Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы ... ... ... ... ... ..5
1.1. Б.з. 6.12 ғ. аралығындағы Орталық Қазақстанның отар ел ретіндегі өмірі ... ...5
1.2. Қазақ хандығының құрылуы және елдің бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасындағы қарым.қатынас ... ...7
1.4. Қазақ халқының басына төңген қасірет. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңі» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Казақстанның Ресейге қосылу процесі...11
2.1. I Петрдің үкімі бойынша Қазақстанда қорғаныс бекеттерінің салынуы ... ..11
2.2. Анна Иоанновнаның қазақтарды Ресейдің қол астына алу жөнінде рұқсат беруі...12
3. Қазақ зиялыларының азаттық үшін күресі ... ... ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 20

I. Тақырыптың өзектілігі
Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыты өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келді.
Тәуелсіздік жолы қиын–қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан тарихындағы ұлт–азаттық қозғалыс пен ұлт зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу – тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күнмен бастап, коммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы державалық орыс шовимизмінің біздің ұлтымызға «құрастырып» берген, саясаттандырған «ұлттық тарихымызды» - ұлттық көзқарас тұрғысынан жаңаша объективті зерделеу процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық игілік құндылықтарын басшылыққа алған отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған Түркістан тарихы, әсіресе оның ұлттық–мемлекеттік межеулерге дейінгі кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып комцептуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Осыедай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады:
- Қазақ елі сонау б.з. 6-ғасырынан бастап өз егемендігі үшін күрес жасап, сан ғасырлар бойы алға ұмтылуының нәтижесінде 15-ғасырдың 2-жартысында Қазақ Хандығын құрып, болашаққа үлкен қадам жасады. Егемен елге жол бастаған қазақтың хандары, билері мен батырларының жасаған ерліктері қазіргі таңда ең маңызды да ауқымды тақыпрыптардың бірі болып табылады. Себебі, тәуелсіздік жолындағы күрес ешкімге де оңайшылықпен бағынбады және жаңа заманда мұның маңызын біліп, жадыда сақтау әр мемлекет мүшесінің парызы болып есептеледі.
- Қазақстанның Ресейгу қосылу процесі олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете тіскені анық. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірген. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті. Қазақстан мен Орта Азия республикалары тәуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктерімен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң көмескі тарта бастаған тарихи санамызды жаңғырту - өзімізден басталады. Бүгінгі таңда Еуразияның элицентрінде тұрған Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы қадамын ашып көрсету жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

1. Уикипедия сайтындағы «Қазақ Хандығының бастамалары» атты мақаласы
2. Testen.ru сайтындағы тесттер негізінде алынған даталар
3. Шың кітап, 2013ж – «X тарау. Қазақ хандығы құрылуының алғы шарттары»
4. Жолдасбаев С. Қазақстан тарихы, Жаратылыстану математика бағыты бойынша оқулық. Алматы, «Атамұра» 2008ж.
5. Уикипедия сайтындағы «Қазақстанның Ресейге қосылу процесі» жөніндегі мақала
6. XX-ғасырдағы Қазақстан тарихы оқулығы. (Н.Шаяхметов)
7. e-history.kz сайты

РЕФЕРАТ
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы тақырыбында
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
1.1. Б.з. 6-12 ғ. аралығындағы Орталық Қазақстанның отар ел ретіндегі өмірі ... ... ... ... 5
1.2. Қазақ хандығының құрылуы және елдің бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасындағы қарым-қатынас ... ... ... ... ... .. ... ... ..7
1.4. Қазақ халқының басына төңген қасірет. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Казақстанның Ресейге қосылу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1. I Петрдің үкімі бойынша Қазақстанда қорғаныс бекеттерінің салынуы ... ... ... ... ... 11
2.2. Анна Иоанновнаның қазақтарды Ресейдің қол астына алу жөнінде рұқсат беруі...12
3. Қазақ зиялыларының азаттық үшін күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
I. Тақырыптың өзектілігі
Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыты өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келді.
Тәуелсіздік жолы қиын - қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан тарихындағы ұлт - азаттық қозғалыс пен ұлт зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу - тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күнмен бастап, коммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы державалық орыс шовимизмінің біздің ұлтымызға құрастырып берген, саясаттандырған ұлттық тарихымызды - ұлттық көзқарас тұрғысынан жаңаша объективті зерделеу процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық игілік құндылықтарын басшылыққа алған отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған Түркістан тарихы, әсіресе оның ұлттық - мемлекеттік межеулерге дейінгі кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып комцептуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Осыедай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады:
- Қазақ елі сонау б.з. 6-ғасырынан бастап өз егемендігі үшін күрес жасап, сан ғасырлар бойы алға ұмтылуының нәтижесінде 15-ғасырдың 2-жартысында Қазақ Хандығын құрып, болашаққа үлкен қадам жасады. Егемен елге жол бастаған қазақтың хандары, билері мен батырларының жасаған ерліктері қазіргі таңда ең маңызды да ауқымды тақыпрыптардың бірі болып табылады. Себебі, тәуелсіздік жолындағы күрес ешкімге де оңайшылықпен бағынбады және жаңа заманда мұның маңызын біліп, жадыда сақтау әр мемлекет мүшесінің парызы болып есептеледі.
- Қазақстанның Ресейгу қосылу процесі олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете тіскені анық. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірген. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті. Қазақстан мен Орта Азия республикалары тәуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктерімен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң көмескі тарта бастаған тарихи санамызды жаңғырту - өзімізден басталады. Бүгінгі таңда Еуразияның элицентрінде тұрған Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы қадамын ашып көрсету жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Б.з. 6-ғасырынан Қазақстанның саяси жағдайының, тәуелсіздікке құлшынысының мәні мен мазмұнын айқындау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сол тарихи дәуірде қалыптасқан тарихи, саяси, әлеуметтік, мәдени және ғылыми өзгерістермен байланыстыра отырып, зерттеу жұмысының алдына қойған негізгі мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады.
-Қазақтың отаршылдық өміріне шолу жасау.
-Қазақ Хандығының даму алғышарттарына тоқталып, ондағы саяси жайттарға сипаттама жасау.
-Ресейге қосылу процесіндегі туындаған қиыншылықтар мен алғышарттардың мағынасын көрсетіп, түсінік беру.
-Қазақтың зиялы қауымының алға қойған мақсаттарын ашып, жасаған әрекеттерінің маңызына токталу.
-Қазақстанның тәуелсіздігінің өзектілігі мен тарихи маңызын сипаттап қорытынды беру.
1.Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
1.1. Б.з. 6-12 ғ. аралығындағы Орталық Қазақстанның отар ел ретіндегі өмірі
Б.з. 6 ғасырында Орталық Қазақстан Түрік қағанатының кұрамына енді. 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты Жетісу мен Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Тарихи деректер бойынша 7 ғ-дың екінші жартысында Батыс Түрік қағанатының ішіндегі ең күшті тайпалық одақ -- қимақтар Ертіс өзенінен Сыр, Шу бойына дейінгі аралықты мекендейді. Қимақ қағанаты жеті тайпадан тұрды, оларға: қимақ, ланиказ, аджлад, эймур, баяндур, татар, қыпшақтар жатады. Ал 10 ғ-да осы тайпалардан қыпшақтар алдыңғы қатарға шығып, Қыпшақ хандығын кұрды. 10 ғ-дың аяғында қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды ығыстырды, Қазақстаннын түгелге жуык жеріне билігін жүргізіп, Дешті-Қыпшақ деп аталды. 11-12 ғғ-да қыпшақтар екіге бөлінді, он қанаты Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ бойын жайласа, сол қанаты Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді. Қыпшақ хандығының алғашқы орталығы Ертіс өзенінің орта ағысыңда болса, кейіннен Сыр бойындағы Сығанақ қаласына ауысты. Қыпшақ мемлекетін хан баскарды, олардан баска билеушілер катарына тархандар, бектер, басқақтар жатады. Орталық Қазақстан шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жаз айларында Сарыарқаның кең даласын жайласа, қыста тау шатқалдарына, ықтасын жерлерге оралып отырды. Орта ғасырда Сарыарқа аркылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті, ол Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазғанды басып өтіп, батысқа беттейді. Осы өңірде мыс, темір рудасы балқытылып, олардан еңбек кұралдары, қару-жарақтар жасалған. Оған дәлел Қарқаралы маңындағы Кент, Суықбұлақ мекендері, Темірші, Кентөбе кен орыңдары, Жезқазғандағы Милықұдық қонысы мен осы өңірдегі мыс және темір өндірген ежелгі кен орындары. Қытай өзені Хуанхэден Дунайға дейін созылған Ұлы Еуразия даласы адамзат тарихы бойында тек Батыс пен Шығыс арасындағы жалғаушы ғана емес, көптеген халықтардың ұлы бесігі болды. Ерте орта ғасырларда ұлы даланын орталық бөлігі, нақты айтқанда Дешті-Қыпшақ даласы құдіретті күшке айналды. Бұл даланы 6 ғ-да Түрік қағанатының кұрылуымен Қытай қорғанынан Қара теңізге дейін, түркі тілдес халықтар мекен етті. 11-15 ғ. Еуразия кұрлығындағы халықтар тарихында қыпшақтар маңызды рөл атқарды. Олар әлемдік маңызы бар ірі окиғаларға тікелей қатынасты. Оларды Византия мен Венфияда командар, орыс княздықтарында половдылар, түркі тілдес тайпалар арасында қыпшақтар деп атады. Қыпшақ қоғамы моңғол шапқыншылығына дейінгі кезенде мемлекеттілік сатысында тұрды. Қыпшақтар Орта Азияға, Шығыс және Орталық Еуропаға басып кірген моңғолдардың түріктенуіне аса маңызды үлес косты. Олар қазіргі түркі тілдес халықтар: татарлар, башқұрттар, өзбектер,қырғыздар, қарақалпақтар, оңтүстік алтайлықтар және т.б қалыптасуының бастауы болды. Қазақстан даласында қыпшақ тайпалары екі ірі топка бірікті. Соның алғашқысы Батыс Қазақстан аймағында орналасты (Арал теңізінен солтүстікке қарайғы дала). Екінші иісі Орталық Қазақстан аумағында орналасты. Нақты осы географиялық аймақтарға сәйкес кейінгі орта ғасырда Орта жүз және Кіші жүз тайпалық бірлестіктері қалыптасты. 12 ғ-да Жошы ұлысынын екі қанатқа бөлінуі табиғи геофафиялық аудаңдар негізінде болды (Қимақ -- Қыпшақ болып екіге бөлінді). моңғол шапқыншылығы Дешті-Қыпшақтағы көшпелілердің саяси кұрылымын бұзғанына қарамастан, моңғолдар қыпшактардың мықты этно-мәдени бірлестігін ыдырата алмады.
1.2. Қазақ хандығының құрылуы және елдің бастамалары
13 ғ-дың басында Қазақ даласына моңғол шапқыншылығы басталды. моңғол атты әскері Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жері арқылы Орта Азияға шабуыл жасады. Орталық Қазақстан жерінде кырғын соғыс болғандығы туралы деректер жок. Шыңғысхан көзінің тірісінде жаулап алған аумағын төрт ұлына бөлген кезде Орталық Қазақстан үлкен ұлы Жошы иелігіне тиді. Қейіннен Жошы ұлысы Алтын Орданың негізін кұрап, Орталық Қазақстанның тайпалық одақтары осы мемлекеттің құрамына енді. Шыңғысхан жорығына, оның әулет бұтағына қатысты ең мол белгі Ұлытау өңіріңде кездеседі. Солардың ішіндегі ең әйгілісі - Жошы хан кесенесі. Алтын Орда Өзбек ханның тұсында (1312 ж.) мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде кабылдап, Шыңғысхан ұрпақтарын еріксіз мұсылмандыққа көшірді, бұл ретте хандықтың негізін калаған түркі тілдес тайпалардың рөлі зор. Шынғысханның ұрпақтарынын өзара соғысының, Орта Азияда Темірдің күшеюіне байланысты Жәнібек ханның (1359-1379) тұсында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп, Орталық Қазақстанда, алғашқыда Ақ Орда, кейіннен Әбілкайыр хандық кұрды.
Әмір Темірдін Ұлытау бойына келгендігі туралы жазба деректе, тарихи ескерткіште сақталған. Темірдің сарай шежірешісі Шараф ад-дин Әли Ниязи Даңқ кітабында былайша келтіреді: Темір Ұлытауға келгенде алдымен сол таудың басына шығып, төңірегіндегі көк жасыл дала мен сеңгір тауларға ұзақты күнге тесіле қараумен болды. Сонан соң әскерін жинап, сол жерде үлкен құлпытас орнатуға бұйрық берді. Бармағы майысқан шеберлер осынау сәтті оқиғаның күнін тасқа қашап жазды делінген. Бұл тас Ұлытаудағы Алтын шоқы биігіне орнатылған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.
Әбілқайыр хан (1428-1468) үнемі жорықта болып, елдің ішкі жағдайын әлсіретіп алуының нәтижесінде 1465 жылы Орыс ханның ұрпактары Жәнібек және Керей сұлтандар өзіне карасты руларымен наразылық ниетпен Моғолстан жеріне көшіп кетті. Сонымен Орталық Қазақстаннан шыккан екі сұлтан Шу өзенінің бойы, Хантауы жазығында 1466 жылы Қазақ хандығының негізін калады. 1468 ж. Жәнібек пен Керей сұлтандарды кайтармақшы болып жорыққа шыққан Әбілқайыр хан Балқаш көлі манында кенеттен кайтыс болып, өскері кейін кайтты.
Қазақ хандығы Бұрындық (1474-1511) және Қасым ханның (1511-1518) тұсында кеңейіп, Орталық және Батыс Қазақстан аумағын түгел қамтыды. Қасым хан тұсынан қазақ хандары Ұлытау баурайына да өздерінің алтын үзікті ордасын тігіп отырған. Тұрғылықты халық бұл орынды әлі күнге дейін Хан ордасы деп кастерлейді. Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580) Қазақстаннын аумағын солтүстігінде Есіл, Нұра өзендеріне, шығысында Балқаш көліне, батысында Еділ өзені, ал оңтүстігінде Ташкентке дейін жеткізді. Сонымен 16 ғ-да Орталық Қазақстан экономикалық жағынан біртұтас, этникалық құрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. 17 ғ. қазақ халқының жонғар шапқыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталық Қазақстан жерінде қазақтардың әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылға созылды.Қалмақтар мен қазақтардың өзара жауластығы қалмақтардың бір одақка (1400) бірігуінен басталып, оларды қытайлықтардың түгел жойып жіберген (1757) кезеңіне дейін ұласты. Тәуке хан билік еткен кезенде (1680-1718) Қазақ хандығының қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы нәтижесінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсендетті. Осыны пайдаланған Тәуке хан қазақ арасыңда коғамдық өмірдің зандастырылған тәртібін енгізді. Күшті де қарулы жауға карсы түру үшін Тәуке хан өлсіз де бытыраңкы рулардың басын косты, одақ күрды. Ұлы жүзге Төле би, Орта жүзге Қазыбек биді, Кіші жүзге Әйтеке биді билікке тағайындады. Сонымен тарихта аты қалып, осы күнге дейін жеткен Жеті жарғы құжаты дүниеге келді. Зандық сипаты бар құжат көшпелі рулардың тұрмыс-салт дәстүрлеріне негізделді.
1.3. Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасындағы қарым-қатынас
XVII ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы өте ауыр еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді.
1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.
1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.
Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.
XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы күшейе түсті. Осыған байланысты қазақ жүздері өкілдерінің бас қосуы қажет болды. Сөйтіп, 1710 жылы Қарақұмдағы қаракесек руы жайлаған аймақта қазақ сұлтандарының, билерінің, рубасыларының қүрылтайы шақырылады.
Онда, негізінен, Жоңғар хандығымен қарым-қатынас мәселесі қаралды. Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, тама Есет бастаған атақты батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің қолын жасақтау қажеттігін алға тартты. Пікір екіге бөлінді. Жоңғар мемлекетінің күшті әрі соғыс тәжірибесінің мол екенін ескере келе, жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз шапқыншылықтан әбден қалжырады дегендер де болды. Мұндай пікірді қолдаушылар көбейе бастады. Шешуші кезеңде ортаға шыққан Бөгенбай батыр қылышын қынабынан суырып алып, ақсақалдардың алдына тастап: Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз... -- деді. Бұл сөздер жоңғар мәселесіне қойылған нүкте болды. Ақырында, шапқыншылармен қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз деген шешім қабылданды. Шайқастың жаңа жоспары жасалды. Бөгенбай бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Оның ақылшысы Тәуке хан еді.
1.4. Қазақ халқының басына төңген қасірет. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңі.
1723 жыл қазақ халқының есінде қасіретті кайғыға толы ең ауыр жыл есебінде қалды. Ел қонысынан, мал-мүлкінен айырылды. Ұлан-байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен Сыр бойына қарай шұбырған сан мыңдаған халықтың көбі жол-жөнекей ит пен құсқа жем болды. Осылайша қазақ тарихында Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп аталған жойқын апат басталды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған әйгілі Елім-ай әні дүниеге келді.
Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. Сол кездің өзінде қазақ ішінде суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болды. Бірақ осылардың бәрін біріктіріп, басшылық ететін қайраткер -- көсем керек еді.
1723 жылғы қасіретті оқиға салдарынан сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығының қырылуы халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ, қатты ойландырды да. Жұртшылық елдің елдігін сақтау үшін бірігу қажет екенін түсінді. Ел билеген хандар да, оларға ақылшы бола білген билер де осындай түйінге келді. Қиын-қыстау заманда халық өз арасынан елі мен жерін қорғайтын батырларын шығарды. Бұл туралы Бұқар жырау өзінің толғауында: Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты, -- деп көрсетеді.
1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланды. Ұрыс 1727жылы Бұланты өзені маңындагы Қарасиыр деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта Қалмаққырылған деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.
XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.
30-жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастардың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен, ақылды әрі тамаша қолбасшы ретінде көзге түскен Абылай Орта жүздің билеушісі әрі бүкіл қазақтың ханы болып саналады. Қазақ халқының мүддесі үшін ол көрші мемлекеттер арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей пайдалана білді және жауларының өзара кырқысуларын одан әрі өршітуге ықпал етті.XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар бастап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.
2. Казақстанның Ресейге қосылу процесі
2.1. I Петрдің үкімі бойынша Қазақстанда қорғаныс бекеттерінің салынуы
Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түсті. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті.
Қазақтың Хақ-Назар, Тәуке және бас да хандарының ірі орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылуы, нәтижесінде табысты болып аяқталмады. Жүздердің арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстарының болмауы, қазақ феодалдарының өзара күресуі агрессивті көршілерін марапаттады, қазақ халқы орасан зор апатқа және жоқшылыққа ұшырады. XVIII ғасырдың бірінші онжылдығы - қазақ халқы үшін үрейлі уақыт болды. Жоңғарлар, қасқыр қалмақтар, казактар және башқұрттар әр тараптан олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап әкетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz