«Жетім балалар туралы» арнайы заң керек



1 «Жетім балалар туралы» арнайы заң
2 Жетім балаларды есепке алуды ұйымдастыру
3 Ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазақстанда «Жетім балалар туралы» арнайы заң керек. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Розақұл Халмұрадов осылай мәлім етті.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 46 мыңнан астам бала түрлі себептермен ата-ананың қамқорлығынсыз қалып отыр. Бұдан бөлек, соңғы он жылдан бері шетелдіктерге 6 мыңнан астам жетім бала асырап алуға берілсе, оның 5 мың 308-і АҚШ азаматтарының үлесіне тиіпті.
«Өкінішке қарай қоғамда қатігез, қаныпезер ата-ана-сымақтар көбеюде. Әйтпесе ең қымбаттысы, көзінің қарасы, өмірінің жалғасы, бауыр еті баласын перзентханаға немесе қоқыс жәшігіне тірідей қалдыруға қалай жүрегі даулайды?! Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды. Сонда кім болғанымыз?! Тарихта талай тауқыметті өткерген біздің халқымыздың басында мұндай сұмдық бұрын-соңды болып көрмеген. Бүгінгі таңда тастанды сәбилер, шет елдерге сатылған балалар санының күннен-күнге арта түсуі, қыздарымыздың жеңіл жолға салынуы, «көкек әкелердің» көбеюі барлығымызды да толғандыратын өзекті мәселеге айналып отыр. Болашақ ұрпақты осынау қасіретті індеттен қалай сақтап қаламыз?», - деген депутат Үкімет тарапынан арнайы шаралар қабылдануы тиістігін атап өтті.
«Атқарушы билік қамқорлыққа зәру балалар мен шетелдіктер асырап алған сәбилердің жағдайын реттейтін, жетім балаларды тұрғын үймен, жұмыс орнымен қамтамасыз етуді қарастыратын «Жетім балалар туралы» заң жобасын дайындаса игі», - деді ол.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жетім балалар туралы арнайы заң керек - Р. Халмұрадов
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат Қанат Мәметқазыұлы -Қазақстанда Жетім
балалар туралы арнайы заң керек. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы
отырысында  Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Розақұл
Халмұрадов осылай мәлім етті.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 46 мыңнан астам бала түрлі
себептермен ата-ананың қамқорлығынсыз қалып отыр. Бұдан бөлек, соңғы он
жылдан бері шетелдіктерге 6 мыңнан астам жетім бала асырап алуға берілсе,
оның 5 мың 308-і АҚШ азаматтарының үлесіне тиіпті.
Өкінішке қарай қоғамда қатігез, қаныпезер ата-ана-сымақтар көбеюде.
Әйтпесе ең қымбаттысы, көзінің қарасы, өмірінің жалғасы, бауыр еті баласын
перзентханаға немесе қоқыс жәшігіне тірідей қалдыруға қалай жүрегі
даулайды?! Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды. Сонда кім
болғанымыз?! Тарихта талай тауқыметті өткерген біздің халқымыздың басында
мұндай сұмдық бұрын-соңды болып көрмеген. Бүгінгі таңда тастанды сәбилер,
шет елдерге сатылған балалар санының күннен-күнге арта түсуі, қыздарымыздың
жеңіл жолға салынуы, көкек әкелердің көбеюі барлығымызды да толғандыратын
өзекті мәселеге айналып отыр. Болашақ ұрпақты осынау қасіретті індеттен
қалай сақтап қаламыз?, - деген депутат  Үкімет тарапынан арнайы шаралар
қабылдануы тиістігін атап өтті.
Атқарушы билік қамқорлыққа зәру балалар мен шетелдіктер асырап алған
сәбилердің жағдайын реттейтін, жетім балаларды тұрғын үймен, жұмыс орнымен
қамтамасыз етуді қарастыратын Жетім балалар туралы заң жобасын дайындаса
игі, - деді ол.
Автор: Қанат Мәметқазыұлы

ЖОБА

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы

қаулысымен

бекітілген

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға
жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол
жеткізу қағидаларын бекіту туралы

1. Осы Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидалары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы Қазақстан Республикасының 26 желтоқсандағы Кодексінің
117-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және оларды отбасына
тәрбиелеуге беру мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алынуға жататын балаларды (бұдан әрі – жетім балалар мен
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін белгілейді.
2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
толық және жан-жақты есепке алу үшiн бастапқы, өңірлік және
орталықтандырылған есепке алу жүргiзiледi.
3. Ата-аналардың қайтыс болуына, ата-аналық құқықтарының айрылуына,
ата-аналық құқықтарының шектелуiне, әрекетке қабiлетсiз деп тануға, ата-
аналардың сырқаттануына, ата-аналардың ұзақ мерзiмді болмауына, ата-
аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн
қорғаудан жалтаруына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының
өзге жағдайларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар туралы мәлiметтерге ие жеке және заңды тұлғалар балалардың іс
жүзіндегі тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органдарды олар туралы тез арада хабарлауға
міндетті.
4. Медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары нәресте қалдырылған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мекеменің орналасқан жері бойынша
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды бұл туралы
хабардар етуге міндетті.

2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға
жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол
жеткізу тәртібі

5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
бастапқы есепке алуды және оларды отбасына тәрбиелеуге (қорғаншылық немесе
қамқоршылық, патронаттықтәрбие, бала асырап алу) беру немесе барлық
үлгідегі ұйымдарға (білім беру, емдеу және басқа да) орналастыру үшін
қажетті құжаттарды дайындауды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың,
астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органы жүзеге асырады.
6. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
анықтаған кезде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы
бұл балаларды бастапқы есепке қояды және олар туралы мәліметтерді жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу
журналында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тіркейді.
7. Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
бастапқы есепке қойылған күннен бастап бір ай өткен соң іс жүзіндегі
орналасқан жері бойынша отбасына тәрбиелеуге орналастырылмаса, ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы оларға сауалнамаларды осы
Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес толтырады және жеті жұмыс күндік мерзімде
өңірлік есепке қою және баланы кейін Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына
тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін облыстың білім беруді басқару
органына тапсырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
сауалнамаларына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның маманы қол қояды.
Сауалнамалардың көшiрмелерi және жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын құжаттар ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органда, сондай-ақ жетім балалар мен
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелетін
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке
істерінде сақталады.
8. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
өңірлік есепке қоюды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы
жүзеге асырады.
9. Ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айрылған балалар туралы
мәліметтер ата-аналық құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңдық күшіне
енген күннен бастап алты ай мерзім өткен соң өңірлік есепке қою үшін
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына тапсырылады.
10. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
өңірлік есепке қою күні ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органында белгiленген тәртіпте ресімделген жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамасының тіркелген күні болып саналады.
11. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы мәліметтер түскен
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-
қосымшаға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды өңірлік есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізу арқылы
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік
есепке қояды.
12. Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
өңірлік есепке қойылған күннен бастап екі ай ішінде отбасына тәрбиелеуге
(қорғаншылық (қамқоршылық), патронат, бала асырап алу) орналастырылмаса,
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жеті жұмыс күндік
мерзімде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
сауалнамаларын және құжаттарын Қазақстан Республикасының балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган)
орталықтандырылған есепке қою үшін жолдайды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін уәкілетті
орган бекітеді.
13. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орталықтандырылған есепке қою күні жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамаларының уәкілетті органда оған
қатысты құжаттарды қоса отырып тіркелуі болып саналады.
14. Уәкілетті орган жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды орталықтандырылған есепке олар туралы тиісті мәліметтерді
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық базаға енгізу арқылы қояды.
15. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
орталықтандырылған есепке алынуын қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын
міндетті талаптар:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы
мәлiметтерді жинау;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы
мәліметтерді тек қана жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың мүдделерi үшін пайдалану;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы
ақпараттың толықтығы және шынайылығы;
4) ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшiрмеден
және бұрмалаудан қорғау болып табылады.
16. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесі өзгерген (ата-
аналардың ата-аналық құқықтарынан айрылуы, ата-аналардың хабарсыз кетті деп
танылуы және т.б.), оларды жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған бір ұйымнан басқасына ауыстырған, кәсіптік оқу
орындарына білім алуға түскен кезде жеті жұмыс күндік мерзімде жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
орталықтандырылған есебіне тиісті өзгерістерді енгізу үшін уәкілетті
органға ақпарат жолдайды.
17. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалар мен
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке
қойғаннан кейін уәкілетті органға:
1) үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың фотосуреттерін жылына бір рет, үш жастан он сегіз жасқа
дейінгілердің үш жылда бір рет;
2) отбасына орналасқан, кәмелет жасқа толған немесе кәмелет жасқа
толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікті алған, қайтыс болған кезде
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жолдайды.
18. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есептерді жүргізуді жүзеге
асыратын органдар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар туралы құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
19. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол
жеткізуді мұндай есептерді жүргізуді жүзеге асыратын органдар соттың және
прокуратура органдарының сұрауы кезінде ұсынады.
19. Бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есептерге қою үшін жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді
ұсыну тәртібінің және мерзімдерінің бұзылуына жол берілмейді.

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын
балаларды есепке алуды
ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына

1-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды бастапқы есепке алу журналы

№ Есепке қойылған күні Баланың Т.А.Ә. Туылған күні Оқу орны, егер
мектепке дейінгі болса, балабақшаның № көрсетілсін Есепке қойылған себебі
Мәліметтер кімнен түсті Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә., олардың
болмауын растайтын құжаттың себебі мен түрі, оның № және күні) Баланың
бұрын тұрған мекенжайы Бала қайда орналастырылды Баланы орналастыру
туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі (құжаттың № және күні, түрі)
Өңірлік есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні
Есептен шығарылған күні Есептен шығару себебі 1 2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14
Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын
балаларды есепке алуды
ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа
қол жеткізу қағидаларына

2-қосымша
Баланың сауалнамасы

Сауалнама толтырылған күн ___________________________________ ________
Бастапқы есепке қойылған күні және №
Баланың Т.А.Ә.___________________________________ ____________________
Туу туралы куәлiк нөмiрi______ сериясы ________ Берiлген күнi ____________
Туылған күні ___________________________________ _____________________
Ұлты ___________________________________ _________________________________
Баланың әлеуметтік мәртебесі, асты сызылсын (жетім, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған)
Өңірлік есепке қойылған күні және № ___________________________________
Әкімнің балалар мекемесіне орналастыру туралы шешімінің күні, № (әкімдіктің
атауы көрсетілсін) ___________________________________ _________________
Баланы орналастырудың хронологиясы __________________________________
(қашан, қайдан келді (отбасы, перзентхана, аурухана)
Қай мектепте, сыныпта және қалай оқыды (үздік, жақсы, орта - асты сызылсын)
___________________________________ _________________________________
Бос уақытта бала немен айналысқанды ұнатады (хоббиі, әуестенулері,
қабілеттері, қоғамдық өзіндік қызметке, спорттық сайыстарға, үйірмелерге
қатысуы)
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________
Бала денсаулығы (мекемеге түскен сәтінде, толық)
___________________________________ _________________________________
Ата-аналар туралы мәліметтер:
анасы (Т.А.Ә., туылған күні) ___________________________________ ________
Анасы туралы мәліметтер (жазылған, тұратын мекенжайы, кәсіп түрі, баласына
бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, таңба жасалсын. Болмау себептері:
қайтыс болуы, ата-аналық құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.с.с.)
әкесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
“Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы туралы”
«Қамқорлыққа зәру балалар мен шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын реттейтін заңдық базаны зерделеу
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу
Жетім балалар құқығы және журналистика
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер