Шошқа тілмесі. Тілме



1 Патогенезі
2 Патологиялық анатомия
3 Тілменің жітілеу түрі
4 Ауруды анықтау
Тілме (Erysipelas Suum) шошқалардың аса қатал жұқпалы ауруы. Жіті, жітілеу түрінде малдың ыстығы күрт көтеріледі, терісінде тарғыл бөртпе шығады, созылмалы түрінде тері өліеттеніп қабынады, буындар мен жүректің ішкі қабығы қабынады, қоздырғышы — бактерия Еrysipelothrix insidiosa. Бұл аурумен көбінесе 3-12 айлық шошқалар ауырады.
Адамда ауру қатерсіз түрде өтеді — алақан мен саусак терілері зақымданады.

Патогенезі. Ауру алиментарлық жолмен залалды жем- шөп, су арқылы жүғады, тек кейбір жағдайда зақымдалған тері арқылы жұғуы мүмкін. Бактерия тасушылық өсерінен де іштей ауру қозып тууы мүмкін. Бұған себептер организмнің ауруға қарсы күресу, тойтарыс беру қасиеттерінің бөсеңдеуі.
Малдың денесіне енісімен бактериялар қолайлы жағдайларға душар болады да, қанға ілесіп, тез өсіп, өнеді. Бактеремия дамиды. Ол орташа, біркелкі дамыса, онда індетті процесс бірте бірте жайылады, бұл аурудың жіті және жітілеу түрлеріне тән, өйткені бактеремия қарқындай түседі, қоздырғыш бүкіл ағзалар мен ұлпаларды жайлап алады. Бүкіл дененің уыттануы әсерінен иммунобиологиялық реакциясы күйзеледі, қан қағынады (сепсис). Ауру өте тез өтуіне байланысты қысқа уақыт ішінде тілмеге тән клиникалық морфологиялық белгілері дамып үлгермейді. Теріде пайда болатын тарғыл бөртпені қоздырғышқа сезімтал организмнің өзіне тән аллергиялық реакцияның нәтижесі деп білу керек. Аурудың өте жіті түрінде сол бөртпелердің теріде шықпауы осы жағдайға байланысты.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Шошқа тілмесі
Тілме (Erysipelas Suum) шошқалардың аса қатал жұқпалы ауруы. Жіті, жітілеу түрінде малдың ыстығы күрт көтеріледі, терісінде тарғыл бөртпе шығады, созылмалы түрінде тері өліеттеніп қабынады, буындар мен жүректің ішкі қабығы қабынады, қоздырғышы -- бактерия Еrysipelothrix insidiosa. Бұл аурумен көбінесе 3-12 айлық шошқалар ауырады.
Адамда ауру қатерсіз түрде өтеді -- алақан мен саусак терілері зақымданады.

Патогенезі. Ауру алиментарлық жолмен залалды жем- шөп, су арқылы жүғады, тек кейбір жағдайда зақымдалған тері арқылы жұғуы мүмкін. Бактерия тасушылық өсерінен де іштей ауру қозып тууы мүмкін. Бұған себептер организмнің ауруға қарсы күресу, тойтарыс беру қасиеттерінің бөсеңдеуі.
Малдың денесіне енісімен бактериялар қолайлы жағдайларға душар болады да, қанға ілесіп, тез өсіп, өнеді. Бактеремия дамиды. Ол орташа, біркелкі дамыса, онда індетті процесс бірте бірте жайылады, бұл аурудың жіті және жітілеу түрлеріне тән, өйткені бактеремия қарқындай түседі, қоздырғыш бүкіл ағзалар мен ұлпаларды жайлап алады. Бүкіл дененің уыттануы әсерінен иммунобиологиялық реакциясы күйзеледі, қан қағынады (сепсис). Ауру өте тез өтуіне байланысты қысқа уақыт ішінде тілмеге тән клиникалық морфологиялық белгілері дамып үлгермейді. Теріде пайда болатын тарғыл бөртпені қоздырғышқа сезімтал организмнің өзіне тән аллергиялық реакцияның нәтижесі деп білу керек. Аурудың өте жіті түрінде сол бөртпелердің теріде шықпауы осы жағдайға байланысты.
Патологиялық анатомия. Тілме қауырт (өте жіті), жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Аурудың қауырт түрі қанның тым жіті қағынумен сипатталады. Сондықтан тілмеге тән патанатомиялық өзгерістер дамып үлгермейді, яғни тері бөртпейді, сойылған өлекседе тек қана канға толған ағзаларды жіті домбыққан өкпені және бірен-саран сірі кабықтардағы кан- талауды көруге болады. Ондай шамалы клиникалық анатомиялық өзгерістері бар ауруды ақ тілме деп атайды. Тілменің жіті түріндегі патоморфологиялық өзгерістер аурудың осы түріне төн. Теріде әсіресе кұлактар түбінде, мойында, төсте, құрсақта кошкыл-көшкілдеу дақ тәрізді бөртпелер пайда болады. Осындай дақтар бір-бірімен тұтасып, теріге жайылып кеткен. Осы жерлердегі шел гемоглобиннің сіңуі арқасында кызғылт түсті. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин араласкан біраз мөлдір сұйық бар. Өрмек тәріздес фибрин карыннын, ішектін, үлпершектің және көкіректін сірі кабықтарына шөгіп жабысқан.
Талақ ұлпа торшаларының шамадан тыс көбейіп өсуіне байланысты ұлғайған, кызыл шие түсті, көкшілдеу. Сірі қабығы катайған, ұлпасы біраз жұмсарған, тіліп жібергенде беткейден ұлпа ыдырап шығады, бірақ қырынды шамалы ғана, фолликульдермен қанқа бейнелері байқалмайды. Сөл бездері қанмен кернелген, қызғылт-көкшіл түсті, суланып домбыққан, сол себепті шырынды, біраз ұлғайған. Микроскопиялық өзгерістер сары сулы қабынуға сайма-сай.
Ауруға тән өзгерістер қарын мен ішекте кездеседі. Қарын кілегей қабығының безді бөлігі калыңдаған, нүкте тектес қан құйылған, алқызыл түсті, созылмалы мол кілегеймен көмкерілген, ол оңайшылыкпен сыпырылып жуыла қоймайды. Осындай өзгерістер аш ішекте де кездеседі, әсіресе оның алдынғы бөлігінде, бірақ мұнда кілегей шамалы ғана. Кейде сулы-кілегейлі қабыну мен қатар сөл түйіндер шамадан тыс ұлғайып, кілегей қабықтың бет деңгейінен көтеріңкі болады. Бүйректер қанмен кернелген, қызыл-шие түсті. Мұнымен қатар шамалы ғана шектелген қара- кошқыл дақтар байқалады, осыған байланысты ағза шұбарланған. Тілінген бүйректе жоғарғы және төменгі қабаттардың шекарасы көрінбейді. Жоғарғы қабатындағы бүйрек шумақтары канмен кернелген, олар нүкте тәрізді канталауға ұқсайды. Микроскоп арқылы шумақ кабының қуысында қанды жалқақты көруге болады, жалпы ұлпадағы өзгеріс канды қабынуға сайма-сай.
Тоқ ішек, шажырқай, шарбы, бауыр, жүрек еті, өкпе веналық қанмен кернелген.Өкпе сонымен қатар жіті домбыққан, кеңірдек пен бронх қуыста- ры қанды көбікпен толған. Бұл көбік танаудың тесіктерінен де көрінеді. Сібір жарасы мен оба көптеген қанталаумен сипатталса, тілмеге бұл өзгеріс тән емес. Бірен-саран қанталау тек сөл бездерінде, жүректін сыртқы қабығында, бүйректерде, аш ішекте және сірі қабыктарда кездеседі. Жүрек етінін тілінген беткейінде сұрғылт ошақтар мен жолақтар байқалады, бұлар түйіршікті дистрофиямен закымдалған жерлерге сәйкес келеді.
Тілменің жітілеу түрі. Терінің сулы қабынып, күлдіреуіктердің пайда болуымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тiлмесi бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
Шошқа тілмесі. Шаруашылықты аурудан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
Шошқа тілмесіне қарсы вакцина стардарты
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар жайлы мәлімет
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар
Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
Шошқа тілмесін зерттеу
Пәндер