Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет

І.тарау. Сайлау технологияларын әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 бет
1.1. Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12 бет
1.2. Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына саяси әлеуметтік жүйенің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21 бет

ІІ.тарау. Постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының трансформациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30 бет
2.1. ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуына қоршаған ортаның әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30 бет
2.2. Ресейдегі сайлау технологияларының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34 бет

ІІІ.тарау. Қазақстандағы саяси әлеуметтік жүйенің сайлау технологияларының дамуына әсері және сайлау технологияларының қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40 бет
3.1. Саяси әлеуметтік жүйенің мақсатын тұжырымдаудың алғашқы кезеңіндегі нормативті сайлау технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39 бет
3.2. Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау барысындағы нормативті сайлау технологияларының қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44 бет
3.3. Қазақстандағы сайлау кезіндегі коммуникациялық сайлау технологияларының қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50 бет
3.4. Қазақстандағы саяси әлеуметтік қызмет нарығының қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60 бет

Қосымша әлеуметтік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет

Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64 .бет
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысы, яғни сайлау технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына және сайлау технологияларына әсері қарастырылады. Сайлау институты, сайлау технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік көзқарасымызды білдіреміз.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік туып отыр. Оған дәлел, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр. Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз керек.
2005 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау кезінде қазақстандықтар көрсеткен ауызбірлік біздің қоғамның топтасқандығына күмән туғызбаса керек. Біздер, яғни, болашақ әлеуметтанушы мамандар мұның өзі еліміздің тұрақты дамуының қажетті шарты болып табылатынын айқын түсінеміз. Біз сайлауалды науқанның барысында тұңғыш рет қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген алаңдаушылығы, ал кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше құбылыспен де ұшырастық.
Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екендігін мойындауымыз керек. Бұл біздің өткен президенттік және парламент депутаттарын сайлау додасынан алған сабағымыз және Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысындағы көрсеткіштеріміз.
Өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары алып саяси жүйенің ыдырауымен адамзат тарихындағы орасан оқиғалар тізбегі басталды.
Постсоциалистік кеңістіктегі саяси жүйелердің трансформациясы мен тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы көптеген күрделі мәселелерді қоса тудырды. Жаңа саяси жүйелердің қалыптасуы халықаралық жағдайдың қолайлы кезеңінде жүзеге асқанымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне байланысты тоталитарлық жүйеден шыққан елдерде өздері жариялаған нысандарына оңайшылықпен қол жетпейтіндігі аңғарылды. Себебі демократияның үшінші толқыны деп аталатын процесс барысында авторитарлық-бюрократиялық жүйенің ыдырауының нәтижесінде пайда болған елдерде демократия нысандары қоғам дамуының негізгі мақсаттары ретінде қабылданғаны мәлім. Алайда қағаз жүзінде жарияланған демократияның негізгі қағидалары іс жүзінде жүзеге аспай, демократиялық институттардың іс-әрекетіне жағдай жасалмай отыр. Әсіресе сайлау институтының қоғамдағы рөліне тиісті дәрежеде назар аударылмай келеді. Міне осы жағдайлардың барлығы саяси жүйенің институтына, сайлау технологияларына әсері тәрізді мәселелердің терең зерттелуін, оларды дамыған елдердегі жағдайлармен салыстыруды және әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты жүзеге асуындағы ерекшеліктерін айқындап саралауды қажет етеді.
Сайлау институты қоғамның демократиялануының нақты көрсеткіштерінің бірі. Сайлау институның тиімді жұмыс істеуі саяси жүйені жетілдірудің кепілі екендігі сөзсіз. Өз кезегінде сайлау институты мен технологияларының қалыптасуы мен дамуы да саяси-әлеуметтік жүйе мен саяси-әлеуметтік режимге тәуелді болып келеді.
Сайлау институтына тән функциялардың барлығы белгілі бір технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге керісінше сайлау технологиялары сайлау интитутының функцияларын тежеуге де қызмет етеді.
Сайлау технологияларының дамуын анықтаудың ерекше мәні бар. Өйткені сайлау технологиялары қоғамдағы саяси рыноктың және әлеуметтік топтардың мақсат мүдделері жағдайының көрсеткіші болып табылады. Сайлау технологиялары сапалы элитаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың бірі. Себебі сайлау қарсаңында әшкерелеуші технологиялардың қолданылуы, таза емес адамдардың билікке ұмтылуына тосқауыл қояды және қоғамдық бақылаудың мұндай түрі өкілдік органдарда тұрақты, сапалы кадрлардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Саулау технологиялары қоғамның саяси-әлеуметтік мәдениетінің де көрсеткіші. Өтпелі қоғамдардағы сайлау институтының және сайлау технологияларының даму деңгейі элитаның саяси-әлеуметтік мәдениетінің деңгейіне тәуелді.
Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстандағы саяси әлеуметтану ғылымының қалыптасып келе жатқан жас ғылым екендігін ескерсек, онда сайлау институты, сайлау жүйесі, сайлау технологиялары мәселесі де зерттеу нысанасына кейінгі кездері айналып отыр. Күні кешеге дейін тек кеңестік сайлау институты мен сайлау жүйесі ең әділ, халықтың негізгі мүддесіне сай деген сарындағы көзқарастан арылып, тәуелсіз алғалы бері саяси-әлеуметтік жүйені, демократиялық процестерді, партиялардың қалыптасу мәселесін және де басқа мәселелерді зерттеп жүрген Қазақстанның белгілі ғалымдары Ә.Н.Нысанбаев, К.Н.Бурхановтың, Д.К.Кішібековтың, И.Н.Тасмағанбетовтың, Л.А.Байдельдиновтың, Б.Г.Аяғанның, Л.С.Ахметованың, М.Ж.Абдировтың, Н.Ж.Байтенованың, А.С. Балғымбаевтың, К.У.Биекеновтің, А.Х.Бижановтың, Ж.Х.Жүнісованың, Р.К.Қадыржановтың, Л.М.Иватованың, С.З.Нарматовтың, К.Л.Сыроежкиннің, А.В.Соловьевтің, М.Б.Мухамедовтың зерттеулерінде де бұл мәселелерге көңіл бөлінген болатын [1].
Сонымен бірге Қазақстандағы сайлау институтының және сайлау жүйесінің қалыптасуы, сайлаушылардың мінез-құлқы, сайлау кезіндегі баспасөз мәселелері, партиялардың сайлауға қатысу мәселелері Е.Ертісбаевтың, Ғ.Ж.Ибраеваның, М.Машанның, С.Т.Сейдумановтың, Л.Адилованың, Г.Ө.Насимованың, А.Сапиеваның, Т.Исмағанбетовтың, Е.Ж.Бабакумаровтың, С.Байбековтың, А.Болатбаеваның, С.Ю.Петренконың, С.Платоновтың А.И.Лаврентьевтің еңбектерінде зерттелді [2].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин А., Тулегулов А. «Эволюция политической системы Казахстана». В 2-х томах. – А.,2001; Аяган Б.Г. Агония и закат советского социализма: казахстанский полигон. – А.,1999. -120 стр.; Аяған Б.Г Государство Казахстан: эволюция общественных систем. – А.,1993. -149 стр.; Бурханов К. Эволюция социально-политической системы Казахстана в ХХ в. – А.,2006. - 44 стр.; Жунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократизации. А., Ақыл кітабы, 1996. -208 бет.; Кшибеков Д., Кшибеков Т. Переходной период. А.,1997. -262 стр.; Соловьев А.В., Соловьева И.А. Природа слухов и ее влияние на общественное мнение и политические процессы. // Евразейское сообщество: общество, политика, культура. 2000. №1. - 55-58 стр.; Абдиров М.Ж. История казачества Казахстна. А.,2004. -160 стр.; Байтенова Н.Ж. Основные направления межэтнической интеграции. // Саясат. 1998, №8; Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы. А.,1999. -166 стр.
2. Ертысбаев Е.К. Институционализация выборной демократии Казахстана в контексте политической модернизации (1998-2007г.г) А.,2008. -54 стр.; Сапиева А.О. Демократические выборы как политическая ценность переходного общества. А.,1997. 28 стр.; Исмаганбетов Т.Т. Особенности посттоталитарного развития электоральной системы Республики Казахстан. А.,1999 -30 стр; Насимова Г.О. Электоральное поведение граждан: зарубежный опыт и Казхстан. А., 2007. -30 стр.; Байбеков С. Выборы Президента Республики Казахстан. 1999 г. Теория, прогнозирования, анализы, выводы. А.,1999 г. -96 стр.; Болатбаева А. Формирование имиджа лидера в политических процессах Казахстана. А.,1999г. 133стр.; Петренко С.Ю. Средства массовой информации как инструмент политического маркетинга. (По материалам избирательных кампаний в Россий.) – А.,1999 г. -210 стр; Платонов С.В. Президентские выборы как дебют политического маркетинга. // Саясат, 1999 г. №1. -13-16 стр; Лаврентьев А.И. Становление профессианального парламента в политической системе Республики Казахстан. А.,1999г. 141стр.
3. Ковлер А.И. Изберательные технологии: российский и зарубежный опыт. М., РАН. 1995 г. -115 стр; Ковлер А.И. Основы политического маркетинга: технология организации изберательных кампаний. М., РАН. 1993 -46 стр. Устименко С.В. Выборы в органы политической власти. // Общая и прикладная политология. Учеб. Пособ. М.,1997. -254-273стр; Вещняков А.А. Основные направления совершенствования избирательного законодательства Российской Федерации. // Доклад на парламентских слушаниях 4-февраля 1997г. // Вестник. Центр. Изб. Ком. РФ. 1997 г. №1. -91-111 стр; Максимов А.А. «Чистые и грязные» технологии выборов. Российский опыт. М.,1999 г. 445стр.; Гельман В.Я., Елезаров В.П. «Учередительные выборы» в контексте российской трансформации. // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 г.г. М.,2000 -13-39стр; Кошелюк М. «Выборы. Магия игры. Технология победы». // ЭЛ. Вариант: www. Meteor. Ru; Гельман В.Я. Институциональный дизайн: создавая «правила игры». // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 г.г. М.,2000 г. -49 стр; Гельман В.Я. Изберательные кампании в Росии: испытание электоральной формулы. // Полис. 1996. №2.; Цуладзе А. Большая манипулятивная игра. М.,2000 г. -336 стр.; Голосов Г.В. Политические партии и электоральная политика в 1993-1995гг. // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 гг. М.,2000 -106-129 стр; Постников А. Е. Изберательное право в Росии. М., 2007 г. -264 стр; Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. Учеб пособ. М.,2005. -250 стр.; Лисовский С.Ф. Политическая реклама: функциональные и жанрово-стилистические особенности. – М.,2007 -30 стр.; Жабасов А.А. Политические технологии изберательных кампании: проблемы категориального осмысления. // Вестник МГУ, Серия 12, Политические науки, 2000. №2 -56-62 стр; Почепцов Г.Г Как становятся президентами: избирательные технологии ХХІ века. М., 2007 г. -380 стр.; Сабиров А.Б. Основные принципы избирательного права в развитых демократических сранах. Ташкент,2007. -28 стр.; Мошняга В.Г. Парламентские выборы и упрочение демократии в Молдове. // Молдова-98.
4. Ковлер А.И. Франция: партии и избератели. М. Наука, 1989; Даниленко В.Н. Избирательные системы и политические партии Франции. М. 1979 г.; Агеев Р. Технология избирательной борьбы в Германии. // Эл вариант: www. vybory. ru; Левин И.Б. О реформе избирательной системы Италии. // Полис. М.,1993. №3; Борисюк В.И. Избирательный процесс в США. Как политический институт:

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Философия және әлеуметтану кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ САЙЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
І-тарау. Сайлау технологияларын әлеуметтік талдаудың методологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12 бет
1.1. Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың
методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 бет
1.2. Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен
дамуына саяси әлеуметтік жүйенің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 бет
ІІ-тарау. Постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының
трансформациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..30 бет
2.1. ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуына қоршаған ортаның
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30 бет
2.2. Ресейдегі сайлау технологияларының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34 бет
ІІІ-тарау. Қазақстандағы саяси әлеуметтік жүйенің сайлау
технологияларының дамуына әсері және сайлау технологияларының
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40 бет
3.1. Саяси әлеуметтік жүйенің мақсатын тұжырымдаудың алғашқы
кезеңіндегі нормативті сайлау
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .
... ..39 бет
3.2. Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау барысындағы нормативті
сайлау технологияларының қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..44 бет
3.3. Қазақстандағы сайлау кезіндегі коммуникациялық сайлау
технологияларының
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .
... ... 50 бет
3.4. Қазақстандағы саяси әлеуметтік қызмет нарығының қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..54 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60 бет
Қосымша әлеуметтік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.. бет Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .64 .бет

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстандағы
саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысы, яғни сайлау
технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
зерттеледі. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына
және сайлау технологияларына әсері қарастырылады. Сайлау институты, сайлау
технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың
анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік
көзқарасымызды білдіреміз.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда
әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа
кезеңіне қадам басып отыр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне
іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік туып отыр. Оған
дәлел, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр.
Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық
реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократиялық
және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ
біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді
ескеруіміз керек.
2005 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау кезінде
қазақстандықтар көрсеткен ауызбірлік біздің қоғамның топтасқандығына күмән
туғызбаса керек. Біздер, яғни, болашақ әлеуметтанушы мамандар мұның өзі
еліміздің тұрақты дамуының қажетті шарты болып табылатынын айқын
түсінеміз. Біз сайлауалды науқанның барысында тұңғыш рет
қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген алаңдаушылығы, ал
кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше құбылыспен де
ұшырастық.
Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы,
еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа
ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып,
өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екендігін мойындауымыз
керек. Бұл біздің өткен президенттік және парламент депутаттарын сайлау
додасынан алған сабағымыз және Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын
әлеуметтік талдау барысындағы көрсеткіштеріміз.
Өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары алып саяси жүйенің ыдырауымен
адамзат тарихындағы орасан оқиғалар тізбегі басталды.
Постсоциалистік кеңістіктегі саяси жүйелердің трансформациясы мен
тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы көптеген күрделі мәселелерді қоса
тудырды. Жаңа саяси жүйелердің қалыптасуы халықаралық жағдайдың қолайлы
кезеңінде жүзеге асқанымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне
байланысты тоталитарлық жүйеден шыққан елдерде өздері жариялаған
нысандарына оңайшылықпен қол жетпейтіндігі аңғарылды. Себебі демократияның
үшінші толқыны деп аталатын процесс барысында авторитарлық-бюрократиялық
жүйенің ыдырауының нәтижесінде пайда болған елдерде демократия нысандары
қоғам дамуының негізгі мақсаттары ретінде қабылданғаны мәлім. Алайда қағаз
жүзінде жарияланған демократияның негізгі қағидалары іс жүзінде жүзеге
аспай, демократиялық институттардың іс-әрекетіне жағдай жасалмай отыр.
Әсіресе сайлау институтының қоғамдағы рөліне тиісті дәрежеде назар
аударылмай келеді. Міне осы жағдайлардың барлығы саяси жүйенің
институтына, сайлау технологияларына әсері тәрізді мәселелердің терең
зерттелуін, оларды дамыған елдердегі жағдайлармен салыстыруды және әрбір
елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты жүзеге асуындағы
ерекшеліктерін айқындап саралауды қажет етеді.
Сайлау институты қоғамның демократиялануының нақты
көрсеткіштерінің бірі. Сайлау институның тиімді жұмыс істеуі саяси жүйені
жетілдірудің кепілі екендігі сөзсіз. Өз кезегінде сайлау институты мен
технологияларының қалыптасуы мен дамуы да саяси-әлеуметтік жүйе мен саяси-
әлеуметтік режимге тәуелді болып келеді.
Сайлау институтына тән функциялардың барлығы белгілі бір
технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге керісінше сайлау
технологиялары сайлау интитутының функцияларын тежеуге де қызмет етеді.
Сайлау технологияларының дамуын анықтаудың ерекше мәні бар. Өйткені
сайлау технологиялары қоғамдағы саяси рыноктың және әлеуметтік топтардың
мақсат мүдделері жағдайының көрсеткіші болып табылады. Сайлау
технологиялары сапалы элитаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың
бірі. Себебі сайлау қарсаңында әшкерелеуші технологиялардың қолданылуы,
таза емес адамдардың билікке ұмтылуына тосқауыл қояды және қоғамдық
бақылаудың мұндай түрі өкілдік органдарда тұрақты, сапалы кадрлардың
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Саулау технологиялары қоғамның саяси-әлеуметтік мәдениетінің де
көрсеткіші. Өтпелі қоғамдардағы сайлау институтының және сайлау
технологияларының даму деңгейі элитаның саяси-әлеуметтік мәдениетінің
деңгейіне тәуелді.
Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстандағы саяси
әлеуметтану ғылымының қалыптасып келе жатқан жас ғылым екендігін
ескерсек, онда сайлау институты, сайлау жүйесі, сайлау технологиялары
мәселесі де зерттеу нысанасына кейінгі кездері айналып отыр. Күні кешеге
дейін тек кеңестік сайлау институты мен сайлау жүйесі ең әділ, халықтың
негізгі мүддесіне сай деген сарындағы көзқарастан арылып, тәуелсіз алғалы
бері саяси-әлеуметтік жүйені, демократиялық процестерді, партиялардың
қалыптасу мәселесін және де басқа мәселелерді зерттеп жүрген Қазақстанның
белгілі ғалымдары Ә.Н.Нысанбаев, К.Н.Бурхановтың, Д.К.Кішібековтың,
И.Н.Тасмағанбетовтың, Л.А.Байдельдиновтың, Б.Г.Аяғанның, Л.С.Ахметованың,
М.Ж.Абдировтың, Н.Ж.Байтенованың, А.С. Балғымбаевтың, К.У.Биекеновтің,
А.Х.Бижановтың, Ж.Х.Жүнісованың, Р.К.Қадыржановтың, Л.М.Иватованың,
С.З.Нарматовтың, К.Л.Сыроежкиннің, А.В.Соловьевтің, М.Б.Мухамедовтың
зерттеулерінде де бұл мәселелерге көңіл бөлінген болатын [1].
Сонымен бірге Қазақстандағы сайлау институтының және сайлау
жүйесінің қалыптасуы, сайлаушылардың мінез-құлқы, сайлау кезіндегі
баспасөз мәселелері, партиялардың сайлауға қатысу мәселелері
Е.Ертісбаевтың, Ғ.Ж.Ибраеваның, М.Машанның, С.Т.Сейдумановтың,
Л.Адилованың, Г.Ө.Насимованың, А.Сапиеваның, Т.Исмағанбетовтың,
Е.Ж.Бабакумаровтың, С.Байбековтың, А.Болатбаеваның, С.Ю.Петренконың,
С.Платоновтың А.И.Лаврентьевтің еңбектерінде зерттелді [2].
Сайлау Технологиялары туралы мәселені ту еткен Е.Ертісбаевтың
Генезис выборной демократии в современном Казахстане: проблемы и
перспективы 1990-2007 (А.,2007) деп аталатын еңбегінде көтерілген
болатын. Бірақ жоғарыда аталған зерттеулерде сайлау технологиялары
мәселелері арнайы зерттеу болмағандықтан және сайлау технологиялары ұғымын
тереңдету мақсатында осы диплом жұмысында салыстырмалы социологиялық
әдісті пайдалана отырып, сайлау технологияларының саяси жүйедегі рөлін жан-
жақты қарастыруға тырыстық.
Сонымен қатар, кешегі кеңестік жүйедегі бірге шыққан елдердегі
ғалымдардың еңбектері де жалпы өтпелі кезеңдегі сайлау институты мен
сайлау технологияларына байланысты күрделі мәселелерді танып-білуге
көмектеседі. Сайлау институты мен сайлау технологиялары мәселелері
ресейлік ғалымдар А.И.Ковлердің, Т.Васильеваның, Г.Голосовтың,
А.Салминнің, В.Я.Гельманның, А.А.Джабасовтың, Г.Г.Дилигинскийдің,
М.Кошелюктың, А.А.Вешняковтың, С.В.Устименконың, В.Н.Амелиннің,
М.Афанасьевтің, В.Васильев пен А.Постниковтың, С.Ф.Лисовскийдің және
сайлау технологтары А.А.Максимовтың, А.Цуладзенің, украин зерттеушісі
Г.ГПочепцовтың, Өзбек ғалымы А.Б.Сабировтың, молдаван зерттеушісі
В.Г.Мошняганың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [3].
Шет елдік сайлау жүйесі мен сайлау технологияларын зерттеп жүрген
Ресей ғалымдары А.И.Ковлер, В.Н.Даниленко кеңестік кезеңнің өзіне бұл
мәселеге үлкен көңіл бөлген болатын. Қазіргі кезде бұл мәселелер
Р.Агеевтің, В.И.Левиннің, С.П.Перегудовтың, А.Н.Балашованың әр тұстағы
еңбектерінде айтылып жүр [4].
Жалпы сайлау институты мен сайлау технологиялары демократиялық
дамыған елдерде жан-жақты жүйеленген Алексис де Токвилдің, М.Дюверженің,
Р.Даль, Дж.Сарторидің, Лейпхардт, Дж.Наполитанның, Р.Дарендорфтың,
Д.Нолен, М.Макфолдың, К.Шмитттердің, О.Донеллдің, А.Кинг. А.Надаистің,
Р.Нойштадт, П.Радунскидің, Ф.Гоулд, Р.Мерфи, Ж.Сегалдың тұжырымды
пікірлерінің методологиялық маңызы бар [5].
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кездегі сайлау
технологиялары, сайлау жүйесі, сайлау институтына байланысты әдебиеттерге
және дамыған демократиялық елдердегі тәжірбиеге, сондай-ақ, Қазақстан мен
ТМД елдерінде жүргізілген саяси реформаларға әлеуметтік талдау жасай келе,
сайлау технологиялары туралы тұтас бір тұжырымдама жасау мақсаты қойылды.
Қазақстандағы сайлау технологияларын зерттеу мәселесінің қаз тұрып келе
жатқандығын ескере отырып, тақырыпты жан-жақты қарастыру үшін дамыған
елдердегі сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік
талдау жасап, салыстыру қажеттігі туындады. Ол үшін мынадай міндеттер
жүзеге асырылды:
- сайлау институтының пайда болу себептерін анықтау;
- сайлау институтының негізгі функцияларын және оларды жүзеге асыру
технологияларының қалыптасуын ықпалдастыратын факторларды белгілеу;
- сайлау технологиялары ұғымының мәні мен мазмұнына арналған
анықтамаларға талдау жасау және жаңадан жүйелеу;
- саяси жүйелердің, саяси режимдердің сайлау технологияларына әсер ету
заңдылықтарын ашу;
- дамыған демократиялық елдердегі сайлау технологияларының
қалыптасуына, эволюциясына және қазіргі жай күйіне талдау жасау;
- постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының өзіндік
ерекшеліктерінің қалыптасуына саяси мәдениттің, әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың ықпал ету деңгейін айқындау;
- Қазақстандағы сайлау технологияларының трансформациясына әлеуметтік
талдау жасау және оның ерекшеліктеріне әсер еткен жағдайларды ашып
көрсету;
Диплом жұмысының жаңалығы. Бұл диплом жұмысындағы әлеуметтік
зерттеу Қазақстандағы сайлау технологияларын әлемдік тәжірибемен алғаш рет
салыстыра зерттеген жұмыстардың бірі. Диплом жұмысындағы кейбір теориялық
және тәжірбиелік материалдар ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізіліп отыр.
Осыған орай диплом жұмысының ғылыми жаңалығына төмендегілерді жатқызуға
болады :
- сайлау институтының қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар
социологиялық зерттеулер тұрысынан талданып, заңдылықтары айқындалды;
- саяси жүйенің сипатына қарай, сайлау институты функцияларын жүзеге
асыру мүмкінділіктері қаралды;
- социологиялық салыстырмалы әдісті пайдалана отырып, ежелгі дүниедегі
орта ғасырлардағы, жаңа дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі сайлау
институтының функцияларын жүзеге асыру және шектеу технологияларына талдау
жасалынады;
- сайлау технологияларының мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен мәні
және түрлері анықталады;
- саяси әлеуметтану ғылымында қолданылып жүрген электоралдық формула,
сайлау инженерингі, саяси технологиялар ұғымдарын талдай отырып, сайлау
технологияларымен сайлау жүйесі ұғымының мазмұны кеңейтілді;
- ТМД елдеріндегі саяси-әлеуметтік жүйенің трансформациясы барысында
қалыптасқан сайлау жүйелеріне және сайлау технологияларына талдау жасалып,
олардың өзіндік ерекшеліктері белгіленді;
- сайлау технологияларының екі түрінің – нормативті және
коммуникациялық –қандай саяси-әлеуметтік ортада басым болатындығы
анықталды;
- ТМД елдеріне ықпал етіп отырған Ресейдегі сайлау технологияларына
талдау жасалып, олардың негізгі түрлері нақтыланды;
- қазіргі Қазақстандағы сайлау технологиялары әлемдік тәжірибе
тұрғысынан салыстыра зерттелді;
- Қазақстандағы саяси жүйенің сипатын анықтаудың нәтижесінде сайлау
технологияларының қолданылу аясы анықталып, олардың түрлеріне талдау
жасалды;
- Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың
себептері анықталды;
- Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың жағдайы және саяси-әлеуметтік
қызмет орталықтарына сипаттама беріліп, олардың мүмкіндіктері
қарастырылды;
- Қазақстан жағдайына сайлау науқанын ұйымдастырушыларға сайлау
технологияларын пайдалануға байланысты ұсыныстар енгізілді.

Диплом жұмысын қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- сайлау институты қоғамдағы әлеуметтік жанжалдардың негізінде пайда
болды және оның қоғамды топтастырушы рөліне орай саяси-әлеуметтік институт
ретінде қалыптасты;
- сайлаудың жиі және заңды өткізілуі қоғамдағы жинақталған
әлеуметтік, саяси жанжалдарды бәсеңдетеді;
- сайлау институтының негізгі функцияларын жүзеге асыру саяси-
әлеуметтік жүйеде тұжырымдалған мақсаттарға байланысты. Мақсаттарды жүзеге
асыру барысында қабылданатын сайлау институтының міндеттерін анықтау,
сайлауды Ұйымдастыру туралы ережелер мен сайлау алдындағы қолданылатын
амал-айлалар мен іс-әрекеттердің жиынтығын сайлау технологиялары деп
атайды;
- билік жүргізуші элита сайлау институтының функцияларын шектеу арқылы
өз қарсыластарын жеңуге немесе тежеуге жағдай жасайтын нормаларды қабылдау
арқылы сайлау процесіне әсер етуін нормативті сайлау технологиясы дейміз;
- сайлау технологияларының нормативтік түрі жалпыға ортақ сайлау
құқығы күшіне енгізілгенге дейін негізгі сайлау технологиясы болды;
- қазіргі кезеңдегі қоғаммен байланыс тәсілдеріне сүйенген, ғылыми
негізделген сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға тікелей әсер ету арқылы
жеңіске жету үшін қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттер жиынтығын
коммуникациялық сайлау технологиялары дейміз;
- сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау туралы
тұжырымдаманы белгілі бір нормалар мен тәжірибе арқылы жүзеге асырылуын
қамтитын іс-әрекеттер жүйесі немесе нормативті және коммуникациялық
технологиялардың жиынтығы деп есептелінді;
- қазіргі дамыған кездегі дамыған елдер мен дамушы елдердің
нормативті сайлау технологиялары ұқсас. Билеуші топ бар жерде өзіне тиімді
нормаларды заңдастыруға ұмтылады. Негізгі айырмашылық саяси-әлеуметтік
жүйе мен мәдениет деңгейінде;
- дамыған елдер мен дамушы елдердің коммуникативті сайлау
технологияларындағы ерекшеліктер саяси-әлеуметтік режимге, саяси-
әлеуметтік мәдениетке және қоғамның экономикалық даму дәрежесіне
байланысты қалыптасқан;
- коммуникативті сайлау технологияларын пайдалану барысындағы зерттеу
жұмыстары сайлау маркетингі деп аталады;
- Қазақстандағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың, этносаралық қатынастардың ерекшеліктеріне
байланысты саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтының басты функцияларын
жүзеге асыруға ынталы еместігі ашып көрсетілді;
- Қазақстанның тоталитарлық жүйеден шығуына байланысты саяси
партиялардың әлсіздігінен сайлау жүйесін таңдау тиісті деңгейде
институционалданбаған ортада жүргізілді;
- Қазақстанда саяси партиялардың парламенттік сайлауға кеш
араласуынан сайлау жүйесі тек атқарушы орган тарапынан таңдалынды;
- Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жүйенің сипаты (делегацияланған
демократия) (О.Доннел) немесе гибридтік (К.Шмиттер) түріне жақын
болғандықтан сайлау институна, сайлау технологияларына атқарушы биліктің
ықпалы басым;
- Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың баяу қалыптасуы, сайлау
институты функцияларының шектеулі және жоғарғы дәрежелі сайлау
технологтарына зәрулік коммуникативті сайлау технологияларының дамуына
кері әсер етіп отыр.
Социологиялық зерттеу обьектісіне дамыған елдердегі, ТМД және
Қазақстан Республикасында қолданылатын сайлау технологиялары жатады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне саяси-
әлеуметтік процестерді және саяси-әлеуметтік институттарды ретроспективті
және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі,
тарихи, социологиялық, институционалды талдау әдістері арқау болды.
Сонымен бірге Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей ғылымдарының сайлау мәселесіне және
сайлау технологияларына байланысты социологиялық зерттеулеріндегі
тұжырымдар негізге алынды.
Әлеуметтік зерттеудің деректемелік көзін дамыған елдердің,
постсоциалистік елдердегі және Қазақстандағы конституциялар, сайлау туралы
заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, мемлекет басшыларының еңбектері,
орталық сайлау комиссияларының мәліметтері, бақылаушы топтар мен
ұйымдардың талдау материалдары құрайды.
Диплом жұмысының әлеуметтік тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында
баяндалған теориялық мәселелер ғылыми ізденістерді одан әрі жетілдіруге,
саяси-әлеуметтік процестерде қолдануға және жоғарғы оқу орындарында саяси
әлеуметтану пәнін оқытуда пайдалануға болады. Диплом жұмысының
материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы саясатттану, әлеуметтану
бөлімдерінде арнайы курс ретінде немесе жалпы курстар шеңберінде
пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының алдына
қойған мақсат-міндеттері және әлеуметтік (социологиялық) зерттеу логикасы
диплом жұмысының құрылымын анықтайды. Диплом жұмысы кіріспеден, үш
тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер
тізімінен тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі 72 бет.

І тарау. САЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың
методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен
мазмұны

Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі, зерттеудің
мақсаты, міндеттері, жаңалығы мен маңыздылығы көрсетілген болатын.
Диплом жұмысының Сайлау технологияларын зерттеудің
методологиялық негіздері деп аталатын бірінші тарауында сайлау
технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны және осы ұғымның сайлау институты
мен сайлау жүйесімен арақатынасына және саяси әлеуметтану ғылымындағы
қолданылуына тоқталамыз.
Сайлау институты мен сайлау жүйесін зерттеудің методологиялық
негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны деп аталатын
бірінші тармағында сайлау технологиялары ұғымының мазмұнын ашу үшін
жалпы сайлау институтының табиғатын түсінудің әдістері мен методологиясын
пайымдаймыз. Себебі, технология сөзі сайлау институтының қызметіне
байланысты қолданылып отыр. Сондықтан сайлау институтының пайда болу
себептерін, саяси жүйедегі орнын анықтау қажет.
Сайлау жүйесін таңдау барысындағы әрбір билікке үміткер топтың
және биліктегілердің арасындағы амал-айлалардың мазмұны ашылып, сайлау
технологиясы ұғымына шоғырландырылады. Барлық зерттеушілер социологиялық
әдістерді пайдалана отырып, сайлау институтының қалыптасуына саяси-
әлеуметтік жүйе ауқымындағы әлеуметтік жан-жалдар әсер етті деп тұжырым
жасайды. Мысалы, Зиммель және Л.Козердің жанжал мәселесіндегі, әлеуметтік
жан-жал белгілі бір арналар арқылы жинақталған кері энергияны шығаруды
қажет етеді деген тұжырымына сүйенген автор сондай арналардың бірі –
сайлау институты деп есептейді [6]. Өйткені қоғамдағы жинақталған әр түрлі
эмоциялар мен жанжалдық жағдайларды бу шығару арқылы бәсеңдетіп, саяси-
әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Билік потенциалы да
жан-жал кеңістігінде өмір сүреді және бір жақты қатынастарда көрінеді.
Себебі билік іс -әрекетке (әлсіз жақтың мінез-құлқының мәжбүрлі түрде
өзгеруі) ұласады [7].
К.Фридрих, Р.Дарендорф, Б.Крик өздерінің социологиялық
зерттеулерінде жан-жал және оның шешілуі демократияның алғышарттарының
бірі болып табылады деген тұжырым жасаған [8].
Саяси-әлеуметтік жүйені қоғамды басқару институттарының жиынтығы
ретінде қарастырсақ, саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері өзара
байланыста және бір біріне әсер етіп отыратындығын көреміз. Сондықтан да
саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері өзара байланыста және бір
біріне әсер етіп отырады деп айтуға болады. Саяси-әлеуметтік жүйенің
негізгі институтары мемлекет пен азаматтық қоғамның арасын септестіретін,
қоғамның әр түрлі бөліктерінің көңіл күйін айқындайтын институтының бірі
сайлау институты. Демек, демократиялық сипаттағы саяси-әлеуметтік жүйе
сайлау институтының толық мәнді жұмысына мүдделі болмақ.
Сонымен бірге жан-жалдардың әлеуметтік топтарды шоғырландыратын
және олардың арасындағы белгілі бір шекараны анықтайтын функциясы да бар.
Бұл функция жан-жалды шешу барысында сайлау институтына көшеді және ол
қоғамдағы билікке ұмтылған топтардың барлығын билікке жетудің ережелерін
қалыптастыру арқылы қанғаттандыруға тиіс саяси-әлеуметтік институт ретінде
қоғамды топтастыру функциясын атқара бастайды. Сайлау институтының
топтастыру функциясы жүзеге дұрыс асырылған жағдайда саяси-әлеуметтік жүйе
өзінің негізгі міндетін – қоғам алдындағы мақсат мүдделерді анықтай алады
және соны жүзеге асыру үшін қоғамды жұмылдыра алады.
Д.Истонның, К.Дойчтың, Г.Алмондтың саяси-әлеуметтік жүйе
тұжырымдамаларына тән кіру және шығуға қажетті мәліметтердің бәрін
сайлау науқандары қамтамасыз етіп тұрады [9]. Сондықтан кейбір әлеуметтік
зерттеушілер сайлау жасанды жан-жал жасау әдісі және халықтың
биліктегілердің қажетті мөлшерде мәлімет ала алатын кезеңі деп есептейді
[10]. Сондай-ақ сайлау кезінде биліктегілер де есепке алуы қажет ортаның
хабары толық қабылданады деуге болады.
С.В.Устименко сайлауды мемлекет пен азаматтық қоғамның ара
қатынасына қарай мынадай типтерге бөледі:
1. Азаматтық қоғам мемлекетке бағынышты жағдайдағы сайлау
институты.
2. Мемлекет пен азаматтық қоғамның теңдігі тұрақсыз тұстағы сайлау
институты.
3. Мемлекеттің азаматтық қоғамға тәуелділігі [11].
Бұл диплом жұмысында сайлау институтының функцияларының жүзеге
асырылуы қоғамдағы ең бір күрделі процесс ретінде қарастырылады. Оның
алғашқы шарты – сайлау жүйесін таңдау, яғни, кім сайлауға қатысады, кім
сайланады, қалай сайланады, дауыс беру және дауысты есептеу тәртібі қандай
деген сұрақтардың барлығына жауап алынып, белгілі бір нормаға түскенде
ғана сайлау жүйесі қалыптасады. Көптеген әлеуметтік зерттеулерде
тұжырымдалған сайлау жүйесі ұғымынан сайлау процесінің мазмұнын толық
аша алмайтындығын көреміз. Сондықтан да кейінгі кезде кең мағынадағы
сайлау жүйесі ұғымының қолданылуы біршама негізделген пікір деп
есептелінеді [12].
Социологиялық зерттеушілердің бірқатары қоғамдағы саяси-әлеуметтік
күштер арасында консенсус болуы үшін сайлау жүйесін таңдауға олардың
барлығы қатысуы керек дегенді ұсынады. Осыған орай ортақ саяси ойын
тәртібін қабылдаудың шет елдік тәжірибелеріне талдау жасалынған. Көптеген
қоғамдарда, әсіресе, дамушы елдерде келісімге келуге жағдай жасалмай отыр.
Себебі, биліктен кеткісі келмейтін топтар сайлауды өткізу туралы ережелер
жиынтығын немесе нормаларды қабылдау барысында, билікке ұмтылушылардың
келісімімен немесе келісімінсіз-ақ, өздеріне тиімді нормаларды енгізуге
тырысады. Бұл талпыныс сайлау өткізу процесінің әрбір сатысында байқалады.
Ең бірінші келісілетін мәселе кімдер сайлауға қатысуы керектігі? Бұл
мәселе талқыланғанда әр топ өзінің жақтастарына жағдай жасауға ұмтылады.
Әдетте мүліктік, білімдік, ұлттық тіл білу, отырықшылық сияқты ценздар
қолданылады.
Бір адам – бір дауыс дегеніміз не? Бұл принцип – демократиялық
сайлау жүйесінің басты шарттарының бірі. Әсіресе тоталитарлық қоғамның
демократиялық бағытқа бет түзеген елдер үшін бір адам – бір дауыс – күн
тәртібіндегі ең басты мәселе.
Бір қарағанда, бұның ешқандай қиындығы да жоқ сияқты. Бұрын бір
семьяның немесе көршілердің дауыс беретін қағаздарын жинап келіп,
бюллетень алып, бәрін бір-ақ сала салатынбыз. Оны қалыптастырған жағдай –
таңдаудың жоқтығы, сайлау принципінің жасанды жүруі болатын. Енді қазір
таңдау болса да, бұрынғы әдет қалатын емес.
Әрине, бұдан құтылудың жолдары жетерлік, дегенмен ең бірінші
бөгет – сайлауды ұйымдастырушылар мен өткізушілердің өздерінде, солардың
қызметтерінде жатыр. Қайтсеңдер де 50% дауыс берілсін деген жоғарғы
жақтың әмірінен қорыққандарынан (әміршілдік жүйе сақталмады деп кім айта
алады?) бір қолға бірнеше бюллетень беруді сайлау учаскелерінің өздері
жандарын сала қорғайды. Олар Парламент бекіткен, Президент үкім шығарған
мемлекеттің заңын аяққа баса отырып, жоғарғы жақтың бұйрығын қалт еткізбей
орындайды. Заңды жасап қойып, төменнен жоғарыға дейін бірімізді-біріміз
алдаймыз. Баланың ойыны сияқты. Оған дәлел соңғы 2007 жылдың тамыз
айындағы сайлау барысындағы көрген жағдайлар...
Байсалды азаматтардың: мектеп директорлары, завучтар, жоғарғы оқу
орындарының басшыларының көрінеу көзге әділетсіздікке қызмет қылуын
ешқандай объективті себептермен ақтай алмаймыз. Кей жағдайларда бастыққа
дауыс беруге халықты үгіттеуге қатыспадың, ат салыспадың деп кейбір
қарамағындағы қызметкерлерді себеп тауып (қоғамдық жұмысқа қатыспадың
деген желеумен) жазалап жатқанының куәсі де болдық.
Екіншіден, бір адамның бір ғана дауыс беруге құқылы екенін, егер
басқалар үшін дауыс берсе белгілі бір жазаға тартылатыны туралы (Америкада
бауыры немесе басқа адам үшін дауыс берген адамды 5 жыл бас бостандығынан
айырады екен) заң бабын көпшілікке жеткізіп, оларды осы жаңалықтан
хабардар ету жұмысын үкімет жүргізіп отырған жоқ. Егер сайлау участкесінің
ішіне, бюллетень алатын жерде осы бап жазылып қойылса, кейбіреулер
аяқтарын тартар еді. Бірақ мұндай сауаттандыру жұмысының неге
жүргізілмейтіні баршамызға белгілі: егер сайлауды жүргізушілердің өздері
бір қолға бірнеше бюллетень беруді қалап отырса, жоғарыдағы заң баптарын
жазып не жын ұрыпты.
Үкімет пен сайлау комиссиясының мақсаты айқын – заңды орап өту, ал
қарапайым сайлаушыларға не жорық? Олар кімді алдайды? Міне, осы сұрақтар
төңірегіндегі мәселелер саяси сайлау технологиясы барысында әлеуметтік
талдауға түседі.
Қазіргі кездегі социологтар мен саясаттанушылар конституциялар мен
сайлау заңдарындағы ценздарға талдау жасап [13], жалпы шектеулердің
қалыптасқан тарихи жағдайларын есепке ала отырып, мынадай екі түрге
бөледі:
1. Тиімді таңдау тұрғысынан, яғни қоғамға тиімді шектеу.
2. Тек биліктегілерге тиімді шектеу.
Екінші келісілетін мәселе – сайлаушылардың тізімі, яғни кім
жасайды, кімдерді тіркейді және қашан тіркейді деген мәселе. Көптеген
елдерде сайлаушылардың тізімін жасағанда да кемшіліктер кетіп жатады.
Үшінші мәселе – сайлау округтарын ұйымдастыру мәселесі. Сайлау округтары
дегеніміз белгілі халық саны көлемінен өкілдік органға өкіл сайланатын
аумақ және сайлауды ұйымдастыру бірлігі болып есептеледі. Төртінші, барлық
саяси күштер үшін маңызды мәселе – сайлау комиссияларын ұйымдастыруға
кімдердің қатысатындығы. Келісімді қажет ететін бесінші мәселе – сайлау
алдындағы науқанда үгіт-насихат нормалары және оған жұмсалатын қаржы
көлемі. Алтыншы – дауыс беру процесі. Жетінші дауысты санау және жариялау.
Осындай 7 сатының барлығына қатысты қабылданған нормаларда биліктегілердің
мүддесі сақталынып отырады. Бірақ мемлеттік төңкерістердің, халық
қозғалыстарының нәтижесінде билікке келген жаңа топ сайлау нормаларына
өзгеріс енгізеді және біртіндеп барлық саяси күштерді қанағаттандыратын
жағдай қалыптасады. Қазіргі таңда дамыған елдердегі сайлау нормалары
осындай өзгерістердің нәтижесінде халықаралық беделді иеленуде.
Сайлау жүйелерін салыстырмалы зерттеудің үш түрінің –
социологиялық, институционалдық және тиімді таңдау теориясы бойынша –
ішінен тиімді таңдау теориясы сайлау технологияларын әлеуметтік зерттеуде
нәтижелі деп есептейді. Оның себебін әрбір қабылданған норманы кімге
тиімді екендігіне байланысты қарастыруында деп түсіндіреді [14].
Әлеуметтік зерттеудің осы түрі постсоциалистік кеңістікте әзірге
дейін өзекті болып отырған мәселе – сайлау жүйелерін қабылдау немесе
таңдау мәселесін қарастырғанда да қажет. Таңдауда кімдердің және қалай
қатысып отырғаны өз алдына үлкен бір ғылыми сұрақ. Дегенмен қысқаша
мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:
а) Депутаттыққа кімдер лайық? Маман юрист па, әлде баяғыдағыдай әр
кәсіптің иесінен бір адамды депутат қылу немесе кәзіргідей партия ісі –
қоғам ісі деген принциппен Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің
және мәслихаттарының депутаттарын сайлау қажет па?
Әр заманның өз талабы бар. Соғыс кезінде бірінші орынға батыр
шығады да, той үстінде әнші шығады.
ә) Қазақстанның бүгінгі кезеңі бізден қандай парламентті қажет
етіп отыр? Біріншіден, ұлттық мемлкетімізді құру үстіндеміз. Қазақ
жерінде әр ұлттың өкілдері өздерінің адамдық құқықтарын, азаматтық
еркіндіктерін, ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, қазақ мемлекетінің
заңымен, бағытымен өмір сүруі қажет. Көп жылға созылған отаршылдықтың
зардаптарынан арылуымыз қажет және тоқырап қалған ұлттық мәдениетімізді
жаңғырту керек. Бәрінен бұрын ұлттық сана-сезім, намысымызды қалыптастыру
жұмыстарын үзбей жүргізуіміз шарт. Қазіргі күндері осы мақсатта Мәдени
мұра бағдарламасымен көптеген іс-әрекеттер жасалып жатыр.
Екіншіден, бұрынғы әміршілдік жүйенің қалыптастырған әдеттерінен,
қоғамдық өмірге деген немқұрайлы көзқарасынан құтылуымыз қажет.
Мемлекетіміздің негізгі бағыты, түрі – демократиялық жүйеге түсуі –
бірінші кезектегі қажеттілік болуы керек. 2008 жылдың басынан бастап осы
бағытта, яғни, коррупцияға (ұйымдасқан қылмысқа) қарсы күрес қарқынды
жүруде.
Бүгінгі күндегі ірі мекемелер мен кейбір оқу орындарының (жоғары
және орта), шаруашылықтардың жетекшілерінің іс-әрекеті бұл талаптардың
екеуіне де сай келмейді. Осыны жақсы түсінген билік иелері қағаз жүзінде
болса да көптеген жұмыстар атқаруда.
б) Депутаттыққа ұсынылған жанның азаматтық көзқарасы бар ма, соған
қарау керек. Қазіргі кезеңді есепке алып, нақтырақ келсек, халық өкілі
болатын жан не жұмыстар атқарды, өзін аумалы-төкпелі заманда қалай көрсете
білді, қызмет бабын пайдаланып қарамағындағыдарға зорлық-зомбылық жасаған
жоқ па – соған талдау жасау керек. Әділеттілік үшін күрес жасай білді ма,
әлде кабинетінде тығылып отырып өсек-аяң жинаумен айналысып, әміршілдік
жүйеге беріле қызмет жасады ма, әлде қоғамды өзгертуге күш салып, халықтың
ішінен табылды ма, әлде, Нұр Отан партиясының атын жамылып жазалау
системасын күшейтіп отырған жоқ па? Депутаттыққа сайланатын адамдар
осындай өлшемдер тұрғысынан бағаланса дұрыс болар еді.
Бірақ, сайлау науқанында жақсы сөздер көп айтылады, үлкен уәделер
беріледі, өзін әрбір істе әділмін, әділеттімін, пара алмаймын деп
мақтайды (мақтанады). Бірақ, ол барып тұрған әділетсіз, парақор (пара
беретін және алатын) адам. Бұлай айтатын себебеміз, сол үміткердің
коллективінде әділетсіздік пен парақорлық белең алған. Депутаттыққа
үміткерді халық мақтауы керек. Ал, бізде өздерін өздері мақтайды,
мақтанады.
Сол үміткерлер берген уәделерін, айтқандарын сайлауға дейін де
істеуге болады емес пе немесе сайлауда жеңілгеннен кейін де қалап алған
бағыты бойынша жұмыс істей беруге болады емес пе? Демек, адамзат болсын,
қоғамдық-саяси-әлеуметтік жұмыстарға аралассын өзін басқаларға үлгі
ретінде көрсете білуі қажет.
Жалпы саяси әлеуметтану ғылымы басқа ғылым салаларынан жас
болғандықтан, көптеген ғылымдарда бұрыннан қалыптасқан терминдерді саяси-
әлеуметтік процестерді түсіндіруге пайдалану әдеттегі жағдайға айналған.
Технология терминінің жаратылыстану ғылымындағы мағынасына талдау жасай
келе, саяси әлеуметтану ғылымында қолдану оның категориялық аппаратын
дамытады деп тұжырымдауға болады [15]. Ал технология терминін саяси
әлеуметтану ғылымында саяси технологиялар ретінде жаңа мазмұнда
пайдалана бастағанымызға да көп болған жоқ. Саяси технология дегеніміз,
– дейді Ресей әлеуметтанушысы С.Соловьев – белгілі бір уақыт пен белгілі
орында нақты Субьектінің мақсат-міндеттерін тиімді және оңтайлы түрде
жүзеге асыруға бағытталған біртіндеп қолданылатын процедуралар, іс-қимыл
әдістері мен амалдар жиынтығы дейді [16]. Айта кететін жайт –
зерттеушілер арасында саяси-әлеуметтік технологияларды түрлеріне
байланысты жіктеу тәжірбиесінде бір ізділік жоқ.
Саяси-әлеуметтік технологияларға сайлау институтын да жатқызуға
болады. Себебі сайлау нәтижесінде әр түрлі саяси-әлеуметтік топтардың
билікке араласуы қамтамасыз етіледі және қоғамдық келісімге қол жеткізуге
болады Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары дайындаған Саяси
әлеуметтану (Политическая социология М.,2005) оқулығының бір бөлімі
Сайлау саяси жүйені жаңарту технологиясы ретінде деп аталады және оқулық
авторлары Сайлау, біздің ойымызша, жаңартудың ең басты технологияларының
бірі – деп есептейді [17]. Дж.Сартори да сайлау институтын саяси
технологияға жатқызады. Оның Сайлау манипуляцияның бір түрі деп атаған
анықтамасы бірталай зерттеушілер тарапынан қолдау тауып отыр [18].
Сайлау технологиялары да саяси технологиялардың бір түрі болып
есептеледі. Солай дегенмен де көптеген зерттеулерде сайлау
технологиялары ұғымын тек сайлау алдындағы науқандармен ғана
байланыстырады және кейінгі кездегі зерттеулердің барлығында дерлік осы
кезеңдегі әдіс, амалдар мен процедуралар ғана талдануда. Тек С.В.Устименко
ғана сыртқы сайлау технологияларына сайлау науқанының ұйымдық-құқықтық
жамылғысын жатқызады [19]. Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай отырып, белгілі
бір топтың билікке жетуі үшін сайлау заңдарын қабылдау барысындағы іс-
әрекеті мен амал-айласын, сайлау алдындағы науқанда коммуникациялық
технологияларды пайдаланып жеңіске жету үшін жүргізетін күресінің толық
циклын сайлау технологиялары деп атауға болады.
Сайлау технологиялары пайдалану уақытына және тиімділігіне қарай
екіге бөлінеді:
1. Нормативтік;
2. Коммуникациялық.
Биліктегі топтардың сайлауға дейін нормаларына өз мүдделерін енгізу
процесін және оны сайлау науқанында ешбір кедергісіз тиімді пайдалануын
сайлау технологияларына жатқызады да оны сайлау технологиясының нормативті
түрі деп атайды. Жалпы әр түрлі нормалар қабылдау арқылы биліктің түрін
сақтау әдістерін антикалық философ Аристотель амал-айлалар деп атаған
болатын [20]. Көптеген зерттеушілер қазіргі кезеңдегі қоғаммен байланыс
тәсілдеріне сүйенетін, ғылыми негізделген сайлау науқаны кезінде
сайлаушыларға тікелей әсер ету арқылы жеңіске жету үшін қолданылатын амал-
айлалар мен іс-әрекеттер жиынтығын коммуникациялық сайлау технологиялары
деп атайды.
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап сайлау алдындағы науқанда
бұқаралық ақпарат құралдарына және ғылым салаларының жетістіктеріне
сүйенген жаңа амал-айлалардың қалыптасуы қарастырылып келеді. Саяси
әлеуметтану тұрғысынан бұл кезеңді Жаңа саясат кезеңі немесе сайлау
науқанының американдануы деп атайды [21]. Аталған жаңа технологиялар
социологиялық зерттеулер арқылы халықтың негізгі құрамын, мақсат,
мүдделерін анықтап, үміткердің соған сай құрастырылған имиджін бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнамалап, үміткерді түпкі мақсатына
жеткізуге тырысады.
Сайлау технологияларына байланысты негізгі зерттеулер
коммуникациялық сайлау технологияларына арналған және олардың басым
көпшілігіне ақ және қара пиар саяси консалтинг пен маркетинг
мәселелері зерттелуде. Ақ және қара пиар мәселесінің зерттеу
обьектісіне айналуы – сайлау технологияларында үміткердің имиджіне қарсы
қарсыластардың әшкерелеуші технологияларды пайдалануда. Осы мәселеге
байланысты пікірталаста әр түрлі ойлар айтылуда. А.Ю.Кошмаров пен
Г.С.Кузнецов сайлау технологиялары ақ және қара болмайды, олар тек
заңды және заңсыз болуы мүмкін. Ал әшкерелеуші материалдарға келетін
болсақ дамыған елдердің өзінде сайлау науқанының 70 пайызын осындай
материалдар құрайды, – деп есептейді [22]. Ал К.В.Киселев бұндай
технологияларды деструктивтік технологиялар деп атайды [23] .
Сонымен бірге, қоғаммен байланыс (паблик рилейшенз) саларының
жеке-жеке зерттеле бастауы және қайсыбірінің жеке ғылым салаларына айналуы
(имиджелогия, саяси жарнама) коммуникациялық технологиялардың дамуының
ғылыми негізін қалайды [24].
Әлеуметтану ғылымында әлі де болса сайлау жүйесі, сайлау
технологиясы, электоралдық формула, сайлау инжерингі, сайлау
маркетингі терминдерінің арақатынасы дұрыс зерттеле қоймағандықтан,
ұғымдық мәселелердегі бірізділіктің болмауы кей жағдайда мәселенің
қойылуына және зерттелуіне кері әсер етіп жатады. Осы терминдердің
арақатынасына және ұғымдық анықтамасына талдау жасай келе, бұл
терминдердің төмендегідей анықтамаларына тоқталамыз:
Сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау
туралы тұжырымдаманы белгілі бір нормалар мен тәжірибе арқылы жүзеге
асуын қамтитын іс-әрекеттер жүйесі немесе нормативті және коммуникациялық
технологиялардың жиынтығы. Ал электоралдық формула дегеніміз парменттегі
орын санын бөлу тәсілі және ол сайлау технологиясының бір түрі болып
табылады. Сайлау инженерингі ұғымын да нормативті сайлау технологиялары
ұғымының баламасы ретінде түсінуге болады. Кейбір зерттеушілер технология
мен маркетинг ұғымдарын бір ұғым ретінде есептеп жүр. Сондықтан да сайлау
маркетингі ұғымын сайлау технологиясымен сәйкестендіруге болмайды.
Сайлау маркетингі дегеніміз комуникациялық сайлау технологияларын қолданар
алдында және қолдану барысында электоратты зерттеу деп тұжырымдаймыз.

1.2. Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына
саяси әлеуметтік жүйенің әсері.

Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен
дамуына саяси әлеуметтік жүйенің әсері деп аталатын бірінші тараудың
екінші тармағында сайлау институтының қоғамдағы рөлі мен функциясы
талданып сайлау технологияларының қалыптасу себептері ашып көрсетіледі.
Нормативті сайлау технологияларының эволюциясына, яғни, ежелгі дүниеден
қазіргі кезге дейінгі сайлау технологияларының эволюциясына сипаттама
беріліп және олардың қалыптасуы саяси әлеуметтік жүйелердің әсеріне
байланысты қарастырылады.
Сайлау институты алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы сатысындағы
тайпаларда байқалады. Мысалы, Ф.Энгельс ирокездер тайпасындағы сайлау
институтына көңіл бөледі. Сол кездегі қауымдағы ең басты тұлға көсемді
сайлау арқылы таңдау қауымды ыдыратпаудың бір амалы еді. Сол кездегі
сайлау институтына сай сайлау технологиясы қалыптасты. Себебі алғашқы
қауымның өзінде-ақ сайлау процесінің күрделі болуы осыған дәлел бола алады
және оның басты себебі ру немесе тайпа шеңберіндегі консенсусты сақтау
болып табылады. Екіншіден, басқа рулармен қарым-қатынас барысында көсем
билігінің легитимденуі үшін қажет болды [25].
Ежелгі Грецияның қала-мемлекеттеріндегі сайлау технологияларының
даму дәрежесін және ерекшеліктерін талдай отырып, Солон реформасын жүргізу
барысындағы дауласушы екі жақты мәмілеге шақыру және саяси әлеуметтік
жүйедегі тұрақтылықты қалпына келтіру үшін саяси және экономикалық
реформалармен қатар сайлау реформасына да мән берілгендігін байқаймыз.
Сондай шараның нәтижесінде мемлекеттік қызметке мүлік дәрежесіне
байланысты сайлау тәртібін енгізгендіктен ауқаттылар тыныштанған және
төменгі топтағы адамдардың саясаттағы рөлін төмендетпеу үшін олар мүше
болатын соттың мәртебесі өсіріледі. Аристотель Солон реформасына дейін
қызмет адамдарын ақсақалдар кеңесі – ареопаг тағайындайтын еді деген [26].
Бенжамен Констан антикалық кезеңдегі адамдар қоғамдық билікті
азаматтардың арасындағы бөлуді еркіндік деп есептейді. Ал қазіргі біздің
замандастарымыздың мақсаты – жеке басының қауіпсіздігі және ол қоғамдық
институттар жасайтын еркіндіктің кепілі деп есептейді [27].
Ежелгі Римдегі сайлау технологияларының да өзіндік ерекшелігі
болды. Рим республикасының аристократиялық сипаты сайлау институтына және
сайлау технологиясына әсер етпей қоймады. Ежелгі Рим тарихи жағдайларға
байланысты қалыптасқан үш деңгейдегі Халық жиналысы болды: куриаттық,
трибуттық және центуриаттық комицияларда қаралды. Рим билеушілері
жиналыстың үш түрін пайдалана отырып, өздеріне қажет болғанда әр түрлі
манипуляциялармен айланысты. Рим Республикасының құлауы тұсындағы
сайлаулар барысында дауысты сатып алу (бізде де кейде дауысты сатып алуға
ұмтылушылар кездеседі) кең тарады. Т.Моммзен рим республикасының құлауының
бір себебінің өзі осы сайлау технологиясындағы кемшіліктерде деп есептейді
[28]. Аристотель ежелгі дүниедегі сайлау технологияларының қолданылуын
демократиялық, аристократиялық, олигархиялық деп үш түрге бөледі [29].
Орта ғасырлардағы сайлау институтының функцияларын қарастыра келе
толық шектелген, біршама шектелген деп екіге бөліп қарастырады. Толық
шектелген сайлау институы Германияда болды және ол императорды сайлау үшін
пайдаланылды. Сайлаушы рөлін ірі князьдар атқарды [30].
Ал сословиелік өкілдік органдарды қалыптастыру барысындағы сайлау
институының қызметі біршама шектелген болды. Францияда сайлау институты
король билігін нығайту және елдің Рим Папасынан тәуелсіздігі үшін
пайдаланылса, Англияда король билігін тежеу үшін енгізілді. Англияда
король билігін тежеуге арналған Еркіндіктің Ұлы хартиясы негізінде
сословиелік – өкілдік орган ағылшын парламеті қалыптасты.
Орта ғасырларда сайлау институттары жоғарғы не төменгі
топтардың бастамасымен өмірге келіп отырды. Англия мен Кастимлияда
өкілдік органдар төменнен, ал, Францияда корольдің инициативасымен пайда
болды.
Өкілдік органдардың қалыптасуы сайлау институтының функциясының
кеңеюімен қатар жүреді және ішкі не сыртқы жанжалды шешудің жолы ретінде
қолданысқа түседі. Мысалы, Франциядағы өкілдік орган – Штаттардың
құрылуына король Филипп V пен Рим Папасының арасындағы күрес әсер етті.
Өкілдік органдардың саяси салмағы мен қоғамдағы рөлі әлеуметтік
күштердің арасалмағына байланысты болды. Германиядағы өкілдік органдардың
дәрменсіздігіне қалалардың әлсіздігі әсер етті.
Сайлау институты тиімділік тұрғысынан да таңдап алынды. Мысалы,
Англияда жергілікті басқару органдарын ұйымдастыруда сайлау институты
пайдаланылды.
Сайлау институтының функциясының кеңеюі буржуазиялық революциялар
кезеңіне тұспа-тұс келеді. Т.Парсонс қазіргі қоғамдардың негізі жаңа
дәуірде қаланды деп есептейді [31]. Осы тарихи оқиғалардың нәтижесінде
сайлау технологияларына байланысты қазіргі кезге дейін әсерін жоймаған ірі
теориялық және практикалық маңызы бар нормалар мен әдістер дүниеге келді.
Сайлау институтының және технологияларының дамуына Америка Құрама
Штаттарының құрылуының әсері зор болды. АҚШ-тың құрылуына байланысты
құжаттар негізінде сол кезеңдегі революция басшыларының сайлау
институтының функцияларымен оны жүзеге асыру технологиясы туралы
көзқарастарын байқауға болады. Алғаш билікті бөлшектеу идеясының толық
мәнді жүзеге асуы сайлау институтының мүмкіндіктерін біршама толық
пайдалануға жол ашты. Алайда АҚШ сайлау жүйесінің бір кемшілігі қоғамның
бір бөлігі – қара түстілер сайлау құқығын иеленбеді [32].
Франциядағы буржуазиялық революцияның қарсаңындағы идеологиялық
күрес барысында Руссоның халық еркі деп аталатын және Монтескьенің
Заңдар рухындағы концепцияларының өкілдік орган мен сайлау институты
туралы теориялардың дамуына әсері болды. Руссо халықты жинап, оның еркін
білу және оны заңға айналдыру әділетті мемлекеттің кепілі деп, яғни барлық
халық заң шығару ісіне аралысуы керек деп мәлімдеген болатын. Сонымен
бірге Руссо азаматтардың еркіндігі мәселесінде азамат құқығын мемлекеттен
жоғары қойды. Ал Монтескье керісінше, халық заң шығару ісін үлкен
мемлекеттерде жүзеге асыра алмайды, сондықтан оны өзінің өкілдері арқылы
жүзеге асыруы қажет деп есептеп, заң шығару билігі халық еркінде емес,
мемлекеттің еркінде және оны халық өкілдері жүзеге асырады деп
тұжырымдаған болатын. Әлемдегі бізге көрінетін құбылыстардың бәрін жасаушы
соқыр тағдыр дейтіндер үлкен қисынсыздық жағындағылар, өйткені саналы ақыл
иелерінің соқыр тағдырдан жаратылуынан асқан қандай өрескелдік бар? –
деген сұрақты қойғандығынан-ақ Шарль Луи Монтескьенің не айтқысы келгенін
білуге болады.
Руссо мен Монтескье идеяларын француз революциясы кезінде жүзеге
асырған Мабли мен Сийес екі идеяның басты қағидаларын Конституцияға
енгізді: халық суверенитеті мен жеке тұлғаның құқығын және халық еркін
өкілдік орган білдіретін болды [33].
Буржуазиялық революциялар кезінде халықтың негізгі бөлігі сайлау
құқығын алғанымен жалпыға ортақ сайлау құқығы енгізілмеді. Нормативті
сайлау технологияларының бірі мүліктік ценз арқылы халықтың бір бөлігінің
саяси құқығын шектеп, елде тұрақтылық орнатамыз деген ойы нәтижелі
болмады. Себебі сайлау құқығын талап еткен жұмысшы табы саяси күреске
белсене араласа бастады. Алғаш рет жалпыға ортақ сайлау құқығы Францияда
1848 жылғы революциядан кейін енгізілгенімен, аз уақыттан кейін күшін
жойды.
Англиядағы чартистер қозғалысы биліктегілердің әр түрлі
нормативті сайлау технологияларын қолданғанына қарамастан жалпыға ортақ
сайлау құқығының қабылдануына негіз болды.
Сайлау технологияларын пайдалана отырып биліктегілер төменгі
топтардың сайлауға қатысу құқығын барынша шектеп, біртіндеп қана кеңейтіп
отырды. Батыс Еуропа елдеріндегі жұмысшы қозғалысының әсерімен ХІХ
ғасырдың және ХХ ғасырда коммунистік идеологияның ықпалын төмендету үшін
жалпыға ортақ сайлау құқығы дамыған едердің барлығында енгізілді.
Саяси режимдердің сайлау технологияларының нормативті түріне
әсері Франциядағы сайлау жүйесінде көрініс берген. Мысалы, 1958 жылы
елдегі саяси дағдарыстан кейін билікке шақырылған генерал Де Голль бір ай
көлемінде жаңа конституцияның жобасын жасап, референдумда бекітеді.
Республиканың Конституциясы бойынша парламеттің өкілдігі шектеліп,
атқарушы биліктің өкілдігі кеңейтілді. Жаңа режим сайлау институтының
рөлін қайта қарап, сайлау жүйесіне жаңалықтар енгізді. А.И.Ковлер жаңа
режим қолданған мынадай нормативті технологияларды атап өтеді:
- Мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуі негізінен осы кездегі
француз қоғамындағы ірі партиялардың бірі – коммунистік партияға қарсы
бағытталған болатын. Осының нәтижесінде Оңшыл күштердің партиясы голлистер
1958 жылғы парламент сайлауында 20 пайыз дауыс алып 196 орынға ие болса,
ал 18 пайыз дауыс жинап екінші орында болған коммунистер 10-ақ орын алды.
Егер пропорционалды сайлау жүйесі болғанда голлистер 94, коммунистер 88
орын алатын еді.
- 1958 жылы Де Голлдің ұсынысымен елдегі солшыл күштер басым
округтердің барлығы тарқатылып, жаңа округтер құрылды.
- 1977 жылы парламент сайлауы қарсаңында (сайлау 1978 жылы болды )
шет елде еңбек етіп жатқан француз азаматтарының дауыс беруі туралы заң
қабылданды. Бұл заң бойынша оңшылдар мен солшылдарды жақтайтын
сайлаушылардың саны тепе-тең округтерде шет елдіктердің дауысы шешуші рөл
атқаратын етіп жоспарланды.
- Францияда социалистер билікке келгеннен кейін сайлау жүйесіне
өзгерістер енгізілді. Муниципалдық сайлауларда мажоритарлық және
пропорционалдық сайлау жүйелері аралас пайдалана бастады [34].
Демократия біршама дамыған елдерде де нормативті технологиялардың
кеңінен қолданылуына идеологиялық қарама-қайшылықтардың ықпалы болмай
қоймайды. Алайда сайлау технологияларының әлеуметтік күрестің құралына
айналып отырғандығына қарамастан сайлау институтының топтардың келісіміне
де әсері болады. Сайлау институтының тарихи дамуына шолу жасасақ, сайлауға
қоғам мүшелерінің қатысу деңгейіне қарай әр түрлі елдерде қалыптасқан
сайлау институттарын шектелген, біршама шектелген, толық шектелген, шартты
шектелген деп бірнеше түрге жіктелгендігін және соған сәйкес сайлау
технологияларының болғандығын байқаймыз.
Саяси коммуникация мәселесіндегі алғашқы агенттіктер ХХ ғасырдың
30 жылдарында пайда болды. Витхэкер сайлау науқандарына қызмет көрсететін
отбасылық агенттік құрып, сайлау технологияларының дамуындағы жаңа
кезеңнің ірге тасын қалаған болатын [35].
П.Руденскидің пікірінше, сайлау технологияларындағы Жаңа саясат
деп аталатын кезең 1960 жылғы АҚШ –тағы президент сайлауында Джон
Ф.Кеннеди мен Ричард Никсонның сайлау науқандарынан басталады [36]. Сайлау
науқандарының жаңа моделі New Politics деп атала бастады. Бұл модельдің
ерекшелігі коммуникациялық сайлау технологияларын кеңінен пайдалануында
еді. Сайлау науқаны саяси оқиғалар мен жарнамалық кампаниялардың, саяси
тақырыптардың, тұлғалардың және жарнамалық хабарлардың қосындысының
нәтижесінде ғана саяси коммуникацияға айналады. Міне осы факторлардың
баршасын екі жақ та тиімді пайдаланды. Бірақ Кеннедидің теледебаттар
барысында өзін сенімді ұстауы, пікірталас жүргізу стилі сайлаушылардың
көңілінен шықты. Мұндай жағдайды пайдалану имиджелогияда формат деп
аталады (яғни коммуникаторға тиімді жағдайды есепке алу) [37].
Ричард Нойштад төртінші теледебат барысында Кеннедидің вице-
президент қызметін атқарған Никсонға Кубадағы револоюцияны басуға
байланысты ешқандай шара қолданбадың деп кінә тағуы да көрермендердің
көңілінен шықты деп есептейді [38]. Сонымен бірге сайлау науқаны кезінде
Кеннедидің Жаңа шептер деп аталатын сайлау стратегиясы да сайлаушылар
тарапынан қолдау тапты [39].
АҚШ-та пайда болған сайлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері
Қоғаммен байланыс қызметінің мәні
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Саясаттанудан емтихан сұрақтары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Пәндер