«Тілге құрмет – елге құрмет»


«Тілге құрмет - елге құрмет»
Мемлекеттәк тіл - татулық тірегі
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов.
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы - ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі - мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу - біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат - тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған болатын.
Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.
Сонымен қатар тілімізді құқықтық тұрғыдан бекіткен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң және Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат болып табылады.
Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау - қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл - әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да - тіл. Ол - қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл - ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры - баршамыздың қолымызда.
Осыған орай, қазіргі таңда, Қарасай аудандық Әділет басқармасы тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде.
Әділет басқармасы ғимаратының сыртына «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі - еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. » атты Елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзі ілінген.
Ғимарат ішіне Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы ілінген.
Шығыс құжаттары мемлекеттік тілде әзірленуде.
Бұл дүниеде күн шыққанда күліп оянған адамның бақытынан асқан ештеңе жоқ. Қазақстан және оның басшылығының жүргізіп отырған саясаты адамдарды жақсылыққа кенелтіп, келешекте бұдан да ғажап өмір сүретінімізге нық сендіреді.
Ендеше, Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болшағы да өркендей береді деп сенеміз.
Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz