ҚР Қаржы министрлігі: оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: "ҚР Қаржы министрлігі: оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны"

МАЗМҰНЫ

Кіріспе… . . . 3-6

I - Тарау. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы және құқықтық негіздері . . . 7-18

І. 1. Мемлекеттің қаржылық қызметі . . . 18-25

II - Тарау. Қаржы саласындағы мемлекеттік басқару органдары, ҚР Қаржы министрлігінің құзыреті . . . 26-32

ІІ. 1. ҚР Қаржы министрлігі - қаржы саласындағы мемлекеттік

басқару органы ретінде . . . 32-38

ІІ. 2. ҚР Қаржы министрлігінің атқаратын негізгі функциялары . . . 38-40

ІІ. 3. ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған

комитеттері . . . 40-50

Қорытынды . . . 51-53

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 54-55


Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.

Мен Дипломдық жұмысымды Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан менің ашқалы отырған тақырыбым үшін маңызды сөздерінен мысал келтіре отырып бастағым келіп отыр: «Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек. »1

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзақ мерзімді перспективада экономикалық дамуды және елдің әлемдік экономика жүйесіндегі мамандануын айқындайтын басымды салалар іріктелуі тиіс. 2

Менің ойымша, әрине, мұндай салалардың басымы ретінде қаржы саласын қарастырып, соған орай осы салада ұзақ мерзімге жоспарлар құрып, сол жоспарлардың уақытылы әрі толық көлемде орындалуын қадағалауды күшейткен жөн.

Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші, реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган, яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен функциялары біршама күрделі.

Мұнда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, маңызы мен мақсаты, ҚР Қаржы министрлігінің қаржы саласын басқарушы, реттеуші мемлекеттік органдар арасындағы алатын орны, жүктелген міндеттемелерін атқару мақсатында арнайы құрылған комитеттерінің атқаратын функциялары мен құзыреттері қарастырылған.

Мемлекеттік басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару маңыздылығының өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі мен оның міндеттері және функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып келеді. Қаржылар қоғам мен жекелеген азаматтардың өмірінде елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміз экономикасының өсіп дамуына белсенді әрі қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады, базистің құрамына жатады және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. 3

Алайда, соңғы кезеңде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекеттің атқаратын қызметтерінің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару ол атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған қарай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға негізделеді. Бұл жерде ол әр алуан қоғам мүдделерін көздейтіндіктен осы салалардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды; Екіншіден, мемлекеттің экономика, қаржылар мен әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі үзақ жылдар бойы тарихи тәжірибелермен белгіленген, әсіресе, қазіргідей қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқару рөлі күшейе бермек; Үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы түрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеудегі стихиялық процестер туындатады және ол процестер нарықтың бір қыры ретіндегі ауыздықталмаған күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді; Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі; Алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясындағы мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; Жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларындағы монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белгілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен Ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудағы кепіл болып табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекеттік басқару ілімі, бұл жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен, көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару жеткілікті деңгейде (көлемде) өз шешімін тапқан жоқ.

Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару жолдарын қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып отыр: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметінің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы билік органдары қызметтері нарық талаптарына сәйкес заңдар негізінде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік шарттар, тіркеу, лицензиялау нысанындагы) мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылуының маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету: мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынастар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде үсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" даму стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискалдық саясатының жетілдіруін көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.

Жұмыста негізінен жаңаша сипаттағы мемлекеттің қаржы жүйесін және оның құрамын қалыптастыру критерияларын айқындау, қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық базасы ретіндегі әкімшілік және қаржылық заңдарды зерделеу және олардың негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ осы аядағы мемлекеттік қызметтердің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында оларды ғылыми негізде жүзеге асыру мәселелері көзделді4.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны» атты өзекті тақырыпқа арналған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы мен құқықтық негіздеріне зерттеу жасадым. Сонымен қатар, тиісті бөлімде мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызы мен қызметіне тоқталып өттім. Екінші тарау қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару органдарының түрлеріне, ҚР Қаржы министрлігінің атқаратын функциялары, міндеттері мен қаржы саласында басқару органы ретіндегі алатын орнын қарастырдым. Жұмысымда Қазақстан Республикасының заңнамаларын, екіжақты келісім шарттарда, Ұлттық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін пайдалана отырып қорытындылар жасадым. Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: «қаржы», «қаржылық қызмет», «мемлекет», «мемлекеттік орган», «мемлекеттік басқару», «Қаржы министрлігі», «бюджет».

I - Тарау. Қаржылар саласындагы мемлекеттік басқарудың маңызы және

құқықтық негіздері

Қаржылардың қоғам мен жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орнын, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі атқаратын рөлінің өте зор екендігі әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т. б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді. 5

Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындауда қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып алу-сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, (Т-А-Т) тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау - бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теория түрғысынан алғанда, ақша қаражаттар мен қаржылардың ара-қатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттардың қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.

Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекет бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.

Сонымен, қаржылардың көп қырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырдың көрініс табатынын көреміз.

Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есептелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілер қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да

мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмысшыларды материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті үлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.

Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан олар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т. б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.

Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылық қызметтің әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылар ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.

Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады, өйткені, шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекет мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржыларды негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.

Енді осы қаржылар жөнінде ғалымдардың көзқарастарына көз жүгіртіп, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы А. И. Худяков "Қаржы" термині латынның "финис", яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, finanсіо деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. XVIII ғасырда француздар finanсе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.

Қазіргі кезде "финанс" - қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат (құнды қағаз) жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді. 6

Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы "мемлекеттік ақшалар" түсінігімен сәйкес келеді.

А-И. Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым.

Егер арнайы мағынада қаржыларды - мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатын пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А. И. Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттар әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға сыймайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.

Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономисттер айтқандай, "А-Т", "Т-А" қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекеттің өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды, өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, занды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады. Қаржылар мемлекеттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт - қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.

В. И. Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы ғалым қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және де басқа игіліктерді немесе кіріс пен шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.

Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады.

Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады - тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (Т-А-Т) ұдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизмінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.

Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.

Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы - бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) мен бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар - ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: қүн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.

Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.

Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекше аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларындағы қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы түсінік
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Орындаушы үкімет
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
Салық қызметінің экономикалық табиғаты, мәні және қызметі
Атқарушы биліктің құрылымы
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz