Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және психология
факультеті
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік
педагогика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы.
Тексерген: Ахметова И. А.
Орындаған: Еркін А. А
Қарағанды - 2016 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешудегі әлеуметтік жұмыс технологиялары . . . 5
1. 1 Қазақстандық отбасылардың ажырасу мәселесін талдау . . . 5
- Қазақстандағы әлеуметтік мәселесі бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері . . . 10
1. 3 Қазақстандағы отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің статистикалық көрсеткіштеріне сипаттама . . . 17
ІІ тарау Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешу технологиясын жетілдіру жолдары . . . 26
2. 1 Отбасының әлеуметтік мәселелерін шешудегі әлеуметтік жұмыстың шетелдік технологияларды ендіру мүмкіндіктері . . . 26
2. 2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер . . . 31
Қорытынды . . . 38
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 40
КІРІСПЕ
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, « . . . Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда- еліміз үшін алаңдамауға болады». ( Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан - 1997, 11 қазан. )
Осыған орай, отбасының әлеуметтік мәселелері мен оны шешудегі отбасымен әлеуметтік жұмыс технологияларын және де шетелдік тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы принциптері мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша түседі.
Болашақ әлеуметтік қызметкер ретінде біз, отбасы мәселесінің түрлерін толық анықтап, шеше білуіміз керек. Алдымызға келіп отырған көмекке мұқтаж әр адамның мәселесіне көңіл бөліп, дұрыс шешім қабылдағанымыз жөн. Сондықтан, олардың әлеуметтік мәселелерін қазірден біліп, дұрыс көмек беру жолдарын анықтаймыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін теориялық негіздеп, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологияларын талдау арқылы, отбасы мәселелерін жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру.
Осы мақсаттан келіп мынадай міндеттер туындайды:
· Жалпы отбасы ұғымы, құндылығына анықтама беру;
· Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін талдау және отбасылық мүдделерінің мәнін зерттеу;
· Жұмыссыз отбасылар, көп балалы отбасы және толық емес отбасының мәселелерін жіктеу;
· Кедей, ата-анасы ішімдікке салынған, мүгедектігі, қиын баласы бар отбасылардың жағдайын сипаттау;
· тақырыптың жан-жақты зерттелуін тәжірибелік жағынан қамтамасыз ететін статистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы келелі түйіндер жасау;
· Қазақстандық отбасыларын ажырасу, бедеулік және некесіз балалардың туылуынан әлеуметтік қорғау жүйесіндегі шараларды ұсыну;
· Қазақстандағы отбасы мәселелерін шешу модельдерін көрсету.
Зерттеу жұмысының әдістері: баспа материалдары, жеке бақылау, статистикалық мәліметтерге талдау.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Отбасылардың қоғамдық миссиясының орындалуы, тұрақталуына ықпал етеді.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мәселелері бар отбасылар.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік мәселелері бар қазақстандық отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы.
Курстық жұмыстын құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімнің өзі екі бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстықық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері көрсетілсе, бірінші бөлімде, әлеуметтік мәселелердің теориялық аспектілерін қарастырдым. Теориялық бөлімде жалпы отбасы мәселелерінің отандық және шетелдік ғылымда зерттелуі, қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің түрлеріне тоқталып өттім. Ал талдау бөлімнде қазақстандық отбасылардың ажырасу мәселесіне тоқталып, оларға статистикалық сипаттама көрсетіліп, әлеуметтік мәселелері бар қазақстандық отбасыларына мемлекет тарапынан көрстетіліп жатқан көмек түрлеріне талдау жасалады. Сондай-ақ жетілдіру бөлімінде әлеуметтік мәселелері бар қазақстандық отбасыларына әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру жолдары, оларды психологиялық қолдауға, әлеуметтік алдын алуға байланысты ұсыныстар беріледі. Қорытынды бөлімінде әлеуметтік мәселелері бар отбасыларына әлеуметтік қызмет көрсету және оны жетілдіруге байланысты айтылған ойлар мен пікірлер келтіріледі.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 7 кестеден және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 1-ші тарауда әлеуметтік қамсыздандырудың қазіргі жағдайын әлеуметтік-экономикалық талдау жасалынған. 2-ші тарауда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны елімізде қолдану мәселелері қарастырылған.
1. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. 1 Қазақстандық отбасылардың ажырасу мәселесін талдау
Жағдайы қолайсыз отбасылармен жұмыс - мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Отбасындағы сәтсіздік баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерге алып келеді. Мұның бәрі кейін бала мінезінің жеке тұлға болып қалытасуына зор әсерін тигізеді. Сондықтан сәтсіз отбасылар проблемалары - дұрыс шешілуі барлық азаматтардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік мәндегі проблемалар.
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс -отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайдағы қобалжу. Р. Хилл отбасының дағдарысын үш факторға бөліп қарастырды:
1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ) ;
2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты, зорлану т. б. )
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы) .
Ажырасу дегеніміз - некені ресми түрде бұзу. Қазіргі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылауына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімізде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың іс-әрекеттерін әлеуметтік бақылауын әлсіретті. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген. Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп отыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи-мәдени ерекшелігі-туыстық, достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының басы ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:
- Ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;
- Ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату;
- Қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру) .
Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі, 2-орында-жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп- ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау, жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі. Ажырасудың тағы бір маңызды аспектісі оның салдары болып табылады. Жалпы алғанда, ажырасу салдары жөніндегі мәселе толық зерттелмеген. Алайда қолдағы бар мәліметтер, тәуелсіз үш тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: ерлі-зайыптылар үшін, балалар үшін және қоғам үшін. Ажырасудың ерлі-зайыптылар үшін салдарын қарастырсақ, ажырасу алдындағы кезеңнің жарақаттаушы әсерін, ерлі-зайыптылардың жынысына байланысты ажырасуға қатысты әсер етудің түрліше болуын, ажырасудың ішімділікке салыну, психикалық ауытқу, өзін-өзі өлтіру тәрізді бірқатар қоғамдық теріс құбылыстармен тығыз байланысын байқауға болады.
Ата-аналарының ажырасуының балаларына тигізетін әсерін талдау ажырасудың өзі емес, онымен сабақтасқан, ажырасу алдында немесе одан кейін ерлі-зайыптылар арасында болатын келіспеушіліктер, сондай-ақ оның түрі мен ұзақтығы маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Одан басқа баланың ата-анасымен қарым-қатынас жасау сипаты, баланың ата-анасының ажырасуына дайындығы, балалардың жасы, жынысы, ажырасудан кейін балалармен бірге қалатын ата-ананың жынысы тәрізді ерекшеліктер мен басқа да факторлар маңызды болып табылады. Қоғам үшін ажырасу салдары отбасының екі маңызды функциясының-репродуктивті және тәрбиелеу функцияларының өзгеруімен байланысты. Ажырасқан ерлі-зайыптылардың көпшілігі қайта некеге отырмайды. Ажырасудың отбасылық тәрбиеге тигізетін әсері бірдей емес, себебі әлеуметтік нормалар мен моральдық талаптар бұзылған. Ерлі-зайыптылардың психологиялық келіспеушіліктері салдарынан бұзылған отбасылардың тәрбие беру нәтижесі төмен. Мұндай жағдайда ажырасу тәрбиелеу процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Ажырасудың кең тарауы (әсіресе жас отбасылары арасында) жалпы санада ажырасуға деген жаңа қатал емес көзқарасты қалыптастыра отырып, қоғамдық теріс салдарға әкеліп соғады, бұл отбасының тұрақсыздануының қосымша шарты болып табылады. Бүгінде ажырасу көп. Егде жастағылардың ажырасудағы сылтауы жас отаудағы шикі өкпелерден бөлекше. Жас отаудың іргесінің бұзылуына ата мен ененің де кінәсі бар деп есептеледі. Өздерінің жеке отбасы бар басқа жақтағы туыстар екі жастың ісіне жанашырлықпен қатысып жүріп, ең соңында жарықшақты үлкейтіп тынады. Ақырында жетілген эгоизм шарықтау шегіне жеткен кезде жас отау бүлінеді. Сәбилер жетімекке айналады. Бәрінен де қиыны осындай тірі жетімдердің мәселесі. Жетімдерді көбейту мемлекетке де артық салмақ, отбасындағы ата мен ененің жанды жарасы. Ажырасқан ері мен әйелі екі түрлі жағдайды бастан өткереді. Біреуі мұңлы болса, екіншісі қамсыз өмірге ену. Аурушаң сәбиі мен жас келіншегін тастап қойып та шаттыққа бөленіп жүрген санасыздар бар. Тіпті заңды алиментін төлеуге ұяты жетпей қашып жүрген жігітсымақтар қаншама?! Екінші жақтан, көкдолы әйелден запы болған еркек кіндіктілер де жеткілікті. Шаңырақты шайқалтпауға қажетті екінші қамал төркінмен байланысты. «Төркіні жақынның-төсегі жиналмас» екені рас. Басты пәле-сол жақын жердегі барып-келістен туындайды. «Өзің де ақылдысың ғой. Күйеусіз де бір баланы асырау қиын емес» деп, бықсыған шаланы үздіксіз үрлейтін қайын ата мен қайын ененің кесірі талай отауға тиіп жатыр. Қыздардың ақылы жігіттерден кем емес екені рас. Ажырасудың себебі өте көп. Оған көбіне отбасындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін таппауы әсер етеді. Яғни жұмыссыздық, тұрмыс-тіршіліктің қиындауы салдарынан күн көру қиынға айналғанда ажырасуды құп көретіндер жиі кездеседі. Кезінде ипотека арқылы несие алғандардың көпшілігі бүгінде қарыздарынан қалай құтыларын білмей дал болып жүр. Ажырасудың бір себебі осыған да байланысты. Бірақ бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы емес екені белгілі. Одан кейінгі орында психологиялық жағы тұр. Арызданушылар мінез-құлқымыз үйлеспеді дегенді айтады. Түсіне білген адам мұның астарында да қаншама мән жатқанын біледі. Одан кейінгі орында зорлық-зомбылық тұр. Бұған ерінің әйеліне күш көрсетуі, ішімдік ішу, себепсіз тиісу секілді жаман әдеттер жатады».
Ажырасу себептерінің 3 тобы көрсетіледі:
1. Тұрмыстық (тұрғын үй жағдайы, жұбайлардың бiреулерiнiң үй шаруашылығын жүргізудің бiлместiгі немесе қаламауы, материалдық тапшылығы, мәжбүрлі бөлек тұруы) .
2. Жеке адам аралық келіспеушілік (махаббат және құштарлық сезімін жоғалтуы, дөрекілік, өмірге деген көзқарастың әртүрлілігі, жұбайлардың біреулерінің ауруы, қызғаныш, күдікшілдік) .
3. Сыртқы факторлар (опасыздық, жаңа жанұяның немесе ажырасу бастаушысында жаңа сезімнің пайда болуы, ата-ананың және басқа да адамдардың араласуы) .
Сонымен бірге қазіргі қоғамда ажырасудың төмендегідей себеп-салдарлары қалыптасқан:
1) жастардың отбасы мәселесiне жеңiл қарауы. Адам жүре жаман болып, көшедегi, телеарнадағы, шетелдегi терiс қылықтарға елiктеп отбасы ойрандалуы мүмкiн.
2) ерлi-зайыптылардың материалдық жағдайының төмендiгi, басыбайлы баспаналарының жоқтығы. Жұмыссыздықтың өрiс алуы.
3) арларында балаларының жоқтығы. Денсаулықтарының төмендiгi, бiр-бiрiне сәйкес келмеуi.
4) бiр-бiрiн танымай жатып ерте некелесу. Жас айырмашылығы. Статистика бойынша, он сегiзде үйленгендер жиi ажырасып жатыр.
5) жастардың жаман қылықтарға әуестенуi. Олар түсiк тастау, iшiмдiкке, нашақорлыққа салыну.
6) өзге адамдардың екi жастың арасына түсуi. отбасы функциясының өзгеруі, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) жағы;
7) айырылысқандарда негативтік стереотиптердің жоқ болуы;
8) тап, діни және ұлттық нанымның босатуы;
9) миграциялық процестердің күшеюі;
10) Урбанизациялық қоғамда өмір стилінің, екпінінің өзгеруі;
11) өмір ұзақтығының өсу шегі;
12) тағы бір себеп-жұбайды таңдағанда әке-шешлердің ықпал жасауының төмендеуі;
13) мемлекет тарапынан жас отбасына қолдау көрсетiлмеуi. Қолдау демекшi, шет елдерде үйленердiң алдында жастарды әбден електен өткiзедi. Яғни, жастар психологиялық жағынан бiр-бiрiне сәйкес келе ме? Олардың денсаулықтары жақсы ма, жұқпалы ауруы жоқ па? Осы тұрғыда арнайы ұйымдар жұмыс жасайды.
Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді.
2012 жылдың 1 қаңтардан бастап электронды үкімет порталында «Неке бұзуды тіркеуге өтініш беру» деп аталатын жаңа қызмет енгізілді. Бұл қызмет бүкіл Қазақстан аумағында қолданылады. Онлайн режимінде некені бұзу кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі кезінде жүзеге асырылады. Алайда 2008 жылдың 1 маусымынан кейін некеге тіркелген азаматтар ғана ғаламтор арқылы ажыраса алады. Өйткені ақпараттық жүйеде тек осы уақыттан бастап қиылған некелер туралы ғана деректер бар.
Жастардың жарасымдылығын зерттей отырып, оларды таныстыратын, кейін тіпті үйленуіне себеп болатын түрлі көптеген арнайы орталықтар жұмыс істейді. Некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі - зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен -өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы - ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т. б. құқығы да жойылады.
Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.
Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата - аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жеке басындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық - кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.
Ерлі - зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі - зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 - ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады. Некелі адамдардың арасындағы қатынастар құқықтары мен міндеттері теңдік қағидаларына негізделеді. Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.
Елімізде ажырасқандардың 80 пайызы балалы отбасы екен. Егер ұрпақ қамын ойласақ, қазірден бастап ажырасудың алдын алғанымыз дұрыс. Себебі ел іргесіне сызат түсіретін бұл әрекеттің зияны шаш-етектен. Ең бірінші баланы әкесіз яки анасыз қалдырады. Ал әке-шешесіз өскен жас ұрпақ кейін ұлттың, қоғамның алға жылжуына қас болып, қарсы әрекетке бармасына ешкім кепіл болмайды. Сонымен қатар ажырасқан көп әйелдер жүйкелері сыр беріп, жеңіл жүріске салынып кетуі де ғажап емес.
«Үйленіпті» деген қуанышқа толы сөздің артынан «ажырасыпты» дегенді де неге жиі еститін болдық?! Кеше ғана ақ көйлек киіп, аймалап сүйіп, «өзіңсіз өмір жоқ» деп серттескен, «пәниден бақиға көшкенге дейін бірге боламыз» деп ақ некесін қиғызып, Алланың алдында ант берген жастар неліктен айырылысады? Қасірет осы тұстан өрбіп жатыр. Уақыт өте келе бірге тұра алмайтынына көздері жетіп, көңілдері семіп, ажырасып тынады . . . Меніңше, отбасын берік ұстап тұратын тек ыстық махаббат емес, өзара түсіністік пен сыйластықтың жиынтығы. Сондықтан көзсіз сезім ойрандап кетпеу үшін ақылдың әрдайым алда жүргені де абзал
1. 2 Әлеуметтік мәселелері бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері
Дағдарысқа қарамастан, халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау Үкімет тарапынан мүмкіндігінше жасалып жатыр. Соның бір айғағы, 2010-2012 жылға арналған республикалық бюджеттің 40, 4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Үстіміздегі жылмен салыстырғанда оған бөлінген қаржы 248 млрд. теңгеге өсіп, 1 трлн. 578 млрд. теңгеге жетіпті. Сөйтіп, ішкі жалпы өнімнің 9, 1 пайызын қамтыды. Мемлекеттік жәрдемақы ретінде бүгінгі күні көп балалы аналарға 3, 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 6427 теңге төленеді. Сондай-ақ, облыс, қала және аудан әкімдерінің жергілікті бюджетте қосымша қаражат болса, көп бала тәрбиелеп өсіріп жат-қан аналарға жәрдемақы төлеуге құқы бар. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларын қолдау бағытында мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балалар үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы жергілікті бюджеттің есебінен төленеді. Коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер көлемін де жергілікті атқарушы органдар шешеді. Бұл жерде отбасының ай сайынғы табыс мөлшері де ескеріледі. Егер отбасының күнкөріс деңгейі төмен боса, 18 жасқа толмаған әрбір балаға 1648 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады. Ал, бірнеше баласы бар жалғызбасты аналарға да әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмек демеушілердің қаражаты есебінен отбасына азық-түлік, киім кешек өзге де қажетті заттарды берумен шектелуі де мүмкін. Ол үшін көмекке зәру отбасы мүшелері аудандардағы немесе қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеуге тұрулары керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz