Қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы



1 Алаш партиясы
2 Жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті
3 “Алаш” партиясының толық шартнамасы
Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 — 20). 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған А.п-ның өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экон., саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.

Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында (1905 — 07) қолға алды. 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемл. Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қоғамдық үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. 1905 жылдың соңына қарай Орал қ-нда өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын” құру туралы шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар “Фикер” (Пікір) газетінде жарияланды (1905, 25 желтоқсан, №5).

1906 ж. 10 маусымда Семей қ-нда Мемл. Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды “Халық еркіндігі” (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады (“Семипалатинский листок”, 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеум. бағдары, белгілі дәрежеде, ресейлік радикалдық-бурж. партия — кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірақ осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын Заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілердің легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, ун-ттер ашу т.б. (“Фикер”, 1905, 25 желтоқсан №5). 1905 ж. жазда өмірге келген Қарқаралы хұзырхатының (петициясының) да талаптары осы мазмұндас болды. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғы шарттар қалыптаса қоймаған болатын.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Алаш партиясы

Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 — 20).
20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған А.п-ның өмірге келуі,
біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экон., саяси және рухани
негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей
империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең
дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.

Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс
революциясы жылдарында (1905 — 07) қолға алды. 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемл.
Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ еліне де
депутат сайлау құқын берді. Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары
отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қоғамдық үгіт-
насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне
мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. 1905 жылдың соңына
қарай Орал қ-нда өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі “Қазақ
конституциялық-демократиялық партиясын” құру туралы шешім қабылдады. 9
адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар “Фикер” (Пікір)
газетінде жарияланды (1905, 25 желтоқсан, №5).

1906 ж. 10 маусымда Семей қ-нда Мемл. Думаға қазақтардан депутат сайлау
үшін өкілдер жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды “Халық еркіндігі”
(кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған
қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады
(“Семипалатинский листок”, 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана
түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеум. бағдары,
белгілі дәрежеде, ресейлік радикалдық-бурж. партия — кадеттердің қызметімен
ұштасты. Бірақ осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары
орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің
бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ
елінің меншігі етіп жариялайтын Заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп
келушілердің легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру,
олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп,
медресе, ун-ттер ашу т.б. (“Фикер”, 1905, 25 желтоқсан №5). 1905 ж. жазда
өмірге келген Қарқаралы хұзырхатының (петициясының) да талаптары осы
мазмұндас болды. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында
пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ,
өйткені оған қажетті алғы шарттар қалыптаса қоймаған болатын.

Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 ж.
тағы да бой көрсетті. М.Сералин бастаған “Айқап”журналы төңірегіне
топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір
бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде
бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-отарлық
тәртіппен есептесуге мәжбүр болған Бөкейханов бастаған топ мұндай
әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін
қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана
қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін “ Қазақ ” газеті жанынан
құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне “Қазақ саяси партиясын жасау
мәселесін” ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: “Ресейде осы күнде түрлі
саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған.
Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса программасы түп-түгел
қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел
көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды” (“Қазақ”, 1917, №234).
1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қ-нда өткен жалпықазақ съезі
қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды:
“Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның
жобасын жасауды съезд “Шора-и исламға” сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды.
Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға
құрылмақ...”. Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы
Бөкейханов россиялық кадеттер партиясынан мүшеліктен шығатынын және оның
себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни
бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді.
“Қазақ” газеті (1917, №244) өзінің бас мақаласында партияның атын “Алаш”
қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар
тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде “Қазақ”
басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ к-ттеріне қазақ саяси партиясының
атын “Алаш” қою туралы жеделхаттар жіберілді.

А.п-ның обл. ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады.
Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен шамамен қазанның 12-
20 аралығында партияның обл. ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал
қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей обл. партия к-тінің төрағасы
болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал
Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның
арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен
бағдарламасын бекітуге уақыттың қолайлы жағдайдың болмауынан Орт. к-т
құрылмады. 1-жалпықазақ съезі Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында
депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан төңкерісі
Алаш партиясының саяси көзқарасы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш партиясы
Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
Саяси партиялар Қазақ төңкерісі қарсаңында
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Пәндер