Қазақстандағы ана мен бала денсаулығының жай-күйі және оны қорғау бағдарламасы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ана мен бала денсаулығын қорғаудың қазiргi жай-күйiн талдау

Қазақстан Республикасында соңғы жылдардағы әлеуметтiк-экономикалық жаңарулар кезеңiнде бала туудың (1995 жылдан бастап бала туу 9%-ға қысқарды), халықтың табиғи өсiмiнiң төмендеуi байқалуда. Әйелдер мен балалар денсаулығының индексi төмендеуде. Ана мен бала өлiмiнiң көрсеткiштерi жоғары деңгейде қалып отыр. Нәресте шетiнеуiнiң ішiнде өлi туу, туғаннан кейiнгi алғашқы тәулiктерде және нәрестелiк кезеңде шетiнеу өсiп отыр. Төмен дене салмағымен, дамудың туа бiткен кемiстiктерiмен туған балалардың пайызы жоғары күйiнде қалуда. Мұның бәрi ана мен нәрестенiң үйлескен патологиясының өсуiн сипаттайды. Республикада бала туу жасындағы әйелдер денсаулығының индексi төмен күйiнде қалуда және бар-жоғы 20%-ды құрайды, Семей полигоны мен Арал өңiрiндегi аймақтарда 10%-ға дейiн жетедi. Әйелдер ауруларының арасында әлеуметтiк маңызды аурулардың үлес салмағы өсiп отыр. Аборттар проблемасы шешiлуi қиын болып қалуда. Балалардың арасындағы сырқаттану өсiп отыр. Жыл сайын 2 миллионға жуық бала тыныс алу органдарының күштi ауруларымен, 600 мың бала - бiр жастағы балалардың қайтыс болуының негiзгi себептерiнiң бiрi болып табылатын күштi ішек инфекцияларымен ауырады. Соңғы жылдары балалар әлеуметтiк маңызды ауруларға көп ұшырайтын болды. Республикада, әсiресе, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтардағы балалардың арасында тамақтану мен зат алмасудың бұзылуларымен, тұқым қуалаушылық факторларымен, оның ішiнде туа бiткен аномалиялармен байланысты аурулармен сырқаттану оқиғалары жиi кездесетiн болды. Селолық жерлерде ерте жастағы балалардың 80%-ы қан аздығынан, психофизикалық дамуда кейiн қалушылықтан, мешелден зардап шегедi. Бозбалалардың көпшiлiгi денсаулығындағы әр түрлi ауытқушылықтардың болуына байланысты өзiнiң конституциялық әскери борышын өтей алмайды. Соңғы уақытта республикадағы балалардың ауруларында созылмалы өту үрдiсi бар. Осылайша, ауруларының созылмалы нысандарға өту мектепке дейiнгi балалардың жиырма пайызында және мектеп жасындағылардың елу пайызында байқалады. Көру, сөйлеу, есту және мүсiн бұзылулары бар балалардың саны өсуде. Жыл сайын 800 мыңға дейiн бала диспансерлiк есепте тұрады, және олардың бар-жоғы 5-6%-ы ғана сауықтыру бейiнiндегi ұйымдарда ем алады. Жыл сайын, бүгiнгi күнi саны 50 мыңға жуық жеткен, мүгедек балалардың саны өсуде. Оларды оңалту мен белсендi өмiр сүруге тарту ерекше назар аударуды талап етедi. Жабдықтарды сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге арналған мақсатты қаржыландырудың қиындығынан аналар мен балаларды қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қанағаттанғысыз жағдайда болып отыр. Бұл балалармен және бала туу жасындағы әйелдермен профилактикалық жұмыс істеу тетiктерiнде, емдеу-диагностикалық көмектiң сапасында көрiнiс табады. Көптеген облыстарда санитарлық авиацияның, жедел медициналық көмектiң мамандандырылған бригадаларының қызметтерi тоқтаған. Балалар мен бала туу жасындағы әйелдерге көрсетілетін санаторлық және оңалту көмектерi дағдарыстық жағдайда қалып отыр. Бұрын жұмыс iстеген соматикалық бейiндегi 45 балалар санаторийiнiң қазiргi уақытта 12-сi ғана жұмыс істейдi. Денсаулық сақтау мен бiлiм беру органдарының арасындағы қызметтi ведомствоаралық үйлестiрудiң бұзылуы салдарынан ұйымдастырылған балалықты медициналық қамтамасыз ету нашарлады. Санаторлық-оңалту ұйымдарында жұмыс істейтiн мектептер материалдық-техникалық жарақтануға, мектептiк және әдiстемелiк құралдармен жабдықталуға қатысты қанағаттанғысыз жағдайда болып отыр. Тастанды балалар санының өсуi балалар үйлерi желiсiнiң дамуын басып озуда, соның салдарынан балалар стационарларда жатып қалады, бұл аурухана ішiнде инфекцияларды жұқтыруына және психофизикалық дамуында кешеуiлдеуiне ықпал етедi. Айтылғандарды ескере отырып, қазiргi уақытта балалар мен аналардың денсаулығын сақтауға арналған құқықтарын қорғау және болашақ ұлттың денсаулығын жақсарту үшiн "Ана мен бала денсаулығын қорғау" бағдарламасын әзiрлеу қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.

Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның мақсаты ана мен баланың өмiрiн, денсаулығын сақтауды және жақсартуды қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау; әйелдер мен балалардың арасындағы аурудың алдын алу және оны азайту; сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жүйесiн жақсарту; әйелдер мен балаларды оңалту және санаторлық сауықтыру; балалар және бала тууға көмекшi ұйымдардың жарақтандырылуын, материалдық-техникалық базасын жақсарту болып табылады.

Негiзгi мiндеттерге:

1) нарықтық қатынастар жағдайында ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы проблемаларды шешу жөнiндегi шаралар мен тетiктердi әзiрлеу; 2) балалар және бала тууға көмекшi ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен және құралдармен жарақтандыруды жақсарту; 3) диагностика мен емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiне дипломға дейiн және кейiн жүйелi даярлау жолымен медициналық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеру жатады.

Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiгi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі: ұйымдастыру, реформалар және халық денсаулығының жай-күйі
Денсаулық - басты байлық: Қазақстандағы халық денсаулығының жай-күйі және алдын алу шаралары
Қазақстандағы туризмнің жай-күйі және оны дамытудың мәселелері
Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйі, өлшемдері және оны төмендету стратегиялары
Қазақстандағы отбасылардың қазіргі жай-күйі мен әлеуметтік проблемалары
Қазақстанның 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы: қазіргі жай-күйі мен негізгі экологиялық қауіптерге талдау
Қазақстанның қоршаған ортасының қазіргі жай-күйі және оны қорғау жүйелерін талдау (2004-2015 жылдарға арналған бағдарлама аясында)
Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі: кедейлікті төмендету, атаулы көмектер және ана-бала мен мүгедектерді қорғау
Облыстық сексеуіл ормандары: жай-күйі, қауіптері және қорғау шаралары
Қазақстандағы қаржы нарығының құрылымы, жай-күйі және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz