Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені


Лекция тезистері
Лекция № 1-2
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі пәні, оны оқытудың әдістері, мәні мен міндеттері.
Лекция жоспары:
- Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі пәнінің объектісі, міндеттері
- Пәннің басқа пәндермен байланысы
- Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және олардың мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы
Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар балабақшада барлық жас топтарында аптасына 2 реттен 4 ретке дейін өткізіледі. Сабақтардың мазмұны тәрбиеші сол жасқа арналған бағдарламаның талаптарына сәйкес және балаларда бар білім мен бейнелеу іскерліктерін ескере отырып жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетімен жалпы топтық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт кезінде де шұғылдануы мүмкін. Педагог бұл ынтаны әрдайым қолдап, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда инициативалар мен дербестіктің пайда болуын көтермелеп отыруға тиіс.
Сәбилерде сурет салуға, мүсіндеуге, конструкциялауға деген ынта қысқа мерзімді әрә тұрақсыз болады. Мектепке дейінгі ересек балалар творчесволық іс-әрекетке деген белгілі бір қажеттілікті бастан кешіреді, мұның өзі оларда пеагог тарапынан көңіл аударудыжәне дұрыс басшылық жасауды талап ететін қабілеттердің бар екенін дәлелдейді.
Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері
Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті сабақта сурет салу, мүсін жасау, аппликация және констукциялау сияқты түрлерін қамтиды. Баланың айналадағы дүние туралы әсерлерін бейнелеуде осы түрлердің әрқайсысының өз мүмкіндіктері бар. Сондықтан бейнелеу іс-әрекетінің алдында тұрған жалпы міндеттер әрбір түрдің ерекшіліктеріне, материялдың және онымен жұмыс істеу тәсілдерінің өзгешіліктерін қарай нақтылайды.
Сурет салу. Сурет салу- балалардың өздерінің творчестволық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі. Суреттердің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызықтырған нәрселерді бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы өмірден алынған көріністерді, әдеби кейіпкерлерді мен декортивті ою-өрнектерді және тағы басқа. Сурет салудың әсерлігі құралдардың пайдалану олардың қолынан келеді. Мысалы, нақты затпен ұқсастықты беру үшін, сурет салушының бейнелуші обьектіге қатынасын білдіру үшін және декортивті планда түс пайдаланылады. Композиция тәсілдерін пайдалана отырып, балалар сюжетті жұмыстарда өз ойларын толығырақ әрі байрақ бейнелей бастайды. Алайда сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан тәрбиеші жұмыстардың тақырыбына баса назар аударуға тиіс. Балалабақшада негізінен түрлі бейнелеу мүмкіндіктері бар түрлі-түсті қарандаштар, акварель және гуашь бояулар пайдаланылады. Қарандашпен сызықтық форма жасалады. Оның өзінде бір бөліктен кейін екінші бөлік біртіндеп салынып, алуан детальдар қосылады. Содан кейін сызықтық бейнелер боялады. Сурет жасаудың мұндай бір ізгілігі баланың аналитикалық ойлау қызметін жөнелтеді.
Бір боліктің суретін салып алынған кейін, ол онан әрі қандай бөлікті жасау керектігін еске алады немесе натурадан көреді. Оның үстіне, сызықтық нұсқаулар бөліктердің шекарасын анық көрсете отырып суретті бояуға көмектеседі.
Бір бөліктің суретін салып алыннған кейін, ол оннан әрі қандай бөлікті жасау керектігін еске алады немесе натурадан көреді. Оның үстіне, сызықтық нұсқалар бөліктердің шекарасын анық көрсете отырып суретті бояуға көмектеседі.
Бояулармен (гуашпен және акварельмен) сурет салғанда форма бояу арқылы жасалады. Осы тұрғыдан алып қарағанда бояулардың түс пен форманы сезінуді дамыту үшін үлкен маңызы бар. Бояулармен айналадағы өмірдің алуан түрлі бай түстерін беру онай: ашық аспан, күннің батуы мен шығуы, көк теңіз және т. б. Бұл тақырыптарды қарандаштармен орындағанда көп еңбек, жақсы дамыған техникалық дағдыларды талап етеді.
Бала бақшада бағдарлама арқылы әрбір жас тобы үшін графикалық материялдардың түрлері белгіленеді. Ересек және мектепке даярлық топтар үшін қосымша көмір қарындашын, түрлі түсті борларды, пастельді, сангинаны пайдалану ұсынылады. Бұл материялдар балалардың бейнелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көмір мен сангина мен жұмыс жасаған кезде сурет бір түсті боып шығады, мұның өзі заттың формасына және факурасын бере білуіне барлық назарды жұмылдыруға мүмкіндік береді: Түрлі түстер борлар көлемді беттер мен ірі формаладды бояу жеңілдетеді; Пастель түстің алуан түрлі ренкін беруге мүмкіндік жасайды.
Мүсіндеу. Бейнелеу іс-әрекет түрлерінің бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі- бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты материалмен (мрамор, гранит және т. б. ) де жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып табылады. . Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсерінен тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдамен- саз балшықпен, ермексазбен пластелинмен жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.
Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс-аяқтың, көкеністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндердің жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі мынаған байланысты: мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекеттерінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және творчесвалық қажетсіну қаннағатындыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.
Мүсіндеуде заттардың кеңістік арақатынасын беру оңайтылады- обьектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соң бірі, композиция ортасына жақын не алыс қойылады. Перерспективті мәселелері мүсіндеуге болмайды.
Мүсіндеуде бейне жасаудың негізгі формасы- ауқымды форманы беру. Түс шектеулі түрде пайдаланылады. Әдетте кейін балалар ойындарында пайдаланылатын жұмыстар боялады. Мүсіндеу сабақтарда неғұрлым пластикалық материал ретінде саз балшық негізгі орын алады. Жақсы дайындалған саз балшық тіпті 2-3 жастағы баланың қолының илеуіне тез көнеді. Кептірілген саз балшық жұмыстар ұзақ уақыт сақталынады.
Ермексаздың пластилинің иілімділік мүмкіндігі аз. Ол алдын ала қыздыруды қажет етеді, сонымен бір мезгілде қатты қыздырылған ол өзінің созылымдылығын жоғалтады, қолға жабысып, жағымсыз тері сезу түйсіктерін туғызады. Мектепке дейінгі балалар пластилинмен негізінен топ сабақтарынан тыс кезде жұмыс істейді.
Аппликация. Аппликация сабақтарында балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэтте кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэтте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.
Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңестікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, бұрышта, ортада және т. б. ) мен көлемі (үлкен кіші) туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар сәндік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік- бөлігі бойынша бейнеленген кезде оңай ұғып алады.
Сабақтардың барсында мекетепке дейінгі балалардың бойнда түсті ритімді симметрияның сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстермен реңтегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуге тәрбиелейді. Рейтім мен симметрияның ұғымен балалар сәби жастың өзінде-ақ сәндік ою-өрнек, элементтерін жасау кезінде танысады.
Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға (мұның өзі бұл жерде өте маңызды) үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композитция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар (алдымен ірі формалар, одан кейін детальдар жабыстырылады, сюжетті жұмыстарда - алдымен фон негізгі түс, содан соң бірінің үстіне бірі түскен екінші қатардағы заттар және ең соңында бірінші қатардағы заттар жабыстырылады. )
Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қыймылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып, формаларды дұрыс қыйып алуға формаларды қағаз бетіне бір - біріне бірдей қашықтықта орналастырға үйренеді.
Констукциялау. Констукциялау алуан түрлі материялдардан констукциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне констукциялау прцесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындарда пайдаланылады.
Балабақшада констукциялаудың мынадай түрлері қолданылады: құрылыс материалдарынан констукциялау жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан констукциялау .
Констукциялау процесін мектеп жасына дейінгі балалар білімге, дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрылыс материялдарыннан констукциялай отырып, олар геометиялық ауқымды формаларымен танысады, семметрияның, тепе- теңдіктіп, пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан констукциялау кезінде балалардың геометиялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, бұрыштар нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту (осының нәтижесінде жаңа ауқымды форма жасау) тәсілдерімен танысады.
Табиғи және басқа мат ериалмен жұмыс істеу балаларға өздерінің творчесволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді. Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдаланылады, балалар оларды қажетті кескінді алады. Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың конструкциялық ойы мен творчествалық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты (ойша немесе қолда бар үлгі негізінде), оның бөліктерінің формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формаларымен ойша салыстыру, оның жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы (жекелеген бөліктерін біріктіру, детальдар қосу, егер қажет болса бояу қолдану ) керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.
Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлерінің өзара байланысы . Бейнелеу іс-әрекетінің жоғарыда қарастырлып кеткен түрлі өзара тығыз байланыста. Бұл байланыс ең алдымен жұмыстарды мазмұны арқылы жүзеге асады. Кейбір тақырыптар - үйлердің, транспорттың, хайуанаттардың және т. б. бейнесі барлық түрлері үшін ортақ болып табылады. Мысалы, егер мектеп жасына дейінгі ересек және мектепке даярлық топтарының балалар мүсіндеу немесе аппликация жасау кезінде қоянды бейнелесе, онда осы сабақтардан оның формасы, көлемі, бөліктерінің ара қатынасы туралы алған білімдерін олар арнайы оқу сабағынсыз-ақ сюжетті сурет салғанда пайдалана алады. Оның өзінде мектеп жасына дейінгі балалар бұл жұмысқа қажетті бейнелеу және техникалық тәсілдерін- дөңгелек формаларды салып, заттарды парақ бетіне орналастыра білу тәсілдерін меңгере алған- алмағанын ескеру маңызды.
Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлі арасындағы байланыс түрлі материалдармен жұмыс істегенде форма түзуші қимылдарды дәйекті түрде меңгеру жолмен жүзеге асырлады. Мысалы, дөңгелек формамен танысуды ауқымды берілетін мүсіндеуден бастаған жақсы. Аппликацияда бала шеңбердің жазықтық формасымен танысады. Сурет салғанда сызықтық котур жасалады.
Сонымен, жұмысты жоспарлаған кезде тәрбиеші қандай материалды пайдалану балаларда бейнелеу дағдыларын шапшаң әрі оңай меңгеруне мүмкіндік беретін мұхият ойластырып алуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетінің бір түрі бойынша өткен сабақтарында алған білімдерін жұмыстың басқа түрлері мен және басқа материалдарымен өткізілетін басқа сабақтарда ойдағыдай пайдалана алады.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы
Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар, оқу тапсырмаларын орындаудан басқа, балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Сурет салуға, мүсіндеуге, аппликацияға конструкиялауға үйрету мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беруге жәрдемдеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы. Бейнелеу іс-әрекеті қоршаған өмірді танып білумен тығыз байланысты. Мұның өзі алдымен материалдардың (қағаз, қарандаш, бояулар, саз балшық және т. б. ) қасиеттерімен тікелей танысудан, әрекетің алынған нәтижемен байланысын танып білуден басталады. Онан әрі қарай бала айналадағы заттар туралы, материалдармен жабдықтар туралы білім алуын жалғастыра береді, алайда оның материалға деген ынтасы өз ойын, айналадағы дүниеден алған әсерін бейнелеу формасында беруге ұмтылумен сабақтасып жатады.
Ақыл-ойды дамыту үшін сурет салудың маңызы туралы: «сурет салуды үйреніп, әдеттенген адам әр бір жаңа затқа ерекше көзбен қарайды. Ол барлық жағынан шамалап байқап, сондай заттың суретін салады, және оның басында соның өзінде ақ образ болады. Ал бұл заттың мәнінің өзіне ол терең енеді деген сөз», - деген пікірді алдыға тартуға болды.
Затты дұрыс бейнелеу үшін ол туралы айқын түсініп болуы, яғни заттың сипаты белгілердің олардың бір-біріменара қатынасын, формасын, түсін көре білу керек. Мектепке дейінгі сәби жастағы бала өз суреттерінде бар болған (кейде онша елеулі емес) неғұрлым ашық бірнеше белгілерін бөліп алады. Мысалы, адамның суретін сала отырып балалар кейде көзде көзілдірікті жоқ көйлектің түймесін салып, оларды негізгі детальдар деп есептейді, мақсатты үйрету нәтижесінде балалар бейнеленіп отырған нәрсенің басты, елеулі белгілерін бөліп алады.
Бейнелеу іс-әрекеті процесінде балалардың айналадағы заттар туралы көзбен көріп ұғынуы нақтыланып терендей түседі бала суреті кейде баланың зат туралы ұғымы дұрыс емес екенін дәлелдейді, бірақ суретке, мүсінге қарап бала ұғымының дұрыс бұрыстығын кесіп айту әр дайым мүмкін бола бермейді. Баланың ойы оның бейнелеу мүмкіндігінен ауқымды да бай өйткені ұғымдардың дамуы бейнелеу іскерліктерімен дағдылардың дамуынан басым болады оның үстінен, кейде мектеп жасына дейінгі балалар обьектіге өзінің эмоцилық қатынасын беруге ұмытыла отырып, бейненің көлемі мен түсін саналы түрде бұзады. Мәселен, бала әскерлердің алдында кетіп бара жатқан командирдің маңызын көрсету үшін оның көлемін үлкейтеді жақсы көретін затарын ашық түске бояйды және т. б.
Бала бір обьектінің суретін салған кезде ие болған іскерлігін біртектес обьектілер қатарын бейнелегенде өз бетімен пайдалана алу үшін, ол ұғымдарды жалпылап, реттей білуге тиіс. Қазіргі кезде іс-әрекеттің алуан түрлерімен байланысты баланың ойлау қабілеттін дамытудың ерекшіліктері туралы мәселе айтарлықтай терең зертелген. Мектепке дейінгі жаста, практикалық жұмыс процесімен тікелей байланысты ойлаудың көрнекі-әрекетті формаларынан басқа, ойлаудың неғұрлым жоғары дәрежеде даму ретінде көрнекі-образды ойлау да негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.
Көрнекі-обьразды ойлау қабілеті дамыту үйрету процесі кезінде жүреді. Белгілі педагог Н. П. Сакулинаның зерттеулері мынаны көрсетті: бейнелеу тәсілдерін ойдағыдай меңгеру және әсерлі образды жасау кейбір заттар туралы айқын ұғымдарды ғана емес, сонымен бірге заттың сыртқы түрінің, оның заттар немесе құбылыстар қатарындағы қызыметімен байланысын белгілеуді де талап етеді. Сондықтан балалар сурет салуды бастар алдында өздерінде қалыптасқан түсініктердің негізінде ақыл-ой міндеттерін шешеді, содан кейін осы міндетті жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді. Мектепке дейінді ересек жастағы ересек бала өзі сезім жолымен қабылдамаған нақты және фантастикалық образдар жасауға қабілетті болады. Балалар суреттеріндегі образды бастама тиісті тәрбие жұмысы жүргізілген кезде мектепке дейінгі кішкентай жастың өзінде-ақ пайда болатын бұл саладағы соңғы зерттеулер көрсетіп отыр. В. А. Езикееваның зерттеулері 5-7 жастағы балалардың жасағант образы олардың тәжірибе жинақтауы мен творчество процесінде ақыл-ой белсенділігін арттырумен қалай өзгеретінін көрсетіп берді.
Адамгершілік тәрбие үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы. Бейнелеу іс-әрекеті адамгершілік тәрбие міндеттерін шешумен тығыз байланысты. Бұл байланыс қоршаған болмысқа белгілі тбір қатынасты нығайтатын балалар жұмыстарының мазмұны және балалардың бойында байқампаздықты, табандылықты, белсенділікті, инициативаны, тапсырманы тыңдап, орындай білуге, бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Айналадағы өмір балаларға көп әсер етеді де, олардың суреттерінде, аппликациялардв және т. б бейнеленеді. Сурет салу процесінде бейнеленіп отырған құбылысқа деген қатынас беки түседі, өйткені бала бұл құбылысты қабылдағанда өткерген сезімді тағы да бастап кетеді. Сондықтан баланың жеке басының қалыптасуына жұмыс мазмұны үлкен ықпал жасайды. «балаға өнер арқылы өз ойлары мен сезімін тереңірек аңғаруға, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуге көмектесу керек; балаға бұл өзін-өзі танып білуді, басқаларды танып білу құралы, коллективпен неғұрлым тығыз жақындасу құралы, коллектив арқылы басқалармен бірге өсу және мүлдем жаңа, терең де елеулі толқыныстарға толы өмірге бірлесіп бару құралы етуге көмектесу керек» деп жазған Н. К. Крупскаяның пікірі маңызды орынға ие. Этикалық және эстетикалық толғаныстар үшін табиғат бай материал береді: түстердің қызылды жасылды үйлесімі, формалардың әр- түрлілігі, көптеген құбылыстардың ғажайып сұлулығы(нөсер, теңіз толқынының шарпыны, бұрқасын және т. б)
Бейнелеу әрекеті адамдардың еңбегі мен олардың тұрмыс тіршілігі туралы балалардың ұғымын нығайтуға көмектеседі. Мысалы, қаламен тьаныса отырып, балалар кешені, ондағы сап түзеген үйлерді жол бойымен түрлі бағытқа тәртіппен жүріп жатқан машиналарды, тротуармен жүрген адамдарды салады. Сюжетті суреттерде балалар жаңа құрылыстардан алған әсерлерін көрсетіп, түрлі еңбек процестерін бейнелейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың аппликация құралдарын көкеністерден, жемістерден, гүлдерден жасалған декоративтік ою-өрнектер құрайды. Педагог осы тақырыптар бойынша өткен сабақтарда бейнеленіп отырған обьектілердің конструкциясы, формасы олардың түсі жөнінде ғана емес, сонымен бірге адамның жаңа үйлер салуға, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және т. б. жұмсауына тура келетін үлкен еңбегі туралы да әңгімелеп береді. Мұның бәрі адамның еңбек қызметі туралы бала ұғымын анағұрлым кеңейтіп, мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Сурет салу, мүсіндеу конструкциялау процесінде творчестволық, қызметінің негізгі компоненттері болып табылатын белсенділік, дербестік, инициатива сияқты жеке бастың маңызды сапалары қалыптасады. Бола бақылауда, жұмысты орындауда белсенді болуға, мазмұнды ойластыруда, материалды іріктеуде, алуан түрлі көркемдік әсерлік құралдарын пайдалануда дербестік пен инициатива көрсетуге үйренеді. Жұмыста мақсаттылыққа, оны ақырына дейін жеткізе білуге тәрбиелеудің маңыздылығы бұдан кем емес. Бұл моралдық сапаларды қалыптастыруға тәрбиеші сабақ үстінде пайдаланылатын барлық методикалық тәсілдерді бағыттауға тиіс.
Бейнелеу іс-әрекеті процесінде мектеп жасына дейінгі балаларда жолдастық, өзара көмек сезімі тәрбиеленеді. Сурет салу кезінде, балалар көбіне бір - бірінен ақыл - кеңес сұрап отырады. Сабақтың соңында балалардың жұмыстарына коллективтік талдау жүргізіледі, бұл өз суреттері мен жолдастарының суреттерін обьективті бағалай білудің қалыптасуына жәрдемдеседі.
Кейбір жағдайларда мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысы коллективтік орындалатын тапсырма ретінде ұйымдастырылады, осының барысында олар тату - тәтті жұмыс істей білуде, бір - біріне көмек беруге тәрбеленеді.
Эстетикалық тәрбие үшін бейнелеу іс- әрекетінің маңызы. Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде бейнелеу іс- әрекетінің маңызы үлкен, өйткені өщінің сипаты жағынан ол көркемдік іс- әрекет болып табылады.
Балалардын бойында айналадағыларына эстетикалық қатынасты, әсемдікті көріп, сезіне білуді, көркемдік талғаммен творчествалық қабілетін дамытудың тәрбиелеу маңызды. 2-3 жастағы баланың қоршаған болмысқа қатынасы туатын сезімдердің жеткілікті дәрежеде жіктеуімен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланы ашық түсті, дыбыс шығаратын, қозғалмалы нәрселерге еліктейді. Бұл еліктеуде танымдық қызығуда, обьектіге эстетикалық қатынас та үйлесіп жатады; бұлар қабылдаған құбылыстарға баға берген пікірлерден де сондай- ақ балалардың іс-әрекетінен де көрінеді. Көбінесе мектеп жасына дейінгі кішкентай балалар өзі үшін тартымды, жақсы көретіндерінің бәріне олардың эстетикалық құндылығын ескермей, жағымды баға береді. Мысалы, ескі ойыншықты бала өте әдемі деп есептейді, өйткені ол ойын кезінде жиі пайдаланылады. Сондай-ақ ашық түске боялған, серпінді, үстіңгі беті жылтыр немесе үлпілдек ойыншықтарға балалар жоғары баға береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz