Заманауи биосфера. Тірі зат концепциясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Биосфера құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Биосфера және адамзат ... ... ... ... ... ... ..5
1.3.Биосферадағы алғашқы шегіністер ... ... 6

2. Ноосфера . биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі ... ... ... ... ... ... ... 9

3.Тірі зат концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.1 Тірі затқа тән қасиеттер ... ... ... ... ... ... .10
3.2 Тірі заттың негізгі функциялары ... ... ..10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ...14
Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
1. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.
2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.
3. Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.
4. Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.
5. Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.
6. Уикипедия сайты
7. euko.kz сайты

РЕФЕРАТ
Заманауи биосфера. Тірі зат концепциясы тақырыбында

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Биосфера құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Биосфера және адамзат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3.Биосферадағы алғашқы шегіністер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Ноосфера - биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

3.Тірі зат концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.1 Тірі затқа тән қасиеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.2 Тірі заттың негізгі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Кіріспе
Адам - биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары - бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.

1. Биосфера құрылысы
Биосфера - ерекше биос - өмір және тіршілік, Sphaira (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 %-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
1.1 Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганиздер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды.
Ф. Энгельс: Табиғат диалектикасында материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.

1.2 Биосфера және адамзат
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.
Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман - тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу - бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.
Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді.
Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мыс, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.
Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны бағындыру ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен достасу, оның заңдарымен келісу, санасы керек болады.
Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз.
1.3 Биосферадағы алғашқы шегіністер
Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды.
Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен.
Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді.
Адам өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин Космоста Біздің жеріміз қандай әсем - деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз ортасында тым көркем. Бірақ оның алғашқы көркі қайда ығысып барады? Біздің өз қолымыздан өсірген ағаштар мен мал түліктер, тас үйлер мен техникалық алыптары қоршағанда біз бұрынғыдай боламыз ба?
Биосфера ілімінің негізін қалаушы В.И.Вернадский Жер бетіндегі тіршіліктің барлық геологиялық уақыт бірлігіндегі дамуын организмдердің бірлескен өзаралық байланыс жиынтығы деп қарастырған. Тірі организмдер тіршілік жасаудың ұзаққа созылған барлық кезең аралығында экологиялық жүйелермен биосфераны толығымен энергия ағымдарымен және биогендік элементтермен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Тірі организмдердің қызмет барысында Жердің геологиялық қабаттарында айтарлықтай өзгерістер болып отырды, олар атмосфераның, гидросфераның химиялық құрамының өзгерістері мен топырақтың құнарлы қабатының пайда болуымен айқындалады. Кейінгі жүз жылдықтарда адамзаттың биогеохимиялық тұрғыдан алып қарағандағы, айтарлықтай белсенді деген, биогеохимиялық маңызы организмдердің маңызынан да асып түсіп жатыр. Адамның Жер геосферасына деген ақылой, сана арқылы бағыт алған шаруашылық қызметтеріне байланысты әсер ықпалдары басқа барлық организмдердің әсер ықпалдарынан айтарлықтай айырмашылықта. Сондықтан В.И.Вернадскийдің айтуынша биосфера ноосфераға, яғни адамзаттың ақыл-ой санасы мен қоғам заңдылықтарының әсер ету аймағына орын береді деп санаған. Бірақ, адамның қазіргі кезде ғаламдық биосфеарлық процестерге араласуы ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауына себеп болып отыр, яғни болашақта олар биосфераның өзінің ары қарай дамуына шек келтіруі мүмкін. Биосфераның қызметтік заңдылықтарын, оның бүтіндігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін механизмдерін, биосфераның тірі заттарының қызметтерін және олардың табиғи ортаның физикалық-химиялық параметрлерін өзгертудегі маңызын білу адам мен табиғат арасындағы байланыстарды реттеу үшін қажет.
Жер бетіндегі барлық геологиялық ұзақ көз жетерлік уақыт аралықтарында, алуан-түрлі физикалық-химиялық жерлердің эволюциялық процестері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология концепциясының деңгейлері
Қазіргі кезең биосферасы
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экологиялық білім беру туралы
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Биосфера ұғымы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Биосферадағы заттар айналысы
Биогеохимияның негізгі концепциялары т уралы
Экология ғылымы туралы түсінік
Пәндер