Білім


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БІЛІМ

Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. "Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім - күш", - депті ағылшын философы Френсис Бэкон.

Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бәрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай, бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың.

VII ғасырда омір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің / Әбу Әли ибн Әбу Талиб/ ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Әзірет Әліге бір сұрақ: "Білім артық па, байлық артық па?", - деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі сұрақтарға былай деген екен:

1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, байлық бақылдардан калған мұра.

2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.

3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.

4. Білім іздей берсең кебейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны осыдан.

5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек.

6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің артық болатыны сол.

7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жұр-гізбейсің, байлығыңа үлайы есеп жүргізіп тұруың керек.

8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бұлінбейді, дүние-мал бүлінеді, сондыктан да білім артық.

9. Білім артық ол жаныңды байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.

10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол, бірақ білімсіз адам байлығына мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, - деген екен.

Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдеуге болмас.

Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуаиышта - бастаушы, қайғыда - медет, күресте - құрал, зұлымдыққа қарсы айла деп діни хадистерде бекерге айтылмаған. Қараңғылык - бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан, қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш - оку.

"Білген адам - өкінбейді, мейірбан адам - мазасыз-данбайды, батыр адам - қорықпайды", - дейді Конфуций. Өзі сүйіп көрмеген адамға махаббаттың не екенін түсіндіре алмайсың. Сондай-ақ өзін-өзі аяйтың, жанын кешіп жұмыс істегісі келмейтін адам білімдар бола алмайды.

"Модениеттің үш түрі бар: тұрмыстық модениет, яғни, жаңа ақпараттарды жай ғана жиюшы; діни мәдениет, оның мағынасы, белгілі бір нұскаулыктарды орындаумен шектеледі; санаулылардың моденнеті - өзін-өзі дамыту", - депті Худживри ұста.

Білу дегеніміз - жеңу. Ғылым, білім - тоғышарлыққа ем.

Өз қанатың болмаса өзгенің қанатымен ұша алмайсың.

"Іздеген сирек болса да табады, іздемеген ешуақытта таппайды, - депті Бальзақ. Білім көңілге күдік туғызады, ал күдік тағы да жетігірек білуге жетелейді, демек, білім қосыла береді. Білім - адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса ештеңеге күдіктенбеуімен, ештенені білмеуімен, білгісі келмеуімен, солай бола тұра. бәрін білемін деуімен мықты болғысы келеді. Білімділік - күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық - тоңмойындыққа алып келеді.

Исаак Ныотон өлерінде былай депті: "Мен Ұлы Мұхиттың жағалауынан бір ғапа кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймың, таптым да қуандым . . . Ал ол Мұхиттың жағалауы мен түисіз тереңінде ол секілді тастар қаншама". Омар Хайяммың соңғы сөзі былай болынты: "Алла! Мені өзің берген білімім үшін кеше гор!".

Қазақтың тарихы келте, женді сақталмаған дегенді көп айтамыз, Бір өзі мыңға, миллионға татитын Абайымыздың қадіріне де енді жеткеңдейміз. Мен қазақты үшке бөлген болар едім: Абайды оқығандар, Абайды оқысам деп жұргендер және Абайды оқу керектігі ойыпа кіріп те шық-пайтындар, - деп.

Ең жоғарғылар - туғаннан біліп туғандар, келесісі -оқып барып, танып-білгендер, одан кейінгісі - тал қармағанда ғана оқитындар, одан төменгі адамдар оқу керектігі ойына кіріп те шықпайтындар. Олар - надандар. Ал надандар - тірі өліктер.

Ең бағалы табиғи тасты алмаз дейді, оны қырландырып, тәртіпке келтірген соң ғана бриллиантқа айналады. Бриллнант үлкен болып, кыры көп болған сайын бағалы. Оқу-біліммен қырлаиған ақыл да солай.

"Білім - күш", - дедік. Шын мәнінде, білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күшқайратқа ие боласың.

"Білімсіздік - бұл ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл ойды ағартуды ойласаңыздар екен", - дейді Виктор Гюго.

Құр оқи бергенмен ештеңе шықпайды, әлсін-әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.

Көп адам өзінің не тындырып жұргенін, ақылқабілеті қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білімтанымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді жылдап таудала кездіріп ойландырған сол білім-танымға асықтық, Осыған керісінше, адам аз білген сайын өзіне-өзі риза болады, тоқ көңіл келеді.

Білім де талпыпсаң қонады. "Ит маржанды не қылсын", - деп ұлы Абай айтқандай, маржанды қажетсінген адам. оны іздеп тереңге бойлай білген адам табады. Ал терсңге бойлау үшін талап керек.

Білімі ақылынан көбірек адам, білімінен таяқ женді.

Өмірден үлкен үстаз жоқ. Киікбай деген би айтқан екен: "Нағыз бақ еңбектіге бітеді, өмір үйретіп данышпан етеді. Ақылым - атам, білімім - бабам", - деп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңы
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Білім беруді ақпараттандыруда педагогикалық технология
Білім беру процесін басқару сапасы
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Білім беру жүйесінің принциптері
Білімді қаржыландыру
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz