Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты

Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технология кафедрасы

Асқар Шыңғысхан Есенханұлы

Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау.

Жылдық бағдарлама N=3000 дана.

Дипломдық жобаға

ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА

5В071200 - Машина жасау мамандығы

Алматы 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты

Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы кафедрасы

5В071200 - Машина жасау

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

техн. ғылым канд-ты, доцент

А. Т. Альпеисов

«» 2014 ж.

Дипломдық жобаорындауға

ТАПСЫРМА

Білім алушы Асқар Шыңғысхан Есенханұлы

Тақырыбы «Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау. Жылдық бағдарлама N=3000 дана»

Университет ректорының «29»қараша 2013ж. № 480-ө бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «13»мамыр 2014ж.

Дипломдық жобаның бастапқы берілістері бұйымның құрастыру сызбасы, тетіктің жұмысшы сызбасы, маршруттық -операциалық карталар, тетіктің жылдық шығару бағдарламасы, диплом жоба алдындағы практиканың мәліметтері, тетіктің техникалық сипаттамасы

Дипломдық жобадақарастырылатын мәселелер тізімі

а) бұйымның құрастыру технологиясы; б) білік-тістегершікті механикалық өндеудің технологиялық үрдістері; в) металлкескіш станоктың қондырғысың жобалау; г) ұйымдастыру бөлімі; д) қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі; е) жобаның экономикалық тиімділігің есептеу

Сызбалық материалдардың тізімі ( міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)

бұйымның құрастыру сызбасы - 1А1; бұйымның жинактау сызбасы - 1А2; тетіктің жұмысшысызбасы және дайындаманың сызбасы - 1А1; технологиялық баптаулар - 2А1; металлкескіш станоктың қондырғысының сызбасы- 1А1; механикалық құрастыру бөлімінің жоспары - 1А1.

Ұсынылатын негізгі әдебиет 22 атау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты

Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технология кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісі

техн. ғылым канд-ты, доцент

А. Т. Альпеисов

«» 2014 ж.

Дипломдық жобаға

ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА

Тақырыбы:«Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау.

Жылдық бағдарлама N=3000 дана. »

5В071200 - Машина жасау

Орындаған Асқар Ш. Е

Пікір беруші Ғылыми жетекші

«ААМЗ». АҚ бас механигітехн. ғыл. канд., доцент

Д. Т. ЕльбаевМендебаев Т.

«»2014 ж. «___» 2014 ж.

Алматы 2014

АҢДАТПА

Берілген жұмыста бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қорапты механикалық өңдеу технологиясын жасау, жылдық шығару бағдарламасы 3 000 дана тақырыбына дипломдық жоба қарастырылады.

Дипломдық жобада бәсеңдеткішті құрастырудың және кораптың механикалық өңдеудің жаңа технологиялары қарастырылды.

Құрастыру технологиясында және механикалық өңдеуде жоғары өнімді құрал-жабдықтар, прогрессивті кескіш құрал-саймандар мен технологиялық жабдықтар қолданылды.

Жобаланған бөлімнің технологиялық, конструкторлық және экономикалық негізгі есептеулері жүргізілді.

Берілген жұмыс базалық өндірісте қолданылуы мүмкін.

АННОТАЦИЯ

В работе рассматривается дипломный проект механо-сборочного участка по производству редукторов и технологии механической обработки корпуса с годовой программой выпуска 3 000 штук.

В дипломном проекте разработаны передовые технологии сборки редуктора и механической обработки корпуса.

В технологиях сборки и механической обработки использованы оборудования, прогрессивные режущие инструменты и технологические оснастки.

Произведены основные технологические, конструкторские и экономичес-кие расчеты для проектируемого участка.

Данная работа может быть использована на базовом предприятии.

ANNOTATION

In this paper the thesis project of mechanical-assembly site for the production of gears and machining technology with the annual program output 3000 pieces.

In the diploma project developed advanced technologies and assembly gear machining.

In the technology of assembly and machining equipment used in high-performance, advanced cutting tools and tooling.

Made major technological, engineering and eco-tions calculated for the projected area.

This work may be used at the base plant.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 10

1 Технологиялық бөлім . . . 11

1. 1 Құрастырудың технологиялық процесін жобалау . . . 11

1. 1. 1 Технологиялық құрастыру бірлігінің қолданылатын орны және оның жұмысын сипаттау . . . 11

1. 1. 2 Құрастыру бірлігінің конструкциясын технологиялық тұрғыда талдау . . . 12

  1. Құрастырудың технологиялық сүлбесін жасау . . . 13

1. 2 Тетіктіөңдеудің технологиялық процесін жобалау . . . 14

1. 2. 1 Тетіктің тораптағы қызмет орнын және оның техникалық сипаттамасы . . . 14

1. 2. 1. 1 Тетік материалы мен оның қасиеттері . . . 14

1. 2. 2 Дайындама алу әдісін таңдау және негіздеу . . . 15

1. 2. 3 Базалар таңдау және тетікті өңдеудің маршруттық

Технологиясын жасау . . . 17

1. 2. 3. 1 Технологиялық өңдеу маршрутын құру . . . 17

1. 2. 4 Өңдеуге жіберілетін әдіптерді есептеу . . . 18

1. 2. 5 Кесу режимдерін есептеу . . . 21

1. 2. 6 Техникалық уақыт нормасын есептеу . . . 33

2 Конструкторлық бөлім . . . 38

2. 1 Бастапқы мәлімет және қондырғыны жобалау мақсаты . . . 38

2. 2 Қондырғы сүлбесін жасау 38

2. 3 Қондырманың күштік есебі . 39

2. 3. 1 Осьтік күшті анықтау . . . 39

2. 3. 2 Айналау моментін есептейміз. …39

2. 3. 3 Дайындаманың бекітілуін толық қамтамас ету үшін қауыпсіздік

коэффициентін есептейміз . . . . . 40

2. 3. 4 Кесу сұлбасына байланысты, кысу күшін есептейтін формуланы

таңдап, қысу күшін анықтаймыз . . . ……. 40

2. 3. 5Бұранда басына түсетін айналу моментін анықтаймыз . . . …41

2. 3. 6Қысу күшінің нақты шамасын анықтаймыз. . ……. 41

2. 4Қондырғыны дәлдікке есептеу. …. . 41

3 Ұйымдастыру бөлімі . . . 43

3. 1 Өңдірістің негізгі жабдықтар санын анықтау . . . 43

3. 2 Цех жұмысшыларының санымен құрамын анықтау . . . …44

3. 3Механикалық бөлімнің ауданын анықтау . . . 45

3. 4Механикалық бөлімінің көмекші бөлігінің ауданын анықтау . . . 46

3. 5Құрастыру стендінің санын анықтау . . . 46

3. 5. 1 Құрастыру бөлімінің ауданың есептеу . . . 47

3. 6Механикалық - құрастырубөліміндегі жұмысшылардың санынанықтау . . . 47

3. 7 Қызмет көрсету мекемесін жобалау . . . 48

4 Еңбек қорғау бөлімі . . . 59

4. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы………. ……. . 59

4. 2 Ұйымдастыру іс-шаралары . . . 50

4. 3 Өндірістің қауіпсіздік техникасы бойынша істелінетін техникалық шаралар . . . 52

4. 3. 1 Электр қауіпсіздігі. … . . . 52

4. 3. 2 Жасанды жерге қосуды есептеу . . . 54

4. 3. 3 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру. . 55

4. 3. 4 Ауа алмасуын есептеу. . …56

4. 4 Механикалық өңдеу бөліміндегі санитарлы-гигиеналық шаралар . . . 57

4. 4. 1 Табиғи жарықтандыру . . . …58

4. 4. 2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру мен есептеу. . …. 58

4. 4. 3 Санитарлы сәулеттендіру. . …. . 59

4. 5 Жобаланған өндірістің өрт қауіпсіздікшаралары . . . 60

5 Экономикалық бөлім . . . 62

5. 1 Күрделі (бірреттік) шығындар . . . 62

5. 2Баға . . . 70

5. 3Келтірілген шығындар . . . 70

5. 4Бұйымды сату есебінен жылдық кіріс . . . 71

5. 5 Жылдық жалпы пайданы табу . . . 71

5. 6 Жылдық таза пайда . . . 71

5. 7Тиімділік / рентабельность / және басқа экономикалық . көрсеткіштер. 71

5. 8 Жобалап отырған цехтың, учаскенің техникалық - экономикалық көрсеткіштері . . . 72

Қорытынды . . . 73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74

Қосымша . . . 76

КІРІСПЕ

Өндірістің тиімділігі, оның техникалық прогресі, шығарылған өнімнің сапасы көбінесі жаңа жабдықтарды, машиналарды, станоктармен аспаптарды шығаруға сондай-ақ технологиялық және конструкторлық мәселелерді қамтмасыз ететін әдістерді жан-жақты енгізуге байланысты. Ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруда машина жасау саласы басты, өзекті роль атқарады.

Машина жасауда өңдірісті комплексті автоматтандыруға арналған машиналар мен қазіргі сенімді де нәтижелі жаңа жүйелер құрылып, игерілу керек. Бұл қолдың күшін аз қажет етіп, жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Бұл дипломдық жобаның мақсаты «Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау» болып табылады. Дипломдық жобада қораптың механикалық өңдеу технологиясы, құрастыру процесі, дайындама алу тәсілі таңдалады. Жылдық бағдарламаға байланысты (N=3000 дана) өндірістің түрі анықталады. Жобалау барысында құрастыру сүлбесі, технологиялық процесті нормалау, бұйымды дайындаудың еңбек сыйымдылығы анықталады.

Осы жоғарыда аталғандарға байланысты өндірісті ұйымдастыру жобаланады. Қораптың механикалық өңдеуге керекті білдек саны, жұмысшылардың құрамы мен саны, механикалық өңдеу бөлімінің ауданы, құрастыру бөліміндегі құрастыру стендінің және жұмысшыларының саны анықталады.

Жобаланған өндірістің санитарлы-гигиеналық шаралары, жұмысшылардың қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі еңбек қорғау бөлімінде толық қарастырылады.

Дипломдық жобада жобаланған өндіріс орнының жалпы шығыны, рентабельділігі, өтеу мерзімі экономикалық бөлімде көрсетілген.

Бұл дипломдық жобаның графикалық бөліміне инженер жұмысын автоматтандыратын компьютерлік бағдарлама КОМПАС-3DV9, КОМПАС-3DV11 және AutoCAD 2009 қолданды. Ал түсіндірме жазбасы үшін Microsoft Word 2010 қолданылған.

1 Технологиялық бөлім

  1. Құрастырудың технологиялық процесін жобалауТехнологиялық құрастыру бірлігінің қолданылатын орны және оның жұмысын сипаттау

Бәсеңдеткіш қызыметі бұрыштық жылдамдықтықты бәсеңдету және айналу моментін тісті дөңгелектер арқылы немесе білік арқылы жоғарлату болып табылады.

Кез-келген бәсеңдеткіш қозғалтқыштың беріліс қуатын жұмыс машинасына керекті жылдамдықта реттеп береді.

Бәсеңдеткіштер мына топтарға бөлінеді: беріліс түріне байланысты- тісі, бұрамдық немесе тісті бұрамдық; саты санына байланысты- бір сатылы, екі сатылы және тағы басқа; тісті дөнгелектің түріне байланысты- цилиндірлік, конустық және тағы басқа; бәсеңдеткіш білігінің орнласуына байланысты- тік және көлбеу; және тағы басқа болып бөлінеді. Жобаланып отырған бәсеңдеткіш цилиндірлі үш сатылы бәсеңдеткіштер тобына жатады.

Бұл бәсеңдеткішке қозғалтқыш берілісі тістегеріш білік арқылы кіріп екінші тістегеріш білікке орналастырылған цилиндірлі тісті дөгелек арқылы беріліс үшінші цилиндірлі тісті дөңгелек орналасқан білік арқылы жұмыс машинасына жеткізіледі.

РДЦ-2150-40-21У2 редукторды белгілеу мысалы: РДЦ - редуктор типі, екі сатылы цилиндрлік; 2150 - осьаралық алшақтықтың қосындысы;

40 - номиналды сан;

21 - жинау схемасы;

У - климаттық жасалуы;

2 - қойылу категориясы.

Бәсеңдеткіштің техникалық мінездемесі:

Номиналды айналу моменті М Т , 24400Нм (2440кгм) ;

Баяу айналатын діліктің айналу жиілігі 2 айн/мин;

Беріліс саны 12;

Айналу бағыты Екі жақты;

Құйылатын май көлемі: 110 л.

Бәсеңдеткішке қойылатын шарттар:

Конусты тісті берілісті реттеу тығыздама арқылы жүзеге асырылады:

Жалпы техникалық шарт СПТ 14. 10-2005 бойынша;

Екінші және үшінші біліктерді құрастыру кезінде саңылау 0, 07 . . . 0, 18 мм аспуы керек.

Тұрқы мен қақпақ арасындағы тығыздама орнына «ГЕРМЕТИК» ТУ 6 10 1010-80 қолданылсын.

1. 1. 2 Құрастыру бірлігінің конструкциясын технологиялық тұрғыда талдау

Технологиялық тұрғысынан талдаудың негізгі көрсеткіштері сабақтасу, қалпына келтіру, материалдарды қолдану коэффициенттері.

Сабақтасу коэффициенті К n жаңа конструкцияларда қолданылып жүрген конструкциялардан бұйымдар мен тораптар бар екендігін анықтайды. Оны мына өрнек арқылы анықтаймыз

К n = N 0 N N Н , ( 1. 1 ) К_{n} = \frac{N_{0}}{N - N_{Н}}, \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ (1. 1)

мұнда:

N 0 N_{0} - \ берілген конструкциядағы қалыпқа келтірілген және жеткізіліп берілген бұйымдар мен кірме бұйымдар саны; N 0 = 17 ; N_{0} = 17;

N N - конструкциядағы бұйымдардың жалпы саны; N = 22 ; N = 22;

N Н N_{Н} - қалпына келтірілген және бұрандалы бекіткіш детальдардың жалпы саны; N Н = 10 . N_{Н} = 10.

К n = 17 22 10 = 1. 42 . К_{n} = \frac{17}{22 - 10} = 1. 42.

Сабақтасу коэффициентін арттыру - дұрыс фактор. Қайталау коэффициенті К у берілген конструкциядағы бұйымдардың үйлестіру дәрежесін нығайтады. Қайталау коэффициенті мына өрнекпен анықталады.

К у = N N н = 22 8 = 2. 75 , ( 1. 2 ) К_{у} = \frac{N}{N_{н}} = \frac{22}{8} = 2. 75, \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ (1. 2)

мұнда: N н N_{н} - құрылымдық бірліктегі бұйымның атаулар саны. Бір сызбада және бір технология бойынша даярланған бірдей геометриялық формадағы бұйымдардың бір атауға жатқызу қабылданған. Қалпына келтіру коэффициенті

К с берілген конструкциядағы стандартты және қалпына келтірілген бұйымдардың сабақтасу дәрежесін нығайтады. Оны келесі өрнек арқылы анықтаймыз

K C = N C N N н = 10 22 10 = 0. 83 , ( 1. 3 ) K_{C} = \frac{N_{C}}{{N - N}_{н}} = \frac{10}{22 - 10} = 0. 83, \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ (1. 3) \

мұнда:

N с N_{с} - стандартты және қалпына келтірілген бұйымдар саны.

Материалдарды пайдалану коэффициенті құрылымдағы қолданылатын материалдардың маркілері мен көлем типтерінің сан қилылығының дәрежесін көрсетеді. Оны келесі өрнекпен анықтаймыз.

К М = N N М = 22 17 = 1. 3 , ( 1. 4 ) К_{М} = \frac{N}{N_{М}} = \frac{22}{17} = 1. 3, \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ (1. 4)

мұнда: N с N_{с} - құрылымда қолданылатын материалдардың маркілері мен көлем типтерінің жалпы саны.

Технологиялы конструкция құрастыру мен бөлшектердің тәуелсіздігін, реттеудің қарапайымдылығын қамтамасыздандыруы тиіс. Тістегергіш біліктің жылдық шығару бағдарламасы N= 3000 дана болғанда жаппай мол өндіріске жататыны белгілі сондықтан құрастыру технологиясы ыңғайлы болады. Өйткені құрылымдық бірлікті бірнеше бөлікке бөліп құрауға болады.

1. 1. 3 Құрастырудың технологиялық сүлбесін жасау

Құрастырудың технологиялық сүлбесі бұйымының құрамдас бөлімдерін бір-біріне қандай тізбекпен қосу тиіс екенін көрсетеді.

Қазіргі машина жасау ісінде құрастыру түрлері жалпы және тораптық құрастыру болып ажыратылады. Жалпы құрастыру объектісі - бұйымы: тораптық құрастыру объектісі құрамдас бөлімдер - құрастыру бірліктері болып табылады.

Бұйымды құрастыруда бастапқы элемент базалық деталь деп аталады. Оның нөмірі бойынша ол кіретін құрамдас бөлімнің сандық индекісі қойылады.

Жалпы құрастыру процесі схемада көлбеу сызықтан басталады. Жоғарыда тізбектелген тәртіппен бұйымдарды жалпы құрастыруға тікелей енетін, ал төменде тікелей енетін барлық құрастыру бірліктері шартты белгілермен орналасады. Тораптық құрастыру технологиялық схемаларында бұл құрамдас бөлімдер жоғары реттік құрамдас бөлімдерге, ал кейбір жағдайларда тек қана детальдарға ажыратылады.

Құрастыру технологиялық схемалары құрастыру қосылыстарын сипаттап түсіндіретін және егер олар схемада түсініксіз болса, құрастыру үстінде орындалатын жазулармен - сілтемелермен қамтамасыз етіледі.

Технологиялық схемалар құрастыру процестерін жобалауды жеңілдетеді әрі бұйымның конструкциясын технологиялық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді, бұйымға енетін детальдардың қалып қоюына жол берілмейді.

  1. Тетікті өңдеудің технологиялық процесін жобалауТетіктің тораптағы қызмет орнын және оның техникалық сипаттамасы

Тұғыр машина жасау өнеркәсібінде көптеп кездесетін тетік болып табылады. Тұғыр өзінін көлеміне байланысты құйма және пісіру әдісімен алынады. Тұғыр болғандықтан оның мойынтірек орналасатын беті өте жоғары дәлдікпен өнделеді. Тұғырдын қақпақпен жанасатын беті қақпақпен бірге өнделеді. Тұғыр БСт. 3 маркалы (МЕСТ 380-71) болаттан жасалған. Тұғыр орналасатын бұйым жетек болып табылады.

БСт. 3 орта сапалы көміртекті болат. Қолданылу аймағына қарай орта сапалы көміртекті болат үш топқа бөлінеді:

А тобы - механикалық қасиетіне қарай жеткізілетін;

Б тобы - химиялық құрамына қарай жеткізілетін;

В тобы - механикалық қасиетіне қарай және химиялық құрамына қарай жеткізілетін.

Бізге берілген СтБ. 3 болаттың химиялық құрамы мен механикалық қасиеті 1. 1 және 1. 2-кестеде берілген.

. 1-кесте Көміртекті болаттың механикалық қасиеті (МЕСТ 380-71)

Болат маркасы
Уақатша кедергі σ в в кГ/мм 2
Қалыңдық үшін (мм) аққыштық шегі σ т , кГ/мм 2
Қалыңдық үшін (мм) салыстырмалы ұзаруы σ 5 , %
180° иілу (а - қалыңдығы, d - оправка- ның диаметрі) 20* мм қалың-дықтар үшін
20 дей.
20-дан 40 дей.
40-тан 100 дейін
100-ден жоғ.
20 дей.
20-дан 40 дей.
40-тан жоғ.
Аз емес
Болат маркасы: БСт. 3
Уақатша кедергі σвв кГ/мм2: 38-49
Қалыңдық үшін (мм) аққыштық шегі σт, кГ/мм2: 25
Қалыңдық үшін (мм) салыстырмалы ұзаруы σ5, %: 24
180° иілу (а - қалыңдығы, d - оправка- ның диаметрі) 20* мм қалың-дықтар үшін: 23
21
26
25
23
d = 0, 5 а

1. 2. 1. 1 Тетік материалы мен оның қасиеттер

Тетік материалы: Болат БСт. 3 МЕСТ 380-71

Жеткізу түрі: МЕСТ 380-71

Тағайындалуы: Машинажасауда болат БСт. 3 кең қолданылады. Болат БСт. 3 тісті біліктерді, төлкелерді және қораптарды шығаруға арналған. Себебі механикалық қасиеттері бойынша өте төзімді, берік болып табылады. Ал қазіргі заманда сапалы өнім рентабельді және тиімді болып табылады.

1. 2 - кесте СтБ. 3 болат үшін химиялық құрамының нормалары (МЕСТ 380-71)

Болат маркасы
Элементтер құрамы, %
С
Mn
Si
P
S
Cr
Ni
Cu
As
Көп емес
Болат маркасы: БСт. 3
Элементтер құрамы, %: 0, 14-0, 22
0, 40-0, 65
0, 12-0, 30
0, 04
0, 05
0, 30
0, 30
0, 30
0, 08

1. 2. 2 Дайындама алу әдісін таңдау және негіздеу

Тетіктін өмірлік циклі төмендегі процестермен байланысты, олар: дайындаманы алу, дайындаманы өңдеу, тетікті эксплуатациялау және оны жөндеу, утилизация.

Тетіктін дайындама алу технологиялылығын қарасақ ; Тетік тұғыр болса, онда оны құю немесе пісіру арқылы аламыз. Тетіктін шығару бағдарламасы жоғары және дәлдігі жоғары болғандықтан, пісіру әдісін қолданамыз. Дайындама цехінен дайындамамыз тексеру бөлімінен өтіп келеді.

Тетік дайындау процессінің технологиялылығы. Тетік қарапайым геометриялық беттер бойынша өңделеді. Кескіш инструментіміз кесу аймағына келтіру амалдары жеңіл және ашық болып келеді. Бекіту және базалау беттері толық комплекті. Кейбір беттер унифекацияланған. Таңдалған материалымыз кесіп өңдеуге жеңіл келеді.

Машина жасау өндірісінде, қорап тетігіне керекті бастапқы дайындаманы

негізгі екі әдіспен алады.

1) Металды құю.

Осы әдіс негізінде машина жасау саласында дайындама жасаудың алғышқы сатысы құю цехында басталады. Ол белгілі бір дайындаманың қасиеттеріне сәйкестендіріп құйылатын металл таңдалады. Жалпы алғанда қорап шойын және көміртекті болаттан жасалады. Ал құю әдісінде көбінесе шойынды таңдайды. Құю цехында металды белгілі бір температураға жеткізіп, металды балқытады. Сұйық металды арнайы жасалғын формаларға құйып, суытқаннан кейін дайындама алынады. Дайындамаға берілетін қасиеттеріне қарай металды әр-түрлі әдістермен суытады. Солардың ішінде ауамен бірге суу, майға суыту және тағы басқа әдістері қолданылады. Дайындама суығаннан кейін оны механикалық өңдеу цехына жібереді.

  1. ) Дайындаманы пісіру арқылы алу.

Кішігірім, майда және жаппай мол өндірісте дайындаманы алу үшін металдарды пісірі әдісі қолданылады. Ол, дайын пластиналарды калыңдығына қарй таңдап, керекті өлшемдермен кесіп пісіру. Жаңадан жобаланатын технологиялық процесс үшін дайындама түрлерін таңдауда мына варианттар мүмкін болады:

Берілген өндірісте бар әдіске ұқсас дайындама алу әдісі қабылданады.

Дайындама алу әдісі өзгереді, алайда бұл жағдай механикалық өңдеудің технологиялық процессінде өзгерістер тудырмайды.

Дайындама алу әдісі өзгереді және оның нәтежиесінде бұйымды механикалық өңдеудің бірқатар операциялары едәуір өзгереді.

Бірінші жағдайда анықтама әдебиеттерге сілтеумен шектелсе олғаны, онда осы шарттар үшін бұл ең қолайлы вариант ретінде ұсынылған. Дайындама құны өзгермейтіндіктен, ол бұйымның технологиялық өзіндік құнын анықтауда есептелмейді.

Екінші жағдайда металды өте жақсы пайдаланумен және құнының төмендігімен сипатталатын дайындамалар көбірек ұнайды. Дайындама құнын анықтау методикасы төменде келтіріледі. Дайындаманың құны технологиялық өзіндік құнды есептеуде ескеріледі. Қарастырылған екі жағдайда да дайындаманың түріне қарасты аяқталған шешім қабылдау және процесс вариантының технологиялық өзіндік құнын есептеу мүмкіндігі бар.

Үшінші жағдайда дайындама түрін таңдау жөнділіг туралы мәселе бұйымдардың технологиялық өзіндік құнын салыстыратын варианттар бойынша есептеуден соң шешіле алады. Бұйымдардың өзіндік құны аз болатын дайындамалар ұнайды. Егер салыстыратын варианттардың технологиялық өзіндік құны бойынша тең бағалы болса, - онда материалды пайдалану коэффициенті жоғары байындама варианты ұнамды деп саналуы тиіс.

Мен өз жобалауымда екінші жағдай таңдадым. Себебі, жобада таңдалған тетік үлкен гобаритті болып табылады. Сондықтан материалдың шығындалмауын ескертіп, пісіру арқылы дайындаманы алу тиімді етіп санадық. Сонда дайындама құны мына өрнекпен есептеледі:

М=GS-(G-g) * S OmX /100, ( 1. 5 ) \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ (1. 5)

мұндағы: G -дайындама салмағы, кг;

S -дайындама материалының құны 1 кг-ға, теңге; S=120 теңге;

g -даяр бұйымның салмағы, кг;

S OmX - 1т. Қалдықтың құны, теңге; S OmX =2 теңге.

Дайындама салмағын есептеу өрнегі

G дай = G тет / K пм , ( 1. 6 ) \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ (1. 6)

G тет -тетік салмағ, ; бұл бізге берілген: G тет =2900 кг;

K пм -материалды пайдалану коэффициенті, ірі сериялы және жаппай мол өндіріс үшін K пм -мәні 0, 75÷0, 95 аралығында болады.

G дай =2900 / 0, 95= 3053 кг.

Дайындама құнын есептеу өрнегі

М=3053×120-(3053-80) × 2 /100=244240 теңге.

1. 2. 3 Базалар таңдау және тетікті өңдеудің маршруттық технологиясын жасау

Базаларды таңдау - кесу мен өңдеудің технологиялық процессін жобалаудың жауапты кезеңі. Базалар таңдау дайындама өңдеу маршрутының құрылысымен тығыз байланысты.

Дайындалатын детальдардың күрделілігіне байланысты базаны негіздеудің бірнеше жағдайлары бар.

Технологиялық базаны таңдау -дайындама мен бұйымның құрылымына байланысты. Қаралтым база үшін айналу денесінің сыртқы бетін, ал таза база үшін центірлеу ұясымен бүйір жағын аламыз.

1 - қаралтым база; 2 - таза база.

1. 2. 3. 1 Технологиялық өңдеу маршрутын құру

Технологиялық өңдеу маршрутын құру дегеніміз ол - мол нұсқалы күрделі мәселе. Оның мақсаты - дайындаманы өңдеудің жалпы жоспарын беру, өңдеуге жіберілетін аралық әрі жалпы әдіптердің одан арғы есебі үшін технологиялық процесстің операцияларының мазмұнын белгілеу үшін құрал-жабдық типтерін таңдап алу. Дайындамаларды жекелеген операциялар бойынша өңдеу маршрутын құрғанда станоктар типтері мен басқа да технологиялық құрал-жабдықтар орнатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цехтың технологиялық өңдеу бөлімшелерін жобалау
Шынжырлы пластиналық конвейер
Шынжырлы конвейерге арналған жетекші құрылымдау
Конустық бәсеңдеткіштердің сипаттамасы
Біліктердің дәлелдеу есебі
Бұрама конвейерге арналған жетекті құрылымдар
Бәсеңдеткішті құрастыру
Қорапты жасаудың технологиясы
«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» оқу әдістемелік материалдар
ҚОРАП БӨЛШЕГІНІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz