Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеу әдістемесі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеу әдістемесі
Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Қилашев Е. Ж
Тексерген: Билялов Е. Е
Семей 2016
Жоспар
1. Ринит
2. Ларингит
3. Өкпе гангренасы - іріңді пневмония
4. Плеврит
5. Пайдаланылған әдебиттер
Тыныс органдарының аурулары
Танаудың кілегей қабығының кабынуы - ринит. Асқынған жердегі жалкаяқтың (экссудаттын) сипатына карай ауру катаралды, крупозды, дифтериялы және фолликулярлы риниттер, ал ауру барысына карай - жіті және созылмалы болып бөлінеді. Ринит көбінесе жылкыда, итте, шошқада және үй қоянында кездеседі.
Ауру себептері . Малдың мұнымен ауруына әр түрлі тітіркендіргіштер себеп болады: механикалық - ауадағы шан-тозаң, жаракаттану; термикалық - салкын тию; суық жел, ыстық ауамен және түтінмен дем алғанда, химиялық - тітіркендіргіш газдармен дем алғанда, (аммиак, хлор) . Екінші ринит танаудың фарингитпен, ларингитпен, пневмониямен, тіс ауруымен және басқа да инфекциялық аурулармен кеселденгенде байқалады.
Ауру белгілері. Танаудын кілегей қабығынын канталағаны, ісінгені, кейде оның іші жарылғаны байкалады. Танауынан қобыртпақ ақсарғыш су ағады. Жақ астындағы лимфа түйіні ісінеді, көзі жасаурап, конъюнктивитке шалдығады, танаудың косымша қуысы катарға айналады, танауы сырылдайды.
Фоллнкулярлы ринитте жылкы танауының кілегей кабығы бөртіп, ол жа- рылғанда орнында тез жазылатын жара пайда болады.
Крупозды және дифтериялы ринитте кілегей кабығы крупозды немесе некротиялы жұқа қабық жиналады.
Емі. Бірінші ринитпен ауырған малды емдеудің кажеті жоқ. Танаудын кі- легей қабығы кабынған жағдайда антисептикалык ерітінділер бүркеді, та- науынан су сорғаласа, оған 0, 01 проценттік адреналин ерітіндісін немесе 0, 02:20 мөлшерінде майлы ментол, ал жұка қабық пайда болғанда - иодты глицерин жағады.
Кемекейдің кабынуы - ларингит. Ауру барлық түлікте, әсіресе жылқы мен итте жиі кездеседі.
Ауру себептері - ринит ауруындағы сияқты.
Ауру белгілері . Ауырған малдың көмекейі жыбырлал, жөтеле береді. Кө- мекейін сәл басса мал қатты булығып жөтеледі. Мал жөтелін тоқтаткысы келіп, мойнын кекшитіп, басын шайкайды. Алғаш мал кұрғак жөтеліп, катты ауырсынады, кейіннен жөтелі күшейіп, қақырық түседі. Дем алғанда мал сырылдайды. Кенірдегін тыңдағанда катты сырыл естіледі. Кейде танауынан ірің аралас сінбірік ағады, жак астындағы лимфа түйіндері ісінеді және 2-3 күндей дене кызуы көтеріледі. Көмекей мен кенірдек инфекциялы ауруға шалдыққанда дене қызуы үнемі көтерінкі болады.
Ауру барысы. Ауру мал 5-10 күнде жазылып кетеді. Көмекей мен кеңірдекқабынғанда, әсіресе жоғарғы тыныс алу жолдарының катары узаққа созылып, қатты аскынады.
Емі . Ауырған малға тыныштық беріп, жақсы желдетілетін қорада ұстап, жылы күндері далаға шығарып серуендетеді, жұмсакқ әрі шаң араласпаған азық береді. Ауру асқынған жағдайда малды жылы суға малынған шүберекпен орайды, жылытқыш компресс қояды, булайды. Электр жылыткыш процедура (Манин лампасымен, сынап-кварц лампасымен қыздыру) колданылады; антибиотик қосылған судың буын жұткызады. Ауру ұзаққа созылса көмекейінің тұсын скипидармен, камфарамен немесе горчица араластырылған спиртпен сылайды.
Өкпе гангренасы - іріңді пневмония. Мұндай ауру крупозды және қабынба пневмониялар асқынғанда байқалады. Кейде өкпе гангренасы некрабациллез, сақау, эндометрит және басқа да аурулардан кейін пайда болады.
Аурудың белгілері Мал алғаш ауырған мезетте дене қызуы жоғарылап, бойкуйездік басады, азығын мүлде жемей кояды, тамыр соғуы әлсірейді, демігуі күшейеді. Өкпе гангренасының басты белгілерінің бірі-ауырған малдың екі танауынан сұрғылт тусті сіңбірік сорғалайды, онда өліеттенген өкпе тканьдері мен қан кездеседі. Сіңбірігін микроскоппен карағанда ұзын, әрі жіңішке өкпе талшықтары кездеседі, мұның озі өкпе гангренасын анықтаудың бірден бір белгісі болып табылады.
Кеуде қуысын саусақпен соғып байқағанда, одан іші кепкен малдікіндей дүңкілдеген дыбыс естіледі. Өкпе тұсын саусакпен сокқанда мал ауырсынады не түйіліп жөтеледі. Экссудатты плеврит асқынғанда кеуденің төменгі түсынан дүңкілдеген дыбыс естіледі. Кеудені тыңдағанда гангрена болған жерден кәдімгі төгілген сұйықтың дыбысы қатты шуылы естіледі. Мал қатты демігеді, жылқының тыныс алуы 40-50-ге дейін жетеді, тамыр соғуы жиілейді - минутына 80-100 рет соғады; кейіннен малдың тамыр соғуы білінбейді де, мұның өзі оның өлім халінде екендігін керсетеді.
Ауру барысы . Өкпе гангренасы тез арада өршіп, ауырған мал 4-8-күні денеге жұкпалы микроб жайлауы салдарынан өледі.
Емі. Өкпе гангренасы біліне бастасымен малға антибиотиктер қолданыла- ды. жұлдызша түйінге новокаин блокадасы жасалады немесе венасына новокаин ерітіндісін құяды. Тері астына 10 мл таза суға араластырылған 0. 5 грам- дай атоксил құяды, тәулігіне 1-2 рет 100-200 мың ЕД мөлшерінде (бір жолғы дозасы) пеннициллин ерітіндісін жібереді. Сонымен қоса, жүрек кызметін жаксартатын және қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер береді, аузын шаяды, танауын тазартады.
Плеврит. Плевраның қабынуы көбінесе ондағы крупозды пневмония, өкпе гангренасы жәнс іріңді пневмония ауруларынан кейін қайталап өршиді. Сонымен қоса, плеврит кейбір инфекциялыө аурулардан кейін де байқалады. Кейде алғашкы плеврит жарақаттан, ісіктен немесе салқын тиюден болады. Плевриттің өршуіне малдын арықтауы, кәрілігі, созылмалы аурулар, ауыр жұмыс, жөнді азықтандырылмау да себепші болады.
Плевриттің фибринозды және экссудатты түрлері болады.
Аурудың белгілері. Фибринозды плевритке шалдыққан мал қалтырай бастайды. Сонымен қоса, ауырған мал әлсіреп, самарқау тартады, азығын жөнді жемейді, жүрек қызметі бұзылады және кеудесін басқанда қатты ауырсынады. Көкіректің астыңғы тұсына қолды қойғанда, көкірек куысы қабырғасының аздап дірілдегені сезіледі. Тыныс алуы ауыр, үзік-үзік және кенеттен жиілеп кетеді. Тыныс алуы әдеттегісінен 2-3 есе жиілейді. Көкірегін тыңдағанда ауруға тән шуыл естіледі. Көкірек куысын саусақпен ұрғанда мал катты ауырсынады және булығып жөтеледі. Жылқы фибринозды және экссудатты плевритте жатқысы келмей, аурудан айыққанша тік турады.
Экссудатты плеврит плевраның фибринозды қабынуы салдарынан өршісе, онда ауру кайталап, малдың кеудесі сарысуға толып кетеді. Мал калшылдап, тыныс алуы, кеудесінін ауырсынуы бәсеңсіп, кейде мүлде білінбей кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz