АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ - қазақтың бас ақыны жайлы ақпарат



1 "Аталарындай атақты болсын!"
2 Абайдың бала кезі
Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды "қазақтың бас ақыны" деп бағалады. Шынында да, Абай – қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнеленген.
Абай өлеңдері "қиыннан қиысып", "айналасы жұп-жұмыр тегістілігімен" көңілге ұялайды. Жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Өлеңді өмір сыры туралы кемеңгерлік ойтолғамдармен, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты.
Кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат жарасымын суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды.
Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, сүйіскен жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті, имандылықты ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.
Сондықтан да ұлы жазушы М.Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", – деп бағалады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
(1845-1904)

Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған
мақаласында Абайды "қазақтың бас ақыны" деп бағалады. Шынында да, Абай –
қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз
тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы
терең де көркем бейнеленген.
Абай өлеңдері "қиыннан қиысып", "айналасы жұп-жұмыр тегістілігімен"
көңілге ұялайды. Жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие Абай
қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Өлеңді өмір сыры туралы
кемеңгерлік ойтолғамдармен, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі
бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты.
Кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат жарасымын суреттейтін
ғажайып өлеңдер тудырды.
Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен
жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде заман
ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, сүйіскен жастың жалынды сезімі де
айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал еңбекке
сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті, имандылықты
ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.
Сондықтан да ұлы жазушы М.Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің
атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", – деп бағалады.
"Аталарындай атақты болсын!"
Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол
кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі
– әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-
жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел
ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да
ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында
нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне – ұл болуы – ол
заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып,
баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың
қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп
– арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары
ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-
бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" – десіп жатты. Шынында да, бұл
баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас
Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден
қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді
қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі
Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш
қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға
сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы
Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-
мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы
тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен – нағашы
жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-
бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" – дегенде, меңзеп отырғандары осылар
болатын.
Иә, бұл бала кейін атақты болды, бірақ ата-бабаларындай өз ру-тайпасы
мен іргелес елдерге ғана емес, тіпті бүкіл қазаққа ғана емес, күллі әлемге
Абай деген айтуға жұмсақ қазақы есіммен мәшһүр атақты ақын, ойшыл болды.
Абай туғанда "бауы берік болсын" айтушылардың: "Ата-бабаларындай атақты
болсын!" – деулерінің мәнісі не еді?
Әкенің саясы, ананың аясында.
Абайдың бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен жүріп, үйінде
сирек болатын. Соның өзінде оны сәлем беріп немесе әр алуан шаруамен келген
ел кісілері босатпайтын. Әйтсе де сол қысқа әрі сағынышты кездесулерден
алғыр Абай әке мінезін танып, сезімтал жанымен аңғарып өсті. Оның бойына
әкесінің батылдығы мен кызу қандылығы, жігерлілігі мен алғырлығы дарыды.
Алайда болашақ ақынның балалық шағы, негізінен, қос ананың – әже мен
шешенің бауырында, тәрбиесінде өтті. Қайныларының атын атамайтын қазақ
салты бойынша бұл ауылдың жас әйелдерінің оны Телғара деп кетулері де сол
екі енені тел (қатар) еміп өскен дегенді білдіретін. Тіпті сүйікті
немересінің азан айтып қойған Ибраһим деген атына тілі келмей, оны "ойлы
болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын" деген тілекпен Абай атандырған да
сол аяулы кәрі әже-тұғын. Өзара өте тату екі ана – әже мен шеше
жаратылысынан байсалды, мейірбан, әділ адамдар болғандықтан, өздерінің
мейірі қатты ауған бұл баланы бауырмал, адамгершіл, қайырымды да әділ етіп
өсіруге тырысты.
Абай өңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Абайтануға кіріспе
Абайтану ғылымы туралы
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абайдың әдеби мұрасы
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Абай өмірбаяны, шығармалары
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев өмірбаяны және шығармалары
Пәндер