Ас қорыту жүйесі аурулары


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі аурулары
Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Қилашев Е. Ж
Тексерген: Билялов Е. Е
Семей 2016
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Төл диспепсиясы
- Ауыз қуысының қабынуы
- Жұтқыншақтың қабынуы
- Өңештің қабынуы
- Бұзаулардың месқарнының оқтын-оқтын кебуі
- Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы
III. Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema - бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria - асқорыту) - жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді - ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді - ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Асқорту жүйесінің аурулары сан алуан, және әрқайсысы өзіне тән клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Асқорту жүйесіне жататын ағзалар (өңеш, асқазан, бауыр, ішек) әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөліп қарауды талап етеді
Төл диспепсиясы -жаңа туылған төлдердің ас қорыту және зат алмасу процестерінің бұзылу салдарынан организімнің сусызданып, улануымнен сипаталатын ауру. Диспепсия- жаңа туылған төлдер мен бұзаулардың іш өтуімен, организмнің сусыздануымен және интоксикациямен сипатталатын асқорыту жүйесінің жұқпалы емес аууры. Бұл ауру төлдерде жеңіл және ауыр формада өтеді, ауырып тұрған бұзауларға дер кезінде медициналық емдік көмек көрсетілмесе ауру летальді түрде аяқтаалды. Диспепсия ауруының мал шаруашылығына өте зор шығын әкеледі, жануар өлімге ұшырап, мал басы саны кемиді, ауруды емдеуге шығын шығады, аурудың дамуы кезінде мал басы өзінің салмақ дәрежесін жоғалтады. Сонымен бірге диспепсияға шалдыққан бұзаулар мен торайлар салмақ қосуында және дамуында басқа сау бұзауларға қарағанда артта қалады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше бұл ауру полиэтиологиялық аурулар қатарына жатады. Төлдердің диспепсиясы асқазан-ішек жолының секреторлық, моторлық және сорғыштық функциясының бұзылуымен сипат алатын ауру. Жаңа дүниеге келген бұзауларда диспепсиямен қатар басқа да асқазан-ішек жолының аурулары кең тараған, бірақ солардың ішінде диспепсия таралуы бойынша бірінші орында. Диспепсия көбіне жануарды күтіп-бағу және азықтандыру режимі бұзылған, азық рацион құрамы өзгерген, санитарлық жағдайы белгілі талаптарға сай келмеген және аналық сиырлардың мастит ауруы шығып отырған шаруашылықтырда жиі орын алады. Ауруға шалдыққан төлдердің іші өтіп, организмі уланып, сусызданады, жағдайлары нашарлап, жабырқайды, басын төмен салбыратып, жата береді. Асқорыту функция бұзылып, бұзаудың іші өтеді. Диспепсияға бұзаулар туа салысымен шалдығады. Ауруға шалдыққан бұзаулар жай түріне шалдықса 1-3 күннен соң жазыла бастайды, ал ауру токсикалық формада көрінсе 4-5 нүнге созылады. Ауруға диагнозды клиникалық белгілеріне, патоморфологиялық өзгерістеріне және жүргізілген бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне негіздеп қояды.
Себептері. Ауру көп себепті аурулардың қатарына жатады. Негізгі себептерінің бірі ол ұрықтандырылған аналық малды уақытында онан төл алуға дұрыс дайындамау. Әсіресе туарға дейінгі үшінші жартысында аналық малдың азық мөлшерінде протеиннің, витаминнің, минералды затардың жетіспеушілігі өсіп қалған ұрықтың нашар дамуына көп әсер етеді. Ондай аналық малдан толық жетілмеген төл алынады және олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ұрынғанда оған қарсы тұра алмай, әр түрлі ауруларға шалдықыш келеді. Онымен қоса ондай аналық малдың уыз сүтінің биологиялық қаиеттері төмен болады. Төл организіміне иммундық заттардың ең бірінші рет осы уыз сүті арқылы келетін ескерсек, онда өмірге жаңа келген төл организіміне сапалы уыз сүтінің қажеттігі күмән тудырмаса керек. Уыз сүтінің сапасы аналық малдың емшектерінің ауру, сау екндігіне де тікелей байланысты. Тәжірбиеде емшектері қабынып ауыратың сиырлардан алынған бұзаулардың ішінде диспепсияның ауыр түрімен ауруы жиі тіркелетің дәлелденген.
Ауыз қуысының қабынуы-Stomatitis catarrhalis. Ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы көбінесе катаральды түрінде жиі кездеседі. Жайылмалы түрінде ұрттың, тілдің, таңдай мен еріннің кілегей қабықтары қабаттаса қабынуы мүмкін; ал шоғырланған түрінде жекелей қызыл иектің, тілдің, таңдайдың қабынуларын ажыратуға болады. Сондай-ақ аурудың барысында жіті және созылмалы түрлерін; шығу тегі жөнінде- басалқы және қосалқы түрлерін ажыратады.
Себептері. Аурудың басалқы түрінің себептерін механикалық, физикалық, биологиялық, және химиялық факторларға бөлуге болады. Көбінесе өсімдік азықтарының өткір, катты заттармен, немесе бөгде заттармен жарақатану мүмкін; ауыз қуысын тексерген кезде дұрыс қолданылмаған тәсілдер: төлдер тісі шыға бастағанда, не олар ауысарда; дұрыс өспеген азу тістерде жарақатануы мүмкін; улы өсімдіктер қабылдағанда, таза емес азықтарды, әсіресе улы өаттармен өңделген, немесе саңырауқұлақ тәрізді заттармен жарақаттанған азықтармен тамақтандырғанда жиі кездеседі. Емшектері ауру малдардың сүтімен қоректенген төлдердің де ауз қуысы қабынуы мүмкін.
Аңықтау. Ауыз қуысының кілегей қабығын қарау арқылы аурудың түрін ажырату онша қиындыққа түспейді. Тек аурудың басалқы және қосалқы түрлерін ажырата білуге көңіл аудару керек.
Жұтқыншақтың қабынуы - Pharryngitis . Ауруың негізінде жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың кілегей қабықтарының, лимфа фоликулаларының, жұтқыншақ еттері мен оның маңайындағы лимфа түйіндерінің қабынуы жатады. Қабыну түрлеріне байланысты катаральді, крупозды, дифтериялық, жаралы және флегмонозды түрлерін ажыратады.
Себептері . Аурудың негізгі себептеріне жататын олардың механикалық жарақатануы. Ол тамақтардын қатқыл бөлігімен, бөгде заттармен, қатты зонд қолданғанда, жарақатануы мүмкін. Келесі бір себеп физикалық әсерлер: Ыстық-суықтын әсері, Тамақты ыстықтай беру, қыста мұздаған су, қар, мұз аралас тамақтарды қабылдау, ыстық ауамен дем алу. Химиялық заттардың тітіркендіруі де әсер тигізбей қоймайды. Оған жоғары концентрациялы дәрілер, рацион құрамына байқаусызда қосылып кеткен химиялық заттар және т. б. жатады.
Аурудың қосалқы түрі қоңы төмен, арықтаған төлдерге аурудың себептері қайталанып әсер еткенде дамиды.
Аңықтау. Аурудың тән белгілерін, әсіресе жұтқыншақтың ішін қарап, сыртын сипалағанда алынатын деректерге көңіл аударған жөн. Мүмкіншілік болғанда ферингоскопты қолдану керек.
Өңештің қабынуы- Oesophagitis. Өңештің біртұтас, не жеке бөліктерің қабынуы. Пайда болуына байланысты басалқы және қосалқы түрлері болады.
Себептері. Аурудың басалқы түрі төлдерді ыстық тамақпен азықтандырудан, тітіркендіргіш дәрілерді дұрыс пайдаланбаудан, азықтардың тікенегінен, бөгде заттардың енуінен, зондты дұрыстап қолданбай зақымданудан, бөгелек құртының әсеріненжәне сыртқы механикалық зақымданудан барып дамиды.
Аңықтау . Сыртқы клиникалық белгілер және жиналған мәлеметеріне сүйене отырып аңықтайды.
Бұзаулардың месқарнының оқтын-оқтын кебуі. Бұл ауру алдыңғы қарыншалардың кебуінің әсерінен ас қорыту процесінің бұзылуымен сипатталады. Бұзауларды сүтпен қоректендіруден қатаң азықпен тамақтандыруға ауыстыратын мезгілде, 2-3 айлық жасында жиі кездеседі.
Себептері. Егер бұзаулар өз өмірінің бірінші айы ішінде шөп, шырынды азықтар қабылдамаса, ондай азықтарды кешірек бергенде олар бұрын дайындалмаған алдыңғы қарыншақтарға түсіп, әсіресе үлкен қарында ас қорыту процесінің бұзылуына әкеп соғады. Мұнда жағдайда үлкен қарындағы микрофлора және оның жиырылу қабілеті оған түскен тағамдардың қалыпты түрде ыдырауын қамтамасыз ете алмайды. Азық мөлшері құрамының күрт өзгеруі, немесе сапасыз, көгерген, ұн қойыртпақтарымен азықтандыру да осындай аурудың себептері болады.
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы. Бұл ауру ішек пен қарынның кілегей қабығының ғана емес, одан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады. Қарынның, ашы және тоқ ішектердің қабатының жарақаттануы гастроэнтероколит деп аталды.
Қабынудың түрлеріне қарай қатаральді, геморрагиялық, крупозды, фибринозды, дефтериялық болып бөлінеді. Бұл ауру бұзауларда сүтке қосымша басқа да азықтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.
Себептері. Қоректендіру уақытын қадағаламау, тамақ жейтін, су ішетін жердің ластығы, дене шыңықтырудың жоқтығы, суықтық пен ыстыққа ұшырауы- осының бәрі бұл аурудың пайда болуына әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz