Бурситтер


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бурситтер

Тобы: ВМ - 305

Дайындаған: Қилашев Е. Ж

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Семей 2016

Жоспар:

  • Бурсит
  • Аурудың қоздырғыштары
  • Емі
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Бурсит (bursіtіs, лат. bursa - қалта) - буын қалталарының қабынуы. Бурсит шынтақ, иық, тізе, сирақ, аяқ ұшы буын қалталарында жиі кездеседі. Оның жедел және созылмалы түрлері болады.

Жедел Бурсит - жарақаттан (жара шығу, қажалу, т. б. ) және кейбір аурулардың асқынып кетуінен (тұмау, сарып, соз, т. б. ) пайда болады. Зақымданған жерді спиртпен, иодпен дезинфекциялап, таңғышпен байлап қою керек.

Созылмалы Бурсит -буын қалталарына сыртқы тітіркендіргіштердің тұрақты әсер етіп, жан-жағына ірің жиналуынан болады. Буын қалталары қызарып, кішкентай ісік пайда болады. Ісікті сипап басқанда, ішінде сұйық зат бары сезіледі. Буынды құрайтын сүйектер қозғалғанда ауру күшейе түседі. Ауру асқынса, науқастың дене қызуы көтеріліп, мазасы кетеді.

Емдеу үшін буын құрайтын сүйектердің қозғалысы шектеліп, ісінген жерге ыстық басылады. Буын қалталарына жиналған сұйық шприцпен сорылып алынады да, жараға антибиотиктер егіледі. Ал ауру асқынған жағдайда, буын қалтасына хирургиялық операция жасалады.

Буын қалталарының қабынуы - ол қалыпты және белгілі бір анатомиялық және физиологиялық функциялардың бұзылуымен сипатталады, қалыпты анатомиялық құбылыс болып табылады. Әдетте, буын қалталарының қабынуы қанды сұйықтың толуымен сипатталады. . Буын қалталарының қабынуы осылайша бір мезгілде зақымдау қатерінен теріні тікелей зақымдап кетуі мүмкін онда сүйек байланыстары маңызды болып табылады. Буын қалталарының қабынуы, Сонымен қатар, кейбір сіңір және қабық сүйек арқылы таралады аудандарда тегіс қозғалыс тежеледі.

Буынның қабынуымен барлық үй жануарларының түрі ауырады, соның ішінфде ең жиі ауратыны жылқы және ит, ал ірі қара сирек ауырады.

Жылқыларда аяқ маңайындағы буындарда және тізе буындарында кездеседі. Шошқада аяқтың өкше маңайындағы сүйектерде жиі кездеседі. Иттерде шынтақ буыны айналасында буынның ісінуі жиі байқалады. Ветеринариялық дәрігерлер практикасына сүйене отырып қалада иттердің көбіне шынтақ буынның ісінуі көп жағдайда кездесетіндігін тұжырымдады.

Бурситтердің дамуы:

  • Қажу;
  • Организмнің резистентілігінің төмендеуі;
  • Механикалық жарақаттарға тінджердің қарсы тұра алмауы;
  • Инфекцияға әлсіз болуы.

Клиникалық белгілеріне қарай бурситтер:

  1. Асептикалық бурситтер
  2. Іріңді бурситтер

Асептикалық бурситтер: Жіті және созылмалы түрде өтеді. Патоморфологиялық өзгерістеріне қарай эксудаттары:Серозды, серозды-фибриниозды, фибриниозды, оссифицирленген болып бөлінеді.

Патогенезі: Бурситтің жабық түрінде онда асептикалық қабыну болады. Бурситтердің қабырғасы және оның айналасындағы жасушалар ісінеді, жасушалары инфильтрацияланады, бурситтің шұңқырында қабынудың түріне байланысты серозды, серозды- фибриниозды немесе фибриозды экссудат болады. Себептерні жойған соң, қабынуға қарсы ем қолданағна соң, қабыну процесі жоғалады, экссудат тарқап бурсит қалыпты орнына келеді.

Клиникалық белгілері: Асептикалық асқынған бурситтерде тері асты бурситтерде ісіну, ауырсыну, флюктуация байқалады. Парасубральды жасуша ісінуде қатты байқалайды. Фибриннің көп жоғалуынан крепитация болады. Баяу қозғалыстар, бурситтерге ауыртпашылық түсіреді, сол себепті білек алды бурситтері қабынған жануарлар аяқтарын тік қылып жатады.

Іріңді бурсит: Айналадағы жасушалардың іріңді процесінен немесе біріншілік немесе қайталанба метастаздардан болуы мүмкін. Ірі қара малда бурситтердің созылмалы серозды және серозды-фибриниозды болуы мүмкін, себебі экссудат құрамында 52, 9 пайызы пиогенді микробтар болады.

Ауру өте жіті және созылмалы түрде өтеді. Бірінші кезеңде күрт ауырсыну сезімі диффузды ыстық пастозды болады, содан кейін флюктирленген ісікті болады. Бұның ішінде ірің болады. Аяқ жақтардағы бурситтердің қабынуында ақсаңдау байқалады. Созылмалы түрінде паробурсит дамиды және іріңді ошақ болады. Одан шырышты ірің ағады.

Аурудың қоздырғыштары: Іріңдікті тудыратын стафилококктар мен, стрептококктар. Сирек жағдайда бурситті арнайы (жеке) микробтар - гонококк пневмококк, туберкулез, ішек таяқшалары шақыруы мүмкін, онда қабыну спецификалық бурсит деп аталады. Буын қалталарына инфекция лимфа жолдарымен жақын ораласқан іріңді ошақтардан (тілме, флегмона, карбункул, фурункул, остеомиелит және т. б. ) түседі. Іріңді бурсит буын жарақаттарында да кездеседі, және іріңдік жайылып флегмонамен, созылмалы жыланкөзбен асқынады. Тізе, иық, шынтақ буындарында іріңді бурсит жиі дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лазерлік және магниттік терапия
Электр тоғымен емдеу
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
АЛАКӨЛ КӨЛІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Жануарлар бруцеллезі
Қара малдың кеуде қуысының аурулары және оның емдері (пневмоторакс, гемоторакс)
Патологиялық материалды орау және жөнелту
Еңбек гигиенасы. Оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz