Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету



Кіріспе
І.тарау. 3.сынып математика сабақтарында оқушыларға халықтық педагогика негізінде оқытып.үйретудің жолдары
1.1. Халықтық педагогика жөнінде ағартушылардың
ой.пікірлері
1.2. Халық педагогикасының озық үлгілерін сабақта пайдаланудың маңызы
Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар бар. Қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми ой- пікірлердің қалыптасуының бұлақ бастауларының бірі халық педагогикасы болып табылады.
Халық педагогикасы үлгілеріне мақал – мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, математикалық ойындар, санамақтар, ертегілер жатады. Осылар баланың ойлау қабілеттерін, зейінін, ойлау өрісін дамытуда пайдаланылады. Халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау әр түрлі ғылыми педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.
К.Д.Ушинский халық дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын, салт-санасын жақсы білген. Оның пікірі бойынша халық – бірінші тәрбиеші, оған халық ертегілері халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.
Г.С.Виноградов пікірі бойынша жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдарды халық педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасы халықтың өмірлік тәжірибесі. Халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымның бірі Г.Н.Волков. Ол екі монографияның авторы: «Чувашская народная педагогика» және «Этнопедагогика».Волков халық педагогикасы тұжырымдамасын қалыптастыруда зор рөл атқарған. Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық тәжірибесі, өмір, үйелмен педагогикасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт жайлы ғылым деген.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар бар.
Қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми ой-
пікірлердің қалыптасуының бұлақ бастауларының бірі халық педагогикасы
болып табылады.
Халық педагогикасы үлгілеріне мақал – мәтелдер, жұмбақ,
жаңылтпаштар, математикалық ойындар, санамақтар, ертегілер жатады. Осылар
баланың ойлау қабілеттерін, зейінін, ойлау өрісін дамытуда
пайдаланылады. Халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау әр түрлі
ғылыми педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына
көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты,
өмірлік мұра қалдырды.

К.Д.Ушинский халық дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын, салт-санасын
жақсы білген. Оның пікірі бойынша халық – бірінші тәрбиеші, оған
халық ертегілері халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын
әрекеті.
Г.С.Виноградов пікірі бойынша жасөспірімдерді оқыту және
тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдарды халық
педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасы халықтың
өмірлік тәжірибесі. Халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымның
бірі Г.Н.Волков. Ол екі монографияның авторы: Чувашская народная
педагогика және Этнопедагогика.Волков халық педагогикасы тұжырымдамасын
қалыптастыруда зор рөл атқарған. Этнопедагогика жас ұрпақты
тәрбиелеуде халық тәжірибесі, өмір, үйелмен педагогикасы, ру, тайпа, ұлыс
және ұлт жайлы ғылым деген.
Зерттеу жұмысының мақсаты: халықтық педагогикаға байланысты зерттелген
еңбектерді қарастыра отырып, оқушылардың жас ерекшелік

сапаларын ескере отырып, математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің
кейбір түрлерін көрсету.
Мақсаттан туындайтын міндеттер:
- 3-сыныптарда математиканы оқытудың қазіргі жайының және оны
жетілдірудің негізгі бағыттарының сипаттамасын тұжырымдау.
- Математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін
пайдаланудың теориялық және практикалық алғышарттарын
анықтау.
-Математиканы оқытып этнопедагогика элементтерін математика
сабақтарында және пән бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда
пайдаланудың ұсынылған әдістерінің тиімділігіне эксперемент жүргізу.
Зерттеу обьектісі: мектепте халық педагогикасының озақ үлгілерін
пайдаланып, математиканы оқытып, үйрету.
Зерттеу пәні: 3-сыныпта математиканы оқыту процесінде этнопедагогика
элементтерін пайдалану әдістемесі.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: зерттеу проблемасына байланысты
тарихи, философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми оқу
әдістемелік әдебиеттермен танысу, іс-тәжірибелерді үйрену, бақылау,сұрақ-
жауап әдістерді қолдану.

І-тарау. 3-сынып математика сабақтарында оқушыларға халықтық
педагогика негізінде оқытып-үйретудің жолдары
1.1. Халықтық педагогика жөнінде ағартушылардың
ой-пікірлері
Қоғамның қазір зеңінде болып жатқан саяси эканомикалық, мәдени
әлеуметтік және т.б. өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бет бұрыстардан
білім және тәлім тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеру қажеттігі
туындап отырғандығы белгілі. Өйткені егемен еліміздің болашағы оның
материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің
деңгейіне байланысты. Сондықтанда қоғамның білім беру жүйесін
жаңғырту мен жетілдіре түсу деген талап тілектерден және ниеттен
туындап отырған мемлекеттік деңгейдегі іс әрекеттер мен шаралар
жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда білім беру жүйесінің барлық
буындары мен сатыларын құрылымдық тұрғыдан қайта құруында, сәйкес
сатылардағы білім мазмұнын жаңғырту және оның қазақстандық
моделінің нұсқасын жасау және тәжірибеге енгізілді, оқытудың құрал
жабдықтарының яғни оқу әдістемелік топтама, бағдарлама, оқулық,
мұғалімдерге арналған көмекші әдістемелік құрал, оқу әдістемелік
құралдар ата-аналарға арналған оқу құралы және т.б. жаңа жүйесін
жасауды және сол арқылы білім мазмұнының жаңа моделі тәжірибеге
енгізуді қамтамасыз ету, оқытудың әдіс тәсілдерін және оны
ұйымдастырудың түрлерін бүгінгі күннің талабына және психологиялық
педагогикалық дербес әдістемелік ғылымдардың қазіргі даму деңгейіне
орай жетілдіре түсу іске асырылуда. Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа
әдістемелік жүйесі қазақ мектептерінде пәнді табысты оқытып үйретудің
негізгі жолдарының бірі ретінде оқытудың дәстүрлі әдістерін дамыта
оқу технологиясымен және қазақтың этнопедагогикасымен ұштастыра
жүргізу жұмысын практикаға енгізу мәселесіне ерекше көңіл аудару
қажеттігін көздеп отыр. Осыған орай бастауыш сыныптардың математика
бағдарламасында математика курсының мазмұны арқылы танымдық және
коммуникативтік іс - әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке
бейімделу сондай ақ ата - дәстүр әдет - ғұрып салт-сана халықтық
және ұлттық болмысты дүние жүзілік мәдени мұралармен үндестіру
арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру қажеттігі ерекше
айшықталған. Мұның өзі математикалық білім мазмұнының құрамына
этнопедагогика элементтерін мүмкіндігінше енгізуді және оларды
оқытудың әдіс тәсілдері деңгейіне көтеру керектігін талап етеді.

Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әртүрлі
көзқарастар бар. Қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту
жөніндегі ғылыми ой-пікірлердің қалыптасуының бұлақ бастауларының бірі,
халық педагогикасы болып табылады.
Тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әр түрлі өнер, мәдени,
әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру, тайпа халық болған емес,
болмайды да. Қай халықтың болмасын ғасырлар тереңінен бастау
алатын жас ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім берумен байланысты,
өзіндік ой-пікір тәжірибелері бар. Бұлардың жиынтығы халық
педагогикасы деп аталады.
Қазақ халқы ежелгі замандардан ақ-жас ұрпақтың болашағын
ойлап, оны ертеңгі тіршілік дүниесіне дайындау мәселелеріне ерекше
мән берген. Осының нәтижесінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім
беру жөніндегі халқымыздың ұзақ ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен
туған өзіндік аса бай ой – толғаныстарының жүйесі қалыптасты.
Тәрбие, әр халықтың өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген
кезінен бастау алып, оның қажетінен туған. Тәрбие мен оқу әр
халықтың даму тарихының, өркениетті және рухани сапаларын бейнелеп
көрсетеді.
Алғаш адамзат пайда болғанда, қоғамдық тәжірибе тек практикалық
білік – дағдылардан құрылған, аздаған тәжірибені балаға жеткізетін
арнайы адам оқу орны жоқ кезеңде, өсіп келе жатқан ұрпақ өзін-
өзі сақтауды, өмір сүруді, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас
арқылы үйренетін. Адамдардың еңбек іс-әрекеттері түрленіп
тәжірибесі байыған сайын, сол тәжірибені жаңа ұрпаққа жеткізу
жолдары да күрделенген. Адам тәрбиесінің тіршілік жағдайларын
жақсартудағы мағынасын түсіне бастаған. Педегогикалық түсініктері,
көз-қарастары, идеялары біртіндеп жинақталып, өзінше халықтық
тәрбие жүйесі қалыптасқан. Сондықтан халық педагогикасы халықтың
тәрбие саласындағы ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің көрінісі
ретінде адамзат қоғамының ең бастапқы сатысында пайда болған
деуге болады.
Қоғамның дамуымен қатар қоршаған айнала адам туралы білім
жинақталды, дін ғылым пайда болды, тәрбие мазмұны да біртіндеп
күрделенді. Халық педагогикасы негізінен қарапайым халықтың еңбек
сүйгіштік, еңбек адамдарын құрметтеу, әділеттікке ұмтылу сияқты
демократиялық және айналаға, адамға аса ықыласпен қарау, адамға
қамқорлық жасау, сияқты көз-қарастарын гуманистік идеяларды
бейнелейді. Сонымен қатар әр уақытта келіп отырған ұрпақ өзінің
адамға оны тәрбиелеуге көз қарастарымен жаңа идеялармен халық
педагогикасын толықтырып, байытуға өз үлестерін қосып отырды.
Қоғамның даму процесінде халықтың педагогикалық тұжырымдамалары
тексеріліп, тәрбие құралдары әдіс-тәсілдері іріктеліп отырды.
Бірақ педагогикалық тәжірибе эмпирикалық деңгейде болды. Халық
педагогикасы – озық педагогикалық жүйенің құрылуының бастау бұлағы,
педагогика ғылымының алғашқы сатысы ретінде жалпы адамзат
мәдениетінің дамуында маңызды роль атқарды.
Халық педагогикасы мәселесі әрқашан негізгі проблемалардың
бірі болған.Халық педагогикасы проблемаларын зертеу тарихына үңілсек
халықтың тәрбиелеу тәжірибесін оқып білу әр кезде ойшылар
ағартушылар, ғалым педагогтар назарынан тыс алмаған екен. Түрлі
уақытта ағартушылар, педагогтар өздерінің шығармашылық жолын
халықтың мәдени дәстүрлерімен үйреніп оны еңбектерінде пайдаланудан
бастаған. Педагогика ілімінің ірге тасын қалаған классиктер,
ағартушылар халық педагогикасын тәрбие туралы, ғылымды байытатын
оның тірегі болады деп санаған. Мысалы, чех халқының ғалым
әдіскері Я.А. Коменский өзінің ағартушылық қызметін халықтың ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаушы әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерттеуші
ретінде бастаған, өзінің Ұлы дидактикасында балаға тәрбие, білім
беруді төрт сатыға бөліп, соның алғашқы сатысын Ана мектебі,
екіншісін Ана тілі мектебі бұл екі саты баланың туғанынан он-он
екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды деп атаған. Ұлы педагог
Ана мектебінің идеясын жанұяда тәрбиелеу тәжірибесіне сүйеніп
тұжырымдаған және бала дамуының ерекше сезімтал кезеңінде
тәрбиелеуді толығымен ана тілінде жүзеге асырудың қажеттігін ерекше
атап көрсеткен.
Атақты швейцариялық педагог И.Г.Песталоцций халық педагогикасының
тәжірибесін қорытындылап Аналарға арналған кітабын жазған, адамның
ақыл- ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны
мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты, деп көрсеткен.
Француз ағартушысы жазушы Ж.Ж.Руссоның баланы еңбек тәрбиесі арқылы
жан- жақты жетілдіру туралы пікірі өз елінің халқының көзқарасымен
үндес.
Сол сияқты орыс педагогикасының өкілдері В.Г.Белинский,
Н.Ч.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, К.Д.Ушинский т.б. халық шығармашылығы,
халықтың педагогикалық даналығы туралы жазған.
Халықтың арасынан шыққан озық ағартушылардың идеологиясы жас
ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қатысты көзқарастардың қалыптасуына
белгілі деңгейде әсерін тигізген. Мысалы, Шығыс халықтары
ағартушыларының (ибн Сина, Бируни, Әл-Фараби, Рудаки, Хорезми, т.б.)
адам тұлғасын қалыптастыру, тәрбиелеу, баланы дамыту жолдарын
қарастыру жөніндегі педагогикалық идеялары халықтың көзқарасымен
үйлеседі және оны ғылыми тұрғыдан толықтырады.
ІХ-Х ғасырларда ұлы ғалым Әбу Насыр Әл Фараби өзінің
психологиялық, педагогикалық көзқарастары жүйесімен белгілі болған. Әл
Фарабидің гуманизм идеясына толы жан-жақты педагогикалық көзқарастары
көптеген трактаттарында берілген. Оларда дидактика мен оқыту
әдістемесіне үлкен орын бөлінген, оқытудың түсінікті, жүйелі,
көрнекі болуы туралы, оқушылардың белсенділігі мен мақсатқа
талпынушылығы туралы айтылған. Кейбір педагогикалық ұғымдарға, тәрбие
тәсілдері мен әдістеріне талдау жасалған. Әл Фарабидің педагогикалық
қызметінде оқыту мен тәрбиелеу тығыз, етене байланыста
қарастырылған, олардың педагогикалық құралдар ретіндегі айырмашылық,
өзінше ерекшелік жақтары көрсетілген.
Кейіннен Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Яссауи, т.б. жазған этика-
педагогикалық трактаттар кеңінен тараған.
Ж.Баласағұнның Құтты білік кітабын ерекше атап айтуға болады.
Түрік халықтарының сол кездегі мәдени және ғылыми өмірінен, тәлім-
тәрбиелік ой-пікір тәжірибелерінен мол мағлұмат беретін бұл
шығармада математикалық білімнің қажеттігін насихаттайтын құнды
пікірлер де көптеп кездеседі.
Қазақ ұлы ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин де
болашақта ұрпағының қандай болатындығына жандары ауырып, өз
халқының рухани қазыналарын – тілін, әдет-ғұрпын, ауыз-әдебиет
үлгілерін жастарға ықпал етудің, ақыл-ойын жетілдірудің, бойына
адамгершілік асыл қасиеттерді дарытудың құралы ретінде пайдаланған.
Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраты балаларға жан-жақты және
кең көлемде білім беру Ыбырай Алтынсарин мектеп оқушыларына арнап
жазған хрестоматиясына қазақ халық ауыз- әдебиетінің үлгілерін
енгізді, өзінің тәрбиелік мәні зор өлең-жырларын, әңгімелерін
ұсынды. Қазақ мәдениетіне ол өзінің оқулықтарымен, өлең, әңгімелерімен
этнографиялық очерктерімен, өнер- білімге негізделген жаңа үлгідегі
мектептерімен үлес қосты.
Ғалым, ағартушы Ш.Уалихановтың қалдырған рухани мұрасы да
психологиялық, педагогикалық пікірлерге толы. Өзінің бірқатар
шығармаларында ол кей халықтардың тұрмыс, дәстүр, салт, мәдениет,
дін, географиялық орта ерекшеліктеріне талдау жасаған, халықтың
мәдени рухы, халық психологиясы нақтылы түрде фольклорда, халықтың
мұң- мұқтажы оның поэзиясында көрсетілген деп есептеген.
А.Құнанбаев қазақтың рухани және әлеуметтік өмірінің әртүрлі
жақтарын сын көзбен қарап толық қамтыған. Оның өлеңдері мен қара
сөздері, халық даналығына, ақыл,,өсиет, ғибратқа тұнып тұр, олардан
ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық тәрбиеге көзқарастары
көрінеді. Қазақ халқының мәдени мұрасына этнограф-ғалымдар,
саяхатшылар, басқа да қайраткерлер В.В.Радлов, Г.Потанин, А.Алекторов
т.б. ерекше мән беріп, қадірлеп, жинап жариялаған.
Халық педагогикасы мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі
біраздан бері жүргізіліп келеді. Бұл мәселеге 1926 жылы этнограф,
педагог Г.С.Виноградов назар аударған. Ол халық педагогикасын
халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырып, оны білім мен дағдылар жиынтығы, деген пікірді
құптаған.
60- шы жылдардан бастап халық педагогикасының идеяларын,
тәрбие тәжірибесін, ғылыми тұрғыдан оқып зерттеу барысында ірі,
күрделі еңбектер (Н.Ф.Афанасьев, Г.Н.Волков, А.Ш.Гашимов,А.Э.Измаилов,
Қ.Сеиталиев, Қ.Жарықбаев, А.Мухамбаева, А.Көбесов, С.Қалиев, С.Ұзақбаева,
Ә.Табылдиев, М.Балтабаев, т.б. жарық көрді.
Бұл еңбектерде халықтың фольклорлық ескерткіштеріндегі
педагогикалық көзқарастар талданған, яғни халық ертегілері, мақал-
мәтелдер, эпостар арқылы тәрбие беру идеялары қарастырылған.
(А.Гашимов, И.Оршыбеков, И.Шоров, Ә.Табылдиев, т.б халықтың тәрбие
туралы педагогикалық ой-пікірлері, халықтың және ойшылдардың,
ағартушылардың, педагогикалық көзқарастары талданған.
(Қ.Жарықбаев, А.Көбесов т.б. халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне
пайдалану жолдары анықталған, халық педагогикасының озық дәстүрлерін
қазіргі тәрбиенің барлық бөлігінде пайдаланудың, тәрбиенің жекелеген
міндеттерін шешудің әдістемелері жасалған. Аталған ғалымдардың
жұмыстарында халық педагогикасы ұғымының мәні және маңызы ашып
көрсетілген. Педагогика ғылымы мен халық педагогикасының қатынасы
қарастырылып: халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан
өтіп, ғылыми педпгогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің
бастау бұлағы, педагогиканың алғашқы құралы және тәрбие жүйесі
болды деп тұжырымдалған.
Халық педагогикасы ұғымын анықтауда зерттеушілерде әр түрлі
көзқарастар қалыптасқаны байқалады.
Е.Л.Христова халық педагогикасын - халықтың таптық педагогикалық
санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы - белгілі ұлттық педагогиканың
санасы ретінде қарастырады.
Халық педагогикасы проблемасын чуваш ғалымы Г.Н:Волков
қарастырып, оның тәрбиелік мәніне, педагогикалық негіздеріне,
әдістеріне, құралдарына анықтама берді.
Халық педагогикасы-халықтың ауыз әдебиетінде, салт
-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында
мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің
жиынтығы. Халық педагогикасы халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру
үшін пайдаланылатын, педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-
құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысты... бұл білім
мен мағлұматтар, әдетте, ауызша таратылады. Оның зерттеу тақырыбы-
тәрбие, ал тәрбие обьектісі - адам тұлға дейді.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуының
қайнар көзі: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б. сияқты
ағартушылардың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері
жайындағы еңбектері:
Қазақстандағы педагогика проблемаларына, ғылыми педагогика мен
халықтың ұрпақты оқыту, тәрбиелеу тәжірибесінің үндестігіне арналған
М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов,
Х.Досмұхамбетов, т.б. зиялылардың еңбектері деген жөн.
Педагогика ғылымы саласында М.Жұмабаев қазақ халқының
өткендегі бай мұрасы ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерін ғылыми
зерттеу ісіне арқау етті. 1992 жылы Жұмабаев Педагогика атты
ғылыми еңбегін жазды. Онда автор баланың бойына туған елінің ең
асыл қасиеттерін, жалпы адамзаттың рухани байлығымен үйлестіре
дарытып тәрбиелеудің маңыздылығын айтты. Қазақ бесігінің баланың
жаны мен тәнін өсіріп жетілдірудегі рөлін, бесік жыры, санамақ,
жаңылтпаш, жұмбақтардың тәлімдік мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
берді. Баланың ойлау қиялдау қабілетін жетілдіруде ертегілер мен
төрт- түлік малды мысалға алу немесе ұлттық ойынның ерекшеліктерін
сөз ету, тәрбиені күнделікті өмірмен байланыстыра нақтылы ойлау мен
абстракциялы ойдың бірлігін сақтай отырып сана сезімді ой - қиялды
жетілдірудің жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырды, сөйтіп тәрбиені
халықтық педагогика құралдарына сүйене отырып жүргізудің жолдарын
көрсетті.
Ж.Аймауытов халықтың тыныс тіршілігіне негізделген тәлім-
тәрбиелік маңызы зор, ғылыми еңбектер жазып қалдырды, ( Тәрбиеге
жетекші, Тәрбие, Психология, Жан жүйесі және өнер таңдау, т.б.)
Психология, Жан жүйесі және өнер таңдау, еңбектері психология
ғылымына қосылған сүбелі үлес. Онда ғалым дін, философия тарихына
бойлай отырып, көптеген мысалдар, деректер келтіріп, психология
ғылымының пәнін зерттеу обьектісін анықтайды. Жан, ден, сана, ой,
ақыл, қиял, қабілет, т.б. ұғымдардың мәнін ашты. Географиялық орта,
тұлғаның әлеуметтік қалпы, топтар, ұлттар психологиясы, фольклордың,
мәдениеттің, адамдар санасына әсері деген мәселелерді көтере отырып,
ғылыми пайымдаулар жасады.
Тәрбиеге жетекші атты мақаласында баланы жан-жақты
тәрбиелеу керектігін айтады. Педагог-ғалымның ұрпақтың ертеңін
ойлағаннан туындаған, бұл еңбегі бүгін де маңызды болып отыр.
А.Байтұрсынов өз еңбектерінде баланы оқыту және тәрбиелеу
ісінде ауыз - әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызын жоғары
бағалады. Бастауыш мектеп деген мақаласында бастауыш мектептің
танымдық рөліне, тұлғаны қалыптастырудағы алатын орнына да көңіл
бөлді: Бастауыш мектепте оқығандар ең әуелі қазақша толық хат
білетін дәрежеде болуын көздеу керек, екінші, бастауыш мектептен
үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу
керек. Егер де бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай
үйінде қалса, ұлт әдебиеті мен матбұғатынан мүлкін пайдаланарлық
дәрежелі біліммен қалсын А.Байтұрсынов оқу - тәрбие мәселесіне
ғылыми тұрғыдан қарауға, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне шәкірттердің
жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық
қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген.
Ұлттық тәрбие мен оқыту саласында соны идеяларды
Х.Досмұхамбетов пен М.Дулатов та айтты.
Х.Досмұхамбетов тіл, әдебиет, ұлттық психологияға
байланысты: Халықтың құлқы, мінезі, ойы заманындағы әдебиетінен
білінеді. Әдебиет- халықтың түрлі қимылдарының айнасы... деген
пікірі терең мағыналы. М.Дулатовтың артына қалдырған рухани
мұрасында қазақ елінің әдет- ғұрпы, дәстүр – салты, тәлім - тәрбиесі,
этикалық, эстетикалық ұнам - талғамдары баяндалған.
Ол өз педагогикалық мақалаларында бала тәрбиесін бастауыш
мектептен бастау керектігін және де сол халықтың тілін ұлттық
әдет, салт-дәстүрлерінің озық үлгілерінде жүргізу керектігін
көрсетті. М.Дулатовтың бұл пікіріне Есеп құралы атты кітабы
дәлел. Мұнда бастауыш сыныптағылардың ұғымына оралымды, көкейіне
қонымды, кұнделікті қазақ өмірінен алынған есептер, тапсырмалар мен
жаттығулардың математикалық білім алуға жәрдемдесетіні, окушылардын
ұллттық сана-сезімін, білімге құштарлығын тәрбиелеуге дау туғызбайды.

Осы жоғарыда айтылған еңбектерде халық педагогикасы жеке проблема
ретінде зерттелмеген, халық педагогикасы деген термин де қолданылмаған.
Бірақ озық ойлы зйялылар, ғалымдар мен педагогтар ұрпақты тәрбиелеу мен
оқыту ісінде халықтың салт-дәстүрін, оқыту, тәрбиелеу құралдарын,
әдістерін пайдалану жөнінде кеңестер беруі, олардың халықтың
педагогикалық тәрбиесін жоғары бағаланғанын білдіреді.
Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген
ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап,
еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу
құралдары пайда болды. Ғалым Оразбекова К. Иман және инабат (1993)
деген кітабында имандылық - ұлтық тәрбиенің негізг деп көрсетіп,
қазақ этнопедагогикасының бір қайнар көзін ашты. М.Оразаев,
М.Смаилова сияқты педагогтар Қазақ халқының салт-дәстүрлері деген
кітап жазып, қазақ этнопедагогикасының салт-дәстүрге байланысты
саласын айқындады. Профессорлар Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиев Әдеп
және жантану 1994 жылы оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен
этнопедагогикасы ғылымының негіздерін айқындады. Ғалым С.Ғаппасов
Ізгілік әліппесі (1995) Халық педагогикасының негіздері (1996)
деген еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының ғылыми- медициналық және
танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді. Ә.Табылдиев Қазақтың халық
педагогикасы және тәрбие атты еңбегі арқылы қазақтың ауыз әдебиеті
мен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашып берді. Профессор
С.Қалиев Қазақ этнопедагогикасының негіздері және тарихы (1998)
деген оқу құралы арқылы қазақ этнопедагогикасының қайнар- бастауы
біздің заманымыздан бұрын белгілі бола бастағандығын дәлелдеп,
бұл ғылымның теориялық негіздерін айқындап берді. Зерттеушілер
Ұ.Асылов пен Ж.Нұсқабаев Әдеп атты оқулығында (1999) қазақтың салт
- дәстүрлеріндегі тәлім - тәрбиелік мақсаттарды жеткізе дәлелдеді.

1.2. Халық педагогикасының озық үлгілерін сабақта пайдаланудың маңызы
Ауыз әдебиеті халықтық қазына. Ол дүниеге бірден келген
жоқ, оған халықтың ғасырлар бойғы еңбегі, білімі, өнері
жұмсалды. Ауыз әдебиеті- халықтың ерте заманда, жазу - сызу өнері
болмаған кезеңде тудырған көркем шығармалары. Оған ертегі, өлең,
мақал мен мәтел, тұрмыс - салт жырлары, жұмбақ, батырлар жыры, лиро-
эпос, тарихи жырлар, айтыс өлеңдері, т.б. кіреді
Халық ауыз әдебиетінен тарихи оқиғаны өмір, табиғат, кәсіп
туралы халықтық тәжірибені, этнографиялық зерттеулерді, молынан
кездестіруге болады. Халық сол ұғымдардан рухани азық алып, өмір
тәжірибесін молайтты. Фольклорды мәдениет, кәсіп, шаруашылық
әдет-ғұрып, салт-сана, өнер-білім жайындағы түсініктердің жиынтығы
деуге де болады. Халық ауыз әдебиетінде отан қорғау тақырыбы,
махаббат, достық, табиғат құбылысы, үлкендердің өсиеті, ақынның
өнері, әженің ертегісі, халық дәстүрі, ұлттық мәдениет, тарих,
философия, дидактика, өнегелі сөз түгел қамтылады.
Дидактикалық тақырып қашаннан халық ауыз әдебиетіне тән.
Оның қай жанрын алып қарасақ та; жыры мен ертегісінде, мақал
мәтелінде, т.б. дидактикалық сарын ұшырасып отырады.
Халық ауыз әдебиетінің педагогикалық мүмкіндіктері жайында әр
уақытта әр халықтың зиялы қауым өкілдері пікірлерін айтып, өз
қызметтерінде пайдаланған. Мысалы, чех халқының ұлы-ғалым әдіскері
Я.А.Коменский өзінің ағартушылық қызметін, халқының ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы ретінде бастаған. Ол - халықтың мақал- мәтел,
қанатты сөздерін жинап Сокровищница чешского языка атты еңбегіне
енгізген.
Ы.Алтынсариннің ойынша оқу-тәрбие процесінде халық
шығармашылығын пайдалану, балаларға ата-бабаларының салт-дәстүрлерін
сыйлауға, адамдардың ойын, мінез-құлқын түсінуге көмектеседі.
Халқымыздың ертеден қалған ауыз әдебиеті мұрасын әдебиеттану ғылымы
саласында зерттеп, рухани игілігіне жаратуда еңбек сіңірген
ғалымдар М.Әуезов, С.Сеифуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев,
М.Ғабдуллин,т.б.
1927 жылы М.Әуезовтың қазақ эпосы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика оқыту методикасы
Қазіргі математика кезеңі
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
Математиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Математикалық мазмұн ұғымы
Пәндер