Батыс түрік мемлекеті


ЖОСПАР
I Кіріспе:
II Негізгі бөлім:
1) Батыс түрік мемлекетінің шаруашылығы.
2) Батыс түріктің мәдинетті.
3) Батыс түріктің құрамындағы тайпа.
4) Батыс түрік кезіндегі дулат таипасы.
III Қортынды:
Алайда Түрік қағанатының ғұмыры ұзақ болмады. Талас тартыстың күшеюінен ақыр аяғында қағанат Шығыс және Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж. ) болып екігі бөлінген. Қазіргі Жетісу, Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жерін алып жатқан Батыс түрік қағанатының аумағы VII ғасырда шекарасы Солтүстік - Батыс Үндістанға дейін жеткен. Орталығы- Суяб қаласы. Қаланың дәл қай жерде екені
анықталмаған. Жазба деректердің көрсетуіне қарағанда, Шу өзенінің бойында, қырғыз жерінде орналасқан. Қағандықтың негізгі этностық құрамы бес тайпадан біріккен нушебилер мен бес тайпадан біріккен дулулардан тұрады. Бұл мемлекет- Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырларда өмір сүрген алғашқы ірі мемлекеттердің бірі.
Бұл екі қағанаттың саяси талас-тартыстан пайдаланған Қытай патшасы Батыс Түрік қағанатының көптеген жерін басып алып, ру-тайпаларын өзіне бағыншты еткен еді. Алайда түркеш тайпасы өздерінің тәуелсіздігін қорғап қалу үшін Таң мемлекетінің жаулап алу саясатына қарсы тұрып, 704 жылы Түркеш қағанаты құрылды.
Батыс Түрік қағандығының негізін 582-585 жылдары Або (Абруй) қаған қалаған. Территориясы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендернің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Батыс түрік
қағандығының бірінші басшысы-қаған, жоғары билеуші әрі әскербасы саналады. Батыс Түрік қағандығы Шегуй (610-618) мен Түн жабғу (618-630) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттік шекарасы кеңейе түскен. Шегуйдің інісі Түн жағбу қаған мемлекетінің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын
жалғастырды. 625 жылы Иранға қарсы Византиямен келсімшартқа отырған. Түн жағбу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 жылы) қатысып, Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қаларды өз үлесіне алады. 630 жылы түркілер Арменияға басып
кірген. 656 жылдан Таң империясы бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды- «қуыршақ қағандарды» тағайындап отырды. Дегенмен, олардың ішінде Дучжы (басқақ) елді
тәуелсіздікке жеткізуге ұмтылды. 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді.
Ашина Синь соңғы қаған болды. Батыс Түрік қағандығының орнына Түргеш қағандығы құрылды.
Бірақ осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты бір тұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады.
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің-мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізу негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның
ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, сонын арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынаста Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті.
Батыс түрік (сондай-ақ Шағыс түрік) қағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалаардың соғды халық да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды.
Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси, организмнің бөлегі болды.
Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызады, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да орталығының да халық осы айналыс өрісіне тартылды.
Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы
Еврвзияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенмен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығын жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер көп болды. Көшпелі қоғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүру қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдер көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді.
VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ортасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей кйген, - дейді ол. - Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік кйген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігінен көз сүрінеді». Одан әрі қағанның
киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделген соншалық, тіпті «көз қаратпаиды» дейді ол.
Тағы бір категория-үй қаған барынша назар аударарлық.
Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да фамилалар өз басшысы үй -қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды; демек бұл үй қаған деген сөз». Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлініс партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр.
Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеуметтік терминологиясынан ұқсастырып, оларды «қара будың» («тобыр», «қара халық») деп аталған деп топшыланды. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерлік туралы жазба деректер аз.
Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктер бір әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда «қанмен төлейтін салық») болғаны белгілі ; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамын акіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығыныңың ең көбі бағынышты
тайпалар мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке қойылған. Бұл дәстүр барлы жерлерге тараған.
Бағыныштылық әрқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түріктердегі «құл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар-үстем тайпаға мал және аң терісі т. б түрінде салық төлеп тұруға міндетті вассал тайпалар.
Түріктердің көршілес тайпаларға шапқыншылық жасандығы мақсаттарының бір құлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың қыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздр, яшма мен жібек-мұның бәрі қаған меншігіне түседі», -делінеді сол кездегі құжаттардың бірінде. Түріктің Білге-қағанының 720 жыл басылымдарды енуі баяндай келіп, автор түріктер «олардың (басылымдардың) ұлдары мен қыздары алып, кейінгі қайты» деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен отбасылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыққа пайдаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz