Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС - ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ БІРІ
1. 1 Пәнаралық байланыс ұғымы, оның мәні және білім мазмұны 7
1. 2 Пәнаралық байланыс, оның маңызы, түрлері, типтері 9
2 МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2. 1 Озат мұғалімдердің іс - тәжірибелеріне талдау 16
2. 2 Оқулыққа, бағдарламаға талдау жасау 24
2. 3 Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері 29
2. 4 Пәнаралық байланыс тиімділігін арттырыу 34
2. 5 Эксперимент жұмыстары және оның нәтижесі 49
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
ТІРКЕМЕ А 65
ТІРКЕМЕ Ә 67
ТІРКЕМЕ Б 68
ТІРКЕМЕ В 69
ТІРКЕМЕ Г 70
ТІРКЕМЕ Д 72
КІРІСПЕ
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден - бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан - жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Осы орайда, Елбасы Н. Назарбаевтың: « . . . Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етіу қажет» деген сөзі Егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде бастауыш мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда [43, 25 б] .
Бастауыш мектепте пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я. А. Коменский, Дж . Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци, И. Ф. Гербарт пәнаралық байланысты педагогика ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызады. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған [12, 24 б] .
Ендігі біздің мақсатымыз - келешек ұрпаққа жан - жақты сапалы білім беру. Соның ішінде математика пәнінен.
«Математика» (грекше mathematike - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым [27, 509 б] .
Математикалық білімнің құдіретті күштерін негізге алып, біз дидактиканың негізгі - орнықты принциптерінің қатарына «Математика мен пәнаралық байланысты» жаңа принцип ретінде ендіруді қажет етеді. «Неге?» деген сауалға бүкіл дүниежүзілік, тарихи дәуірлердегі ғұлама ғалымдардың пікірлері арқылы жауап бергіміз келеді: «Математикалық дәлелдеуден өтпеген зерттеу жұмысы шын ғылым деп атала алмайды» Леонардо да Винчи [46, 27 б] .
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Математика сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімнің салмағын арттыру. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі пәнаралық байланыстың орнын дәлелдейді.
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқыту білім тұжырымдамасында айтылған басты қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізеді. Әсіресе, 2 сыныптың математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жүйелі түрде, бірлікте, бір мақсатта жүргізу жақсы нәтиже береді.
Зерттеу мақсаты: Математика сабағында пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы бастауыш сыныптарда қолданудың мүмкіндіктерін және жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Пәнаралық байланыс арқылы 2 сыныпта математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына математиканы пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы.
Зерттеу міндеттері:
- математика пәнін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың мазмұнын айқындау;
- білім беру үрдісін пәнаралық байланыс қағидаларын және математиканы пәнаралық байланыс арқылы оқыту мүмкіншіліктерінің негізін қалаушыларын сараптау;
- эксперимент жұмысын ұйымдастырып, оның нәтижесін жинақтау;
- бастауыш сынып оқушыларының психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу жұмысында педагогика, психология ғылымдарындағы теориялық, әдістемелік еңбектерді салыстырмалы талдау, сараптау, қорытындылау әдістері іске асырылады. Жаңашыл ізденістерді, ұстаздар іс - тәжірибесін зерттеп, олардың өнімді, тиімді жолдарын жинақтау; пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың білімін көтеру мақсатында тестер мен бақылау жұмыстарын, логикалық жаттығулар, дидактикалық ойындарды жүргізу;
- «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарына шолу жасау;
- эксперимент жүргізу, тәжірибе нәтижелерін қорыту.
Зерттеу болжамы:
Егер екінші сыныптың математика сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы оқыту оқушылардың саналы түрде терең де сапалы математикалық біліммен қарулануына, алған білімдерін іс - жүзінде қолдана алуына ықпал жасайды және олардың пәнге қызығушылығын арттыруға болады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Диплом жұмысында ұсынылған ғылыми - теориялық және ғылыми практикалық зерттеу жұмыс түрлерін бастауыш білім беретін мектеп мұғалімдері өз сабақтарында қолдануға, дидактикалық материалдар ретінде, студенттер курстық жұмыс жазғанда, педагогикалық практиканы өткенде пайдалануға болады.
Апробация:
Осы тақырып бойынша курстық жұмыс талданып, қорғалды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004 - 2005) зерттеу тақырыбы анықталып, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерге талдау жасалынды, зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинастырылды, оның мақсаты, міндеті, әдістері айқындалды.
Екінші кезеңде (2005 - 2006) осы тақырып бойынша педагогикалық іс - тәжірибе барысында эксперимент жұмысы жүргізілді және оның нәтижесіне талдау жасалынды. Осы жылы диплом жұмысының техникалық даярлығы аяқталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тарау бойынша тармақтардан, жалпы қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден тұрады.
Көлемі - 72 бет.
1 ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС - ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ
1. 1 Пәнаралық байланыс туралы ұғым оның мәні және білім мазмұны.
Педагогикалық сөздікте - «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланыс» - деп аталған.
Педагогикалық ой - пікірлердің дамуына және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген педагогтарды толғандырған.
Ұлы педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой бұл мәселелермен арнайы шұғылданған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл - Фарабидің, Ибн - Синаның, Жүсіп Баласағұнидің мұраларында, ал бертін келе А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болумен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.
Мектепте әр пәндерді жеке - жеке оқыту қазіргі кезде білімді меңгерудің қалыпты амалына айналып отыр, ал бұл оқу пәндерінің мәнін, мазмұнын терең қабылдауға, түсіндіруге кедергі жасайды. Ақиқатына келсек, оқушылардың әр пәннен білімі тұтас жүйелі болмай, жеке бір үзінділерден ғана құрылған. Жаттап алған ережелер бір - бірімен байланысы жоқ заңдылықтар, анықтамалар жалаң білім деңгейінде болғандықтан өмірлік тәжірибеде, нақтылы жағдайларда қолданылмай отыр. Осыған шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді, педагогтерді оқу - тәрбие үрдісін көтеру мәселесі оларды толғандыра бастады [48, 4 - 5 б] .
Осы кезде Қазақстан республикасы «Білім беру заңы», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы» талаптарына сай ғалымдармен бірге мектептің тәжірибелі ұстаздарының қатысуы мен барлық оқу пәндері бойынша жаңа оқулықтар жазылуда.
Пәнаралық байланыс туралы Н. К. Крупская «Жеке пәндерді оқып үйренуге диалектика тұрғысынан қарау», «Методикалық мақалалар», «Математика оқытудағы басты мәселе», «Бейнелеу өнерінің программасының жобасына пікір» тағы басқа еңбектерімен мақалаларында пәнаралық байланыс проблемаларының теориялық және іс - тәжірибелік маңыздылығын ашып береді. Н. К. Крупская математика мен ана тілі, дүниетану, беенелеу өнері, қазақ тілі пәндерінің арасында байланыс болуы қажет деп есептейді.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық - психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңызы беріліп отыр. Бұл мәселемен көптеген ғалымдар М. А. Данилов, В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Д. Б. Эльконин тағы басқалар шұғылданып келеді. Олар пәнаралық байланыстың психологиялық, педагогикалық, құрылымын, әдіснамалық деңгейде қарастырған.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, іс - тәжірибелік, мақсатты - бағдарлы іс - әрекеттермен шұғылданады. Осы іс - әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндердімеңгеруді пайдалана білу қабілетінен көрінеді. Мәселен, математика пәнін меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері, ана тілі, дүниетану тағы басқа пәндерді оқып үйренуде қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең жан - жақты меңгеруге ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.
Сонымен, пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
1) оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы - ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
2) пәнаралық байланыс жан - жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге асыруға ықпал жасайды.
3) пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі [12, 35 б] .
1. 2 Пәнаралық байланыс, оның маңызы, түрлнрі, типтері
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Әлемнің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінің шартынан пәнаралық байланыс қажеттігі туындайды.
В. Скакун пәнаралық байланыстағы оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдарын пайдалануда әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашуға, оқушылардың танымдық белсенділігін, өз бетінше жұмыс жасауын дамытуға көп мән береді. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық - материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді.
Осыған сәйкес бастауыш мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі - пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек:
1) Оқушылардың оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
2) Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты іс - тәжірибелік қызметінде әрдайым пайдалану;
3) Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірбиелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін іс - тәжірибеде пайдалануды қажет етуі;
4) Мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екенін білуі.
Бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда дамушы жеке бастың психологиялық құрылымының ішіндегі, оның тұқым қуалаушылық арқылы берілетін қасиеттер, нақты айтқанда, көңіл - күй, ерік, зейін, сол сияқты қоғам тәжірибесі, білім, білік, дағдылар, әлеуметтік бағыт, қызығушылық, қабілет, түрткі, сенімдермен бірге дүниетаным да ерекше құрылым бөлігі болып саналады [37, 18 - 20 б] .
Дүниетану пәнінің қазіргі мазмұнымен тұспа - тұс келетін Ж. Аймауытовтың оқудың күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланысына қатысты тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып, тәрбиелегенде затты, құбылысты көрсете, бақылата отырып, табиғат аясында берген білімнің тиянақты әрі мәнді болатындығын дәлелдеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда және оларды оқыту барысындағы білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы мынадан көрінеді:
- пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс - әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады;
- бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымының қалыптасуына білім мазмұнындағы барлық құрамдас бөліктерінің байланыста болуы пәрменді ықпал етеді,
- толыққанды тәрбие беру жүйесінің барлық сапаларын кешенді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- пәнаралық байланыс бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады,
- пәнаралық байланыс көптеген оқу пәндеріне ортақ жетекші ұғымдар мен қағидалар, деректер, ғылым таным әдістері арасында өзара байланыс орнықтырып, оқушылар да дұрыс, кең әрі қажетті дүниетанымдық білімдер мен көзқарастардың пайда болуына жәрдемдеседі [29, 32 - 33 б] .
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер, батырлар жыры, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, әңгімелер мен аңыздар арқылы дүниетанымын қалыптастыру кезінде пәнаралық байланыс негізгі орын алады.
Қазақстан тарихындағы терең әлеуметтік - саяси, экономикалық және мәдени тарихи өзгерістермен сипатталатын қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептегі оқу - тәрбие үрдісіне жоғарғы талаптар қояды, әсіресе білім берудің демократизациялау, гуманизациялау және гуманитарлау саласына.
Қоғам құндылықтарын түбегейлі өзгерту, оларға жаңа көзқараспен қарау тұлғаның тәрбиесі, білімі мен жан - жақты болып дамуына жаңаша қатынасты талап етеді. Адамзат факторының білім берудегі маңызының өсуі мектеп оқушысының мәдени дамуын, өздігінен жұмыс істей алуын, шығармашылығын, белсенділігін, интеллектуалдығын белсендіреді.
Қазіргі гуманистік психология өзінің негізгі пәні ретінде өзін - өзі дамыту, өзінің әсіресе шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін еркін жүзеге асыру үрдісіндегі тұтас жеке тұлғаны қарастырады . Бұл идеяларды жүзеге асыру гуманистік педагогика шеңберінде өтеді.
Осылайша, білім берудің ең негізгі міндеті - оқушылардың тұлғалық қалыптасуы білім мазмұнын жалпы мәдени компоненттерінің приоритеті дамуына бағытталған шаралар жүйесінде жүзеге асырылуы мүмкін, яғни оның гуманизациялануында.
Бұл сұрақтардың шешуі білім беру жүйесіндегі, оқу - тәрбие үрдісіндегі жиналған тәжірибені қолдану мен оқытудың әдіс -тәсіл, қалыпты емес формаларын іздеуді жаңартуды талап етеді [9, 49 - 51 б] .
Қазақстандағы жалпы білім берудің жаңа реформалық концепциясы пәнаралық байланыстың маңызын жоғарылатып отыр. Ол оқу - тәрбие үрдісінің мәнін жоғарылатады, білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жаңа перспективаларын ашады.
Білім беруді реформалаудың негізгі мақсаты оның мазмұнын жаңарту, оқушылардың өздігінен білім алуға талпынысы, шығармашылығы, пікір алмасуы, ойлау қабілеті дамып отыратын пәнаралық байланысты тереңдету, әлемнің біршама дамыған елдер арасынан білім беру саласындағы позициясының жайылуына жол бермеу болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыс пен оның жіктелуіне түрліше анықтамалар берілген.
Уақытша критерилер бойынша, пәнаралық байланыстың келесі түрлері көрсетіледі: бір уақыттағы жекелей және кезектеп (Н. А. Сорокин, Н. И. Кувшин), орын басушы, жалғастырушы және қорытындылаушы (И. А. Андреев, Н. Н. Андреева), орын басушы, жанында жүруші, перспективалы (Г. Н. Бодрикова), синхронды, перспективалы және ретроспективті (Р. Б. Лотштейн) .
Ал мазмұны жағынан келесі тип байланыстары болады:
лингво- теориялық, функционалды - мазмұнды, логика - теориялық (Р. Б. Лонтштейн), ұғымдық - арнайы, ұғымды - уақытша, концентрлік, интегралды (С. Ф. Ансфрикова), құрамы, тәсілі бағыты бойынша (А. А. Кантеро - Зайас) .
М. И. Алиев пәнаралық байланыстың келесі типтерін көрсетті:
1) Мазмұны бойынша. 2) Әрекет бағыты бойынша. 3) Оқыту кезектілігі бойынша. 4) Оқытуды ұйымдастыру түрі бойынша. Автор бөліп көрсеткен әр тип оқыту үрдісінде байқалады. Мазмұны бойынша байланыс түрлері мынандай: а) туыстық ұғымдар бойынша, ә) таным әрекетінің ортақ тәсілдері бойынша, әрекет бағыты бойынша: біржақты, екіжақты, көпжақты, кезектеп оқыту бойынша: орын басушы, жанында жүруші, перспективті, оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша: конференция, пәнаралық семинарлар, консультациялар.
Автордың пәнаралық байланыс түрі мен түрлерін ажыратуды психология - педагогика циклында қолдануға болады.
Пәнаралық байланыстар бар білімді логикалық ойлаудың дамуына, себеп - салдар қарым - қатынастың тереңдеуіне жол ашады. Оққушыларда ойлау қызметі, логикалық ес, байқағыштық, зейіннің жинақталуы дамып, таным әрекетінің реттелу сипаты өзгереді.
С. В. Тадиянның кандидаттық диссертациясында пәнаралық байланыстың 4 түрі көрсетілген:
- теория, заң, ұғымдардың бірлігі бойынша.
- зерттеу объектісіне қатысты ғылыми фактілер бірлігі бойынша.
- ғылыми әдісті қолдану бірлігі бойынша.
- ойлау әрекеті тәсілдерінің бірлігі бойынша.
Оларды қолдану уақыты бойынша келесі байланыстарды ажыратуға болады:
1) синхронды байланысты (мұндай байланыстар заттарды бір уақытта зерттеу кезінде жүзеге асырылады. Мұғалім мұндай байланыстарды ана тілі және қазақ тілін оқытуда, оқу, жазудың ортақ ережелерін тауып, қолдануға үйрете алады) .
2) перспективті байланыстар (мұғалім математика мен еңбек сабағын өткенде белгілейді) .
3) Ретроспективті байланыстар (өткен материалмен байланыс) .
Пәнаралық байланыстардың бұлайша бөлінуі олардың дидактикалық маңызын жеңілдетіп, қолдану орны мен тәсілін анықтайды.
Оқу процесінің құрылымына қарап, И. Д. Зверев және В. Н. Максимова оларды келесі үлгіде жіктеді: мазмұнды - ақпаратты, операциялық - әдістемелік.
Әр түрлі төмендегі байланыстарға бөлінеді:
- ғылыми білім құрамы бойынша,
- таным жайлы білімі бойынша,
- рухани құндылықтар жайлы маңызы бойынша.
Пәнаралық байланысқа деген мұндай қатынас оларды қазіргі ғылымның әдістемелік тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде оқушылардың ғылыми көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға жәрдем болады. Пәнаралық байланыстың М. Н. Скаткин мен Г. И. Батурина ұсынған жіктелу негізінде екі бастама жатыр, олар - білім мен әрекет түрлері. Бірінші жағдайда - бұл жалпыланған білім жүйесін құру, екіншісінде - түрлі пәндер үшін ортақ жүйе болып табылады.
Гуманитарлы пәндердің өзара байланысына арналған зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген байланыс түрлеріне енді эвристикалық, эмоционалды - эстетикалық және әдістемелік түрлер қосылды. Олардың оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. (Г. И. Беленький) .
Н. А. Лошкарева байланыстың келесі түрлерін бөліп көрсетеді.
1) Оқу тәртібінің мазмұны бойынша пәнаралық байланыстар.
2) қалыптасқан іскерліктер бойынша пәнаралық байланыстар.
3) оқыту әдістері бойынша пәнаралық байланыстар.
Бірінші байланыс түріне аралас тәртіп материалдары жататын міндеттерді шешу жатады, кештер мен конференциялар өткізу жатады, оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың сипаттағы білім, іскерлік, дағдылардың жүзеге асырылуы жатады.
Екінші түрге өлшемнің ортақ бірлігін жасау, қолдану және ұстану жатады [12, 72 - 78 б] .
Келесі түрдің негізіне оқушыларды пәндердің оқу бағдарламасының жеке тарауларын ұғынуға даярлау жатады, көрнекіліктерді жақын пәндерге қолдану жатады, бір пәннен екінші пәнге оқудың әдіс - тәсілдерін көшіре пайдалану жатады.
Оқыту процесінде пәнаралық байланыстардың көп түрлілігі көрсеткендей осы ұғымның анықтамасы бірегей анықталмайды, ол оқытуды ұйымдастыру түрі, әдісі, мазмұны шеңберінен шектелмейді.
Берілген феноменнің сипаттамасына берілген қатынастарды жалпылай келе, негізгі А. А. Бейсенбаеваның жасаған келесі қатынасын аламыз. Оның ойынша пәнаралық байланыстарды жүйелі ойлаудың ерекше түрін қалыптастыруын біршама толық көрсететін дидактикалық принцип деп қарастыруға болмайды. Ал жүйелі ойлау іс - әрекеттің шынайы әр түрлі байланыстарын тануға мүмкіндік береді.
2 МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Озат мұғалімдердің іс - тәжірибелерінен
Пәнаралық байланыстың әр жақтылы міндеті оқу - тәрбие үрдісі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектеліп қоймайды. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу - таным іс - әрекетінің бір бөлігі болып саналады.
Пәнаралық сабақ. Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалдары басқа кейбір пәндердің тақырыптарымен өте тығыз байланысты болып келеді. Бұл жағдайда сабақтың өн бойында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Мұндай сабақтардың танымдық міндеттері, басқа пәндердің мазмұнын пайдалануды қажет етеді. Сондықтан сабақтар «пәнаралық сабақ» деп аталған.
Пәнаралық байланыс оқушылардыңтанымдық іс - әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабілетін арттырады [35, 10 б] .
Математика сабағында оқушылардың ойлау белсенділігін, сөздік қорларын дамыту жолдары әр сыныпта әр түрлі. Сабақты түрлендіре отырып, оқушы қызығушылығын арттыруда ғана жүзеге аспай, оқушы деңгейін салыстыра білуді де естен шығармау керектігін үнемі жадымда сақтауға тырысамын.
Осындай жұмыстарды өткізуді 2 - ші сыныпта да жалғастырып, ашық сабақ өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: дамытпалы саяхат сабақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz