Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі «Әдебиет танытқыш»
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... 3
1. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» . қазақ әдебиеттану ғылымындағы тұңғыш теориялық еңбек ... ... ... ..6
2. Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ХХ ғасыр басында қазақ әдебиеті, қазақ әдебиеттану ғылымында жаңа бір белес болып табылған А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» құнды еңбек екендігі жиі айтылып (Ш.Сатпаева, Р.Сыздықова, З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Нұрғали, А.Ісімақова, Ө.Әбдіманов т.б. ғалымдар) келеді. Дегенмен, бұл еңбектің бүтіндей теориялық тұжырымдамасы арнайы зерттеу тақырыбына айналған жоқ. Осы тұрғыда «туған топырағымызда әдебиет теориясының басы болып саналатын» (З.Қабдолов) «Әдебиет танытқышты» (1926) ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымындағы басты-басты әдеби-теориялық тұжырымдармен бірлікте талдау да әзір бірізге түсе қойған жоқ. Академик Р.Нұрғали: «Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі «Әдебиет танытқыш» төңірегінде әлі де көп зерттеулер жүргізу керек» [1, 35] – екендігін баса айтады. Осы ретте, әрине бұл жұмыстың өзектілігі де «Әдебиет танытқышты» әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында кең көлемді талдауға алғаш түсіп отырғандығымен тікелей байланысты. Еңбектегі әрбір категорияның теориялық деңгейі де, әлемдік әдебиеттану ғылымында лайықты бағасын алған белгілі мамандардың тұжырымдарымен қатар түсіп жатады. Осы негіздерді ескере отырып, «Әдебиет танытқыш» толыққанды теориялық еңбек ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді деп санаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері «Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында зерттеу еңбектің теориялық орнын белгілеуден туындап отыр. Осы мақсаттан туындаған міндеттердің жүйесі төмендегідей болып келеді:
– «Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымындағы әдеби-теориялық пайымдармен қатар талдай отырып, ондағы ортақ тұжырымдардың ұқсастықтарын анықтау. Сонымен қатар, еңбектегі теориялық тұжырымдармен бүгінгі әдебиет теориясының да арақатынасын анықтап белгілеу;
– сөйлеу жүйесінің мағыналық қызметін негізге ала отырып А.Байтұрсынұлы көрсеткен «қара сөз» бен «дарынды сөздің» нысанын айқындау;
– «Әдебиет танытқыштағы» әдеби категориялар, теориялық тұжырымдар мен терминдер жүйесін анықтау.

1. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана: Күлтегін, 2002. 528 б
2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994. 275 б
3. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана, 2003. 443 б
4. Ісмақова А. Ахмет Байтұрсынұлы - қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы // Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. Алматы: Алаш, 2003. 408 б.
5. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. Алматы: Алаш, 2003. 408 б.
6. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы : Жалын, 1991, 464 б.
7. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003, 208 б.
8. Литературная энциклопедия терминов и понятий. М,. 1991.
9.« Әдебиет танытқыш.» (1926) // Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. Алматы: Алаш, 2003. 408 б.
10. Кәкішев Т. Санадағы жаралар.- Алматы: Қазақстан, 1992, 264 б.
11. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1964
12. Қабдолов З. Ақаңның әдеби қисындары // Ұлттың ұлы ұстазы. «Ұлы тұлғалар» сериясы. Алматы: Комплекс, 2001,. 305.
13. Ахметов З. А. Оралым // Словарь литературоведческих терминов (на каз.языке). Алматы. 1998.
14. Ахметов З. А. Бүкіл қазақ « Ахаң» деген \\ Ұлттың ұлы ұстазы. Ұлы тұлғалар» сериясы. Алматы: Комплекс, 2001,. 305.
15. . Ахметов З. А. Сөз өнері. А.: Мектеп, 1976, 376 б.
16. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Алматы, 2000
17. . Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы: Санат, 1994
18. Бабалар сөзі. 17 том. Астана: Фолиант, 2007
19. . Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы: Санат, 2001.
20. Ахметов З. Лирика \\ Әдебиеттану терминдернің сөздігі. Алматы, 1991
21. Еркінбаев Ұ. «Әдебиет танытқыштың» теориялық негізі. Алматы, 2008
22.Жұмалиев Х. Әдебиет теориясы. Алматы 1964

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы – қазақ әдебиеттану
ғылымындағы тұңғыш теориялық еңбек
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің ұстанымы
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. ХХ ғасыр басында қазақ әдебиеті, қазақ
әдебиеттану ғылымында жаңа бір белес болып табылған А. Байтұрсыновтың
Әдебиет танытқышы құнды еңбек екендігі жиі айтылып (Ш.Сатпаева,
Р.Сыздықова, З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Нұрғали, А.Ісімақова, Ө.Әбдіманов
т.б. ғалымдар) келеді. Дегенмен, бұл еңбектің бүтіндей теориялық
тұжырымдамасы арнайы зерттеу тақырыбына айналған жоқ. Осы тұрғыда туған
топырағымызда әдебиет теориясының басы болып саналатын (З.Қабдолов)
Әдебиет танытқышты (1926) ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану
ғылымындағы басты-басты әдеби-теориялық тұжырымдармен бірлікте талдау да
әзір бірізге түсе қойған жоқ. Академик Р.Нұрғали: Ахмет Байтұрсыновтың ұлы
еңбегі Әдебиет танытқыш төңірегінде әлі де көп зерттеулер жүргізу керек
[1, 35] – екендігін баса айтады. Осы ретте, әрине бұл жұмыстың өзектілігі
де Әдебиет танытқышты әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында кең көлемді
талдауға алғаш түсіп отырғандығымен тікелей байланысты. Еңбектегі әрбір
категорияның теориялық деңгейі де, әлемдік әдебиеттану ғылымында лайықты
бағасын алған белгілі мамандардың тұжырымдарымен қатар түсіп жатады. Осы
негіздерді ескере отырып, Әдебиет танытқыш толыққанды теориялық еңбек
ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді деп санаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты мен
міндеттері Әдебиет танытқышты ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану
ғылымының аясында зерттеу еңбектің теориялық орнын белгілеуден туындап
отыр. Осы мақсаттан туындаған міндеттердің жүйесі төмендегідей болып
келеді:
– Әдебиет танытқышты ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану
ғылымындағы әдеби-теориялық пайымдармен қатар талдай отырып, ондағы ортақ
тұжырымдардың ұқсастықтарын анықтау. Сонымен қатар, еңбектегі теориялық
тұжырымдармен бүгінгі әдебиет теориясының да арақатынасын анықтап белгілеу;
– сөйлеу жүйесінің мағыналық қызметін негізге ала отырып А.Байтұрсынұлы
көрсеткен қара сөз бен дарынды сөздің нысанын айқындау;
– Әдебиет танытқыштағы әдеби категориялар, теориялық тұжырымдар мен
терминдер жүйесін анықтау.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы. Жұмыста ХХ ғасыр басындағы Әдебиет
танытқышпен кезеңдес теориялық еңбектер молынан қамтылып, сол кезеңдегі
теориялық көзқарастың жүйесі айқындалды. Әдебиет танытқышта келтірілген
теориялық пікірлер мен тұжырымдар, әдістемелік тұрғыдан алғанда А.
Байтұрсынұлы ұстанымына жақын орыс әдебиеттануындағы белгілі әдебиет
теоретиктері Б.В. Томашевский, В.М. Жирмунский, Ю.Н. Тынянов, Г.О. Винокур
секілді т.б. ғалымдардың негізгі еңбектерімен салыстырылды. Осының
нәтижесінде А.Байтұрсынұлы мен аталмыш ғалымдардың теориялық поэтика мен
лингвистикалық поэтиканың ара-жігіне қатысты ұстанымдары айқындалып ғылыми
айналымға алғаш рет енгізіліп отыр. Сонымен қатар, курстық жұмыстың
төмендегідей ғылыми жаңалықтары айқындалды:
– Жұмыс барысында Әдебиет танытқыштағы сөз өнерінің теориясына
қатысты тұжырымдардың жүйесі жасалынды. Және ол жүйенің әдеби шығарманың
құрылымы, әдебиеттегі романизация секілді әлем әдебиеттануындағы
қалыптасқан ғылыми-теориялық тұжырымдармен сәйкестіктері анықталды.
– А. Байтұрсынұлының ірі лингвист ғалым екендігі (әдебиеттану мен
тілтану әдістерін қатар қолданғандығы) бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы
психолингвистикалық талдаулардың жетістіктері арқылы дәлелденді.
– Сөз өнерінің компоненттерін анықтауда Әдебиет танытқыштың реттік
баяндауы басшылыққа алынды. Сол кезеңдегі әлем әдебиеттануындағы теориялық
еңбектердің мазмұны да Әдебиет танытқыштағы жүйе арқылы зерделеніп,
еңбектің кәсіби әдістемелік жетістігі дәлелденді.
– Әдебиет танытқыштың сөз өнерінің теориялық аспектісін анықтап
берген тұжырымдарының бүгінгі теориялық талап тұрғысынан да шығып
отырғандығы нақты мысалдар арқылы дәлелденді.
Курстық жұмыстың ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері.
Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н.Тынянов,
Р.Якобсон, В.Кайзер, Г.Г.Гадамер, В.Б.Шкловский, М.М.Бахтин, М.О.Әуезов,
Р.Уэллек, Қ. Жұмалиев, О.Уоррен, Ю.М.Лотман, З.Қабдолов, З.Ахметов, Цв.
Тодоров, М.Л.Гаспаров сынды ғалымдардың еңбектері курстық жұмыстың негізгі
дерек көзі бола отырып, басты әдістемелік ұстанымын да айқындап берді.
Сонымен қатар, бітіру жұмысының басты стратегиялық бағытын белгілеу
барысы мен нақты талдауларға барған тұстарда бүгінгі теоретик ғалымдардың
(Р.Нұрғали, Ш. Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, В.Е.Хализев, С.Н.Бройтман,
А.Ісімақова, Ұ.Еркінбаев, В.Шмид, Е.Фарино, Н.Д.Тамарченко, И.В.Силантьев,
О.А.Клинг, Д. Каллер, В.И. Тюпа, С.Н.Зенкин т.б.) еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің нысаны және деректемелік көздері. Жұмыстың негізгі дерек
көзі Әдебиет танытқыш екенін ескерсек, кітаптың түпнұсқадан кейінгі баспа
бетін көрген үлгілерін айта кеткен орынды. 1926 жылы тұңғыш рет жарық
көрген Әдебиет танытқыш, авторы ақталғаннан кейін 1989 жылы М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан Ә.Шәріпов пен С.Дәуітовтың
құрастыруымен Ахмет Байтұрсынов шығармалары: Өлеңдер, аудармалар,
зерттеулер атты жинақ бүгінгі қазақ әрпімен басылым көрген жинаққа енген.
Алғы сөзін Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ш.Қ.Сәтбаева
жазған.
Екінші рет Әдебиет танытқыш 1991 жылы Ақ жол: Өлеңдер мен
тәржімелер, публицистикалық мақалалары атты жинақта қайта басылды.
Құрастырған, алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген академик Р.Нұрғалиев [2].
2003 жылы Әдебиет танытқыш Алаш баспасынан А.Байтұрсынұлы. Бес
томдық шығармалар жинағы деген атпен шыққан жинақтың бірінші томында
басылды. Жинақтың Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тілі
білімі мен әдебиеттануының реформаторы деген алғы сөзі мен ғылыми
түсінігін әдебиеттанушы А.Ісімақова жазған. Оқу құралы ретінде Әдебиет
танытқыш 2003 жылы Атамұра баспасынан да жарық көрген .
Курстық жұмысының құрылымы. Жалпы жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШЫ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ
ТҰҢҒЫШ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕҢБЕК
20-жылдары А.Байтұрсыновтың сындар дәуір деп атағанын ұмытпайық.
Сындар дәуір дегеніміз шығарушы өзі жазушы, өзі сыншы болған уақытта
шыққан мағыналы сөз. Еуропа әдебиеті мен танысқаннан кейін қазақ ақындары
сөздің асыл болатын сырын біле бастайды. Сөздің ондай сырын білу – сын білу
болады... Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы да, тыңдаушы да сөзді
талғайтын болды, олай болғаны – Абай асыл сөздің айқын нұсқаларын
көрсеткеннің үстіне, аз да болса сөз сипаттарын айтып та жұртты хабардар
қылды (Ақжол, 446-447-беттер) деген ойлардың бәрі де профессионалдық
әдебиеттің көркемдік әдісіне, алған бағытына құйылатын таным-біліктер
екені даусыз. Олай болса, өзіміздің даму жолымыздағы олжалар мен
шығындарды, пайда мен зиянды қоса есептей білсек, қазақ әдебиетінің
көркемдік арсеналындағы құнарлы дәстүрлердің мықты өріс алуға мүмкіндігі
бар екенін көреміз.
Өскен әдебиет әрине өзінің керек – жарағын іздестірмей тұра алмайды.
Әдеби дамудағы әр қилы ағым-бағытты аңғару, көркемдік таным-біліктегі
ізденістерді зерттеу, оның оқушы жұртшылыққа жеткізу қажеттігі сын жанрын
қалыптастыруға жағдай жасайды. Әдебиеттің, көркем – өнердің өркендеу
барысынды өзінен-өзі туатын құбылыстарды теориялық тұрғыдан түсіну біздің
жағдайымызда өнерпаздық қажеттік болды. Сондықтан 1926 жылы Ахмет
Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты теориялық еңбегін жариялауы, яғни
әдебиет теориясын ұсынуы аспаннан түскен жаңалық емес, қазақтың эстетикалық
ойының заңды жалғасы, қисыншыл сана-сезімнің жемісі болды. Өйткені мұндай
еңбек көршілер түгіл, ілгерінді мәдениетті елміз дегендердің көбінде туа
қоймағаны тағы рас. Осындай ұлы табысымыздың тапшылдық көзқарастың
құрбандығына шалуымыз қазір өкінтпей қоймайды. Өйткені 20- жылдардың орта
тұсында осындай теориялық туынды берген халықтың эстетикалық таным-
білігінің мықтап тұсаулануы, тіпті тұмылдырық салынып, ілгерінді ізденіс
жасатпай қоюы ғылыми тұрғыдан үлкен шығын, парықсыздық еді.
А.Байтұрсынов қазақтың ғылыми-теориялық санасына кезең жасаған,
әдебиеттану ғылымының негізінде қаланған еңбекті жазуға бірден келе қойған
жоқ. Ілкі мақсаты қазақтың жас ұрпағына ана тілінің грамматикасын, тіл
құралын жасап бергеннен кейін, енді қазақтың сөз өнерін белгілі бір жүйеге
салу қажеттігін айқын сезінген сияқты. Бұл ой нақты шешімін табуы қажет
екендігі А.Байтұрсыновтың Айқап журналында, әсіресе Қазақ газетінде
жарияланған мақалаларынан анық байқалады. Өйткені әдеби сынымыздың өресін
биікке көтеріп, оны теориялық жөннен негіздеу машығы әр туындысынан
байқалып қалып отырғанын аңғармауға болмайды. Энциклопедиялық білімі бар
дарын ел-жұрт, оқушы қауым тілегін өтеу үшін көркемдік таным-білікті
жүйелейтін әдебиет теориясын жазуға міндеттімін деп санаған сияқты. Міне,
осылай ішей сезіну практикалық зәрулікпен астасып, әдебиеттану ұлы олжаға
кенелді.
А.Байтұрсынов осы еңбегінің кіріспесінде тіршілік қажетіне жұмсалатын
тірнек өнерін түсіріп алғаннан кейін адамның жан дүниесіне, сезім әлеміне
әсер ететін көрнек өнерін, атап айтқанда, сәулет-архитектура, сымбат-
скульптура, кескін-живопись, әуез-музыка, сөз өнері-әдебиет, литература деп
жіліктеп тастайды да, өзінің зерттемегі, қазақ оқушыларына түсіндірмегі сөз
өнері екенін әуелі мықтап түсіндіріп алады. Өнердің ең алды сөз өнері деп
саналады, Өнер алды – қызыл тіл деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз
баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы
өнердің бәрініңде қызметін шама-қадырынша сөз өнері атқара алады, қандай
сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын,
қандай әдемі ән-күй болсын, суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл
өзге өнердің қолынан келмейді (А.Байтұрсынов. Ақжол, 1991, 341-бет) деп
нақты мысалдармен көрсетеді.
Ахаңның осы пікірі қазақтар үшін баяғыда – ақ шешіп алатын мәселені
еріксіз әңгімелейтін деп отыр. Әрине, өнер атаулының бәрі түгел болып,
гүлдене өркендегеніне не жетсін. Ал тарихи жағдайға, тұрмыс ерекшелігіне
байланысты бір халықтың мәдениетін аспандатуға да, екінші біреуді тұқыртуға
да болмайтынын ұқпай келеміз. Осы уақытқа дейін қазақ даласын материалдық
байлықтан, әсіресе сәулетті шаһарларды, көз тартқан күмбезді кеселердің
аздығы, сыр-сымбатына таң қалдырар мүсіндердің кемшіндігі, құдая тәуба, сөз
өнері арқылы орны толып, бір халықтың биік эстетикалық талап-талғамына
жауап беріп келгендігін ескермеске болмайды. Сондықтан рухани байлықтың әр
қоғамда атқарған қызметін жүдетпей бағалаудың оң жолына қайтадан түсуіміз
керек. Оны осы Әдебиет танытқыш әбден түсіндіріп бере алады.
Сөз өнерінің ішіне енерде адам санасының үш негізіне – ақыл, қиял мен
көңіліне назар аударып, ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну,
тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу, яғни ондағы мәселелерді
белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау;
көңіл ісі – түю, талғау.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдығанынша, қиялдың меңзеуін
меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінще айтуға жарау деген толғамды
қисындардың қазақ оқушысына ешбір жаттығы жоқ, айрықша білімдарлықты талап
етпейтін дәйектемелер екенін көреміз. Қандай мағына болса да өз тілінде, өз
білігінде айтылып, жазылуы әрқашан қонымды, түсінікті болмақ. Әйтпесе,
өзгелердің тапқанын өзге тілде баяндап, оны қазақшаға аударған уақытта
қаншама бояу, әсерін, мағынасын былай қойғанда, ұғынықтылығы, түсініктігі
жағынан кем соғып, ауыр зерделенетінін еш уақытта естен шығаруға болмайды.
А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышының осы артықшылығы, яғни таза ұлттық
таным-білік деңгейінде жазылғаны оны әлі күнге дейін эстетикалық
қажеттілікке айналдырылып отыр. Ұлттық таным-білік деген уақытта қазақтың
көркемдікк сезім-түйсігі басқалардан бөлек, айрықша деген ой тумасқа керек,
өйткені эстетикалық шарттар адам олмысының бәріне бірдей, бірақ оны
қабылдау мен әжетке жаратудың ұлттық ерекшелігі болады. Және сол ұлттық
ерекшелікті танып, ұғынып, санасынан өткізген уақытта ғана қандасына,
бауырына өз ана тілінің байлығымен, бояуымен жеткізген ғұламаның айтқанына
көңілге қонымды, әсері күшті, зердеге құяры көп болмақ.
А.Байтұрсыновтың теориялық еңбегін оқи бастағанда-ақ қазақтың оқу
орындарын тың, соны бұрын-соңды болып көрмеген оқу құралымен қамтамасыз
еткенін ғана емес, қазақ халқының эстетикалық таным-білігін терең қисынмен,
алғыр оймен, толымды да жүйелі пікірмен айқын жазып беруге ақыл-қабілеті,
ғұламалық парасаты жететіндігін сонау 20-жылдары танытуының өзі әдебиеттану
ғылымының қаншалықты өрелі биікке жеткенін аңғартады. Мәдениетіміз
өркенлеген елміз деп кеуде соққандарда мұндай теориялық құбылыстар
болмағандығын, бола қалса кеш туғандығын, қайсыбірінде әлі күнге дейін
тумай жатқандығын айтпасқа шара жоқ.
Әрине Ахаң қолынан шыққан қисындардың бәрі мүлтіксіз, кем-кетігі жоқ
деп ешкім айта алмаса керек. Оның шет жағасы өлеңнің кейбір саласына
байланысты ескертілді де. Алайда әрі әдебиет теориясының, әрі әдебиеттануға
кіріспенің міндетін қоса атқарған, тіпті қайсыбір сәтте тіл ғылымының сөз
түрлеу саласын ара-тұра қамтып кететтін теориялық еңбек-оқулықтың әсіресе
қазақ поэзиясының жан-сырын терең ұғынып, өлең жүйесінің ішкі тарам-
бұтақтарын тамаша білгірлікпен зерттеп көрсететін тұстары классикалық
деңгейде екенін аңғармау ағаттық болар еді.
Сондай-ақ еңбектің екінші бөлімі – қара сөз бен дарыны сөз жүйесін
жіліктеуі де өзінше қызық және соны ойларға толы. Дарынды сөз адамның
ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді, ал қара сөзден адам тек ұғым алады
(396-бет) деген қисынды нақты мысалдармен көзге елестетті де қара сөзді
әуезе, әліптеме (суреттеу), пайымдамаға бөліп, оның ішкі ерекшеліктерін
ашты.
Осы әңгімемізге тікелей қатысы бар пайымдамаға назар аударғанда, пән
(ғылым), сын, шешен сөз бен көсем сөздің бір жүйеден табылуының өзі
теориялық тұрғыдан әбден өнімді. Әсіресе сынның физиономиясын ашуы
қызықты да кенеулі. Сын деп адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға
беруді айтамыз деген анықтамада сынның жанары түспейтін сала жоқ екендігі
былай дәйектеледі: сынға салудағы мақсат – жақсы-жаманды ашу, мән-
мағынасын анық таныту; ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне
дұрыс-терісін көрсету; өнер тарапынан шыққан нәрсе болса, мақсатқа сәйкес
келген-келмегенін көрсету; кәсіп тарапынан шыққан нәрсе болса, тіршілікке
жайлы-жайсыздығын көрсету; қоғамшылық тарапынан шыққан нәрсе болса, адам
қалпына қолайлы келу-келмеуін көрсету, сөйтіп, адам ісінен шыққан нәрсенің
бәрі түрлі-түрлі мақсатпен сынға түседі (403-бет ) деп сынның өзін сала-
салаға жіліктеп жібереді. Бұлардың ішінен ғылым мен әдебиет сынының
ерекшеліктеріне тоқтап, сыншыға қойылатын талаптарды да атап көрсетеді.
Мәселен, Дарында сөзді сынау үшін білім керек. Бірақ қара сөзді
шығармаларға керек болған пән білімі емес, басқа түрлі білім керек, бұған
ғылым білімінен гөрі өнер білімі керек. Ұстаның мінін көбінесе ұсталар
көреді. Сондай-ақ, дарынды сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек
көрмек. Дарынды сөзді сынауға ақындық керек болғанмен, ақын емес адамдардың
да қолынан келмейтін іс емес. Сөйтіп, ғылым сыны –тғылымдарсыз жасамайтын
сан да, дарынды сөз сыны- ақындықты керек қылғанмен ақындығы жоқ,
ақындықтан шыққан әдемі сөздерге үйір болған адамдарда жасауға болатын іс..
Қара сөздіңи сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, көркем
сөздің сынында дұрыстығының үстіне, пікірге берілген сурет, сұлулық жағы
да тексерілді (404 бет) деген баяндаулар эстетикалық таным-біліктің ең
негізгі шартын аңғартады да, шығармаға қойылатын талаптарды атап-атап
көрсетеді. Өмір шындығы дұрыс көрсетілген бе, көрсетілсе осы шағарма шын
көркем әдебиет дүниесі болып санала ма, ақылдың аңдығанын, қиялдың
меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба деп қарау
қажеттігін ескертеді де көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын болады.
Тысқы сындар: 1) тілінің, лұғатының сыны, яғни тілінің дұрыстығы,
анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнектілігі, әуезділігі, өректілігі жағының
сыны. 2) суреттің сыны, яғни кестесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп
суреттеуігің сыны.
Ішкі сындар: 1) алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген қалып, жан
жүйесінің жөнінен қарағанда, дұрыс болып шығу-шықпауының сыны. 2) Өмір
жүзінде айтылған нәрсенің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен-
көрсетпегенінің, адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік қуаты
бар жағының сыны (404 бет) деген жайларды естен шығармай, сыни еңбек
жазған кезде қолданғанн абзал. Бұл теориялық қисынды қазіргі оқущылардың
ауырсыеуы мүмкін, өйткені көркемдік таным-білігінің қыр-сырын Ахаңдар
жасағани ұлттық терминологиядан алыстатып, еуропалық атауларға құлағы
үйреніп қалғандардың тосаңсып, одырая қарауы ғажап емес. Теориялық қисынның
таза ұлттық ұғыммен берілуі көркем образды танып білуге, өнерпаздықтың
псхологиясын түсінуге еш қиянаты жоқ, қайта өзіміздің лексикологиялық
байлығымызды, пәлсапалық ойлау жүйемізді байыта түсетінін көріп отырамыз.
Сынның жанрлық қасиетіне айрықша ілтипат білдірген Ахмет Байтұрсынов
жазба әдебиетті екіге жіктегенде бір саласын сындар дәуір деп белгіледі.
Ал ол не екен деп көңіл бөлгенде сындар дәуір деген – қазақ әдебиетінің
сынды болған, яғни сын арқылы шығып, әдеміленген мағынплы сөз: бір мағынасы
сыны бар деген сөз болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, сипатты
деген болады. Бұл сөздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы
кездегі жаңа дәуірін дұрыс сипаттайды. Сын тезі құрылмай, әдебиет сөзі
сындар (мінсіз) болып шыға алмайды (446 бет) дегеніне қарағанда сыни ой-
пікір жүйесінің әлеуметтік-эстетикалық тұрғыдан зор ықпалы барын аңғарамыз.
Әрине дарынды сөздің өзін ауыз әдебиет (анайы), жазу әдебиеті (сыпайы)
деп бөлшектеп, ауыз әдебиетінің жанрларын сауықтама (ермектеме,зауықтама),
сарындама (салт, ғұрып, қалып сөздері), олар өз тараптарынан тағы да
бірнеше ішке түрлерге бөлінсе, жазу ( сыпайы) әдебиет діндар және сындар
дәуірлеріне жіктеліп, іштей мүшеленеді. Әрине мұндағы атауларға ойлана
қарағанда сындар дәуірдің сипатын әлгінде ғана аңғарсақ, діндар дәуірдің
анықтамасында да жанрлық жіктеу басым. Діндар дәуір ауыз әдебиет түріне
түр қосып жарытқан жоқ. Анайы әдебиеттегі шығармалардың түрлерінен
діншілдігімен ғана айырмаса, айрықша түр-тұрпатымен айрыла қоймайды дегені
қисса, хикаят, мысал, насихпт, мінажат, мақтау,даттау, айтыс толғау,
термелерді нақты мысалдармен көрсетіп, жанрлық табиғатын анықтайды.
Тап осы талдау тәсілін сындар дәуірге қолданғанда мынадай ескерту
жасауды айрықша қажет деп тапқан: Қазақтың сындар әдебиеті Еуропа
үлгісімен келе жатыр. Және сол бетімен баратындығы да байқалады.Еуропа
әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгелденіп жеткен жоқ. Бірақ қазір
болмағанымен, ілгеріде болуға ықтимал деген сенімін айтқан уақытта, әлі
әдебиетімізге сәңәп болмаған түрлердіатағанда мейлінше қазақыландырып
жібергенін байқамасқа болмас. Жазба әдебиетті үш үлкен топқа бөлетін
классикалық принциптерінен айнымайды. Эпос дегенді әуезе, яки әңгіме деп
қазақтандырады да, оны іштей ертегі жыр, тарихи жыр, әуезе жыр, ұлы әңгіме
(роман), ұзақ сөз (повесть), аңыз өлең және және әңгіме, көңілді сөз,
мысал, ұсақ әңгімелер деп мүшелейді.
Ал лириканы толғау деп атауына көңіл толғау мен сап толғау, марқайыс,
налыс, намыс-таныс, сұқтаныс, сұқтамалдау деп жіктелгендерді ойламасқа
болмас. Ал драманы айтыс-тартыс деп алғаны, оның өзін айтыс сөз, тартыс
сөз деп екі бөліп, тартыс сөзден 1) мерт яки әлектекті тартыс (трагедия),
2) сергелдең яки азапты тартыс (драма), 3) арамтер, яки әурешілік
(комедия). Тартыс сөзге ән күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс
сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады, қисыны қызық болса күлдіргі тартыс
болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы деп аталады (448бет) деген анықтама-
дәйектемелердің бір қайнары ішінде сияқты.
Адамзат қолданған терминдерден тым алшақтау да, талғамай қабылдай беру
де нысаналы мақсатқа жеткізе бермейді. Қазақ әдебиеттану ғылымының
терминдерін, атауларын жасаудағы А.Байтұрсыновтың керемет тапқырлығын,
кейбір сүріну сәтін атап өтіп, оны пайдалану жайын ойластырған абзал. Қазір
ана тіліміздің тазалығы мен лексикалық байлығын сарқа пайдалану, төд сөз
негізінде жаңа атау, термин жасау процесі қатты жүріп жатқан тұста әбден
сіңісіп, жаттығы білінбей кеткендерді сақтай отырып, А.Байтұрсынов шығарған
әдеби атауларға енді айрықша іждағат салуымыз керек. Жанр, оның ішкі
мүшелері туралы атауларды былайша қойғанда, жалпы өнер түрлеріне қатысты
толып жатқан танымға сай терминдерін жетілдіре, дамыта қолданудың жөні бар,
қазір ептеп қолдана бастадық та. Оңтайлы да тапқыр атаулар, әсіресе
әдебиетке байланысты өте көп. Ондай ұлттық рухани байлыққа енді
немқұрайлықпен қарау обал.
А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен
көрсеткіші болуымен қатар, теориялық ой – жүйесіне мықтап түрен
салған,қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын, эстетикалық таным-білігінің
молдығын танытқан кезеңдік туынды.
Қазақтың жаңа әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі көркемдік мәселелерін
әдебиет сыны әрқашан дәл тұжырымдай алмағанымен, өзінің түсінік- талабын
белгілі дәрежеде орынды айта білгенін сыншыл реализм дәстүрін тануынан
аңғарамыз. Қазақ әдебиет сынының қалыптасу дәуірінде осындай күрделі
проблеманың бірден-бір ыңғайлы шешімін таппағанымен, оған жұртшылықтың
назарын аудара білуі әдеби ойдың алға басқандығына айғақты дәлел болуның
үстіне көптеген әдеби-тарихи проблемаларды жүйелі пайымдауға мүмкіндігі
барын Әдебиет танытқышпен дәлелдеді. Қаламгерлік өнерінде өзінің
қолтаңбасын сақтап, әр қилы көркемдік әдіспен істес бола алатын ақын-
жазушылар болғаны даусыз.
Шын мәнісінде, бұл еңбек ұлттық әдебиеттані ғылымында да өзінің лайықты
бағасын алып үлгерді. Мәселен, Әдебиет танытқышты Ұлы әңгіме деп
бағалаған Р. Нұрғали, мұнымен қатар еңбектің текстологиялық ахуалы жөнінде
де маңызды пікірін ортаға салады: Әдебиет танытқыштың қазір Алматыда
сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің текті түгел
берілмей отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді:
Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс;
2) азаптаныс; 3) әуреленіс. Осылардың біріншісі-әлектеніс пен үшіншісі
әуреленіс талданады, ал екіншісі- азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап
бойынша болашақта Әдебиет танытқыштың толық текстін табу міндеті тұр.
Еңбектің теориялық салмағын саралай келе акдемик З.Қабдолов Әдебиет
танытқыштың ең бір құнды жері деп, жекелеген әдеби-теориялық
категориялардың этимолгиясын, олардың мән-мағыналық жүгін төл
әдебиетіміздің өз ішінен тапқандығын дөп баса айтады.Мәселен, ..
әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін, яки жанрын (эпос,
лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да, әр
жанрдың түрлерін өзіміздің төл ідебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың
алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс-салт жырларынан іздеп табады.
Сонда, ең жеңілі жоқтау-эпитафияға, мақтау-одаға, даттау-сатираға балама
болып шыға келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше
драма деп емес, Ақаңша айтыс-тартыс деп алады да, осы жанрдың жанрлық
түрлерін, айталық трагедияны-мерт, яки әлекті тартыс, драманы – сергелдең,
яки азапты тартыс, комедияны-арамтер, яки әурешілік деп атайды [ 2,Б.26-5-
26]. Академик З.Ахметов болса, Әдебиет танытқышта қазақ өлеңінің ырғақтық
құрылыс-жүйесін айқындайтын өлең сөздің бунақ, тармақ, шумақ сынды
категорияларының алғаш қалыптасқанын айтады. [ 2,64б]. Белгілі әдебиет
зерттеушісі Ш.Елеукенов Сұлулыққа іңкәрлік атты әдеби-сын зерттеу
еңбегінде Әдебиет танытқышты ... Әдебиеттану терминдері туралы тұңғыш
сөздік деп өз тарапынан баға беріп кетеді [3].
А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы - қазақ әдебиеттану ғылымының
үлкен көрсеткіші болуымен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған,
қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің
молдығын танытқан кезеңдік туынды [4] екендігі еңбектің жалпы гуманитарлық
ғылымдар жүйесіндегі бөлекше орнын білдірсе, автордың төңкерістер дәуірнде
өмір сүрсе де, әдебиет мәселелеріне саясатты, партия мақсаттарын,
араластырмай негізінен ғылыми өлшем, талғам арқылы, партия мақсаттарын,
араластырмай негізінен ғылыми өлшем, талғам арқылы, жеке бөлшектерге,
бұтақтарға, тармақтарға назар аударуы, қазіргі терминологиямен айтқанда,
структуралық поэтика тұрғысынан талдау жасап, қорытындылар шығаруы; үнемі
дәлдік пен деректің бірінші қатарға шығуы [5.51б], әр категорияның өзінің
логикалық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар түсінік ретінде айқындалуы ..,
яғни, әр тұжырымның ішкі заңдылықтары ашылып, парадигма ретінде дәлелденуі
[6,26б] – Әдебиет танытқыштың ғылыми тереңдігі мен зерттеушілік
стратегиясының қаншалықты ауқымдылығынан хабар білдірсе керек.
Еңбектің құндылығына жан-жақты тоқтала келе әдебиет сыншысы Т.Кәкішев:
Мұндай еңбек бізде бұған дейін де, бұдан кейін де қайталанған жоқ. Ол –
әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет – парызын қатар атқарып,
біздің алдыңғы ағалырымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған
жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін
біздің ғылыми арсеналымыздың орын алатын құнды қағидалар мен атаулар.
Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын Әдебиет
танытқыш - қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы -
фундамент [7, Б.210-211] деп жазады.
Біз де зерттеу барысында жоғарыда келтірілген құнды пікірлерді ұдайы
басшылыққа алып отырғанымызды айта кеткен жөн. Десек те, көп жағдайларда
А.Байтұрсынұлына қандай әдеби-эстетикалық теориялардың тірек болғанын дөп
басып айту қиынға соғады. Себебі, еңбекте сілтемелер берілгенмен, солай
бола тұра басы бүтін бір сұлу ән секілді терең синтезге құрылған. Алайда,
мына пікірді де ескерген жөн сияқты. Р.Нұрғалидің пайымдауынша, Әдебиет
танытқыштағы өнерді сәулет, сымбат, кескін, әуез, сөз өнері деп бөлуі мен
оларға берілген анықтамалар Байтұрсынұлының Лессингтің әйгілі Лаоокон
трактатымен терең таныс болғанын білдіреді.
Әдебиеттанушы А.С.Ісімақова Әдебиет танытқыштағы көптеген теориялық
пайымдардың әлемдік әдебиеттану ғылымында да өзекті екендігін айтып
келеді. Бұған: Әдебиет танытқышта сөз өнерінің өз даму заңдылықтығы бар
екені; әдеби шығарманың өзіндік ерекшелігін ашуда пән сөздерінің(термин
сөздердің) басты міндетін атқаруы; автор және рухани мәселесі; көркемдік
заңдылықтың негізі; роман теориясына қатысты тұжырымдар; баяндау
тәсілдерінің жүйесі; стиль және сөйлеу түрлерінің ерекшеліктері; мәтінді
талдау және жүйелеу тәсілдері секілді концептуальды мәселелердің қозғалуы
толықтай дәлел бола алады. Және де, еңбекте бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы
синкретизм, типология, әдебиеттердің қарама-қатынасы, сюжеттердің
ұқсастығы деген мәселелер де қамьылған.
Мәселен Әдебиет танытқышта ақын тілі деген терминологиялық ұғым
бар. Егер функционалдық тұрғыдан мұны поэтический язык дегенмен барабар
түсінсек онда бұл терминнің ғылыми негізі А.А.Потебнядан келетінін айта
кету керек. Және де ақыл тілін - қазіргі әлемдік әдебиеттану ғылымында
қолданыста жүрген көркем сөз, көркем текст, көркем тіл, поэтикалық
тіл, әдеби шығарма тілі деген ұғымдарымен мағыналас деуге болады. Осы
ақын тілі деген түсінікті А.Байтұрсынұлы 1926 жылы әншейін жәй сөзден
ажыратып алып, айрықша өң беріп айтылған сөз [8, 175б] деп анықтаса, Б.
Томашевский де дәл сондай көзқараспен речь, в который присутсвует
установка на выражение Бізде установка деген сөз бар, ол автордың
шығармашылық ниеті дегенге саяды дейді Ю. Тынянов ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz