Ауыл шаруашылық жануарлары төлдерінің ас қорыту жолдары аурларының этиопатогенетикалық үрдістеріне байланысты балау және емдеу түрлері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Стоматит
2.2.Фарингит
2.3.Оңештің қабынуы
2.4.Қарынның гипотониясы және атониясы
2.5.Мес қарынның жіті кебуі
2.6.Тақия қарынның жарақаттаныа және іш пердесінің қосарлана қабынуы
2.7.Жалбыршақ қарынның бітелуі
III.Қолданылған әдебиеттер
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Асқорту жүйесінің аурулары сан алуан, және әрқайсысы өзіне тән клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Асқорту жүйесіне жататын ағзалар (өңеш, асқазан, бауыр, ішек) әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөліп қарауды талап етеді
Стоматит – ауыздың кілегей қабықтарының кабынуы (ауыз уылуы). Стоматиттердің талауранған түр жиірек, ал күлдіреген, жаралы, күлбіреген қабыршықтанған және іріңді түрлері сирегірек кездеседі.
Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, ал пайда болу себептеріне байланысты — басалқы және қосалқы болады. Басалқы стоматит қабыңтың тітіркенуінен өз бетiмен, ал қосалқы – басқа бір аурулардың салдарынан пайда болады.
Себептері. Басалқы стоматит механикалық, химиялык, биологиялық және ыстық-суықтық факторлардың әсер етулерінен пайда болады. Ауыз қуысының кілегей қабықтары құнарсыз, қатты, дөрекі талшықты, тiкeнeктi азықтармен, ipi туралған сабанмен, дәмді өсімдіктердің және қылтанақтың қылқандарымен, бөтен заттармен, ауыздықпен, тic жарғанда және олар алмасқанда, сонымен катар, азу тicтepi дұрыс мүжілмей, шеттері үшкірлегенде, торайларда — арсиған азу тістерінің (клык) қажауынан зақымдалынады. Кілегей қабықтарының химиялық зақымдалуы мал сарғалдақ, сүттіген, қыша, қырыққұлақ және басқа да улы шөптерді жегенде пайда болады.
1. «Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары»,. Қожанов К.Н.
2. «Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары»,./Қожанов К.Н.
3. Несіпбаев Т.,Жануарлар физиологиясы., Алматы 2012 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ауыл шаруашылық жануарлары төлдерінің ас қорыту жолдары аурларының этиопатогенетикалық үрдістеріне байланысты балау және емдеу түрлері

Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Билялов Е.Е

Семей 2017
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Стоматит
2.2.Фарингит
2.3.Оңештің қабынуы
2.4.Қарынның гипотониясы және атониясы
2.5.Мес қарынның жіті кебуі
2.6.Тақия қарынның жарақаттаныа және іш пердесінің қосарлана қабынуы
2.7.Жалбыршақ қарынның бітелуі
III.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema -- бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria -- асқорыту) - жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді -- ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді -- ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Асқорту жүйесінің аурулары сан алуан, және әрқайсысы өзіне тән клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Асқорту жүйесіне жататын ағзалар (өңеш, асқазан, бауыр, ішек) әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөліп қарауды талап етеді

Негізгі бөлім
Стоматит - ауыздың кілегей қабықтарының кабынуы (ауыз уылуы). Стоматиттердің талауранған түр жиірек, ал күлдіреген, жаралы, күлбіреген қабыршықтанған және іріңді түрлері сирегірек кездеседі.
Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, ал пайда болу себептеріне байланысты -- басалқы және қосалқы болады. Басалқы стоматит қабыңтың тітіркенуінен өз бетiмен, ал қосалқы - басқа бір аурулардың салдарынан пайда болады.
Себептері. Басалқы стоматит механикалық, химиялык, биологиялық және ыстық-суықтық факторлардың әсер етулерінен пайда болады. Ауыз қуысының кілегей қабықтары құнарсыз, қатты, дөрекі талшықты, тiкeнeктi азықтармен, ipi туралған сабанмен, дәмді өсімдіктердің және қылтанақтың қылқандарымен, бөтен заттармен, ауыздықпен, тic жарғанда және олар алмасқанда, сонымен катар, азу тicтepi дұрыс мүжілмей, шеттері үшкірлегенде, торайларда -- арсиған азу тістерінің (клык) қажауынан зақымдалынады. Кілегей қабықтарының химиялық зақымдалуы мал сарғалдақ, сүттіген, қыша, қырыққұлақ және басқа да улы шөптерді жегенде пайда болады.
Белгілері. Стоматит қай түрде өтciн, азықты шайнау процесі бұзылады. Мал азықтың майдасын, жұмсақтарын таңдап алып, абайлап, жаймен, арасында дем алып барып шайнайды, кейде қатқыл, ipi сабақтарды аузынан сыртқа шығарып тастайды.
Анықтау. Ауыз қуысын ашып қарағанда стоматиттің нактылы зақымдалынған жерін, түрлерін ажырату қиынға түспейді: бірaқ басалқы не қосалқы түрлерін ажырату үшін малдың клиникалық күй-жайын да есепке алады.
Eмi. Алдымен аурудың пайда болу ceбебін анықтап, жою қажет. Малға жеңіл өңделетін жұмсақ азық (шөп,жемді -- буда бұқтырып) және суды керегінше берген жөн. Азықтанған соң ауыз қуысын Эсмарх кружкасы көмегімен 1% -дық тиіс Na гидрокарбонат, 1:1000 катынастағы калий перманганат, 1:1000 қатынастағы риванол, 1 : 5000 қатынастағы фурациллин, 3% -дың бор кышқылы ерітінділерімен 3-4 реттен шаяды. Уытты ойық жараларды (язва) йод-глицерин қоспасымен өңдейді. Қабыршақтанған және жаралы стоматитте микробтарға карсылған дәрілер ерітінділерін және глицеринмен араласқан йод препараттарын қолданады.
Фарингит - жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың кілегей қабыңтарының, лимфа фолликуласының (капшық бездері), сонымен катар кілегей астыңғы кабатының, бұлшық және жұтқыншақтың сыртындағы лимфа бездерінің қабыну процестері.
Себептері. Негізінен малды ыстық азықпен азықтандырғанда, қырау шалған жайылымда баққанда болады. Фарингитті тудыратын химиялық
Тітіркендіргіштер қатарына ауыз арқылы бepeтін дәрі-дәрмектер: төрт хлорлы көміртегі, скипидардың қою ерітіндісі, құстыратын дәрілер, нашатыр спирті, қышқылдар, формалин, сақырауқұлақтармен ластанған шіріген азықтар жатады. Екінші peттi болып кейбір жұқпалы індеттерден (сақау, ciбір күйдіргісі, шошқа обасы, т.б.) кейін дамиды.
Белгілері. Фарингиттің барлық түрлерінің бастапқы белгілері -- азықты жұту процесінің бұзылуы. Ауру мал, әдетте, азықтың жұмсағын таңдайды, абайлап, баяу шайнайды, шайнауын тоқтатып, мойнын созып барып жұтады. Жұтқан мезгілде басын шайқайды, алдыңғы аяқтарын алма-кезек ауыстырады, жөтеледі. Таңдай шымылдығындағы инфильтрация процесі жіті өтіп, ауырсыну қаттырақ сезілгенде ішілген су мұрын жолдары арқылы қайтадан сыртқа шығарылады (регургитация).
Анықтау. Белгілерін есепке алады, жұтқыншақтың іші-сыртын сипау әдісін және фарингоскоп қолданады.
Eмi. Шөп қopeктi малға жақсы сүрлем, не содан дайындаған паста, көк шөп, не бұқтырылған шөп, ұннан жасалған сұйық ботқа шошқаларға суйық ботқа, быламық, сорпа, сүт, сүрлемнен жасалған паста, арпа, сұлының қайнатпасын дайындайды. Ауыр өткен кезде малдың жағдайын жақсарту үшін қоректендіру клизмасын жасайды (қант ерітіндісі, қайнатпалар), қан тамырына 300-400 мл, 25% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Суды жылытып береді, егер іше алмайтындай жағдайға жетсе, онда қан тамырына 0,5-1 л., 0,85% хлорид натрий ерітіндісін, Рингер-Локка сұйығын енгізеді, не оларды көп мөлшерде тiк ішекке жібереді.
Сақтандыру шаралары. Малды мұздаған және ыстық азықтармен азықтандырмайды, тiкeнeк азықтарды бұлап, жібітіп береді. Ыстықтаған малды суық желге және жел орайлы жерге қалдыруға болмайды. Жыл бойы жүйелі түрде серуендетіліп жүрген мал суықтан болатын ауруларына төзімді келеді.
Оңештің қабынуы -- шошқалар, жылқылар және ipi қаралар арасында жиірек кездеседі. Пайда болуына байланысты басалқы және қосалқы түрлері болады.
Ceбебі. Басалқы эзофагит малды ыстық азықпен азықтандырудан, қою концентрациялы, тітіркендіргіш дәрі-дәрмектерді, кышқылдар, сілтілер, құстыратын дәрілер, мүcaтip спирті және баскалары пайдаланудан, деректі, тікенек азықтар беруден, кілегей қабықтарын бөгде заттардың, сүйек, темip-тepceктep, т.б. енгізген зондтың зақымдауларынан, бөгелек құртының әcepiнен және сырттан зақымданудан дамиды.
Белгілері. Эзофагиттің негізгі белгілері - ауырсынады, қиналып жұтынады және сілекей ағады. Жеңіл өткен жағдайда мал азықты мойнын созып барып абайлап жұтады. Қабыну ауыр түрде өткенде (крупозды, іріңді) азық өңештен өтіп бара жаткан кезде қатты ауырсынады, кейде өңеш түйіліп азық сол жерде тұрып қалады, не бұлшық eттepi кepi жиырылғандықтан, азық қайтадан сыртқа шығарылады. Мұндай жағдайда мал басын қимылдатады, ыңқылдайды, алдыңғы аяқтарымен жер тарпиды, азық жемей, су ішпей қояды. Өңештің маңын сипағанда ауырсынады, жай көзбен қарағанда қимылы жоғары, кеудеден мойынға қарай, көтеріліп келе жатқан толқын сияқтанып кepi жиырылады.
Анықтау. Диагнозды жиналған мәліметтерді негізге алып, жұтынудың бұзылуын анықталынған клиникалық белгілеріне сәйкестендіріп, барып кояды.
Емі. Шөп қоректілерге бұзылу дәрежесіне ауырсыну сезімталдығының өзгеруіне байланысты жұмсақ, буланған шөп, сүрлеме пастасын, быламық, арпаның ботқасын, шошқаларға сорпа, сұйық ботқа беріледі.Малды ылғи суық сумен, не суық сүтпен қамтамасыз етеді. Азық кабылдамаған малды жасанды түрде азықтандырады, ол үшін күнде қан тамырына не тepi астына 0,0900 дық натрий хлорид ерітіндісін енгізеді. Ауырсынуын азайту және мазасыздануын басу мақсатымен малды азықтандырардың алдында қан тамырына аз мөлшерде хлоралгидрат ерітіндісін не тepi астына пантопон енгізеді.
Қарынның гипотониясы және атониясы -- мес, тақия және жалбыршақ қарындарының жиырылуларының бұзылуларымен сипатталатын дерт. Гипотонияда олардың жиырылу күші әлсіреп саны азаяды, ал атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.
Себептері. Карындардың өз бетiмен дамитын гипотониясы және атониясы ipi қарада жиірек, ешкілерде сирегірек кездеседі. Шырынды азықтан қатқыл, құрғақ, жасунығы көп азықтарға (құрғақ сабан, кешеуілдетіп дайындаған, не сілтіленіп кеткен пішен, бұтақтардан дайындалған азық) аяқ асты ауыстырғаннан пайда болуы мүмкін, әсіресе, құрғақ күйінде жегізген егін және диірмен қалдықтары (топан, мекен, мақтаның, сулының, не тарының қауыздары), сонымен қатар жарылмаған жемді дән күйінде көп берген қауіпті.
Белгілері. Аурудың бастапқы азыққа деген зауқы нашарлайды, бұзылады, не толық жоғалады. Азыққа зауқының өзгеруімен қатар күйіс қайтару саны азаяды, күйіс қайтару уакыты қысқарады немесе толық жойылады, кeкipiнуi сақталады. Мес қарын аурудың басында тығыз, кейінірек жұмсарған не сұйылған жынға толады, сол жақ аш бүйірі газға толады, оны қолымен және перкуссиялап оңай анықтауға болады. Гипотония кезінде мес қарынның жиырылу күші біркелкі болмайды, атония қолмен тексеріп мес қарынның қозғалысын анықтай алмайды, ал руменограммада қимылы болар-болмас қана байқалынады. Жиырылу қызметінің әлсіреуіне байланысты жалбыршақ қарындағы, ұлтабардағы, ішектердегі табиғи шуылдар бәсең естіледі.
Анықтау. Жеңіл түрде өтетін гипотонияның ceбебi тек қарындардың қызметінің бұзылғандығынан емес ұлтабар, ішектердің және басқа да ағзалардың қызметтерінің бұзылуынан болатындықтан, ауруды анықтарда жиналған мәліметтерді есепке ала отырып, олардың клиникалық белгілерін салыстырады.
Eмi.Басалқы гипотонияда емді ipiп-шipy процесін шенеуге, жиырылу-созылу қызметін қалпына келтіруге, микробиалдық процестерді қалыптастыруға, улануды азайтуға, ал қосалқы гипотонияда аурулардың белгілерін жоюға бағыттайды.
Қарындардың жиырылу-созылу қызметін қоздыру, уытты заттарды сыртқа шығару және РН көтеру мақсатымен мес қарынды 30-40 л 1 % -дық натрий сульфаты немесе гидрокарбонат ерітінділерімен жуып-шаю ұсынылады. Ол Черкасов не Кумсиев зондтарының бірeyiн қолданған ыңғайлы. Ас қорыту ағзаларының жиырылу-сөл бөлу қызметін реттеу мақсатында ерте буаз малға тері астына мынадай дәрілерді бөлшектеп карбохолин: ipi қараға 0,001-0,003, қойға 0,0002-0, 0004 ; пилокарпин гидрохлораты: ipi қараға 0,005-0,4, усакқ малға -- 0,01-0,04, прозерин болмаса физостегмин салицилатын. Холинэргиялық дәрілерді берудің алдында, мес қарындағы бығып, тығыздалынып калған жиынды жуып-шаю арқылы не 5% натрий немесе магний сульфат ерітінділерін ipi караға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Улы заттардың жіктелуі
Аурудың ағымы мен болжамы
Ағзадан удың бөлінуі
Ауески кезінде қолданылатын биопрепараттар
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Улануды клиникалық балау туралы
Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Листериоз ауруының сипаттамасы
Жануарлардың азықтардан улануы
Пәндер