Басқару ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар


Басқару ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне
қатысты құжаттар.
Б Ұ Й Р Ы Қ
Бұйрық - мекеме, ұйым, ведомстволардың алдында тұрған негізгі және шұғыл міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік басқару ұйымдарының (оның құрылымдық бөліктеріне), сол мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер мен оған қатысты ұйымдарға жазбаша түрде мекеме басшысының жеке басшылығымен берілетін құқықтық акт.
Бұйрықтың құрылымдық бөліктері: құжат аты, мекеменің толық аты, бұйрық беретін мекеме, кәсіпорын, не ұйымның толық атауы, берілген бұйрықтың реттік саны, қол қойылу мерзімі, қысқаша мазмұны мен мәселесі, мекеме, кәсіпорын мен ұйымның басшыларының қолы.
Бұйрыққа қол қою мерзімі- мекеменің атауынан кейін екі интервал тасталып, қағаздың сол жағынан жазылады. Содан соң 2-3 ашық орын қалдырып, беттің дәл ортасына реттік саны жазылады. Одан кейін 2-3 ашық орын қалдырылып бұйрықтың топтамаларға бөлінген мазмұны жазылады.
Бұйрықтың әрбір топтамасы белгілі бір тәртіппен басылады: беттің орта тұсына бұйрықтың белгісі мен саны көрсетіледі, ал үш интервалдан кейін бұйрықтың не үшін берілетіндігін көрсететін (тағайындау, ауыстыру, демалысқа шығу, алғыс жариялау) мәтіні беріледі. Бұл сөздер мәтіндік әріптермен арасы алшақ (сиректеліп) басылады.
Бұдан соң жаңа жолдан бұйрыққа енгізілген адамның аты-жөні, қызметі немесе жаңадан тағайындалатын мекеменің аты мен қызметі көрсетіліп жазылады.
Бұйрықтың жазылу құрылысы: Жұмыста ыңғайлы болу үшін бұйрық екі тұрде жазылады. Ол мекеменің негізгі қызметіне және жеке құрамына қатысты. Ірі мекемелердің негізгі қызметіне қатыстылары бланктің А4 форматында жазылады. Бұйрықтың төмендегідей реквизиттері болады. ҚР елтаңбасы, мекеме немесе кәсіпорын және оның ведомстволық бөліктері, қжат түрі (бұйрық берілген жері, күні, индексі, тексі, өз қолы, қол таңбасының таратылып жазылуы, келісім туралы белгі) .
Жарғы
Жарғы - құрылған ұйым. қоғам, ұйымдық бірлестіктің өз мүшелерінің міндеттерін белгілейтін құжат. Бұл құжатты сол ұйым, қоғам немесе ұжымдық бірлестіктердің мүшелері көпшілік дауыспен бірлескен жиналыста, конференция мен съезде қабылдайды. Жарғы бағдарламадағы мақсатқа сәйкес бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін.
Жарғының жасалуы үшін қажетті мәліметтер:
1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.
2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі.
3. Мәтіннің атауы.
4. Жарғының мәтіні.
5. Атқарушы органы басшысының қолы.
Жарғының үлгісі мынандай:
ЖАРҒЫ БЕКІТІЛДІ
- Құрылтайшылар
Басылым орны жиналысының хаттамашы
- №1
Мәтін
Бас директор Қолы Тегі, есімі, әкесінің аты
Үлгімен танысыңыз
(қысқартылып алынды)
"Бекітемін"
Қалалык денсаулық сақгау
басқармасының бастьіғы
АА. Маймақов
Шымкент каласы
ЖАРҒЫ
Шымкент қалалық дәрігерлік бірлестік Мекеменің Жарғысы
Жалпы ережелер
1. Шымкент қалалық дәрігерлік бірлестік бұдан әрі қарай коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, дәрігерлік және басқа да қызметтерді атқару үшін құрылған және өкімет қорынан қаржыландыратын мемлекеттік-комуналдық қазыналық мекеме болып табылады.
2. Қалалық бекітілген мүліктерге ие болу құқығы ҚР АК 202-208 баптарына сөйкес анықталады.
3. Қалалық дәрігерлік құқықтық ережелерін, ерекшеліктері заңдармен айқындалады.
4. Мекеменің атауы: Шымкент қалалық дәрігерлік бірлестік.
5. Құрылтайшысы: қалалық денсаулық сақтау бөлімі.
6. Орналасқан мекен жайы: Шымкент қаласы, Металлистер көшесі, нөмерсіз үй.
7. Қызмет мерзімі шектеусіз.
8. Шымкент қалалық дәрігерлік, қала тұрғындарына дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме болып табылады.
9. Шымкент қалалық дәрігерлік бірлестікте мынандай бөлімшелер бар.
ЗАҢ
Заң - Қазақстан республикасының Жоғарғы кеңесі қабылданған мемлекеттің құжаты. Онда көрсетілген зандардың орындалуын құқықтық әкімшілік органдары қадағалайды. Тәуелсіз мемлекеттердің ең негізгі заңы - конституция болып табылады, басқа да заңдар осыған негізделіп жасалады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
заңы (ықшамдалған мәтін)
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Осы заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар.
Осы занда мынандай негізгі ұғымдарды пайдаланады:
1) адьюнктура - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғыльши-педагог кадрлар даярлау нысаны;
2) академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін көсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндірістік ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары көсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орын;
3) аспирантура, докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педогог кадрлар даярлау нысаны;
4) білім беру ұйымдарын аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестік бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсі;
5) бакалавр, магистр - жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже мен біліктілік;
6) гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы, орта білім беретін оқу орны;
7) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мемлекеттік бюджет есебімен қаржыландыру; кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алу; конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы іске асыратын, тиісті мемлекеттік органдар белгілейтін білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары;
32) резидентура - жоғары оқу орнынан кейін тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
33) мамандық - білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті, мақсатқа сай қажетті, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған білім, шеберлік және дағдылар кешені;
34) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу үшін берілетін ақша сомасы;
35) студенттік кредит - білім алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге берілетін нысаналы кредит;
36) университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруға жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттелер жүргізілетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғарғы оқу орны.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары мемлекеттік саяхат принциптерін айқындайды, азаматтардың білім алуға конституциялық құқығының іске асырылуын қамтамасыз етеді, орталық және тұрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасында білім беру саласындағы құзыретті шектейді, білім беру процесі субъектілерінің арасындағы қатынасты реттейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, өкілеттігі мен жауапкершілігін белгілейді.
З-бап Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі біліміне қол жеткізу;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі.
Ереже
Құрылымдық бөлімшелер жарғыға бағына отырып, оның негізінде күнделікті жұмыстарын жүзеге асыратын арнайы құжат болады. Бұл құжат -құрылымдық бөлімшелер туралы ереже.
Ереже әрбір кұрылымдық бөлімше үшін жеке жасалынып құрастырылады, онда бөлімшенің міндеттері, қызметі, құқығы, жауапкершіліктері көрсетіледі.
• Ережеде көрсетілуге тиісті міндетті мәліметтер:
Жалпы ережелер.
Негізгі міндеттері мен құқықтары.
Өзара қарым-қатынас.
Жұмысты ұйымдастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz