Марек ауруы.Құстардың респираторлы микоплозмозы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Марек ауруы. Құстардың респираторлы микоплозмозы
Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Қилашев Е. Ж
Тексерген: Нуркенова М. К
Семей 2016
Жоспар
I. Марек ауруы
1. 1. Қоздырғышы
1. 2. Эпизоотологиясы
1. 3. Аурудың өршуі және оның белгілері
1. 4. Ауруды аныктау
1. 5. Емі
1. 6. Аурудан сақтандыру шаралары
II. Құстардың респираторлы микоплозмозы
2. 1. Тарихи деректер
2. 2. Қоздырушысы
2. 3. Індеттік ерекшеліктері
2. 4. Өтуі мен симптомдары
2. 5. Патологоанатомиялмк өзгерістер
2. 6. Балау
2. 7. Дауалау және күресу шаралары
Марек ауруы (кұс нейролимфоматозы) -тауыктар тұкымдасына жататын кұстарды зарарлайтын вирусты этиологиялык аса жұкпалы, ісікті ауру. Паренхиматоз органдарында (бауыр, бүйрек, талак, өкпе, бездерде) жаңа ісік процестері, сондай-ак нерв жүйесінің шеткі жағынан қабынуы түрінде өтеді.
Қоздырғышы - кұрамында герпесвирустар тегіне жататын вирусы бар ДНК. Вирионының мөлшері 150-200 нм. Қоздырғыш құрамында әр түрлі алты антиген болады. Олардың бастылары А, В, С әріптерімен таңбаланады. Барлық аса зиянды патоген штаммдар антигендерінің көп болуы коздырғыштық тектес иммунологиясын камтамасыз етеді. Марек ауруының вирустары тауык ұрықтарын, тканьдерден тұратын талшыкты ісіктер (фибробласттар) клеткаларын және тауык бауыры мен үйрек ұрыктарын зарарлайды.
Қоздырғыш вирустары тауық, күрке тауык, жапон бөденесі үшін аса катерлі. Жоғары вирулентті штаммдар аурудың жіті өтуіне ыкпал етсе, біршама әлсіз вирулентті штаммдар аурудың созылмалы өтуіне әсер етеді.
Вирус сырткы ортаның температурасы 18-20*С болғанда кырылып калады. Қауырсын фолликулдарындағы эпителий клеткаларының вирустары сырткы орта жағдайында 8 ай тіршілік ете алады.
Эпизоотологиясы. Табиғи жағдайда марек ауруына тауыктар көбірек шалдығады. Бұл аурумен күрке тауықтар, бөденелер, кырғауылдар, үйректер мен аккулар, сондай-ақ кұрлардың да ауыратыны жайлы деректер бар. Бұл кұстар эпизоотологиялык ерекшеліктері жағынан белгілі бір дәрежеде қоздырғыштар ошағы іспетті. Ауруға төзімділігі жасына карай айкын дараланып көрінеді. Мәселен балапандар ауруға екі апталы- ғында жиі шалдығады. Оларды бұл кезеңде аурудың 85 процентке дейін камтуы мүмкін. Ал 8-20 апталығында олар жаппай ауырады.
Марек ауруы аса жұкпалы індет екеніне карамастан, кұстың ауыру дәрежесі мен аурудың патологиялық белгілерінің айкын көрінуі құстың жыныстык жасына, белгілі бір тегі мен тобының тұкым куалап келе жаткан төзімділігіне, әлсіз иммунитет жағдайына, індеттің күші мен вирустың мөлшеріне және жұғу жолына байланысты.
Ауруға шалдыккан кұс жұкпалы індеттің ошағына айнала отырып, ауырған кезінен 7-21 күн өткен сон айшаласына аур у тарата бастайды. Ішкі органдардағы жай көзге көрінбеитін коздырғыштар 4-5 аптадан кейін ғана козады. Ауырған құс 16-24 ай, тіпті бүкіл тіршілігінің өн бойында жұқпалы вирус таратып жүруі мүмкін. Клииикалык ауру кұстар тобының 88, 7 процентінен вирус табылған кезде анықталған. Тәжірибе жасалған кезде марек ауруы құс организміне кез-келген тәсілмен енгізіледі. Бұл індет құс организміне табиғи жағдайда тыныс алу мүшелері, ас қорыту жолдары аркылы және терінін кауырсын фолликулдары арқылы енеді. Соның ішінде ең қауіптісі - коздырғыш вирусының кауырсын фолликулдарының эпителилеріне енген түрі болып табылады. Індет шыққан шаруашылыктарда оны сойылған бройлердік 30-95 процентінен табуға болады. Қыста ауырған Құс кораларындағы ауанын әрбір 0. 015 текше метрінде 10 балапанды зарарлауға толық жететін вирус болады. Ал оларды түрлі жәндіктер, кенелер мен коңыздар тұс-тұсқа тарата алады. Вирус жұмыртка қабығының сыртынан да табыла береді. Бірак сонын жұмыртканың ішкі ақ уызы мен сары уызының құрамына калай өтіп кететіні әлі күнге дейін беймәлім. Іс жүзінде осындай жағдайдан құстың 40-85 проценті ауырып, 3-80 проценті өлім-жітімге ұшырайды.
Өнеркәсіптік құс шаруашылығы жағдайында марек ауруының қатты түрі эпизоотиялық немесе энзоотиялық індет белгілерімен айқын ацңғарылады, ал клиникалык белгілерінің жұкпалы және инвазиялы аурулармен біқатар өршуі байқалған емес.
Ауру жекелеген кұс шаруашылыктарынын өз ішінде ғана емес, жұкпалы індет ретінде шаруашылыктардың бірінен екіншісіне де өте тез тарайды. Егер дер кезінде тиісті шаралар колданылмаса аурудың жұкпалылығы күрт өршіп, әсіресе жыныстык жагынан жетіле коймаған жас кұстардын жаппай ауырып, олардың арасында өлім-жітімнің көбеюіне әкеліп соқты- рады.
Аурудың өршуі және оның белгілері . Органнзмге енген вирус канның ак түйіршігіне сінеді де бүкіл органнзмді шарлап, ішкі мүшелердің қоректік түссіз суык заты (лимфасы) бар тканьдерін закымдап, орнығып алады.
Онын көбеюі лимфа клеткаларын ісіндіріп, шеткі жүике мен мида, көз бен бұлшық еттерде, ішкі мүшелерде шоғырлана ұйысып, ісік пайда болады. Ұйысып өршу процесі (пролиферация) ауыр өткен жағдайда құс өле бастайды, ал женіл етсе кұс сауығып кете алады. Бұл ауру вирусын, әдетте, сонымен зарарланған мүшелерден табуға болады. Ол тканьдерді ка- тойтып. вирус жайғыш және микроб уының. т. б. затгардын
организмге енуіне карсы канда пайда болатын антителаның жасалуын қамтамасыз стеді.
Аурудын жасырын өршитін кезеңі әдетте 13 күннен 50 күн- ге дейін созылады. Кұстың тұкым қуалаушылык касиеті неғұрлым жоғары, ал өзі жас болса, ол соғүрлым марек ауруына тез бой алдырады, яғни аурудын жасырын өршу кезені жеделдей түседі. Аурудыц ұзак өршу кезеңі анықталып, онын клинкалык үш түріне мынадай сипаттама берілді: а) нерв жүйесінің зардаптанып ауыруы; б) көздің мүйізгек кабығының түсі өзгеріп, карашык жанарының семуі; в) ішкі манызды мүшелерде ісік пайда болып, весцеральды ауруға шалдығуы.
Аурудың классикалық түрі нерв синдромына әкеп соқтырып, кейде көзді зақымдаиды, ішкі мүшелерді зарарлап, аралас процестермен баяу өтеді. Нерв жүйесінін закымдалуы зардабынан құс аксап, қанаттары мен құйрығы салбырайды, мойыны бұралып қалады. Жекелеген құстар өтпелі шала сіреспемен ғана жүрдім-бардым ауырып барып, жазылып кетеді. Аурудың бұл түрінде де көздің мүйізгек кабығының түсі өзгеріп, тіпті, мүлде сокыр болып қалады. Қарашык жанары жінішкеріп, жұлдызшаланып, мұрт тәрізді сопак пішінге айналады. Мұндай жағдайда құсқа ешқандай жарык, сәуле әсер етпейді. Әдетте құс аурудың алғашқы белгілері білінгеннен кейін 1-16 айдың ішінде өледі. Аурудың бүл түріне шалдыккан қустың өлім-жітімі 1 процснттен 30 процентке дейін жетеді.
Марек ауруының жіті түрінің белгілері құс лейкозының (өлі кандағы ақ түйіршіктердің ұйысуы) көз пигменттерінің жетімсіздігін еске түсіретін клиникалық белгілеріне ұксас. Сондыктан да марек ауруының бүл түрін аурулын неопластикалык ісік тудыратын лейкоз тәрізді түрі деп дұрыс атайды.
Ауруды аныктау үшін ауырған құсты тексеріп, эпизоотологиялык деректерді, клиникалық белгілерді, өлекседегі өзгерістерді лабораториялық зерттеулер мен биологиялық тәжірибе нәтнжелерін ескеру керек.
Аурудың классикалық түрінен өлген кұс өлексесінен жүйке
талшыктарының жуандап, түсі өзгергенін көруге болады 2 -10 процент жағдайда аталық ұрық безі мен тыныс алу клеткаларында пайда болған ісік анықталады. Зарарланып жүйкелер кейде ісік тәрізденіп өзгеріп кетеді. Ауру өте жіті өткенде әр түрлі ішкі органдарда коздырғыш ошағына айналған ісіктер мен жемсаудын ұлгайып кеткен калканша бездерін жиі табуға болады. Өкпелер сінбелі ісіктер ошағы салдарынан сұрғылт түске енеді.
Биологиялык сынақ сұйығын тәуліктік балапандар терісінің астына немесе бұлшык етке егеді. Нәтижесін үш аптадан кейін теріге каптап шыккан вирус ерекшелігіне тән антигендер санынын шамасына карай аныктайды.
Биологиялық сынақ сұйығын тауық эмбрионына жиырылмалы несеп қуығы кабығын зарарлау арқылы енгізеді. Биосынақ ойдағыдай жасалған жағдайда ірінді бөртпелер ұлғайған ісік ошақтары пайда болады. Серологиялық әдістер қолданғанда кауырсын фолликулдарынан өзгерген антигендер табу үшін РДП ерітіндісін, ал өзгеше антителаларды табу үшін РНГА ерітіндісін колданады. Соңғы ерітіндінің жоғары концентрациясы (1. 128-1. 1024) 10-13 аптаға жетеді. Дифференциальды анықтау кезінде лимфалы лейкозбен В, Е, Д авитаминоздарын, жұкпалы энцефаломиеленитті, Ньюкасл ауруын, тұмау мен кейбір улануларды есепке алмаса да болады.
Марек ауруы мен лимфа лейкозын аныктаудын іс жүзінде мәні зор. Өйткені бұл өте көп тараған аурулар.
Емі - әлі толык жүйеге келтірілмеген.
Аурудан сақтандыру шаралары. Негізгі алдын алу шаралары инкубатор мен құс қораларда мал дәрігерлік-санитарлык далаптарды бұлжытпай орындау, жана құс тобын әкелу алдында мұқият дезинфекциялау, дезинфекция жасау болып табылады. Өнімі мардымсыз, ауруға шалдықты-ау деп күмән келтірген құстарды дереу шығару керек. Ең дұрысы - марек ауруына төзімді тауықтар тұкымын талдап алу.
Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтарда дереу құс саны азайтылады. Ол үшін марек ауруынын классикалық түрінен 5-10 проценті зарарланған құс тобын түгел жойып жіберген жөн. Құс санын өсіруде профилактикалық үзіліс жасап, құс коралар мен жабдықтарды толык тазартып, өңдеп алған дұрыс.
Ауру жаппай жайылып кеткен жағдайда инкубатордағы жұмыртқаларды таратуға, олардан балаландар шығаруға тыйым салынады.
Балапан шығару немесе балапан өсіру ісі ауырған құстар мен шаруашылық өндірісінің барлық технологиялық буынында дәрілеу, тазарту шаралары аяқталған соң бір ай уақыт өткенде ғана кайта қолға алынады. Барлық балапандар бір тәулікке толған соң вакцинамен егіледі.
Шаруашылықта жекелеген құстар ауырғанымен, ол аурудың кеш таралып кететіндей қаупі жоқ болса, құс қораны формальдегид буымен 4 рет дезинфекциялағаннан қейін, шаруашылықта жұмыртқа инкубациялауға рұқсат етіледі. Құс өсіруді шектеу жөнінде шаруашылыққа салынған тыйым құс арасында марек ауруы толық жойылған жағдайда ғана алынып тасталады.
Марек ауруының алдын алу шаралары тірі вакцина қолдануға негізделген. Ол марек ауруының табиғи әлсіреген вирусынан және сол тектес антигенді күрке тауық герпесі (ұшық) вирусынан жасалады.
Кез-келген құсқа залалсыз болғандықтан герпес вирусынан жасалған вакцина кең түрде қолданылады. Біздің елімізде осы вирустан жасалған сулық және кұрғақ вакцина пандаланылады.
Респираторлық микоплазмоз
Респираторлық микоплазмоз - құстың тыныс мүшелерінің зақымдануы, синовит, арықтау және өнімділігін жоғалтуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет 1936 ж. АҚШ-та Нельсон мен Жиббс (1936), қоздырушысын Делаплан мен Стюарт (1943) сипаттады. Алғашында АҚШ пен Канадада байқалатын ауру кейін 1956 ж. бастап басқа елдерге тарады. Әртүрлі аталып келген бұл ауру 1961 ж. Халықаралық індет бюросының шешімімен «құстың респираторлық микоплазмозы» деп аталды.
Қоздырушысы - Мусорlаzта galliseptica, полиморфты, көбінесе коктарға ұксас, жартылай ауасыбағалы, белокпен, көмірсулармен, стериндермен, витаминдермен байытылған қоректік орталарда, тауык эмбриондарында, торша өсіндерінде өседі. Лиофильді кептіргенде, төмен температурада катырғаңда бірнеше жыл, өсіндідеде 2- 4°С-та - 60 күнге, 20°С-та - 30-60 күнге, 37°С-та -15 күнге дейін сакталады, ыстыққа төзімсіз, бірнеше минутта өледі. Дезинфектанттарға сезімтал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz