Адами қарым - қатынасқа жалпы сипаттама



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Адами қарым . қатынасқа жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қарым қатынас қызметтері (функциялары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Қарым.қатынас түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4 Тұлғааралық қарым.қатынас түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.5 Қарым.қатынастың коммуникативті жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.6 Қарым.қатынастың әлеуметтік субъектілердегі өзара әрекеті ... ... ... ... ..11
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Адамдардың өзара әсерлесуі мен қарым. қатынас заңдылықтары ... ... ... .12
2.2 Әлеуметтік психологияның колективизм қасиеттерінің ерекшеліктері ... 14
2.3 Коллектив және жеке адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.4 Шағын топпен коллектив ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.5 Топты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.6 Топтардың даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.7 Коллектив ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам ба¬ласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.
Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астаса¬тыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.
Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.
Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта бол¬са; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.[1]
1. Андреева Г.М. Социальная психология. - М., 1980.
2. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Психология человеческой судьбы. –
М., 1992.
3. Бодалев А.А. Личность и общение. - М., 1995.
4. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других. - М:
1996.
5. Брудный А.А. О проблеме коммуникации.- М., Наука, 1975.
6. Буеева Л.П. Общественные отношения и общение//Методологические
проблемы социальной психологии. - М., Наука 1975.
7. Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как. - М., «МАССМЕДИЯ».
1995.
8. Годфруа Ж. Что такое психология. - М., Мир. 1996
9. Доценко Е.Л. Лекции по курсу Психология общения.
10. Добрович А. Общение: наука и искусство. - М., Знание, 1980.
11. Дерябо С. Ясвин В. Гроссмейстер общения. - М., Смысл. 1996.
12. Диллман Б. Результаты на мишени. - Санкт-Петербург. 1995.
13. Каган М.С. Мир общения: Проблема межсубьектных отношений. - М.,
1988
14. Плеуова С. Жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің танымдық мәні //
Ізденіс. - 1998.
15. Исследование общения и индивидуальных различий. – Алма-Ата, 1976.
16. Психология исследования общения / Под ред. Б.Ф. Ломова М, 1985
17. Психология воздействия: Проблемы теории и практики М. 1989г.
18. Ұйымдарды басқару. Оқулық. Ред. Румянцева З.П., Соломатин И.А., М.,
Инфра - 1995 ж.
19. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО"
ҒӨФ. 2006.
20. Қазақстан: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
21. Қазақ энциклопедиясы. Бас редакциясы, 1998
22. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. —
Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Адами қарым - қатынасқа жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қарым қатынас қызметтері
(функциялары) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қарым-қатынас түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4 Тұлғааралық қарым-қатынас
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.5 Қарым-қатынастың коммуникативті
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.6 Қарым-қатынастың  әлеуметтік субъектілердегі өзара
әрекеті ... ... ... ... ..11

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Адамдардың өзара әсерлесуі мен қарым-
қатынас заңдылықтары ... ... ... .12
2.2 Әлеуметтік психологияның колективизм қасиеттерінің ерекшеліктері ... 14
2.3 Коллектив және жеке
адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .16
2.4 Шағын топпен
коллектив ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
2.5 Топты
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...18
2.6 Топтардың даму
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
2.7
Коллектив ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-
экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас
қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында:
Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. Кісілік,
ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында
мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық
пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін
атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық
пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық –
деген анықтама берілген.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам
тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің
қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-
қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік,
әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім,
кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас
жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен
туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның
жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның
тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр,
табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.
Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас
ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-
катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз
қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-
қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың
адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта
ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы
адамгершілік белгісін танытады.
Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты.
Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-
қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-
бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты
тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар
әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде
тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке
жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-
қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.
Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік,
экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек
және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты
жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты
жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.[1]
1.1 Адами қарым - қатынасқа жалпы сипаттама

Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар,
ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы
ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-
қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады;
олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың
ықпалымен дамып отырады.
ТАБИҒАТ – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір
сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда
табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен
үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан
табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да
табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап,
көмек көрсетеді.
МӘДЕНИЕТ – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер
мен заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме,
сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде,
мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс
ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени
құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік
қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды
бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.
Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби,
шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы
жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда
белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат
алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы
қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске
шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық
шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі
балалардың қабілеттерін дамытады.
ҚОРШАҒАН АДАМДАР – адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек
қана баласы, тек сүйікті адамы ғана болып коймайды. Адамда олардың барлығы
да болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас,
туыстас, қызметтес және ортақ ісі бойынша таныстары, жолдастары болады.
Мектептегі құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын
кезең, осындай қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып
табылады. Сонымен қатар балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымең,
туған-туыстарымен қарым-катынас жасайды.[2]
Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек,
бұл тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес
болсын, адамдар бір-бірімен карым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады,
келісімге келеді, сенімге ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе
жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-
қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа
талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді,
әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-
қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.
МЕН өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен
және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке
тұлғаның МЕНІ үйде, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей
тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен
ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз
көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен
тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай
жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына
сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі
өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін
көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де
баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік Менін дұрыс жолға қойып, мақсатты
түрде бағыттап отырған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды адами қарым-
қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым-
қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер
беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын,
өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-
қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады.
Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат
алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді
ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың
бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу.
Коммуникация терминін латын тілінен аударғанда, жалпы, барлығымен
бөлісу дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да
болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек,
яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты
сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен
керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті
қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму
деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3].
Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара
қатынасының көп қырлы даму үрдісі.
Б.Д. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы
қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін
контактілік байланыс. [4].
Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын
объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас
және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек
көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді. Ең негізгі
қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербальді емес тәсілін
келесі ғылымдар зерттейді:
1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика
беттің бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика дененің әр бір бөлігінің жестік
қозгалысын, пантомимика дененің барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын,
иілуді зерттейді.
2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу,
сипау, итеру және тағы басқалаларды зерттейді.
3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын
зерттейді.
Қарым-қатынаста келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді зона (15-45
см), өте жақын, таныс адамдар қарым-қатынасынан көруге болады; жеке немесе
дербес зона (45-120 см), достарға бірге істейтін қызметкерлерге арналған
кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс емес адамдар арасындағы
қарым-қатынаста көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық), адамдардың көп
тобымен қарым-қатынаста көрінеді, мысалы дәріс бергенде немесе жиналыстарда
көрінеді.

1.2 Қарым қатынас қызметтері (функциялары)

Қарым қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі үғымы.
Ортақтасусыз жеке адамның түлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын
түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша,
адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Ортақтасу моделі
Субъект -1———————————————^.Субъект – 2
Қарым қатынас формалары:
Тікелей ортақтасу - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым,қимыл)
құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс
бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы
бірінші формасы.
Жанама ортақтасу —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не
кешіктіретін жазу және техника қүралдары арқылы жасалынатын толықсыз
психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами
ортақтасуды күрделендіріп жіберді.
Тұлғааралық ортақтасу - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс
адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:
қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі,
бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық ортақтасу - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда,
шеру — бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар - жанама
ортақтасу, вагонда — бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде -
тұлғааралық.
Персонааралық ортақтасу — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін
ашатын белгілі түлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар,
ғарышкерлер, президентгер).
Ролдік ортақтасу - белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардыц
"психологиялық контакттары, мысалы, оқушы — оқытушы, әке — бала, сатушы —
алушы, көрші- көрші, дәрігер — ауру, бастық -бағынушы. Әрбір адам әр сәтте
әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын
табады.
Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды,
білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына
сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
Қарым қатынастың қызметтері (функциялары):
1. байланыстыру, прагматикалық қызметі. Ортақтасу бұл жерде кез-келген
бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады.
Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарынан
құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.
2. қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас адамның психикалық
бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғышарты болып танылады. Кішкентай
баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары
үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-
қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы
қимылдарына айналады.
3. растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі
танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.
Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы
біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі — жападан жалғыз қалу, ешкіммен
араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. Күнделікті тіршілік адами
арақатынасқа, "растау терапиясына" толы: танысу мен сәлемдесу рәсімдері,
құттықтау мен ізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін
растайтын дәлел екені сөзсіз.
4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі.
Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке
дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды
(симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас
орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялык
қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, ролдік
қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.[5]
5. тұлғаішіндік  қызмет.  Адам өз-өзімен  іштей,  не дауыстап сөйлесіп
диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуды адам ойлауының
әмбебап тәсілі деуге болады. Л.С. Выготский    жазғандай,    жеке   
қалғанда    да    адам ортақтасудың қызметін сақтап калады.
Сонымен, біз ортақтасудың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым-
қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе - тұлғааралық
тікелей ортақтасу.

1.3 Қарым-қатынас түрлері

1) Маска контактісі – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің
жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады
(кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге
деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.
2) Жабайы қарым-қатынас – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын
объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-
қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз
қылықтармен жауап береді.
3) Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны
алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның
әлеуметтік орнына қарай анықталады.
4) Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән
ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала
береді.
5) Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген
тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет
әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер,
қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе
ғана жүзеге асады.
6) Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы
әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі [6].
Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып
қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат
алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана
компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның
әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.
А.А. Леонтьев өзінің бір жұмысында Қарым-қатынасты тек ғана жеке
даралық деп түсінбеу керек, оны әлеуметтік феномен ретінде, оның
субьектісін бөлек индивид емес, әлеуметтік топ және тұтастай қоғам ретінде
қарастыру керек деген.
Осы айтылғанға анализ жасай отырып, Б.Ф. Ломов өз көзқарасын былай
білдірген: Біздің ойымызша әлеуметтік және интер жекедаралықты бір-біріне
қайшы қою заңды емес, олардың арасындағы қатынас – жалпылық пен бірліктің
көрінісі.
1.4 Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері
Тұлғааралық қарым – қатынас: императивті, манипулятивті және диалог
болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем)
түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас
партнері - әсер етілетін объект, пассивті объект болып есептелінеді.
Манипуляция – қарым-қатынас партнеріне өзінің ішкі мақсаттарын жасырын
түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың
бұл түрі әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен,
достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз. Импиративті және
манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп монологтік қарым-қатынас деп
сипаттауға болады.
Диалог – тең құқылық, субъективтік қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара
танып – түсінісу – партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогтік
қарым-қатынас жасау, қарым –қатынас ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.[7]

1.5 Қарым-қатынастың коммуникативті жағы
 
Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі — оның сөйлеу қабілеттілігі.
Сөз — адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-қатынассыз
қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айрылған адам
ойдағыдай дами алмайды. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал
жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан адамның барлык психикалық
ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Қарым-қатьнас адам
іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса
маңызды турі болып табылады.
Қарым-қатынас дегеніміз — тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді
қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді тара-тушы ретінде ертеден
зерттеп келеді. Кибернетика мен информация теориясы жасалғаннан бері ойды
машиналық өңдеуге лайықтан, символдармен белгілеу міндеті туды. Осылайша
машина тілі деген пайда болды. Оның кемегімен адам электрондық-есептеу
машинасының қызметін басқарады, оны информациямен камтамасыз етеді.
Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірёк зерттеле бастады. Түрлі
жансыз және жанды системалар арасында информация алмасу жайлы да едәуір
білім жинақталды. Адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке-дара
жағдайына айналды. Осы ұқсас қүбылыс-тарды талдап қорыту қажеті туды.
Олардың бәрін де коммуни-кацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамныц к,арым-қатынасы жайлы
білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-катынасының сөзден
тыс жолдары: келбет, ым, мимика, серіктестердің бір-біріне қатыс жағдайы,
бейнелеу кең зерттеле бастады.
Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс — дене күрылысы, түс, иіс —
мағыналы информациялық сигнал қызметін атқарып отыр (қүмырсқалардың жаман
иісі, қауіп төнгендегі теңіз жануарларының кейбіреулерінің дене формасының
өзгеруі).
Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-катынас жасаушылардын,
аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне
көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бүл бағыттағы
зерттеулерге проксемика — деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар:жақын,
жеке бастьщ, элеуметтік, көпшіліктік. Алғашқы екі арақатынас жақын, достық
байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік катынасты
ұстанады, көпшіліктік арақатынас — бөтен адамдармен араласу. Мүғалім
осындай арақатынастарды алмастыра отырып, оқушыларға қосымша ықпал жасауға
жете алады, себебі бүл серіктер аралы-ғындағы қарым-қатынас сипатын
өзгертеді.
Қарым-қатынаста серіктерді орналастыру да елеулі роль атқарады. Мысалы,
алғаш танысқан адамдардың қарым-катынасы иін тіресе қатар отырғаннан гөрі
шағын стол айналасында еркін отырған жағдайда жеңілірек болады.
Бейнелеу де (фотография, картинка, фильм, сурет) карым-қатынас құралы
болып табылады. Алайда бұлар тікелей байланыс жасау кұралдары емес, оны
тарату техникаға — кітап басу, кино, телевидениеге байланысты.
Жоғарыда қаралған қарым-қатынастың сөзден тыс кұралдары әдетте сөйлеу
қарым-қатынасымен демеліп отырады, тіпті балалар да түсіне алатын астар
жасалады. Мысалы, анасы баласына ашулы сөздер айтады, бірак шын мәнісінде
ашуланбайды. Мұндайда сәби мамасының ашуы жоқ екенін бірден сезе қалады.
Балет, мимика өнері, дыбыссыз кино да түгелімен сөйлеусіз қарым-қатынас
енеріне кұрылған. Драмалық постановкада актердің ойыны сөйлеу қарым-
қатынасы құралынсыз мүмкін емес. Актер үшін бейне жасаудың психологиялық
мәні сөйлеу мен коммуникацияның келбет, мимика және пантомима, ым-ишара,
партнерлер ара қатысы сияқты сейлеусіз қарым-катынас қуралдарын шебер
ұштастыра білу болып табылады.
Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз қарым-қатынас күралдарының
бірлігіне жету — балалармен жүмыс жүргізетін мүғалімнін міндеті болып
табылады. Педагогикалық міндеттерге сай өзінің тебіренісін, қатынасын, ой-
пікірін білдіре отырып, мүғалім соларға сай әсер ету құралын табуы керек.
Адамдарды коммуникация жасау жолы бойынша үш типке бөледі:
-   Аудиал – естіп қабылдаушы.
-   Визуал – көріп қабылдаушы
-   Кинестетик – сипап сезу арқылы қабылдаушы.
Көбінесе екеуі бірдей араласып біреуі басым болады. Оларды сөз орамы
бойынша анықтайды. Коммуникация жасау жолдарын зарттейтін психология саласы
нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) деп аталады.[8]
Сөз орамдарын предикат деп айтады. Визуалдың предикаттары – қарашы,
елестетші, әдемі ... Аудиалдың предикаттары – тындашы, шулы, тыныш ...
Кинестетиктің предикаттары – мен сезінемін, жылы, жұмсақ.

1.6 Қарым-қатынастың  әлеуметтік субъектілердегі өзара әрекеті

  Қарым қатынас интерактивті жағы адам аралық қарым-қатынастың
адамдардың бір-бірімен әрекетесуімен байланысты аспектілерді белгілеуге
арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсуші тек
мәліметпен алмасып өзара түсініксіздікпен жеткізумен шектелу жеткіліксіз.
Әрекеттер мен алмасу ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттің
формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды болады. Қарым-қатынастың
осы жағын сипаттағанда жеке адамдар арасындағы қатынастарға тандаумен қарым-
қатынас түсіндірулердің әрекетесудің қай түрін таңдасадай алатын мотивтері
де қарасырылады. Әр түрлі зерттеулерде адамның басқа адамдармен қарым-
қатынас түсуінде бірнеше мотивтер айқындалады:
1. Ортақ жетістікті барынша айқындату мотиві немесе (коппераця мотиві)
2. Өзінің жетістігін барынша жоғарлату мотиві немесе индивидуализация
3. Салыстыралы жетістіктерді барынша жоғарлату мотиві немесе конкуренция
4. Басқаның жетістігін барынша жоғарлату мотиві альтруизим.
5. Басқаның жетістігін барынша төмендету мотиві агрессия
6. Жетістікегі айырмашылықты неғұрлым төмендету тендік.
Әр түрлі мотивцияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын айыру үші
әрекетесу координация жүйесінде Өз мақсат- тарына бағыттылық Мах Міп Міп
Мах басқалардың мақсатына Бағытаушылық Қарым-қатынас стратегиялары. У
осінде өз мақсаттарына х осьінде басқалардың мақсаттарына бағытталған
әрекеттесі стратегиясы тұрғызылған ңр бір шкалада мақсаттын ең жоғарғы және
ең төменгі көрсеткіші бейнелеген. Бастапқы әлуметтік мотивация байланысты
қатысушылардың бес негізгі стратегиясын бљліп көрсетуге болады. Қ нүктесі –
қарсы ңрекет яғни бақталастық конкуренция толығымен өзара мақсатына
бағыталу. А-нүктесі- аластатушылық басқаның жетістігін төмендету, өз
мақсатын жоғарлату индивидуализм. К нүктесі-көнгіштік стратегиясын көрсету.
Бұл жағдайда адам өзінің мақсатын басқаның мүдесіне аударады көндіреді. Ы-
нүктесі ымыраға келу, компромис жетістіктер арасындағы айырмашылықты
неғұрлым төмендету шартты теңдікке жету үшін өз мақсатын толық іске
асырмау. Б- нүктесі бірлескен іс-әрекет ынтымақтастық әр бір қатынастың
мүдесін толық қанағаттандыруға бағыталған . Бұл жағдайда әлеметтік
мотивацияның біреуі (коперация мен әсеклестік іске асырылады) сонғы
стратегияны әректесу нәтижесі тұрғысынан әректесушілердің өзара қарым-
қатынас өзін сезіну тұрғысынан да ең нәтижелі деп қарастырамыз. Әрекетесу
процессінің ең маңызды сипатамасын қарастырған бірнеше жолы ұсынылған . Т-
нүктеі Персонс теориясы ұсынған әрекеттесушінің әрбір бөлек актісінің
мынандай бөліктері бар. А-әрекетесуші Ә -басқа обьъект, әрекет бағыталған
обьект. Б нормалар, ңрекет ұйымдастырдағы. В- Құндылықтар Әрбір әрекет
ұйымдасқандығы қабылданғандығын, Г-Ситуация, жағдай әрекет жасалатын
кездегі бұл өте абстрактілі теория өте көп қолданылмайды.[9]
Екінші әрекет сатыларын қарастырушы поляк социологы Щикпрнс ұсынған
тағы бір әрекетің құрылымдық сипатын қатынасудың әректтерін олардың
ситуацияны есептеу және әрекетесу стиліне байланысты жұптастыру(Берн) осы
әдіс кейінен практикада кең қолдану табуда. Трансактілі талдау кезінде
әрбір әрекет қатысушы үш позицияның брінде ғана болады. Әрекетесуді талдау
категориясы Маңызды мінез – құлықты көріністер Оң эмоциялар аймағы
Ынтымақтастық шиеліністі шешу келісімі Проблеманы шешу аймағы Ұсыныс,
нұсқау басқалардың бағдары. Проблеманы қою аймағы Мәлімет туралы өтініш
пікір, айтуға ұсыныснұсқауа ұсыныс Теріс эмоциялар аймағы Келіспеушілік
шиелініс тудыру,қарым-қатынасқа қарсылық тудыру Шартты түрде бұл
позицияларды ата –ана, ересек бала де белгілеуге болады. Баланың
позициясының психологиялық сипатама қолаймын ата-ана позициясы керек ал
ересектердің қалаймын және керек позициясының бірігі. Әр бір әрекетте мінез
–құлық пен әрекеті өз стилі болды. Негізінен стиль үш түрлі. Ритуалді салт
жоралар, монипулятивті және гуманистік болып бөлінеді. Ретуальді стиль
негізінен ситуациямен сәйкестендіруі анық көрінеді. Стиль әдетте белгілі
мәліметпен анықталады. Мысалы : Амандасу стилі АҚШ мәдениетінде қал-қалай
дегенде өте жақсы деген жауап алынса.Орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне
қарап жауап берілед. Қазақ мәдениетінде аралық стиль қалыптасқан
әрекетесудің инварианты сипатамаларын қарастыруларын Ирт Бернс 4 категория
негізінде көрсетеді. 1. Позитивті оң позициялар аймағы 2. Негативті теріс
позициядағы аймақ 3. Проблемаларды шешу 4. Проблемаларды қою аймағы. Өз
кезегінде әр бір категория бірнеше маңызд көрсекіштердін айқындалады. Нақты
әсерлесу уақытында, ңр категория көрсетуі мен жиілігі мен формасын тіреп
жазып отырып оның ерекшелігін көрсету болады.[10]

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Адамдардың өзара әсерлесуі мен қарым-қатынас 
заңдылықтары

Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты болуы іске
асырылады, егер де қатысушылар арасында өзара түсіністік болғанда ғана
мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, біржағынан, басқаның мақсат мүдесін,
мотивтерін,бағдарын түсіну, екінші жағынан түсіну ғана емес сол мүдде,
мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда қарым-қатынасқа  түсінушінің басқа да  адамды
қабылдауының  маңызы өте зөр, яғни  қарым-қатынас үшінші құрамды бөлігі 
перцептивті жағы туралы айтылады.
Әлеуметтік психологияда әлеуметік перцепция ұғымы кең мағынада :
перцептивті процесстің  әлеуметік детерминантысы (себептері) деп
қарастырылады. Бұл терминді. 1947 ж алғаш енгізген  Дж.Брунер .Бірақ
әлеуметік перцепцияға  адамды адамның қабылдауы жатады, тек әлеуметтік
перцепция туралы емес, соның ішіндегі  жеке адам аралық  перцепция,  жеке
адамдардың өзін қабылддауы да жатады.[10] Сонымен бірге адамдардың
қабылдауы деген терминде онша дәл емес,  бұл жағдайда адамдардың  бір-
бірін тануы, түсініуі деген  ұғымын тұрғысында қарастырған жөн
Адамның тануы сыртқы пішінінің ғана қабылдауымен  қатар,,оның өзін
үстауы, мақсат –мұделері,  ой қабілеттері, эмоциялары бағдарлары тұрғысынан
да өзіндік ой елестерінің  қалыптасуын қамтиды. Және де қарым-қатынасқа
түсушілер  арасындағы эмоциялық қатынастардың  пайда болуы да қамтиды.
Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол  адамның психологиялық
 зерттеуде дәстүрлі психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл 
атқарады. Әсіресе бұл йтылғандар  алғашқы таныстық кезінде байқалады.
Әлеуметтік психолгияда қабылданытын обьектінің психологиялық
қасиеттерін зерттеу  де дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе бақыланатын
адамның қандай психологиялық  және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға
көптеген мәлімет береді., басқаша айтқанда адамдар  қарым-*қатынас
барысында  партнерді бағалауда қай нәрсені  көбірек көңіл бөледі№
Ондай маңызды қасиеттерге  бақыланатын адамның  бет-бейнесінің қимылы 
(мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия) отырыс тұрысы, жүрісі жатады.
Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеләіктері  сөйлеу мәнері
жатады.Зерттеулерден байқалғандай, кең таралған интерноционалды ым-
ишараттармен қатар, белгілі мәдени  және  ұлтық топтарға тән  ым-ишаралар
жатады.
Адам аралық қатынаста адамдардың бірін-бірі қабылдауда тағы да бір
зерттеу саласы болып табылатын түрлі эфектілерде\ есепке алу қажет. Үш
түрлі эфектілер. Көбірек зерттелген: ореал эфектісі жаңа мен алғашқылық
эфектісі және  стериотип эфектісі. [11]
Құрмет эфектәісінде қабылдаушыға алдын ала қабылданатын  адам туралы
арнаулы бағдар беріледі,  белгілі қасиеттер телінеді: ола адам туралы
алынған мәлімет алдын ала жасалынған бейнесінің ұстіне салынады. Бұрын
жасалынған бейне  құрмет рөлін атқарып, нақты қасиеттерді көріп, дұрыс
қабылдауға кедергі жасайды.
Осы эфектілердің бәрін  тең мағынадыға стериотип процессінің көрінісі 
деп атауға болады. Әлеуметтік  стериотип терминін алғаш рет 1922 ж
Липпмен енгізген . Әлеуметтік стериотип белгілі әлеуметтік топ мүшесіне тән
бір құбылыстың немесе адамның біршама тұрақты бейнесі.
Әр түрлі әлеуметтік топтар, нақты топтар  немесе кәсіби топтар, 
өздеріне тән  стериотиптерін жасайды, белгілі деректерді тұрақты түрде,
заттарды үйреншікті түрде түсіну. [12]
Адамдарды түсінудегі стеориатип  екі түрлі салдарға ікелуі мүмкін:
біріншіден,  адамды түсінудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамдар арасындағы қарым қатынас рөлі
Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі
Адами қарым - қатынас
Қарым қатынастың интеракциялық жағының сипаттамасы
Құндылықтардың жіктелуі
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қарым қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаттамасы
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Отбасының негізгі функциялары
Пәндер