Мүмкіншілігі шектеулі жастарға деген қоғамның көзқарасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі жастарға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Адамның ең маңызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген.

Соңғы уақытта біздің елімізде және шетелде физикалық және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар санының өсу қарқыны байқалып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 450 млн. адамда психикалық және физикалық дамуында ауытқушылықтары бар, бұл тұрғындардың оннан бір бөлігін, яғни 13%құрайды. Бұл мәлімет Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріммен нақтыланып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша бірқатар елдерде мүмкіндігі шектеулі балалар саны жалпы саннан 4, 5% дан 17% дейін жетеді екен.

Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*:
:
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: № р/н
: Облыстардың атауы
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: барлығы
: соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар
барлығы
соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар
барлығы
соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 1
: Қазақстан Республикасы
626740
69111
627163
72574
637217
75712
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 2
: Ақмола
28470
2463
28003
2506
28221
2585
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 3
: Ақтөбе
22181
2616
22256
2748
22909
2908
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 4
: Алматы
71144
8022
70282
8269
69968
8396
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 5
: Атырау
18301
2570
1
2743
19438
2846
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 6
: Шығыс Қазақстан
58165
4504
57124
4639
57073
4760
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 7
: Жамбыл
39622
4728
40365
5036
41377
5330
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 8
: Батыс Қазақстан
25408
2542
24753
2597
24201
2545
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 9
: Қарағанды
63385
4771
62239
4834
63102
4884
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 10
: Қызылорда
27117
3927
27304
4144
27999
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 11
: Қостанай
27022
2316
26907
2411
27399
2478
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 12
: Маңғыстау
18512
3086
19661
3372
20703
3626
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 13
: Павлодар
29591
2736
28410
2717
28292
2660
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 14
: Солтүстік Қазақстан
29402
2074
28747
2074
28542
2103
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 15
: Оңтүстік Қазақстан
106244
15507
108547
16376
112292
17286
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 16
: Алматы қ.
43510
4383
44196
4842
45436
5237
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: 17
: Астана қ.
18666
2866
19481
3266
20265
3624
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*:
:
Өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектер саны*: * - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша
:

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда «мүгедек», «мүгедектік» деген түсініктерге әртүрлі нұсқада анықтамалар берілген[2] . Әлеуметтік қызметкер үшін олардың құқықтық, заңдық анықтамалары қажет. Ең алғаш рет «мүгедек» түсінігіне жалпылама халықаралық-құқықтық анықтама 1975 жылы БҰҰ мүгедектерінің құқығы туралы Декларациясында берілген. Онда «мүгедек» өзінің жеке және әлеуметтік қажеттіліктерін туа біткен немесе жүре пайда болған, өзінің дене немесе ақыл-ой қабілеттерінің кемшіліктеріне байланысты толықтай немесе жартылай қамтамасыз ете алмайтын кез-келген тұлға дегенді білдіреді.

Мүгедектіктің түрлеріне байланысты олар бірнеше топтарға бөлінеді:

  • І топтағы мүгедектер - еңбекке жарамсыз;
  • ІІ топтағы мүгедектер - жеңіл еңбектерге жарамды;
  • ІІІ топтағы мүгедектер - еңбекке жарамды адамдар.

Мүмкіндігі шектеулі жастардың туылу себептері ретінде есірткі, дәрі-дәрмек, ішімдік қолдану, сонымен қатар генетикалық фактор және табиғи апаттар салдарынан дене мүшесінен айырылуды ғалымдар бөліп көрсетеді.

Қазақстан Респупликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ҚР-ның заңына сәйкес мүгедек - тіршілік тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардаң, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, деңсаулығы бұзылған адам. Сондықтан, халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын» қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылдың 3 мамырында өз күшіне енді.

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтің және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етутiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтың «Қазақстан Республикасының мүгедектер туралы заңындағы» мүгедектердің құқықтары:

Қазақстан Республикасында мүгедектер:

1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға;

2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;

3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

4) бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiңкепiлдiк берiлген көлемiн алуға;

6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға;

7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;

8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;

9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.

Жас мүгедектермен жұмыс істей отырып оларда мүгедектік жағдайда өмір сүру тәжірибесі, өз жағдайларына «дағдылануы» ересек, егде жастағы мүгедектермен салыстырғанда жоқ екенің естен шығармау керек. Жастық шақ - психиканың, құндылықтардың, өмірге деген қарым қатынастың қалыптасу кезені. Жас мүгедектерге бұл процесстер дені сау құрбыларына қарағанда басқаша өтеді. Жас мүгедектер үшін қарым-қатынасқа түсудің маңыздылығы мен оны бастан кешірудің сипаты ересек жастағы мүгедектерге қарағанда мүлдем басқа болады. Көптеген жасөспірім мүгедектерде өз-өзіне баға беруі тұрақты емес. Көпшілігінің қоршағандарына деген сенімі қалыптаспайды. Осыған байланысты жастайынан мүгедек болғандар барлық адамдарды мейірімсіз орта деп қабылдайды. Көптеген жасөспірім мүгедектер мен жас адамдар, тіпті дені сау құрдастарынан интелектілік дамуынан қалыптаспағандардың өзі толыққанды өмір сүре алмайды, оларда жеткілікті түрде қарым-қатынасқа түсу уәжі мен дағдылары қалыптаспайды да, оларда тұйықтық, басқа адамдардан оқшаулану пайда болады. Соған байланысты Қазақстан Республикасында жас мүгедектердің ілеумепттік - еңбек реабилитациясының білім беру, оқыту кезенінің мақсаттары оқу орындарының жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жас мүгедектерге жалпы білім беру мен кәсіптік дайындау жүйесінің әлемдік даму үрдісі олардың жалпы білім беру жүйесіндегі құқықтарын жүзеге асыруға құқықтық және ұйымдастырылған кепілдерінің кеңеюімен, сондай-ақ арнаулы білім беру жүйесінің жетілдірілуімен сипатталады.

Жас мүгедектер үшін әлеуметтік - еңбек реабилитациясының ерекше маңызды бағытына оларды оқыту, білім беру болып табылады.

Мүгедектерге арналған арнаулы оқу орындары:

  • Жалпы білім беретін (инклюзивті) мектептерде оқыту;
  • Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің қарамағындағы оқу орындары;
  • Қазақстандық соқырлар қоғамының (ҚСҚ) жүйесінде оқыту;
  • Қазақстандық саңыраулар қоғамының (ҚСҚ) жүйесінде оқыту;
  • Өндірісте оқыту.

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларға араналған инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген.

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.

Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.

Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;

  • олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
  • балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;
  • баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;
  • көңіл - күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Жастар арасында жұмыссыздық проблемасы және оларды шешу жолдары
Жастарды еңбекке баулу
Азаматтық қорғаныс
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Жұмыссыздық мәселесі
Жастарға арналған бағдарламалар
Оқырмандар ұйымдастырған кітап көрмесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz