Музыкалық білім берудің әдістемесі оқу құралы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ТАРАУ. МУЗЫКА ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ . ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС . ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... 5
2 ТАРАУ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МУЗЫКА ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕ ... ... ... ... ... ... 11
2.1 «Музыка бағдарламасы. 1.4 сыныптар»
2.2 «Музыка бағдарламасы. 5.6 сыныптар»
2.3 «Елім.ай» бағдарламасы ... ...17
2.4 «Мұрагер» бағдарламасы...20
2.5 12 жылдық білім берудің бастауыш мектебіне арналған «Музыка» пәні бойынша бағдарламаның негізгі ережелері ... ... ... 23
3 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ . МУЗЫКА САБАҒЫ ... ... ... ... ... .27
3.1 Музыка сабағы туралы ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2 Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.3 Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері
3.4 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері ... ... ... ...35
3.5 Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары ... .36
3.6 Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ..38
3.7 Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.8 Мектептегі хор ұйымдастыру жолдары..40
4 ТАРАУ. МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ КЕЙБІР ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
4.1 Қазақтың ауыз шығармашылығын музыка сабағында қолданудың әдістемелік жолдары ... ... ... ... ... ...43
4.2 Музыка сабағында аспаптарды қолдану әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ...50
4.3 Сабақ барысы үлгілері, музыка сабақтарын өз бетімен талдай білуге үйрету үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .73
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... 74
А ҚОСЫМША. МЕРЕКЕЛІК САХНАМАЛАР ...78
Б ҚОСЫМША. МУЗЫКАЛЫҚ СӨЗДІК ... ... ...107

Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс.
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні мұғалімдерінде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына және ауылды аймақтағы музыка пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмек өте қажет. Оларға жаңа, ауқымды әдістемелік оқу құралы керек болып отырғандықтан, мен өзімнің көп жылдар бойы еңбек еткен тәжірибемді жинақтап, жүйелеп ұсынып отырмын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДЫҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
М. Нұрхатова
Музыкалық білім берудің әдістемесі
Оқу құралы
ӨСКЕМЕН, 2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 ТАРАУ. МУЗЫКА ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
2 ТАРАУ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МУЗЫКА ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕ ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Музыка бағдарламасы. 1-4
сыныптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Музыка бағдарламасы. 5-6
сыныптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...16
2.3 Елім-ай
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
2.4 Мұрагер

... ... ..20
2.5 12 жылдық білім берудің бастауыш мектебіне арналған Музыка пәні
бойынша бағдарламаның негізгі
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ – МУЗЫКА
САБАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...27
3.1 Музыка сабағы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .27
3.2 Музыкалық тәрбиенің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...30
3.3 Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 32
3.4 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту
әдістемелері ... ... ... ...35
3.5 Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары ... .36
3.6 Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ..38
3.7 Оқушылардың ән айту мәдениетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .39
3.8 Мектептегі хор ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
4 ТАРАУ. МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ КЕЙБІР ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
4.1 Қазақтың ауыз шығармашылығын музыка сабағында қолданудың
әдістемелік
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 43
4.2 Музыка сабағында аспаптарды қолдану әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. .50
4.3 Сабақ барысы үлгілері, музыка сабақтарын өз бетімен талдай білуге
үйрету
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .74
А ҚОСЫМША. МЕРЕКЕЛІК САХНАМАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
Б ҚОСЫМША. МУЗЫКАЛЫҚ
СӨЗДІК ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .10 7
КІРІСПЕ
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында
түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын
тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір,
білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым
жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай
пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша
түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман
мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде
оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп
мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік
деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке
пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта
қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс.
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы
бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек
мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі
керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана
жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар
саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі
оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы
оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні
мұғалімдерінде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына және ауылды
аймақтағы музыка пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмек өте қажет.
Оларға жаңа, ауқымды әдістемелік оқу құралы керек болып отырғандықтан,
мен өзімнің көп жылдар бойы еңбек еткен тәжірибемді жинақтап, жүйелеп
ұсынып отырмын.
1 ТАРАУ. МУЗЫКА ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС -
ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі
кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика
теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде
болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол
жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік-
педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің
тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді
даярлау.
Мұғалімдерді даярлау – қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына
кіретіні белгілі. Себебі қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттері
заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге
бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық
технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік
даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім
болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжіибесі білім беру жүйесін
ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі
кілті екендігін көрсетіп отыр.Ендеше, ол үшін болашақ мұғалімдерді
даярлауда жоғары оқу орындары жаңаша жұмыстар атқаруы тиіс. Бұл жоғары оқу
орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруды, мұғалім тұлғасының өздігінен
дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-
тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалануды көздейді.Технологияны педагогикалық іс-әрекетті
қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие
үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге
септігін тигізеді.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы
дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз
байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл
ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап
қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің
өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында
әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ
маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім
мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына
педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.Мектепке музыка пән
мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка
өнеріне баулу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары
бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал
ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара
алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес
дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі- ұлттық дәстүрде. Қазақ
халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ
тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Оқушы музыка әуенінің өзіндік
ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма
мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші
кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп
талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын
меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің
бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан
тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби
білімін, іскерлігін талап етеді. Жоғары оқу орындарында Музыкалық білім
беру мамандығы бойынша Музыкалық білім берудің әдістемесі- болашақ
маман музыка пән мұғалімін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған
оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту
барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы мұғалімдердің сабақтарын
көрсетіп,сол мұғалімнің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып
жазбаша талдау жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып,болашақ
мамандарды кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі
экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге, театрларға бару арқылы
баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік
жаттығулар әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете
алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға
баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-
тәсілдерді өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні мұғалімінің
бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын
міндеттерді көрсетуге болады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын
ояту, дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде
ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық,
т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау
және ұйымдастырудан құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие
жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін
мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі
формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық, теориялық
негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;
- музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін;
- оқыту -тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формалары мен
әдістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білу;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой қызметін басқаруына байланысты
құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-
педагогикалық негіздерін білуге;
- білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын
қадағалауға;
- танымдық процесстердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін
бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу;
- пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып,
логикалық шешемдерді жасауға;
- оқушы бойында музыкалық білім алуға өз еркімен ұмтылысын
тәрбиелеуге міндетті.
Эмоцианалдық бағыт мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқарасына және
оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруына байланысты
анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
- мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі
ролін;
- эмоцианалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы
маңызын;
- музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін;
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыкаға эмоцианалдық
көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға,
әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық
мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті. Және музыка өнері арқылы
патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық
игеру үшін сабақ барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың
музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту
үшін жұмыстануға міндетті.
Ізденішілік бағыт мұғалімнің оқу процессін жетілдіру арқылы және кәсіби
шеберлігін көтеру арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық- педагогикалық қызметін талдау мен және
озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке
енгізуімен ұштастырылады.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын
өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби
шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процессін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық оқиғаға музыкалық білімін,
педагогикалық біліктілігін қолдана білуге;
- музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану
жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар
қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық
репертуарын толықтыруға, оқышулармен сөздік байланыс
шеберлігін жетілдіруге міндетті.

БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕ
2.1 Музыка бағдарламасы. 1-4 сыныптар
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол
өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды.
Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын
бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып
жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін
байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке
тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін
кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға ,
шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары
білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка
пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды
халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-
дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз
отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал)
музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы
түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-
күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы рухани
бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны
сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін,
классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке
тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен
әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара
байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас,
жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру,
белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен
таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға
тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара
тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін
дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына
шоғырланады Ән-күй – халық қазнасы. Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің
музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы
сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:
- Сырлы да сазды әуен
- Күмбірлеген күміс күй
- Ән мен күй халық үні
- Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй
- Эпос сарыны
- Ақылың болса, жыр тыңда
- Айтыс өнері
- Күй тартыс
- Қос арна
- Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы
Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте
құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-
әрекеттер,шығармашылық тапсырмалар
Музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту.
Бұл көпшілікке қолайлы іс- әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді
ұжым болып орындау барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік
береді.Әр сыныптан келесі сыныпқа көшіуге жүйеле және бірізді жұмыс жасай
отырып, шығарманы тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда,
сонда ғана ән айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту біртұтас
жинақталған процесс болып табылады.Ән айтуға баланың барлық организмі:
тыныс алуы, нерв жүйесі, бұлшық еттері,артикуляциялық және дыбыс шығарушы
аппараттары қатысады.Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін
тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық
сыныптар бойына жалғастырылып отырады.
Бағдарламадағы негізгі талаптар үнемі толықтырылып,кеңейтіліп отырылуы
ескерілген.Ән айтудың қалыптасуына таңдап алған материалдар да әсер
етеді.Онда көркемдік жағынан құнды, ашық, мазмұны түсінікті, орындауға
жеңіл, ыңғайлы және дамытушылығы жағы басым болуы көзделеді.
4 жыл бойына оқушылардың қазақтың халық әндері мен басқа халықтардың
әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін түсінуге, оған
сүйіспеншілікпен қарауға, көркемдік талғамы мен музыкалық қабілетін
дамытуға (музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтай білу,
орындаушылық қабілеті т.б.) қол жеткізіледі.
Әрбір сыныптың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл және
сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер,бірқалыпты,
кантиленді әуендетілген т.б.
Бірінші жартыжылдықтың тақырыбы Сырлы да сазды әуен.Балалар алтын
қорға енген қазақтың халық әндерімен, қазақтың әдет-ғұрпымен, салт-
дәстүрлерімен толық таныса алады. Оларға бесік жырлары; тұсау кесу, төрт
түлік малға арналған әндер, табиғат туралы және Қазақстан
композиторларының әндері жатады.
Екінші жартыжылдықта Күмбірлеген күміс күй атты тақырып бойынша
балалар қазақ елінің шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастырады.
Екінші сыныпта оқушылар халық әндері мен Қазақстан композиторларының
әндерін, оған қоса Жыл басы кім болады? атты операмен танысып,
ертегідегі кейіпкерлердің әнін орындайды.
Үшінші сыныпта халық әндері және қазіргі заманғы әндердің репертуары
біртіндеп күрделене түседі, яғни екі дауысты элементтермен орындайды.
Төртінші сыныптың репертуарында тек екі дауысты немесе канонмен
айтылатын әндер ғана емес, сонымен қатар орындауы қиындау мазмұны жағынан
және ырғақтарында ерекшеліктері бар, дыбыс биіктігі,гармониялық есту
қабілетін дамытатын диапозонды кеңейтуге көмектесетін әндер берілген.
Барлық сыныптарда әнді дұрыс айту қалпына талап қойылады:
Әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына, бірқалыпты
дем алуына, сөз текстісін анық айту, дауысты, дауыссыз дыбыстарды
дөңгелендіріп дұрыс орындау т.б.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір
бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық
білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік
талғамын қалыптастырады.
Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының
қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның
жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату.
Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат
алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар Жыл басы кім
болады? атты балалар операсы мен аңыз – күй Жетім бала эпикалық бірнеше
көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық
шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы –
термеші, күйшілерімен танысады.
Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі
бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада
жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің
арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін
байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі
жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.
Музыкалық сауаттылық. Оқушылар музыканы қабылдай білу үшін, оның
тірі өнер екенін өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет.
Музыканы ести білу тәжірибиесі балаларға 1-4 сыныптар бойында халық
музыкасын орындау мен тыңдатуда, қазіргі мектеп оқушыларына арналған
композиторлық әндерді айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда
т.б. бір – бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту
кезінде және музыка тыңдағанда балалар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да
игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл – күйі жөнінде мәліметтер алады,
музыканың көркемдік құралдарымен – темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ,
дыбыс биіктігі танысады. Шығарманың жанры және құрылысы, музыкалық аспаптар
мен халық аспаптар оркестрі симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы
жөнінде мағлұмат алады. Оқушылардың алған білімдері сыныптан сыныпқа көшкен
сайын толықтырылып, ұлғайтыла түседі. Оқыту процесінде оқушылардың
музыканы танып білуі іс жүзінде асырылады. Нота сауаты оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес 3 сыныптан бастап ендіріледі.
Шығармашылық тапсырмалар.Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына
байланысты сүреттер салу көбінесе 1-2 сыныптарда қолданылады. 2- сыныптан
бастап берілген тақырыпқа суырып – салмалық ойнайды. 1 – сыныпта жұмбақтар
шешсе, келесі сыныптарда ребустар шешеді, берілген тақырыпқа шығармалар
жазады. Ізденгіш тапсырмалар, проблемалық ситуациялар тудыратын
сабақтар оқушыларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.
Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің
еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру
ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне
болады.
Осы бағдарламаның тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева М.А,
Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.
2.2 Музыка бағдарламасы. 5-6 сыныптар
Музыка пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама (5-6
сыныптар). Авторлары: Ж.Ж.Еңсепов, Ж.К.Мейірова, А.А.Саильянц.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, оларға көне дәуірден
келе жатқан музыкалық, аспаптық шығармаларды, ән, терме, күй, жыр, айтыс,
өлеңдерді үйретіп, халықтың қасиетті рухымен суару абзал.
Аймақтық мектептердің жергілікті ерекшелігінде дамыған музыка үлгілерін
тыңдап, орындап, үйрену, аспапты меңгеру арқылы оқушылар өнер рухынан нәр
алады. Осының өзі олардың жаны жайсаң, жүрегі жылы, абзал азамат болып
өсуіне септігін тигізеді.
Музыка пәні бойынша 5 – 6 сыныптарға арналған бағдарламаның өзіндік
ерекшілігі бар. Өйткені бұл бағдарламада ұлтты қ айшықтар мен ата-баба
салттарындағы үрдістерді, бұрын көп қайталанбаған ең озық өнер үлгілерін
қазіргі ұрпақ рухымен орайластырудың тәсілдерін түсіндірген.
Бағдарлама оқушылардың ән айтып, күй тартып, би билеп, өнердің сан-
саласына машықтануына бағдар беріп, жол сілтейді.
Сөйтіп,оқушылар өнердің бабалар салған ұлы мектебінен өткен халықтық
өнерді қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастырады.
Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, ибн Сина, Құтбұға, Сыпыра жырау,
Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет, Базар жырау,
Абылай, Абай, Шәкерім, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Ахмет, т.б. бастау
алған ұлттық музыка өнерінің қазіргі ұрпақтың озық өнерімен жалғасып
жатқанын аңғаратын болады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі сахналық үлгіні, музыка саласындағы түрлі
жанрларды, табиғаттағы көріністерді, ұлттық аймақтық ерекшеліктегі музыка
мектептерін айырып білуіне жетелейді.
Музыка арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол
жеткізуге болады:
- Адамның жан дүниесін түсінуге.
- Жақсы мен жаманды айыруға.
- Оқиғаның алдын түсініп біл
- Жамандықтан жиренуге.
- Нәзік үндерді қабылдап, бойына сіңіруге икемдеп, адамгершілік қасиетін
жоғары ұстауға жетелейді.
Сондықтан Әл – Фараби: Бұл ғылымның (яғни музыканың) өзінің
байсалдылығынан айрылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге,
байсалды адамды әр уақытта да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді, -
деген екен.
2.3 Елім-ай бағдарламасы
Елім – ай ән – күй сабағының бағдарламасына түсініктеме. Авторы
Балтабаев М.Х.
Елім – ай бағдарламасының мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық музыка
мұраларының түрлері – айтыс, жыр, мақал – мәтелдер, ою - өрнектер,
халық билері туралы түсініктерін тереңдетіп, рухани мәдениетіміздің маңызды
ажырамас бөлігі – музыкалық мәдениетті қалыптастыру.
Бағдарлама өзінің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
1) Оқушылардың музыка сабақтарына құштар қатынасын, өнермен қарым
қатнаста саналы, терең ойланатын, сипаты жағынан музыка өнеріне ашық,
жарқын көңіл күйінің сезімін, қызығуын тәрбиелеу.Бұл міндет, ең алдымен
бағдарламадағы халықтық шығармашылыққа негізделген, көркемдік жағынан
жоғары, балаларға қызықты репертуарды енгізу арқылы шешілді.
2) Оқушылардың жоғары көркемді талғамын, өнер шығармаларын тек көңіл
күйі сезімімен қабылдауға ғана емес, бағалауға мүмкіндік беретін, оларда
бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыруға, музыкалық шығармаларды
сипатына, стилі, жанры және дәуіріне қарай түсінуін тәрбиелеу. Бұл міндет
ең алдымен өзегі қазақ музыкасының ерекше табиғатын бейнелейтін білім
болып табылатын бағдарламалардың белгілі бір логикалық құрылымы арқылы
жүзеге асыру керек. Бұл жерде оқушылар музыка оның өмірімен және басқа да
өнер салаларымен байланысы жөнінде шешуші білім алады.
Әлбетте, халық музыкасын тану арқылы оқушылар өзге халықтың музыкасына
тән жалпы сипаттағы мәліметтерден де хабардар болады.
3) Оқушылардың музыкалық өнермен қарым – қатынасындағы түрлі
тәжірибелік тәсілдерін игеру іскерлігін қалыптастыру. Бұл жерде тағы да әр
түрлі ұлт мектебіне тән жалпы іскерлікпен және дағдылармен қатар қазақтың
музыка мәдениетіне тән дағды мен іскерліктерді қалыптастыру керек болып
отыр. Мысалы, бұған қазақтың халық музыкасын орындағанда вокалдық дауыс
ырғағын игеру, ұлттық этникалық қабылдау және бейімділікке тән нәрсені еске
түсіретін арнайы қабылдау енеді. Сондай – ақ оқушылар қабілетін дамытудағы
түрлі өнер саласының қызметі де ескеріледі. Көркем бейнелерді қабылдау
негізі музыка болып табылатын өнердің әр түрлері интеграциялау нәтижесінде
жүзеге асады. Бұл оқушылардың түрлі әрекет барысындағы белсенді
шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
4) Музыка сабағында оқушылардың музыкалық – шығармашылық дағдыларын
дамыту. Бұл жерде жоғарыда көрсетілген музыкалық тәрбие білім беру және
дамытудың негізгі міндеттеріндегі сияқты жалпы ерекшенің диалектикалық
өзара байланысы көрінеді. Жалпылық ретінде музыканы құрудағы оны орындау
және тыңдаудағы музыкалық –шығармашылық даму түрлерін құрылымдылық жағынан
қарау болып табылады. Негізгі маңызды міндет қазақ музыкасының классикалық
мұрасында жүзеге асқан балалардың нәзік кең өрісті сезім мен тебіреністі
қабылдау қабілетін дамыту болып табылады.
Елім-ай бағдарламасының тоқсандық таққырыптары былайша бөлінді:
- 1 –тоқсан – Сарыарқа,
- 2- тоқсан – Тұлпар,
- 3 – тоқсан – Аққу,
- 4 – тоқсан - Елім – ай.
Елім – ай бағдарламасында тарихи тақырыпқа арналған халқымыздың
музыкалық фольклоры кең пайдаланылған. Бұған жататындар көбінесе – аспаптық
шығамалар. Бәрімізге белгілі қазақтар аспаптық шығармаларда халық
тағдырының келелі кезеңдерін үлкен көркемдік шеберлікпен бейнелеген.
Бағдарламаға енген Ақсақ құлан, Ел айрылған, Он алтыншы жыл, т.б.
күйлерде өткен дәуірдегі халқымыздың ой санасын, көркемдік- образдың
шеберліктерін көреміз, моральдық- этникалық кескін келбетін аңғарамыз.
Ал, екінші тоқсандағы Тұлпар тақырыбында оқушылар Сырым сазы,
Кішкентай, Саранжап т.б. күйлерден халқымыздың күресін, батырлығын
көреді.
Басқа халықтар сияқты қазақ халқының кең тараған жанры - ән.
Бозторғай, Маңмаңгер, Япырай, Өсиет т.б. әндерінде кең даланы,
табиғат әсемдігін, махаббатты бейнелеген.
Бірінші, үшінші тоқсан тақырыбына лирикалық сюжеттегі күйлер еніп,
ондахалықтың өмірі, өнерге, музыкаға деген көзқарасы, адам сезімі терең
бейнеленген (Аққу, Бұлбұл).
Халық өнерінің тәрбиелік әсері фольклордың қолданбалы саласында да
(киіз басу, кілем тоқу, т.б.) орын алып, балалардың көркемдік қажеттілігін
күшейтіп отырды. Бұл сала еңбек әндерінің тууына себеп болды.
Бұл бағдарламаны фольклордың басқа да маетриалдарымен тереңдетуге
болады (ертегі, жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ойын т.б.).
Ең бастысы, мәселе халық фольклорының синкреттік табиғатын жоғалтпай,
әр тақырыпқа өткен сайын, халық дәстүрлердің, фольклордық материалдардың
жалпы эстетикалық мәнін ашып, оқушыларға жеткізіп отыру.
2.4 Мұрагер бағдарламасы. Авторлары: А. Райымбергенов,
С.Райымбергенова, Ұ.Байбосынова
Мұрагер атты бағдарлама ән – күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 1
-9 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін,
дінін, дәстүрін, өнерін, әдет – ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының
мұрагері сезінетін, өз елін туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан
Республикасының азаматын тәрбиелеу.
Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:
1) домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр,
айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің
дәстүрлерімен танысу.
2) қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой
жүйесін қалыптастыру.
3) балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту.
4) дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке
тәрбиелеп, мәдениетті, жан – жақты дамыған адам етіп шығару.
Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы
олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында
біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын
көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету
әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұзтазына
еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала
саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын.
Сондықтан Мұрагер бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген
сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып
үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың,
дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін
бойына сіңірді.
Ән – күй дәстүрлеріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір саласы
болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем - өнер мұраларымыздың
ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері
іріктелініп алынды.
Қазақтың ою- өрнектерінің, символдық мазмұнын білу арқылы балалар
күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе, күйдің тарихын білу
арқылы халқының тарихын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар аспаптық саз
өнеріміз аңыз - әңгімелерімен, көне мифологиямен, ауызша поэтикалық
дәстүрімен астасып жатыр.Қысқасы ән – күй пәні музыка, ауызша поэтикалық,
көркемөнер, қолөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті
пән болуы тиіс.
Мұрагер бағдарламасы – тоғыз жылдық білім берудің тізбекті
біртұстас курсы. Бастапқы сыныпта алған білім жылма – жыл қайталанып,
толықтырылып, дамытылып отырады.Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым
жаттығуларынан бастап, жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма –
жыл байыта, күрделендіре түсудің арқасында күйдің композициялық құрылысын
түсініп, аяғында өз жанынан өлең ұйқастырып, бір – бірімен қағыспа түрінде
айтысуға дейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін
жетеді.
Домбыраға репертуар таңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне
жеңіл болуымен қатар, ел арасында кеңінен танымал халықтың сүйіп тыңдайтын
ән-күйлері іріктеліп алынды.
Мұрагер бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа
мәдениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары
терең түрде талданды. Ол жанрлардың пайда болуы туралы мәліметтер мен
Европа саз аспаптары туралы қызғылықты әңгімелер баяндалады. Сонымен
қатар Шығыс музыкасы мен Түркі мәдениетіне кең орын берілген.
Бағдарламаның ең соңғы бөлімінде қазақ музыкасын басқа Европа елдерінің
музыка мәдениетімен салыстыра келе, саз өнерінің өміріндегі алатын орны
айқындалады.
Қысқасы, музыканы тек қана құлақпен тыңдап, көркемдік бұйымдарды тек
қана көзбен көріп, тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды. Біздің
бүлдіршіндеріміз халық өнерінің шынайы мұрагерлері болуы керек. Асыл
өнерді өз қолымен жасай алатын адам ғана ата – бабадан қалған мұраны
көбейтіп, байытып келесі ұрпаққа жеткізе алады.
Домбырада үйренетін әндер мен күйлердің
тізімі.
1 – сынып - халық әні Еркем- ай
2 - сынып - халық күйі Келіншек
- халық әні
Қалаулым
- халық әні
Гүлдерайым
3 – сынып - халық әні Сәулем-ай
- халық күйі
Салкүрең
- халық әні Жар –
жар
4 – сынып - Қазанғап. Шынаяқ
- Базар жырау. Терме
- Жаяу – Мұса.
Ақсиса
5 – сынып - Айтыс әуені
- халық әні Құралай
- халық күйі
Кеңес
- Құрманғазы.
Балбырауын
6 – сынып - Тұрмағамбет. Тәлім
- Толғау сазы
- Нұрым. Толғау
- Нұртуған.
Қанекей тілім сөйлеші
7 – сынып - Қазанғап. Көкіл
- А.Райымбергенов.
Секіртпе
- Сүгір. Ыңғай
төк
8 – сынып - халық күйі Қарасай
- Тәттімбет.
Сылқылдақ
- Қазанғап. Құс
қайтару
- Дәулеткерей.
Көрғұлы
9 - сынып - Құрманғазы. Адай
- М.Аубакіров.
Наркескен
- Дина. Науайы
- Темірбек.
Шернияз.

бойынша бағдарламаның негізгі ережелері
Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 12 жылдық білім
беру проблемалары РҒПО бастауыш мектептің Музыка пәні бойынша балама
бағдарлама дайындалды. РҒПО директоры педагогика ғылымдарының докторы,
профессор А.Е. Әбілқасымова, бағдарламаның ғылыми жетекшісі профессор Ә.И.
Мұхамбетова. Бағдарлама авторлары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҒУ оқытушылары
өнертану ғылымдарының кандидаты Ғ.Т. Әлпейісова, педагогика ғылымдарының
кандидаты Қ.Қ. Досанова, Ж.Т. Мұхамеджанова, Астана қаласының №37 орта
мектебінің мұғалімі Ғ.М. Сәбитов.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептердің музыка сабағы фольклордағы,
әуесқойлық өнердегі және кәсіби шығармадағы қазақ музыкалық тіл негізінде
қызмет атқаратын музыкалық білім, біліктілік және дағдыны тұтас
қалыптастыруы керек. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты әр
халықтың музыкалық тілінде өзіне тән ерекшелігі болады. Ұлттық музыкалық
тілдің әрбәр элементтерінде ұлттық сипатты қалыптастырып, басқару заңдылығы
музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ музыкалық
тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу қазақ музыкалық
шығармаларын мақсатты түрде тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Музыка пәнінің балаларды музыкамен тәрбиелеуде қалыптасқан дәстүрі
бар. Қолданыста жүрген бағдарламалардың көпшілігі қазақ музыкалық тілін
ьілу мәселесін шешпесе де, тыңдау, ән айту, музыкаландыру арқылы дәстүрлі
қазақ музыкасымен таныстыруды қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның мақсаты
логикалық-құрылымдық заңдылық жүйе тұрғысынан қазақ музыкалық тілін үйлесім
әдісімен қазақ ән ырғағын типтік әуе тұжырым (мелоформула) негізінде
қазақтың өлеңдік құрылымының ерекшелігіне байланысты әдістерімен, қазақ
тілінде түсінушілік әдістерімен, қазақ күйлерін тыңдау арқылы меңгеру
әдістемелерін практикалық жағынан меңгеру болып табылады.
Бұл бағдарлама қазақ музыкалық мәдениетін үйлесім, ырғақ, композиция,
жанр, стиль тұрғысында отандық музыкатанушылардың, қазақстандық
әдіскерлердің (М.Х. балтбаев, Р.Р. Жәрдемәлиева, Ш.Б. құлманова, С.А. Еле
манова, А.Райымбергенов) зерттеулері негізінде жасалған.
Егер тыңдалған музыка оқушылардың терең талғамын, ұғымды меңгерген
жағдайда интонациалық генофонд пен көркемдік бейне ойлауды қалыптастырса
ғана, қазақ музыка мәдениетінің негізін меңгеру өзінің эстетикалық,
білімдік және тәрбиелік ролін атқаруға қабілетті болып есептеледі.
Басты мақсаты – дәстүрлі халық музыкасы мен қазіргі музыкалық
шығармашылықтағы қазақтың музыкалық тілінің негіздерін қалыптастыру.
Қазақың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол,
жан-жақты дамыған, музыка өнерін, Отанын, отбасын сүйетін және түркі тілдес
халықтардың музыка тілін түсінетін тұлға тәрбиелеу.
Бағдарлама білім берудің мына төмендегі негізгі мақсаттарын жүзеге
асырады:
Білімділік:
- қазақтың музыка тілінің көркемдеші құралдары туралы білімді игерту;
- дәстүрлі қазақ музыкасы және оның халық өмірімен байланысы, сондай-ақ
қазақтың музыкалық салт-дәстүрі туралы білімін қалыптастыру;
- қазіргі музыкадағы қазақтың музыкалық тілі туралы білімін кеңейту;
- аспаптық музыка туралы, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен халық музыкасы
туралы жүйеленген мәліметтер беру;
- түркі халықтарының музыкалық өнерімен таныстыру;
- қазақ музыкалық терминологиясының ұғымдарын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
- қазақ халқының музыкасына музыкалық талғам мен табанды қызығушылықты
қалыптастыру;
- тыңдау мәдениеті мен музыканың бейнелі мазмұнын қабылдау қабілетін
тәрбиелеу;
- Отанына, туған жеріне, жан-жағындағы адамдар мен туған туыстарына деген
махаббат пен сыйластыққа тәрбиелеу,
- Азаматтық, Отан сүйгіштік, абыройлық, адамгершілік сияқты қасиеттерді
жетілдіру.
Дамытушылық:
- қазақтың музыкалық тілі туралы музыкалық танымын жүйелі түрде дамыту;
- бейнелі ойлауын, қиялын, музыкалық есте сақтауын, музыкалық –
шығармашылық қабілетін дамыту;
- орындау мәдениетінің дағдыларын (ән айту, музыкаландыру, би қимылдары)
дамыту.
Бастауыш мектепке арналған Музыка бағдарламасының мазмұны оқушылардың
жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің негізін
қалыптастыруға бағытталған. Осыдан барып музыка сабағының тақырыптық
құрылымы келіп шығады. Бағдарлама мазмұнының бөлініп берілуі тақырыптық –
концентрлік принциптерге бағындырылып, музыкалы-тілдік құралдың жиынтығы
және музыкалық шығармалардың сыныптан сыныпқа дейін ауқымы кеңеюіне
мүмкіндік туғызады.
Бірінші сыныпта музыкалық шығарманы танып, оның авторын айқындауға
тапсырыс беріледі, ол кейінгі сыныптарда қайталанады да, тапсырманы орындау
біртіндеп күрделене түседі.
Оқу пәнінің бірінші сыныптағы мазмұны алты жасар баланың жеке басының
дамуын, оның музыкалық –шығармашылық қабілетін, музыканы қабылдауын, ән
айтуды үйрету және қазақ музыка өнері негізінде музыкалық сауаттылығын
жетілдіру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған.
Қазақтың музыка тілі негізінде тәжірибелі кезеңмен жүйелі оқыту
оқушыларды қазақ музыкасының қасиетін тануға дайындайды.
Екінші сыныпта қазақ музыка тілінің негізі қалыптасады, дәстүрлі музыка
мәдениетінің әлеміне үңілу арқылы қазақ музыкасын танудың ауқымы кеңейеді.
Қазақ музыкасының тілі жайлы және қазақтың өлең шығаруының барлық
теориялық мағлұматтар музыканы қабылдау, ән айту, музыкаландыру және
музыкалық-дидактикалық ойындардың тәжірибелік жолдарымен меңгеріледі.
Музыкалық дүниелердің біртіндеп күрделенуі – үшінші сыныпқа тән
құбылыс. Қазақ музыкасы тілінің элементтері туралы алғашқы білім музыкалық
тілдің тұтастығын қабылдау негізінде күрделенеді. Кешенді міндеттер
музыкалық шығарма тілінің көрнекі құралдарын, музыкалы-түйсікті танымын,
музыкалық-шығармашылық қабілетін, бейнелі ойлауды одан әрі дамытуға
бағытталған.
Төртінші сыныпта қазақ музыка тілінің элементтері тұтас музыкалы сөз
ретінде қабылданады және меңгеріледі. Туыстас түркі халықтарының
музыкасымен танысу барысында меңгерілетін музыкалық материалдар көлемі
кеңейеді.
Осылайша дәстүрлі қазақ музыкасы жайлы білім қорын молайту, оның
өмірмен, қоршаған ортамен және табиғатпен байланысын аңғару бастауыш
мектептің негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе қазақ
музыкасы элементтері негізінде тұтас музыкалық тілді іс жүзінде меңгеруге
ерекше көңіл бөлінеді.
3 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ – МУЗЫКА САБАҒЫ
3.1 Музыка сабағы туралы
Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін
өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие
жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі
қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен кұрылады. Сабақтың мақсаты -
оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме
мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен
мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін
таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай
жүргізіледі. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка
таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - музыка - міне осы үш
нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына
сәйкес оқушыларға музыканың мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең
үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыкалық
білімнін негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін
тағы да атап өтпекпіз.
Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген
практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани
негізін қалыптастыру болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами
тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы
тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл
байланыстылық оку бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ такырыптарына,
музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік
амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ
барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада
жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы
керек.
Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы
бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің
көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.
Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы,
жоспарланған тақырыпка кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту
сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-
ақ оку жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар
жоспарлануы өте кажет.
Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету,
тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады. Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-
екі рет өткізілгені дұрыс.
Кіріспе сабақтарда композитор-орындаушы-тындаушы тақырыптары барынша
мол қаралуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей
мағынада кұрылады:
1) Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін
толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық
дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.
2) Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді,
нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың
қызу араласуы негізінде жүргізу.
3) Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар тү
сінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен
дамытып
отыру.
Тақырыпты жан-жақты, бекіте окыту сабақтарында мазмұндық, мағыналық
тұрғыдағы теориялық ұғымдар нақты мысалдармен көрсетіле оқытылады.
Оқушылардың практикалық, теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы
сабақтардағы жетістіктері көрсетіледі.
Оку жылы барысындағы окушылар меңгерген музыка мәдениетінің көркемдік
деңгейін жан-жақты көрсету үшін қорытынды концерт-сабақтар өткізіледі.
Мұндағы негізгі мақсаттар:
1) Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін
байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.
2) Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан-
жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың даму
дәрежесін білу.
3) Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістерді
байқау.
Бұл сабақ-концерттің салтанатты жағдайда, мектептің концерттік залында
өткізілгені дұрыс, жағдайға байланысты бірнеше сыныптарды біріктіріп
өткізуге де болады.
Концерттің басында ұстаздың өзі шығып, жиналып отырған ата-аналар мен
мектеп ұстаздарына концерт мақсаты мен мағынасын түсіндіріп өткені орынды.
Осы кезде оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысы туралы да айтып өткені
дүрыс.
Мұның өзі ата-аналардың пікір білдіруіне мүмкіндік береді.
Концерт-сабақтың белгіленген жоспары, айқындалған логикасы болуға
тиісті. Орындалатын әндер мен күйлердің әр түрлі болуын қадағалау керек.
Концерт қызықты болуы үшін ата-аналардың да қосылып ән айтып кетуін
жоспарлаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz