Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ... ... ... ..8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

II Бөлім Қаржылық есеп беру . ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ..28

III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Қосымша
КІРІСПЕ

Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақтарына толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әртүрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамассыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезже өз қалауы бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарықтық жағдайда ақпараттарды құрастырушы мен қолданушылардың арасында мүдделерінің бірдей болмауы бизнестің нақты сферасында қалыптасқан ситуацияға аудиторлық тексеру жүргізуді талап етеді. Тәжірибе дәлелдегендей, бизнесте қабылданған шешімдердің сапасы алынған ақпараттың растылығына және олардың түбегейлі аналитикалық негізделуіне тәуелді.
Қазақстан Республикасында индустриальды дамыған елдердің ілгерілемелі тәжірибесіне сәйкес, бизнесте жаңадан кешенді қаржы – экономикалық талдау және тәуелсіз білікті аудит жүзеге асырылады. Операциялық аудит, қаржылық есептеме аудиті, басқарудағы талдау, және қаржылық талдау мүдделі пайдаланушыларға ақпараттың растылығын, ұйымдар қызметінің тиімділігін жоғарлатуға ғылыми негізделген рекомендациялар беруге өткір қажеттілікті қамтамасыз ету керек.
Қаржылық есеп беру аудиттің маңызды обьектісі екені белгілі. Аудиттің арғы мақсаты шаруашылық субьектілерінің нарықтық тұрақтылығын және қаржылық жағдайын талдау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау, обьективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты аудит және талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа жақсы ұсыныстар беруге болады.
Бухгалтерлік (қаржылық) есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің » енгізілген қосымшаларымен және өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңын түбегейлі реформалау жағдайында қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің халықарлық стандарттары бойынша дайындалып және ұсынылуы керек.
Қаржылық есеп берудің халықарлық стандарттарына көшу халықарлық стандарттардың негізгі жағдайларымен танысуға тәжірибелі бухгалтерлердің алдына үлкен міндет артады.
Диплом жұмысының тақырыбын осындай бухгалтерлік еесптің жаңа әдістемелері нарықтық жағдайға байланысты туындап жатқаннан кейін «Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдау» тақырыбында алдым. Берілген жұмыстың мақсаты кәсіпорындарды басқарудағы обьективті бағалау, олардың қаржылық есптемелерінің теориялық және методологиялық негіздері туралы мағлұмат алу, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу және зерттеуде дағдыларды меңгеру. Бұл болашақ үшін талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа басқару шешімдерін дайындауға көмектеседі деп ойлаймын. Диплом жұмысым «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында жазылды.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігі 2002 жылы құрылған. Меншік түрі – жеке меншік. Жарғылық капиталы – 350000 тенге. Негізгі қызмет түрі – тұрғын-үй объектілерін, жолдар, ғимараттар салу, сонымен қатар оларды жөндеуден өткізу.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік өзінің қызметін келесі құжаттар мен нормативті актілер арқылы жүзеге асырады:
• «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жарғысы;
• «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің құрылтайшы келісім – шарты;
• Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі №409 01.07.1999 ;
• «Шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілік» ҚР-ның Заңы, №220-1 «Өзгерістер мен толықтырулар» 22.04.1998
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару долында. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» заңы. 24.06.2002ж.
3. Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиясы.-Алматы, 1996
4. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары.-Алматы: Раритет, 2003
5. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары.-Алматы: Раритет, 2002
6. Абленов Д.О. Основы аудита. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003
7. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Терия экономического анализа. Учебник. 4-е изд.-М: Финансы и статистика, 2001 г
8. Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности: теория, практика и интерпретация: пер. с англ./научн.ред.недевода чл.-корр. РАН И.И. Елисеева. Гл. редактор серии проф. Я.В. Соколов – М.: Финансы и статистика, 1996 .
9. Бочаров В.В. Финансовый анализ. – СПб: Пинтер, 2001 – 240с.
10. Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для принятия управленческих решений – СПб.: Издательский дом Герда: 2001.
11. Герасименко Г.П. и др. Управленческий, финансовый и инвестиционный анализ: Практикум,- Ростов на Дону: Издательский центр “Март”, 2002.
12. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Е.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001
13. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Анализ финансового положения предприятии. Алматы: Экономика, 1999
14. Ержанов М.С. Аудит – 1 – Алматы: издательство «Бастау» , 2005
15. Журавлев В.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственной деятельности предприятий. конспект лекций.- СПБ. Политехника,2001.
16. Каньковская А.Р., Тарушкин А.Б. Экономический анализ. Учебно-методическое пособие.- Москва-Санкт-Петербург, 2003.
17. Кеулімжаев Қ.К,,Әжібаева З.Н.,Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Э. Қаржылық есеп. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001
18. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М: Центр экономики и маркетинга, 2000
19. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.
20. Ковалев В.В. Сборник задач по финансовому анализу: Учебное пособие.- М: Финансы и статистка, 2000.
21. Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Под редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д,2001.
22. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2005
23. Нитецкий В.В., Гаврилов А.А. Финансовый анализ в аудите: теория и практика: учебное пособие – М.: Дело, 2001с.
24. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бузгалтерлік есеп. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
25. Савицская Г.В. Анализ хозяйственной деятельности. Учебное пособие. Москва: Инфра – М, 2005
26. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2000
27. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік – Словарь, 1999
28. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1). Алматы, 2004
29. Экономический анализ: ситуации, тесты, примеры, задачи, выбор, оптимальных решений, финансовое прогнозирование: учебное пособие/под.ред. М.Н. Баканова, А.Д. Шеремета – М.: Финансы и статистика, 2000 – 656с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері
... ... ... ..8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының
жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .20

II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың
ақпараттық базасы
2.1 Қаржылық тұрақтылық түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ..28

III Бөлім Келешек Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның
қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін

талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...58
Қосымша
КІРІСПЕ

Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты
бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер
болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды,
оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін
материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі
бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың
сұрақтарына толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Қазіргі
жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әртүрлі әдістерін
білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды
қамтамассыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезже өз қалауы
бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін
басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы,
шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің
қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарықтық жағдайда ақпараттарды құрастырушы мен қолданушылардың арасында
мүдделерінің бірдей болмауы бизнестің нақты сферасында қалыптасқан
ситуацияға аудиторлық тексеру жүргізуді талап етеді. Тәжірибе
дәлелдегендей, бизнесте қабылданған шешімдердің сапасы алынған ақпараттың
растылығына және олардың түбегейлі аналитикалық негізделуіне тәуелді.
Қазақстан Республикасында индустриальды дамыған елдердің ілгерілемелі
тәжірибесіне сәйкес, бизнесте жаңадан кешенді қаржы – экономикалық талдау
және тәуелсіз білікті аудит жүзеге асырылады. Операциялық аудит, қаржылық
есептеме аудиті, басқарудағы талдау, және қаржылық талдау мүдделі
пайдаланушыларға ақпараттың растылығын, ұйымдар қызметінің тиімділігін
жоғарлатуға ғылыми негізделген рекомендациялар беруге өткір қажеттілікті
қамтамасыз ету керек.
Қаржылық есеп беру аудиттің маңызды обьектісі екені белгілі. Аудиттің
арғы мақсаты шаруашылық субьектілерінің нарықтық тұрақтылығын және қаржылық
жағдайын талдау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау, обьективті ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
аудит және талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның
іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау
үшін басшылыққа жақсы ұсыныстар беруге болады.
Бухгалтерлік (қаржылық) есептің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
берудің енгізілген қосымшаларымен және өзгерістерге сәйкес Қазақстан
Республикасының заңын түбегейлі реформалау жағдайында қаржылық есеп беру
қаржылық есептеменің халықарлық стандарттары бойынша дайындалып және
ұсынылуы керек.
Қаржылық есеп берудің халықарлық стандарттарына көшу халықарлық
стандарттардың негізгі жағдайларымен танысуға тәжірибелі бухгалтерлердің
алдына үлкен міндет артады.
Диплом жұмысының тақырыбын осындай бухгалтерлік еесптің жаңа
әдістемелері нарықтық жағдайға байланысты туындап жатқаннан кейін
Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдау тақырыбында алдым. Берілген
жұмыстың мақсаты кәсіпорындарды басқарудағы обьективті бағалау, олардың
қаржылық есптемелерінің теориялық және методологиялық негіздері туралы
мағлұмат алу, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу және зерттеуде дағдыларды
меңгеру. Бұл болашақ үшін талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге,
кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық
тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге,
өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін,
еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін
басшылыққа басқару шешімдерін дайындауға көмектеседі деп ойлаймын. Диплом
жұмысым Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында жазылды.
Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігі 2002 жылы құрылған.
Меншік түрі – жеке меншік. Жарғылық капиталы – 350000 тенге. Негізгі қызмет
түрі – тұрғын-үй объектілерін, жолдар, ғимараттар салу, сонымен қатар
оларды жөндеуден өткізу.
Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестік өзінің қызметін келесі
құжаттар мен нормативті актілер арқылы жүзеге асырады:
• Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жарғысы;
• Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігінің құрылтайшы келісім
– шарты;
• Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі №409 01.07.1999 ;
• Шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілік ҚР-ның Заңы, №220-1
Өзгерістер мен толықтырулар 22.04.1998
• ҚР ұйымдарының қаржы – шаруашылық қызметін реттейтін әдістемелік
нұсқаулар және нормативтік актілер, басқа да заңдар.
Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігінің басқару органдары:
басқарудың жоғары ұйымы – Қатысушылардың жалпы жиналысы, атқарушы -
Директор.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі келесі нормативтік
құжаттармен жүргізіледі:
- ҚР-ның “Бухгатерлік есеп және қаржылық есептеме” Заңы № 2732
26.12.1995 жыл (толықтырулармен және өзгерістермен);
- Бухгалтерлік есеп стандарттары;
- Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар;
- Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 18.09.2002 жыл № 438;
- Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігінің Есеп саясаты.
Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бухгалтерлік есебі
және қаржылық есептемесінің мақсаты мүдделі тұлғаларға қаржылық жағдай
және жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қаржылық жағдайы туралы,
өзгерістері жайлы толық және дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз ету.
Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің бухгалтерлік есебі келесі
принциптерге негізделіп, соларға сәйкес жүргізілуі тиіс:
- есептеу, яғни табыстар табыс табылған кезде танылады, ал шығындар –
жұмсалған кезде танылады;
- үздіксіз қызмет, яғни қаржылық есептеме рұқсат ету негізінде, компания
жұмыс істеу және болашақта жұмыс істейтін жағдайда құрастырылады;
- жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қаржылық есептемесінің негізгі
сапалы сипаттамасы түсініктілік, мәнділік, сенімділік, салыстырмалық.
Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының жүргізілгені фактілері
тіркелген алғашқы құжаттар негізінде жасалынады. Активтерге әсер ететін
барлық шаруашылық операциялары және басқа да шаруашылық қызметінің
оқиғалары бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Бухгалтерлік жазбалар
компьютерленген есеп жүйесі көмегімен есептелінеді.
Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бухгалтерлік есебін
және қаржылық есептемесі мәліметтерінің растылығын қамтамасыз ету
мақсатында 1 жылда 1 реттен кем емес мүлікке және ақша міндеттемелеріне
түгелдеу жүргізіліп отырылады. Түгелдеді жүргізуге жауап беретін директор
және тұрақты әрекет ететін түгелдеу комиссиясы болып табылады.
Комиссия құрамы директор бұйрығымен бекітіледі.
Диплом жұмысымның І-ші бөлімінде жалпы қаржылық есеп беру нысандарын
құрастырудың принциптері, жолдары қарастырылады.
Екінші бөлімінде қаржылық есеп беру - қаржылық тұрақтылықтың
ақпараттық базасы ретінде және оған әсер етуші факторларға қысқаша
түсініктеме беріледі.
Диплом жұмысының үшінші бөлімінде ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына
Келешек ЖШС мәліметтерін мысалға ала отырып, талдау жасалынады.

I Бөлім Қаржылық есеп беру түрлері және оларды құрастыру принциптері

1. Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері

Нарықтық экономикада бухгалтерлік баланс қолданушылар ортасы үшін
негізгі ақпараттық көз болып табылады. Ұйымның балансы меншік иелерін,
менеджерлерді және басқа да басқарумен байланысы бар тұлғаларды шаруашылық
субьектісінің белгілі бір күнге мүліктік жағдайымен таныстырады. Олар
баланстан меншік иесі немен иегер екенін біледі.
Баланс бойынша ұйымның жақын уақытта үшінші тұлғалардың –
акционерлердің, кредиторлардың, инвесторлардың, тұтынушылардың,
сатушылардың және басқалардың алдында өздерінің міндеттемелерін орындай ала
ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр ма, соны анықтайды.
Балансты оқи білу дегеніміз – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны
бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен
байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін
мынадай мүмкіндіктер береді:
• кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
• кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамассыз етілу деңгейін
анықтау;
• баланстың қандай да бір баптарының есебінен айналым қаражаттарының
көлемі өзгенргендігін анықтау;
• аналитикалық көрсеткішткрді есептемегеннің өзінде кәсіпорынның жалпы
қаржылық жағдайына баға беру.
Бухгалтерлік баланс мәліметтерін салық қызметі, несие ұйымдары,
сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары пайдаланады. Себебі ұйымдардың
жеке баланстары экономикалық өмірдің ерекшеліктерін зерделеу үшін бай
материалдар береді.
Баланстың келесі түрлері болады: бастапқы, жылдық, жойылу,
шоғырландырылма, сауықтыру.
Бастапқы (ұйымдастырушылық) баланс негізінде ұйымның алғашқы
бухгалтерлік есебін жүргізумен құрастырылады. Қайтадан құрылған ұйымдардың
балансымен бұрыңғы жұмыс істеп жатқан құқықты иеленуші болып табылатын
ұйымдардың балансының айырмашылығын жүргізу қажет. Бірінші жағдайда баланс
қарапайымдылығымен өзгеше болады. Өйткені оның құрамында ақша
қаражаттарынан, негізгі құралдардан, ТМҚ-дан және басқа да баланстың
активіндегі активтерден тұратын мүліктік массалар және Меншікті капитал
бөлімінде көрсетілетін жарғылық капиталы ғана бар болады.
Бастапқы (ұйымдастырушылық) балансты құру белгілі бір уақытқа, әдеттегі
балансты құрудағыдай шектелмейді (айдың 1-інші күніне). Бастапқы баланс
ұйым өзі жұмыс істеуді бастаған уақытта, яғни субьектінің жарғысын тіркеген
кезде жасалынады.
Жылдық бухгалтерлік баланс – есеп беру уақытында ұйымның қаржылық
жағдайын сипаттайтын есеп беру. Бұл ақпарат мүддесі бар қолданушыларға
экономикалық шешім қабылдау үшін қажет.
Кез – келген мемлекет экономикасында баланс маңызды функциялар
атқарады. Мысалы, меншік иелерін, менеджерлерді субьектінің мүліктік
жағдайына байланысты басқарумен таныстырады. Олар баланстан кәсңпорын
жұмсай алатын материалдық құндылықтардың запастарын біле алады.
Баланс бойынша жақын уақытта ұйым өзіне алған міндеттемелерді үшінші
тұлғалар алдында орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр
ма, соны анықтайды.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің
қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен төлеу
қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауықтыру балансы-субьектілер банкрот нәтижесінде жойылған кезде
құрастырылады. Нарықтық экономикада көптеген ұйымдар өздерінің қызметін
меншікті және қарыз капиталдары арқылы жүргізеді. Соңғысы бізде өте қысқа
уақытқа беріледі, және субьектілер өздерінің міндеттемелерін уақытында
және үздіксіз жабып отыруды мақсат ету керек. Бірақ шаруашылық
субьектілерінде меншікті капиталдан қарыз қаражаттары артып кетуі
жағдайларынан төлемге қабілетсіз ситуациялары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда
банкрот жариялау жолымен жойылу дилеммасы туады немесе кредиторлармен
төлемнің уақытын ұзартуға келісу қажет.
Бірақ кредиторлар келісімге келсе де, алдын ала қаншалықты шығынға
ұшырады, болашақта оны жабу мүмкін бе, соны білгісі келеді. Уақытылы есеп
берудегі баланс нақты жауап бере алмайды. Субьектінің нақты қаржылық
жағдайын көрсету мақсатында есеп беру кезеңі бітпей–ақ балансты құру
қажеттегі туады.
Жойылу балансы - ұйымдар өздерінің өмір сүруін заңды тұлға ретінде
тоқтатқан күніне мүліктік жағдайын сипаттайтын бухгалтерлік есептік
баланс. Оны кредиторлармен есеп айрысқаннан кейін ликвидациялық комиссия
құрастырады.
Жойылу балансының әдеттегі баланстан айырмашылығы, онда бухгалтерлік
есептің бір принципінен бас тарту – үздіксіз қызмет принципі.
Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс - бір заңды тұлғаның
балансындай құрастырылған негізгі ұйымның және оның барлық еншілес
ұйымдарының жеке баланстары.
Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты құрастырудың негізгі мақсаты –
мүдделі қолданушыларға негізгі және еншілес ұйымдарды толық бірге мүліктік
және қаржылық жағдайына обьективті ақпарат беру.
Балансты құрастыру техникасы және баптардың мазмұны. Бухгалтерлік балансты
құрастыру техникасы дегеніміз – барлық қажетті есеп жұмыстарының жиынтығы.
Бұл процедураларға дайындық жұмысы, мүлік құнын есептен шығаруды көрсету,
шоттарды жабу және есп регистрлеріне сәйкес қорытындыны жинақтау кіреді.
Бухгалтерлік балансты құрастыру негізі ақтайтын құжаттармен расталған есеп
жазбалары болып табылады.
Балансты құрастыру принциптері. Балансты құрылымында активтер,
міндеттемелер, меншікті капитал мен олардың байланысын көрсету үщін және
қолданушылар бөлімшелерге көңіл аудару үшін бөлінеді.
1 сызба. Бухгалтерлік баланс

Активтер қысқа мерзімді болып төмендегідей жағдайда жіктелінеді:
- ол коммерциялық мақсатта қысқа уақыт аралығында және оны 12 ай
арасында сату көзделінсе;
- ол ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері түрінде актив
болса.
Барлық басқа да активтер ереже бойынша, ұзақ мерзімді болып
жіктелінеді.
Бухгалтерлік есеп стандарты запастарды егер 12 айда сатылмаса да,
бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді активтер болып жіктелуін
қарастырады.
Ұзақ мерзімді активтерге: негізгі құралдар, материалдық емес активтер,
ұзақ мерзімді инвестициялар және т.б. жатады.
Негізгі құралдар. Оларға келесі талаптарға жауап беретін материалдық
активтер жатады:
- 1 жылдан жоғары пайдалану уақыты бар;
- ұйымның қалыпты қызмт ету процесінде тікелей қолданылады.
Балансқа түсініктеме көрсетіледі:
1) негізгі құралдардың әр түріне есеп беру жылының басындағы және
соңындағы бастапқы құны;
2) негізгі құралдардың әр түріне амортизацияны есептегенде амортизацияны
есептеу әдістерінің қолданылуы, амортизацияланған негізгі құралдардың
жыл басы және жыл соңында бастапқы немесе ағымдағы құны, есеп беру
жылының жыл басы және жыл соңындағы жинақталған амортизация сомасы.
Материалдық емес активтер – бұл ұйымның өзіндік ерекшелігі бар активтері
және олардың келесі сипаттамасы болады:
- материалдық формасының жоқтығы;
- қолданудың ұзақ сипаты;
- табыс әкелуге қабілеттілігі.
Ұзақ мерзімді инвестициялар. Инвестициялар ұзақ мерзімді болып жіктелінеді,
егер 12 айдан жоғары уақытқа салынса. Оларға қарыздық міндеттемелер мен
бағалы қағаздар жатады.
Басқа да активтер. Бұл бөлімге алдыңғы категорияға кірмеген активтердің
барлық түрлері кіреді.
Ақша қаражатттары және олардың эквиваленттеріне кассадағы, есеп
шотындағы ақша қаражаттары, валюталық шоттағы қаражаттар, ақша аударымдары,
уақытсыз банктік депозиттер жатады.
Дебиторлық борыштарға: сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен
есептесу, алатын вексельдер, еншілес және тәуелді ұйымдардың дебиторлық
борыштары кіреді.
Тауарлы – материалдық қорлар – дайын өнімдер, тауарлар, материалдар
және т.б.
Болашақ кезеңдегі шығындар – бұл ақша қаражаттарын алдын ала төлеп қою
нәтижесінде пайда болған активтер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер. Бухгалтерлік есеп стандартарына сәйкес
міндеттеме есеп беру күнінен бастап 12 айда жабылатын болса, онда ол қысқа
мерзімді міндеттеме болып жіктелінеді.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер Бұларға 1 жыл ішінде жабуды жоспарламаған
міндеттемелер жатады.
Қаржылық есеп беруді құрастырған кезде активтер мен міндеттемелерді
өзара есепке алуды жүргізбеу қажет. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес
негізгі құралдар баланста жинақталған тозу мөлшерін алып тастаумен,
дебиторлық борыш күмәнді қарыз резервтерін алып тастаумен көрсетіледі.
Бірақ бұл жағдайлар активтер мен міндеттемелер арасында өзара есепке алуға
жатпайды. Егер келесі белгілі жайлар болса, бухгалтерлік есеп стандарттары
міндеттемелер мен активтер арасында өзара есепке алуды кіргізеді:
- әрбір жақ бір – біріне белгілі сомада қарыз болса,
- ұйым өзара есепке алуға құқығы бар болса;
- өзара есепке алуды жүргізуге құқығы ресми заңдастырылған болса.
Меншікті капитал келесі кластарға бөлінеді:
- жарғылық капитал;
- төленбеген капитал;

- алынған капитал;
- қосымша төленген капитал;
- қосымша төленбеген капитал;
- үлестірілген табыс (жабылмаған шығын).
Жарғылық капитал айналымдағы әдеттегі және артықшылықты акциялардың
төленген құнынан тұрады. Жарғылық капитал бухгалтерлік баланста төленбеген
және алынған капиталдың сомасын есепке ала отырып, көрсетіледі.
Қосымша капитал екі негізгі категорияға бөлінеді:
1. Қосымша төленген капитал, ол акцияның атаулы бағасы мен шығарылған
акцияның нақты алынған сомасының айырмасынан тұрады. Әдетте ол
эмиссиялық табыс деп аталады.
2. Қосымша төленбеген капитал негізгі құралдарды қайта бағалаудан,
қаржы инвестициясынан түседі.
Жинақталған табыс резервке қойылған үлестірілген табыс және қосылмаған
үлестірілген табысқа, яғни дивиденттерді төлеуге қойылған табыс болып
бөлінеді.
Қосымша баптар балансқа бухгалтерлік стандарттармен талап қойылғанда
немесе қаржылық есептеменің дұрыстығын көрсету үшін кіргізіледі.
Қаржылық есептемені пайдаланушыларға бухгалтерлік баланс
рентабельдіктің деңгейін есептеуге, ұйымның активтерінің құрылымын
бағалау үшін өтімділік пен қаржылық тұрақтылықты анықтауға мүмкіндік
береді.

1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына
сәйкес құрастыру әдістері

Кіріс пен шығыс есебі – бұл белгілі бір уақытта ұйымның қызметінің
ойдағыдай болғанын өлшейтін есеп беру. Іскерлік және инвестициялық
орталарда ол ұйымның рентабельдігін, инвестициялық құндылықтарды, несиеге
қабілеттілікті анықтау үшін қолданылады. Бұл есеп беру қаржылық есептеме
қолданушыларына ақша қаражаттары қозғалысының болашағын әртүрлі әдістермен
болжауға көмектеседі.
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес ұйымдар Кіріс
пен шығыс есебінде немесе оларға ескертуде шығындардың сипатына негізделіп,
жіктелген шығындарға талдау жасау керек.
Талдаудың бірінші әдісі шығындардың сипаты әдісі. Шығындар есеп беруде
олардың сипатына қарай біріктіріледі (мысалы, тозу және амортизация,
материалдарды сатып алу, транспорттық шығындар, жалақы, жарнамаға кеткен
шығындар) және ұйымның ішінде әр түрлі қызмет бағыттары бойынша өз арасында
қайта бөлініске түспейді. Бұл әдіс функционалды жіктелімге сєйкес
операциялық шығындарды бөлуді қажет етпейтін көптеген кішігірім
кәсіпорындарға оңай қолданылады. Мысалға шығындар сипаты әдісі көмегімен
жіктелімді келесі түрде көрсетуге болады:

1 кесте
Шығындар сипаты әдісі көмегімен жіктелуі

Сатудан түскен табыс Х
Басқа да операциялық табыс Х
Дайын өнімнің запастары және аяқталмаған (Х)
өндірістегі өзгерістер
Пайдаланылған шикізат пен материалдар шығыны (Х)
Еңбек ақы
Тозу мен амортизацияға кеткен шығын (Х)
Басқа да операциялық шығындар (Х)
Барлық операциялық шығындар (Х)
Операциялық қызметтен түскен табыс (шығын) Х (Х)

Уақыт аралығындағы дайын өнімдегі және аяқталмаған өндірістегі
өзгерістер дегеніміз - өндіріс запастарының деңгейін көбейткенін көрсететін
өндіріс шығындарына түзету немесе өндірістен асып тұрған сату запастарының
көлемін азайтқанын көрсетеді. Кейбір жағдайларда уақыт аралығындағы дайын
өнімнің және аяқталмаған өндірістің көбеюі түсімнен артық екенін көрсетеді.
Бірақ қолданылған әдісті немесе тәсілді ұсыну мұндай салалардың табыс болып
есептелінетінін көрсетпейді.
Талдаудың екінші әдісі шығындар функциясы немесе сатылған өнімнің
өзіндік құны деп аталынады және шығындарды олардың функцияларына сәйкес
сатылған өнімнің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет
түрінде жіктейді. Бұл әдісті ұсыну қолданушыларға шығындарды сипатына қарай
жіктеуден неғұрлым нақты ақпарат береді. Бірақ функцияларына қарай
шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін және субьективті елеулі үлесті
болжайды. Мысалға, шығындар функциясы әдісі көмегімен жіктеу келесі
түрде болады (кесте 2):

2 кесте
Шығындар функциясы әдісі көмегімен жіктеу

Сатудан түскен табыс Х
Сатылған өнімнің өзіндік құны (Х)
Жалпы табыс (шығын) Х (Х)
Басқа да операциялық табыс Х
Сату бойынша шығындар (Х)
Әкімшілік шығындар (Х)
Басқа да операциялық шығындар (Х)
Операциялық қызметтен түскен табыс (шығын) Х (Х)

Бұл жағдайда функцияларына қарай шығындарды жіктейтін ұйымдар,
шығындардың сипаты жайлы қосымша ақпараттарды ашып көрсету керек.
Шығындардың сипатына қарай және өзіндік құны әдістерін таңдау мен
талдау ұйымның сипатына, салалық факторларына және құрылу уақытына
байланысты.
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық операциялардың
жіктелімі

Есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерді бөлек
түрде ақша қаражаттарының қозғалысы ақпараттары көрсетіледі.
Осыған байланысты ақша қозғалысы есебі ақша құрылымдарын қызмет
түрлеріне қарай шектеуге көмектеседі.
Ақша қаражаттарына ақшалар және талап етілген салымдар кіреді.
Ақша қаражаттарының эквивалентіне ақша қаражаттарына тез арада
айналатын жоғары өтімді және қысқы мерзімді салымдар кіреді.
Кәсіпорынға түсім әкелетін операциялық қызмет дегеніміз негізгі қызмет.
Инвестициялық қызмет дегеніміз ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып
алу бойынша қызмет.
Қаржылық қызмет - меншікті капитал құрамын және қарыз қаражаттарын
тарту бойынша міндеттемелерді өзгеріске әкелетін қызмет.
Операциялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы тауар сатудан,
қызмет көрсетуден немесе орындалған жұмыстан ақша қаражаттарының түсуіне
және жеткізушілерге кредиторлық борыштарды жабуға жасалған төлемдер
нәтижесінен, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеудің кредиторлық борыштары,
бюджетке салық төлеу және басқа да төлемдер жасау нәтижесінен ақша
қаражаттарының жылыстауына алып келеді.
Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы ақпараты
ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жасалатын төлемнің бағыттылығын
анықтауға көмектеседі. Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарына:
негізгі құралдарды сатып алу бойынша ақша төлемдері, материалдық емес
активтерді сатып алу бойынша төлемдер, негізгі құралдар мен материалдық
емес активтерді сатудан түскен ақша түсімдері, басқа кәсіпорындардан түскен
ақша қаражаттарының аванстық түсулері және т.б.
Ақша қаражаттарының қаржылық құйылымдары кәсіпорындардың қызметін
қаржыландыру көздерін анықтауға көмектеседі. Қаржылық қызмет бойынша ақша
құйылымдарына:
- акция эмиссиясынан түскен немесе басқа да үлесті құралдардан түскен
түсулер;
- облигация шығарудан түскен түсімдер;
- несиелерді тарту;
- несие бойынша борыштарды жабу төлемдері;
- қаржы лизингтері бойынша қарыздарды қайтару төлемдері кіреді.
Операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттары қозғалысы ақпараттары екі
әдістің біреуін қолданумен көрсетіледі:
1) тікелей әдіс;
2) жанама әдіс.
Тікелей әдісті қолданғанда ақпарат екі варианттың біреуімен
көрсетіледі:
1) есеп жазбаларынан (регистлер);
2) кіріс пен шығыс есебінде көрсетілген.
Есеп берудегі мәліметтерді түзету жолдарымен өнімді өткізуден түскен
табыс, өткізілген өнімнің өзіндік құны, шығындар және басқа да баптар.
Бухгалтерлік баланстағы өзгерістерді есепке ала отырып, ТМҚ құрамында,
операциялық дебиторлық және кредиторлық борыштар, инвестициялық және
қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарының пайда болуына әкелетін ақшалай
емес баптары мен басқа баптардың құрамында.
Жанама әдісті қолданғанда ақша қаражаттарының құйылымы ТМҚ құрамында,
дебиторлық және кредиторлық борыштар, ақшалай емес және басқа да баптар
құрамында (инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарының
пайда болуына әкелетін) өзгерістерді есепке ала отырып, таза пайдаға түзету
жолдарымен анықталынады.
3 кесте
Ақша қозғалысы есебі – тікелей әдіс
Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түсу = өнімді өткізуден түскен табыс +
саудалық дебиторлық борыштардың азаюы - саудалық дебиторлық борыштардың
көбеюі

Сатып алынған тауарларға ақшалай төлем = сатылған өнімнің өзіндік құны+ ТМҚ
көбеюі + саудалық кредиторлық борыштардың азаюы – ТМҚ азаюы + саудалық
кредиторлық борыштардың көбеюі

Ағымдағы шығындар бойынша ақшалай төлемдер = ағымдағы шығындар + болашақ
кезеңдегі шығындырдың көбеюі + есептелген кредиторлық борыштардың азаюы +
болашақ кезеңдегі шығындырдың азаюы + есептелген кредиторлық борыштардың
көбеюі – амортизациялар және басқа ақщалай емес шығындар

Табысқа салық бойынша ақшалай төлемдер (корпоративті табыс салығы) =
табысқа салық – табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың азаюы + табыс
салығы бойынша кредиторлық борыштардың көбеюі

4 кесте
Ақша қозғалысы есебі – жанама әдіс

Таза пайдаға қосылады (таза табысқа)Таза пайдаға алынады (таза табысқа)
Есептелінген амортизация
Шығындар (инвестициялық және Табыстар (инвестициялық және қаржылық
қаржылық қызметтен) қызметтен)
Дебиторлық борыштардың азаюы Дебиторлық борыштардың көбеюі
ТМҚ қалдығының азаюы ТМҚ қалдығының көбеюі
Болашақ кезеңдегі шығындардың азаюы Болашақ кезеңдегі шығындардың көбеюі
Кредиторлық борыштардың көбеюі Кредиторлық борыштардың азаюы
Есептелінген міндеттеменің көбеюі Есептелінген міндеттеменің азаюы
Сыйақы бойынша борыштардың көбеюі Сыйақы бойынша борыштардың азаюы
(пайыздар)
Табысқа салық бойынша борыштардың Табысқа салық бойынша борыштардың
көбеюі азаюы
(табыс салығы) (табыс салығы)

1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі

Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына компанияның қаржылық
жағдайына, жиынтық табыстар мен шығындардың барлық елеулі өзгерістері жайлы
нақты ақпарат беруге міндетті.
Кіріс пен шығыс есебін құрастырған кезде табыстар мен шығындар
(мысалға, негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсімнің өсуі немесе азаюы)
ескерген жөн. Бұл баптар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес меншікті
капиталдағы өзгерістерде кәсіпорынның иелерімен байланысты операциялармен
бірге көрсетіледі.
Екі есеп беру уақыты аралығында ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда
барлық табыстар мен шығындарды есепке алу керек. Қаржылық есептеменің
халықаралық стандарттары қаржылық есептеменің жеке формасы ретінде ұйымның
жиынтық табыстары мен шығындарын көрсететін, оның ішінде меншікті капиталға
тікелей танылатынды кіргізетін есеп беруді талап етеді.
Мұндай есеп беру Меншікті капиталдағы өзгеріс есебі деп аталынады,
және ол келесілерді сипаттайды:
1) уақыт аралығындағы таза табыс немесе шығын;
2) басқа стандарттардың талабы бойынша табыстар мен шығындардың әрбір
бабы бойынша тікелей меншікті капиталда көрсету.
Бұдан басқа ұйым есеп беруде немесе осығын ескертуде келеселерді
жүзеге асырады:
А) ұйымның иелерімен байлынысты операциялар және олармен бөлу;
Б) жыл басында және есеп беру күніне жинақталған таза табыс немесе шығын
сальдосы, уақыт аралығындағы өзгерістер;
В) жыл басындағы және жыл соңындағы меншікті капиталдың әрбір бабының
баланстық құнын салыстыру және әрбір өзгерістерді жеке ашып көрсету.
Мұндай есеп беруді әртүрлі тәсілдермен құрастыруға болады. Бірінші жол
бағаналар түрінде пішінді болжайды, мұнда меншікті капиталдың әрбір
элементінің бастапқы және соңғы сальдосы арасында салыстыру жасалынады,
және 1-ден 3-ке дейінгі және а-дан в-ға дейінгі баптар кіреді.
Қаржылық есептеменің жеке бөлігін (компонентін) көрсететін баламалы
тәсілі тек 1-ден 3-ке дейінгі баптарды көрсетеді. Мұндай жолда а-дан в-ға
дейінгі пунктерде көрсетілген баптар қаржылық есептеменің ескертулерінде
көрсетіледі.

II Бөлім Қаржылық есептеме – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың
ақпараттық базасы

1. Қаржылық тұрақтылық түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері

Нарықтық қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау
барысында компаниялардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы өте зор.
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы- қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы- бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың
шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық
жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын
талап етеді және онйың мөлшері мемлекетпен, жабықтаушылармен, несие
берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін
жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан ары дамуы
үшін бары\лық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық
базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға
мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп беру түрлеріне жоғарыда айтылғандай мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) кіріс пен шығыс есебі;
3) ақша қозғалысы туралы есеп
4) меншікті капиталдағы өзгерісі есебі
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады.
Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай
саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың
талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге
әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған
міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық
сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға
өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат
ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған
жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2
қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады;
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу
үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашушылар деген стандартында
көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған
өзгеірстер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әр түрлі ұйымдық-құқтықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр
түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден,
баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да
пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс
шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің
сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және
әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек
алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелдіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын
және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп
жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздернің көлемі мен құралымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділгін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады. Ағылшын ғалымдары шығарған Бухгалтерлік іске
кіріспедеген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге
кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын
пассивтердің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік
қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр
бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер
сомасына тең болуы тиіс.
Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе.
Пассивтер – басқа біреуге тиісті нәрсе. Пассив термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді
білдіреді.
Капитал – пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса
алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның
өзіндік қаражаты.
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып
отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі
төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай пассивтер принцип
бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі
азынан көбіне қарай.
1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.
2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квотаны
сипаттайды.
3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті
база жоқ.
4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ.
5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің
жиынтығы болып табылады.
6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану
принципі жүргізіледі.
7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық
субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс
көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының
көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс
сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық
шығындар сомасымен салыстырудан тұратын кіріс пен шығыс есебін қолдану
керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және
қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі
ұйымның қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына
қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттықұ
болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау
үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық
көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет
нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты
нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян
туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Дәл осы үлгі
американдық және жаңазеландиялық компаниялардың жылдық есебінде бірінші
болып келтіріледі.
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату ұйымның жұмысының
нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді.
Осылайша кәсіпорынның кіріс пен шығыс есебі қаржылық есептің қалған екі
элементі туралы- яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады.
Табыстар активтердің көюеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал
шығындар- активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің
көбеюін көрсетеді.
Ақша қозғалысы есебінде кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша
қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары
көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын
жабу үшін негізгі қызметтен алынған қаражаттары жеткілікті ме, соны
көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық,
инвестициялық және қаржылыққызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті
кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін
бағалауға мүмкіндік береді.

2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді. Оларға:
1) пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша- тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастырууына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі- активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалынып алуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату
құрылымы, әсіресеөндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып
табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуелділік те өседі- яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есеп
айырыса ала ма?, жоқ па?- деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Сонымен қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін
мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі
бар сұранысының үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының динамикасы;
- ұйымдарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді.Сондықтан да
серіктестермен реттелген іскерлік қарым-қатынаста болу – жақсы қаржылық
жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. әрине, акционерлер өз жинақ
қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық
тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек
бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдаый
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі пайызбен алғысы
келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді
талап ететін облигация иелеріне де қатысты.кез- келген еоммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешеім қабылдай отырып, кез –келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады.
Осылайша қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар
тұрғысындағыэкономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгендігін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті бағасын алудың ең жақсы
тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шарушылық
қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен
басқарушылық шешімдерін өңдеуменкәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік
қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Нарықтық экономикасы жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың міндеттері келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың калыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен ара қатынасын анықтау;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорынның қаржылық стратегиясын анықтау және т.б.
III Бөлім Келешек жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында
ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың қалыптасу
көздерінің динамикасын талдау

Нарықтық қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау барысында
компаниялардың қаржылық есептемесін талдаудың маңызы өте зор. Қаржылық
есептеменің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында,
осы активтерді нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған
өзгерістер зерттеледі.Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке таптарын
талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.Қаржылық
есептемені талдау баланстан басталады. Баланс бойынша кез-келген
компанияның қаржылық жағдайы анықталынады.
Қаржылық жағдай инвесторлардың өз бағасын алады, егер келесі
теңсіздіктер сақталынса:
1. Меншік капитал ≥ Ұзақ мерзімді активтер.
2. Ағымдағы активтер ≥ Ұзақ мерзімді міндеттемелер+
Қысқа мерзімді міндеттемелер.
Келешек компаниясында бұл теңсіздіктер:
1. 10895602 39509615
2. 86199317 75003715
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестені құруға болады:

5 кесте
Келешек ЖШС-гі баланс активтерінің құрамы мен құрылымы

№ Көрсеткіштер Жыл басы Жыл соңы Ауытқу
∑, теңге Үлес ∑, теңге % Сомамен %
салм.%
1 Активтер құны, 97349214 100 86199317 100 (11149897) -
барлығы
оның ішінде:
1.1.Ұзақ 43261369 44,4 39509615 45,8 (3751754) 1,4
мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша куәлік
Бюджеттік жүйе
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы құжаттардың тәртібі
Ақша қозғалысы
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Пәндер