Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы


Тақырыбы; Бәйшешек
Запырангүл
Crocus longiflorus
Ғылыми топтастыруы
Запырангүл немесе Бәйшешек (Crocus) - Құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі. Запырангүлдің Алатау Запырангүлі (C. alatavіcus) және Корольков Запырангүлі (C. korolkovіі) деген түрлері бар. Биіктігі 10 - 30 см-дей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6 - 9, ұзындығы 10 - 12 см. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 10 см-дей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі. Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады. Аналығы біреу, ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі - үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Наурыз - мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар немесекөбелектер тозаңдандырады. Запырангүлдер негізінен сәндік өсімдіктер.
Тақырыбы: Биология білгірі
Мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, сыни ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Сайыс жоспары:
I. Қызықты сұрақтар
II. Шығармашылық жұмыс
III. «Өсімдіктерге байланысты метафорлық теңеулер»
IV. «Ең, ең, ең . . . »
V. «Не жетпейді?»
VI. Тарихын білесің бе?
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді:
1-топ: «Бәйшешек»
2-топ: «Қызғалдақ»
Сендердің есте сақтау қабілеттеріңізді байқау мақсатында «Суретті тренинг» өткізіп көрелік. Алдарыңызға әртүрлі 16 сурет көрсетіледі. 3 минут бойына қарап алған суреттеріңізді 2 минутта қағазға жазып шығу керек.
І кезең «Қызықты сұрақтар»
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топтың сұрақтары:
1. Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
2. Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)
3. «Шөл кемесі» атанған жануар (түйе)
4. Діні ең жуан ағаш (баобаб)
5. Ең алып құс. (Түйеқұс)
6. Ең биік ағаш (Пальма)
7. Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша, көктерек)
8. Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдықсақина)
9. Жыртқышөсімдік (шыбынжұт)
10. Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)
2-топтың сұрақтары:
11. Қызғалдақтың отаны атанған ел (Қазақстан)
12. Алма, шие, өрік қай тұқымдасқа жатады? (раушангүл тұқымдасы)
13. Мәңгі жасыл өсімдік (шырша)
14. Қазақша жыл қайырудағы бірініші тұрған жануар (тышқан)
15. Орман тазалықшысы атанған құс (тоқылдақ)
16. Көбею жолдары (жыныссыз, жынысты)
17. Өсімдіктің көбею мүшесі (гүл)
18. Ұлғайтқыш құрал (микроскоп)
19. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
20. Өсімдіктің өсімді мүшесі (жапырақ)
II. Шығармашылық жұмыс
Екі топқа берілген сурет бойынша тақырып қойып, қорғау.
ІІІ. «Өсімдіктерге байланысты метафорлық теңеулер»
Мақта Алтын дән
Бидай Шөл аруы
Күріш Сыр маржан
Жүгері Көктем гүлі
Қызғалдақ Ақ алтын
Бәйшешек Екінші нан
Емен Дала аруы
Кактус Шипалы бұта
Жүзім Оңтүстік перзенті
Картоп Түн аруы
Итмұрын Солтүстік жібегі
Зығыр Ағаштар патшасы
IV. «Ең, ең, ең . . . »
Берілген суреттерді сәйкестендіріп қой.
Ең кішкентай құс-колибри
Ең ірі гүл-арнальди Рафлезия
Ең суыққа төзімді құс-пингивин
Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі-морж
Ең жүйрік сүтқоректі-гепард
Ең қысқа өсімдік-балықот
Ең ірі құс-түйеқұс
Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі-піл
Ең ұзын жануар-керік
Ең ірі су жануары-кит
Ең жылдам өсетін өсімдік-бамбук
Ең ірі тұяқты жануар-бегемот
Ең ірі аю-поляр аюы
Ең ірі кеміргіш-су шошқасы
V. «Не жетпейді?»
1-топ:
1. Гүлдің құрылысы
Аналық, аталық, күлте жапырақша, гүлтабан, гүлсағақ, . . . (тостағанша)
2. Микроскоптың құрылысы
Окуляр, бұранда, көру түтігі, обьектив, заттық үстелше, тұтқа, табан, . . . (айна)
2-топ:
1. Өсімдіктің негізгі мүшелері
Тамыр, жапырақ, сабақ, гүл, . . . (жеміс)
2. Тірі табиғаттың жіктелуі
Вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жануарлар, . . . (саңырауқұлақтар)
ҮІ. Тарихын білесің бе?
Берілген өсімдіктердің сипаттамасы бойынша атауын табу
1-топ:
Отаны-Оңтүстік Америка. Оның қолдан өсіріле бастаған алғашқы жері-Чили мен Перу. Оны Чилиден испандықтар 1536 жылы Еуропаға алып келіп, әуелі Испанияның өзінде өсірген. Кейіннен ол Испаниядан Италияға, Голландияға, Англияға және басқа елдерге тараған көрінеді.
Перуліктер оны папа деп атаған, папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атаған. Жерден қазып алынған папаны дағ кептірілген чуньоны да перуандықтар суға қайнатып немесе отқа көміп пісіріп жейтін болған. Француздар оны жер алмасы деп, итальяндар әуелі тартуфоль деп атаған. Ресейге тарауына І Петрдің еңбегі зор. (картоп)
2-топ:
Сіңірген күн жарығын,
Аумайтұғын сары күн.
Эфир майы бар онда,
Дәрі дейді қабығын.
Қабығын да аршыдым
Дәмі қандай бал шырын
Екінші аты бар оның
«Алмасы қытай халқының» (апельсин)
Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.
Білім шыңына шалдықпай қанат қаға беріңдер
Тақырыбы; Қызғалдақ
Қызғалдақ гүлі
Қызғалдақ - лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі - Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 - 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі - қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т. б. ) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Мазмұны
- 1 Өсімдік туралы
- 2 Атауы
- 3 Шығу тегі мен таралуы
- 4 Отырғызуы
- 5 Көбейтілуі
- 6 Қызықты мәліметтер
- 7 Қызғалдақ туралы тақпақ
- 8 Дереккөздер
Өсімдік турал ы
Қызғалдақ - пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан - қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
Атауы
Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.
Шығу тегі мен таралуы
Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара, Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
Отырғызуы
Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық. Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6-10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді. Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды. Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды. Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғанндарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың тереңдігі, баданамен жер арасы, бадананың үдкендігіне орай анықталады. Егер өсімдіктер кішіріктеу болса онда оларды аса терең отырғызбайды. Сонымен, үлкендерді он екі- он төрт см терең, ал кішкентайларын алты-сегіз см терең отырғызады. Бірақ, он бес см-ден терең отырғызбайды. Баданалардың арасындағы ұзындығы олардың мөлшеріне тікелей байланысты. Әдетте питомниктердің ішінде өсімдіктердің арасында сегіз-он см қалдырады. Кішкентай учаскелерінде баданаларды қолмен отырғызғанда он-жиырма см қалдырып шығады.
Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты.
Көбейтілуі
Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек) . Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн.
Тақырыбы; Түймедақ
Дәрілік түймедақ (лат. Matricária chamomílla ) - бір жылдық, Астралылар тұқымдасына жататын шөп тектес өсімдік.
Мазмұны
- 1 Ботаникалық сипаттамасы
- 2 Химиялық құрамы
- 3 Қолдануы
- 4 Дереккөздер
- 5 Тағы қараңыз
Ботаникалық сипаттамасы
Дәрілік түймедақ - биіктігі 35-40см -ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік, білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан. Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді, төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді. Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.
Химиялық құрамы
Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0, 2- 0, 8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин, осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т. б. заттар кіреді.
Қолдануы
Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.
- Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.
- Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.
- Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
- Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді.
- Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.
- Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.
Препараттар: Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Дәрілік түймедағының экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді. Сүйық экстракты мынжапырақ және қырмызыгүл экстрактарымен бірге «Ротокан» препаратының құрамына кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz