Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Аққан қанды уақытша тоқтату.
2.2. Аққан қанды толығымен тоқтату
2.3. механикалық тасілдер
2.4. химиялық тәсіл
2.5. Тігіс салатын аспаптар.
2.6. Тігістерді салудың жалпы ерележері.
2.7. Түйіндердің түрлері және олары салу техникасы.
III.Қолданылған әдебиеттер
Косметикалық хирургияда қан тоқтату жиі кездеседі, себебі ұлпалардың бүтіндігін бұзумен жүргізілетін операциялар тамырлардың зақымдалуымен және қан кетумен өтеді. Тамыр неғұрлым ірі болса, соғұрлым қан кету және оның ақыры ағзаға жағымсыз әсер етеді. Шығу тегіне байланысты қан кету артериялық (ағын қызғылт түсті, қатты соғысымен ағады, ол тек тамырдың орталық ұшын қысумен тоқтайды), венозды (ағын түсі бозғылт, тыныспен сәйкес ағады, тамырдың шеткі үшін қысқанда азаяды), капиллярлы (қан біркелкі, жараның барлық үстінен ағады), паренхиматозды (өкпе, бауыр, көкбауыр, бүйрек зақымдалуынан болады, қанның көп мөлшерде ағуымен сипатталады, капиллярлы сияқты аралас).
Сонымен қатар қан кету сыртқы - сыртқы жабындардың бүтіндігінің бұзылуымен және ішкі ағзаның ішкі тұйық қуыстарына қан кетуімен сипатталатын түрлерін ажыратады. Қанның ұлпааралық кеңістіктеріне жиналуын үлпаішілік қан кету деп анықтайды (интерстициальды); егер осы кезде ұлпааралық қуыстар түзеліп оған қан жиналса оны гематома деп атайды.
Жаратылған уақытына қарай қан кету біріншілік, тамырдың зақымдалғана бірден болатын, екіншілік, ол егер тамырларды байлаған лигатура босап, түсуінде немесе тромбтың ыдырау нәтижелерінде дамиды. Айналасындағы ұлпалар ыдырауынан тамыр қабырғасының желінуі нәтижесінде түзілетін қан кетуді аррозиондық болады. Қан тоқтататын бұрауды ұзақ уақыт және тым қатты тартып салғанда вазоконострикторлар зақымдалып бұрауды шешкеннен кейін қан ағуы тоқтамауын салданулық (паралитикалық) қан кетуі деп аталады.
Аққан қанды уақытша тоқтату. Аққан қанды уақытша тоқтату мақсаты жануарға тез жәрдем көрсету болып табылады. Бұл жәрдем операция кезінде қанды тоқтатуда болмаған жағдайда көрсетіледі. Аққан қанды уақытша тоқгатудың бірнеше тәсілдері бар.
Көп ағып тұрған жерді басып, аққан қанды тоқтату тәсілі операция кезінде, қандай түрде болмасын жалпы аққан қанды тоқтату үшін қолданылады. Ең әуелі қан ағьш түрған жерді таза таңғыштармен басады, сонан кейін қан тоқтатудың басқа шараларын қолданады. Сонымен қатар қан тоқтатудың бұл тәсіліне, түрлі себептерден, басқа тәсілдерді орындауға болмайтын жағдайда ғана кіріседі. Егер қолда таза материал болса, онда қысьш таңып тастауға болады. Жараға орамал сияқгы құрғақ, таза дәкеден жасалған тампон салады. Сонан кейін жараның үстіне қалың етіп мақта салады, бұдан соң дәкені қатты таңып, байлайды. Жараны суық сумен, сірке суымен және басқа суық заттармен жууға және колодиймен желімдеуге болмайды.
Аяқтардан аққан қанды тоқтату үшін жгут қолданылады. Жгут ретінде созылмалы және ұзын, жай резеңке түтікті қолданады. Резеңке түтікті сол күйінде созып, қан аққан жердің жоғарғы жағынан 2-3 рет орап алады, сонан кейін түйіндеп байлайды. Жгут жақсы байлануы керек, өйткені ол шығып кетуі мүмкін, сондықтан қан қайтадан ағады. Жгутты байлаған кезде-ақ қан тоқтауы керек
Қатты тартылған жгут жүйкелерді зақымдап салдану болуы мүмкін, бос тартылған жгут артериядан аққан қанды тоқтата алмайды, вена қанының ағуына бөгет жасайды, сөйтіп вена қанының ұюына себеп болады. Жгутты дұрыс салған кезде артериядан аққан қан дереу тоқтайды, тамырдың соғуы басылады. Аяққа байлаған жгутты 2-2,5 сағаттан артық ұстамайды, өйткені ұзақ уақыт қысылудан ол мүшенің жансыздануы мүмкін. Жгутты салу уақтысы кейде жыл мезгіліне де байланысты болып келеді. Мысалы, жаз мезгілінде жгутты 2 сағатқа дейін, ал қыс мезгілінде 1 сағатқа дейін салынады. Егер жгуттың пайдалану уақытын ұзарту қажет болса, жгутты аз уақытқа босатып, содан кейін тартып қайта бекітеді. Жгутты алғанда баяу алу қажет, егер жгутты жылдам алса қанның ағысы пайда болған тромбты жұлып алып кетеді. Әр 10-15 минут сайын орнын ауыстырып отыру керек. Бұл тәсіл аяқтан аққан қанды тоқтату үшін қолданылатьш негізгі тәсілдердің бірі болып саналады, бірақ оның кемшіліктері де бар. Кемшілігінің бірі - екінші рет қан ағу. Жгутты алғаннан кейін екінші рет ағатын қан өзінің жылдамдығына қарағанда, өте қатты ағады.
1.Абдулла А.А. “Ашық механикалық жарақат”:оқу құралы,-Алматы,2011ж
2.Мүрәлінов К.Қ. “Оперативтік хирургия”: оқу құралы,-Алматы,ҚазҰАУ,2006ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері.

Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Ахметжанов О.Н

Семей 2016
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Аққан қанды уақытша тоқтату.
2.2. Аққан қанды толығымен тоқтату
2.3. механикалық тасілдер
2.4. химиялық тәсіл
2.5. Тігіс салатын аспаптар.
2.6. Тігістерді салудың жалпы ерележері.
2.7. Түйіндердің түрлері және олары салу техникасы.
III.Қолданылған әдебиеттер

Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары
Кіріспе
Косметикалық хирургияда қан тоқтату жиі кездеседі, себебі ұлпалардың бүтіндігін бұзумен жүргізілетін операциялар тамырлардың зақымдалуымен және қан кетумен өтеді. Тамыр неғұрлым ірі болса, соғұрлым қан кету және оның ақыры ағзаға жағымсыз әсер етеді. Шығу тегіне байланысты қан кету артериялық (ағын қызғылт түсті, қатты соғысымен ағады, ол тек тамырдың орталық ұшын қысумен тоқтайды), венозды (ағын түсі бозғылт, тыныспен сәйкес ағады, тамырдың шеткі үшін қысқанда азаяды), капиллярлы (қан біркелкі, жараның барлық үстінен ағады), паренхиматозды (өкпе, бауыр, көкбауыр, бүйрек зақымдалуынан болады, қанның көп мөлшерде ағуымен сипатталады, капиллярлы сияқты аралас).
Сонымен қатар қан кету сыртқы - сыртқы жабындардың бүтіндігінің бұзылуымен және ішкі ағзаның ішкі тұйық қуыстарына қан кетуімен сипатталатын түрлерін ажыратады. Қанның ұлпааралық кеңістіктеріне жиналуын үлпаішілік қан кету деп анықтайды (интерстициальды); егер осы кезде ұлпааралық қуыстар түзеліп оған қан жиналса оны гематома деп атайды.
Жаратылған уақытына қарай қан кету біріншілік, тамырдың зақымдалғана бірден болатын, екіншілік, ол егер тамырларды байлаған лигатура босап, түсуінде немесе тромбтың ыдырау нәтижелерінде дамиды. Айналасындағы ұлпалар ыдырауынан тамыр қабырғасының желінуі нәтижесінде түзілетін қан кетуді аррозиондық болады. Қан тоқтататын бұрауды ұзақ уақыт және тым қатты тартып салғанда вазоконострикторлар зақымдалып бұрауды шешкеннен кейін қан ағуы тоқтамауын салданулық (паралитикалық) қан кетуі деп аталады.
Аққан қанды уақытша тоқтату. Аққан қанды уақытша тоқтату мақсаты жануарға тез жәрдем көрсету болып табылады. Бұл жәрдем операция кезінде қанды тоқтатуда болмаған жағдайда көрсетіледі. Аққан қанды уақытша тоқгатудың бірнеше тәсілдері бар.
Көп ағып тұрған жерді басып, аққан қанды тоқтату тәсілі операция кезінде, қандай түрде болмасын жалпы аққан қанды тоқтату үшін қолданылады. Ең әуелі қан ағьш түрған жерді таза таңғыштармен басады, сонан кейін қан тоқтатудың басқа шараларын қолданады. Сонымен қатар қан тоқтатудың бұл тәсіліне, түрлі себептерден, басқа тәсілдерді орындауға болмайтын жағдайда ғана кіріседі. Егер қолда таза материал болса, онда қысьш таңып тастауға болады. Жараға орамал сияқгы құрғақ, таза дәкеден жасалған тампон салады. Сонан кейін жараның үстіне қалың етіп мақта салады, бұдан соң дәкені қатты таңып, байлайды. Жараны суық сумен, сірке суымен және басқа суық заттармен жууға және колодиймен желімдеуге болмайды.
Аяқтардан аққан қанды тоқтату үшін жгут қолданылады. Жгут ретінде созылмалы және ұзын, жай резеңке түтікті қолданады. Резеңке түтікті сол күйінде созып, қан аққан жердің жоғарғы жағынан 2-3 рет орап алады, сонан кейін түйіндеп байлайды. Жгут жақсы байлануы керек, өйткені ол шығып кетуі мүмкін, сондықтан қан қайтадан ағады. Жгутты байлаған кезде-ақ қан тоқтауы керек
Қатты тартылған жгут жүйкелерді зақымдап салдану болуы мүмкін, бос тартылған жгут артериядан аққан қанды тоқтата алмайды, вена қанының ағуына бөгет жасайды, сөйтіп вена қанының ұюына себеп болады. Жгутты дұрыс салған кезде артериядан аққан қан дереу тоқтайды, тамырдың соғуы басылады. Аяққа байлаған жгутты 2-2,5 сағаттан артық ұстамайды, өйткені ұзақ уақыт қысылудан ол мүшенің жансыздануы мүмкін. Жгутты салу уақтысы кейде жыл мезгіліне де байланысты болып келеді. Мысалы, жаз мезгілінде жгутты 2 сағатқа дейін, ал қыс мезгілінде 1 сағатқа дейін салынады. Егер жгуттың пайдалану уақытын ұзарту қажет болса, жгутты аз уақытқа босатып, содан кейін тартып қайта бекітеді. Жгутты алғанда баяу алу қажет, егер жгутты жылдам алса қанның ағысы пайда болған тромбты жұлып алып кетеді. Әр 10-15 минут сайын орнын ауыстырып отыру керек. Бұл тәсіл аяқтан аққан қанды тоқтату үшін қолданылатьш негізгі тәсілдердің бірі болып саналады, бірақ оның кемшіліктері де бар. Кемшілігінің бірі - екінші рет қан ағу. Жгутты алғаннан кейін екінші рет ағатын қан өзінің жылдамдығына қарағанда, өте қатты ағады.
Тұяққа операция жасап, түрлі аурулардан сақтану үшін де жгут қолданылады. Жгутты осындай тәсілмен операция жасалатьш жерден жоғары байлайды.
Аққан қанды толығымен тоқтату Қолданылатын шаралардың түріне қарай мынандай тәсілдерге бөлінеді: механикалық, химиялық, физикалық және биологиялық тәсілдер.
Аққан қанды механикалық тасілдермен тоқтату ең сенімді тәсіл болып табылады. Капиллярдан, венадан аққан қанды тоқтату тәсілдерінің бірі, таңып байлау және тампонмен тығындау болып табылады.
Жараны тыгындау қансырауды біржолата тоқтату үшін де қолданылады. Қынаптан, тік ішектен, мұрынның куысынан, терең жолдардан және сол сияқтылардан аққан қанды тампонмен тығындап тоқтатады. Ол үшін Микулич тампоны аса қолайлы келеді. Микулич тампоны екі бүктелген төртбұрыш салфетка, оның ортасына дәкеден тігілген бау немесе жіп орнатылған. Қатты тығындау керек, бірақ өте қатты тығындаудан қан жүрмей ұйып қалуы мүмкін, бұл есте болсын. Аққан қанды тоқтату үшін енгізген тампонды әр жерінен жіппен тігіп қояды. Әдетте, оны екі күннен кейін алып тастайды. Тампонды суырған кезде оны асқа салатын тұздың ерітіндісімен немесе сутегі асқын тотығының 3 процентгік ерітіндісімен сулайды. Тампонды алғанда болатын асқынуларға екінші рет қан кету жатады.
Тамырларды байлау аққан қанды тоқтатудың ең сенімді тәсілі болып табылады. Байлайтын материал ретінде жібек немесе кетгут жібі қолданылады. Қан ағып түрған тамырды байлау үшін көбінесе оны қан тоқтатын қысқыштардың біреуімен қысып алады, сонан кейін тамырдың астынан жіп өткізіп, екінші тұзақты әрдайым бірінші тұзақтан гөрі бостау тартады. Сонан кейін жіптің ұштарын қайшымен кесіп, байлаған тамырды ұлпаның ішіне жібереді.
Yenлпалардың анатомиялық құрылысы байлауға мүмкіндік бермесе және сол жерден байлаған жіп жылжып кеткендей болса, тамырларды айналдыра ұлпалардан өткізіп тігеді. Тіккен кезде тамырды қысқышпен қысып алып, қысқан жерден тамырды айнала жұмсақ ұлпалармен қосып, имек инемен тігеді.
Тамырды айналдыра бұрау. Байлаудың орнына тамырларды бұрау тәсілін қолдануға болады. Байлаудың орнына қолданылатын бұл тәсіл сенімді тәсіл болып саналады, оны кішкене тамырлардан қан аққан кезде қолдануға болады. Тамырларды пинцеттермен (Кохер және Пеан) ұстап, оны айналдыру қимылдарымен өз-өзіне бұрайды. Артерия тамырларға айналдыру үшін артериялық жом қолданылады. Тамырды бұрағанда, интима бұзылады, нәтижесінде тамыр қабырғасында тромб түзіліп, қансырау тоқтайды.
Тамырларды жасанды эмболизациялау. Өкпелік, ішек-қарын және ми қан тамырлары қансырауында қолданылады. Рентгенологиялық бақылау арқылы, тамырдың қансырап тұрған жеріне қарай қан артериясына катетер енгізіп, сол катетермен эмбол (силикон, полистрол, желатин) жіберіп, қансырауды тоқтатады.
Тамырды тігуді магистральді тамырлар зақымдалғанда, олардың өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қолданады. Бұл әдіс хирургтің арнайы дайындығы мини аспаптарды қажет етеді. Тігіс саңылаусыз болып, келесі талаптарға сай болуы керек: қан ағысын бұзбауы керек, тамыр саңылауында тігіс жібі барынша аз болуы керек. Тамырдың ұшын ұшына біріктірген өте оңды. Тамыр қабырғасын үздіксіз орама тігіспен тігеді (қолмен тіккенде), атравматикалық инелер мен берік жіппен тігеді. Механикалық тігісті тантал скрепкалармен (сіңбейтін тігіс материалы) аспапты қолданып салады. Ол әлдеқайда мүлтіксіз әдіс болып табылады және тамыр саңылауын тарылтпайды.
Тамырларды бітеу Сүйектің кемікті затының тамырларынан қан кеткеңде қолданылады. Залалсыз пастаны сүйектің қансырап түрған бетіне жағады. Пастаның қүрамына 5:5:1 қатысындай балауыз, парафин, вазелин кіреді.
Аққан қанды химиялық тәсіл қолданып тоқтату. Қансырауды тоқтатудың химиялық әдістері - жергілікті және жалпы қан тоқтату. Жергілікті қолдануға арналган заттар қансырап тұрған үлпамен тікелей жанасқанда, ал жалпы әсер көрсететін препараттар қанға түсі арқылы кіші қан тамырларын жиырып немесе қанның ұюын жылдамдатады.
Аққан қанды тоқтату үшін қолданылатын химиялық препараттардың көбі ұлпалардың ақуызын ұйытады, сөйтіп жараның жазылуьш қиындатады. Мұны, тампонмен пайдалануға болмайтын, капиллярдан аққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластикалық операциялар
Иттің түскен тік ішегінің оперативтік емі
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Телемедицина мақсаты
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Қара малдың кеуде қуысының аурулары және оның емдері (пневмоторакс, гемоторакс)
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
Пәндер