34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Аралық қаржы есептілігі

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Аралық қаржы есептілігі

МАҚСАТЫ

Осы Стандарттың мақсаты аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұнын айқындау және аралық кезеңдегі толық және ықшамдалған қаржы есептілігінде тану мен бағалауға арналған қағидаттарды белгілеу болып табылады. Дер уақытындағы және сенімді аралық есептілік инвесторлардың, кредиторлардың және басқа тұлғалардың компанияның пайданы және ақша қаражатының ағындарын құру мүмкіндіктерін анықтау, оның қаржылық жай-күйі мен өтімділігін бағалау қабілетін арттырады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Осы Стандарт қандай қомпаниялардың аралық кезең аяқталғаннан кейін қандай жиілікпен және қаншалықты тездікпен аралық қаржы есептілігін жариялауға тиіс екендігін белгілемейді. Алайда, үкіметтер, бағалы қағаздар айналысын реттейтін органдар, қор биржалары және бухгалтерлік ұйымдар борыштық немесе үлестік бағалы қағаздары нарықта еркін айналатын компаниядан аралық қаржы есептілігін жариялауды жиі талап етеді. Осы Стандарт компания Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес аралық қаржы есептілігін жариялауға мәжбүр болған немесе жариялауды шешкен жағдайда қолданылады. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының комитеті акциялары еркін айналатын компаниялардың осы Стандартта ұсынылған тану, бағалау және ашу қағидаттарына сәйкес келетін аралық қаржы есептілігін ұсынуын қолдайды. Атап айтқанда, акциялары еркін айналатын компаниялардың мыналарды:

(а) аралық қаржы есептілігін ең болмағанда олардың қаржы жылының бірінші жартысының аяғындағы жай-күйі бойынша; және

(b) аралық қаржы есептілігін аралық кезең аяқталғаннан кейін 60 күннен кешіктірмей ұсынуына қолдану көрсетіледі.

2. Жылдық немесе аралық қаржы есептілігінің Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестігі жеке бағаланады. Компанияның нақты қаржы жылының ішінде аралық қаржы есептілігін бере алмау немесе осы Стандартқа сәйкес емес аралық қаржы есептілігін беру фактісі компанияның жылдық қаржы есептілігінің, егер олар барлық қалғандары бойынша олардың талаптарына жауап беретін болса, есептіліктің Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес еместігін білдірмейді.

3. Егер компанияның аралық қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес ұсынылса, ол осы Стандарттың барлық талаптарын орындауға тиіс. Осыған байланысты 19-параграф тиісті ақпараттың мәнін ашуды қажет етеді.

АНЫҚТАМАЛАР

4. Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген мәндерде пайдаланылады:

Аралық кезең - бұл ұзақтығы толық қаржы жылынан қысқа қаржылық есеп беру кезеңі.

Аралық қаржы есептілігі - не қаржы есептілігінің толық жиынтығынан (1-« Қаржы есептілігін ұсыну » IAS сипатталғандай) не аралық кезеңдегі ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан (осы Стандартта сипатталғандай) тұратын қаржы есептілігі.

АРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ

5. 1 IAS Халықаралық стандарты қаржылық есептердің толық жиынтығын айқындайды, оған мынадай құрамдас бөліктер кіреді:

(а) баланс;

(b) пайдалар және залалдар туралы есеп;

(с) меншікті капиталдағы не:

(і) меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді, не

(іі) меншікті капиталдағы меншікті капитал иелері ретінде іс-әрекет жасайтын меншікті капитал иелерімен операциялар нәтижесінде туындайтын өзгерістерден басқа өзгерістерді көрсететін өзгерістер туралы есеп;

(d) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп; және

(е) есеп саясатының маңызды аспектілерінің қысқа сипаттамасын және өзге де түсіндірме ескертулерді қосқандағы ескертулер.

6. Уақтылы болу және шығындар тұрғысынан және бұрын берілген есептіліктегі қайталауларды болдырмау үшін, компания жылдық қаржылық есептілікпен салыстырғанда аралық күндердегі жай-күйі бойынша азырақ ақпарат ұсынуға мәжбүр болуы мүмкін немесе ұсынуды шеше алады. Осы Стандарт ықшамдалған қаржы есептері және ішінара түсіндірме ескертулер кіретін аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұнын айқындайды. Аралық қаржы есептілігі жылдық қаржы есептерінің соңғы толық жиынтығымен салыстырғанда жаңартылған ақпарат ұсынуға арналған. Тиісінше, ол жаңа қызметтің жаңа түрлеріне, оқиғалар мен жағдайларға байланыстырылады және есептерде бұрын ұсынылған ақпаратты қайталамайды.

7. Осы Стандарт компанияға аралық қаржы есептілігіне ықшамдалған қаржы есептілігінің және ішінара түсіндірме ескертулердің орнына қаржылық есептердің толық жиынтығын (1 IAS Халықаралық стандартында сипатталғандай) жариялауға тиым салмайды. Стандарт сондай-ақ компанияның ықшамдалған қаржы есептілігіне осы Стандартта айқындалғандай, баптар мен ішінара түсіндірме ескертулердің ең аз санынан жоғары ақпарат енгізуіне тиым салмайды. Осы Стандарттағы тану және бағалау жөніндегі нұсқаулар сондай-ақ аралық кезеңдегі толық қаржы есептілігіне қолданылады және мұндай есептілікке осы Стандарт талап ететін (атап айтқанда, 16-параграфта көзделген ішінара ескертулерді ашу), сол сияқты басқа да Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары талап ететін барлық ашып көрсетулер (әсіресе) кіреді.

Аралық қаржы есептілігінің ең аз құрамдастары

8. Аралық қаржы есептілігіне ең аз дегенде мынадай құрамдас бөліктер кіруге тиіс:

(а) ықшамдалған бухгалтерлік баланс;

(b) пайдалар және залалдар туралы ықшамдалған есеп;

(с) не (і) капиталдағы барлық өзгерістерді, не (іі) меншік иелерімен операциялардың және меншік иелерінің бөлістері нәтижесінде туындайтын өзгерістерден басқа өзгерістерді көрсететін ықшамдалған есеп;

(d) ақша қаражатының қозғалысы туралы ықшамдалған есеп; және

(е) ішінара түсіндірме жазбалар.

Аралық қаржы есептілігінің нысаны және мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
8 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпарат беру
21 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
18 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
7 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
2 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты туралы мағлұматтар
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz