Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясатының жүзеге асыру мазмұны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және психология
факультеті
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік
педагогика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жастар - әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде.
Тексерген: Ахметова И. А.
Орындаған: Еркін А. А
Қарағанды - 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау Қазақстан Республикасындағы жастар - әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде . . . 5
1. 1 Жұмыссыз жастармен жүргізілетін әлеуметік жұмыс . . . 5
- Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс . . . 11
1. 3 Жас отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс . . . 17
ІІ тарау Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясатының жүзеге асыру мазмұны.
2. 1 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты . . . 24
2. 2 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері . . . 29
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: жастардың қоғамдағы қалыптасуы және дамуы, аға ұрпақпен, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара қарым-қатынасын бақылау. Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілген топ болып табылады. Қазіргі кезде жастарды қорғау мәселелері, жастар арасындағы қылмыс, девиантты мінез-құлқы мәселелері, жас жұмысшылар мен олардың қызмет ету орындарындағы кемсітушілік мәселелері т. б. белгілі болып отыр. Осы себептерге байланысты жастар әлеуметтік жұмыстын негізіне айналып отыр, яғни оның объектісі болып табылады.
Жастардың әлеуметтік мәселелеріне деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өзгеру кезенің басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ халықтын төрттен бір бөлігін құрайтындықтан жастардың әлеуметтік мәселелерін зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандықтар үшін - жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын тандау алдында қалуымен де байланысты. Балалар және жасөспірімдер қараусыздығы, жастар қылмысы, нашақорлық, жұмыссыздық сияқты өтпелі кезенде байқалған мұндай құбылыстардың ауқымы жастарды әлеуметтік жұмыстың маңызды объектіліеріне айналып отыр.
Зерттеудің мақсаты: жастарды әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде сипаттау үшін олардың қоғамдық орны мен рөліне байланысты, осы әлеуметтік-демографиялық топқа тән, қоғамдық жағдайдың дамуына байланысты аса маңызды немесе онша маңызды емес негізгі әлеуметтік мәселелерді анықтап алу керек. Өзінің әрекетінде әлеуметтік мәселелердің объектісін білу, әлеуметтік топтарға, адамдарға жеке және әлеуметтік қиындықтарын жеңуге көмектесу әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеттері: әлеуметтік қызметкердің жастар мәселесіне кең көзқараста болуы шарт. Жастармен әлеуметтік жұмысты жүргізетін маман негізгі міндеттерін ажырата білу қажет. Олардың негізгі міндеттеріне:
- Әлеуметтік көмекті қажет ететін жас отбасыларды анықтау;
- Маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауыратын және жыныстық зорлыққа ұшырағандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- Жұмысқа орналасуды қажет ететін жастарға қолдау көрсету;
- Жастардың бос уақытың ұйымдастыру бойынша шаралар жүргізу мен талдау;
- Жастардың және жас отбасылардың құқығын қорғау.
Осындай міндеттерге байланысты, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маманның кәсіби дайындығына ең алдымен жұмыстың объектісі ретіндегі жастардың сапалық сипаттамасын, осы бір әлеуметтік феноменді, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік аспектілермен бірлікте және өзара байланыста зерттеу жүргізу қажеттігі туындайды.
Жастарға әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде сипатттама беру үшін жастар - оны құрастыратың көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы бар, соматикалық психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие, қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В. Н. Боряздың «жастар» түсінігін объективтік, әлеуметтік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың мәселелерін зерттеудегі жетістіктеріне сүйене отырып қарау керек деген пікірмен келісеміз, өйткені жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және үрдістерін анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының, әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік мәселелер білімі мен жас ерекшелігіне, психологиялық және әлеуметтік - экономикалық, социо-мәдениеттік ерекшеліктеріне байланысты.
Зерттеу жұмысында қолданылған негізгі әдебиет ретінде А. Н. Агафонов пен Қ. Н. Меңлібаевтың «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар» еңбегі қолданылды. Бұл еңбекте «Әлеуметтік жұмыс» бағытының талаптарына сәйкес жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың теориясы мен практикасының негізгі ережелері берілген.
Зерттеудін құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Қазақстан Республикасындағы жастар - әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
- Жұмыссыз жастармен жүргізілетін әлеуметік жұмыс.
Қазіргі кезең әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтер үшін елдің дамуында жас жұмыссыздарға ерекше назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік жұмыстың бұл бағытының көкейкестілігі бірнеше жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден, барлық ТМД елдері сияқты Қазақстан үшін жұмыссыздық құбылысының жаңа әлеуметтік - экономикалық феномен екендігі. Екіншіден, жастардың еңбек нарығындағы жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Үшіншіден, жұмысыздық жағдайында қалған жас адамдардың әлеуметтік-экономикалық сезінулерінің ерекшеліктері.
Жұмыссыздық, оның ауқымы, ұзақтығы - қоғам дамуының өзіндік белгісі. Оған деген әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі қатынас уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. ХХ ғасырдың басында жұмыссыздықтың әлемдік аумағы аса жоғары болғанда, оны ұзақ уақыт бойы әлеуметтік кесір деп есептеп, онымен барлық күшті, әдістерді қолдану арқылы, соның ішінде мемлекеттік зерттеу әдістерін қолдану арқылы күресу керек делініп келді. Соңыра, ХХ ғасырдың ортасында әлеуметтік - еңбек қатынастары мен қоғамды әлеуметтік бағдардағы нарық экономикасы жағдайында құрудың әрі қарай дамуына байланысты, жұмыссыздыққа деген жаңа көзқарас қалыптасты - ол уақытша сипаттағы мемлекет үшін еш қауіпті мәселе туғызбайтын әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылды. Қазіргі уақытта көптеген экономистердің пікірінше, жұмыссыздық әлеуметтік - экономикалық санат бола отырып, қысқа уақытты, ұзақ уақытты және тоқыраулы болып келеді. Осындағы ең соңғы түрі қоғамға барынша экономикалық, моральдық және әлеметтік шығын әкеледі, соған байланысты жұмыссыздықтың тоқырауын немесе оның деңгейін қысқартуды болдырмаудың белсенді шараларын қолдану керек.
Жұмыссыздықты түрлерге бөлудің критерийлеріне оның тек ұзақтығы емес, пайда болу себептеріде жатады. Жұмыссыздықтың түрін анықтау жұмыссыздармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың бағдарламасын жасау үшін маңызды. Жұмыссыздықтың негізгі түрлеріне фрикциондық, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықтар жатады.
Фрикциондық (лат. - үйкеліс) жұмыссыздық - ең кенінен тараған түр. Елдің экономикалық өсу кезінде де бір жұмыс орның екіншісіне ауыстыратын, бір мекен-жайдан екіншісіне көшуші, оқу біткеннен кейін немесе келісім бойынша жұмыс іздеген адамдардың толассыз адамдар көшкіні болады. Мұндай адамдардың бос қызмет орындарына орналасу процесі белгілі бір уақытты қажет етеді. Жаңа жұмыс орнын іздеу кезеңі де фрикциондық (ағымдағы) жұмыссыздықты туғызады. Дамыған елдерде фрикциондық жұмыссыздықпен халықтың экономикалық белсенділігінің 23% қамтылған. Алғаш рет еңбек нарығына шыққан, көптен күткен экономикалық дербестікке қол жеткізгісі келген жас адамдар үшін фрикция кезеңінің аса ұзақ болмауы өте маңызды.
Құрылымдық жұмыссыздық тұтынушылар сұранысы құрылымының және өндіріс технологиялар өзгерістерінің базасында пайда болады да, өз кезегінде, кәсіби - бойынша жұмыс күшіне деген сұраныс құрылымын өзгертеді. Жаңадан пайда болған, қазіргі замандағы тауарлар мен қызмет түрлері дамушы технологияларды енгізуді, өндірістің ескілерін жоюды (немесе қысқартуды) қайта құруды және жаңа шаруашылық объектілерін дамытуды талап етеді, ол қажетсіз болып қалған жұмыскерлердің қысқаруына, жұмыс күшін қайтадан оқытуды, еңбек нарығында жаңа талаптарға сай кадрларды іздеуге әкеп соғады.
Құрылымдық жұмыссыздық тиімді экономикаға тән: дамыған елдерде шамамен 40% жұмыстан босатылу құрылымдық факторларға, кәсіпорындардың профилін қайта өзгертумен байланысты. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмысшылар үшін оның теріс салдарын азайту мақсатында үнемі зерттеуді, жалпы экономикалық және арнаулы сипаттағы алдын алу шараларын қолдану үшін болжау жүргізуді талап етеді. Жастарға тиімдісі - құрылымдық технологиялық қайта құруды есепке алатын, нақты, болашақта қажеті бар мамандықтарға даярлау.
Циклдік жұмыссыздық өндірістің төмендеуінен туады, яғни тауарлар мен қызметке деген сұраныстардың жиынтығы азайып, жұмыстылық қысқарып, жұмыссыздық санының өсуі байқалатың экономикалық фаза циклінде пайда болады. Батыс мамандарының бағалауынша, экономикалық өрлеу мен құлдырауы кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық 0-ден 8-10%-ға дейін және одан да жоғары ауытқиды екен. Цциклдік жұмыссыздықтың теріс салдарын жою үшін халықты жұмыспен қамтудың, соның ішінде еңбек нарығында аса керексіз халық тобы болып келетін жастарға арналған, мемлекет тарапынан жәрдем ақаша бөлінетін, арнаулы бағдарламалар жасалуы керек.
Жоғарыда аталған жұмыссыздық түрлерінен басқа жұмыстың уақытша орындалуынан туындаған және шаруашылықтың салаларының қызмет етуіне байланысты туындаған (ауыл шаруашылық жұмыстар, сал ағызу, балық аулау және т. б. ) маусымдық жұмыссыздық, сондай-ақ жұмысшылар белгісіз себептерге байланысты, толық емес жұмыс күнін (аптасын) атқарған, болмаса әкімшілік демалысқа жіберілген жағдайдағы жасырын жұмыссыздық болып бөлінеді. [8]
Қазақстан Республикасындағы қазіргі жұмыссыздық - еліміздің дамуының өтпелі кезеңіндегі нарықтық қатынастардың қалыптасуы процесінде, жоспарлы экономика жағдайында жұмыс күшінің дәстүрлі тапшылығын алмастырумен байланысты еңбек нарығындағы нормалардың өзгеруінен пайда болатың құбылыс. Республикадағы жұмыссыздықтың объективтік себептеріне:
- Өндірістің қысқарылуы мен жабылуына байланысты туындаған экономикалық дағдарыс;
- Бұрынғы мамандандырылған жұмыс күшінің нарықтық талаптарға сәйкес келмеуі.
Республикада тіркелген жұмыссыздық динамикасы туралы мәліметтерді мынадан көруге болады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1, 3%-ға төмендеді, деп ҚР-ның денсаулық сақтау және әлеумететтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов хабарлаған болатын.
«Егер Бағдарламаны жүзеге асырғанға дейін 2010 жылы жұмыссыздық деңгейі 5, 8%-ды, 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық - 5, 2%-ды құраса, 2014 жылдың екінші тоқсанының қортындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі төмендеп 5, 1%-ды, ал 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық - 3, 9%-ды құрады», - деді Д. Арғандықов. Бұдан өзге, Бағдарламаны жүзеге асырған жылдары кәсіпкерлік негіздерін 29, 2 мың адам оқыды. Сонымен бірге, вице-министрдің мәліметінше, бағдарлама аясында 2011 жылдан бері 26, 9 мың азамат микронесиелерге ие болды, оның ішінде 17, 8 мың микронесие жеке кәсібін ашуға берілген. «Микронесиелерді алушылар қосымша 21, 3 мың жұмыс орнын құрды», - деп басып айтқан болатың.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» 2009 және 2010 жылдардың жол картасының және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының жалғасы болмақ. Бағдарлама дағдарысқа қарсы әрекет ету, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторинг жүргізу, аз қамтылған, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетігі жатады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» үш бағыттан тұрады: инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарды дамыту, жұмыс берушінің сұраныстары аясында оқыту және көшіру арқылы еңбекпен қамтуға көмектесу.
Біздің еліміздегі жұмыссыздық проблемасына шынайы баға беру, біріншіден, циклдік жұмыссыздықтың жоғары деңгейде, ал жартылай құрылымдық жұмыссыздықтың бар екенің мойындауды қажет етсе, екіншіден, оны реттеу үшін және оны азайту үшін арнаулы шаралар қолдану керектігін сезінуді қажет етеді. Мұндағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың қағидасы жұмыссыздық кезіндегі оларды материалдық жағынан қамтамасыз етуді ғана емес, ең бастысы жаңа жұмыс орындары мен қолданыстағы жұмыс орындарын жаңарту, жұмысынан айырылған тұлғалардың кәсіптік жарамдығын қамтамасыз ету, олардың жұмыс күшін еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік тудыра алатын сұранысқа жеткізу процестерін белсендіру үшін экономикалық жағдайлар қалыптастырудан тұруы керек.
Жастар халықтың ішінде еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті тудыратын санатқа, топқа жатады. Жастардың еңбек нарығындағы жағдайының ерекшелігі олар күшті энергетикаға ие болып, тезірек өзін-өзі көрсетуге, өмірден өз орның табуға ұмтылуымен қатар, кәсіби білімнің жетіспеушілігіне қарай, қажетті мамандандырылған және еңбек дағдыларының жоқтығына қарай, қажетті мамандандырылған және еңбек дағдыларының жоқтығына қарай жұмыс күшінің ең әлсіз тобына жататыңдығы. Кез-келген қысқартулар кезінде жұмыс берушілер тәжірибелі, мамандандырылған жұмысшы кадрларды сақтап қалып, жастарды қысқартуға тырысады. Сонымен қатар, жастардың жартысы жұмысты оқумен қатар жүргізгісі келеді, бұл да жұмыс берушіге қосымша қиындықтар туғызады. Жастардың әйелдер жағы еңбек нарығында өздерінің физиологиялық ерекшеліктеріне қарай кейбір еңбек салаларында әйел күшін қолдану мүмкіндігі жоқтығына байланысты ғана емес, сондай-ақ әйелдердің ер адамдарға қарағанда жұмыс берушілерге үлкен әлеуметтік жүк болуына байланысты (декреттік демалыстар, баланы күтуге байланысты дәрігерлік қағаздар және т. б. ) одан да төмен бәсекеге қабілетті болып келеді.
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық бөлінуі жағдайында, жастар жұмыссыздығын зерттеуде үлкен тәжірибесі бар батыстық мамандар жастардың кәсіби әлеметтендіру ерекшеліктеріне ерекше назар аударады, оны «әртүрлі класстардан шыққандар әлеуметтендіру институттары - отбасы, мектеп және т. б. арқылы әртүрлі еңбек дағдыларын игереді немесе әртүрлі әлеуметтендіруден өтеді де, тек солардың ғана қандайда бір жұмысқа тұру үшін білім алу немесе басқа да еңбек дағдыларын меңгеру сияқты сыныптық астардың барлығын сезінбейді» деп түсіндіреді. [9] Ағылшын ғалымының бұл пікірін «байлардың» және «кедейлердің» мектебі бар АҚШ-та жүргізген зерттеулері де қолдайды: «байлардың» мектебінде оқитын оқушылыр стандартты тесттерөткізген уақытта дауыстап оқудың 100 мүмкіндік пунктерінен 80 алса, математика бойынша - 87 алады, ал «кедейлер» оқитын мектептерде екі жағдайда да оқушылар 40 пунктке де жетпей қалады екен. Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік - экономикалық полярлануының өсуімен байланысты жастардың еңбекке орналастыру, жұмыссыздық мәселелерін ТМД елдерінің мамандарының соңғы зерттеулері көрсетіп отыр.
Жастардың еңбек нарығындағы жағдайының мәселесін қарастыра отырып, жастардың жасына, біліміне қарай және өздерінің алдына қойған мақсаттары мен қажеттіліктеріне қарай әртүрлі екенін есте сақтау керек. Соған байланысты еңбек нарығындағы «жастар сегментінде» кем дегенде төрт әртүрлі топтарды бөлуге болады, оларды еңбекке орналасуға байланысты мәселелердің ерекшелігі біріктіреді: 14-16 жастағылар, 16-18 жастағылар, 18-23 жастағылар және 23 жастан асқандар. [10]
Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына сәйкес еңбекпен қамту қызметтеріне (еңбекпен қамту мәселелерін шешуге өкілетті органдар) жұмыссыз ретінде жас адамның тіркеуге тұруы олармен құқықтық қатынасқа түсті дегенді білдіреді, бұл сол органдардың еңбекпен қамтуға байланысты заң жүзінде тіркелген жұмыссыздың құқықтарын қорғауға міндеттеме алатының білдіреді, бұл құқықтарға жұмысқа орналасуға көмектесу, мамандандырылған кеңес беру, мамандыққа даярлау, жұмыс орындары туралы ақпарат алу, ал кейбір жағдайларда - қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру және адрестік көмек көрсету жатады. Заң бойынша 21 жасқа дейінгі жастар мемлекет жұмыспен қамтуға байланысты шаралар қолданатын халықтың мақсатты топтарына жатады. [4]
Жас жұмыссыз үшін еңбекпен қамту қызметтерінің оған «сәйкес келетін» жұмысты тауып беруі туралы заң нормаларының жүзеге асуыда маңызды, қолайлы жұмыстарға: жұмысшының кәсіби жарамдылығына сай келетін, оның кәсіптік дайындығын, бұрынғы жұмысын, деңсаулық жағдайын, жұмыс орнына көліктің ыңғайын есепке ала отырып ұсынылған жұмыстар жатады.
Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген, мамандығы жоқ жас адам үшін сәйкес келетін жұмысқа алдын ала кәсіптік мамандыққа даярлаудан өтетін жұмыс жатады, егер ол мүмкін болмаса, жас жұмыссыздың жас және басқа да ерекшелігін, еңбек туралы заңдылықтардың талаптарын ескере отырып ұсынылған басқа ақылы жұмыс (уақытша болса да) жатады.
Қазақстан Республикасының еңбек пен еңбекпен қамту салаларындағы қазіргі заңдылықтары, соның ішінде жас жұмысшылар мен жас жұмыссыздардың мүдделерін қорғайтын бірнеше нормалар бойынша сынға ұшырап отыр. Бұл сындардың негізі - әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерге қатысты заң баптарының бұрынғы заң актілеріне қарағанда әлдеқайда қаталдығына байланысты. Заң шығарушылар мұны еліміздің экономикалық жағдайымен, қаржы-бюджеттік салалардағы жағдайдың қиындауымен түсіндіреді.
Жас жұмыссыздармен жүргізілетін әлеуметтік - психологиялық көмектін негізгі мақсаттары:
- Жұмыссыздың психикалық жағдайын түзету - маманданған кеңестің тиімділігін қамтамасыз ету үшін эмоционалды ширығуды жою;
- Жұмыссызды әлеуметтік - психологиялық бейімдеу (өмірлік жағдайларды қайта бағалау және клиентке өмірлік болашағына деген оң сенімділікті қалыптастыру) ;
- Еңбек нарығындағы мінез-құлықтың тиімді іскерліктері мен дағдыларын үйрету. [11]
Жас жұмыссыздықтан туған жағдайларды шешудің тәсілдері жас клиенттің мінезіндегі жеке ерекшедіктеріне де байланысты болады, ол оның жинақталған субъектілік (жеке дара) белсенділігінің тәжірибесіне қарай: өзінің мінез-құлқын саналы түрде реттеу тәжірибесі, өз бетімен шешімдер мен әрекеттерді қабылдау тәжірибесіне қарай анықталады. Ал жас жұмыссыздарда әрине мұндай тәжірибе ересек жұмыссыздарға қарағанда аз. Соған байланысты жас жұмыссызды психологиялық жағынан қолдаудың бір мақсатына оның жеке дара әлеуметтілігін мақсатты түрде жұмыссыздығын басынан кешіріп отырған жағдайын шешуге деген ұмтылысы жағынан белсендіру.
Жастар жұмыссыздығымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың нысандары мен әдістері қоғамның өзгермелі уақытында әлеуметтік жұмыстың бұл бағыты өзекті мәселеге айналып, социономнан дағдарыс жағдайында қалған адамға психологиялық қолдау жасау саласындағы білімі мен іскерлігін, жалпы еңбектің экономикасы мен социологиясын білуді талап етеді. Тек осы жағдайларда ғана жас жұмыссызды қолдау тиімді болады.
- Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Мүгедек - бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мүгедектің мынадай құқықтары бар:
- әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
- әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
- ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
- білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
- кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
- Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
- Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. [7]
Жас мүгедектермен жұмыс істей отырып оларда мүгедектік жағдайда өмір сүру тәжірибесі, өз жағдайларына «дағдылануы» ересек, егде жастағы мүгедектермен салыстырғанда жоқ екенің естен шығармау керек. Жастық шақ - психиканың, құндылықтардың, өмірге деген қарым-қатынастын қалыптасуы кезеңі. Жас мүгедектерге бұл процесстер дені сау құрбыларына қарағанда басқаша өтеді. Жас мүгедектер үшін қарым-қатынасқа түсудің маңыздылығы мен оны бастан кешірудің сипаты ересек жастағы мүгедектерге қарағанда мүлдем басқа болады.
Жас мүгедектер үшін әлеуметтік - еңбек реабилитациясының ерекше маңызды бағытына оларды оқыту, білім алу болып табылады.
Жас мугедектерге жалпы білім беру мен кәсіптік дайындау жүйесінің әлемдік даму үрдісі олардың жалпы білім беру жүйесіндегі құқықтарын жүзеге асыруға құқықтық және ұйымдастырылған кепілдіктерінің кеңеюімен, сондай-ақ арнаулы білім беру жүйесінің жетілдірумен сипатталады.
Қазақстан Республикасында жас мүгедектердің әлеуметтік - еңбек реабилитациясының осы білім беру, оқыту кезеңінің мақсаттары оқу орындарының жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оларға мыналар жатады:
- Мүгедек балалардың мектеп жасына дейінгі тәрбиесін ұйымдастыру:
- Жалпы типтегі мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде;
- Арнаулы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде;
- Стационарлық мекемелерінде.
- Жалпы типтегі оқу орындары.
- Мүгедектерге арналған арнаулы оқу орындары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz