуы жүреді. Осындай нитраттардың нитриттерге айналуы
күйіс қайыратын малдардың қарын – ішектерінде, онда нитриттер аралық өнім
ретінде болады. Үлкен концентрацияға мес қарында нитраттардың ыдырауында
кідіріс тоқтау, нитриттер жиналып және сіңеді.
Малдардың нитратонитритпен улануы, көбінесе жіті түрде өтеді, бірақ
созылмалы да болады.
Ірі қара малының улануы қызылшамен азықтандырғанда байқалатын (Beta
vulgaris) тамыр түйнектілермен де, сабақтармен де азықтандырғанда болады.
Қазіргі кезде қызылша ғана емес, өсімдіктердің қатары да азотты
қосындыларды топырақтан алып, нитратонитриттермен интоксикацияны тудырады.
Қант қызылшасында азот қышқыл тұздарынан белгілі бір жағдайда азот қышқыл
қосылыстары- нитриттер түзіледі. Сондай-ақ қант қызылшасының құрамында 0,14-
0,49% мөлшерде сапаниндер болады. Бұған қарамай ғылыми зерттеулердің
нәтижесінде малдардың улануы организмге қалыптан тыс қанттың түзілуінен
болатыны дәлелденген.Бірақта нитриттер мен сапониндердің де әсерлерін естен
шығармаған жөн.Мысал ретінде, егер сиырларға 12-15 кг қант қызылшасы
берілсе,онда одан организмге 4-5 кг таза қант түзіледі екен.Ал күйіс
қайыратын малдардың организмінде, дәлірек айтсақ месқарында крахмал, қант
тәрізді углеводтар ондағы микрорганизмдердің ферменттердің әсерінен ұшатын
май қышқылдарын (пропион, сірке, май) түзеді.Міне осы екі ортада сүт
қышқылы түзіледі.Организмде көп қант түзілген уақытта ол ақырға ұшатын май
қышқылына айналып үлгермегендіктенкөптеген сүт қышқылы түзіледі.Ол мес
қарынның қышқылдығын жоғарлатып, оның рН-н 3,7-4 –ке дейін төмендетеді.
Микрофлораның қызметі нашарлап,месқарындағы асқорыту процесі бұзылады да
гипотония,атония белгілері пайда болады.Ары қарай сүт қышқылы қанға түседі
де организмдегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік бұзылып, ацидоз процесін
тудырады. Міне осыдан барып улану, негізінен сүт қышқылы улану процесі
дамиды. Ауырған сиырлардың жалпы күйі нашар, месқарынның жиырылуы әлсіз,
көбінесе атония. Сонын салдарынан месқарын асқа толған, кейде тимпания
болуы да мүмкін. [1] [2] [3] [6] [11]

2.5 Паталогоанатомиялық өзгерістері
Ірі қара өлексесін сойған кезде қанда өзгерістер болады. Ол қошқыл түсті,
шие қызыл, шоколад түсті жаман ұйиды. Ірі қарада қарын алды кілегей
қабықтарында қан құйылулар мен некроздар кездеседі. Ауру барысында ішек
геморрагиялық қабыну болады, оның дәрежесі аурудың өту уақытына байланысты.
Үлпершекті органдар қанға толы, кейде қан құйылулар болады. Қуық ұлғайған
және көп мөлшерде несеп болады. Қарында болатын азотты қосылыстардан
спецификалық иіс сезіледі.Ішек кілегей қабаты қабынған, қанталаған.Бауыр
мен бүйректерінің көлемі ұлғайған,қанға толы, әр жерлері қанталаған.Несеп
қабығы зәрге толы.Қарын түбінің кілегейлі қабығы жабысқақ, крахмал
сілікпесі тәрізді масса. Ол астында тканьне саусақпен жеңіл ьасқанда
білінеді.Өлексенің құрсақ қуысында 3 л дейін сарғыш түсті сұйықтық
жиналған.Талақта дәнекер тканьнің қалындауы, первиваскулярлы склероз,
гиперплазия, талақтың кішірейіп, қансыздануы байқалады. [1] [2] [3] [6]
[10] [11]
2.6 Нитраттар мен нитриттерді анықтау

Нитраттар мен нитриттердің бар жоғын анықтау үшін бірнеше реакциялар
қолданылады. Сонын біреуіне тоқталсақ.
Пробиркаға немесе фосфор ыдысына 10-15 тамшы күшті күкірт қышқылын құйып,
оған дифениламиннің кішкене кристал бөлшегін салып ұнтақтайды.Шыны
таяқшамен немесе шайқау арқылы ерітеді.Осы ерітіндіге тексерілетін
фильтраттың (азықтан немесе асқазанның жынынан алынған) 1-2 тамшысын
тамызады. Егер де онда нитриттер немесе нитраттар болса, онда ерітінді көк
не қара көк түске боялады.Малдың улануына күдік туса зертханаға өлген
малдың өлексесінен материал алып химиялық зерттеуге жібереді. Уланудың
себептерін анықтау мақсатында малдарды бір уақытта азықтандырылған барлық
азықтарды жібереді(азықтың әрбір түрінен 1кг, ал пат. Материал 500
млг)Міндетті түрде қалдықтары жіберіледі.
Биохимиялық зерттеу үшін малдардан, күйіс қайтаратын малдардан
азықтандырудан соң5-6 сағаттан кейін алады,
Қан сынамасын алғанда азықтандырылудың қандағы липидтерге,қантқа, қатты
әсер ететін ескеру.Қан сынамасын алуға арналған пробиркаларды шаруашылықтың
маманы зертханадан алады.Толық биохимиялық зерттеуге қан алғанда әрбір
малға 4 пробирка болуы керек.(екі биохимиялық көлемі 11-12 мм керек)
Этикеткаланған резина тығынмен жабылған оның ішінде:
1.1- биологиялық пробиркада(антикоагулянты бар)
Қанды карантинге,кетон денелерге А,С витаминдеріне және
микроэлементтерге,мыс кобальт,марганец,натрийді зерттеуге рналған.
2.2- биологиялық пробиркада (антикоагулянтсыз) протеинге,аззат
фракциясына,сілтіге, фосфатаза белсенділігіне липидтерге Ка және У-қа
тексергенде.
3. 1-ші центрифугалық пробиркада (антикоагулянты және вазелин май бар)
сілтілік изервон анықтауға арналған.
4. 2-ші центрифугалық пробиркада (5мл,20г,3 хлор сірке қышқыл ертіндісі
бар) фосфор глюкоза және магнийді анықтауға.
5. антикоагулянт ретінде 1% гепарин ертіндісі (15-20мл қанға 2-3
тамшы)қымыздық қышқылдарды натрий немесе лимон қышқылды натрий (215-20мг)
қолданылады.
Тұрақталған қаны бар пробиркаларды мұзы бар термосқа салып жеткізеді. [2]
[9]

2.7 Ажырату
Азот қосылыстарымен улануды фосфор органикалық қосылыстар және хлор
органикалық қосылыстармен уланудан ажырату керек.Сонымен қатар басіреспеден
ажырату керек.тулизмнен. [6] [9]

2.8 Емі
Емдеудің ең басты мақсаты медгемоглобиннің түзілуін болдырмай,қанның
тотығу-тотықсыздану процесін қалпына келтіру.Ауру жіті өткенде ем аз эффект
береді. Нитраттармен мал уланған кезде метилен көгін 10мг 1 кг салмаққа
береді. Оны вена ішіне 1% сулы ерітіндісін егеді. Қажет болған жағдайда
инъекцияны сол дозамен қайталайды. Л.Я. Лукин айтқаны бойынша, малдар
нитраттармен уланған кезде метилен көгін 0,01-0,02г 1кг салмаққа 2%
ерітінді ретінде енгізеді.(2г метилен көгін 10мл спирт-ректификатта ерітеді
де оған 90мл физзиологиялық ертінді құяды.)Ішке 100-150 мл сүт қышқылын
суға 1:1 мөлшерде араластырып береді. Басқа заттарды қолдану жақсы
нәтижелерді берген жоқ. Гарнердің айтуы, ірі қарада мес қарының ішіндегісін
нитрат пен нитриттерді хирургиялық жолмен алып тастау болды.П.А.Чурин
бойынша іш өткізетін, жүректен жараны тез бітіретін дәрілер қолдану
тиімсіз.Ем кезінде негізгі рольді мес қарындағы аммиакты тез бейтараптау
мен ішіндегісінің сілтілігін жою болып табылады.С.З.Гжицкидің айтуынша 600г
кәдімгі 6% сірке эссенция мен 600мл су мен 600-700г қаннтың қоспасын
қолдануға ұсыныс береді.Аммиактың пайда болуы мен сіңуін болдырмас үшін
мес қарынға 0,5-1% сірке немесе лимон қышқылынеңгізеді,өйткені қышқыл
ортада уреаза активтілігі төмендейді.Ересек сиырға 3-5 л ерітінді,
бұзауларға 1-1,5 л енгізеді.Сүт қышқыл сүтті1-1,5 л -1% беруге болады. Ауыр
түрде ерітіндіні мес қарынға зонд арқылы және Жане шприцпен, ұзын инемен
немесе троакар сірне (меласса) еңгізеді.40% глюкоза ертіндісін вена ішіне
ереск сиырға 200мл береді.Құрысуды сиырда әлсірету үшін вена ішіне
ингаляциялық емес наркотикалық емдік заттарды енгізеді, мысалы,
хлоралгидрат (200мл 5% ерітіндіні) немесе гексанал (80мл 5%ерітіндіні өте
баяу).Симптоматикалық заттар ретінде терапевтикалық дозада кофеин
ерітіндісін,кордиамин немесе коразолдыбереді.Сусызданған организм ішіне
жылы суды 20л енгізіп құтқарады.Мес қарынның атониясы тері астына 100ӘБ
инсулин мен вена ішіне 200мл 25% глюкоза ерітіндісін бергенде жоюға
болады.Стрихнин тәрізді құрысда (мес қарында аммоний карбаминатының пайда
болуы) ауыр интоксикация емдеуге бермейді. [1] [2] [3] [4] [5] [6] [11] [9]

2.8 Алдын алу шаралары
Мал арасында улануды балдырмау үшін, азық құрамынан нитратты шығару
шараларын жүргізу керек. Азықта нитраттардың мөлшері 0,5%-дан көп болса
малдардың интоксикациясын тудыруы мүмкін. Көптеген өсімдіктерде, әсіресе
азотпен тыңайтылған топырақта өскен өсімдіктерде нитрат бұл көрсеткіштен де
көп болады. Осындай азықпен азықтанған мал организімінде нитриттер жиналып,
улануға ұшырайды. Оған қызылша және астық тұқымдастардың сабаны, оларда
нашар жағдайда сақтаған кезде нитраттармен қоса дайын күйде нитриттер де
болады. Құрамында нитрат бар азықты малға бергенде А,Д,Е витаминдерін
қолданылуына кері әсер етеді. Осы витаминдердің жетіспеушілігінің
салдарынан нитрат пен нитриттермен уланумен қоса гиповитаминоз болады.
Сондықтан малдарды А витамині және каротині бар азықтарды профилактикалық
және емдік мақсатта қолдану керек.
Уланудың алдын алу үшін нитратты заттарды сақтағанда,тасымалдағанда,
тыңайтқыш ретінде қолданған кезде,азықтандыру барысында,ережелерді сақтау
керек.Дозаны асырмау керек яғни,ірі қара мал 0,2,жылқы және қой 0,4,құстар
1,5,шошқалар 0,6,қояндар 1,0 1 кг массасына болу керек.Азот қышқылының тұзы
немесе нитраттар медицинада да,мал дәрігеріне де кең түрде
қолданылады.Өндірістік азот қышқылы мен азотты нитраттар ірі қара мен
бидай,күнбағыс пен қантқызылшасы,арам шөптер,шытыр мен алабота құрамында
көптеп жиналып,малды уландыра алады.Нитраттың 75 мгкг,натриттің 150 мгкг
мөлшері мал организміне улы әсер етеді.Ірі қараның қанында метгемоглобиннің
мөлшері 50-60% жеткенде уланады.Ал метгемоглобиннің мөлшері 80% болғанда
мал өледі.Мал азығы мен суында азот тыңайтқыштарының түспеуін қадағалау
керек.Осы тыңайтқыштар шашылған шабындықтар мен жайылымдықтарға малды жауын
шашын жауғаннан кейін ғана жаюға болады.
Нитраттары бар суармалы жерлерде өскен шөптерді ол суарылғаннан кейін 7-14
күн өткен соң ғана мал азығы ретінде пайдалануға болады.Құрамында 5%
нитраты бар пішенмен мал азықтандыруға рұқсат етілмейді. [1] [3] [9]

АУРУ ТАРИХЫ №______

Мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоптан улану
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Азықтың құрамындағы нитратпен улану
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Азот қышқылы және нитрат нитрит
Улану түрлері
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Химиялық заттардан уланулар
Ет және ет өнімдеріне токсикологиялық баға беру.
Құрамында синил қышқылы бар азықтармен улану
Пәндер