Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Банкроттық институтын құқықтық реттеу
1. 1 Қазақстан Республикасы және басқа да шет мемлекеттердің заңдарындағы банкроттық ұғымы, оның белгі нышандары мен субъектілері . . . 5
1. 2 Кәсіпорынды банкроттыққа жеткізуші факторлар жүйесі . . . 13
1. 3 Банкроттық институтын реттейтін мемлекеттік
органдар жүйесі . . . 19
2 Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
2. 1 Борышкер, несие беруші, прокурор және өзге де өкілетті органдардың өтініші . . . 34
2. 2 Банкроттық туралы істерді сот және соттан
тыс тәртіппен қарау . . . 46
- Дәрменсіз борышкерге қолданылатын рәсімдер
3. 1 Оңалту рәсімін қолдану тәртібі . . . 52
- Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс жүргізу) . . . 63
Қорытынды . . . 72
Қолданылған әдебиеттер . . . 74
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орынықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп жариялады. Міне, осыған орай жалпы мемлекеттік мақсатқа жетумен оның кепілі тұрақты экономика болмақ.
Еліміздің егемендік алуы қоғамымызды экономикалық - құқықтық қайта құрулармен ұштастырылады. Бұрынғы кеңестік дәуірде қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға жүйелі бет бұрдық. Нарықтық экономиканың басты міндеті - еліміздің экономикасын жүйелі түрде қалыптастыру (қайта құру) болып отыр. Бірақ экономиканың құлдырауы, қарыз мөлшерінің өсуі, шаруашылық субъектілерінің төлем қабілетсіздігі қоғамымызға жаңа ұғымды алып келді. Қоғамымызды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі - шаруашылық субъектілерінің дәрменсіздігі, өндірісті реттейтін осы құқықтық механизм экономикасы тұрақты дамыған елдерде «банкроттық инстуитуты» деген терминмен белгілі. Ал, біздің еліміздегі «банкроттық» нарықтық қатынас аясындағы жаңа құбылыс. Сондықтан осы институтқа үйрену үшін, яғни «кәсіпорын дәрменсіздігі», «санация», «сырттай басқару», «конкурс жүргізу» «оңалту шаралары», «конкурсты басқарушы», «банкрот», «төлем қабілетсіздігі» деген құқықтық ұғымдарға кәсіпкерлер, кәсіпорындар, шаруашылық субъектілері, сот органдары дағдылануы үшін арнаулы мерзім қажет.
Банкроттық институты еліміздегі кәсіпкерлік қатынасты құқықтық жүйемен реттейтін, Қазақстанда бұрын-сонды болмаған жаңа сала. Банкроттық институтының механизмі төлем қабілеті жоқ борышкерді қалпына келтіре, не қызметін тоқтата отырып, экономиканы жоғары деңгейге көтеру.
Банкроттық институтының маңыздылығы, нарықтық қатынасты жақсарту барсында төлем қабілеті жоқ субъектілерді азаматтық айналымынан шығаруға (оларды таратуға), екінші жағынан шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық ахуалын жақсартуға, төлем қабілетін қалпына келтіруге, нәтижесінде қаржы тұрақтылығына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың шарттарына жұмыстарын сәйкестендіре алмай жүрген кәсіпорын басшыларының экономикалық сауатсыздығы да банкроттыққа әкеп соқтыруда. Дәрменсіз кәсіпорындар саны тоқтаусыз өсуде, соның салдарынан жұмыссыздық өршіді. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік тұрмысының төмендеуі етек алды.
Міне, осы саладағы күрестің басты құралы банкроттық институты болып отыр. Банкроттық институтының мақсаты - төлем қабілетсіздіктің себептерін ашып, талай келе, дәрменсіз борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мен оның қызметін жалғастыу. Банкроттықты болдырмау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын тезірек саралап шығып және өз уақытында қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту жөнінде шара қолдану қажет.
1 Банкроттық институтын құқықтық реттеу
1. 1 Қазақстан Республикасы және басқа да шет мемлекеттердің заңдарындағы банкроттық ұғымы, оның белгі нышандары мен субъектілері
Банкроттық институты нарықтық экономиканың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Нарықтық экономиканың кәсіпкерлердің өздеріне жүктелген міндеттемелерін адал және тиісінше орындауға, салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға төлеуге, несие берушілердің жеткізген (берген) тауарларының (атқарған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерінің) құнын дер кезінде төлеуге, бірінші кезекте қарызды пайдаланғаны үшін процентін төлей отырып сомасын қайтару керектігін, жалпы алғанда кәсіпкердің тұрақты жұмыс атқаруын міндет етіп жүктеп отыр. Төлем қабілеті жоқ борышкерден мәжбүрлеу арқылы қарызын өндіріп алу барлық құқық жүйесінде бізге белгілі банкроттық институтымен реттеледі.
Әлемдік тәжірбиеде банкроттық туралы заң жүйесі екі бағытта дамыды. Бірі британдық принципке негізделді, яғни банкроттықты несие берушілердің қарызын өтеу тәсілі ретінде қарастырып, соңында борышкер-банкротқа тарту (конкурс жариялау) рәсімін қолданумен аяқталды. Ал екінші бағыт американдық принципке негізделді. Американдық принциптің басты мақсаты - борышкердің төлем қабілеттігін қалпына келтіруге бағытталған оңалту рәсімдерін қолдану. Бірақ қазіргі кезеңде дамыған нарықтық елдердің коммерциялық заңдарында осы бағыттар (британдық және американдық) қосарлана қолданылуда. Міне, осы екі тенденция Қазақстан Республикасының 1997жылғы 21-қаңтарда қабылданған «Банкроттық туралы» Заңында көрініс тапты.
Банкроттық деп сот тәртібімен борышкердің толық түрде төлем қабілетіздігін, оның дәрменсіздігін тануды айтамыз. Ал банкроттық нәтижесі сот шешімімен дәрменсіз борышкердің шаруашылық қызметін мәжбүрлеп тоқтату, яғни борышкерді тарату немесе борышкерге оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен оған төлем қабілетін қалыпна келтіруге бағытталған оңалту рәсімін қолдану.
Банкроттық институты кәсіпкерлік қызметтің нақты тоқтатылуын анықтайтын соңғы қадам. Банкротық институты заңды тұлғаның кәсіпкерлік-шаруашылық қызметінің тоқталуын немесе қалпына келтіруін жүзеге асыратын ең қатал тәсіл болғандықтан, осы қатынасты реттейтін күшті құқылық кешен қажет. Былайша қарасақ, банкроттық институты меншік иесінің еңбек ұжымының, несие берушілердің және басқа да қатысушылардың мүліктік мүддесін қорғайды.
Банкроттық, яғни дәрменсіздіктен туындайтын қатынастар тек банкроттық туралы заңдармен ғана реттіліп қоймайды, олардың қатарына материалдық және процессуалдық құқықтық нормаларын да жатқыза аламыз. Бұлар кәсіпкерлердің шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, дәрменсіз және бәсекелестік қабілеттігі жоқ заңды тұлғаларды тарату есбеінен экономикалық ортаны жақсартуға, несие берушілердің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік жасауда және де шаруашылық қатынастардың тұрақтануына қосымша көмек береді.
Банкроттық институты барлық шет мемлекеттерге белігілі. Революцияға дейін Ресейде дәрменсіздік ұығымы кең көлемде қамтылған еді. Советтік кезеңде Ресей Федерациясында 1922 жылы қабылданған Азаматтық кодексі тек жеке тұлғалардың (азаматтық серіктестіктер) дәрменсіздігіне қатысты пайда болған қатынастарды реттейтін нормаларды қамтыды. Бұл норма сөз жүзінде қалып қойды, яғни Ресейдің 1923 жылы қабылданған Азаматтық істер жүргізу кодексінде рәсімдерін реттейтін нормалар болмады. 1929 жылы Азаматтық істер жүргізу кодексі «Мемлекеттік кәсіпорын дәрменсіздігі» (38-тарау) екі тараумен толықтырылды. Бірақ, практикада барлық көрсетілген ережелер кең көлемде қолданылмады. Сол кезде заң жүйесінде банкроттық ережелерін жүзеге асыратын тұрақты тәртіп көрсетілмеді. Және де Жаңа экономикалық саясат», экономикалық жоспарлау және мемлекеттік меншік үстемдік еткен кезеңде банкроттық институты өзінің маңыздылығын жойған еді. 60-жылдардың бас кезінде банкроттық туралы ережелер заң жүйесінен алынып тасталды. Мысалы, 1964 жылғы Қазақ ССР-нің Азматтық кодексі және 1964 жылғы Қазақ ССР-нің Азаматтық істер жүргізу кодексінде бірде-бір банкроттық туралы норма көрсетілмеген. [28; 45б]
Еліміз тәуелсіздігі мен егемендігін алып, нарықтық қатынасқа өткен уақытқа банкроттық институтын реттейтін құқылық кешен қалыптасты деуге болады. Ең алғаш рет 1992 жылы қаңтарда «Банкроттық туралы» Заң қабылданған еді. Көптеген кемшілікке орай заңда бірқатар ережелер (оңалту рәсімдері) қамтылмағандықтан, әлемдің тәжірибеге сүйене отырып, 1997 жылы 21- қаңтарда жаңа «Банкроттық туралы» Заң қабылданып, күшіне енді. Банкроттық институты тек осы заңмен ғана реттеліп қоймайды, сонымен бірге 1994 жылғы Азаматтық кодексімен, атап айтқанда оның 21- бабымен, 49-57 баптарымен реттеледі.
Банкроттық институтының жалпы мағынасын ашуымыз қажет. Банкроттық- нарықтық қатынасты меңгеру тұсындағы Қазақстан экономикасындағы жаңа ұғым. Еліміздің экономикасының құлдырауы, көпшіліктің төлем қабілетсіздігі заңды тұлғалардың дәрменсіздігіне әкеп соқтыруда, яғни жұмыс істеу, қызмет көрсету, берген тауар құнын төлеуде несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмауы, сонымен қатар бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті түрде төленетін өтеуді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі, ал жалпы алғанда борышкердің мүлкінен ақшалай міндеттемелерінің артуы деп ұғынамыз.
Банкроттық ұғымы Қазақстан Республикасының екі нормативтік актісінде көрсетілген: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (52- бабы) және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21- қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңында (1- бабы) қамтылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 52- бабы және Қазақстан Республикасы «Банкроттық туралы» Заңнынң 1- бабына сәйкес банкроттық- борышкердің сот шешімімен танылған немесе несие берушілермен келісім бойынша соттын тыс тәртіппен ресми түрде жарияланған, оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі. Банкроттық итальян тілінен (bancarotta) аударғанда «дәрменсіздік» деген мағынаны береді. Ал дәрменсіздік дегеніміз борышкердің несие берушілердің ақшалай міндеттемелері бойынша талаптарые, жалақы төлеу туралы талаптарды қоса алғанда, сондай- ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуді қамтамасыз ету қабілетсіздігі.
1997 жылы 21- қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» заңына сәйкес банкроттық дегеніміз- борышкердің сот шешімімен танылған немесе несие берушілермен келісім бойынша соттын тыс тәртіппен ресми түрде жарияланған, оны таратуға негіз дәрменсіздігі.
Осы анықтамаға байланысты дәрменсіздікке тоқталсақ, ол борышкердің несие берушілердің ақшалай міндеттемелері бойынша талаптарын, жалақы төлеу туралы талаптарды қоса алғанда, сондай- ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі.
Банкроттық ерікті түрде немесе мәжбүр ету тәртібімен жүргізілуі мүмкін.
- Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші негізінде не борышкердің өз банкроттығын несие берушілермен келісім негізінде соттан тыс тәртіппен ресми жариялауы арқылы жүзеге асырылады.
- Мәжбүр ету тәртібімен банкрот деп тану несие берушінің, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Ал сотқа берушілердің сотқа арыздануына негіз болатын борышкердің төлем қабілетсіздігі. Төлем қабілетсіздігі дегеніміз- «Банкроттық туралы» заңның 4- бабының 1- тармағына сәйкес- борышкердің міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамауы.
Бұл заңда көрсетілген үш айлық мерзім- банкроттық туралы істі қозғауға себеп болатын сыртқы көрініс, ал ішкі және негізгі банкрот деп тану үшін алынатын шарт- ол борышкердің бұдан кейін де міндеттерін өтеуге қабілетсіздігі.
Мысалы: несие беруші- Акционерлік қоғам- сотқа борышкерді банкрот деп тану туралы талап арыз береді. Ол өзінің арызында борышкердің үш ай бойы өз міндетін орындамағанын атап көрсетеді. Бірақ сот борышкерді бұл міндеттемені өтей алатын едәуір қаржылық қоры бар деген тәуелсіз аудиторлық тексерудің қорытындысына сүйеніп, талапкердің арызын қабылдаусыз қалдырған, яғни сот борышкерді банкрот деп танудан бас тартқан.
Сонымен, бірнеше ай бойы міндетін орындамау фактісі және борышкердің қанағаттандырарлықсыз қаржылық жағдайы барлық кезде кәсіпорындарды бірден банкрот деп тануға әкелмеуі тиіс.
Енді жаңа қабылданған заңның маңызды ерекшеліктерін атап өтелік.
Біріншіден, ол шамасы жоқтық және дәрменсіздік мәселелерін реттеуге нақты талдау жасау арқылы рәсімнің әр сатысына жеке- жеке тоқталып, егжей- тегжейлі қарастырады және де банкроттық туралы істің қаралу тәртібін, тарату және оңалту рәсімдерінің мазмұны мен қағидаларын, сонымен қатар осы рәсімге қатысушылардың құқықтық жағдайын анықтап белгілейді. Бұдан басқа да маңыздылығы болып, жаңа заңның негізінде алынған- борышкердің төлем қабілетсіздігін тек тарату жолымен тоқтату емес, сонымен бірге оның төлем қабілетсіздігін орнатуға және несие берушілермен есеп айырысуға бағытталған рәсімдерді қолдану бағдарламасымен анықталуы болып табылады. Бұны біз заңның басты негізі ретінде жазылған «Осы заң дәрменсіз борышкерді оңалуға бағытталған арналуы рәсімдер өткізудің, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың шарттары мен тәртібін белгілейді» деген анықтамасынан нақты көреміз.
Бұрын қолданылған заң күші бар жарлықтың кемшілігі ретінде қарастырылған борышкердің несие берушілердің мүддесіне сай келмейтін күмәнді мәмілелерін заңсыз табатын арнайы нормалар болмағандығы болса, жаңа қабылданған заңда жалған және қасақана банкроттық деген арнайы нормаларды кездестіреміз.
Банкроттық институттарының өзіне тән маңызы мен мақсаты бар. Институттың маңызды белгісі- кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің шамасы жоқтығын несие берушілер мен борышкердің мүддесіне етіп, реттейтін құқықтық шаралардың жүйесі болып табылатындығынан көрінеді.
Егер несие берушілер қандай шара қолданса да, шығын көтеруге мәжбүр болса, яғни шығыннан қашып құтыла алмайтын болса, онда осы шығындар ең әділетті түрде несие берушілер арасында бөлінуге тиіс, яғни бір кезектегі несие берушілердің талаптары мөлшерлес етіп қанағаттандырылуы қажет. Осыны жүзеге асыратын- банкроттық институты және бұл арнайы мақсаты болып табылады.
Банкроттық институты - нарықтық шаруашылықтың ажырамас бөлігі. Несие берушілердің, сонымен қатар, нарықтың жалпы реттеушісі - мемлекеттің экономикалық мүдделеріне кепіл бола тұрып, кәсіпкерлік құрылымдардың тиімді жұмыс істеуіне күшті әсер етуші стимул болып табылады.
Банкроттық -сот шешімімен танылған борышкердің таратылуына негіз болатын дәрменсіздігі. Банкроттық туралы істерді сотта қарауды шартты түрде екі сатыға бөлуге болады: сотта іс қарау және банкроттықтың рәсімі.
Бірінші саты борышқорды банкрот деп тану туралы өтініш беруден басталып, соттың осы сатыда іс жүргізудің негізгі мақсаттарын орындау мен басты ролін атқарумен сипатталатын және соттың борышкердің тұрлаулығы немесе тұрлаусыздығы жөніндегі заңды маңызы бар фактіні растайтын сот актісін шығарумен
Төлем қабілетсіздігі деп борышкердің орындау мерзімі жеткен міндеттемелерін (міндеттемелерін орындау мерзімі жеткен кезден бастап 3 ай ішінде орындамаса) және басқа ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі. Бұл жердегі қабілетсіздік дегенді былай ұғынамыз:
- несие берушілер талабын қанағаттандыра алмау;
- өз мүлкінен қарыз сомасының асуы (екі есе немесе одан көп мөлшерде), яғни мүлкінің жетіспеушілігі. [25; 55-57б]
Борышкердің несие берушілердің жеткізген (берген) тауарларының (атқарған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерінің) құнын төлеуге, қарызды пайдаланғаны үшін процентін төлей отырып оның сомасын қайтаруға, сондай- ақ ақша сипатындағы өзге талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігін ақшалай міндеттеме деп білеміз. .
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы және басқа ТМД (РФ, Литва, Өзбекстан) мемелекеттері заңдарындағы банкроттықтың ұқсас белгісі борышкердің өз мүлкінен міндеттемелердің асып кетуі болып отыр. Бұдан шығатын қорытынды, мүлкінен қарызының асып кетуі салдарынан борышкер орындау мерзімі жеткен кезден бастап өз міндеттемесін 3 айдық ішінде орындамаса, сот немесе соттан тыс тәртіппен дәрменсіз борышкер банкрот деп танылуы мүмкін.
Ресей Федерациясының банкроттық туралы заңына сәйкес банкроттықтың маңызды белгісі болып қомысша баланс құрылымының қанағаттандырғысыз болуы жатады. Баланс құрылымының қанағаттандырғысыз болуы деп борышкердің мүлкінен міндеттемесінің асып кетуін айтамыз.
Бұл мәселені шешуге әлемдік тәжірибе басқа жолмен келеді. Алдыңғы қатарлы Батыс елдерінің банкроттық туралы заңдарында жоғарыда айтылған ұғымнан бас тартылады. Олар банкроттықта мүлкінен міндеттемесінің асып кетуі деген ұғымды қолданбады. Батыс елдерінің (АҚШ, Англия, Швеция, Германия, Франция) банкроттық туралы заңдарында борышкерді банкрот деп тану негіздерін тек сот органдары шеше алатындығы көрсетілген. Сот органдары борышкердің мүлкін бағалап, несие берушілер талабын қанағаттандыра алу мүмкіндігін анықтайды.
Бүгінде еліміз Батыс елдерінің банкроттық туралы заңдарын басшылыққа алып отыр. Заңға банкроттық борышкердің сотқа өз еркімен жазған өтініщі негізінде, не борышкержік өз банкроттығы туралы соттан тыс тәртіппен несие берушілермен келісу негізінде ресми жариялауы жолымен белгіленеді. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін несие берушінің талабын қанағаттандырмаса, сот банкрот деп тануға құқылы деген ережені қосып отыр. [33; 165б]
Англияда «банкроттық» деген ұғым тек жеке тұлғаларға ғана қатысты қолданылады. Ал «дәрменсіздік» термині жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға (компания, фирмалар) қатысты қолданылады.
Компания дәрменсіздігі- міндеттемелерін (қарыздарын) өз мерзімінде өтей алмау және мүлкінен (активтен) міндеттемесінің асып кетуі 1 . Бұл «активтік тест» деген терминмен барлығына белгілі. Банкроттық институтын реттейтін негізгі құжат 1986 жылы «Дәрменсіздік туралы» Заң болып есептеледі. Дәрменсіздікке қатысты кейбір кезеңдер 1986 жылғы «Компания туралы» Заң және 1987 жылғы «Банктер туралы» Заңның нормаларымен де реттеледі. Дәрменсіздік туралы заңда банкроттық рәсімдерінің екі түрі көрсетілген: оңалту және тарату рәсімдері.
Оңалту рәсімдеріне борышкердің істерін басқаруға әкімшілік тағайындау және оның мүлкін басқару жатқызылған.
Тарату рәсімдеріне: өз еркімен таратылу, несие берушілер бақылауымен ерікті түрде таратылу, сот шешімімен компанияны мәжбүр етіп тарату жатады.
Англияның заңында борышкер мен несие беруші арасында жасалатын бітімгершілік келісімнің әртүрлі нысаны көрсетілген.
АҚШ-тың 1776 жылғы Конституциясында банкроттық туралы ереже көрсетілген. Онда былай делінген: банкроттық туралы заңды еліміздің барлығы жаппай қолдануы тиіс, банкроттық туралы істерді тек федералдық соттар қарайды 2 . АҚШ-та банкроттық туралы істерді қарайтын 290 федералдық судьялар бар. АҚШ-тың банкроттық сот жүйесінің басқаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Банкроттық туралы істерде «қарызды кешіру» концепциясы қолданылады. Банкроттық істерді қарау кезінде американдық судьялар «сот әділдігі» принципін негізге алады. Судьялар мынадай 3 шешім қабылдайды.
- несие берушілер арасындағы дауды шешіп, бітімгершілік келісім жасасу туралы;
- банкрот деп танып, борышкер мүлкін бөледі;
Борышкердің қарызын кешіріп, қайтадан бастауына мүмкіндік береді.
1. 2 Кәсіпорынды банкроттыққа жеткізуші факторлар жүйесі
Дәрменсіз борышкердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру жолдарын қарастыру кезінде, ең алдымен, экономикалық дағдарыс жағдайындағы банкроттықтың негізгі себеп салдарларын айқындауымыз қажет. Бүгінге дейін көптеген төрағалар мен басшылдар, менеджерлер банкроттық институтының ақиқат нәрсеге айналғанына және өз кәспорындарының банкрот деп танылуы мүмкін екендігіне сенгісі келмейді. Банкроттыққа деген мұндай көзқарастың орын алуына социалистік қоғамда кәсіпорындар мемлекет меншігінде болғандықтан «банкроттық» ұғымының құқық жүйесінен алынып тасталғандығы себеп болды. Мысалы «Қаржы-несие сөздігінде» былай делінген: «Банкроттық-капиталистік экономикалық дағдарыс, капиталистік бәскелестік кезіндегі капиталистік кәсіпорындардың дәрменсіздігі». [43; 9б]
Республикамызда 90-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарысқа байланысты банкроттық институты қалыптасып, жаңаша көзқарас пайда болды. Статистикаға жүгінсек, 1995 жылдың 1- қаңтарына дейін 140 кәсіпорын банкрот деп танылған және жылдан жылға банкроттық саны қарқынды өскен. Сондықтан кәсіпорындарды банкроттыққа әкеп соқтыратын себеп - салдарларды міндетті түрде анықтауымыз қажет.
Нарықтық экономика заңына сәйкес кез-келген кәсіпорын банкрот болуы немесе бөтен банкроттықтың құрбаны болуы мүмкін. Кәсіпорынды банкроттыққа жетелейтін әр түрлі факторлар жүйесі қоғамымызда калптасқан. Біздің міндетіміз, банкроттықты тудыратын факторларды (себептерді) нықтап, жүйелеу. Кәсіпорындарды банкроттыққа жетелейтін факторларды екі топқа бөлуге болады: ішкі және сыртқы факторлар.
Кәсіпорын ішіндегі жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауын, басшылар мен менеджерлердің қателіктерін ішкі факторларға, ал кәсіпорынға сыртқы қоршаған ортаның әсер етуін сыртқы факторларға жатқызамыз. Осы екі топ факторларының бір мезгілде әсерлесуі салдарынан банкроттық институты пайда болады.
Экономикасы мен саяси жүйесі тұрақты дамыған елдерде банкроттықтың бір бөлігі, ⅓-сыртқы факторлардан, ал ⅔-ішкі факторлар әсерінен туындайды. Ал экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерде банкроттық ішкі факторлар салдарынан туындауда, яғни негізгі орын ішкі факторларға тиесілі.
Ең маңызды факторларға: құнсыздану (шикізатқа, жанармайға, энергияға, тарнспорт қызметіне, кәсіпорын өнімдеріне бағаның өсуі), банктің процентпен несие беруі, салық ставкалары мен кеден бажының мөлшерінің күнделікті өзгеруі, еңбек заңдарындағы ең төменгі жалақының тұрақтанбауы және т. б. жатады. Мәіне, жоғарыда көрсетілген факторлар кәсіпорын банкроттығына негіз болады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ішкі факторлар қауіпті. Мысалы, Батыс елдеріндегі сарапшылар қорытындысына қарағанда ұсақ фирмалардың (90%) сәтсіздікке ұшырауына менеджерлердің тәжірибесіздігі, басшылардың нарықтық экономика өзгерісіне төтеп бере алмауы, қате шешімдер қабылдау және лауазымды адамдардың өкілеттігін жалған иемденуі себеп болады екен.
Экономикалық, саяси демографиялық халықаралық бәсекелестік, техника мен ғылымның дамуы және т. б. себептер сыртқы факторларға жатқызылады. [22; 56б]
Банкроттықтың экономикалық факторлары (себептері)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz