Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау


Кіріспе

Зерттеу жұмысының зерттеу өзектілігі

Демократиялық - құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қоғамдық - саяси ерекше мәселе - адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау. БҰҰ мен ОБСЕ - нің толық мүшесі болып табылатын Қазақстан Конституциясына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арқылы этникалық белгілеріне қарай ұлттар мен ұлыстарды дискриминациялауға жол бермейді.

Елімізде 130 ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде. 2009 ж. басталған Ұлттық санақ қорытындысының 2010 жылғы 1 қаңтар мәліметі бойынша, Қазақстан халқының саны 16 млн 196 мың 800 адамды құрады.

Статистердің мәліметі бойынша, қазақтар үлесі 63, 6%, орыстар - 23, 3%, өзбектер - 2, 9%, украиндер - 2%, ұйғырлар - 1, 4%, татарлар - 1, 2%, немістер - 1, 1%, өзге этностар - 4, 5%" құрап отыр. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша, Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1022, 9 мың адамға өсті, өткен 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6, 8% құрады.

Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстан Республикасында ұлттар мен ұлыстарды қорғау мемлекеттік - саяси өмірімен тығыз байланысты. Ұлт - аралық қарым - қатынаста адам құқықтары мен бостандықтарына ешқандай қол сұғылмайды.

Этносаралық қатынасқа байланысты үш басты мәселе бар:

Біріншіден, жаhандану халықтардың өзара ықпалдасуын кеңейтеді. Бірақ, сонымен бірге, ол көптеген адамдар бойында өздерінің тарихи негіздерінен, ұлттық біртектілігінен, тілінен, мәдени және діни дәстүрлерінен айырылудың табиғи қаупін туындатады. Бұл сезімдер кейде басқа этностық және діни құндылықтарды әкелушілерге деген жек- көрушілікті туғызады.

Екіншіден, жаhандану салдарынан кейбір ұлттық мемлекеттерде ішкі қарама- қайшылықтар өршуде. Мемлекеттік шекаралар барған сайын мөлдір бола түсуде. Олар арқылы қоғамға өркениеттердің игіліктері ғана емес, сонымен бірге жалпы әлемдік көптеген қатерлер енуде.

Үшіншіден, ұлтаралық қақтығыстардың көпшілігіне әлеуметтік - экономикалық проблемалардың шешілмегендігі себеп болуда.

Әлемнің түрлі өңірлерінің дамуындағы тепе - теңдіктің бұзылуы, тіпті бір қоғамның ішіндегі адамдардың әлеуметтік жағдайының бірдей еместігі айқын бола түсуде.

Кедейлік, жұмыссыздық, ресурстарға қол жеткізудің шектеулігі, әлеуметтік орнықтылықтың жоқтығы, сауаттылықтың төмен деңгейі қатал жауаптарды туындатады.

Қазақстанда қоғамның барлық саласында ел азаматтарының этностық тең құқылығы заңнамада бекітіліп, практикада іске асырылған.

Яғни, дипломдық жұмыстың зерттеу өзектілігі төмендегідей :

  • Ұлттық топтардың құқықтарын қамтамасыз ету жағдайына объективті баға беру;
  • Ұлттар мен ұлыстар тобын құрайтын азаматтардың қызығушылықтары мен заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстар мүшелерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуіне басқа азаматтарымен тең жағдайлар туғызу.

Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы

Зерттеу жүргізу барысында жұмыстың практикалық маңыздылығын зерттеу базаларында әлеуметтік көрсеткіштерді талдау жүргізілді, көптеген зерттеу қорытындыларына сүйене отырып, ғылыми жұмыста кесте, диаграммалар қолданылды. Тақырыпты зерттеу барысында негізгі зерттеулерге сүйене отырып, ұлтаралық қатынастардың Қазақстандағы жай-күйін айқындай келе, ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығын көрсетуге негізделеді. Сонымен бірге, практикалық маңыздылығы негізінде жұмыстың ғылыми жаңашылдығын көрсетуге болады.

Ғылыми жаңашылдығы ретінде «Ұлттану» пәнін білім беру жүйесіне енгізу - ұлтаралық қарым-қатынастарды тұрақтандырып, ынтымақтастық пен бірлікке, достық пен келісушілікке жеткізеді. Сол арқылы этноәлеуметтік ортада ұлттар мен ұлыстар мәдениетін тарататын, танытатын, гүлдендіруге өз үлесін қосатын мекемелер-мектептер, орталықтар т. б. институттарды дамытуға барынша үлесін қосады.

Зерттеу жұмысының зерттеу мақсаты:

Қазақ халқының басқа ұлт өкілдерімен өзара достық, татулық, келісім мақсатындағы консолидациялық қарым - қатынастарды дамытуға барынша ықпал ету нәтижесінде, этноәлеуметтік ортада ұлттар мен ұлыстар мәдениетін тарататын, танытатын, гүлдендіруге өз үлесін қосатын мекемелер-мектептер, орталықтар т. б. институттарды дамыту.

Зерттеу жұмысының міндеттері

Аталған мақсаттың негізінде келесідей міндеттерді қоюға болады:

  • Ұлттар мен ұлыстардың құқықтарын қорғау сферасындағы жағдайды қорытындылау;
  • Ұлтаралық қатынастағы қақтығыс факторлары мен конфликтінің болу мүмкіндігін анықтау және талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым - қатынастардың құқықтық базасын талдау және ұлтаралық қарым - қатынастарды тұрақтандыру үшін қоғам өмірінде қалыпты жағдайлар туғызу;
  • Мемлекеттік басқару жүйесінің болашақтағы демократизациясының ұлтаралық мәдениет алмасудың дамуына максималды түрде әсер етуі;
  • Ұлтаралық қарым - қатынас мәселесіне байланысты әлеметтік жұмыс мазмұнын анықтау.

Зерттеу жұмысының нысаны

Еліміздің халқын құрап отырған әртүрлі ұлттар мен ұлыстар, олардың арасындағы қарым-қатынастар.

Теориялық және әдістемелік негізі

Зерттеу өткізудің теориялық және әдістемелік негізі болып заңдық актілер, тақырыпқа сәйкес нормативтік құжаттар. Ең қажетті құжаттардың ішінде Ұлттар мен ұлыстарды, этникалық - діни және тілдік ерекшеліктері бар азаматтарды қорғау туралы” (Азаматтарды қорғау Комитетінде 1993 ж. ) қолданылды.

Аталған тақырып бойынша зерттеу мағлұматтарын алудың қайнар көзі болып базалық оқу әдебиеттері, ғалымдардың фундаменталды - теориялық еңбектері, отандық және шетелдік авторлардың практикалық зерттеулерінің нәтижелері, мақалалары, анықтамалық әдебиеттер, және т. б. қайнар көздер.

Зерттеу жұмысын жазудың тәжірибелік базасы

Қарағанды облыстық әкімшіліктегі ұлттық - мәдени орталықтарды ұйымдастыру бөлімі, облыстық “Вайнах” чешен - ингуш ұлттық - мәдени орталығы, “Намус” азербайжан ұлттық-мәдени орталықтары болып отыр.

1 Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен татулық негіздері

1. 1 Этносаралық қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық мәселелері

Этносаралық қатынастар қоғам өміріңдегі өзіне тән ерекше мінезімен, реттелуі барысында қат - қабат түрлі (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т. б. ) факторларды ескеруді талап етуімен ерекшеленетін және қай - кезде де түпкіліктілігімен, қазіргі кезде (ғалымдық деңгейде) өзектілігімен, сондай - ақ мемлекеттің қалыптасуы кезінде аса маңыздылығымен сипатталатын күрделі, әрі жан - жақты, объективті және субъективті әлеуметтік қарым - қатынастар. Бүгінгі күні этносаралық қатынастар әртүрлі деңгейде кез - келген мемлекетке тән құбылыс. Әрбір мемлекетке этносаралық қатынастар этникалық топтардың құрамына, қалыптасу жолдарына және тұрғылықты ұлттың ұлттық сана сезіміне байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. Қазақстандағы этносаралық қатынастарды да өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл өз кезегінде Қазақстан жағдайындағы этносаралық қатынастардың ерекшелігін ескере отырып өзіндік реттеу механизімін қалыптастыруды талап етеді. Осы туралы Г. В. Малининнің “батыстың және шет елдердің тәжірибиесімен танысқан дұрыс - ақ, бірақ бәрібір біз алдымен өз тәжірибиемізге сүйене отырып, өзіміздің жалпы теориялық және методологиялық принциптеріміз бен пастулаттарымызды қалыптастыруымыз қажет” деп көрсетуімен әбден келісуге болады. Осы тұрғыдан алғанда этносаралық қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық негіздерін зерттеу аса маңызды [1, 33] .

Төменде көрсетілген кесте арқылы сұралушының 31% елде құқықтық принципке негізделген фундаментальды заң қатаң түрде қадағаланбайтынын көрсетті. Пайыз бойынша Қазақстан Республикасында барлық азаматтардың заң алдындағы теңдік принципі қадағаланбайды деген жауап көбінесе Шығыс Қазақстан облысынан көрінеді. Ал, жоғарыда аталған принцип қатал түрде іске асады деп Алматы мен Батыс Қазақстандық респонденттері айтады [5, 26] .

  1. 1 кестеҚазақстан Республикасының барлық азаматтарының Заң алдындағы теңдік принципі қадағалана ма?
:
Алматы: Алматы
Оңтүстік: Оңтүстік
Солтүстік: Солтүстік
Батыс: Батыс
Шығыс: Шығыс
Орталық: Орталық
: Иә, қатал қадағаланады.
Алматы: 14, 9
Оңтүстік: 19, 9
Солтүстік: 13, 5
Батыс: 22, 7
Шығыс: 11, 2
Орталық: 15, 8
: Қадағаланады деп ойлаймын
Алматы: 42, 1
Оңтүстік: 36, 0
Солтүстік: 27, 9
Батыс: 39, 5
Шығыс: 15, 3
Орталық: 44, 6
: Қадағаланбайды деп ойлаймын
Алматы: 19, 3
Оңтүстік: 25, 7
Солтүстік: 22, 1
Батыс: 12, 4
Шығыс: 38, 2
Орталық: 19, 8
: Жоқ, теңдік сақталмайды
Алматы: 7, 0
Оңтүстік: 13, 4
Солтүстік: 20, 7
Батыс: 6, 5
Шығыс: 30, 0
Орталық: 9, 9
: Жауап беруге қиналамын
Алматы: 16, 7
Оңтүстік: 6, 9
Солтүстік: 16, 8
Батыс: 18, 9
Шығыс: 7, 6
Орталық: 11, 9
: Басқа
Алматы: 0
Оңтүстік: 0, 4
Солтүстік: 0
Батыс: 0
Шығыс: 0
Орталық: 0

Қазіргі кездегі этносаралық қатынастардың реттелуін зерттей келе бүгінгі күні ол Қазақстандық үлгі деңгейінде ғана деген қорытындыға келуге болады. Ал этносаралық қатынастарды реттеудің Қазақстандық механизмі туралы айту әлі ертерек. Өз кезегінде этносаралық қатынастарды мемлекеттік- құқықтық механизмі алдымен терең теориялық, методологиялық негіздеуді талап етеді [3, 41] .

Бірқатар авторлардың пікірінше, “ұлттық саясатты жасауда мемлекеттің ролі осы қатынастарды реттеуші заңдық базаны жасаумен өлшенеді”, және “этносаралық қатынастарды тиімді мемлекеттік - құқықтық реттелмейінше, бұл мағынасыз”, дей келе авторлар, осы саладағы заңдық базаның жеткіліксіздігіне көңіл бөледі. Ал М. М. Сужиков “егер этносаралық қатынастарды жетілдірудің ұйымдастырылған мемлекеттік механизмі болмаса, оны жақсы қаулымен немесе жақсы заңмен реттеуге болмайды” деп есептейді.

Этносаралық қатынастарға түсінікті алғашқылардың бірі болып М. М. Сужиков берді, оның пікірінше этносаралық қатынастар “бұл тек тәуелсіз мемлекеттер мен халықтар арасындағы қатынастар ғана емес. Бұл тағы, алдымен түрлі ұлттағы адамдардың күнделікті көшедегі, қалалардағы және ауылдардағы, мекемелердегі, еңбек ұжымдарындағы қатынасы”. Сондай - ақ ғалым осы қатынастардың субъективті ұйымдастырылуына байланысты төрт деңгейін көрсетеді: біріншісі, әлемдік қауымдастықтағы халықтардың қарым- қатынасы; екіншісі, белгілі бір экономикалық, саяси ұйымға кіретін халықтардың қатынасы; үшіншісі, бір мемлекеттегі, оның аумақтық бөліністеріндегі этникалық қарым- қатынас, және төртіншісі, тұлғалар арасындағы яғни еңбек ұжымдарындағы т. б. қарым-қатынас. Мұнда этносаралық қатынастардың әлеуметтік шынайы болмысы, қарапайым көрінісі айтылғанымен, бұл толық түсінік емес екені анық [6, 33] .

Келесі бір автор этносаралық қатынастарға нақты анықтама берудің қиындығын мұнда, мысалы, экономикалық қатынастарға меншік, тауар секілді жалпы ортақ мағыналық құндылықтың, эквиваленттің жоқтығымен түсіндіре келіп этносаралық қатынастарды этникалық субъектіліктің жоғары өлшемі ретінде этностардың “өзінің жеткіліктілігіне” (самодостаточность) ұмтылуы тұрғысынан түсінуді ұсынады [3, 39] .

Тағы бір қалыптасқан пікір бойынша, этносаралық қатынастардың өзіне тән ерекшелігінің бірі, оның экономикалық, саяси, рухани, мәдени т. б. қоғамдық қатынастармен жанама түрде байланыстылығымен анықталады.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келгенде этносаралық қатынастарға анықтама беру үшін мәнісінде өзіндік қиындық тудырады. Демек, оны түсінудің тиімді жолы оны құрайтын қатынастардың жүйесін анықтау “этносаралық қатынастардың жүйесі өзінің мазмұнында, объективті сөз түйінінде, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуші және құраушы барлық әлеуметтік феномендер, мемлекеттік-құқықтық институттар т. б. туралы объективті ғылыми ақпаратты қамтиды”. Әрине, бұл саяси, экономикалық, мәдени және өзге де әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты күрделі, әрі орасан ақпарат жүйесі [8, 44] .

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, унитарлы мемлекеттік құрылыс нысанына тән ұлттық қатынастарды реттеу белгілеріне тоқталар болсақ:

Біріншіден, унитарлы мемлекет өзі құрылған аумақтың тарихи иесінің немесе мемлекет құрушы ұлттың өзін өзі билеу құқығының, «ұлттық мемлекеттігінің» заңды негіздемесі;

Екіншіден, ол өзінің аумағында ұлттық топтардың, түрлі ұлт өкілдерінің тең құқылығын қамтамасыз етеді, олардың тең және еркін дамуын мақсат тұтады;

Үшіншіден, унитарлы мемлекет өзінің аумағында ұлттық негіде әкімшілік аумақ және автономиялық, мемлекеттік құрылым құруға жол бермейді;

Төртіншіден, унитарлы мемлекет - мемлекетке атын берген тұрғылықты (байырғы) ұлттың этникалық мағынада бірігуін (консолидация) қамтамасыз етеді;

Бесіншіден, бір азаматтық пен азаматтардың теңдігі негізінде мемлекеттік биліктің қайсыбір әлеуметтік топтың, ұлттың ғана емес тұтас халықтың қолында болуын қамтамасыз етеді [17, 29] .

Сонымен, унитарлы мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың реттелуінің мәні онда жүргізілетін ұлттық саясаттың мемлекет құрушы ұлттың ерекшелігіне негізделген бірлігі (яғни республика аумағында жүргізілген ұлттық саясаттың біртұтастығы, бірегейлігі) деп толық айта аламыз.

1. 2 Ұлтаралық қақтығыстар қаупімен күресу аспектілері

Қазіргі кезде ұлтаралық қақтығыстар қаупінің себеп-салдарын зерттеу ТМД елдері үшін көкейтесті мәселелерге айналып отыр. Басқа елдермен салыстырғанда ұлтаралық қатынастарда өзіндік бағыты бар Қазақстан үшін де бұл өзекті мәселе.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында айтылғанындай, стратегиялық ұзақ басымдықтың бірі -“этностық түсініспеушіліктің себептері жойылуын, барлық этностық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету”.

Яков Этингер “ТМД елдеріндегі ұлтаралық қақтығыстар мен халықаралық тәжірибе” деген мақаласында бұрынғы Одақ кеңесіндегі этносаралық тартыстар типологиясының төмендегідей нұсқасын беріп, олардың бірнеше негізгі түрін айтады. Олар қосып алумен тығыз байланысты аумақтық тартыстар; аз халықтың өзін-өзі сақтау ниетінен туындаған қарсыластар; жерінен қуылған адамдардың азаматтық құқықтарын қалпына келтіруге байланысты үн көтеруі; зорлықпен аумақтық өзгертулер жасау салдарынан болған қақтығыстар; тарихи сипаттағы факторлар негізінде туындаған дау-шар; өз жерінен қуылғандардың басқа республикалар аумағында көп жылдар бойы тұруынан шығатын жан-жалдар; белгілі бір халықты кемсітушілікпен туындаған бас көтерулер; лингвистикалық таластарға байланысты болған шиеленістер.

Келесі кестеде көрсетілгендей ұлтаралық қатынас тұру мекеніне байланысты жоғары бағаланған. Бұған БАҚ - та айтылған кейбір объективті емес жағдайлар әсер еткені айқын. Жалпы ұлтаралық жағдай аймақтарда тұрақты болса да 2014 жылғы зерттеу бойынша әрбір 10 - шы адам (9. 4%) ұлтаралық қақтығыстарға қатысушы не куәгер болғандығы айқындалды. Аталған қақтығыстар көбінесе халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің агрессивті мінез - құлықтарында, көшеде, демалыс орындарында, жұмысқа орналасу барысындағы мемлекеттік тілді білмеу т. б. себептерге байланысты болған. Шығыс Қазақстанда Орталық аймаққа қарағанда аталған жағдайлар жиі кездеседі, пайыз бойынша 17, 1% - 5, 9%, яғни 12% жоғары екендігін көрсетті.

  1. 2 кестеҰлтаралық қарым - қатынастарды 5 - балдық шкала бойынша бағалау
:
Алматы: Алматы
Оңтүстік: Оңтүстік
Солтүстік: Солтүстік
Батыс: Батыс
Шығыс: Шығыс
Орталық: Орталық
Ортақбалл:

Ортақ

балл

: Тұру мекеніне қатысты
Алматы: 4, 4
Оңтүстік: 4, 3
Солтүстік: 4
Батыс: 4, 5
Шығыс: 4
Орталық: 4, 5
Ортақбалл: 4, 3
: Басқа аймақтар
Алматы: 4, 4
Оңтүстік: 4, 3
Солтүстік: 3, 4
Батыс: 4, 1
Шығыс: 3, 8
Орталық: 4, 2
Ортақбалл: 4

Бұрынғы кеңестікте тоталитарлық жүйенің құлауына байланысты ұлтаралық қарым- қатынастардың тұрақсыздығы бел алды, этностық негіздегі тартыстар басталды. Мұның тамыры белгі бір этнос өкілдерінің мемлекетті басқару жүйесінде өзге ұлт өкілдеріне зиян келтірерліктей үстем болуында, белгілі бір ұлттың немесе этностық топтың құқығының бұзылуында, әділеттілік пен тең құқықтың болмауында еді. Кейбір есептер бойынша, бұрынғы КСРО аумағында этносаралық тартыстар өз “мөлшерінен” асып жатқан 180 нүкте болған.

Сонымен бірге мемлекеттік саясатты бағалау ұлттық негізде әртүрлі. 58, 9% қазақтар- барлық ұлтқа ортақ үй болатын, әрбір ұлттың ерекшеліктері сақталатын мемлекет құрылады деп санайды. Бірақта азербайжан мен гректерден басқа ұлттардың 30% - 50%-ы Қазақстанда көпұлтты, бірақ қазақтарды қолдайтын мемлекет құрылады деп есептейді.

Қазіргі Қазақстан қоғамында өмірдің әр саласында діни факторлардың әсер етуі байқалуда. Сонымен бірге біздің елде халықтың діни шыдамдылықтарының дәстүрлі жоғары деңгейі сақталуда [5, 14] .

Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым - қатынастардағы тығыз байланыста тұрған ұлттардың нақты, әрі белсенді ынтымақтастығы деп сипаттауға болады, себебі республикада тәуелсіздікті бекіту барысында саяси тұрақтылық, бейбітшілік және ұлтаралық татулықпен сипатталатын демократиялық құқықтық мемлекетті құру шарттары орындалды. Яғни, барлық ұлттардың тепе - тең және ерікті өмір сүруі үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалып, барлық құқықтық құжаттарда ұлтына қарамастан, Қазақстанның барлық азаматтары үшін бірдей құқықтық жағдайлар бекітілген.

Мыңжылдықтардың қиылысында әлемдік үрдістің дамуы адамзатқа көптеген қауіп- қатер әкелді. Соның бірі - ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, халықаралық қауымдастықты толғандырған көптеген ұлтаралық қақтығыстардың негізінен 3 проблемасы бар:

  • адамдардың ұлттық бірегейлігін, тілін, мәдениетін, дінін жоғалтуға қауіп тудыратын жаһандандыру;
  • кез- келген мемлекеттің халықаралық ланкестік, діни экстремизм, есірткі тасымалы, адам саудасы және т. б. құбылыстарды реттеуге шамасының жетпеуі;
  • елдердің және ел ішіндегі кедейшілік, жұмыссыздық, түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізе алмау, әлеуметтік қолайсыздық, сауатсыздық тәрізді әлеуметтік - экономикалық проблемалардың шешілмеуі [22, 45] .

Діни экстремизм мен фанатизмнің таралу мүмкіндігінің әртүрлі этникалық топтар арасында жүргізілген сауалнама барысында жауап деңгейлерінің шамалас келуі анықталды.

2014 жылы ұлтаралық қатынастарды тұрақтандыру мен келісімді сақтау келесі шаралар арқылы сапалы болатынын көрсетті.

  • ұлттар арасындағы қарым - қатынастағы тәрбиелік- мәдени жүйелерді құру- 52%
  • ұлттар мен ұлыстардың құқықтарын қорғайтын арнай заңдарды қабылдау - 38, 6%

Сонғы пункт бойынша 2014 жылы сұралушының 53, 8% Қазақстанда екінші мемлекеттік тілге қажеттіліктің бар екендігін көрсеткен. Оның ішінде 27% қазақтар, 80, 8% орыстар, 84, 5% украиндар, 66, 7% немістер, 69% өзбектер, 72, 8% басқа этникалық ұлт өкілдері болған.

Қазақстанда барлық этникалық топтар арасында өзара құрмет пен шыдамдылық, Отанымыздың тағдыры үшін жауапкершілік пен патриотизм принциптеріне негізделген қалыпты қарым - қатынас тиімді үлгісі жасалғандығын атап өту қажет. Түрлі ұлттық және діни қауымдастықтарға енетін Қазақстандықтардың философиясы: ”Өзіңе тілемегенді басқаға жасама” болып отыр.

1. 3 Әлеуметтік бостандық - ұлтаралық татулық кепілі

Төменде көрсетілген диаграмма арқылы, Қазақстандағы етене байланысып өмір сүріп отырған ұлттардың берген жауаптары бойынша қалыпты деңгейдегі нәтижелерді көрсетіліп отыр. ”Шектеулерге жол бермейтін, Қазақстандық қоғамды қолдайтын көпұлтты мемлекет құрылуда” - деп қазақ, орыс, татар, ұйғыр, өзбек ұлттары 50 %-дан жоғарғы, яғни қалыпты көрсеткішті көрсетсе, азербайжан, беларус және т. б. ұлт өкілдері біздің елімізде ешқандай да шектеулерге жол жоқ екендігін айқындайтын, еркіндік пен бостандыққа толық жол берген, тәуелсіздік тұғырын берік ұстаған ел екендігін көрсетіп отыр.

1 диаграмма Шектеулерге жол бермейтін, Қазақстандық қоғамды қолдайтын көпұлтты мемлекет құрылуда

Бұл біздің Қазақстандық қоғамымыздың ешқандай шектеулерге жол бермейтін, ұлттар арасындағы өзара келісім мен түсіністік қоғамының құрылуын сипаттайды.

Демек, жеке адам немесе адамдар тобының бостандығы оларға қоғаммен қарым-қатынастары барысында қойылатын шектеулермен және артылатын жауапкершілікпен тығыз байланысты белгілі бір іс - әрекеттерге деген еріксіздікпен шартталып отырады. Яғни, бостандық белгілі бір заңдар мен нормалар ретінде ресми бекітілетін азаматтарға берілген құқықтар мен оларға жүктелген міндеттер жүйесінде нақты көрініс табады.

Келесі көрсетілген диаграммада ұлтаралық қатынастар сипатының қазіргі жағдайын ұлт өкілдері жақсарды-39, 7%, бұрыңғы деңгейде-52, 3%, нашарлады-7, 0%, басқа жауап-1% көрсетті. Яғни, ұлттар көзқарасы бойынша, қоғам өмірінде ұлтаралық қатынастардың жақсару сипаты айқын көрініп отыр.

2 диаграмма Ұлтаралық қатынастар сипаты, % бойынша

Барлық құқықтардың жалпы мақсаты - адам қалауының еріктілігіне, адамның индивид, қоғам мүшесі және белгілі бір ұлт өкілі ретінде өзін- өзі таныту боcтандығына қызмет ету.

Жоғарыда аталып өткендерден ұлтаралық қақтығыстарды туындатушы факторларға экономикалық, саяси - құқықтық, идеологиялық және әлеуметтік- мәдени жағдайлар жататындығы шығады.

Келесі диаграммада ұлтаралық қатынастардың жақсаруына оң әсерін тигізетін факторлар ретінде ұлттардың бейбітшілікке ұмтылуы - 46, 3 %, елімізде өмір сүретін халықтар арасындағы тарихи қалыптасқан ұлтаралық қатынастар- 41, 7 %, Қазақстан халқының көпұлтты құрамы- 38, 9% екендігін көрсетіп отыр.

3 диаграмма Ұлтаралық қатынастардың жақсаруына оң әсерін тигізетін факторлар

Қазіргі кездегі этносаралық қатынастардың реттелуін зерттей келе бүгінгі күні ол Қазақстандық үлгі деңгейінде ғана деген қорытындыға келуге болады. Ал этносаралық қатынастарды реттеудің Қазақстандық механизмі туралы айту әлі ертерек. Өз кезегінде этносаралық қатынастарды мемлекеттік- құқықтық механизмі алдымен терең теориялық, методологиялық негіздеуді талап етеді.

Этносаралық қатынастар қоғам өміріндегі өзіне тән ерекше мінезімен, реттелуі барысында қат-қабат түрлі, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т. б. факторларды ескеруді талап етуімен ерекшеленетін және сондай-ақ жан-жақты, обьективті және субьективті әлеуметтік қарым- қатынастар. Осы жайында Г. В. Малининнің “батыстың және шет елдердің тәжірибесімен танысқан дұрыс-ақ, бірақ бәрі бір де біз алдымен өз тәжірибемізге сүйене отырып, өзіміздің жалпы теориялық және методологиялық принциптеріміз бен пастулаттарымызды қалыптастыруымыз қажет” деп көрсетуімен әбден келісуге болады.

Осыған сәйкес, этносаралық қатынастардағы ұжымдық және жеке құқықтар:

  • институионалды түрде, яғни мемлекеттік, құқықтық, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының қызметі арқылы
  • заңды- нормативті, яғни этникалық құқықтарды, міндеттерді және кепілдіктерді, сондай-ақ, кейбір шектеулерді заңмен бекіту арқылы, мемлекеттік- құқықтық реттеліп отырады.

Заң мен мораль, адамгершілік, әділеттілік және бостандық қағидалары сақталатын нағыз азаматтық қоғамда ғана тұрақтылық тәртіп және шынайы адамгершілік қарым-қатынастар арнауы мүмкін . Сондықтан, барлық ұлттардың тепе-тең және ерікті өмір сүруі үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалып, барлық құқықтық құжаттарда ұлтына қарамастан, Қазақстанның барлық азаматтары үшін бірдей құқықтық жағдайлар бекітілген.

2 Қазақстан этностары арасындағы қатынастарды тұрақтандырудағы әлеуметтік жұмыс механизмдері

2. 1 Этносаралық қатынас мәселесіне байланысты әлеуметтік жұмыс мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Еуропалық Одақтың институттары
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz