Кіші жүз ханы Әбілқайыр


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Әбілқайырдың эсербасы қызметіне ұсынылуы.
  2. Бұланты маңындағы шайқас.
  3. Шайқасқа қатысқан қазақ батырлары.

1726- 21 жылдарға қарай сұлтандар мен билер басқыншы жауға қарсы барлық қазақ руларын біріктіру жөнінде кең саясат жүргізе бастады. Бұл саясатты мейлінше белсенді жүргізген Кіші жүз ханы Әбілқайыр болды.

1726 жылдың күзівде Бадам өзені маңындағы биік кырка - Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмэмбет, Сэмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, сүлтаңдар, Төле би Әлібекұлы, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтекеби бастаған түрлі эр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.

Съезде негізгі мэселе басқыншы жауға бүкіл халықтық тойтарыс беруді үйымдастыру туралы мэселе болды. Отанға қауіп төнген жағдайда ру ішіндегі қайшылықтар, барлық жүздерге билік жүргізу жолындағы, жайылым үшін күрес екінші қатарға ығысты. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз қимылда-рын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.

Съезде талқыланған маңызды мэселснің бірі - бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мэселе болды.

Осында, Ордабасында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайлаңцы. А. И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қол-басшы болып сайланды, сөйтіп халықтық эдет бойынша құрбандыққа шалын-ған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп іпжі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бэрін бір нэрсеге бағыттады. Түтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». 1726 жылы Әбілқайырдың сайлануы туралы Н. Г. Аполлова: «Әбілқайыр мәртебесінің көтерілуі әскери шонжарлардың ең ықпалды өкідцерімен (Бөгенбай, Жэнібек, Есет батырлар-мен) байланысты деген түсініктің, сірэ, елеулі негізі болса керек», - деп атап өткен.

Әбілқайырдың үсынылуын А. И. Добросмыслов былай деп бағалаған: «XVIII ғасырдын екінші ширегшін, басында қазақ ордалары хандарының

ішіндегі ең күштісі, алғыры жэне жігерлісі біздің ең жақын көршіміз Кіші орданың ханы Әбілқайыр болды». Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағы-ның сардарбегі болып Қанжығалы Бегенбай сайланды.

Қазақ қоғамының тас-түйін жігерленген көтеріңкі рухы, Ордабасындағы съезде қабыдцанған шешімдерде жалпыға бірдей бірлікке қол жеткізілуі Отан соғысындағы күрт бетбүрыстың алғашқы нышаны болды.

Қол жеткен жағдайлар соғыс қимылдарының барысын белгілеп отырды. Сырдария өзенінің орта жэне теменгі агысы бойындагы кең-байтақ алқап, Арыс өзені мен оның салаларының аңғары, Қаратау сілемдері, Талас өзенінің бойындағы далалық жерлер, Мұғалжар тауларының бір бөлігі жоңғар басқыншыларынан азат етілді. ¥лытаудың шүрайлы да кең-байтақ жайылымдарын қайтарып алмағанмен, оны жаудан біржола азат ету үшін алғышеп жасау қажет болды.

1723 - 25 ж. қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бүрды. Осы кауіпті кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілкайыр хан сайланды. Бүл жоңғарларға қарсы үлымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде ¥лытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шүбартеңіз шащасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мүлың артынша Бүланты мен Білеуті өзендері арасывдағы кең жазықта шешуші ұ_рыс болды. Ол тарихқа Б. - Б. ш. деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауга жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмац - цырылган атанды. Қанжығалы қарт Бөгембайдыц үсынысымен соғыста қаза болған қазақ жауынгерлерінің денесі таудың басына шығарылып жерленді. Өзінің маңыздылығы жөнінен Б. - Б. ш. 1941 ж. Мэскеу түбіндегі жеңіспен тең. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды.

Алайда оқиға мұлымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бір бөлігі Бүланты өзенінің жоғарғы ағысына қарай өтіп кетгі. Бірак бүл жерде де оларды қазақ атты эскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде

жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Үлытау жағына Майтебе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сэті түсті.

Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол қазақ жасақ-тарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Үлытау аймағьшан ығыстырьш шығарылды. Мұндағы соңғы тайталас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысьша жапсарлас жатқан аудаңцағы Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бүкіл аймаққа бүл жер «Қалмаққьірылған» деген атпен белгілі.

Қазақ жасақтарының Бүланты-Білеуті маңындағы жеңісінің тағы бір жағы - стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақгарьшың Бүланты-Білеуті маңындағы жеңісі Аңыракай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.

Бүланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарган Қаракерей Қабанбай, Шакшақ, Жэнібек, Тама Есет, Бэсентиін Малай-сары, Тарақты ер Байғозы жэне басқалар Әбілкайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығымен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақгарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнівде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді, Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.

Қазақ жаЬақтарының жаугершілігі туралы Я. Гавердовский: «Сауыткиіп алған олар, нақ сол аңыздарға қарағанда, өршелене шайқасқан жэне шайқас алаңын көбінесе өздерінің нық басқан табанымен таптап өткен».

Қанжыеалы Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1778) - қолбасшы, бүкіл қазақ жасатарының қолбасы, дипломат, жоңғарларға қарсы бүкіл халықтық азат етушілік Отан соғысын аса көрнекті ріымдастырушылардың бірі. Оның жа-сақтары жайық қазақтарымен, жоңғарлармен, Цин империясының қарулы күштерімен шайқасқан.

Қаракерсй Қабанбай (Ерасыч) Қожагұлұлы (1691 -1769) - қолбасшы, халық батыры, қазақ халкын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолывдағы күресті ұйымдастырушылардың бірі. Түркістанды қоргау кезіңде (1724), Алакөл (1725),

Бүланты, Аңырақай, Шығанақ шайқастары мен басқа да шайқастарда найман жасағын басқарған.

Кабанбайдың эйелі Гауһар (Малайсары батырдың қарындасы) күйеуі-мен бірге көптеген шайқастарға қатысқан. «Атадан ұл болып тума, ер болып ту» деген сол Гуаһардан қалған. Абылай хан Қабанбайды елден ерек шыққан Дарабоз деп атаған, оның ерліктері туралы таралған аңыз-эңгімелер көп. .

Шацшац Жэнібек -қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Жоңғар батырларымен жекпе-жектерде талай рет жеңіп щыққан. Қазақ-орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақктады. Оның тавдауы жөне батыл қолдауы бойынша Абылай сүлтан Орта жүздің ханы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Ресейдің Кіші жүзді құрамына қосып алуы. Әбілқайыр қолбасшы, билеуші, саясаткер
Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы
Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1710 - 1748)
Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1693 — 1748)
Әбілқайыр хан- Кіші жүз ханы
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz