Акушерлік көмек. Қалыпты жағдайда өтетін туу үрдісі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Акушерлік көмек. Қалыпты жағдайда өтетін туу үрдісі
Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Қилашев Е. Ж
Тексерген: Мухамадиева Н. Н
Семей 2016
Жоспар
I. Туу және туғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
II. Туу жолдары
III. Туу актісінің кейіпкері - төл
IV. Туу үрдісінің өтуі
V. Мал төлдетуді ұйымдастыру
Туу және туғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
Буаздык мерзімі аякталып, жатыр ішіндегі өсіп-жетілген тірі төлді, қағанақ кабыктары мен шарана суын сыртқа сығып шығаратын физиологиялык-кұбылысты туу үрдісі деп атайды.
Туу үрдісінде (раrtus) үш фактор: бірінші фактор-төл, кағанақ кабықтарымен шарана суы, екінші фактор - жамбас куысы мен туу жолдары (жатыр мойны, кынап және кынап кіреберісі мен жыныс ернеулері), үшінші фактор - толғак күштері (жатырдын жиырылуы, яғни кіші толғақ жэне диафрагма мен карыннын жиырылуы, яғни ащы толғак) өзара өте күрделі қатынаска түседі.
Ғалымдар туу актісінің басталу себебін түсіндіретін бірнеше теорияларды ұсынды: мысалға, кейбіреулердің айтуынша, төл әбден үлкейген соң анасының беретін коректік затына тоймай аштыктан сыртка шығады екен немесе төл үлкейген соң жатырдын кілегей кабығын, жатыр мойнын тепкілеп ондағы нерв талшықтарын тітркендіреді де жатырдың жиырылуына әкеліп соқтарды дейді. Буаздыктың соңына карай төл мен ана организмін жалғастырып тұрган плацента өз кызметін аткара алмай ылырап кұри бастайды, сөйтіп ана организмі үшін төл бөгде денеге ай- налып, жатыр ішінен куылып шығады деген де теория бар. Енді бір авторлар туу үрдісінің басталуын гормондардың әсерімен түсіндіреді де, яғни атап айтқанда, ұрық безіндегі сары дене өз кызметін токтатқан соң прогестерон гормонынын органына экстрогенді гормондар адреналин, простагландин сиякты затгар пайда болып, олар жатырдың жиырылуына әкеліп соктырады дейді.
Бір айтылған кұбылыстардын бәрі де шын мәнінде, жүріп жатады, бірак олардың бірде біреуі, жеке дара туу үрдісінің түпкілікті себебі бола алмайды, керісінше, осы айтылган себептердің бәрі бірігіп, бір-бірімен косылып барып туу актісін іске асырады.
Сондыктан бүгінгі танда медицинада, ветеринария да бірдей колдап отырған А. П. Николаевтің (1940) нейрогуморалді теориясы ғана туу үрдісінің басталу себептерін, өту механизмін дүрыс түсіндіре алады. Бүл теория бойынша туу үрдісіне катысты барлык себептерді үш топка бөледі: бірінші топка туу үрдісіне дайындайтын себептер жатады, олар: ми кыртысынын сезімталдығы әлсіреп, жұлын миының, жатыр кабырғасындағы жүйке талшыктарының сезімталдығының кушейуі, эстрогенді гормондардын жиналуы; екінші топка туу актісінің басталуын қамтамасыз ететін себептер жатады, олар жатыр кабырғасындағы, туу жолдарындағы жүйке талшыктарын тітіркендіріп коздыру (төлдің козғалуы), ацетилхолин, простагландин сиякты заттардың жатыр кабырғасына әсер етіп, оны жиырылуына мәжбүр етуі; үшінші топка туу актісін әлсіретпей демеп тұратын себептер жатады, олар төлдін козғалып, жатырды тітркендіруі, ацетилхолин, простагландин сиякты гормональді заттардын ұдайы жатырға әсер етіп, оның шаршамай жиырыла беруін қамтамассыз етуі.
Малдың бірдеңеден катты қоркуы, ұзак жол жүріп шаршауы, ашығуы, өте салкын су ішіп немесе шіріген жемшөптен улануы да туу үрдісінің ерте басталуына себеп бола алады.
Туу жолдары. Туу жолдарын жамбас сүйектері мен сегізкөз және жұмсақ үлпадан тұратын түтік (жатыр мойны, қынап, кынап кіреберісі, сарпай) құрайды. Жамбас сүйектерінің кұрылысына, онын ішкі диаметріне туу актісінін өтуі көп байланысты. Жамбас сүйектері (мыкын сүйегі, шат сүйегі және касаға сүйегі) мен сегізкөз жамбас куысын кұрайды. Жамбас куысының кіреберісін астынан шат сүйектері, екі жағынан мыкын сүйектері, төбесін сегізкөз кұрайды, шыгаберісін астынан касаға сүйектері, екі жағын жамбас сінірлері, төбесін кұйрық омыртқасы түзеді. Жамбас қуысының биіктігі (шат сүйектерінің жігінен сегізкөзге дейін), колденеңі (екі мыкын сүйегінің ортасы) және осі болады.
Сиырдың жамбас куысының осі ирек сызык, ал биенің және басқа ұсак малдың жамбас куысы сәл ғана иілген түзу сызық болып келеді. Сондыктан сиырдың тууы өте ұзақка созылып көбінесе, өздігіннен туа алмай калатын да жағдай кездеседі. Туу акті басталысымен-ақ жатыр мойны ашылып, онын ішкі диаметрі кынаптың диаметрімен бірдей болып кетеді. Төлдің жылжуына бұл түтікше ешкандай кедергі жасамайды, тек кейде сарпайының тарлығынан төлдің алға қарай жылжуы токтап калуы мүмкін.
Туу актісінің кейіпкері - төл. Төлдің денесінде туу үрдісінін өтуіне кедергі жасайтын үш белдеу бар: басы, кеудесі, және жамбасы. Төлдің кеудесі мен жамбасы сығылғанда көлемін кішірейте алады, ал бас сүйектері кішіреймейді. Дегенмен, табиғаттын өзі туу үрдісін дұрыс өтуі үшін жағдай жасаған, яғни жамбас куысының кең жерлеріне төлдің басының жалпақ жерлері сәйкес келіп мал онша киналмай-ақ туа береді.
Туу үрдісі дұрыс өтуі үшін төл туу жолдарында дұрыс жатуы керек. Төлдің жолдарында жаткандағын мына төмендегі терминдермен сипаттайды: -төлдің келуі (рraesetatio) . Төл жамбас куысына басымен, не болмаса артқы аяктармен кіріп жатса, дұрыс келгені деп есептеледі. Желкесімен, бүйірімен, жамбасымен келгені дұрыс емес; -төлдің позициясы (роsinitio) . Төл жамбас куысына арқасын анасының арқасына сәйкес жоғары каратып жатса, жоғарғы позиция деп есептеледі. Төл аударылып шалкасынан немесе бір бүйірілеп жатса позициясы дұрыс келмеді дейміз; -төлдің бойлығы (sitis) . Төл жамбас қуысына өзінінің ұзына бойы осімен кірсе (төлдің омырткасы мен анасының омырткасы бір бағытта) ұзына боймен дұрыс келгені. Ал арқасымен, карнымен немесе бүйірімен келсе, онда төл тігінен не болмаса көлденен жағдаймен теріс келген деп атаймыз; -төлдің денемүшелерінің орналасуы ( habitus ) . Бұл төлдің басы мен аяқтарының өз денесі катынасы. Төл басымtн келгенде аkдыңғы аяқтарының созылып жатуы, артымен келгенде арткы аяқтарының созылып жатқаны дене мүшелерінің созылып өзара дұрыс орналасуы болып саналады (18, 19-суреттер) .
18-19-суреттер. Сиыр төлінің туу жолдарына дұрыс орналасуы. А-алдымен келуі. Ә-артымен келуі.
Мойны бұралып, басы кайырылып, аяктары бүгіліп калса, оны теріс орналасуы деп айтамыз.
Туу үрдісінің өтуі. Туу актінің өту барысын үш сатыға бөлуге болады:
1. Жатыр мойны ашылып, туу жолдарынын түзелуі,
2. Жатырдағы төлді сығып шығару,
3. Шудың бөлініп түсуі.
Алғашкы кезде тек қана жатырдың әлсін-әлсін жатырдын жиырылғанын байқаймыз. Жиырылу мерзімі секундқа да жетпейтін уакыт алады, содан соң жатыр кайтадан босап 15-20 минуттық үзілістен кейін тағы да жиырылады. Осылай әлсін-әлсін жатырдын жиырылуын кіші толғақ немесе туу актісінің басталуы дейміз.
Жатырдын әрбір жиырылуы оның ішкі куысының таралуына әкеліп соғады, жатыр кабырғасы қалындап, оның жалпы аумағы кішірейе береді. Соның нәтижесінде жатыр қуысы ішіндегі кысымның күшеюіне байланысты жатыр мойны біртіндеп ашыла береді, кағанақ кабықтары шарана суымен қынап ішіне, одан әрі сарпайдан сыртқа жылжып бұлтиып шыға бастайды. . Жатыр жиырылуы біртіндеп күшейе түседі. Бұл кезде мал мазасызданып аяғымен жер тарпиды, жатып-тұрып, бүйіріне қаралай береді. Жатыр мойны түгелдей ашылып, оның диаметрі кынап диаметрімен бірдей болған кезде кағанақ қабықтары жарылып, шарана сулары сыртқа ағып төгіледі де, туу жолдары төлдің жылжып өтіуіне дайын болады. Осымен туу актісінің бірінші сатысы аяқталады.
Туу үрдісі басталмай тұрғанда төл жатыр ішіндс шалкалап аяктары бүктеліп жататын. Жатырдың жиырылуы әсерімен төл біртіндеп жамбас куысына дұрысталып басымен, не артқы аяктарымен жоғары позицияда үзына бойын тузеп, аяктарын созып келеді.
Шарана сулар ағып төгілгенде соның екпінімен төл сырғып келіп жамбас куысына кептеледі. Бұл туу үрдісінің екінші сатысының басталуы. Енді кіші толғаққа ащы толғак косылады, яғни тек қана жатыр жиырылып коймай, оған косылып диафрагма, карын көк еттері жиырылып төлді жамбас қуысынан сығып шығаруға тырысады. Жатыр бұрынғыдай әлсіз ғана емес үлкен күшпен жиырылып төлді кысады, жиырылу уакыты 3-4 минутқа дейін созылып, арасындағы үзіліс өте кыска 3-5 сек. ғана жетеді.
Жатыр жиырылған кезде бұзауды 600 кг күшпен қысады екен. Жиырылу арасындагы үзіліс қысқа мерзімді болса да, сол уакыттын өзі бұзаудың плацента аркылы тыныстап, тұншыкпай тұруына мүмкіндік береді. Сондай күшпен сығылған төл алдымен басы, содан кейін кеудесі өткен соң жамбасымсн кептеліп біраз түрады. . Мал осы кезде біраз күш жинап, тынығып алады да соңғы рет күшеніп төлді жамбас куысынан түгелдей сығып шығарады. Осымен туу актісінің екінші (төл шығару) сатысы аякталады.
Мал тынышталып, бүзауын жалап жатады немесе тұрып кетеді. Бірнеше минуттық үзілістен кейін жатыр кайтадан жиырыла бастайды. Бұл туу актісінің соңғы үшінші сатысынын басталуы. Толғак өте әлсіз, солай болса да кағанак кабыктарынын (шудың) бөлініп түсуі үшін осының өзі де жеткілікті. .
Қалыпты жагдайда сиырлардың шуы 6-8 сағатга, кейде 12 сағаттың ішінде бөлініп түседі. Биенің шуы 0, 5 сағаттын ішінде, кой мен ешкі, шошканың шуы 3 сағаттын ішінде бөлініп түсуі керек.
Үй жануарларының ішіндегі ең киналып туатыны сиыр: оның жамбас сүйектерінің кұрылысы, бұзаудың дене бітімі (мойны кыска, аяктары жуан, қысқа) туу актісінің өтуіне ыңғайсыз. Жатыр мойнының ашылуы 6-12 сагатқа, төлді шығару орта есеппен 3 сагатқа, шудің бөлініп түсуі 6-8 сағатка созылады. Сонымен сиырлардың туу актісі 10-20 сағатқа созылады.
Мал киналмай туу үшін оны жеке бокста төлдеткен дұрыс, онын касында ешкандай айқай- шу, бөтен кісі болмауы керек. Бокстін ішінде мал байланбай бос жүреді, жаткысы келсе жатады. Сиыр аяктарын бауырына бүгіп жатып туса жамбас, сауыр бұлшық еттері босап төлдін шығуына оңай болады.
Өсіп жетілген төлдің үстін түгелдей калың жүн жауып түрады. Бүзаудың салмағы 25-40 кг., 6 күрек тісі болады, козы- лактың салмагы 3-5 кг, торай 1-1, 5 кг. тартады, күшіктердің тісі болмайды. Көзі жұмылуы, құлактары жабысып калған болады, көжектердін салмағы 100 гр. шамасында, денесінде жүн болмайды, кызыл шақалақ болып туады.
Мал төлдетуді ұйымдастыру. Мал төлдеіу жауапты наукан, оған мүкият дайындалу керек, атап айтканда, коражай, жемшөп, отын-су, бағып-күтуші кісілер, жәрдемші жүмысшылар, кажет дәрі-дәрмектер, аспаптар бәрі де сақадай сай тұрғаны дүрыс. Сонда ғана жаңа туған төлді шығынсыз өсіріп анасының денсаулығы мен беретін өнімін сактап калуга болады.
Сиыр бүзаулайтын кора жалпы аналык бастың 10 пайызына жететіндей есеппен салынады.
Іші жылы, күрғак, жарык, едені тактайдан жасалынады. Қораның касында өтпе жел тимейтіндей малды серуенге шығаратын кең ашык алаң болады және жас бұзауларға арналған жеке қора болады, онын іші секциялардан немесе жеке үйшіктер тұрады. Үйшіктерді далаға ашык аланға орналыстарса да болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz